Қазақ тілін білу - қазақстандықтардың міндеті! | Шенеуніктерге жыным келеді | Ресейдің шабуылы

  Рет қаралды 80,110

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

2 жыл бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс
♦️Спикерлер:
🔹Яков Фёдоров - Қазнеттің басты қаңғыбас блогері.
🔹Марина Сахарова - "Евразия" телеарнасының дикторы.
🔹Алексей Лодочников - "Елбасы Академиясының" қызметкері.
"Қазақстанда орыс тіліне қысым артты, орыс тілділерді қорғау керек!" Қазір Ресейдің ақпарат құралдары мен аузым бар деп сөйлей беретін саясаткерлері осылай ұрандатып жатыр. Соңғы күндері мұндай ұрандар тіпті көбейді. Қазақстан Ресейге қосылсын деп шуылдап жүрген шибөрілерде бар көрші елде. Бұл өте қауіпті!
Мұндай саяси ойыннан от шығуы бек мүмкін! Қазақтар қарсы сөз айтса "бұлар ұлтшылдар" деп шыға келетіндері анық, іріткі салушылардың. Сондықтан бүгін Қазақстандағы орыс ұлтының өкілдерін шақырдық, "орыс тіліне қысым бар ма? Ресейдің ақпарат құралдары не деп оттап отыр?" деп сұрадық. Жауаптар сойқан. Айтпақшы, Алексей домбырамен 2 ән орындады!
Сүйінші жаңалық, Мәжіліс Заң қабылдады. Енді, маңдайшалардағы жазулар мен жарнамалар, географиялық нысандардың, елді-мекендердің аттары, мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері, ас мәзірлері, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың нұсқаулықтары толықтай қазақ тілінде жазылуы тиіс. Қажет болған жағдайда ғана орыс тілінде тәржімаланады. Мұның өзін Ресейдің ақпарат құралдары "орыс тілін шектеу, орыс тілділерге қысым" деп шулатып жатыр.
Қазақстандық шенеуніктер неге Ресейдің арандату әрекетіне қарсы сөз айтпайды? Шенеуніктер неге қазақша сөйлемейді? Облыстардағы тілдерді дамыту орталықтары неге өтірік есеп береді? Балаларға неге қазақ тілін үйрететін контент жасалмайды? Қуат Ахметов, "Үңгірлік ұлтшылдық", Жолдаудағы Президент сөзі... Талданған тақырып атан түйеге жүк болады. Өтініш көріңіз, таратыңыз! ҚАЗАҚ тілін білу МІНДЕТ!
Қазір Қазақстанда қазақ тілін дамыту үшін, қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілдерін біріктіру үшін «Менің елім - менің тілім» қоғамдық қозғалысы құрылды.
Инстаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev
Нартай Аралбайұлының медиа мектебі: stand_up_medias...

Пікірлер: 873
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 2 жыл бұрын
Ағайын, ТАРАТЫҢЫЗДАР, лайк қойыңыздар! Көмектеріңіз керек! Қазақ тілі жасасын!!!!
@user-qe9qz5oe2f
@user-qe9qz5oe2f 2 жыл бұрын
Тілді үйрену үшін сыйлаған мен сипаған жетпей тұр ғой, Қазақ тілін қазақтар мен қазақстандықтар жетім қылса басқасынан не қайыр. Тұран әскери одағын құрмай тірлік болайн деп тұрған жоқ...
@user-qe9qz5oe2f
@user-qe9qz5oe2f 2 жыл бұрын
Серпін бағдарламасына тағы бір түрткі солтүстікті қазақиландыру үшін тұрмыс арқылы үйрену үшін...
@user-qe9qz5oe2f
@user-qe9qz5oe2f 2 жыл бұрын
Нартай ресейде де қазақ ұлты бар емеспа солардың жағдайнан іліп алатын нәрсе табылар, қалай ойлайсын мүмкін біздің жауап осы болрма еді. Қарапайым халық қабдау керек дедіңдер ғой, журналистерге журналистер жауап берсе...
@MikyKazakov
@MikyKazakov 2 жыл бұрын
Мықты Аға
@user-wp7gp6sd8p
@user-wp7gp6sd8p 2 жыл бұрын
Ал, енді осы бағдарламадан кейін өз ана тілін білмейтін ит сүтін ішкен Атаңа нағлет иттерге не дейміз???
@topmuz6965
@topmuz6965 2 жыл бұрын
Маринаның қазақша ойын жеткізуі Керемет
@user-ex1lc5yk6c
@user-ex1lc5yk6c 2 жыл бұрын
Журналистқой Марина қазақша жүргізеді 1 каналда.
@doktorhaus8039
@doktorhaus8039 2 жыл бұрын
Енді журналист деген аты бар ғой.
@user-kj4qn3ue8p
@user-kj4qn3ue8p 2 жыл бұрын
Марина кандай сулу😍😍😍🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@jenisbekurknbay1548
@jenisbekurknbay1548 2 жыл бұрын
Нартай бауырым қазақтіл болу ұшын тек латын әрпі жаппай қолға алу керек сонда кәне тұп тамырмен өзгерет осған атсалысу керек
@user-dr2rc8pr4h
@user-dr2rc8pr4h 2 жыл бұрын
Когда им выгодно они и на добре сыграют а многие живя всю жизнь они знают но не хотят потому что мечтают уехать пусть говорят каждый на своём языке нам не надо чтобы они говорили на нашем лучше пусть казахи го творят правильно на своём языке начиная с верховой когда избранные депутат ы на сессии говорят на русском когда университеты на русском нет учебников на казанском по этому многие отдают детей в русские детсады и школы считают казахский не нужным передачи в большинстве на русском им начинать на стариков которые не знают русский и нечего русским врать что их заставляют говорить на казанском это мы на своей земле не можем развивать свой язык что мы не нация что ли наоборот другие нацией имеют больше привилегий чем мы казахский учителей почти нет а преподаватели русского больше школ русских в городах больше русские привыкли что им всегда уступают если казахи м с что то просят им затыкают рот а русских с
@user-jk4qp5fn4g
@user-jk4qp5fn4g 2 жыл бұрын
Қуаттыкі дұрыс. Біз ресейде емес Америкада емес Қазақстанда тұрамыз.Ана тілімізді талап еткен дұрыс.
@user-jv2tx2rs7p
@user-jv2tx2rs7p 2 жыл бұрын
Мейириммен истелген истеген истин жемиси мол ,резутаты тез болады болады. Барлык халыкты сыйлау керек ,барин акылмен шешу керек. Сонда гана бирлигимиз жарасымды жане куннен-кунге кушейе туседи.
@user-qz2ls3cy5q
@user-qz2ls3cy5q 2 жыл бұрын
Дурыс
@user-rf9wg3my3b
@user-rf9wg3my3b 2 жыл бұрын
@@user-jv2tx2rs7p 30 жыл болды гой мейырым короны баска улт.баска жол жок.Мындеттеу керек КАЗАК ТЫЛЫН БЫЛУГЕ
@g-4434
@g-4434 Жыл бұрын
@@user-rf9wg3my3b оны оларға өзін үйретейін деп па едің?
@user-fo3du7dg3s
@user-fo3du7dg3s 2 жыл бұрын
Шіркін, мына қыз жігіттер үлгі ғой мәңгүрт қазақтарға!
@ivanbekkrg8975
@ivanbekkrg8975 2 жыл бұрын
Тіл мәселесі күрделі болып тұр! Біз Қазақтар өзіміз сөйлемесек, басқа ұлттар қайтсін.
@user-nx1ed6sr5t
@user-nx1ed6sr5t 2 жыл бұрын
Сол ғой
@amina-adim
@amina-adim 2 жыл бұрын
Ресейдің пропагандасына қарсы біздің мықты білімды орыстарымыз шықса, сол мықты күш болады. Жарайсыздар!
@user-yq3no7bk1o
@user-yq3no7bk1o 2 жыл бұрын
Олар іштей ресей саясатын қолдайды және оларды ақтап қарсы шықпайды.
@amina-adim
@amina-adim 2 жыл бұрын
@@user-yq3no7bk1o Мына кісілер ашық, қарсы екенін айтып отыр ғой, іштей емес. Барлығы ондай емес деп ойлаймын. Шығатындары шығады ашық.
@user-ld4hi5ks1m
@user-ld4hi5ks1m 2 жыл бұрын
Жарайсыңдар.Еліміздің тіл жанашыры аман жүріңдер.
@user-fu2yj3td7w
@user-fu2yj3td7w 2 жыл бұрын
@@user-yq3no7bk1o арине, дурыс айтасыз.
@user-si9oc2vt6r
@user-si9oc2vt6r 2 жыл бұрын
Дурыс айтасыз оте.
@gulzatadilbek2524
@gulzatadilbek2524 2 жыл бұрын
Қазақ тілінің жанашырлары,Сіздердей патриоттар көп болсын,Жарайсыздар👏👏👏👏
@gulzatadilbek2524
@gulzatadilbek2524 2 жыл бұрын
@@samataitbek3032 Менде қазақ тілін қолдаймын,мені де солай ойлайсыз ба?Керісінше бір-бірімізді қолдауымыз керек.Шын қазақ тіліне жанашыр адамдарды сөзімен қоса,өміріндегі ісіне көз жүгіртсеңіз жеткілікті.Мысалы,:Күнделікті сөйлегенде тек қазақ тілінде сөйлеу,қазақ тілін дәріптеу,насихаттау,банкоматтарда қазақ тілін таңдау,халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазақ тілінде сұрап,қазақ тіліне деген сұраныстың барын білдіру ,ұялы телефонында қазақ тіліне қою,мейрамханаларда қазақша мәзір сұрау,қазақша қызмет көрсетуді сыпайы сұрау,өзінен кейінгі кіші буын өкілдеріне барынша қазақ тілін таңдауды,қазақ тілін құрметтеуге тәрбиелеу,осы қазақ тілін дамытуға әрбір адамның қолынан келетін,қарапайым болып көрінетін ұлы істер деп санаймын. @RamazanAitbek Сіздің ұялы телефоныңыз қазақ тілінде ме?Мейрамханаларда немесе банкоматтан т.б. қазақ тілін таңдайсызба?
@user-hr1jm6xw4q
@user-hr1jm6xw4q 2 жыл бұрын
@@samataitbek3032 ниетің не деген жаман
@gulzatadilbek2524
@gulzatadilbek2524 2 жыл бұрын
@Ramazan Aitbek 👍👍👍Қазақстандықтардың қазақ тіліне деген құрметін арттыру және Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір адам,қазақ тілінде сөйлеу керек деген үгіт,насихаттау деп ойлаймын.
@firb9672
@firb9672 2 жыл бұрын
@@gulzatadilbek2524 👍👍👍
@user-dr2rc8pr4h
@user-dr2rc8pr4h 2 жыл бұрын
Осы лидер басха улт хазахша соилегенине МАЗ бол амыз олар оздерине керек уезде сайрайды
@user-lr5es7su5v
@user-lr5es7su5v 2 жыл бұрын
Бәріне түрткі болған Қуат Ахметов мырза деуге әбден болады. Қуат елге қайтуына үкімет жағдай жасауы керек.
@uldaiaimurat
@uldaiaimurat 2 жыл бұрын
келисем🤚
@user-uq9rp6mx5s
@user-uq9rp6mx5s 2 жыл бұрын
Осылай орыстарды жақын тартып жүрсін деген диверсия бұл.Осындай ой пиғылдармен жүрегіңе кіріп кетеді қазағым айбалтаны жаныңда ұстағаның дұрыс болар.
@user-fu2yj3td7w
@user-fu2yj3td7w 2 жыл бұрын
Саламатсызба, Куат казир кайда? Ия Куат бауырымызга рахмет. Онын синирген енбеги оте коп.
@user-fu2yj3td7w
@user-fu2yj3td7w 2 жыл бұрын
@@user-uq9rp6mx5s оте дурыс айтасыз.Артыннан пышак салады.
@user-tc2me3ri5x
@user-tc2me3ri5x 2 жыл бұрын
бұрын қайда қалып ед , шыныменде солай
@meirammuratuly2069
@meirammuratuly2069 2 жыл бұрын
Марина, жарайсың! Сенің жаның ғана емес, толық дүниең қазақ! 👍🏽👍🏽👍🏽
@user-ho1kl3jk3x
@user-ho1kl3jk3x 2 жыл бұрын
Мына акпаратты бiздiн казактар , Ана тiлiн бiлмейтiн - корсе екен деп умiттенемiн 🙏🙏🙏
@user-dx2zd8oe5g
@user-dx2zd8oe5g 2 жыл бұрын
Олар түсіне ме бұл әңгімені.?....
@Bontau
@Bontau 2 жыл бұрын
@likelike7102
@likelike7102 2 жыл бұрын
Керемет жоба орыс қызы керемет
@user-ri2rh7cn7p
@user-ri2rh7cn7p 2 жыл бұрын
Мемлекеттік тілді қазақ тілін дамыту үшін керемет, жарайсындар, тек алға !!!
@user-nq4ft5qb1b
@user-nq4ft5qb1b 2 жыл бұрын
Мынандай бастама қандай керемет. Қатысушыларға мың алғыс. Қандай керемет жастар , тіл байлықтары қандай керемет. Господа ! вам низкий поклон, и уважение. Спасибо.
@user-uz6yd5ji8d
@user-uz6yd5ji8d 2 жыл бұрын
Тил ана сутимен дарыйды, президент неге мемлекеттік тилди бурмалайды. Егер орыс тилин коргаса Ресейге барсын. Биздин ата занды тузетип жазу керек
@user-wc3hw3zg9v
@user-wc3hw3zg9v 2 жыл бұрын
Сенің господаңба? Құлдық санадан арылсаңшы бауырым.
@user-ve9xg8vy9i
@user-ve9xg8vy9i 2 жыл бұрын
Дәурен. ҚАЗАҚ ТІЛІН білетін орыстарға. Орысша сөйлеп жалбақтауды қашан қоясыңдар осы.
@user-nq4ft5qb1b
@user-nq4ft5qb1b 2 жыл бұрын
@@user-ve9xg8vy9i Бұл жерде жалбақтаған емес . Бұл жерде сый ға сый ,құрметке рахмет! Деген ілтипат білдіру.
@user-ve9xg8vy9i
@user-ve9xg8vy9i 2 жыл бұрын
@@user-nq4ft5qb1b Өз қателігіңді мойындағың келмейді. Көрші Өзбекстан мемлекетіне баршы. Олар сен сияқты ойлап, О мынау біздің тілді құрметтеп тұр екен деп. Орысша отамайды. Олардың түсінігінде. Кімде кім Өзбекстанға келсе сол өзбек тілінде сөйлеуге міндетті. Өкінішке орай бізде сондай қасиет жетіспейді. Сен стяқты жалбақайлар, қазақша бастап, сөздің аяғын орысшамен оттап аяқтайды. Бұл шындық. МОЙЫНДА. Егер ҚАЗАҚТАР өздері сол өзбектер секілді. Тек қазақша сөйлесе орыстарда амал жоқ, қазақша үйреніп сөйлеуге де дағдыланар еді. Бірақ СЕН сияқтылардың кесірінен олар біліп тұрсада ҚАЗАҚШАНЫ сөйлемейді. НЕГЕ.? Өйткені сен сияқтылар сөзді қазақша бастап, сөзін орысшамен аяқтайды. Сенбесең өзіңнің жазған пікіріңді қайта оқып шықшы.Сосын орыстарға орысша жазғныңды қой. Тек қазақша жаз. Олар түсінбесе түсінбей кетсін. Сосын өзі үшін қазақ тілін ұйренеді. Бұл заман талабы.
@aliqazaq5339
@aliqazaq5339 2 жыл бұрын
Яков Фёдоров сауатты екен! Ісіңе ақ жол
@user-ui4vt9ft9e
@user-ui4vt9ft9e 2 жыл бұрын
Керемет! Марина дауысы тұнық, қазағың жолда қалды!
@user-hw5ie3wi6b
@user-hw5ie3wi6b 2 жыл бұрын
Койей
@user-fu2yj3td7w
@user-fu2yj3td7w 2 жыл бұрын
Орыстан досын болса , жанында ай балтан болсын✍☝️
@user-tx5bt6ix6e
@user-tx5bt6ix6e 2 жыл бұрын
Қайран ана тілімай😢😢 Нағыз патриоттар. Рахмет Нартайға осы мәселені көтергеніне
@user-yq4fv5bt7s
@user-yq4fv5bt7s 2 жыл бұрын
Жарайсындар Тұған Жерін Мемлекетін Мемлекеттік Тілді Құрметтеген Өседі Өнеді Көркейеді 👍👍
@user-pt3ol7bv4o
@user-pt3ol7bv4o 2 жыл бұрын
Нартай бауырым осы жерге қазақ тілін білмейтін ұлты қазақ депутатты да шақырыу керек еді.
@user-sb4oy3rr4r
@user-sb4oy3rr4r 2 жыл бұрын
@@user-pt3ol7bv4o келісемін сіздің ойыңызбен...
@user-qv6mv8jp7g
@user-qv6mv8jp7g 2 жыл бұрын
Оте дурыс акпарат, осындай орыс казакстандыктарды теледидарга шыгару керек, кандай жаксы жыгыт, кыздары бар екены корсету керек оте дурыс!!!!
@user-we4eu7db6n
@user-we4eu7db6n 2 жыл бұрын
Нартай балам аман бол. Марина дұрыс айтады. Ұлтқа бөлінбеу керек.
@user-gf5nw9lf9k
@user-gf5nw9lf9k 2 жыл бұрын
Рахмет, мына кісілерге құрыметім шексіз, Марина қызымыз қандай сүйкімді,
@galinahasanova3298
@galinahasanova3298 2 жыл бұрын
Мына жігіттер мен Марина қыздың түрлері де қазаққа ұқсап тұр. Өте жақсы. Жарайсыңдар.👌👌👌
@user-mp5wy5pj9w
@user-mp5wy5pj9w 2 жыл бұрын
Куасын ба?
@kaisak8026
@kaisak8026 2 жыл бұрын
Менталитеті десек болама, бір түрлі жақын екені рас. Бырақ таңкалмаңыздар деп Марина жаңа ғана айтты емеспе ))
@merekeabdikhalyk2412
@merekeabdikhalyk2412 2 жыл бұрын
Марина көзіне көк линза салып, шашын блондинка қылып алған азиатка сияқты.
@user-xg3hj7gm2l
@user-xg3hj7gm2l 2 жыл бұрын
@@user-mp5wy5pj9w үрме
@user-mp5wy5pj9w
@user-mp5wy5pj9w 2 жыл бұрын
@@user-xg3hj7gm2l Орыстар молдем казак болмаиды. Ертен орыстар согыспен кырсе,осы казакша соилеп журген орыс сендерды атады. Сонда коремыз кым уреды. Аузынды жауып,котынды кысып отыр
@user-jc5vy9cf4u
@user-jc5vy9cf4u 2 жыл бұрын
Рахмет нағыз қазақ тілінің жанашырлары, тілдің дамуы үшін қажеттілік керек. Балық басынан шіриді, біздегі жалтақтар қай күні тек қазақша сөйлейді, сол күннен бастап қазақ тілінің көсегесі көгереді.
@user-uf3lz5oi9z
@user-uf3lz5oi9z 2 жыл бұрын
Мына кісілер ана тілін білмейтін қазақтарымызға ҮЛГІ боларлықтай-ақ екен...
@aibektorri
@aibektorri 2 жыл бұрын
Яков сауатты азамат екен. Осындай ойдағы, анализдегі жігіттердің көп болғаны дұрыс, пайдалы ✅
@user-nx9sb2xu2s
@user-nx9sb2xu2s 2 жыл бұрын
Кыргызстандан Казак Элине Жалынды Салам Аллахым Жар болсун 🇰🇬🇰🇿🇰🇬🇰🇿
@user-jv7wc1gn5z
@user-jv7wc1gn5z 2 жыл бұрын
🇰🇿🇰🇬💪 туғаным Быз аирамыз ЕШКИМНЕН корпаимыз
@askaraskar8035
@askaraskar8035 2 жыл бұрын
Нағыз патриот азаматтар! Біз біргеміз! Рахмет! Жаксы адамдар!
@user-ml2wf5jk2g
@user-ml2wf5jk2g 2 жыл бұрын
Дурыс біз біргеміз ,біз Казахстандыкбыз
@sharipsharip288
@sharipsharip288 2 жыл бұрын
Нагыз потриот Куат Диас
@user-lm4no2ki4j
@user-lm4no2ki4j 2 жыл бұрын
Әрине бәріміз бір тілде сөйлейтін болсақ, ешқайсымыз ұлтқа бөлінбейтін едік.
@serikkhan9871
@serikkhan9871 2 жыл бұрын
Леша бауырым дурыс айтыды. Отбасы ішінде қазақша сөйлеу керек!
@house6578
@house6578 2 жыл бұрын
Қандай білімді, сәлихалы , нағыз еліміздің патриоттары 👍
@Nurbagy
@Nurbagy 2 жыл бұрын
Керемет өз елiнiн патриоттары,куаныштымын,сендердей адамдар елiмiзде көп болсын.
@user-qe9qz5oe2f
@user-qe9qz5oe2f 2 жыл бұрын
Ағйындар Қазақстанда қандай ұлт болсада олар біздің бір бүтін қоғам, қазақ тілі бізді бір бүтін, бір орта, бір қоғам етеді...
@user-km7ul6pi7e
@user-km7ul6pi7e 2 жыл бұрын
Керемет алтындарым!!! Өмір жастарың ұзақ,дендерің сау болсын!!!💞🙌
@user-xq3su3vh3b
@user-xq3su3vh3b 2 жыл бұрын
Осындай ақылды жастарды көргенде қуанасың. Бақытты болыңдар алтындарым. Сендердей жастарымыз көп болса қазақ тіліміз өлмейді.
@user-gy1ze6oy2c
@user-gy1ze6oy2c 2 жыл бұрын
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақ тіліне қарсы шыққандар жазалануы керек
@user-nf8mf9mq8u
@user-nf8mf9mq8u 2 жыл бұрын
Керемет. Бүгінгі сұхбатқа риза болып отырмын. Қазақ тілі өз елімізде дами берсін деп тілеймін. Өкінішке орай. Өз жерімізде өз тіліміздің дамуына жанымыз ашып отыр.
@meirammuratuly2069
@meirammuratuly2069 2 жыл бұрын
Қуат батыр ешқашан өзі бастап полицияға жүгінген жоқ, тек өздері қазақ тілін, елін сыйламаған (сол түстікке қарап ұлитындарға) пенделерге қолданған әдіс☝🏼
@user-xg2bw7dz3h
@user-xg2bw7dz3h 2 жыл бұрын
Рахмет казак тылыне жанашар болгандарга
@user-ex1lc5yk6c
@user-ex1lc5yk6c 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасын, қуат аға ешкімді мәжбүрлемейді қазақша сөйле деп.
@user-tc2me3ri5x
@user-tc2me3ri5x 2 жыл бұрын
ия , Қуат батыр ешкімге олай мəжбүрлеп сөйлеген емес, орыстар өздері менсінбей бірінші тисед
@user-hs7lr6uh8z
@user-hs7lr6uh8z 2 жыл бұрын
Қазақ тілін үйрену үшін мектеп қабырғасында тарихын салт дәстүрін тілін дінін.пән ретінде оқыту керек.Әр бала өзінің ұлтының тарихын бұрмаламай жеткізсек тілге деген жанашырлығы артады өз еркімен үйренетін болады.
@user-xv5tw5br4t
@user-xv5tw5br4t 2 жыл бұрын
Жарайсындар өз қазақ жігітермыз нақты қазақ тілді әлі де білмиды сіздерге ризамын.
@juliag3891
@juliag3891 2 жыл бұрын
Рахмет, балдарым. Бақытты болыңдар Не деген таза, кереметсіңдер Алексей тәп тәтті, әлі бала
@meirammuratuly2069
@meirammuratuly2069 2 жыл бұрын
Керемет! 👍🏽👍🏽👍🏽
@armansundebai2838
@armansundebai2838 2 жыл бұрын
Дұрыс айтады Қазақ тілін меңгеру керек Қазақстанда тұратын барлық Қазақстандықтар ұлтына қарамастан
@user-qd4vz2ws8m
@user-qd4vz2ws8m 2 жыл бұрын
Яков, Алексей, Марина көпжасаңдар
@meirammuratuly2069
@meirammuratuly2069 2 жыл бұрын
Яшка дұрыс айтады монша, көше, асхана, мектеп, т. б. күнделікті барлығы білетін сөздерді басқа тілде жазу қажет емес☝🏼
@urk4547
@urk4547 2 жыл бұрын
Вот это настоящие русские которые хотят жить в Қазақстане это свои наши
@multfilms7316
@multfilms7316 2 жыл бұрын
Ана тілінде жазсаң болмайды ма?
@amina-adim
@amina-adim 2 жыл бұрын
Қазақ тілі-- ең бірінші, қоғаммен еркін байланыста, бір толқында болуы үшін керек! Ол болмаса адамның өмірінде ырду дырду бітпейді.
@user-vs5qg8he2q
@user-vs5qg8he2q 2 жыл бұрын
Керемет сұбқат.Осындай ақылды жастар аманболсын.Қазақ тілін қалпына келтірсек ,басқа ұлттар да ұйренедi ,басқа елдегі лерде елге келетін жағдайда үйренеді.
@user-gm9sw5ln8w
@user-gm9sw5ln8w 2 жыл бұрын
Керемет!👌👍
@user-ku7fr1en7g
@user-ku7fr1en7g 2 жыл бұрын
Нағыз патриоттар, Қазақстанның төртінші жүздің казактары. Нағыз мақтаныш !!!
@user-de1fg9yv5v
@user-de1fg9yv5v 2 жыл бұрын
осы бауырларымыз 30-40% қазақтардан артық. ар басқан қадамдарыңа нұр жаусын!!!🥰🇰🇿👍
@meirkhanovkuanysh
@meirkhanovkuanysh 2 жыл бұрын
Қандай жақсы. Орыс ұлты қазақша таза сөйлесе әдемі естіледі! Құлаққа жағымды!
@user-sn4vw4fw1p
@user-sn4vw4fw1p 2 жыл бұрын
Рақмет сіздерге алланың нұры жаусын мың алғыс сіздерге
@user-ef7jb1ws6l
@user-ef7jb1ws6l 2 жыл бұрын
Осындай акылды жигиттермен кыздар көп болсын КАЗАКСТАНДА!
@user-bj1rr5pe6e
@user-bj1rr5pe6e 2 жыл бұрын
Маринаға мың алғыс! Қазақшасы керемет!
@berikzhanoteulin3287
@berikzhanoteulin3287 2 жыл бұрын
Әй молодцы!👏👏👏 Әкеш беттеріңді 😘😘😘
@user-zb3sx8pn5m
@user-zb3sx8pn5m 2 жыл бұрын
Коп,коп рахмет сендерге жастар,истерин алга баса берсин.
@user-toro.
@user-toro. 2 жыл бұрын
Қазақ тілі мемлекеттік тіл бізге осы тілімізді ұмытпауымыз керек ел боламыз десек ауызбіршілік мықты болсын.
@234kz
@234kz 2 жыл бұрын
Өзімізге ыңғайлы Қазақстанды жасау үшін Қазақ тілі өте маңызды түйін
@akylbek2040
@akylbek2040 2 жыл бұрын
Маринанын жаңы Қазақ, көп рахмет, бақытты бол
@user-xx9vf9eo4k
@user-xx9vf9eo4k 2 жыл бұрын
міне нағыз адал әділ жандар .рахмет жарайсыңдар .
@user-qc2qy1ls2n
@user-qc2qy1ls2n 2 жыл бұрын
Домбырамен жырлағанда,денеме қан жүгірді.Қалай мәнмен,эмоциямен күшті айтады.👍👏💙
@user-sz8jw8lp3b
@user-sz8jw8lp3b Жыл бұрын
Керемет! Мақтан етеміз!
@arailymshalkar3274
@arailymshalkar3274 2 жыл бұрын
Керемет контент 👍🏻. Алла разы болсын Нартай.
@user-nf8mf9mq8u
@user-nf8mf9mq8u 2 жыл бұрын
Ұлты қазақтар бірінші өзімізден бастайық. Министр , депутат, сенат мырзалар мен ханымдар сіздерде өздеріңізден бастаңыздар. Қазақ тілі бірінші Қазаққа керек.
@user-cz9ws6un3v
@user-cz9ws6un3v 2 жыл бұрын
Басқа тілді құрметтеуіміз керек, бірақ біздің елдің мәселесі біздікі болып қалуы керек.
@alikoshen3487
@alikoshen3487 2 жыл бұрын
АССАЛАУМАГАЛИКУМ НАРТАЙ КАЗАК ЕЛИН ОЗИН КОТЕРШ🇰🇿💪
@234kz
@234kz 2 жыл бұрын
Ән өте керемет айтылды рахмет таза дауыс міне нағыз талант
@aliqazaq5339
@aliqazaq5339 2 жыл бұрын
Өте керемет отырыс болды тіл жөнінде! Бастаған жұмыстарыңызға ақ жол.
@user-kt5pg1fs1c
@user-kt5pg1fs1c 2 жыл бұрын
Марина көп көп рахмет
@andriyantoktamissob7069
@andriyantoktamissob7069 2 жыл бұрын
Нартай жарайсын! Керемет сабак болды казактарга👍👍👍✊✊✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@abu.575
@abu.575 2 жыл бұрын
Мемлекеттік балабақшалардың барлығын тек қазақ тілінде болуы қажет.
@user-kt5pg1fs1c
@user-kt5pg1fs1c 2 жыл бұрын
Жаным Нартаи сомасын ау бырак жоғарыдағылардың кулагына жетема жаным саған ризамыз Алла риза болсын
@kazakhalash7160
@kazakhalash7160 2 жыл бұрын
Яков жарайсыз! Ойлау қабілетіңіздің жоғарғы дәрежедегі көрсеттіңіз. Сізден көп дүние үйренуге болады...
@user-tq1ih9md7d
@user-tq1ih9md7d 2 жыл бұрын
Рахмет сіздерге қазақ тілін жанашырлары
@gulnaragulnara2972
@gulnaragulnara2972 2 жыл бұрын
Қонақтардың бәріне мың алғыс🌹🌹🌹 Маринаның тілі ғана емес , барлық жан дүниесі қазақ болып кеткені көрініп тұр👏🏻👏🏻 Мариночка сен керемет жансың, аман бол, сіздердей патриоттар көп болсын.❤️
@user-tm8md2wc6p
@user-tm8md2wc6p 2 жыл бұрын
Орыстар қазақшаға шебер! Жарайсыңдар👍
@user-gv6ix6gy1g
@user-gv6ix6gy1g 2 жыл бұрын
Керемет! Казакстандыктар осындай болу керек!
@hadiwaaydjanova5350
@hadiwaaydjanova5350 2 жыл бұрын
Орыстың ішінде де жақсылары бар осы жастар сияқты, бәрін жаман демейміз әрине. Қазақша сөйлегенде орыстанған өз қазағымызды жолға тастайды. Марина қызым керемет, қазақ қызы дерсің. Алексей сары балам да солай, домбыра тартып, ән айтқанының өзі неге тұрады. Үшінші балам да өте жақсы сөйлейді, ойын да таза жеткізіп отыр. Жарайсыңдар жандарым, істеріңе игілік тілеймін!
@user-bn2vp9dn2o
@user-bn2vp9dn2o 2 жыл бұрын
Марина, кандай керемет,создери кандай тиянакты Жарайсындар
@quralbayqystaubayev4039
@quralbayqystaubayev4039 2 жыл бұрын
Өте дұрыс керемет багдарлама
@user-iu6ov8mq1l
@user-iu6ov8mq1l 2 жыл бұрын
Керемет. Марина, қазақ тілін өте жақсы меңгердің. Рахмет. Аллаһ Тағала разы болсын! Шала қазақтар, мәңгүрттер, орыс қызы Маринаның сендерге қатысты айтылған сөзін ұқтыңдарма? Қазақстанда Қазақ тілін білмейтін Қазақтар бар деді. Қазақ тілін меңгеріңдер. Ұят болды. Шет Мемлекеттерде тұрмыс жасаған Қазақтар өз Ана тілін ұмытпаған. Ұлы Қазақ елі жасасын!
@user-zt6yh2yj6i
@user-zt6yh2yj6i 2 жыл бұрын
Өз туған тілінде сөйлегісі келмейтін дүбәра қазақтар осы керемет жандардан үлгі алса екен!
@user-ki1ue6pw4w
@user-ki1ue6pw4w 2 жыл бұрын
Бастысы бүткіл қазақ қазақша ойлап қазақша сөйлесе, басқа ұлттар ешқайда кетпейді, бәрі сайрайтын болады қазақша!
@user-uu6gq8qk5t
@user-uu6gq8qk5t 2 жыл бұрын
Сұраныс болсын болмасын қазақ мемлекетінде қазақша сөйлеу керек. Бір тілде болу керек сонда ғана қазақ тілді боламыз. Қазақша білмейтін қазақтар қалай намыстанбайсыңдар мына адамдарды көріп
@user-gz3fd7io1q
@user-gz3fd7io1q 2 жыл бұрын
Намысы бар адам қазақ тілін үйреніп алар еді олар мәңгүрттер
@aimankemelbek6006
@aimankemelbek6006 2 жыл бұрын
Казакша бэлмейтэндер луны карамайды.
@nargizakim4915
@nargizakim4915 2 жыл бұрын
Керемет істерің оңғо бассын алла разы болсын жандарым сол.
@firb9672
@firb9672 2 жыл бұрын
Жарайсындар Qazaqstanдыктар,жасасын Qazaq тiлi !!!
@user-sb4oy3rr4r
@user-sb4oy3rr4r 2 жыл бұрын
Қандай керемет сұхбат болып жатыр. Сіздерге үлкен рахмет, қазақ тілінде таза сөйлеп, өз ойларын керемет жеткізіп отыр, сіздерге үлкен құрмет.. Нартай жарайсыз, еңбегіңіз жемісті болып, осындай сұхбаттар көбірек болса деген ойым...
@user-xj7hv5qb9q
@user-xj7hv5qb9q 2 жыл бұрын
Керемет, нағыз саналы азаматтар, өрелі азаматтар, дұрыс айтады, орыс халқына қысым көрсету ойда да жоқ нәрсе ғой. Кейбір адамдар, кейбір сенгіш адамдарды азғырады, соған нүкте қоюға әрекет етіп отырған осы үшеуіне үлкен рахмет.
@squizyy5521
@squizyy5521 2 жыл бұрын
Өте жақсы әңгіме болды, жер атын қазақ тілінде ғана жазыу керек, жұмысқа алар кезде бірінші кезекте қазақ тілін сөйлей алатын адамды жұмысқа алыу керек! Қазақ елі екен білдіретін еңбірінші нәрсе қазақ тілі сонда ғана шеттен келген адамдар қазақ еліне келгенін сезінетін болады,
@user-vs8un6wg7s
@user-vs8un6wg7s 2 жыл бұрын
Марина өте дұрыс аитты депутаттарға қазақша үиретші жаным керемет қыз
@user-zt6yh2yj6i
@user-zt6yh2yj6i 2 жыл бұрын
Алла тілеуіңізді берсін!!! Керемет ақылды жандар!!! 👍👍👍
@user-gv3nq3no8t
@user-gv3nq3no8t 2 жыл бұрын
Керемет шығарылым, қазақ тіліне шын жанашырлар осылар. Жарайсыңдар. Қазақ тілі дамуы үшін жалпа қазақстандықтар қолдау жасауымыз керек.
@user-tm8md2wc6p
@user-tm8md2wc6p 2 жыл бұрын
Қазақ тар өздерінің тілінің құрдылығы неде қараңыздар! Қандай әдемі, олар сөйлеп отырғанда біздің сөйлем сөзіміз әдемі екен.
@meirammuratuly2069
@meirammuratuly2069 2 жыл бұрын
Медодика міндетті емес(барлығы бірдей тіл маманы болмайды), ниет және мемлекетті, туған жерді сүйсе жарайды☝🏼
@user-hw1xe8gv8x
@user-hw1xe8gv8x 2 жыл бұрын
👏👏👏👍👌❤Рахмет!Өте маңызды әнгіме қөзғады Нартай Аралбай! Біздін қазақша білмейтіндерге бұл күшті үлгі!
@serikkhan9871
@serikkhan9871 2 жыл бұрын
Орыстар қазақша сөйлегенде әп әдемі тіл екені көрініп турад! )))) Нағыз Қазақтар!
@user-vu6vj3vb3k
@user-vu6vj3vb3k 2 жыл бұрын
Қуат Ахметовты елге қайтару керек!¡! Журналистер көмек көрсету керек!!
@user-kj9ol8vh5p
@user-kj9ol8vh5p 2 жыл бұрын
Керемет сұхбат.Мына кісілер маған өте ұнап отыр.
@user-ux4ck3jp8d
@user-ux4ck3jp8d 2 жыл бұрын
Барекелди орысша сойлейтин Казактар уялсын мынадан кейн
@user-uu7wb3lv5w
@user-uu7wb3lv5w 2 жыл бұрын
Биліктегі Орысқұлдар Асылып Қалыңдар .
@user-wc3hw3zg9v
@user-wc3hw3zg9v 2 жыл бұрын
Маринаның ойы дұрыс. Керемет.
@user-lz7hl4qd1m
@user-lz7hl4qd1m 2 жыл бұрын
Ақ пен қараны айқындап, қараша халықтың көкірек көзін ашқандарыңа рахмет.
@user-sy6nv7cx5c
@user-sy6nv7cx5c 2 жыл бұрын
Яков Феодоров керемет саяхатшы инстаграммы күшті
@user-bz8ov5de5o
@user-bz8ov5de5o 2 жыл бұрын
Оз тылын суиеды
@quralbayqystaubayev4039
@quralbayqystaubayev4039 2 жыл бұрын
Казах тылы дамысын ошпесын. Керемет Нартай. Аралбайұлы Рахмет Алла жар болсын рахмет
@user-yo7js6sy5m
@user-yo7js6sy5m 2 жыл бұрын
Оте кушти керемет такырыпты айтыныздар осылардын тили ойы бастыктаргада жугысты болсын
白天使和小丑帮助黑天使。#天使 #超人不会飞 #超人夫妇
00:42
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 234 БӨЛІМ! 10.05.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 31 М.