00:00 - Анонс 00:47 - Сіз неге телеэфирге кәстүм шалбар киіп шықпайсыз? 03:10 - Тәуелсіз журналист қандай болу керек? Оның критерилары қандай? 04:37 - Президент пен Елбасына қарсы сөз айтқандар "Батыр" атанады. Бұл дұрыс па? 06:44 - Бауыржан Байбек пен Жанболат Мамайдың сотында кім жеңеді? 07:15 - Қазақстанда тәуелсіз журналистика барма? 07:44 - Қазіргі билік журналистерден қорқа ма? 10:17 - Билікті қалай қорқытамыз? 11:08 - Сіз Президент әкімшілігінде қызмет еттіңіз, Премьер-министрің, Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметінде жұмыс істедіңіз. Жүйе тәуелсіздігіңізді тонап алған жоқпа? 11:56 - Цитата: "билікте жүргендердің арасынан келіп, шындықты айта алатындар аз, өкінішке қарай. Бір жағынан оларды да түсінуге болады. Пенделік. Қызмет... Мүмкін, шын мәнінде «басы» кететін шығар" депсіз. Тәуелсіз журналисттің билікті түсінуге талпынуы принципін аттап кету емес пе? 13:19 - Қазір өзіңіз де мемлекеттік арнадасыз. Дархан ананы айт, мынаны айтпа деген нұсқау болама? 13:27 - "Кейбір қонақтарды бағдарламама шақыруға болмайды". 13:43 - Билік неден қорқады? 14:40 - Басшылықтың позициясына қарсы шыққан кезіңіз болды ма? 15:20 - Биліктің дегенін істеп жүріп шенеуніктердің құлақ кесті құлы болып кетем деп ойламайсыз ба? 15:37 - Әблязовты қолдайсыз ба? 16:13 - Әміржан Қосановтың оппозициясын қолдайсызба? 16:26 - Қазақстанда таза оппозиция өмір сүре ала ма? 18:12 - Қазақстан революцияға жақын ба, эволюцияға жақын ба? 18:19 - Биліктегі журналистердің бәрі жағымпаз ба? 20:08 - "Отандық телевизия тек дақпырт, мақтаныш, ермек, күлкіге айналып кеткен" дедіңіз. Оған кім кінәлі? 22:56 - "Мемлекеттік арналарға рейтинг керек емес!" 23:33 - "Парасат майданының" эфирлік сеткада өте кеш тұруы рейтинг бермейтінінен бе? 24:28 - Қазақстанда тұлғалардың культқа айналуына кім кінәлі? 26:54 - Журналистика тұлғадан культ жасауға ат салысты ма? 27:19 - Астана? Нұр-Сұлтан? 27:40 - Елбасының атына көше беріп, қала атап, әуежай атын қоюды қалай қабылдадыңыз? 30:40 - Қазақстанның Президенті не істеу керек? 31:35 - Біз неге барлық мәселені шумен шешкіміз келеді? 32:50 - "Ең үлкен қателік жалған көсемдердің сөзіне еру өйткені олар жарға жығады" дейсіз. Олар кімдер? 33:16 - "Митингте "билік орнын кетсін" деген лозунгтар дұрыс! 35:02 - Қазір Қазақстанға демократия орнады ма? 36:00 - Қазақтың ұлтшылдығы сізге несімен жақпай қалды? 37:52 - "Ауыл рушылдықтың ошағы" дедіңіз. Рушыл болу жаман ба? 38:49 - Ұлтпен мақтануды жағымпаздыққа теңеуіңіз қате емес пе? 43:06 - "Ұлт ауылда қалыптаспайды, қалада қалыптасады". 43:50 - Ұлтшылдық, Ру туралы айтқандарыңыз қалалық тәрбие алғаныңыздың салдары емес пе? 45:07 - "Ұлы даланың жеті қыры" деген мақала жазды Нұрсұлтан Назарбаев. Оқыдыңыз ба, пікіріңіз қалай? 45:49 - "Қазақ хандығының пайда болуының өзі қателік" дедіңіз. Неге? 53:32 - Қазақ Абайға қарсы сын айту керек пе? 56:20 - "Құдайға сенбеймін! Тағдыр - бос сөз!" 58:07 - Достарыңыз бен туыстарыңыз сіздің атеистік көзқарасыңызға қалай қарайды? 01:00:37 - Ер мен Әйелдің құқығы тең болуы керек пе? ЛГБТ қозғалысына не айтасыз? 01:01:29 - "Қазақстан Заң жүзінде тәуелсіз мемлекет". Астарында не бар? 01:02:53 - "Қазақстанды Ресей мен Қытай басып алуы мүмкін" деген қорқыныш бар. Сізде ше? 01:04:47 - Навальный сіз үшін кім? 01:06:05 - Қазақстанда Навальныйдың әрекетін қайталай алатын адам бар ма? 01:07:43 - "Ол билікті бергісі келмейді!" “Билік халық алдында жауап беру керек!” 01:08:43 - Ауыл әкімдерінің сайлау не береді? 01:09:00 - Бүгінгі күннің батыры кім?
@АбдуллаПерузханов3 жыл бұрын
Ассалаймағалейкум Нареке Сұлтанхан Аққұлұлымен сұхбат жасаңызшы ... Сәкен Сейфоллаұлы, Голошукин және соның немересі Машкеевич т.б туралы сураңыз. Ақселеу ағамыздың аңсап айтып кеткен қазақи ойлай алатын үкімет пен қазіргі билік туралы және Алаш ордашылардың саясатының айырмашылығы туралы... Мұстафа Шоқайдың Алиханның бір хатынан кейін-ақ бүкіл Түркістан, Ташкен, Самархан, Бұқар, кей Кырғыз жерлерін қалайша жарты-ақ күннің ішінде Алаш ордаға бере салды.... Осылардың бәрін жіпке тізіп берсінші... Сол кез бен қазіргінің билігін салыстырайық.. аларымыз қаншалық екен.... Рақмет.
@КакимбекНиетуллаев3 жыл бұрын
Т т
@user-vp9rc6j3 жыл бұрын
Кімді Алла адастырса оны ешкім тұра жолға сала алмайды. Нағыз ғылым тозақта, сені ғылыми жолмен өртесін.
@bilgirtonykok48333 жыл бұрын
Ұлтшылдық керек емес деген пікірімен келіспедім. Қазаққа ұлтшылдық жетіспей тұр. Қазақ тілі дамымай тұр. 12 ақ млн қазақпыз, соның өзі шетелге көшіп кетіп жатыр. Ресей жерімізге көз алартып жүр. Осыларды ойлаған адам қалай ұлтшыл болмайды? Бұнысы әйтеуір қоғамнан ерекшемін деп, өз пікірін артық санаушылық. Қазақ халқының тағдырын толық түсінген адам ұлтшыл болмауы мүмкін емес. Ұлтшыл болу деген қазақстанда 100 ден аса ұлттар тұрмау керек деген сөз емес, саналы "ұлтшыл" дегеніміз, қазақтың сандық үлесі 90-95 пайызға жету керек деген сөз. Сол кезде ғана ресей тарапынан қоқан-лоқы доғарылады. Түсінген шығарсыздар мысалы 95 пайыз қазағы бар петропавлды Ресей өз иелігіне өткізуі мүмкін емес. Сондықтан қазақтың үлесін көбейтуіміз керек, ол үшін қазақ тілін дамытуымыз керек. Тіл дамыса орыстар қазақстанда қалмайды.
@bilgirtonykok48333 жыл бұрын
Бастапқыда тап тамаша пікірін білдіріп отыр еді... Аяғында пікірлері дүндіктікі ме не болы кетті.
@user-oq3nu9pu7h Жыл бұрын
Рақмет, жақсы сұқбат болды. Дархан Әбдік өте білімді азамат. Көпшілігіміз ұмтылсақ қой білім-ғылымға. Әзірге азшылық бұл қатарда.
@КазбекРимов-п4с Жыл бұрын
Өте керемет сұқбат болды. Осындай ойдағы азаматтар көп болсын!
@Алишер-х5щ5 ай бұрын
Кудайга сенбейтинба?😂
@КазбекРимов-п4с5 ай бұрын
@@Алишер-х5щ әрине!
@arajarqyn18055 ай бұрын
@@Алишер-х5щ сенбесе не болыпты, сенетін адамдардың да істерін көріп жүрміз ғой
@cheguevara6623 ай бұрын
Жок нарсеге калай сенеди
@janaidar36512 жыл бұрын
Тамаша, керемет, ғажап сұхбат болды. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу кісі екен. Дән риза болдым
@ЗаурешСатвалдинова-е5о2 жыл бұрын
Философия -- тұнып тұрған терең ой. Бұл жiгiт - философ. Мәдениетті ойлайды. Керемет хабар.
@content_for_everyone20233 жыл бұрын
Нартайдың каналы, ютюб желісінде, қазақи сапалы контенттердің бірі. Респект!
@Fariza312 жыл бұрын
Керемет сұхбат, алайда микрофонды дұрыс орналастырмағандықтан ба сәл артық дыбыстар мен жаңғырық бар. Дархан Әбдік мырза ойлау жүйесі қатты ұнайды. Іліп алатын дүние көп айтылды.рахмет👍👍👍👍
@ЕркожаАбдуахитов-и6ш3 жыл бұрын
Керемет сұхбат болды. Дархан ағамыз нағыз өзін демократ тұлға екендігін дәлелдей алды. Ой толғаныстары, пikipлерi нақты, тәуелсіз деп санаймын. Нартай бауырым өзекті сұрақтар мен елдің мәселелерін жақсы қозғай білді.
@atlasart97233 жыл бұрын
Оппозиция туралы өте дұрыс айтты!!! Оппозиция тірілмейінше біздің билік шірігені шіріген!!!
@user-vr4zy6uw7s2 жыл бұрын
Жершілдікке рушылдыққа əділетсіздікке қарсы шығып журген Жанболат батыр.
@bayurzhankalmaganbetov61236 ай бұрын
Дархан бауырыма рақмет! Әр адам жеке тұлға! Нартай інім! Жақсы журналистсіз Бірақ кейбір пікіріңе қосылмаймын! Қарапайым қазақпен сырласыңыз Халықпен! Жастар білімді болса, Мен айтпас едім! Жәй қазақ пен сұқпат жасаңыз! Журналист деген сөз, Халықтың мұңын айту Кәзрі жастардың болашақ жағдайын үкімет қолдау керек? Қалайда? Қазақ боламыз десек? Төрткүл дүние тыныш емес Өзекті мәселе алты алаш азаматтарч көп болуы керек? Заман тыныш емес? Халық билік? Үкіемет орындаушы өкіл? Қазақ еркін халық Ата -Бабамыз! Сәттілік тілеймін, Қазақ еліне! Елімізге біршілік керек?
@zhassulanyessengeldiyev55042 жыл бұрын
Өте тәжірибелі, білімді, еркін тұлға екен. Үлкен респект. Керемет сұхбат болды Нартай бауыры рахмет саған.
@МАҒЖАНЖалауұлы3 жыл бұрын
Халық өзі әділетті талап етпей, үкімет өзіне ғана тиімді жүйені құра береді!
@aidanasalybek80203 жыл бұрын
Өте орынды
@МакаБердалиев2 жыл бұрын
Дарқан саған үлкен рахмет недеген керемет қысқа нұсқа жауаптар.Саған мектеп ашу керек бір өзің ғана осылай болмай балдарды тәрбиелеу керек. НАҒЫЗ ҰСТАСЫҢ.ШЫН ҰСТАЗ КӨРДІМ
@tech_qazaq1525 Жыл бұрын
Мына кісі мектеп ашса сіз, балаңызды сонда беріп ареист етіп тәрбиелеп берсе өте жақсы болар еді.
@НұрқайдарЗейнеп3 жыл бұрын
Аллаға,Тәңірге Құдайға сенемін сенбейдіме ол өзінің ішкі түйсігі. Бірақ Төлен Әбдік,Қасым Аманжол,Ирина Советжан мықты мәдениетті,парасатты,шындықты тура айтатын журналистер.Парасат майданы телебағдарламасы керемет бағдарлама. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет.
@ЗаурешСатвалдинова2 жыл бұрын
Авторитарлық мемлекет зайырлы мемлекет бола алмайды.
@kazakhstan299 ай бұрын
@@ЗаурешСатвалдиноваеще как болады
@ҚұбылайЖұмағұл3 ай бұрын
Сен зайырлының не екеннің білесіңба? @@ЗаурешСатвалдинова
@maketake92353 жыл бұрын
Дархан ағадан және өзгесінен де мінсіз тұлғаны іздемейікші ағайын! Тұлға мен періштені шатастырмайық. Білікті адамдардың артықшылығын ғана бойымызға дарытайық! Кемшілігін көрсек өзіне қалдырайық онысын. Бұйырған күні өзі жөндеп алар. Біздің қиялымыздағы мінсіз тұлға ешқашан болмайды.
@Enthusiastic21912 жыл бұрын
Ен еси дурыс комментарии осы болдыау
@СадыкоаСветлана Жыл бұрын
НАРТАЙ ӨТТІҢАУ НҰРОТАНҒА ДЕПУТАТТЫҚА ТАЛАЙ ЖАҒЫМПАЗДАНЫП ЕНДІ ТҮК ІСТЕМЕЙАҚ ЖАЛАҚЫ АЛАСЫҢ,МӘСЕЛЕ СЕНІҢ ТАБЫС КӨЗІҢДЕ ЕМЕС МӘСЕЛЕ СЕНІҢ ЖҮРЕГІҢНІҢ ТАЗАЛЫҒЫНДА......,!?
@zhambyl_muratuly Жыл бұрын
Сын түзелмей мін түзелмейді, Ағайдың өзіде айттығо, прост оны келешек ұрпақ қарайды, одан үлгі алады
@maketake9235 Жыл бұрын
@@zhambyl_muratuly сын айтумен қаралауды шатастырып алмайық
@AkjolOrazov7 ай бұрын
Оте дурыс
@айнааинова-к6м2 жыл бұрын
Сұхбат керемет болды, әр ьір қойылған сауалға берілген жауапта тартымды болды.
@erkebulantileubergenov8189 Жыл бұрын
Биз, баримиз жалпы адам баласы омирге мусылман болып келеди. Ал адамдар ары карай жолды оздери тандайды. Аллах бизди жаратты биз Аллахтын алдына барамыз. Сол ушин Аллахтан алыстаманыздар. Берушиде алушыда Аллах. Биз Аллахка муктажбыз. Талай Кудайга сенбейтин адамдар басына киындык тонгенде Аллахтан комек келгенде таубесине келген. Баска Аллахтан ауыр сынак келмей турганда Аллахка жакын болыныздар. Ен болмаганда жумага барып деген сиякты….. Аллах баршамыздын журегимизге сонбейтин иман берсин! Амин
@АттилаҚазақ3 жыл бұрын
Келісуге де, келіспеуге де болатын пікірлер айтты. Бірақ осындай азаматтар көп болу керек. Ал, табиғатында туғаннан бар қырсықтық өзіне де, елге де пайда бермейді.
@maketake92353 жыл бұрын
Бір адам жақсылығымен көріне қалса жаппай соған табынып кетеміз.Кемшілігін көрсек бірден теріс айналамыз. Тұлғалардың тырнақшаның ішіне кіруіне өзіміз жол береміз.
Бәрлық сөзіне ырза болдым. Шындықты шыңғыртып аитып отыр.
@erlantarganov60383 жыл бұрын
азамат жигит. мен дарвиннин айтканын колдаймын.тагдыр адамнын оз колында.
@МаксатСапарали-х9ф3 жыл бұрын
Құдай жоқ дегеніде шындықпа
@НурмухаммедСаят3 жыл бұрын
@@МаксатСапарали-х9ф жоқ! Атеистер екіжүзді халық деп ойлайм)), неге десеңіз олар бәрібір түптің-түбіңде құдайға сенеді, бірақ соны өздері мойындамайды!))))
@АдельКирим3 жыл бұрын
@@МаксатСапарали-х9ф динде мяжбурлеу жок .
@АдельКирим3 жыл бұрын
@@НурмухаммедСаят тогда атеист емес, агностик шыгар. Кудайга сенеди, бирак озинди мусульман деп санамайды
@atlasart97233 жыл бұрын
Ат қою туралы өте тауып айтты! Жағымпаздықтан шаң жұқтырмай отырмыз ғой!!!
@atlasart97233 жыл бұрын
Жағымпаздар бізде молынан, олар барлық билік сатысында отыр!!!
Дін, тіл, дәстүр. Осы үш фактор ұлттың айнасы. Жалпы Дарханның көп ойымен келісемін.
@crazymrazi95283 жыл бұрын
Ол негізі оларды ұлттың айнасы деп айтқан жоқ
@content_for_everyone20233 жыл бұрын
@@crazymrazi9528 ол өз ойым. Дарханның көзқарасымен толық келіспеймін, бірақ көп жерде айтылған сөзі орынды.
@goodlife858 Жыл бұрын
Тіл мен дәстүр айнасы болатын шығар, бырақ дін олай емес, ол кірме идеология, алдымен тіл, дәстүр пайда болған, ал дін билеушілер тарапынан ойлап шығарылған билеп төстеу құралы ғана ....
@zigmund_freyd8 ай бұрын
Дархан ағамыз керісінше ұлттық құндылықтан гөрі, адами құндылықтарды бірінші қою керек дейді
@ШирынЕмбергенова3 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум өте жақсы сухбат Кудиретті куш бар!Қудай деп журектен ісенеміз сол исеним нық таза болғаны ушын натийже аламыз. Көп окыу илимді меңгере берііуге келмесін Нартай Аралбайұлы каналыңызда адамдарға ой саларлық жақсы әңгіме Лер көп болсын
@alenneymann42823 жыл бұрын
Нартай Аралбайулы, Рахмет. Сапалы, кызыкты интервью болды.
@БазаргульМахимова2 жыл бұрын
Керемет сұхбат! Көп ойларымен келісемін, тек "әйел еркектен бір саты төмен" болуы керек деген қазақи дәстүрді қолдамайтынымен келіспеймін. Себебі қазақ отбасында әйелдің мойнында бала тәрбиесінен бөтен, қонақ күту (оларды күтіп алу, жағдайын жасау, шығарып салу), шақырусыз келіп қалатын қонақтар, жұбайыңның жағдайын жасау, өзің жұмыстан қалып қоймау, т.б.көп қой. Елуден кейін денсаулық та сыр бере бастайды. Сондықтан ер азаматпен теңесемін деп, әйел адам өзіне зиян келтіргенін қаламаймын. Мен өзімді кейде "бұл әлемнен емеспін " деп ойлаушы едім, Дархан мырзаны тыңдап, жалғыз емес екенімді білдім.
@Askhat.94 Жыл бұрын
Құдай жоқ дегеніңе ұлтшылдық туралы айтканына келісесінбе?
@БазаргульМахимова Жыл бұрын
@@Askhat.94 бұйырса қайтадан тыңдап барып жауап жазамын
@Askhat.94 Жыл бұрын
@@БазаргульМахимова созбак тамай айта салшы
@БазаргульМахимова Жыл бұрын
@@Askhat.94" құдай жоқ" дегенімен келісе алмаймын. "Ұлтыңмен мақтануға болмайды" дегенімен келісемін. "Ұлтшылдық" деген менің жеке пікірім, ол " өз ұлтыңды сүю".
@dinarasss39493 жыл бұрын
Тух, сұхбат жақсы болды. Бірақ, жиі - жиі мұрнын тартып, пысылдап тұрған кім? Әбден кедергі жасайды
@Бастауышсыныпмұғалімі-и2я2 жыл бұрын
Журналист
@kalkamanyessirkenov19833 жыл бұрын
Керемет адам! Керемет сұхбат! Тек Алланы мойындамайтынына жүрегім ауырады.
@erekeqq-kz35123 жыл бұрын
Бұл адамның атеист екендігін білмеппін, ия, өте өкінішті
@БергенТәңір3 жыл бұрын
Түсінгенің сол, мен қайта қуанып отырмын, біреу болсада есі дұрыс қазақ бар екен деп
@АйгеримДауылбаева-ч2р Жыл бұрын
Дархан Әбдік барлығын дұрыс айтып отыр, тек Құдайдың бар екені рас. Құдай, ол біріншіден таза, адал, өте тап таза энергия өте күшті энергия.
@ainashmarieva26823 жыл бұрын
Оо, осы Дархан Әбдік мырзаның Парасат майданы ұнайды. Сұхбатқа шақырғаның дұрыс болды.
@АрманАлаш-л2е3 жыл бұрын
" Шынның жүзі " сұхбаты жабылғаннан бергі мән мағынасы бар жалғыз сұхбат осы болды.
@НурбекАбдикаримов-н6с3 жыл бұрын
Ағамыз Ұлттық арна туралы дұрыс айтты! Ұлттың құндылығына, ұлттың рухани дамуына кері әсер көп дүниелермен мысалы Түрік сериялдарымен уақытымызды "ұрлауда"...
@0хх-ф8у Жыл бұрын
Нурбек киноны көрмеу көру өзіне байланысты.
@tolkynabdykadirova2442 Жыл бұрын
Жағдай жоқ қазақ, интернеті жоқ жер, соткадан хабары жоқ қарттар не берсе соны көреді. Және соны неге біз сатып алып ақша шығаруымыз керек. Оданда ұлттық құндылығы бар дүниелер мен толтырып қою керек теледидарды, қайдағы жоқ басқа ұлттың сериалын көрсеткенде,
@Әлия-ш6я3 жыл бұрын
Тілге қатысты өте дұрыс айтып отыр ағамыз 👍👍👍👏👏👏. Негізі шешімі бар тілді дамытудың неге қолданбайды екен мемлекет 😏. Рас қай жер болмасын бізде бүкілі орыс тілінде қызмет етіледі , әсіресе мемлекеттік қызметте, Қазақстан емес секілді.
@АсетКумашбаев-з4й Жыл бұрын
Рахмет жігіттер өз тілінде оқыған адам дамиды өнеді ,ал керек болған жағдайда әркімнің өз еркі емеспе шет тілін білу.
@qazaq27273 жыл бұрын
Үкіметтің өзі кінəлі халықты мал санап бір шыбықпен аидаимын дегені Ар ұяттан жұрдай болып барады барлық сала ақсап тұр қазір халық билікті өз қолына алуы керек
@moorlasstudio39783 жыл бұрын
Заң жүзінде билікті халық басқарады. Конституцияда солай жазылған. Шыны керек наданбыз. Басқа халықтар өз хұқығын біледі. Біздің адамдар көрінген юристке,прокурорсымаққа бір алданып жүр. Егер барлық халық құқықтық сауаттылығы жақсы болғанда,билік ештеңе істей алмайтын еді.
@Гулмирагул-д1п3 жыл бұрын
@@moorlasstudio3978 дұрыс айтасың, ешқандай майдансыз, біліммен алу керек үкіметті. Әр қазақ білімді болса, ешкімге дес бермейсің
@КульжамалДаркембаева2 ай бұрын
Нартай балам нағыз қазақ,әрі басым сөзге шебер-шешен.100 жасаңыз. Almaty." Қаз.тілі". Кульжамал Апай.
@МұратТұрсынай3 жыл бұрын
Осы Дархан ағаны жақсы көремін, парасат майданы өте қызық бірақ қаралымы өте аз бағдарлама, маған Дархан ағаның ойлауы ұнайды, білімді адамдар бұл кісінің деңгейін бірден біледі
@СаятЕсентемиров-т3ь3 жыл бұрын
Азаматтық пікірді ұстанатын , адам екен. Білімді парасатты адам. Төлен Әбдіктің ұлы . Бірақ Иманға келуіне тілектеспін. Олай сөйлеудің астары болу да мүмкін.
@ҰлжанКиікбай3 жыл бұрын
адамның құдай не дін туралы ойы көпшілікке шықпауға һәм талқыланбауға тиіс жеке шекара деген бар. Көзқарас үшін жазғыратын, атеисттік жолды таңдағаны үшін "тозақ" отын жағып беретін сіздер емес.
@CombatCatTV3 жыл бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@АдельКирим3 жыл бұрын
Динде мяжбурлеу жок.
@dekomariano49532 жыл бұрын
Егер атеист екені анық болса тозаққа кететтіні анық. Оған құран мен хадис дәлел. Бірақ Исламды қабылдаса, оған тозақтық, жәннаттық екенін айта алмаймыз
@АбдулазизТулепберген3 жыл бұрын
Аллаһ Құранда "кім қаласа (Жаратушыға) сенсін, ал кім сенгісі келмесе сенбесін '' яғни біреу маған сенбеді екен деп Аллаһ қайғырмайды .
@warrenkensington60912 жыл бұрын
мұсылмандар адам емес. Ислам құрып кетсін аллахпен бірге!
@patton4455 Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 тәубеге келіндер Алла ашуланса бізді құртып баска адамдар жарата алад оган бул тукте емес
@ЛаураМуканова-р1ф Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 Алла сенің жүрегіңе хидаят берсін🤲 Алла кешірсін сені де бізді де
@qylmystar Жыл бұрын
@@warrenkensington6091 әлемдегі мейірімді еш зияны жоқ мұсылман қауымынан зәбір көрген қай сорлы екен
@warrenkensington6091 Жыл бұрын
@@qylmystar керісінше, мұсылмандар ең жаман адамдар әлемдегі
@ТамараТулебаева-ж9ж3 жыл бұрын
осыжурналистің парасвт маиданы жақсы тақырыпты қозғаиды бірақ уақыты аз әрі кеш басталады соған қарағанда шындықты аитат деп қорқатын сиақты
@bolat74563 жыл бұрын
Билік туралы астарлап жеткізеді парасат майданында
@dias7412 Жыл бұрын
Уақыты аз болғаны дұрыс
@bekzatkerimkulov72943 жыл бұрын
Қазақ журналистикасына жалған патриот,мемлекетшіл,ұлтшыл,қазақшыл,келісімшілдікке бойы таза Дархан секілді журналистер келгенде ғана қоғамдық сана өзгеруге бет бұрады
@atlasart97233 жыл бұрын
Дұрыс айтты біздің билік тас керең!!! Тоқаевтың сөзімен ісі сәйкес келмейді, бос сандырақ болып отыр!!!
@askhanbay26482 жыл бұрын
Токаев=Хрущев
@АбайСадыбеков-р8х2 жыл бұрын
Нартай айналайын саған көп Рахмет, өте өзекті мәнді тақырптарды жоғары деңгейде, адамға әсер ететін мәселерді уақытында жүргізізесің, ӨТЕ жақсы мамансыз, бір сын сізге! сіз ба әлде операторма?... өте бір жақсы тақырптарды талқылап жатқан кезде, мұрындарыңды тазалап қақырынып тазаланып келсеңіздер! Бөгде құлаққа жағымсыз дыбыстар әсіресе бүгінгі сұхпатта көп. Кешірім өтінем артық айтқан болатын болсам!!! Сіздің барлық репортаждарыңызды көремін жарайсыз !
@erbol50733 жыл бұрын
Қазақша сөйлеп отырып МОЛОДЕЦ деген адамға жыным келеді😔😆
@phoneuser82083 жыл бұрын
Ия, менин де жыныс келеди, не әдет екенин жарайсың немесе жарадың деп айтпайды ....маладес ...осылай айта айта казак сөз болып кетер кетер ...😆
@НурмухаммедСаят3 жыл бұрын
@@phoneuser8208 молодец емес, маладес, уже қазақ сөзі😊
@enerytubar26983 жыл бұрын
Қазақ тілі, қазақ тілі деп сайрайтын адамдардың көбі қазақ тілін қажет етпейтіндер...
@МукагалиТагайбек-е4к3 жыл бұрын
Нартай осы кісімен сұхбаттың ұнады, сұрақтарың тіптен
@alakolflims3 жыл бұрын
Тағдырды адам өзі жазады деген өте қонымды, Қазақ кейде құдайға не жаздым деп, құдайға ренжитын дәлелі ғой )))
@202one73 жыл бұрын
Алла адамдарға ерік берген не істеим деседе өз еркі сол істеген әр бір ісі амал дәптеріне періштелер жазады және сөзсіз жауап береді
@ersultanonerbaiuly81343 жыл бұрын
Әрине дұрыс айтасың. Бірақ өзгертілмейтін тағдыр және өзгертілетін тағдыр болып бөлінеді. Өзгертілмейтін тағдырға адамның қыз немесе еркек болып туылуы, қай ұлттан туылуы және т.б. ал қалғанын адам өз қолымен жазатынына келісемін
@u_8-9.3 жыл бұрын
@@ersultanonerbaiuly8134Әртүрлі бағыт бар.. Тандау өз еркіңде, бірақ қандай таңдау жасасаңда ақыры Аллаға аян. Таңдаудың мың нұсқасы болсада бәрібір Құдай сызған бағдармен жүресің. Мәселе сол нұсқаны таңдағанда қандай ниетте болдың сол маңызды. Кудаймен байланыстыратында сол күй.
@Askhat.94 Жыл бұрын
Казак не жаздым дегені өкініш кайғыдан шыккан сөзғо ол дәлел емес
@АқжарқынНартаева Жыл бұрын
Жаратушыға мың алғыс! Қоғамда осындай азаматтар бар екен! Өз пікірін ашық, бұқпай айтып және бізге, халыққа өнеге көрсетіп отыр.
@atlasart97233 жыл бұрын
Рахмет Нартай!! Рахмет Дархан, осы қалпыңнан таймай, аман есен бола бер, Парасат майданының бүгінгі Батыры өзіңсің!!!!!!
@adilblan67053 жыл бұрын
Парасат майданныңды сігейн не пайда одан Құдайға сенбейтін адамды колдап сенде миында акау бар
@adilblan67053 жыл бұрын
Психолқа корсет миынды менин басым истеейма истемейма деп
@ИбрагимАлькеев-ф6ю Жыл бұрын
Жақсы сұқпат болды өзіне сенымды азамат. Ақылды түсінікті жеткізеді.
@Mutylgan23 жыл бұрын
Сұхбат үшін рақмет! Шығармашылық табыс тілеймін! Қонақ сөйлеп жатырған кезде журналистің микрофонын сөндіріп әлде басып қоюға бола ма екен? Демі, танауының қырылы естіліп тұрады.
@МадиМухтаров-и6о2 жыл бұрын
Нартай осы сенің жүргізен хабаламаларың тамаша. Өзіме ұнайды. Қорықпай сұрақтар қоясың, маңызды міселерді көтересің. Жарайсың.
@ҚұмарбекӨКЕН3 жыл бұрын
Құдайға сенбегендер айтады өз оймен жобалап, бырақ жаратушы Құдайды бар жоғын білетін ол Құдай емес жәй өзіміз сяақты пенде ғана.Құдай әлсіз пенденің өзіне сенетін және сембейтін адамдарын әртүрлі жаратты. бұл парасатты болсада адамдардан алған білім. Құдайдың қиқметін білетін бұл кім.сондықтан бұның Құдайға сену-сенбеу Адамзаттың Құдайға сенуіне түк әсері жоқ. Тәрбиесіз берілген білім адамның қас жауы.Алладан күдер үзбеңдер.
@g.a82603 жыл бұрын
Билимди саналы азамат екен журналистер Д Абдиктен уйрениндер билимди адам жауап беруи унады дал жауап тауып отыр
@erkinkulchimbayev50453 жыл бұрын
Бүткүл Әлемдердің Раббысы Аллахым Сіздің көзіңізді, Өзіңізді Жүрегіңізді Иманмен Нұрландырсын.
@ДидарханАтаханов Жыл бұрын
Аминь
@NomadMassaget3 жыл бұрын
Дархан Әбдік сауатты адам! Көп адам бұндай көзқарасқа дайын емес! Бізде консервативті көзқарас басым!
@СултанАлмас-ы8е Жыл бұрын
Еркек айел тен деп отыр, бирак военнобязанный тек еркектер)))
@dinaraussipbekova94583 жыл бұрын
Өте ерекше, саналы, суатты, мықты тұлға!!! Ескінің емес жаңаны бойына жұқтырған мықты журналист! Нағыз азамат, білімді, өз принципі, көзқарасы бар ағамыздың!
@bilgirtonykok48333 жыл бұрын
Жаңашыл, ЛГБТ ны қолдағыш(голубойлар мен лезбиялардың құқығын қолдайды), қазақ ұлтына қарсы (ұлтшылдықты ұнатпайды). Меніңше бұл кісі қисық, қыңыр кісі. Сауатты бола тұра қыңыр пікір білдіреді, немесе жан дүниесі түрлі-түсті.
Қанша білімі бар болсада кітәп арқалаған ешекпен тең. Қазаққа бір тиын пайдасы жоқ. Бұл кісі Абай танығыш емес. Бұл кісі лгбт танығыш. Әлемде қанша профессор ғалым болды брақ адамға пайдасы болмаса несіне жақсы адам. Фашистпен теңғо.
@ГульшатУтегенова3 жыл бұрын
Күшті , маған ұнады. Парасат майданын қарап жүрем. Еркін ойы бар азамат. Дін туралы айтқандарына қосылам.
@jarkin.s51653 жыл бұрын
Жарайсың! Жақсы сұқпат болды. Дархан Әдік еркін ойлы жақсы адам. 👍👍
@askhatrakhimberdiev86498 ай бұрын
Керемет сұхбат болды, рахмет
@НариманКаирбек-р4н3 жыл бұрын
Әдемі сұхбат болды
@Nursultanboltirikuly2 жыл бұрын
Дархандай интелектуал біздің қоғамға керек
@kunnuraitbayeva Жыл бұрын
Бұл кісі философ, олар тек теорияны жақсы айтады. Гуманист, сөз жоқ. Бірақ біз сияқты рухы түсіп кеткен мемлекетке ұлтшылдық керек, біз ол стадиядан өтіп, өзіміздің самооценкамызды көтеріп, содан кейін гуманисттік көзқарас арқылы қайта қалпымызға келеміз. Ал қазір тоя жақсы тамақ жемеген адамға ұұсаймыз, біз алдымен тоюымыз керек, сосын кейбір тамақтан осознанно бас тартып, өзімізге керегін қалдырамыз
@БакытыбекСулейменов3 жыл бұрын
Жириновски қазақ үшін, қаирақ егеу, оның әр сөзінен соң намысымыз оянады оиымыз үшкірлегеді жауымыздың көп екенін біліп жүреміз сол үшін од маған үнаиды
@anariium81133 жыл бұрын
Ұзақ жасап, бізге қызметін жасай берсін, әйтпесе мәңгүрттер мен ватниктеріміз құтырып кетер😉
@СарсенЖанашов3 жыл бұрын
Дұрыс айтасың
@Тоныкөк-б7ь3 жыл бұрын
Дархан өте сауатты адам. Реали әңгімесі қиялиларға ұнамауы заңдылық.
@salamatkenesov89493 жыл бұрын
Абайды неге сынамаска? Ол кудай емес гой. Дархан дурыс айтып отыр. Абайда кемшиликтер коп. Табынатындарга тан каламын. Оны лирик акын десе болады. Табигат суреткери. Казак бойындагы бугинге дейин озгермеген кемшиликтерин айтканы ушин данышпан санайды.
@salamatkenesov89493 жыл бұрын
Дархан дурыс айтады. Абайды не ушин кандай касиеттери ушин бир туар тулгага санап пир тутып жур бул казак соншалыкты. Казак улги тутарлык не берди Оз заманында кандай кызмет истеди халыкка? Айтындаршы. Тындап корейик. Билемиз бай болды болыс болды торт катын алды. Олен жазды. Казактын бойындагы кем- кетигин кемшиликтерин минеген кара создерин жазды. Рас казак сол Абай айткан кемшиликтеринен али арылган жок. Сол ушин оны данышпан санаймызба? Поэзиясы болек ангиме. Не ушин тек Абай Абай?Абай ози омир сурген когамдагы олкылык кемшиликтерди адилетсиздиктерди сынадыма? Жок. Бай мен кедей арасындагы катынастардын кандай болганын айттыма? Жок. Байлардын устемдик жасайтынын кедейлерди кем санайтынын жаздыма? Жок.Колымда бари бар кедейлерге комектесейн адилдик ушин куресейин деди ме? Жок. Майда- шуйделерин айтып отырган жокпыз. Кедей балалары ушин мектеп аштыма? Жок. Ыбырай Алтынсарин ондай бай болмаса да ашты гой. Тарбиелик мани бар жане когамдагы адилетсиздикти аркау еткен олен ангимелер жазды. Абай адилетти когам орнаса екен деп армандадыма ? Жок. Феодалдарга карсы курестиме? Жок. Ози феодал болды. Есигинин алдында жалшылары журди. Япырау сонда Абай ким? Биздики не?... Шаханов Абайдан Маханбетти биик койды. Оте дурыс. Типти Абайдан Ыбырай Алтынсарин де биик тур гой. Тусине билген адамга арине.Поэзиясында шаруамыз жок. Когамдагы омири жайлы айтып отырмыз. Акындыгын айтып отырган жокпыз. Сонда биз казак совет адебиетинин белди окили Мухтар АуезовтинАбай романынын басты кейипкери болганы ушин тобемизге котерип журмизбе? Ал онын коркем шыгарма болгандыктан шындыгынан отириги ба ым болады. Мухтар мен Абай бирге омир сурген жок гой. Казак роботтын тири тури ау деймин осы.
@Rysty_____3 жыл бұрын
@@salamatkenesov8949 Əй сау бол шəйнап салдың ауызға мықты айтың.....
@salamatkenesov89493 жыл бұрын
@@Rysty_____ Абай 19- гасырдын сонындагы казактын ири жазба акыны. Аудармашы. Баска ешкимде емес. Бугинги оны тобеге котеру тирлиги жуз миллиондаган акшаны шашып шектен шыккан дангазалык. Когамга халыкка пайдасы тиген Отанымыздын куатын арттыруга ел дамуына улес коскан халыктын жаркын болашагы ушин курескен тулга болса бирсари. Казак ес жиып роботтыктан сокыр тауык болудан арылу керек.Казакстанда ауыл елди мекен мадени ошактарынын 30 пайызы Абай атында. Коше мектептерди косканда. Канша ескерткиштер турганын айтпай ак кояйык. Каншама гылыми прак.конференция Абай окулары т.т шеги жок шаралар. Маскара! Мерей тойы мушел тойы. Оу койсандаршы. Ким ол сондайлык? Ар акынга осылай шашылатын халыктын несибесинен жырып не онамыз. Советтик идеологиянын заманы отти. Отирик тулга жасайтын. Токтату кажет. Жалпы акын жазушы дегендерди колпаштауды каржы болип тыйган дурыс. Жазса оздери ушин жазады. Абай да биреу ушин жаздыма ози ушин жазды. Китап шыгару ушин. Онын китабын окитын адамда жок ол кезде. Бирен саран гана. Китап шыгару урдис болды окыганбарга ол кезде. Сол ушин.
@АсылбекАсылбек-д9б3 жыл бұрын
Аллаға сенбейтін адамның қай жері сауатты, Астахирулла
@akbotakazhybek3 жыл бұрын
Сұхбат тамаша, жоғары деңгейде өткен! Бірақ, дыбыс жүйесімен нендей қателік бар екенін түсінбедім. Кадр сыртында отырған адамның демалғаны мен пысылдағаны естіледі.
@Bakonty-18 Жыл бұрын
Ол Нартайдың привычкасы)) 2019да эфирде бірге отырғанда байқағанмын😁
@МанзураЕсмақаева3 жыл бұрын
ӨТЕ ДҰРЫС АИТАДЫ ,ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛУГЕ ҚАЖЕТТІЛІК ,МІНДЕТТІЛІК ,САЯСАТТЫЛЫҚ МІНДЕТТІЛІК КЕРЕК, ДЕДІҢІЗ , ҚАЗАҚ ТІЛІ ӨЗ МӘРТЕБЕСІНДЕ ЕМЕС.
@atlasart97233 жыл бұрын
Дархан, жарайсың! Сенің пікірлеріңмен толық қосыламын. Қызыға тыңдаймын, құнды пікірлер мол!!
@ШаяхметКаракулов-ш3о3 жыл бұрын
э
@АксайЧкалов3 жыл бұрын
Жарайсың Нартай,супер.Шұлық "айғайлап"тұр😃.Дарханның құдай жоқ дегенінен, басқасына түгел келісемін
@КлараОксикбай3 жыл бұрын
Ауылда өстік, бірақ бізде руға бөлу деген болмапты. Көршілерімізбен әлі туысқандай қатысамыз Қалалықтардың біржақты пікірі деп түсінемін мұны
@bolat74563 жыл бұрын
Ал біздің ауылда бар бәленшенің руы мықты,түгеншенің руы мықты дегендер надоел шығарды бір бірлерінің етін жит өсектеп қарның ашады🤦♂️
@Atybelgisiz3 жыл бұрын
@@bolat7456 оның несі жаман?
@bolat74563 жыл бұрын
@@Atybelgisiz Пәленшенің руы ақылды түгеншенің руы ақымақ деген сөздер сізге жағама мен руға қарсы емеспін руға бөлініп бірлікті бұзуға қарсымын
@Atybelgisiz3 жыл бұрын
@@bolat7456 бәленшенің руы түгеншенің елі ақылды/ақымақ деп санаса санай берсін. Жай қызық шығар мүмкін оларға? Меніңше ру мәселесі тек әзіл-қалжыңның төңірегінде сияқты, әрі барып жатқан ешкім жоқ. Бір-бірімен ру үшін төбелесіп, өлтіріп жатқан жоқ қой.
@bolat74563 жыл бұрын
@@Atybelgisiz Әзіл әзілменғой бірақ төбелесітендер бар шектен шығып
@АкгульАкгуль-й7к5 ай бұрын
Түнде болса да осы кісінің бағдарламасын көреміз 🎉🎉🎉
@АқарысЗакир11 ай бұрын
Жаратушының жоқ дегеңі тым артық деп ойлаймын,ал кім қандай діңді ұстайды өз құзырында.Ал қоғам өзгеру керек ол қақ.
@ЕрканатКокенай3 жыл бұрын
Нартай замандас ісің алға жүре берсін, дейтұрғанмен жақсы сөйлейтіндер мен қатар жақсы істейтіндердің де көптеп сұхбатқа шақыр нақтылы айтсам қойды баққанды, сиырды сауғанды, асауды ауыздықтағанды, күнге күйіп суыққа тоңып өнім өсіргенді, бау бақша егіп, жұмыртқа сатқанды, көшені сыпырғанды, тыныштықты қорғаған азаматтарды көрсетіңдер тағысын тағы толып жатқан мамандық иелері, айналдырып келіп әншіні, ақынды, журналисті, т.б танымал адамдарды шақырып алып анауыңда мынауыңда билікті сынай бергеннен басқа мүйіз шықса шығар еді ғой 30 жылда, халықты құлағы жауыр болды ғой осы тақырыптан...
@SamsungSamsung-jn9mr3 жыл бұрын
Жақсы сұхбат болды.Рахмет.Дархан шыншыл,білімді.
@ДанаӘмірбекова3 жыл бұрын
Кей пікірлерімен келіспесем де Дархан ағаны тыңдаудан еш жалықпаймын. 💜
@dzhapatov82693 жыл бұрын
Құдайдан қорықпайтыннан қорық
@БергенТәңір3 жыл бұрын
@@user-xf7kd8wu8g Иман алғандары Сирияда қайтып келді ғой жиендеріңді шұбыртып
@azatseylov84103 жыл бұрын
@@dzhapatov8269 қүдайға сенушілер әдетте тек қүдайдан қорық деп айтушы еді
@ЖаннаРахметжан3 жыл бұрын
Ияя, мақтаншақтық, мақтау іздеу сәбилік мінез. Қазақ әлі сәбилік деңгейдеме дерсің. Әйтеуір мақтанғымыз кеп тұрады, спортшылар не әншілер аты шықша, ойбой қазақты әлем таныды- деп далаңдап жүргеніміз. Неге сондай өзгенің мақтағанына мұқтажбыз??
@ermekryskaliev38413 жыл бұрын
қазақтың ең ақылды адамы Дархан Әбдік . рахмет Нартай мырза
@НұртуғанСерік Жыл бұрын
Білімділермен сөйлесу бір басқа ғой!
@АдилнурСаменбетулы3 жыл бұрын
Дархан өте білімді, сауатты қазаққа керек азамат қой, парасат майданы өте өзекті, мықты тақырыта жұргізе білді.
@Балжансалимовна3 жыл бұрын
Айтуы дұрыс, білімді болу керек, тек біліммен Халық үшін, Отан үшін қызымет ете алмайды жақсы мінез-құлық керек. Бар жақсы қасиеттерімізде жоғалтудамыз. 😢 Құдайдан қорықпаймын дейді, ажал алқымыңнан алғанда бірінші Құдайды аузыңызға аларсыз, жүрегіңіздегі иманыңызды басып тастағансыз осы жүргеніңіз Алланың арқасығой!!!
@Балжансалимовна3 жыл бұрын
@Гульмира Досыбаева бұл дүниеге Алланың қалауымен келдік, барар жеріміз сол жақ. Өмір сынақ амал дәптерімізді сауапты істермен толтырайық.
@kosmos11173 жыл бұрын
Алланың қалауымен бәрі болады, деп, көп қатын алып, есік алдындағы көгершін, торғай, кесірткелерді жеп жата бермейсіңбе? Мұсылман болсаң, біреуді жамандауға болама? Омар сахабаның халиф кезінде, біреу оған, пәленше, түгеншелер сені жамандап жатыр, дегенде Омар оларға алғысымды айтып бар, себебі олар, менің күнәларымды бөлісіп жатыр деген екен! Олай болса, біреуді жамандап, неге күнәларымен бөлісесің, тозақта жанасың ғой! Алла саған қидаят берсін!
@AB-uo5ej Жыл бұрын
@@kosmos1117 тозақ та, құдай да жоқ хихи
@zhan_velvetАй бұрын
“Сыйлау мен табынудың табиғаты бөлек” ❤
@zhetkenshekzhumakanov51883 жыл бұрын
Керемет. Жақсы, білімді кісі екен. Айтқандарына қосыламын, тек атейст болғаны ғана нашар екен. Бір сенім болу керек адамда
@Bayboran5 ай бұрын
Қазақ елде Қазақ тілі Өз Орнына Болмаса һәм Отарлаушы Елдің тілі Әлі Үстем болса Елде Онда Қазақ елі Толық Тәуелсіз ел Емес деген сөз
@g.a82603 жыл бұрын
Казирги журналистер биликтин Жагымпаздар онкей
@ДосболКакеш6 ай бұрын
Әдемі сұхбат! Қалай сөз саптауы мықты екенін көрініп тұр Дархан! Әттегенайы құдайсыз адам болып шықты. Құдайсыз адам басы жоқ адаммен бірдей. Осындайлар қысқа ғұмырында мәңгілік із салып кетер. Сондықтан сұхбатты көрген адам өзіне керегін ғана алса екен. Дакең ана дүниесіне өзі жауап берер…
@мүратасанбек3 жыл бұрын
дархан аға оте білімді кісі, шыншыл, біздегі қой терісін жамылғандардан әлде қайда жақсы, аллаға сенсеңізде үтылмйсыз, шыншылдық нағыз мүсылманның қасйеты
@adilblan67053 жыл бұрын
Немене колдап турсын мынау малды
@ЧИНГИЗХАН-в5г3 жыл бұрын
ЕКЫ ЖУЗДЫ БИЛЫК ПОЛИЦИЯНЫ ИТ СИЯКТЫ ЕТЫП УЙРЕТЫП АЛГАН. ПОЛИЦИЯ КУКЫК КОРГАУШЫ ЕМЕС ТАЗЗА ИТ БОЛГАН.
@TarlanT3 жыл бұрын
Ұлтшылдық (Nationalism) - патриотизм сөзінің синонимі. 100% нейтралды термин.
@ДамирКаримов-в7с Жыл бұрын
патриот болу үшін ұлтшыл болу міндетті емес, тура солай, ұлтшыл бірақ патриот емес адамдар бар. Демек, екеуі тең ұғым емес
@dias7412 Жыл бұрын
@@ДамирКаримов-в7скеремет жауап!
@dias7412 Жыл бұрын
Ұлтты этнос ретінде қарасаңыз және ұлтты азамат деп қарасаңыз қандай өзгеріс болады?
@black.king_ast3 жыл бұрын
36:00 ұлтшылдық пен ұлтын сүю екеуі екі бөлек.Өзінің ұлтын сүю деген өзге ұлтты жек көру деген емес,менің ойым
@bakhtygulbeisekenova90423 жыл бұрын
Дархан Әбдікті іздеп жүріп,күтіп жүріп тыңдаймын
@БашембаевСарсен3 жыл бұрын
Дархан Әбдік мырзаның "Парасат майданы" бағдарламасын көрмесеңіздер, ол туралы ештеңе деп ауыз ашпаңыздаршы! ❤❤❤
@НурланТулаганов-щ8ф3 жыл бұрын
Сендер сураб сөйлейміз еді
@Yerzhan_Berikogli3 жыл бұрын
Адамның ойын сыйлаңыз, Сарсен бауырым дұрыс айтасыз! Қазақстан арнасындағы ең интеллектуал бағдарлама осы "Парасат майданы". Құдайға сенбесе сенер, Алла жүрегіне тауфиқ берсін!
@БашембаевСарсен3 жыл бұрын
@@Yerzhan_Berikogli біздің қоғамға адамның білімі мен білігі емес, құдайға сену сенбеуі бірінші орында сияқты. Адамның көбісі осы критерииден ақ үкім шығара беред (сізді меңзегенім жоқ)
@УдмуткаУмут3 жыл бұрын
@@Yerzhan_Berikogli Құдайды тану ол имандылық, немесе қазақ айтады иманжүзді кісі екен деп, оның ар жағында адамгершілік,бауырмалдық,әр ұятты білетін ,намысы бар адамды айтады, небір бұрын болмаған сорақылықтар (педофил,Лгбт, кісіні тонау, жала жабу ,ата анасын қарттар үйіне тапсыру,іштен шыққан баласын әжетханаға лақтырып тастау т .б ) осы иманның аздығы не жоқтығынан ,ал бұрынғы кісілер ешқандай сауаты,не жоғары білімі болмасада өте ақылды, данагөй болды, Әрине мен білім ілімге еш қарсылығым жоқ, керсінше қазақ жастары заманауи білім алып ,технологияны меңгергенін менде қалаймын, бірақ Әл-Фараби бабамыз айтқандай тәрбиесіз білім адамға зиян деп ,сонымен қатар ұлттық тәрбие, имандылық та қатар болу керек
@СағанНегекерек3 жыл бұрын
@@УдмуткаУмут өте орынды сараптадыңыз. Адам қанша білім алғанмен білімді болғанмен ақымақтығы дорақтығын тізгіндей алмаса. Ол тек кітәп арқалаған ешекпен тең. Адамда бәрібір ислам болу керек Аллаһтан қорықпаған айуанмен тең.
@МАҒЖАНЖалауұлы3 жыл бұрын
Дархан, қай жерден көрдіңіз біз сияқты қойдан жуас халыққа үкіметтің әділ заң, әділетті жүйе құрғанын..?!
@botabushmanovaa76123 жыл бұрын
Ататүрк өз елінің дамуына үлес қосқан басшы, халқы құрметтеп есімін жер жерге беріп жатса түсінікті, Қазақстанмен салыстыруға мүлдем келмейді
@ГаляХакимова-ы1й3 жыл бұрын
Керемет сұхбат!!! 👍👍💐
@zhakhanr11903 жыл бұрын
Сыкиып кину деген совед одағында болған елдердің салты ғой деп ойлаймын
@Жауынгер-д9м3 жыл бұрын
Таза,ыкшам,колойлы киим кию керек!
@akzhol.bukhat2 жыл бұрын
Динде зорлық жок... Аркимнин оз тандауы Бирак АЛЛА алдында жауап беретинимиз хак!
@ОразбайУтебаев3 жыл бұрын
Керемет сұқбат
@sakeyt52993 жыл бұрын
Сұхбат жақсы өтті мнау кісі білімді екені сөзінен білініп тұр. Бірақ білім ғылым деп білімді қуалап осындай Аллаға сенбейтін халге жетіп отыр деп ойлаймын