Құдайдың баласы (болған оқиға). "Болмаған балалық шақ"

  Рет қаралды 6,489

Динара Мейрамқызы

Динара Мейрамқызы

Жыл бұрын

"Құдайдың баласы" атты шығарма елімізге танымал ақынның балалық кезіндегі түрлі оқиғалар ізімен жазылған "Болмаған балалық шақ" повестінен үзінді. Авторы: Ақберен Елгезек. Болған оқиға ізімен. Өмір иірімі. Әсерлі әңгіме. Қызық әңгіме. Әзіл әңгіме. Аудио кітап ретінде ұзынылып отыр. Аудио кітап тыңдауға ұсынылып отыр. Қазақша әңгімелер жинағы. АУДИО КІТАП. Өмір иірімі.
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Шешем бір жылдан кейін күйеуге шығатын болды. Бұл мен үшін мүлде күтпеген жайсыз хабар еді. Марқұм нағашы апамның: «Мамаңды бір жақсы аға үйіне әкетеді, сол сенің папаң болады», - деп жатқаны жадымда.
Әке болудан әдірам қалғыр әлгі «жақсы ағамыз», елу жасына дейін жылқы бағып, дала кезген, адамдармен араласпағасын түз тағысына айналған, қарабайыр һәм қатал адам екен. Елу жасына дейін әйел мен бала дегенді білмеген дүлейге менің шешемді зорлап қосқан сияқты. Қуат. Шешемнің қалыңмалы ретінде нағашы апамның босағасына бір қара бие байланды. Сол қарыны қампайған қара биені сұмдық жек көретінмін. Ешкім жоқта қорада тұрған байғұс жылқыға алыстан тас атамын. Сөйтіп, менің шешеме айырбасталған жануардан өш алғандай боламын.
Шынымен бір күні шешем ақыры үйден кетіп тынды. Есімде қалғаны той болатын күні мені үйге қамап тастады. Куат. Түні бойы я қорқыныштан, я қорланғаннан, я шешемді қимағаннан ба, ұзақ жыладым. Ертеңгі күні тойдан әкелген бауырсақты жеп, өксігі басылмай отырған мені Маржан әпкем жұбатқансыды: «мамамыз барған үй үлкен екен, болашақ папамыз бай екен, бәрімізді жарылқап тастайды екен», - деген сөздерді айтып, өзі де қыстыққан жасын жасыра алмай жылап жіберді.
Күннен күн, аптадан апта озып жатты. Мен болсам, көзім бозарып нағашыларымның үйінде әлі жүрмін. Шешем анда-санда келіп тұратын. Кейін онысы сирей бастады. Соған қарағанда, қара қайыстай күйеуі жібермейтін болуы керек деп ойладым.
Бестен асып алтыға бет алған кезім.
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
#аудиокітап #ақберенелгезек #болғаноқиға #қазақшаәңгімелер #құдайдыңбаласы #динарамейрамқызы #қазақшаәңгімелержинағы #әсерліәңгіме #әңгімелер #әзіләңгіме #қызықтыәңгімелержинағы #болмағанбалалықшақ #болмағанбалалықшақповесті #өмірдеболған #өміриірімі
~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Пікірлер: 24
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Құрметті тыңдарман! "Танымал" атты арнамды қолдап, пікір білдіріп жатқандарыңызға мың алғыс! Тіркеле кетіп, проза жанрын жақсы көретін жақыныңызбен бөлісе жүріңіз! Алдын ала рақмет!
@user-tb4bq4ii2g
@user-tb4bq4ii2g 10 ай бұрын
Кандай керемет әңгіме,өте аянышты екен
@bibigulkaribaeva5667
@bibigulkaribaeva5667 8 ай бұрын
Осы әңгіме желісімен ТЮЗ да спекталь қойылып жатыр, керемет ойнайды артистер, жыламай көру мүмкін емес.” Болмаған балалық шақ” деп аталады. Көріңіздер.
@user-jv3wl4zg1u
@user-jv3wl4zg1u Жыл бұрын
Қандай керемет әңгіме,
@user-ef2hg4uc3i
@user-ef2hg4uc3i Жыл бұрын
🙏👍
@khanshayymmerakbaeva8313
@khanshayymmerakbaeva8313 Жыл бұрын
👍👍👍👍
@user-yn2sx8qw9j
@user-yn2sx8qw9j Жыл бұрын
❤❤❤
@DimashAdaskhanov1987
@DimashAdaskhanov1987 10 ай бұрын
Ақберен деген есімді бірінші рет естіп отырмын шерлі мұңлы жүрек болып өскен екен ау Ақберен Ақын ғой
@dinamukhanaliyeva9096
@dinamukhanaliyeva9096 Жыл бұрын
👍❤
@karakatzhapar
@karakatzhapar Жыл бұрын
Керемет 👏👏👏
@user-gy3px8jg3d
@user-gy3px8jg3d Жыл бұрын
Керемет! ❤
@user-zw7lj7po1w
@user-zw7lj7po1w Жыл бұрын
Сози керемет,журекпен айтасин, рахмет! Онерин ористей берсин💕👍
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Мың алғыс. Көп-көп рақмет🤗
@alinastiven8772
@alinastiven8772 Жыл бұрын
Ақберен танымал жазушы ғой
@user-mn3wx9ok9m
@user-mn3wx9ok9m Жыл бұрын
Әңгіме тартымды екен. Қызыға тыңдадым.
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Қуаныштымын! Ой-пікіріңізбен бөліскеніңізге көптен көп рақмет!
@user-rn1fv2cn4y
@user-rn1fv2cn4y 10 ай бұрын
Керемет ,әсерлі әңгіме.Талай жетімнің басынан өтті .Әкесі Елгезек ақ көңіл жақсы адам еді.Біз ауыл болып Орынбек деп атаушы едік. Анасында жақсы білуші едік.
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Көзін көрген екенсіз ғой. Тамаша. Пікір жаза кетіп, естелігіңізбен бөлісе кеткеніңізге рақмет!
@user-tv5gc2nc3p
@user-tv5gc2nc3p Жыл бұрын
Дауысың керемет, тыңдай бергің келеді. Өнеріңе аллам берекесін берсін 🤲😘
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Тәте, әмин🤲. Айтқаныңыз келсін!
@Kausar_Sayatovna.
@Kausar_Sayatovna. Жыл бұрын
Қандай тартымды,мағыналы оқиға!Қатты қызық,сізді отбасымызбен бірге тыңдаймыз😅❤
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Сізге ұнағанына қуаныштымын! Арнамнан алыстамаңыздар! Тағы да тартымды шығармалардың кәусі болыңыздар! Рақмет!
@user-td1ms1zr3t
@user-td1ms1zr3t 11 ай бұрын
Шешесі жоқ шерлі жетім деген анасынан баласын айырмасын АЛЛА.
@audiotaspa
@audiotaspa 11 ай бұрын
Толық келісемін!!! Жазба қалдырып кеткеніңіз үшін рақмет!
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 77 МЛН
ЕГІЗ ЖҮРЕК. Аудиокітап
55:16
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 830 М.
БУРЫЛ АТ. Бердібек Соқпақбаев (аудиокітап)
46:33
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 343 М.
КІСІ ИЕСІ. (Аудиокітап)
32:25
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 440 М.