КӨКМОЙНАҚТЫҢ ҮЙІРІ! (АДАЙ ТАҒДЫРЫ)

  Рет қаралды 9,299

Маңғыстау Адай

Маңғыстау Адай

Күн бұрын

Саяси қуғын-сүргін һәм ашаршылық кезіндегі (1928-38) жылдардағы ел тағдыры мына зарлы толғауда жырланған.
Жырда баяндалатын оқиғалардың шынайылығы, аяныштылығы, ауыртпалығы себепті ел «Көкмойнақтың үйірі» жырының екінші атауын «Адай тағдыры» деп кеткен. Саяси қуғын-сүргін һәм ашаршылық кезіндегі 1928-38 жылдардағы ел тағдыры зарлы толғауды жырмен естіртеді.
1990 жылдары Ел аузынан жазып алған - ақын Есенғали Раушанов.
Ақын Светқали Нұржанның айтуы бойынша: Балықшы - Ізбан батыр Масақбайұлының жыры екен.
Жырды орындаған: - Елдос ЕМІЛ.
.....Көкмойнақтың баласы-ай,
Көз ұямның қарасы-ай,
Көңілімнің наласы-ай!
Ере алмайды жүгірсе -
Шұбалаң құйрық шұбар да,
Қуыс қолтық қылаң да.
Қарабайыр, арғымақ,
Тесік өкпе қазан ат
Жарыса алмас бұлар да.
Тобан аяқ жабы емес,
Қол-аяғы жіптіктей,
Жіптік те болса - болаттай,
Болат оңай сынар ма?!
Доңыз мойын қара емес,
Басы жеңіл бұрарға.
Одан артық көлік жоқ
Кезенген жауға тап болып,
Кескілесе шығарда.
Майға бөгіп қалмайды -
Бір атасы құлан ба?
Сабау кірпік, тұнық көз -
Бір атасы бұлан ба?
Құлыбын кері қайырған
Мылтықты көр де оны көр -
Қос құлағын жымарда.
Біздің елдің адамы
Үшқұдықтың арасын
Сәске болмай қосады
Таң намаздан шығарда.
Қыс тоғыста - терлетер,
Жаз тоғыста - өр кетер,
Беріктігін сынарда.
Үш қиянның Қазағы
Тақ тұрады алдында
Бәсеке-дәурен құрарда.
Мініп шықсам құтыртып -
Айтқызбай-ақ таниды
Түп атамды сұрарда.
Жауға мінсем - айбарым,
Тойға мінсем - жайнағым,
Төбемдегі - байрағым,
Жанымдағы серігім,
Талыс танау көрігім,
Асылың хайуан демесең -
Малдан бөлек келімің.
Түлкідейін түн қатып,
Бөрідейін жол тартып
Шиыр салып жүргенім.
Қаба жалдың әр талын
Тарап ұстап сүйгенім.
Сізден басқа жылқыға
Ат екен деп мінбедім,
Көлік құрлы көрмедім.
Тақымыма бір тисең,
Ағын судай гүрледім.
Маңғыстауда бұлт едік,
Топтан озған ілкі едік,
Оза көшіп, кең қонған
Сегіз арыс жұрт едік.
Сегіз арыс ішінде
Егер қатын қалса бір
Туар мендей баланы,
Сізді қайдан табады?
Қамықпа, жаным, қамықпа,
«Әр асқанға - бір тосқан»,
Мына алапат басылып,
Жұлдызың ертең жанады.
Соны неге білмейді ?...
...Аса шапқан, тыз етпе
Теке-Жәуміт қаз мойын
Байласаң да төріне -
Келмейді ғой ол-дағы
Көкмойнақтың шеніне.....

Пікірлер: 11
@Лпплдд
@Лпплдд Жыл бұрын
Сөзбен барлық оқиғаны көз алдыңа əкеліп тұрғой бұдан асқан шеберлік барма !!! Қазақ болғаныма мақтанам Осынау алып даланы жауға бермей Сақтаған ❤
@Dina-rr2pv
@Dina-rr2pv Ай бұрын
Оқиғаны сіздей жеткізе алатын кім бар екен! Сау бол! Түсінер Болашақ ұл-қыздарымыз болса шіркін!
@КуанышКуаныш-э8ж
@КуанышКуаныш-э8ж 3 жыл бұрын
Альхамдулиллах коп жаса бауырым. Елдос, хак жол насип еткей бауырым 🤲🖐🙏🤝✊👍
@bauka2454
@bauka2454 Жыл бұрын
Керемет ✊✊🇰🇿👍
@БактыбайСабиев-щ7е
@БактыбайСабиев-щ7е Жыл бұрын
Керемет 👍👍👍
@108канал-й3е
@108канал-й3е 3 жыл бұрын
Видеосы күшті
@koken3628
@koken3628 Жыл бұрын
21:00маңғыстаудай даладан
@Қазақтар-о1й
@Қазақтар-о1й 4 жыл бұрын
Ойдойт!де
@НурболатТоқсанбай
@НурболатТоқсанбай 6 жыл бұрын
Ассаламуалейкум админ
@pirmagambetov4190
@pirmagambetov4190 Жыл бұрын
Елдос Еміл мыкты жыршы
@НурболатТоқсанбай
@НурболатТоқсанбай 6 жыл бұрын
Рулар жайында жазбалар болса жаксыет видео тури болса?
КӨКМОЙНАҚТЫҢ ҮЙІРІ (Адай тағдыры)
21:44
Берік Дауенов
Рет қаралды 202 М.
From Small To Giant Pop Corn #katebrush #funny #shorts
00:17
Kate Brush
Рет қаралды 40 МЛН
Teaching a Toddler Household Habits: Diaper Disposal & Potty Training #shorts
00:16
Bike Vs Tricycle Fast Challenge
00:43
Russo
Рет қаралды 69 МЛН
АДАЙ ЖЫЛҚЫСЫ ТУРАЛЫ
14:38
Маңғыстау Адай
Рет қаралды 2,9 М.
Сүгірдің жыры(8-Арыс Адай батырлары)
13:39
Бәйімбет Көрпе
17:18
Қабыл Еңсегенов
Рет қаралды 20 М.
ТАҒДЫРЛЫ ТУЫНДЫ. Көкмойнақтың үйірі
20:23
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 4 М.
МАТАЙ БЕК
40:54
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 175 М.
ТҮРКМЕНДЕР  МАҢҒЫСТАУҒА  БАСЫП  КІРДІ! Тарихты ұмытпа!
10:27
ТАРИХ ONLINE Рысбек Рамазанұлы
Рет қаралды 231 М.
САРАСӨЗ. Елена Әбдіхалықова  мен Елдос Еміл
31:47
Досан батыр жыры
37:48
Берік Дауенов
Рет қаралды 7 М.
From Small To Giant Pop Corn #katebrush #funny #shorts
00:17
Kate Brush
Рет қаралды 40 МЛН