КҮМӘН МЕН КҮНӘ авторы: Әбубәкір Қайран 1-БӨЛІМ

  Рет қаралды 2,711

ДЫБЫСТЫ КІТАП

ДЫБЫСТЫ КІТАП

2 ай бұрын

Әңгіменің Авторы: Әбубәкір Қайран
Кербез де кеуделілеу жігіт Мәу­леннің соңғы күндер­дегі өзгерісі басқа­ларға бай­қалмаса да, үй ішіндегі­лердің бәріне үрей туғыза бастағандай еді.
Мырзалығы мен жомарттығын маңай­ын­дағы жұртқа қашанда көрсеткісі келіп жүретін мақтаншақтау азамат өзінің әйелінің сұлулығынан бастап, хан сарайындай алты бөлмелі үйі барлығын, қымбат көлік мініп жүргенін, аудан орталығындағы ең жаңа мектептің директоры екендігін санамалай келіп, өзінің қара басын ең бақытты адамдардың қатарына баяғыда қосып қойған.
Бір үйдің жалғыз баласы болған соң, ішкені - алдында, ішпегені - артында, қалай жүрем, қалай тұрам демей, еркін өскен бұла жігіттің балалық шағы да, сту­денттік кезі де алқып-шалқумен өткені рас. Мұны үйлендіре салып әкесі Сейілжан қайт­ыс болып кеткеннен кейін, екі-үш ай бойы еңсесі езіліп, жетімдік, жалғыздық дегеннің не екенін енді-енді сезініп жүр­ген кезінде, анасының қайсарлығы мен намыстылығының арқасында, тез-ақ бойын жинап алған болатын.
Кейде ғана күрсіндіріп қоятын бір уайымы - көрген перзентінің де жалғыздығы, әйелінің бір бала таба салып, құрсағы құрғап, теп-тез тоқырап қалғандығы. «Екеудің бірі кетсе - бірі қалар, жалғыздың өзі кетсе - кімі қалар?» деген мәтел сөзге айналып кеткен өлең жолдарын жиі-жиі есіне алып, мұңдылау ойға батып кететіні де содан.
Атын Мәжит деп өзі қойған ерке баласы он жасқа толған соң мұндай атаулы мезетті ескерусіз қалдыру жөн болмас деп, ағайын-туыс, дос-жарандардың басын қосып, дүрілдетіп той жасағаны таяуда ғана. Міне, сол той өте салысымен-ақ Мәуленнің көңіл күйі сабындай бұзылып, отыз жастан баяғыда асып кетсе де, тал шыбықтай бұ­ра­лып тұратын келіншегі Зылихаға да, ана­сы мен баласына да суық тартып, олар тілдесе қалса, танауының астынан міңгір­леп сөйлейтін мінез шығарған. Мұнысы үйдегілердің бәріне әсер етіп, тіпті, дастархан басындағылар бұрынғыдай ашылып сөйлеуден, жайраңдап күлуден де қалып барады.
Дариға кемпір жасаурай беретін бұ­лыңғыр көздерін жаулығының ұшымен қайта-қайта сүрткіштей түсіп, отыз бес жасқа келсе де, өзіне әлі сәбидей болып көрінетін бұйра бас баласына қарағыштап, телмеңдейді де отырады.

Пікірлер: 13
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 2 ай бұрын
Құрметті тыңдарман! Менің арнама тіркеліп, пікір қалдырып, ұнаса лүпіл баса отырыңыздар! Алдағы уақытта сіздерге ұнайтын әңгімелер мен ғибратты әңгімелерді менің арнамнан ести аласыздар! Сіздерге рақмет!
@Gulbanunartaikyzy
@Gulbanunartaikyzy 2 ай бұрын
Өте мағыналы әңгіме екен басының өзі қызықты басталган,Аяғына жеткенше тыңдап отыра бергің келеді
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 2 ай бұрын
Рахмет!💐💐💐
@ZHANSAYA.BAUIRJANKYZI
@ZHANSAYA.BAUIRJANKYZI 2 ай бұрын
Қызықты әңгіме екен
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws Ай бұрын
рақмет пікіріңізге
@Saltanat-wq3cl
@Saltanat-wq3cl 2 ай бұрын
Қызықты әңгіме
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws Ай бұрын
рақмет пікіріңізге
@user-ck5cr9un6s
@user-ck5cr9un6s 2 ай бұрын
Қызық әңгіме. Қазіргі төсек пен өсекті айтатын каналдар сияқты емес. Ұялмай тыңдайтын әңгіме 😊
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 2 ай бұрын
рахмет💐
@user-me9ji8mw8o
@user-me9ji8mw8o Ай бұрын
Ішкеніі артында ішпегені алдында деп айтылады.Дұрыс айт
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws Ай бұрын
Рақмет пікіріңізге. Автордың жазған сөзін өзгерте алмаймын.
@user-hl7lx6ne2b
@user-hl7lx6ne2b 2 ай бұрын
жалғасын күтеміз?
@GazizaAltynbai-ev2ws
@GazizaAltynbai-ev2ws 2 ай бұрын
жалғасын бүгін саламын💐
СҰРАПЫЛ 1 БӨЛІМ. аудиокітап
40:28
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 98 М.
Көк биенің киесі
53:23
Шешендер клубы Рақыш
Рет қаралды 10 М.
100❤️
00:19
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 36 МЛН
WHY DOES SHE HAVE A REWARD? #youtubecreatorawards
00:41
Levsob
Рет қаралды 28 МЛН
Osman Kalyoncu Sonu Üzücü Saddest Videos Dream Engine 118 #shorts
00:30
ОДИН ДОМА #shorts
00:34
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН
Балама әйелді өзім таңдаймын…
14:17
Қазақша аудиокітап
Рет қаралды 337
Иесін қасқырдан құтқарған жұйрік /#аудиокітап
9:25
сенім мен сезім...
Рет қаралды 1 М.
Қанай сыншы (аңыз)
Qanai sinshi #қанайсыншы
#qanaisinshi
13:10
Қарапайым арна
Рет қаралды 285 М.
100❤️
00:19
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 36 МЛН