Қолөнерді табыс көзіне айналдырған кәсіпкер

  Рет қаралды 14

Naqty

Naqty

2 ай бұрын

Бүгінде мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті қолданып, өзінің кәсібін дамытып отырған жандар жетерлік. Солардың бірі - қаскелеңдік қолөнер шебері Гүлназ Қайыпова, - деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
Төрт баланың анасы Гүлназ бала кезінен тігін тігіп, құрақ көрпелер жасайтын әжесіне көмектесіп жүріп өзі де тігін тігуді үйреніп алған. Есейген кезінде мектепке бастауыш сыныбының ұстазы болып жұмысқа кіріп, мұғалімдікпен тапсырыс бойынша тігін тігіп, моншақтардан әртүрлі бұйымдар дайындаған. Кейіннен декреттік демалысқа шығып, жеке кәсіппен айналысуды шешкен.
Сөйтіп жүріп мемлекеттен бөлінетін қайтарымсыз гранттың конкурсына қатысып, 400 АЕК көлемінде қаражат ұтып алған. Берілген ақшаға қажетті материалдар сатып алып, жоғарыда аталғандармен бірге гипстен ақша жинақ сандықша, кәдесый секілді заттар, эпоксидті смола арқылы әртүрлі пішіндегі сағаттар жасай бастаған.
Бүгінде жеке кәсіпкер Алматы мен Қаскелеңдегі бірнеше ойын-сауық орталықтарымен келісімшарт жасасып, солардың тапсырысымен жұмыс істейді. Сонымен қатар қолөнер шебері инстаграм парақшасын жүргізіп, сол арқылы да Қазақстанның барлық жерлерінен тапсырыстар қабылдауда.
Мұнан бөлек бүгінде жұмысы өрге жүріп келе жатқан Гүлназ көптеген сұранысқа байланысты шеберлік сыныптарында өткізіп отырады.
Гүлназдың алдағы жоспары өзінің кішігірім дүкенін ашып, балалар мен аналарды қолөнерге үйрететін дамыту орталығын ашу болып отыр.

Пікірлер
Домработница!!! Уральские Пельмени.
9:25
Позитивчик
Рет қаралды 968 М.
Как быстро замутить ЭлектроСамокат
00:59
ЖЕЛЕЗНЫЙ КОРОЛЬ
Рет қаралды 14 МЛН
MEU IRMÃO FICOU FAMOSO
00:52
Matheus Kriwat
Рет қаралды 12 МЛН
Backstage 🤫 tutorial #elsarca #tiktok
00:13
Elsa Arca
Рет қаралды 42 МЛН
Новости дня | 19 июня - дневной выпуск
11:46
Euronews по-русски
Рет қаралды 20 М.
Уральские пельмени  Нога в гипсе
11:36
Геннадий Геннадий
Рет қаралды 412 М.
Уральские Пельмени - Семейка
1:12:29
Терапия юмором↺
Рет қаралды 3,3 МЛН