Қосанов Студенттерді Сатып Кетті - Алаңға Шыққан Қыздардың Шашынан Сүйреді!

  Рет қаралды 188,510

BILGEN DURYS

BILGEN DURYS

2 жыл бұрын

Бәріңізге ассалаумағаликум. Желтоқсан айы келген сайын үкіметті бір үрей билейді. Бұрын Тәуелсіздік күні қарсаңында сутдентттерді тез-тез сессияларын жауып, ауылдырына қайтарыңдар деген тапсырма берілетін. Енді қазір пандемия деген жақсы сылтау болды. Бәрін соған жаба салады. Шындығында Желтоқсан оқиғасының айтылмаған ақиқаты өте көп. Әміржан Қосанов көтеріліс кезінде студенттерді қалай сатып кетті? Оқиға кезінде атақты партизан-жазушы Қасым Қайсенов неге жылады? 16 жасында қыршынынан қиылған қазақтың батыр қызы Сәбира Мұхамеджанованың 35 жылдан соң әрең ақталғанын естідіңіз бе? Жастарды жазалауға қарсы тұрғаны үшін Қазақстаннан Ауғанстанға қуып жіберген генерал-майор Мұрат Қалматаев туралы не білесіз? Мұны сізге білген дұрыс.
РОЛИК
ЗКТ: Желтоқсан құрбаны, небәрі 16 жасында өлім құшқан Сә­бира Мұхамеджанова 35 жылдан ке­йін ақталды. Мұндай жағымды жаңалықты Шығыс Қазақстан облыс­тық JELTOQSAN-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов сүйіншілеп жеткізді. Ал сіз «Сәбира Мұха­мед­жанова әлі күнге дейін ақтал­маған ба?» деп таңданып отырған боларсыз. Сәбира Мұхамед­жанова ғана емес, онымен бір топта оқыған 28 қызбен бір курста білім алған 8 жігіт те ақталыпты. «Желтоқсан ақиқаты» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бейсенбай Сайфолда былай дейді. «Сәбирамен бірге оқыған 29 қыз ақталды, енді Сәбираның өзін де ақтаймыз» деп қуанып отырғанымызда Алматы прокуратурасы көңілімізді су сепкендей басты. «Сәбираны ақтай алмаймыз, өйткені туған-туыстары жоқ. Егер 28 қызға хат жаздырып, «қар­сы емеспіз» деген қол қойдырып әкелсеңіздер, бұл мәселе шешілуі мүмкін. Бас прокуратура бізге осылай деп отыр» деді. Содан жан­ұшырып, Шығысқа барып, 28 қыздың қолын қойдырып, Алматы қалалық прокуратурасына табыс еттік».
ЗКТ: Иә, Желтоқсанның ызғарлы желі ешкімді аямады. Қылышынан қан тамған билікке қарсы тұрып алаңға шыққан жастар жендеттерден аяусыз тепкі көргені аздай, оларды ел арасынан шыққан сатқындар сорлатып кеткен. «Солардың бірі Әміржан Қосанов еді»,- дейді композитор Қалдыбек Құрманәлі телеарнаға берген сұхбатында. Өз аузынан естіңіз.
СНХ:
ЗКТ: Ал қазақтың батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Қасым Қайсенов алаңда қан-жоса боп жатқан жастарды өз көзімен көріп, өкіріп жылапты. Бұл туралы Қадыр Мырза Әлидің "Иірім" атты кітабында жазылған.
«...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз телефон соғып:
- Сенiмен жолыққым келедi, - дедi. Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды. Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын!
-Қасеке! Қасеке!-дей бердiм.-Сабыр! Сабыр! Не болып қалды?-дедiм не iстерiмдi бiлмей.
-Аямады ғой, аямады. Шырқыратып сабады ғой жастарды! Көрдiм! Өз көзiммен көрдiм! Бәрiн де! Бiрақ дәрмен жоқ. Түк iстей алмадым. Өйткен партизандығым құрысын! Фашистердiң өзi олай қорлай алмап едi. Қорлатпап едiк! Бұлар қорлады!
-Бiз бере алмасақ та, жазасын Құдай берер! Сабыр етiңiз, Қасеке!-деп жұбаттым.
-Бұлар баяғыда бiр рет өсiткен. Шаяхметов орнынан түскенде «Бiраз тайраңдап едiңдер, бостандықтарың бiттi осымен! Бiттi осылай, калбиттер!»-деп сабаған шетiмiзден. -Қасекең өксiп-өксiп алды да кiлт тоқтады. Содан кейiн: -Осыны айтайын деп келдiм. Ал қош бол, бауырым!-деп шығып кеттi».
ЗКТ: Міне батыр атамыздың жүрегін езіп кеткен бір сәт осы кез екен. Ал сол шақта қазақ жастарын аса қатігездікпен жазалап жатқанын көргенде билікке қарсы сөз айтқан, берген бұйырықты орындамай өр мінез танытқан қазақ генералы жайлы естіппе едіңіз. Ол Мұрат Қалматаев. Марқұмның Журналист Серікбол Хасанға берген бір сұхбатында айтқан әңгімесін естіесіңіз денеңіз түршігеді. Ал айтайын, сіз тыңдаңыз.
Желтоқсан көтерілісінде солдаттардың дубинкасына ұрылмасам да, моральдық таяқ жедім. Колбиннің кезіндегі жүйемен, əсіресе, Ішкі Істер министрлігі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетіндегі азаматтардың іс-əрекетімен келіспейтіндігімді айтқаным үшін айыпты болдым. Мен ол кезде Ішкі Істер министрінің орынбасары, республика бойынша саяси бөлімнің бастығы, милиция генералы болатынмын.
Бастапқыда Желтоқсанда алаңға шыққан жастарды шынымен тəртіп бұзған шығар деп ойлап жүргем. Бірақ тəртіп бұзған адамды жазалаудың да заңды жолы болады.
Ал бұлар жазалаудың дөрекі түрін жасай бастады.
Солдаттар алаңға шыққан жігіттерімізді соққының астына алды, қыздарымыздың шашынан сүйреді. Шешіндіріп тастап, мұзға жатқызып қойды. Басын көтерсе болды, солдаттар дубинкамен ұрып, естерінен тандырып отырды.
Мұндай қатыгездікке шыдай алмаған соң, мен мұны жасаған адамдарға қарсы келдім.
Мəскеуден келген Кеңес Одағы Ішкі Істер министрінің орынбасарымен қарсыластым. Қазақстан Орталық партия комитетінің екінші хатшысына жолығып: «Мынау не сұмдық, мұны тоқтатпайсыз ба? Фашистер де бұлай істеген жоқ. Бұлар кінəлі болса заңды түрде соттайық. Жазасын сот берсін. Бұл қалай болғаны?» - деп едім, сонда ол: «Сенің оларға жаның ашыса мен саған бір ақыл айтайын», - деді.

Пікірлер: 481
@user-ww9pj7wy2t
@user-ww9pj7wy2t 2 жыл бұрын
Жастардын жаткан жерлер жарык болсын!!!
@user-mg2mq2tu3o
@user-mg2mq2tu3o 2 жыл бұрын
Жандары жанатта болсын,Алла рахмететіне алсын,жатқан жерлері жəйлі болсын.
@user-nv5vb4zt4s
@user-nv5vb4zt4s 2 жыл бұрын
Алла жазаларын берсін халыққа қарсы шыққандардың
@user-sg7gi6cr6u
@user-sg7gi6cr6u 2 жыл бұрын
Аумин.косылам
@user-sf5rm2gi2g
@user-sf5rm2gi2g 2 жыл бұрын
Жазыксыз жандардын коз жасы каны жибермес Жауыз саткындар Алла жазаларынды берсин
@user-po4jc4nj1b
@user-po4jc4nj1b 2 жыл бұрын
Келешек ұрпақ үшін Желтоқсан көтерілісі ақиқаты толық ашылса екен...✊
@user-po4jc4nj1b
@user-po4jc4nj1b 2 жыл бұрын
Сол көтерілістің қатысушыларының көзі тірі кезінде...сұхбат алынып , тарихымызға енгізілсе екен...
@user-po6qq4lf1c
@user-po6qq4lf1c 2 жыл бұрын
КАЛАЙ ЖЕР БАСЫП ЖУРСИНДЕР ХАЙУАНДАР КОСАНОВ КАЗАККА СОЛАЙ МА ЖАНЫН АШЫГАНЫ.
@user-nx8ri5jj3p
@user-nx8ri5jj3p 2 жыл бұрын
@@user-po6qq4lf1c 🤣🤣🤣 мынау не перевод.? 🤣🤣🤣👏👏👏👏ой ой держите меня. 🤣🤣🤣ой ішім 🤣🤣
@altinkylymbaeva9090
@altinkylymbaeva9090 2 жыл бұрын
@@user-po6qq4lf1cкулгенынес саназдар копкой
@karakatmk6214
@karakatmk6214 2 жыл бұрын
Қарғыс тисін сол қатысты жауыздарға, түгеліне. Проклятье вам всем кто чинил незаконную расправу в Алма-Ате над простыми без оружными студентами, руки чтоб у всех отсохли.
@user-nl8yz9fj2t
@user-nl8yz9fj2t 2 жыл бұрын
Әмин🤲
@user-wq3ft9pw5p
@user-wq3ft9pw5p 2 жыл бұрын
Ее қазағым тәуелсіздікті алсада ала орыстың қарамағында. Қазақеліне АЛЛА жар болсын.
@user-xx1zx3ez7e
@user-xx1zx3ez7e 2 жыл бұрын
БІЗДІҢ ЖАСТАРДЫ ҚОРЛАҒАНДАР АЗАПТАҒАНДАРҒА МЫҢ ЛАҒНЕТ ҚАРҒЫС АТСЫН
@user-zt1wm1pu1l
@user-zt1wm1pu1l 2 жыл бұрын
Аумин
@amandosaly6467
@amandosaly6467 2 жыл бұрын
ЖЕЛТОҚСАНДА ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫН ҚЫРҒАН ИТТЕРДІ ҚАРҒЫС АТСЫН . ТЕКСІЗ ҚАЛМАҚТЫҢ АТАСЫНА МЫҢ ЛАҒНЕТ БОЛСЫН .
@user-fo5bv1gy3o
@user-fo5bv1gy3o 2 жыл бұрын
Желток ан нын Курбан болган жас казак батырлардын иманы жолдас болгай Жанна тан орын алгай Иншалла
@user-pn4ol1hy6z
@user-pn4ol1hy6z 2 жыл бұрын
Иманды болсын ,, Аяғы жаксылыққа әкелсін ,,
@user-mn8oh4xb4n
@user-mn8oh4xb4n 2 жыл бұрын
Алла Тағала бар казағыма жар болсын. Қосанов Алла алдында өз жазасын алады.Сайлау кезінде Қызылордалықтарды мазақ қылды. Сол ушінде ол қарғыс арқалаған.
@user-xn1ym3nc3y
@user-xn1ym3nc3y 2 жыл бұрын
Жаны жәнәтта болсын қазақтың қаһарман қызы
@golofixyt8684
@golofixyt8684 2 жыл бұрын
Жастардың жаны жаннатта болсын ал сатқындарды халықтың қарғысы атсын
@user-wt7lj2hz4k
@user-wt7lj2hz4k 2 жыл бұрын
Амин
@user-xe7vk9bw9y
@user-xe7vk9bw9y 2 жыл бұрын
Қазақтарды қорлаған жастарды қосановтан бастап аяқ қолы жасамай қалсын🙏🏽🙏🏽🙏🏽 Қасым Қайсенов жүрегі қазақ , намысы жоғары!
@user-xy3wt4tp2j
@user-xy3wt4tp2j 2 жыл бұрын
Желтоксан окигасы кайталанбасын, Алла сактасын жамандык болмасын.Сол жонсиз сабагандардын колдары паралич болсын.
@user-te7no6no1m
@user-te7no6no1m 2 жыл бұрын
Ой,қандай масқара,Мұрат Қалматаев ағамыз нағыз азамат екен,өтіріктерін көре көзге көрсетіп,көздерін ашқан халық адамы Қосановты депутаттыққа ұсынғанда неге айтылмады осы жайлы, Құрманәлі мырза,той өткенде даңғыра деп айтып отырсыз, сол кезде халық білер еді кімге дауыс беріп жатқанын
@user-jb6zy2jl4b
@user-jb6zy2jl4b 2 жыл бұрын
Қосановтың кәсібі болғанба сатқындық,кімге сенеміз.Аллп сақтасын,Қорлап соққыға жыққандардың жазасын Алла берсін.
@user-qx4ei6zk7u
@user-qx4ei6zk7u 2 жыл бұрын
Саткын
@user-vs5qg8he2q
@user-vs5qg8he2q 2 жыл бұрын
Масқара әлi қаншамасы шығады.Қосановты үрiм бұтағы мен құрсын.
@user-ot2uh7mv4q
@user-ot2uh7mv4q 2 жыл бұрын
ҚОСАНОВ ӘМІРЖАН - ЖЕТІ АТАҢА дейін, ТҰҚЫМЫҢМЕН* ТҰЗДАЙ ҚҰРУЫҢДЫ, АЛЛАМ НӘСІП ЕТСІН САҒАН.., ҚАРАБЕТ САТҚЫН !!! ӘМИН !!! ИНШАЛЛАҺ!!!
@user-bg6qm5gt1g
@user-bg6qm5gt1g 2 жыл бұрын
Аумин!
@user-zt1wm1pu1l
@user-zt1wm1pu1l 2 жыл бұрын
Аумин
@g.a8260
@g.a8260 2 жыл бұрын
Косанов калай жер басып жур Аллах ози жазасын берсин Косанов Жазаланады алда омир болса
@user-po2ef6is4y
@user-po2ef6is4y 2 жыл бұрын
Жаны жанатта болсын 25жылдан кейін уятай тәуелсіз елде
@user-fd3wd7el3e
@user-fd3wd7el3e 2 жыл бұрын
Арттары қайырлы болсын, Бауырларымның....
@user-sw4hh9kx5p
@user-sw4hh9kx5p 2 жыл бұрын
Алла жазасын берсін атың өшкір қосанов , басыңа келсін, аумин
@beelinebeeline1439
@beelinebeeline1439 2 жыл бұрын
бүкіл қазақ халқы косановқа дауысын берді ғой Президентке сайлады ғой.
@altinkylymbaeva9090
@altinkylymbaeva9090 2 жыл бұрын
@@beelinebeeline1439 окынышты
@user-zt1wm1pu1l
@user-zt1wm1pu1l 2 жыл бұрын
Аумин
@user-nx9jk2cr4e
@user-nx9jk2cr4e 2 жыл бұрын
Құдай жазаларын берсін
@user-ob5td5tg8u
@user-ob5td5tg8u 2 жыл бұрын
Рақмет Қарағым, желтоқсан кімді жылапады. Құдай жазасын берсін!
@user-pk9gj7bn4c
@user-pk9gj7bn4c 2 жыл бұрын
қыршынан ке ткен жастарымыздың жаны жаннатта болсын! Кінәлілердің басына келсін аллам жазасын берсін.Онбаған орыстар.
@user-fz4jw2bv5i
@user-fz4jw2bv5i 2 жыл бұрын
Ой сұмдық ай, Алла берсін жазаларын. Айтарға сөз жоқ.
@user-kj3gs4ip5n
@user-kj3gs4ip5n 2 жыл бұрын
Мына Амжан Қосанов Таза қайуан екенғой.
@aporttexnodom9553
@aporttexnodom9553 2 жыл бұрын
АЛЛА ЖАР БОЛСЫН
@gauharkull3789
@gauharkull3789 2 жыл бұрын
Қайран қазағым. Тұғырың биік болсын Туың көкте желбіресін!
@user-kn3bj7ef6u
@user-kn3bj7ef6u 2 жыл бұрын
Жаныыыым, не деген жап-жас Қазақтың бүршік атқан бұтақтары сынды😭 не деген Қызғалдақтай Қыздарымыз, жібектей Жігіттеріміз өмірден өтіп кетті 😭 Қайтейін-ай, қайтейін, жатқан жерлеріңіз жайлы болсын 🤲🏻😞❤️
@qassaqqazaq4646
@qassaqqazaq4646 2 жыл бұрын
Әмин! қосанов сатқындықтың қаменова жағымпаздықтың символдары қаменовашылар мен қосановшыларға Аллах жазаларын берсін ал қалық жазалайтын күн алыс емес келді.
@sheralidosbalaev7338
@sheralidosbalaev7338 2 жыл бұрын
@@qassaqqazaq4646 Алла каласа ол кунде келер аз калды жазасын алады?
@user-sb8xb7kl6o
@user-sb8xb7kl6o 2 жыл бұрын
Жыламаи караи алмаимын Не деген сумдык алла жазасын Береди деимиз ол жаза каааашан Болады ал казир талтандап жур
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 2 жыл бұрын
1986. 12. 16. Қазақ үшін қанды, қайғылы күн. Сол қайғылы күнді ұмыттыру үшін әдиі 12. 16. тәуелсіздік күні деп белгілеген сатқын билік. Осыны түсіну керек бауырлар. Оян қазақтар
@arbagaaiaular...8640
@arbagaaiaular...8640 2 жыл бұрын
Негізі 17 сі желтоқсан алаңға шыққан күн..16 сында емес...
@user-se2cn1lv1q
@user-se2cn1lv1q 2 жыл бұрын
Негызы дурыс айтасыз бул кун оте ауыр кайгылы кун каншама жастарды урып соккыга жыгып азаптаган кун оны орыстар праздник деп кояды сол орстаргой со кезде соккыга жыгып турмеге каматып окудан шыгарган менын курда тарым маркум боп кеткенбер тры боганда елу сегз елу тогзгда болар еды окншты.
@alimkonisbaev502
@alimkonisbaev502 2 жыл бұрын
Әміржан Қосановқа Мың Лағнет Аллаһтың қарғысына ушырасын Өлген кезде өлігі қор болсын оның ішіндегі Арамы Амалдарлар Аллаһтың Қарғысына ушырасын Мың Лағнет
@user-po6qq4lf1c
@user-po6qq4lf1c 2 жыл бұрын
КАЙТА КУДАЙ САКТАП ПРИЗИДЕНТ БОЛМАГАНЫ. АЛИ ЖАЗАСЫН АЛАДЫ БУЛ ДУНИЕДЕ БОЛМАСА, ОЛ ДУНИЕДЕ АЛАДЫ.
@lisasagindikova7036
@lisasagindikova7036 2 жыл бұрын
😪😪жандары жаннатта болсын
@lisasagindikova7036
@lisasagindikova7036 2 жыл бұрын
😭😭😭😭
@lisasagindikova7036
@lisasagindikova7036 2 жыл бұрын
Жанаозендеги котерилисте де осындай катыгез болды😭😭😭😭
@user-ot2uh7mv4q
@user-ot2uh7mv4q 2 жыл бұрын
ҚАРАБЕТТЕРДІҢ ТҰҚЫМДАРЫ - ТҰЗДАЙ ҚҰРЫСЫН, ӘМИН ! ИНШАЛЛАҺ!!!
@user-mb8ts2xe5q
@user-mb8ts2xe5q 2 жыл бұрын
Сөйлей бермеу, керек, қозғалу кереек
@user-tr5so8de1n
@user-tr5so8de1n 2 жыл бұрын
Алла жазаларын берсин
@user-ow2ei1uo9o
@user-ow2ei1uo9o 2 жыл бұрын
КОСАНОВ ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН ҚАЛАЙ ТҰРЫП ЖАТЫР ОҢБАҒАН ИЯ ҚАСЫМ АҒА МІНЕ ФАШИСТЕР ӨЗ ЕЛІМІЗДЕН ТУДЫ ОҚТАЙ ТИДЫ СІЗГЕ АҒА СҰМДЫҚ ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН ДЕНЕНІ ШЫМЫРЛАТАДЫ СОЛ КҮН ОҚИҒА
@user-jb8ts8bb6c
@user-jb8ts8bb6c 2 жыл бұрын
Алла жазаларын берсін кіналі адамдардын көрінде окірсін
@user-vk4iu9uy6i
@user-vk4iu9uy6i 2 жыл бұрын
" ЖЕЛТОҚСАН " КӨТЕРІЛІСІНДЕГІ , " ЖАСТАРДЫ " ЖАЗАЛАҒАНДАРҒА , "МЫҢ ЛАҒЫНЕТ , ҚАРҒЫС АТСЫН "!!! , АЛ ҚАЗІРГЕ ШЕЙІН , ТІРІ ЖҮРГЕН " САТҚЫНДАРДЫ " , " ҚАТАҢ ЖАЗАҒА - ТАРТУ " КЕРЕК !!!
@KartbaevaKartbaeva
@KartbaevaKartbaeva 2 жыл бұрын
Алла Тағала өзі бәрин орнына кояды. Жүре турсындар тайраңдап, бул дүние кимнен өтпеген және калмаган алданып жүргендер ғой
@user-bj4fn1us4i
@user-bj4fn1us4i 2 жыл бұрын
Жагыңыз жәннәттән орын тарсын батыр генерал ағам ин ша Алла
@user-gh7mn6yl6x
@user-gh7mn6yl6x 2 жыл бұрын
Мынадан кеин не оиламыз казагым журегм тас тобеге шыгып қаным кайнап кетгой ойпырмай сұмдықой кайтп сенемз кмге сенемз 😇🇦🇼💯
@altmus7289
@altmus7289 2 жыл бұрын
Тың ақпараттар екен. Қайран Қасым атамыздың жүрегі ауырып, жаны күйзелген екен. Атамызды көріп едім ,Зауреш апамыздың үйінен. Жандары жәнәттә болсын!
@user-zo9nb1mr8w
@user-zo9nb1mr8w 2 жыл бұрын
Сатқын, ұры билікті түп тамырымен құлатып қуып шықпай қазаққа тыныштық, бостандық жоқ. Сол үшін бір бірімізді ояту керек бауырлар. Басқа амал жоқ. Оян Қазақтар
@user-ts4bq7nk4n
@user-ts4bq7nk4n 2 жыл бұрын
Ен биринши казак казакты сыйлай билу керек.Ауызбиршиликте болу керек.
@user-eu6ui9gu6p
@user-eu6ui9gu6p 2 жыл бұрын
Амыржан туа бітті сатқын екен ғой . Ит боп туса ит боп өледі . Сатқын ешкімге опа бермейді , Жауға да досқа да . Біздің биліктегілерде өңшең сатқындар жиналған екен ғой . Бұларға қазақ халқын басқаруға жол бермеу керек еді . Сақ бол қазағым !
@user-rt9lw5cs8u
@user-rt9lw5cs8u 2 жыл бұрын
Білеміз!
@user-uf2cy8pi3d
@user-uf2cy8pi3d 2 жыл бұрын
Жаткан жери жайлы болсын Алла разы болсын оумин .
@user-xe1cl1qz3q
@user-xe1cl1qz3q 2 жыл бұрын
1986 жылы келмеске кеткен жастардың топырағы торқа болсын, ал соны уйымдастырған, залымдардарға,ЗАУАЛ, ҮШ ЕСЕЛЕП КЕЛСІН, ҮРІМ БУТАҒЫНА ДЕЙІН ЖАЛҒАССЫН.
@shuastana2275
@shuastana2275 2 жыл бұрын
Алла жазықсыз кеткен жастардың рухы жасасын
@user-sg7dp1og6c
@user-sg7dp1og6c 2 жыл бұрын
Қатысқандарға батыр атағын беру керек жылда марапатталу керек
@user-kn6cs5xj7c
@user-kn6cs5xj7c 2 жыл бұрын
Желтоқсанда, ашық, көп, айтылмайды, Қасым ағамыз, жылайтын, ы, дәрменсіздігінен,, ол кісіні, де, көп жазбады, ағамыз әділ, ед і, желтоқсан, туралы филм түсіру, керек, жастар көрсін, кездесу, лер өткізукерек
@user-yq4iq3je2z
@user-yq4iq3je2z 2 жыл бұрын
Алла жазасын берсін
@kasiptv338
@kasiptv338 2 жыл бұрын
Сол кездегі милиция,военныйлар депутат болып отырғой
@user-sr1ir8ib6g
@user-sr1ir8ib6g 2 жыл бұрын
Жандары жаннатта болсын батыр ул қыздардың орыстарға Аллахым сазайын берсін екі дуниеде де
@QQQ-ez5lf
@QQQ-ez5lf 2 жыл бұрын
Жандары жанатта болсын ! Кыршын кеткен боздактар . Егемендик алганы не керек Сумелек билик .
@user-ec1cb9eo1p
@user-ec1cb9eo1p 2 жыл бұрын
Менің келіншегім 86 жылғы көтеріліске шыққан.Мұзға жатқызып қоиып дубинкамен ұрған кәзір эпилепсия мен ауырады.Еш дәлел болмады қасындағы қыздарға қол қоидыру керек деиді ол қыздарды қаидан табамын .Көкшетау Өскемен Атырау жақтың қыздары.бБаруға қаражат болмады бәрі аяқсыз қалды ғои
@dianarysbaeva6301
@dianarysbaeva6301 2 жыл бұрын
Сол солдаттар қазақ жігіттер болған шығар, өздерін қазақ үл қыздарды ұрып.Қалай енді өмір сүріп жүр жер бетінде.
@user-ej9sj3mn8e
@user-ej9sj3mn8e 2 жыл бұрын
Шадманов бауырым, Аллаға тіл тигізбеңіз ! Шақырғанда, Назарбай шақырып алды ғой, шамамыз келмейді, көмек беріңдер, - деп.
@user-cu9jg6cg8p
@user-cu9jg6cg8p 2 жыл бұрын
Сол кезде мен 26 жаста едім. Теледидардың жанында отырып, әбден жыладым. Өрімдей жігіттер мен қызғалдақтай қыздардың өмірі қиылды. Батыр інілеріміз бен сіңлілеріміздің аты аталған, аталмаған жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Олар мәңгі есімізде.
@user-bq3dj9dp3w
@user-bq3dj9dp3w 2 жыл бұрын
Жаныныз жаннатта болсын казак генаралы Мурат Калматаев мырза шындыкты кеш билмеймиз Бирак ештен кеш жаксы
@user-wt7lj2hz4k
@user-wt7lj2hz4k 2 жыл бұрын
Аға апаларымыз иманды болсын ИншаАллах
@user-gj5xc9ut9q
@user-gj5xc9ut9q 2 жыл бұрын
Алла тыныштығын берсін ұрпақтарымыз аман болсын
@user-dp9gx2fk4y
@user-dp9gx2fk4y 2 жыл бұрын
Қазақстан бүгіңгі заңдары қазақ халқына жау - Соттын Судьялары Прокуроры да жау болып шығады. Жау.!!!
@user-yj8tl3pl4s
@user-yj8tl3pl4s 2 жыл бұрын
Жандары жәннатта болсын батыр қыз-ұлдарымыз. Үкіметтің басында осындай адамдар отырады. Бұлардан не күтуге болады. Тарих бәрін орнына қояды. Қосановтың қанында болғаны ғой сатқындық
@mukasan2322
@mukasan2322 2 жыл бұрын
Ассалаумағалайкум
@nurbolatsatkanov9155
@nurbolatsatkanov9155 2 жыл бұрын
Алла әділ. Әлі уақыт келеді. Соттардың сотты Кұдретті күшті Алланың алдында кінәлілер жауап береді. Кім кімнің ақысына кірген болса. Ақысын кайтарады Алла
@ATILA786
@ATILA786 2 жыл бұрын
35жыл өте көп уақыт.....
@user-ux6vq7yh5o
@user-ux6vq7yh5o 2 жыл бұрын
Осынын барине калмак киналы оны ешким билмейди тусинбейди деп ойлайдау .
@user-mg1qw6hy1l
@user-mg1qw6hy1l 2 жыл бұрын
Оңбағандар ай
@bas2564
@bas2564 2 жыл бұрын
ОЯН КАЗАХСТАН ✊🇰🇿 ОЯН ☝️ шырык биыликты курту керек ☝️
@user-wt4zs5vi2y
@user-wt4zs5vi2y 2 жыл бұрын
Қазақ жастарын сонша қорлатып араларын аяққа таптап қорлағылары келген қанішерлердің Алла жазасын берсін.Марқұм болған жастардың жатқан жерлері жәйлі болсын.Өз қазағына сатқындық жасаған қанішерлердің үрім бұтағын қарғыс атсын.
@user-qk8jw2ov2q
@user-qk8jw2ov2q 2 жыл бұрын
ШЫНДЫҚ ТҮБІНДЕ, СУ БЕТІННЕ ҚАЛҚЫП ШЫҒАДЫ.
@aigulaitmukashkyzy601
@aigulaitmukashkyzy601 2 жыл бұрын
Марқұмдардың жатқан жері жәйлі болсын
@user-jz3bu7oj8p
@user-jz3bu7oj8p 2 жыл бұрын
Иманды болсын жандары жәнатта болсын,осы кеиін бұларға қалаи сенеміз трибунадан әдемі соилегендеріне, обалы жібермесін
@user-dy9kl7dp5x
@user-dy9kl7dp5x 2 жыл бұрын
Мұрат атамызға Аллаһ разы болсын.
@user-bf4em4eh2l
@user-bf4em4eh2l 2 жыл бұрын
Сол жастарды қырғандардың тілінде жиіркенбей сөйлеп жүргендерге таң қалам
@user-po2pl8yq3d
@user-po2pl8yq3d 2 жыл бұрын
ЖЕЛ ТОҚСАН ОҚИҒАСЫ ТУРАЛЫ ӘЛІ ДЕ БІЛЕТІНІМІЗ КӨП .БІЛГІМІЗ КЕЛЕДІ,
@KZO_KAR
@KZO_KAR 2 жыл бұрын
Ақіретте барлығына жауап береді кінәлілер Ин ша АЛЛА
@user-rh2xc4iz4u
@user-rh2xc4iz4u 2 жыл бұрын
Ол буйрыкка кол койган атын ошкip калмак кой...Конаевтын орнына отыру ушiн....Тозактан шыкпагыр...Бекболатка каргату керек калмакты...
@user-yt1ll5kb4w
@user-yt1ll5kb4w 2 жыл бұрын
Керемет акыйкаттар. Казир атыргой оздери бостарымен СССР болинип шыккандай сайрап. Жастардың Канның аркасында тайраңдап жүр есектер.
@user-oo8kr8cf9i
@user-oo8kr8cf9i 2 жыл бұрын
Уақыты келіп Желтоқсан оқиғасының барлық шындығы ашылады Желтоқсан оқиғасына қатысып құрбан болған ұл қыздардың жаны жәннәттә болсын
@user-jo9tr9xs1o
@user-jo9tr9xs1o 2 жыл бұрын
Сол кездері жастарымыздың еліне сүйіспешілігі мен патриоттық сезімдері мол еді қазіргі жастардан ештеңе күтуге болмайды
@user-fr5pq6gv1p
@user-fr5pq6gv1p 2 жыл бұрын
Сіңлілеріміз бауырларымыздың иманы саламат болсын жайлары пейште құран нұрымен шалқығай
@user-ty1sh5xp6x
@user-ty1sh5xp6x 2 жыл бұрын
Қосанов сені мына жастардың көжасы ұрсын аллатағалам қорла ын сені
@user-sx7ci5uu2c
@user-sx7ci5uu2c 2 жыл бұрын
Ия енды онлаиын окуга быберып тастады сондада казагым билыкты куыу керек уитпесе жарымаимыз шыны керек
@user-rc1br2rn4i
@user-rc1br2rn4i 2 жыл бұрын
Жандары жәннәтә болсын
@user-ko7zo7jf6d
@user-ko7zo7jf6d 2 жыл бұрын
Шыгындар 16 на каза болган боздактар ушин Алга жастар.
@kimbobobsapp3842
@kimbobobsapp3842 2 жыл бұрын
Көздері тірі кезінде ақтау керек еді
@user-ez3wf7pn7m
@user-ez3wf7pn7m 2 жыл бұрын
16 желтоқсан келгенде мейрам емес,қаралы күн деп сезінемін,жүрегім қан жылап,жаным түршігеді.Сол жылдары мен де Семей қаласында студент едім.
@user-um7jl8ju2e
@user-um7jl8ju2e 2 жыл бұрын
Косановтың сатқвндығы туралы жаздыңдар, неге айтпадыңдар? Ол жығылды, бірақ жығылған адамды тепкілеуге болама? Неше рет жаздым өтірік айтпаңдар деп. Мен Қосановты қолдамаймын, бірақ өтіріктің керегі жоқ, басшылар да тойдырды өтірікке, алдауға.
@user-qd2vp8kr8k
@user-qd2vp8kr8k 2 жыл бұрын
Быз алы егемен ел емес екенымызды енды былып жатырмыз. Жогардагылар былема екен.
@user-kz4fb8sh1d
@user-kz4fb8sh1d 2 жыл бұрын
Почему про косанова,не сказали правду раньше народу,если это правда?
@user-ot2uh7mv4q
@user-ot2uh7mv4q 2 жыл бұрын
ЭТО - ПРАВДА!!!
@beelinebeeline1439
@beelinebeeline1439 2 жыл бұрын
всё равно косанову русские ничего бы не сделали.
@user-fx6gf3is8e
@user-fx6gf3is8e 2 жыл бұрын
Соны айтам,хаямды жеп енді айтып жатыр жазушы сымақ.
@NEPR7242
@NEPR7242 2 жыл бұрын
@@user-fx6gf3is8e хайп подпишик жинау лайк жинау ... Желтоксан жакындады бастады сондай тематикада видео тусиру ... Хз кайсысы шын кайсысы отирик...
@user-mu6il9qu7g
@user-mu6il9qu7g 2 жыл бұрын
Мүрат ағамыз жаны жәннатта болсын өте жаксы кысы еді
@arinapushkina3201
@arinapushkina3201 2 жыл бұрын
Студенты и молодежь не сами вышли в митинг 1986 году и организовали чиновники того времени используя их рычагом
@user-bg6qm5gt1g
@user-bg6qm5gt1g 2 жыл бұрын
Желтоксан курбандарынын жаткан жерлери жайлы болсын!
@user-wy3ij5xk9g
@user-wy3ij5xk9g 2 жыл бұрын
Қорлаған адамдар жазасын алсын!
@user-hn3hj8nj9f
@user-hn3hj8nj9f 2 жыл бұрын
Жогарыдагыларды козин иримбутагымен курту керек
@saribazar9928
@saribazar9928 2 жыл бұрын
Аллам жазаларын берсін
@sekasyzdykov6392
@sekasyzdykov6392 2 жыл бұрын
Не деген хайуандар,әлі де ел билеп жур
@user-zk1bp3oj8e
@user-zk1bp3oj8e 2 жыл бұрын
Бас прокуратураны да қосанов әміржанды да қара жер жалмасын о дүниеде отқа орансын Алла. Жазықсыз ҚАЙРАН ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ 1986 НЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ СІЗДЕРГЕ О ДҮНИЕДЕ ЖӘННӘТТІҢ ТӨРІНДЕ БОЛҒАЙСЫЗ.
@user-uf6wh7rg3g
@user-uf6wh7rg3g 2 жыл бұрын
Иа рас болса неге ертерек айтпайды ол студенттер кайда
@user-ut9zg6xz5n
@user-ut9zg6xz5n 2 жыл бұрын
Жаны жаннатта болсын.Әділдік жоқ екенғой.
@arhitektorarhitektor8093
@arhitektorarhitektor8093 2 жыл бұрын
Не могу сказать подоплёку всего, но на новой площади в декабре 1986 года я был вечером и всё видел сам. Были там и пожарные машины, которые поливали людей водой под напором. На ногах не устоишь. Потом с одной пожарки вытащили двоих и толпа людей их задавила. Не знаю убили их или не убили. Были и менты с прозрачными щитами и дубинками. Они плотно стояли в несколько шеренг. Мы камни кидали и куски гранита. Там из гранита было много изделий, их и разломали. Кто-то из ракетницы в ментов стрелял. Люди бегали с арматурой, ещё с чем то. У кого дубак, у кого цепь. Драка была страшная. Всё это было. Только одно хочу сказать. Менты эти были, в основном казахи. Я близко видел. Не было такого, что там, только русские менты или войска из русских, это враньё. В основном, это были казахи менты. Если вы посмотрите хронику тех событий, вы это сами увидите. Казахстан. Ермек. P.S. Вот посмотрите что было совсем недавно, в Жана-Озене. 10 лет всего прошло. Простых людей из автоматов расстреливали. Трупы некуда было складывать. Даже в 1986 году на площади, из автоматов не расстреливали. А кто стрелял? Французы что ли? Или американцы? Нет. Стреляли только свои, казахи. Есть много видео, посмотрите. Есть видео когда менты снимают, в сети есть это видео. Одни казахи. А Назарбаев кто? А министр обороны? А генералы? Не казахи что ли? Всё что у нас происходит и хорошее и плохое, мы делаем сами и винить здесь кроме себя, некого. Поэтому не надо свою вину на других перекладывать, а с себя снимать, дескать казахи тут ни при чём. Именно мы, казахи гасили свой народ 1986 году и именно мы, казахи стреляли в свой народ в Жана-Озене.
Can You Draw The PERFECT Circle?
00:57
Stokes Twins
Рет қаралды 53 МЛН
одни дома // EVA mash @TweetvilleCartoon
01:00
EVA mash
Рет қаралды 6 МЛН
GADGETS VS HACKS || Random Useful Tools For your child #hacks #gadgets
00:35
әлемді шулатып жатыр!
10:20
BILGEN DURYS
Рет қаралды 890 М.
10 milyar dolar eriyen Türk şirketinin öyküsü
11:05
Barış Soydan
Рет қаралды 75 М.
Тимур (Тамерлан). Восход и падение империи Тимура.
36:32
History‘s Док фильмы
Рет қаралды 527 М.
Трагическая судьба генерала Дмитрия Павлова
25:36
Центральное Телевидение
Рет қаралды 1,1 МЛН
WOULLL!
0:36
F L U S C O M A N I A
Рет қаралды 57 МЛН
小路飞原来不愿意擤鼻涕#海贼王  #路飞
0:20
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 7 МЛН
小路飞原来不愿意擤鼻涕#海贼王  #路飞
0:20
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 7 МЛН