Кітапты баламен бірге оқыңыз! / Kitapal podcast #6

  Рет қаралды 21,366

Kitapal

Kitapal

Күн бұрын

Пікірлер: 203
@СайынНұртазин-с5д
@СайынНұртазин-с5д Жыл бұрын
Сәлеметсіздерме "kitapal" ұжымы Барлық подкасттарды көріп шықтым, өте қатты ұнады, бастамаларыңыз ел үшін жасалып жатқаны көрініп тұр Мен біреуді кітапқа қызықтыру үшін оның жанында жүріп, кітаптағы қызық оқиғаны айта беремін айта беремін. Сосын ол адам менен қандай кітап екенін сұрағанда барлық кітап жайлы, автор жайлы ақпараттарды айтып шығамын. Басқаларға пайдалы болса қолданыңыздар.
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе! Қуаныштымыз сіз ең үздік пікір жазып, кітап жеңіп алдыңыз 87755622233 номеріне жазыңыз😉
@МаксатКазыханов
@МаксатКазыханов 4 ай бұрын
Алла разы болсын жігіттер!
@irisbekmauit700
@irisbekmauit700 11 ай бұрын
Керемет!
@Bauke0407
@Bauke0407 Жыл бұрын
Бәрекелді 👍
@svnzhvr_
@svnzhvr_ Жыл бұрын
“Егер сен біреуге қызық болғың келсе, қызығатын нәрселерің де көп болуы керек” Д.Жігітбек
@ДинараНурманова-ц1ж
@ДинараНурманова-ц1ж 9 ай бұрын
Өтее керемет
@ЖанатСагиндык-о7б
@ЖанатСагиндык-о7б 10 ай бұрын
Рахмет айналайындарым❤❤❤
@_gunnies
@_gunnies Жыл бұрын
Жақында бір оқиға болды. Мектеп. Сабақ уақыты. Белгілі бір себепке байланысты бір сабақ бос отырдық. Яғни,жолымыз болып кетті десек те болады.😁 Сол күні мен кітапханадан "Гауһар тас" Д.Исабеков кітабын алғанмын. Жаңағы бос отырған 45 минутта алғашы "Бекет" деген повесін аяқтадым. Оқып отырып еріксіз жылап қалдым. Оны басқа сыныптастарымның бірнешеуі көрді. Кейін менен сұрады. Бір құрбыммен кітапханаға қайта барып,сол кітапты алып қайттық. Ол да оқып,әрі қарайғы повестерін де оқып... Жалпы,оған ұнады. Солай үнемі менімен кітап алып жүретін болды. Оған қоса,маған алғысын айтқанда өте бақытты сезімде болдым. Кейін тағы бір сыныптас құрбым сол кітапты алып,әсерімен бөлісті. Іштей өте қуанышты болдым...
@madikoshmadikoshzhoraboi8559
@madikoshmadikoshzhoraboi8559 Жыл бұрын
Сізге көп рахмет . Біздеде көп сабақтар бос қалады, тіпті мектепке барсақ 6-7 сабақтарда өтілмеген кездер болған. сол кезде уақытты бос өткізбей-ақ кітапханаға барып кітап оқып уақытымды тиімді нәрселерге жұмсаса да болады екен сізге Алла разы болсые
@МайраМустафина-ж6ж
@МайраМустафина-ж6ж 4 ай бұрын
Умница
@Жүзімбақ
@Жүзімбақ Жыл бұрын
Рахмет.
@malike_bibi
@malike_bibi Жыл бұрын
Кітапалдың подкасттын басқалардан бірінші көрудің өзі мәртебе сияқты😍🥰🤭 Қазір көріп бастағандарға: “Хайырлы подкаст болсын”,-дедім🎉
@zhanserikkens696
@zhanserikkens696 Жыл бұрын
Ия, өте жақсы айттыңыз👍
@УлайымМахаева
@УлайымМахаева 5 ай бұрын
Барлық шығарылымдар күшті ,рахмет сіздерге
@ШадиярМуратулы
@ШадиярМуратулы Жыл бұрын
Жамандықтың көптеп жайылуына Жаксы адамдардың үндемегенi жеткiлikтi....... Мықты ел болғымыз келсе жаһанның Жеруйығы болуын қаласақ білімді болуымыз қажет,бiлiмдi болу үшін Кiтапты өте көп оқуымыз қажет......
@ҚанатИбрагимов-я4ю
@ҚанатИбрагимов-я4ю Жыл бұрын
👉"Жамандықтың жайылуына жақсы кісілердің үндемеуі жеткілікті"👈 осы подкастта айтылған, рамкаға салып іліп қоятын нақыл сөз болды. Жігіттер, кітап оқудың пайдаларын насихаттай беріңдер. Істеріңе сәттілік тілеймін👏
@ГулназМашинбаева
@ГулназМашинбаева Жыл бұрын
Кітапты тыңдау мен кітап оқудың айырмашылықтары туралы айта аласыздар ма,қазір оқуға уақыт жоқ,тек тыңдау көп.
@svnzhvr_
@svnzhvr_ Жыл бұрын
6-шығарылымда айтылған кітаптар тізімі: “Өмір мектебі”, С.Мұқанов 📚 “Адамзаттың асыл тәжі” 📚 «Теория игр»📚 “Үш ноян” А.Дюма📚 “Психология влияния”📚 “Рыцарь пустыни”📚 “Когда дыхание растворяется в воздухе”📚 “Менің сүйікті Альбинам”📚 “Рождение гражданина”📚 “Жусан иісі”📚 “Көшпенділер”📚 “Алтын Орда”📚 “Меняющий мировой порядок”📚 “Пять откровений о жизни. Или о чем жалеют люди перед смертью”*📚 *- Мирас аға айтқан медбике жайлы кітап
@zhannatnagmedollakyzy8381
@zhannatnagmedollakyzy8381 Жыл бұрын
Өте керемет😍👍🏽
@QyzylQus
@QyzylQus 21 күн бұрын
🎉🎉🎉
@ArmWek
@ArmWek Жыл бұрын
Кітап оқу өсетін адамның әдеті! Сотка шұқу өшетін адамның әдеті!
@БагилаБорибаева-к3х
@БагилаБорибаева-к3х Жыл бұрын
Алла разы болсын сіздерге! Мен де мұғаліммін. Өзіме керек жерлерін түртіп қойып, оқушыларыма қолданып жүрмін. Оқуды талап етіп,марапаттап жүрмін.
@AknurIbragimova-l6w
@AknurIbragimova-l6w Жыл бұрын
Мен балаларыма арнап кітап аламын, сол кітапты бәріміз кезекпен оқып бітіреміз де , соңында бірге отырып талқылаймыз, бөлісеміз. Шынымды айтсам кітап оқымайтын едім, балаларым кітап оқысын, білімді болсын деген ниетпен өзім де оқып бастадым. Балалар менен бір модель көріп өссін деп
@ЖолдасРаев
@ЖолдасРаев Жыл бұрын
Рахмет коп коп
@mblgrf_live
@mblgrf_live Жыл бұрын
Подкастты көру барысында түртіп алған пайдалы ақпарттарым: 1) Адамды кітапқа Storytelling(стори телинг) арқылы қызықтырған өтімдірек. Менің ойымша 2) Басқа адамдарға қызықты тұлға болғың келсе, сен өзің көп нәрсеге қызығуың керексің 3) Өмірдегі өкініштерді азайту. Өкініш әрдайым болады, тек сол өкініштің мөлшерін азайту керек. Мысалы ертерек неге кітап оқып бастамадым, неге ертерек тіл үйреніп бастамадым, неге мынаны жасамадым деген өкініштердің алдын алу керек 4) Кітапты қол жетімді жерлерге қою Кітапты қол жетімді жерге қою ол бір күнде сенің кітапқа деген бөлетін уақытыңа қатты әсер етеді. Ал ол өз кезегінде көп кітап оқи білу бір іске деген тұрақтылықты арттырады, ойлай деңгейіңді көтеріп тастайды. Ойлау деңгейі жоғары адамның өмірі жеңілдейді. Бір проблеманы шешу керек болса, миында неше түрлі варианттар тұрады. 5) Ми өтірік шынды ажырата алмайды, тек жиі қайталанға нәрсені дұрыс деп қабылдайды. Бұл ақпарат әдет қалыптастыру барысында өте жақсы көмектеседі деп ойлаймын Жоғарда айтылғандардың барлығы менің минустарым болғандықтан ба, маған өтімді болды. Подкаст үшін сіздерге ерекше рахмет айтқым келеді. Менің пікірімді оқып отырған көрермен, егер сізге жазбам қызық болса, өзіңізге сақтап қойсаңыз болады)
@НурбекАмирбекулыИльясов
@НурбекАмирбекулыИльясов Жыл бұрын
Китап оки бастагам сиздерди корми калдым да и кайттан кииап Оки алмай. Калдым😂,и сиздерди кайта карауым керек деп ойладым и #6 подкасттан бастап кайттан карадым и китапты да кайттан жалгастырдым сиздерди корсем кызыгушылыгым артады екее...
@aigulibragimova3785
@aigulibragimova3785 Жыл бұрын
Сіздердің мұнда айтып жүрген әңгімелеріңізді тыңдап отырып, кітапқа деген махаббатың ашылады. Өзімнен қанша жас кіші жігіттердің, қазақ зиялылары деп атағым келіп отыр, айтқан ақылы көзімді ашып көкірегімді оятады. Тіпті сипаттауға, ойыма келген түйіндемемді жеткізуге сөз байлығым жетпейді. Ризамын жігіттерге!
@БалаусаАли-ш5ц
@БалаусаАли-ш5ц Жыл бұрын
Осы подкастарды тыңдамас бұрын бір кітап бастап соңына дейін жетпесем өзімді кінәлі сезінетін едім. Әр подкаст құнды ақпараттарға толы рақмет👏🏻👏🏻👏🏻
@bakhromurinbasarov6918
@bakhromurinbasarov6918 Жыл бұрын
ma sha Allah Allah jardem bersin sol missiyalarynga p.s dinge de targib qyluga tyrysyngdar tek qana alga jigitter
@amanzo1294
@amanzo1294 Жыл бұрын
Ең үздік подкасттар🔥🔥🔥
@ЕрмекКөптілеу
@ЕрмекКөптілеу Жыл бұрын
Керемет шығарылым рақмет, сіздерді үзбей тыңдап жүрмін.Негізі өзім мектепте жақсы оқығанмын,бірақ кітапты тек оныншы сыныпта оқыппын.Содан кейін универде жүргенде тек каникул кезінде оқыдым.Жалпы өзім математика,физикаға жақсымын.Сіздерді қарау және тағы басқа ютубтағы жобаларды көріп,күніне 50 беттен кітап оқи бастадым және басында электронды оқулықтар оқып жүр едім,бірақ сіздердің бір подкасттарыңыз қатты😅 әсер етіп.Кітап сатып алып оқи бастадым.Қазіргі кезде күніне бірнеше кітап оқимын.Менің бастай алмай жүрген нәрселерімді осы кітап арқылы бастадым.Мысалы тіл үйрену,ютубтан,курстан үйренгеннен көрі маған кітаптан үйренген оңайырақ болды.Сонымен қатар өмірім жеңілдей түсті,көңіл күйім көтеріңкі жүретін болды.Негізі бұрында көңіл күйімді барынша жақсырақ ұстайтын едім,бірақ жасандылық сияқты көрінетін.Ал қазір бәрі керемет.Жоғарыда айтып өткендей математикаға,физикаға қызықсамда ғылыми кітаптарды оқу қиынырақ болатын,ал қазір ешқандай кітапты бөлмей оқи беремін.Дами беріңіздер!Елімізді кітап оқитын елге айналдыруға бәріміз атсалысайық.✊️
@kadirgalievna_sandugash
@kadirgalievna_sandugash Жыл бұрын
6 подкастқа да жеттім. Ең үздік канал❤
@meruert.rahymhan6
@meruert.rahymhan6 Жыл бұрын
Бұйырса бәрінің қолында кітап болтын заман болады♡♡♡
@FreedomUkraina
@FreedomUkraina Жыл бұрын
Абайда "Адасып алаңдама жол таба алмай, Берірек түзу жолға шық қамалмай"-деген ғой. Кітап адаспай дұрыс адам болуға, мәнді де, сәнді өмір сүруге көмегі мол ғой.
@moldabekova_km
@moldabekova_km Жыл бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@makpalbederova
@makpalbederova Жыл бұрын
Кітап оқу клубын аштым қыз-келіншектерге Бірге талдаймыз деп қызықтырамын❤
@Shakherezada_k
@Shakherezada_k Жыл бұрын
Жастар кітап оқымайды деп өздері оқымайтын кісілер айтады, өздері кітапқа құмар адамдар біреулердің ондай әрекеттерін тіптен аңдымайды да. Менің атамның үйінде өзінің жеке кітапханасы бар, 5 баласының ішінен 3-і кітапқа қызығып өскен, соның бірі менің әкем, қазір үйімізде атамнан қалған мұра кітаптар санын толықтырып, кішігірім кітапхана жинап отырмыз. Кішкентайымнан кітапқа құмар болып өскенімнен, әкем үнемі кітабыңды бір сәт тастап тамақтан деп те сөйлейтін. Осы уақытқа дейін жастар қазір кітап оқымайды деген сөзді тек үлкен ағалардан естігенмін. Өздері кітап оқымайтын, қара жұмыспен күн көргенді жөн санаған соң, соны көрген баласы да әкесін қайталағысы келеді. Өзің үлгі бере алмасаң, ешкім өз бетімен керемет болып туылмайды
@НазымТургын
@НазымТургын 10 ай бұрын
Мен бір жылда жүз елу кітап оқимын деп жоспарладым. Бір жыл шыны керек кітап ашпадым.Кітапқа деген махаббаттым ашыла бастады. Сіздерге көп рақмет.
@Yerlan.q
@Yerlan.q Жыл бұрын
Жасап жатқан істерінізге береке берсін ✊✊✊
@БагилаБорибаева-к3х
@БагилаБорибаева-к3х Жыл бұрын
Рас, тың идеялар болды мен үшін. Оқушыларымды кітапханаға алып барып,кітап таңдап беріп,жас ерекшелігіне қарай таңдап,талғаммен оқуды үйретіп жүрмін.Тоқсанды үздік аяқтаса,кітап сыйлаймын! Бір кітапты оқып,сыныпта жарнамаласа,мен оқыдым сен де оқы деген сияқты ұранмен міндетті түрде марапаттаймын,сыйлық беремін.
@contentuser08
@contentuser08 Жыл бұрын
сіз сияқты ұстаздарымыз көбейе берсін
@АкееваЖанна
@АкееваЖанна Жыл бұрын
Кітап оқуды жақсы көремін, оқығанымды адамдармен бөлісуге асығамын.
@maralkuanyshova5476
@maralkuanyshova5476 Жыл бұрын
Еңбектеріңізге көп рахмет!
@arujanmb
@arujanmb Жыл бұрын
Сіздерге алғысым шексіз! Бұрын мен кітапты электронды оқып жүргем. Ал қазір сіздерді 6подкастарыңызға дейін көріп келе жатырмын! Менде кітапқа деген үлкен махаббат оянды. Электронды кітаптарды оқып жүрген мен кітап дүкендерінен өзімнен өзім кітаптар қатты алғым келетін халге жетіп, алып қазір оқып жатырмын. Кітаптың маңыздылығын құндылығын жоғары деңгейде жеткізіп жатырсыздар! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!Бұйырса Қазақстан кітап оқитын елге айналып, білімдері кітап санымен өлшенетін халге жетсін!!!
@КайсарТаншуак
@КайсарТаншуак Жыл бұрын
Шыққанына 1мин болмай көрдім 😮❤🎉
@АйбекМырзабек-д1ы
@АйбекМырзабек-д1ы Жыл бұрын
Жігіттер маладес дұрыс осылай пайдалы болып жатқадарна
@Aru-zq8vo
@Aru-zq8vo 4 ай бұрын
Мені ағам мәжбүрлі түрде оқытты😂өзім қаламады бірақ ағам оқуға итермеледі сол арқылы кітапқа деген махаббатым ашылды
@СандуғашКусаинкызы
@СандуғашКусаинкызы Жыл бұрын
Кітап оқымайтын дені сау адамдарға кейде қуыс кеуде ретінде қараймын. Адам құдай берген денсаулықтың арқасында өзін дамыту керек. Санамаппын бірақ былтыр әжептәуір шығарма оқыппын
@нурсултаннакжанов-т7ю
@нурсултаннакжанов-т7ю Жыл бұрын
Керемет бауырларым сендерди асылдың сынықтары көбие берсін
@amanzo1294
@amanzo1294 Жыл бұрын
Келесі подкасттарда, сұрақ жауап айдарын қоссаңыздар екен деген ұсыныс бар) яғни коментте жазылған сұрақтарға тоқталып соларға жауап берсеңіздер күшті 🔥
@Artist_miko
@Artist_miko Жыл бұрын
Менi 1 курста әдебиеттен беретін ағай қызықтырды (әдеби к. Оқиғаларды айту арқылы).Содан 2-3i курстарда байкадым өзгергенiмдi, мұғалім сұрақ қойса группаластарымнан озып😅, бiрден жауап беретін болдым, пiкiрiмдi айта алатын болдым. Қазiр менiң сатып алған кiтаптарыма iнiм қызығып, оқып кеттi.
@СпабекЕркебұлан
@СпабекЕркебұлан Жыл бұрын
Сотка құртадығои уақыттың бәрін тик ток инста керек емес нәрсе кино дегендеи өміріңе жақсы өзгеріс бермесе керегемес сол уақытың орнына кітап оқу керек .
@aiduksa
@aiduksa 7 ай бұрын
❤❤❤❤
@RON-cm9ld
@RON-cm9ld Жыл бұрын
Жақсы👍
@samandarnurlanbekuulu2175
@samandarnurlanbekuulu2175 Жыл бұрын
Кыргызстандан Ассалому алейкум!
@МаржанКасымбек-л4в
@МаржанКасымбек-л4в Жыл бұрын
осы подкасттар шыққан сайын асыға әрі үздіксіз көретін болдым, кітапты тыңдап меңгеріп жүрмін, енді осы айтылған заттарда өмірде пайдаланамын,рахмет еңбектеріңіз үшін
@FreedomUkraina
@FreedomUkraina Жыл бұрын
Сізбердің жаңа шығарылымдарыңызды асыға күтеміз. Керемет. Биік белестерді бағындыра беріңіздер! Мен өз балаларымды сіздердің магазинге апарамын. Жаңа болғандықтан, әдемі болғандықтан, қызығып оқиды. Сатып алған кітаптарын қайталап оқып жүреді
@БалаусаАли-ш5ц
@БалаусаАли-ш5ц Жыл бұрын
Кітап өзімді танудың, өзіммен танысудың бірден бір жолы және кітап оқып бастағалы ой жүйелілігі, ойлану қалыптасып жатыр.
@ЖанатИбрагимова-м9й
@ЖанатИбрагимова-м9й Жыл бұрын
Керемет. Үзбей тыңдап отырамын. Алла істеріңізге береке берсін
@umit.artykbayeva
@umit.artykbayeva 9 ай бұрын
Балалы болып кітаптан қол үзіп қалып едім, балаларым сәл өсіп бірге оқи бастадық. Кітап біздің күнделікті ойындарымыздың бірі болды. 1 жастағы ұлым басында көп жырта берді, ұрыспай скотчтап қоямыз, кітапқа солай болса да қызықсын деген ой болды. Қазір өзі кітапты ұстап келіп, оқы деп тұрады
@КулиаНурмаханова-у3э
@КулиаНурмаханова-у3э Жыл бұрын
Осы подкастты көрмесем бір нәрседен қалып қоятындаймын. Әр шығарылымын асыға күтем. Қалай екенін білмеймін бірақ "бізді көрсең ақылды, көрмесең дамымай ақылсыз болып қаласың" - деген ойды мыйма қондырып тастадыңыздар. Көп рахмет.
@Angramoon
@Angramoon Жыл бұрын
Таза қазақша, әдемі жеткізесіздер👍🏻 Кітапты шайнап тастағандар екені көрініп-ақ тұр☺️
@БагилаБорибаева-к3х
@БагилаБорибаева-к3х Жыл бұрын
Ертегіні қалай аяқтар едің деген әдіс қатты ұнады. Мирас сендей оқушысы болған Ұлман апай бақытты!
@-argressor-8483
@-argressor-8483 Жыл бұрын
Рахмет сіздерге! Мен 6 шығарылымдың барлығын көрдім жәнеде маған жаңа идеялар келекбастады. Алла істеріңізге береке берсін!
@ГаухарЕралхан
@ГаухарЕралхан Жыл бұрын
Өте әдемі сұхбат! Сауаттты😍
@СалтанатЕскермес
@СалтанатЕскермес Жыл бұрын
Әр подкастан пайдалы нәрсе алып, ойым, кітап жайлы біраз ақпарат алып жатырмын❤
@Mericcymp2024
@Mericcymp2024 Жыл бұрын
👍👍👍Алла разы болсын сіздерге
@zhalgasssss
@zhalgasssss Жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм өте керемет подкаст,жалғасын күтемін
@FreedomUkraina
@FreedomUkraina Жыл бұрын
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи-дейді ғой Шәкәрім ия, кітап оқыған адам жарқырап, қызықтыра білген дұрыс. Мен поэзия жаттаймын. Мұқағалидің "Өлең керек" өлеңінде мықты жазған жырдың пайдасын. Соны насихаттап, үлгі болуға тырысамын
@FreedomUkraina
@FreedomUkraina Жыл бұрын
Көп рақмет. Өркендерің өссін
@КаракатМунайтпас
@КаракатМунайтпас Жыл бұрын
Керемет 😊
@balganymzhanbolatkyzy96
@balganymzhanbolatkyzy96 Жыл бұрын
Осы подкасты көрген сайын кітап оқуға қызушылығым артады. Рақмет сіздерге🤩🫶🏻😇👍🏼🫰🏻
@АйкоркемШапхатова
@АйкоркемШапхатова Жыл бұрын
Менде китап оқығаннан кейін ойлау көкжиегім кеңейіп, түрлі нәрселер қызықтырмай қойды))
@keikibatir1496
@keikibatir1496 Жыл бұрын
Керемет подкаст болды.
@Timur_Kurmanseytov
@Timur_Kurmanseytov Жыл бұрын
Жалғастыра берің, осыдан таймаң. Алға. Қазастанның болашағын жарқын болар.
@Kasymkhanova_Togzhan
@Kasymkhanova_Togzhan Жыл бұрын
Мен кітаптан алған тәжірибемді көрсетуге тырысамын, дұрыс сөйлеуге тырысамын(үйлесімді), өзімді ерекше ұстауға тырысамын.Осыдан бауырларым, сіңілдерімде қызығушылық туды +айтқым келетіні сіздерді жолықтырғаныма қатты қуаныштымын,I wish you joyful moments.Break a leg:)
@ОянҚАЗАҚ-н1н
@ОянҚАЗАҚ-н1н Жыл бұрын
Керемет
@aiymsoo
@aiymsoo Жыл бұрын
Мен үшін ең керемет подкасттардың бірі. Подкастта аты аталған кітаптардың тізімін жазсаңыздар жақсы болатын еді. Өтініш
@FIRDAUSTVKZ
@FIRDAUSTVKZ Жыл бұрын
Қазақ тілінің мына подкаст арқылы миына көп оттегі барды ау 🤯
@МирашМира-с1г
@МирашМира-с1г Жыл бұрын
Жандарым аман болыныздар саттилик тилеймын
@mereyseydulla495
@mereyseydulla495 Жыл бұрын
Сәлеметсіздерме! Өте керемет пайдалы подкаст үшін рақмеет . Көп жасағаннан емес көп көргеннен көп оқығаннан сұра дегендей каншама инсайт ала білдім. Кітап өте құнды дүние өз сұрағыңа жауап таба аласың . Менің кітапқа деген қыщығушылығымды екі есеге арттырып жібердіңізбер Алла разы болсын сіздерге. Таңертең таңғы ас ішіп отырып осы подкастты қосып қоямын кажетті сөздерді жазып аламынгой🤭 көптеген қазақ жастарының көзін ашып жатқандарыңызға Аллахым мол сауаптан жазсын Әр жаңа дүниені үйреткен сайын адам баласының өзіне де оданда үлкен білім жолы кеңейеді екенн рақмет сіздерге . Өзімде кітап оқуға катты қызығамын соңғы кездері әдеби шығармалар ұнап жүр алдыңғы подкастта айткандай әдеби кітапта біз образ ала білеміз расымен ☺️ Дами беріңіздер көп рақмет . Кітаппен дос бола білейік бізді плға жетелейді ✨
@zhuldyz_kuralbekqyzy
@zhuldyz_kuralbekqyzy Жыл бұрын
Қайта қайта тыңдаудан жалықпайтын подкаст болдығой 😍🤤сіздердің арқаларыңызда көп нәрседен көзім ашылды рақмет үлкен.
@akerketory
@akerketory Жыл бұрын
Әр подкасттарыңызды асыға күтемін😍Өте керемет👍Жақсы инсайттармен бөлістіңіздер😍🙌
@АлтынАсылова-к6ц
@АлтынАсылова-к6ц Жыл бұрын
Керемет тұшымды, пайдалы үлкен әсерлі ойлар айтыңыздар.Осындай халыққа пайдалы подкастарыңыз көбейе берсін.Менде айналамдағы адамдарға кітап оқыңдар деп жиі айтамын.Сіздерденде өзіме пайдалы ақпараттар алдым. Менде баламды түрлі әдістер қолданып кітап оқытамай қойып едім....Кейін балама бір бетіне 50теңгеден ақша берем деп едім ...басында балам ақша үшін оқыды .Кейін түсіне келе өзі үшін қызығып оқитын болды.Мектебінде" кітап клуб"атты кітап оқуға шақыратын,кітапқа қызықтыратын үйірмеге қатысып жүр.Ұлдардан екі ұл ,қыздар көп дейді. Қызық болғанда достарына сыйлық жасағанда кітап сыйлатын болды.Осы 8-ші наурызға қарсы сыныптас қыздарына хабарласып қандай жанрдағы кітап ұнайды деп хабарласып жатыр.... Ұлыма сіздердің подкастарыңызды көреуге кеңес беріп отырам.
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман!❤ Сіз үздік пікір қалдырып, сыйлық ұттыңыз. Құтты болсын🎉 what's up 87775722233 "подкастта үздік пікір жазып, кітап ұттым" деп жазсаңыз❤
@Dake008
@Dake008 Жыл бұрын
Ассаляму алейкум калайсыздар?Сіздердің білімдеріңіз сепші болды, өз саламда кітап жазу дегендей өзім дәнекерлеуші саласында 10 ж тәжірибем бар осы білімімді бөліссем деген жақсы ой келді Аллах разы болсын Сіздерге
@Quatbektinqyzy
@Quatbektinqyzy Жыл бұрын
Мен тұрмыс құрмағанмын. Інім бар. Ағамның баласы. Мен өзім кітапқа карантин кезінде ғана қызығып оқып бастадым. Оған дейін сыйлыққа кітап сыйлап қалса, жаман ғой иә? дейтіндерден едім. Өзім кітаптың пайдасын көре бастаған соң ініме кітапты қалай қызық қыламын деп ойлана бастадым. 4 жасында 2 кітап алдым. Бірі - әліппе, бірі - ертегі кітап. Әліппе бір жерде қалды түртілмей. Ертегіні кешкісін жатарда подкастта айтқандай образбен оқып беретінмін. Күнде-күнде оқып ішіндегісін жаттап алдық. Сосын жануарлар, теңіз, адам денесі, шаруашылық деген бірнеше кітап алып бердім. Ішінен Данияр ағаның баласындай жануарларды қатты ұнатты. Әріпті танығанмен сөздің басын қоса алмайды. Сонымен, мен жұмыста кезде үйдегілердің жанынан қалмай жүріп, бәрімен кітап оқиды. Соңында үйдегілер қашып бастапты. Қазір бәрін жаттап алған. Мен білмейтін ақпараттарды айтып таң қалдырады. Шүкір! Осы қызығушылығын сөндіріп алмауға ниеттімін!
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе! Қуаныштымыз сіз ең үздік пікір жазып, кітап жеңіп алдыңыз 87755622233 номеріне жазыңыз😉
@gamego5910
@gamego5910 Жыл бұрын
Кітапқа қызықтыру үшін өзіңдегі өзгерісті жаң жағыңдағы адамдарға көрсеткеннің өзі жеткілікті, ойлы кісі көріп ғибрат алады.Кітапалдан Рамазан айында 1 діни кітап сыйлыққа алған керемет болатын еді.
@КайсарТаншуак
@КайсарТаншуак Жыл бұрын
Керемет❤🎉
@sytube2790
@sytube2790 Жыл бұрын
Мына агаларым казыргы заманнын Алихандары✊🇰🇿
@arunaabdikerimova4011
@arunaabdikerimova4011 Жыл бұрын
Кітап оқуым біраз жылға тоқтап қалып еді, солай осы жылы қайта қолға алып “Шұғаның белгісі” Б.Майлиннің кітабын оқып бастадым өте керемет сезіммен бір демде оқып шығып,соңында жылап та алдым.Әдеби кітаптарды оқу Данияр ағамыз айтқандай витамин сияқты басқа жанрлармен қоса алып жүруге тырысамын✨😉
@gulnarabdilda6674
@gulnarabdilda6674 Жыл бұрын
Көп адамдар қазір құндылықтарын ауыстырып алған материалды заттарға(машина, уй,соңғы үлгідегі айфон т.б.) бақытты болу үшін мелочь заттарға мән беріп, әдемі заттарды байқап жүру, жақындарыңды жай жылы сөздермен қуантып жүру деп айта берсек көп, сіздер айтқандай кітап оқып, үйірмелерге қатысып, осындай подкасттар тыңдап жетістікке жетуге және жақсы жаққа өзгеруге болады
@АсылбекРзабаев-ч9и
@АсылбекРзабаев-ч9и Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум. Подкаст басталған кезде адамдардың аты-жөні шыққан кездегі дауысты алып тастай аласыздар ма? Концентрация жасауға кедергі келтіреді екен. Ал былайынша подкастқа сөз жоқ. Әдемі👍🏼👍🏼👍🏼 Осындай подкасттар көп бола берсе екен де тілек бар😊
@АрманРустембекулы-о7ж
@АрманРустембекулы-о7ж Жыл бұрын
Кітап ал подкаст үнемі көремін,осы подкаст маған көптеген инсайттар берді.Мен балаларыма дауыстап пайғамбарлар туралы кітаптар оқып беремін,олар қызыға тыңдап отырады әрі иманы берік болсын деп осындай кітап оқып беруге тырысамын.Құрандағы жануарлар туралы кітап оқып бергенмін өте қызық олар қандай қасиетке ие барлығы жазылған. Гарри Потердің кітабын оқығысы келеді енді сол тілегін орындасам,өзі мектептен ертегі кітап әкеліп оқиды,кіші ұлдарыма да сол ертегіні оқып беремін мәз болып қуанып қалады
@zhanserikkens696
@zhanserikkens696 Жыл бұрын
Комментарийді қарасам ешқандай негатив жоқ, соған қарағанда подкастты көретіндер тек саналы аудитория сияқты😊
@ЕржанДжулдасбаев-ч4г
@ЕржанДжулдасбаев-ч4г Жыл бұрын
Керемет ✊👍
@dr_aigerim
@dr_aigerim Жыл бұрын
Кітап ал тек алға ❤
@НурайнаГилманова
@НурайнаГилманова Жыл бұрын
Күшті 🤩🤩🤩🤩
@maksatmalibekov2038
@maksatmalibekov2038 Жыл бұрын
Балага әртүрлі кітап әперіп ұнағанын көбейту деген жаксы әсер етті. Балам 1 жастан асты Құдай каласа өзіне арнап кітап әперетін боламын. Менің де ерік жігерім арта бастады кітап оқығалы. Давлатов “как найти свою сильную сторону” оқып жатырмын
@АйкоркемШапхатова
@АйкоркемШапхатова Жыл бұрын
В точку, өкініш бар...өртенеді өзек 😢
@meruertspabekova3666
@meruertspabekova3666 Жыл бұрын
Керемет дами беріңіздер
@Shakherezada_k
@Shakherezada_k Жыл бұрын
Менің анам бізді кітаптарға қызықтыру үшін соның сюжетін толық айтып беретін, бірақ арасында өзі ойынан құрастырып бір артық ақпарат қосатын немесе бір ақпарды тастап кететін. Сосын бізге қай жері өзгеше, соны табыңдар дейтін. Қай жері ерекше екенін табу үшін кемі 2 рет оқып шығатын едік сол шығарманы. Нәтижесінде, ойымызда тез сақталып қалатын
@kitapal
@kitapal Жыл бұрын
Сәлеметсіз бе! Қуаныштымыз сіз ең үздік пікір жазып, кітап жеңіп алдыңыз 87755622233 номеріне жазыңыз😉
@bakhakzz2589
@bakhakzz2589 Жыл бұрын
Подкастарыңыз керемет,респект
@КуанышНаурызбаев-ы8ъ
@КуанышНаурызбаев-ы8ъ Жыл бұрын
1 секунд ажырамай карайтын подкаст! Барлык подкасттар быр бырынен асып туседы!
@tamshy.mathcourse
@tamshy.mathcourse Жыл бұрын
Өте керемет! Алла істеріңізге береке берсін!
@yldanaisagin9226
@yldanaisagin9226 Жыл бұрын
Керемет😍🔥
@ЕрсинЛесбеков-ч8я
@ЕрсинЛесбеков-ч8я Жыл бұрын
Күтіп отырмын
Long Nails 💅🏻 #shorts
00:50
Mr DegrEE
Рет қаралды 16 МЛН
When Cucumbers Meet PVC Pipe The Results Are Wild! 🤭
00:44
Crafty Buddy
Рет қаралды 60 МЛН
How Much Tape To Stop A Lamborghini?
00:15
MrBeast
Рет қаралды 235 МЛН
Данияр ЖІГІТБЕК | Не үшін кітап оқу керек?
25:36
ЗЕЙІН оқырмандар клубы
Рет қаралды 19 М.
САНА. Кітапты қалай оқимыз?
1:00:16
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 3 М.
Кітап оқудағы менің ережелерім!
6:37
МАРҒҰЛАН СЕЙСЕМБАЙ
Рет қаралды 14 М.
Long Nails 💅🏻 #shorts
00:50
Mr DegrEE
Рет қаралды 16 МЛН