Мұрат Есжан: "Оян, қазақ!", сценарий өнері, киноға айналған кітап / Kitapal podcast #17

  Рет қаралды 26,649

Kitapal

Kitapal

7 ай бұрын

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов белгілі режиссер, сценарист Мұрат Есжанмен сұхбаттасады.
Тайм-код:
0:10 Кіріспе
1:30 Мұрат Есжан кім?
3:10 Кітаппен достық
6:00 Қазақ ертегілері
7:30 Йогова кітаптары жайлы
11:00 "Алғаш боп "Қыз Жібек" дастанын оқығанмын"
13:30 "Алтын орданы жетінші сыныпта оқыдым"
17:40 Тоқсаныншы жыл балалары кітап оқыды ма?
26:00 Қажеттілікпен ғана оқу
30:00 Дамудың төте жолы
34:01 Біз білген бірақ түсінбеген пәлсапа
40:50 Әркімге басқаның өмірі бал көрінеді
43:00 Шығармашылық бастауы ақындық жол
51:22 Мирас мырзаның автобустағы махаббаты
53:20 Кез келген нәрсенің астарында сценарий жатады
59:31 Кітап жазу сценарийі
1:01:43 "Менің атым Қожа" феномені
1:05:11 "Қарапайым оқиға - күрделі кейіпкер"
1:05:50 Кітап желісімен түсірілген фильмдер
1:11:05 Кино ма, кітап па?
1:17:25 "Кино әдебиеттің мойнында отырған өнер"
1:19:50 Қазақ киносы мен кітабындағы сын мәдениеті
1:22:01 Он алты жасар чемпион
1:24:12 Жиырма бірінші ғасыр көшбасшысы
1:36:00 Кейіпкердің жоғалтары болса көрермен тақымын қысады
1:37:25 "Өкіл әке" фильмі феномені
1:38:45 Көрермен пісе ме, киногер пісіре ме?
1:40:00 Midnight in Paris
1:41:30 Twelve angry mens
1:42:45 Тарихи тұлғаның кемшілігін көрсету қажет пе?
1:46:25 Сәбит Мұқановты жауыз қып көрсету қиянат болады
1:47:50 Адам жақсы мен жаман нәрселердің жиынтығы
1:48:35 Инфобизнестегі story telling
1:50:15 "the most creative is the most personal"
1:52:30 ""Ахмет.Ұлт ұстазы" фильмі үшін үйімді сатуға қойдым"
1:54:00 "Жеп қойыпты"
1:56:00 МІРЖАҚЫП. ОЯН ҚАЗАҚ!
1:58:35 Америкалық арман
2:02:25 Қорытынды
Kitapal дүкенінен кітап алу үшін: cutt.ly/r3WbFLA
Мұрат Есжан: / murat_yeszhan
Daniyar: / dzhigitbek
Мирас Кесебаев: / miras_kesebaev
Шразаддин Каниязов / shrazadddin
Kitapal instagram: / kitapal.kz
Telegram: t.me/kitapall
TikTok: / kitapalkz #kitapal #kitapalkz #kitap #кітап #кітапоқу

Пікірлер: 181
@MrMirassus
@MrMirassus 7 ай бұрын
“Оян, қазақпен” тұспа-тұс келген подкастты бөлісіп жіберейік!
@user-mv5cu1pi2p
@user-mv5cu1pi2p 7 ай бұрын
"Оян,қазақ" киносына Ақтөбе қаласында басталғаннан бастап бүкіл қаладағы жастар, ересектер ұжым болып барып,залда орын жоқ болып жатқанын естіп, қуанғаннан көзіме жас келді... Ұлттық рухымыздың әлі бойымызда екендігіне...Мұрат мырзаға Алла разы болғай! Ұлтына қызмет етер сіздердей саналы,білімді жандар көбейе БЕРГЕЙ ❤️
@yakamozumi
@yakamozumi 7 ай бұрын
Кеше ғана "Оян,қазақ!" фильміне әріптестерімізбен барып қайтқан едік. Фильмді жыламай көру мүмкін емес... Өзім мұғалім болғандықтан кинодан алған құндылықтарым көп болды. Енді осы подкасттың шыққанына қуанып отырмын 🎉Рақмет,Кітап ал жобасына,Мұрат ағамызға Алла разы болсын ❤
@Aibat_Omirzhanuly
@Aibat_Omirzhanuly 7 ай бұрын
Мұрат Есжанды қазақ киносын дамытуға өзінің үлесін барынша қосып жүрген ағамыз ретінде танимыз.Ісіңіз берекелі болсын! Подкастқа келетін болсақ өте қызықты,жан-жақты болды.
@Gulzat_amirali
@Gulzat_amirali 7 ай бұрын
Осындай тұлғалардың елімізде болғанына қуаныштымыз.Подкаст жалғасын кутеміз🎉
@user-mv5cu1pi2p
@user-mv5cu1pi2p 7 ай бұрын
15 сағатта 1,8мың адам қарап,28 адам пікір қалдырған екен... Осындай игі іс жасап жүрген жақсы жандарға қолдау көрсетіп,жылы лебізімізді білдіріп, әрі қарайғы жұмыс жасауларына мотивация беріп жіберсек тіпті КЕРЕМЕЕЕТ болар еді...☺️👏
@user-gn6yy4th2f
@user-gn6yy4th2f 7 ай бұрын
Мен қазақ тілінің мұғалімімін. Студентім Осы подкастты көріп, маған мазмұнын айтып береді. Өте сапалы ақпарат❤
@sayasselk
@sayasselk 7 ай бұрын
Kitapal дың әр подкастында бұрын естімеген бірнәрсемді біліп аламын, рақмет!
@user-gy8hy8eu8l
@user-gy8hy8eu8l 7 ай бұрын
Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық❤
@epsilon_math
@epsilon_math 7 ай бұрын
Қазақ 🇰🇿 тарихының киносын жаңа сатыға көтере білген Мұрат ағамызға мың алғыс. Керемет подкаст болды👍. Екінші сериясын асыға күтеміз!
@user-cg3qu1cl5f
@user-cg3qu1cl5f 7 ай бұрын
Осы подкаст болса - уй жинау да ляззат ,😂❤
@ukiliqyz
@ukiliqyz 7 ай бұрын
Данияр ағаның подкаст арасында өзі алған инсайтты айтып, одан ой қорытындылап идея шығарып отыратыны ұнайды
@user-mv5cu1pi2p
@user-mv5cu1pi2p 7 ай бұрын
ЕҢ ҚЫЗЫҚ ЖЕРІНЕ КЕЛГЕНДЕ БІТІП ҚАЛДЫ.. ЖАРАЙСЫЗДАР, ЖІГІТТЕР, ҚАЗАҚТЫҢ ОСЫНДАЙ ЖАП-ЖАС,БІРАҚ ЖАН-ЖАҚТЫ, БІЛІМДІ, САНАЛЫ ЖАСТАРЫНЫҢ БАРЫНА, ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТІП ЖҮРГЕНДЕРІНЕ ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫН ❤️ Мен жасым елуден кеткен тәжірибелі мұғаліммін,сіздердің әр подкасттарыңызды тыңдап, ой түйіп отырамын...Ал жастар үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз өте пайдалы екені сөзсіз!!! Сондықтан барымша сіздерді насихаттап, ұсынуға тырысып жүремін.Жалғасын күтеміз!
@meruertospan9731
@meruertospan9731 7 ай бұрын
Kitapal-дың подкастын тыңдаған сайын деңгейімнің өсіп жатырғаны анық байқалады.Жаңа подкасттарды тағатсыздана күтеміз.Қазіргі жастардың дамуға,білім алуға деген ұмтылысы мен жастарды ізденуге шақыратын жандардың бары жан жылытады✨ Осындай мүмкіндік барына шүкір!❤️
@aydanaabdimalik962
@aydanaabdimalik962 7 ай бұрын
Біз де күні кеше ғана "Оян, қазақ!" фильміне Шымкенттегі Зияткер мектебінің барлық оқушылары мен кураторлары болып барып қайтып едік. Өте әсерлі, сол кино ішінен де зер салып қараса, ҰБТ-да Қазақстан тарихының осы төңәректегі біраз сұрағына оңай жауап бере алар еді) Түсірілім сапасын әлі де жақсарту қажет, дегенмен қазақ фильмі әлі де даму үстінде ғой. Әрдайым қолдаймыз!
@user-mh5xp4iq8u
@user-mh5xp4iq8u 7 ай бұрын
“Оян, қазақ” фильмін кинотеатрдан барып көрдім. Өте керемет түсірілген😍👍 Барлығымыз жылап, біраз ой түйіп шықтық🔥 Мұрат аға бұл киноны шығарғаныңызға алғысым шексіз😊 Қазағымыздың атақты жазушысының қолынан шыққан туындысын кино түрінде кинотеатрдан бірінші рет көруім☺️Ақтөбедегі кинотеатрда билет жоқ сеанстарға🤭 Соған қарағанда, қызығушылық жоғары бұл киноға👍 Мұрат аға еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз🤲🏼 Киноны көргеннен кейін, подкастты қарап жатырмын) Өте керемет!👍 Мұрат ағаны жақынырақ енді танып жатырмын🙂 “Kitapal” ұжымына көп рахмет! Әр подкасттарыңызды жібермей қарап жүрмін) Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!🤲🏼 Мен негізі комментарий жазуға жоқпын. Бірақ осы жолы жазғым келіп кетті)☺️
@user-gx1hc2go7q
@user-gx1hc2go7q 10 күн бұрын
"Келқұла атты Кендебай", "Қамбар батыр" менің оқып өскен кітаптарым, қайта-қайта қоймай. "Абай жолын" менде 5-6 сыныпта өзімді қамшылап оқығам, ұят деп😊. Бірақ, шыдамай әр жерін бір оқығам, соңын шыдамай оқып қойғам. Мен 1990 жылы мектепке барғам. Менің анамда ағылшын пәнінің мұғалімі болған. Сол кітапты тығып қойып, басқа біреу алып кетпесін деп, тез жұмыстарымды бітіретінмін, есіме түсіп кетті ғой😊. Бізде ұрыс еститінбіз, "таста кітапты малға шөп сал, су бер, от жақ, күбі піс" деген сөздерді, солай жүріп оқитынбыз, сол кезде свет өшіп қала беретін, майшаммен оқитынбыз. Сызу дегенде сабақты өткенбіз.Әке-шешеме шексіз алғыс! Жатқан жерлері жайлы болсын!
@atajurtkazakhhumanright
@atajurtkazakhhumanright 7 ай бұрын
Мен жеке басым ұзақ подкасттарды жақсы көрем. Өйткені іште тереңде жатқан ой пікірлер білімдер шыға бастайды. Жарайсыңдар жігіттер!!! Тоқтамаңдар!
@alinurraiymbekova5163
@alinurraiymbekova5163 7 ай бұрын
Мұрат мырзамен болатын подкасттар ұнайды, осы түсірілім де ерекше болды.
@nureke6931
@nureke6931 7 ай бұрын
Бәрекелді! Мұрат Есжанға мың алғыс
@izbasarzhumanov
@izbasarzhumanov 7 ай бұрын
Әр подкаст сайын, кітаппен достығымыз, кітапқа деген көзқарас артып келеді. Кейде елестетем, егер осы кісілермен подкаст барысында отырсам қалай отырамын, қандай әңгіме айта аламын: Дакеңнің сұрақтары шамам жеткенге дейін елестетіп жауап беріп жатқаным, сол жақтан Шразаддиннің ойлары, арғы жақтан Макеңнің тұңғиық ойлары, бір тооуфф деп қоямын өзіме =) Бұл ойлар келген сайын бір қандай да шабыт келеді екен кеудеге. Жобаларыңыз дами берсін, мүмкін бір күні барып қалармын )) P.s: "Міржақып. Оян, Қазақ" фильмінің прокатына үлгеріп көрулеріңізге шақырамын !
@user-ek8nn5db9k
@user-ek8nn5db9k 7 ай бұрын
Ассалаума алейкум рақмет Алла разы болсын! Санамызға сәуле беріп жатырсыздар! Алла берекесін берсін істеріңіздің
@user-bs1ji5or3z
@user-bs1ji5or3z 6 ай бұрын
Өте пайдалы,қызық подкаст.Рақмет!
@user-tv1py4ks1d
@user-tv1py4ks1d 20 күн бұрын
Керемет шығарылым 👍🔥 ЖАЛҒАСЫН КҮТЕМІЗ😍
@user-cr1wz6ww9f
@user-cr1wz6ww9f 7 ай бұрын
Жарайсыңдар қазақ жігіттері! Алла қаласа, киноға барамыз
@qaueset
@qaueset 7 ай бұрын
Күшті подкаст❤
@aruuzj
@aruuzj 7 ай бұрын
Толық сериалын көргенмін, өте керемет туынды.
@veneraazhgereyeva4058
@veneraazhgereyeva4058 7 ай бұрын
2-інші бөлімді күтеміз.Керемет подкаст болды.Рақмет.
@user-rb7no6cv5h
@user-rb7no6cv5h 7 ай бұрын
Өте құнды подкаст болды, көп рақмет ұжымға, Мұрат Есжан мырзаға табыс тілейміз
@Snnurrai
@Snnurrai 2 ай бұрын
Пайдалы ақпараттар өте көп болды, рахмет ❤️❤️
@Ls_chemistry
@Ls_chemistry 5 ай бұрын
Подкаст үшін көп рақмет. 2 бөлімін күтеміз 😍
@user-be5yz2gv4e
@user-be5yz2gv4e 7 ай бұрын
Өте керемет дүниелер айтылды , көп рахмеет !!! 2 сериясын күтеміз😊
@user-yb6sc5ol5q
@user-yb6sc5ol5q 2 ай бұрын
ең керемет шығарылымның бірі болды. Әсіресе Мурат Есжан мен Мирас Кесебаев паралельдері)
@bagilasaylaubayeva4232
@bagilasaylaubayeva4232 6 ай бұрын
Адамның дүниелік, рухани таным көкжиегі кітап оқудан, ықыласпен көңілге тоқу арқылы қалыптасады.
@sabr.1143
@sabr.1143 7 ай бұрын
Keremet!
@user-ve2jw9se5f
@user-ve2jw9se5f 7 ай бұрын
Керемет подкаст болды, размет сіздерге! Келесі сериясын күтеміз ❤❤❤❤😊
@bagzadamaratovna
@bagzadamaratovna 7 ай бұрын
Керемет!!!
@user-pf5mw7fj8i
@user-pf5mw7fj8i 7 ай бұрын
Бір сарынмен тыңдай бергін келеді😍😍
@user-bw6xu9bc4s
@user-bw6xu9bc4s 7 ай бұрын
Аллага шукир аман болыныздар
@user-hw8oo7qc4j
@user-hw8oo7qc4j 6 ай бұрын
Дами беріңіздер
@aitolkynsatybaldy4464
@aitolkynsatybaldy4464 Ай бұрын
Жалғасын күтеміз😊
@user-my7le3oq4s
@user-my7le3oq4s 7 ай бұрын
Өте керемет подкаст! Жалғасы болсыншы!
@tore_sultan_kz
@tore_sultan_kz 7 ай бұрын
Керемет подкаст! Рахмет
@user-lp9us2cu1e
@user-lp9us2cu1e 5 ай бұрын
жүргізушілердің де, қонақтардың да сөз саптаулары ,әңгіме айту мәнерлері керемет, өз-өздерін ұстауы керемет, дауыс тембрлері,интонациялары құлаққа сондай жағымды, қазақилық әдемі жарасып тұр. Рахмет сіздерге!
@zhun1sova
@zhun1sova 7 ай бұрын
Жалғасын күтеміз 😍
@user-ix2yi1tn4e
@user-ix2yi1tn4e 6 ай бұрын
Жарайсыңдар! Жап-жас жігіт екенғо "Ұлт ұстазы,Ахмет!, пен "Оян,қазақ Міржақып! Сериялдарын түсіріп жүрген! "Уникум" - деген атқа осы жігіт лайық екен! Мұрат Есжан.
@sagyndyksveta3825
@sagyndyksveta3825 7 ай бұрын
Тамаша подкаст!
@n.t.zhannnnel
@n.t.zhannnnel 7 ай бұрын
жақсы падкасть болды, рахметтт❤️
@user-ny2uj2cg5s
@user-ny2uj2cg5s 7 ай бұрын
Керемет! Жалғасын асыға күтеміз!
@ulpanaaa
@ulpanaaa 7 ай бұрын
Рахмет! 2-ші бөлімін күтеміз.
@ayaulymkurban2075
@ayaulymkurban2075 6 ай бұрын
Екінші бөлімін күтеміз✊
@malikdaneev8405
@malikdaneev8405 7 ай бұрын
Керемет
@ormanbekdosbol5147
@ormanbekdosbol5147 7 ай бұрын
Рақмет ағалар! Өте жақсы болды🔥🔥🔥
@asiya_alihanqyzy
@asiya_alihanqyzy 7 ай бұрын
2 ші бөлімі шықсын!
@Qubylys_ozger
@Qubylys_ozger 7 ай бұрын
Тамаша❤❤❤
@user-dk7kb3if6n
@user-dk7kb3if6n 7 ай бұрын
Жалғасы болсын🔥🔥🔥🔥🔥🔥🔥 От шығарылым қаншама жаңа ақпарат, өтініш жалғасын күтеміззз😢🎉🎉🎉🎉🎉
@y46trggyttgtrhgag99
@y46trggyttgtrhgag99 6 ай бұрын
Керемет 🎉
@meirzhansultangaliyev8353
@meirzhansultangaliyev8353 7 ай бұрын
Жургизуширге коп рахмет, оте сапалы ,сауатты сурактар аркылы конакты аша алгандарынызга
@user-xc4mv1vt6h
@user-xc4mv1vt6h 7 ай бұрын
Подкаст керемет болды👍👍 2-бөлім түсіру керек міндетті түрде👏
@drawing.art_13
@drawing.art_13 7 ай бұрын
Күшті
@sandugashasylbek1468
@sandugashasylbek1468 7 ай бұрын
Керемет! 2 сериясын асыға күтемін! Подкасттарыңыз әр шығарылымын сериал сияқты күтіп көретін болдық! Сапалы қазақша контент көбейе берсін
@user-pq5ke2df5y
@user-pq5ke2df5y 6 ай бұрын
Рақмет 🌺
@user-iv2dg5gx8d
@user-iv2dg5gx8d 5 ай бұрын
Өте керемет❤❤❤
@azzamat19
@azzamat19 7 ай бұрын
Керемет подкаст 📚
@user-ru5ny4su8m
@user-ru5ny4su8m 6 ай бұрын
Рақмет,көп білім алдым
@user-pi7up4rt2c
@user-pi7up4rt2c 7 ай бұрын
Тамаша подкаст болды, 2-серия туралы идеяны қолдаймын.
@user-ke5yd2pe3j
@user-ke5yd2pe3j 7 ай бұрын
Керемет екінші бөлімін күтеміз
@syrman20
@syrman20 6 ай бұрын
2 болимин кутемиз оте кызык болды
@toktabekkyzy
@toktabekkyzy 7 ай бұрын
Бұл подкаст жеңіл әрі қызықты болды, еркін😍✌🏻
@nuurdauulet
@nuurdauulet 7 ай бұрын
Кітап және фильм деген подкаст шығарсаңыздар?
@user-hh8ie8ww3u
@user-hh8ie8ww3u 7 ай бұрын
Керемет Аллаһ ниет еткендеріңізденде артығын нәсіп етсін осындай подкастарыңыз арқылы қанша адамның кітапқа деген махаббатын аштыңыздар шаршамаңыздар
@AlyaMagazovna
@AlyaMagazovna 6 ай бұрын
Керемет подкаст,баршанызға Алланың нұры жаусын! Жалғасын күтеміз кино калай тусірылгені жайлы айта отырса
@user-rk1lu4ld7f
@user-rk1lu4ld7f 5 ай бұрын
Керемет дүние.Жаңа идеялар туды ойымда.Рақмет.Дамый беріңіздер👍
@korlanaskar
@korlanaskar 7 ай бұрын
2ші бөлімін күтеміз😊
@ainurakhmetova4630
@ainurakhmetova4630 7 ай бұрын
Міржақып. Оян, Қазақ! Фильміне бізде барып қайттық. Енді өте сапалы түсірілген, қатты ұнады! Қазақтың зиялылары қазақ елі үшін істеген еңбектері жан тебірентеді. Біздерге осы шақ жастарымызға естен шығармау керек тарих екенін еске салған мұра десек артық болмас. Падкаста айтылғандай қазіргі таңда комедия жаныры көп деп. Арзан қол комедиядан көрі осындай ерекше рух беретін фильм көрген, жүрекке басқаша нәр, қуаныш сыйлайды екен! Фильмдегі әдеби, қазақи, көркем сөздер- кітап оқығандай күй кешесің! Жалықтырмайды адамды. Актерлердің шеберліктері бір бөлек әңгіме өте шынайы. Голливуд жұлдыздарынан асады😊👍 Сіздерге үлкен алғыс! Аллаһ разы болсын жасаған еңбектеріңізге🤲
@a_galymjan
@a_galymjan 7 ай бұрын
🔥🔥🔥
@jumnaz18
@jumnaz18 6 ай бұрын
Мен үшін кітап алдың подкасты номер 1.Барлық подкасттары керемет.
@dataevaas
@dataevaas 7 ай бұрын
🔥🔥🔥👍🏼
@aminazholdybai395
@aminazholdybai395 7 ай бұрын
🔥🔥🔥🔥
@tore_sultan_kz
@tore_sultan_kz 7 ай бұрын
2ші сериясын жалғасын күтеміз! Мұрат мырзадан аларымыз көп екен!
@meirzhansultangaliyev8353
@meirzhansultangaliyev8353 7 ай бұрын
Маке ,керемет, интелект аркылы ,окушы кезинизде Акеменизге колик алып бергениниз Сизгеде деген Курметимди одан ары арттырды
@user-wy1ez1kl4n
@user-wy1ez1kl4n 7 ай бұрын
Аллам жар болсын інім.Осы кино арқылы нағыз қазақты көрдім
@darynmalik1964
@darynmalik1964 7 ай бұрын
🇰🇿өте жақсы білімді азаматтар көбейе берсін
@user-ty6ch1ol4v
@user-ty6ch1ol4v 7 ай бұрын
❤❤❤👏👏👏
@ayaulymkurban2075
@ayaulymkurban2075 6 ай бұрын
Подкаст өте қызықты , жүргізушілер де активный маған қатты ұнады👍
@user-tf2wv7bq1j
@user-tf2wv7bq1j 6 ай бұрын
Какие все добренькие, вежливые 🥹❤️
@sholpankenjesh6821
@sholpankenjesh6821 7 ай бұрын
Подкастты жасаушы адамдарға үлкен рахметімді айтамын 🫱🏻‍🫲🏼🫶🏻😍подкасттың әр бөлімі one ❤️
@user-jb2rp4un6v
@user-jb2rp4un6v 7 ай бұрын
Келесі подкастты күтеміз
@Gaukhar_Zhumatay
@Gaukhar_Zhumatay 7 ай бұрын
Керемет! Мұрат аға адам ретінде де маман ретінде де үлгі аларлықтай тұлға. Дән ризамын🙌🏻👍🏻
@user-dm5qv7rl4s
@user-dm5qv7rl4s 6 ай бұрын
Подкаст өте ұнады, айтылған әңгіме, ақпараттар өте қызықты, өзекті, құнды болды. Әрі қарай осындай құнды, әр адамды ойландыратын, алға ұмтылуға жағдай жасайтын подкасттарды түсере беріңіз деп тілеймін. Қызым "Оян, қазақ" киносына барып өз пікірімен бөлісті. Екеуміз әр қараған киноны талдаймыз, ой қозғаймыз. Ал мен денсаулығыма байланысты кинотеатрға бара алмадым, бірақ "Мыржақып. Оян, қазақ" киносының түгел бөлмедерін қарадым. Сосын осы тақырып бойынша басқа да бар материалдарды қарадым. Осындай ақпарат бұрын болмаған. Біздің жатымызды жойып тастаған сияқты болды. Бірақ осындай кинофильмдер, подкастар және басқа да қазақтың тарихына байланысты материалдар тағыда шықса екен деп ұсынамын. Көп рахмет Сіздерге.
@user-dx3kz8rz8c
@user-dx3kz8rz8c 7 ай бұрын
жаксы
@user-ty6ch1ol4v
@user-ty6ch1ol4v 7 ай бұрын
Мұрат ағаны күтеміз❤❤❤👏👏👏
@aibekzhaksynbet4305
@aibekzhaksynbet4305 4 ай бұрын
Подкаст очень интересный и интеллектуальный получился жаль что просмотров мало но не беда. С нетерпением ждём второго подкаста.
@zhannatnagmedollakyzy8381
@zhannatnagmedollakyzy8381 5 ай бұрын
2 бөлім күтеміз😊
@erkeshmahuda
@erkeshmahuda 7 ай бұрын
2- бөлімін түсіріңіздер
@user-iq1bg8lx4r
@user-iq1bg8lx4r 7 ай бұрын
"Оян,Қазаққа" жақында бардық.Өте керемет болды.Сериалын көріп қойсақ та,уақыт бөліп баруға тұрады,өкінбедік😍👏
@bagilasaylaubayeva4232
@bagilasaylaubayeva4232 6 ай бұрын
Классикалық дүниелердің қабаттары әр оқыған, немесе көрген сайын ашылады. Өте дұрыс айтып отыр. Азаматтардың әңгімесі тамаша. Бірақ қазақтың қазіргі әдебиетін сонша білмейтін сияқты.
@user-hc5im6qb4n
@user-hc5im6qb4n 6 ай бұрын
Әртүрлі кітап жанрларын оқығанда алатын әсер туралы керемет айтылды.
@aaaaannnnn2144
@aaaaannnnn2144 7 ай бұрын
👍👍
@user-hw8oo7qc4j
@user-hw8oo7qc4j 5 ай бұрын
🔥
顔面水槽がブサイク過ぎるwwwww
00:58
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 45 МЛН
Her Birthday Was Ruined 😰😩 He Created A Trap For Her🙀
00:40
Giggle Jiggle
Рет қаралды 4,4 МЛН
【獨生子的日常】让小奶猫也体验一把鬼打墙#小奶喵 #铲屎官的乐趣
00:12
“獨生子的日常”YouTube官方頻道
Рет қаралды 98 МЛН
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)
57:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 4,9 МЛН
СЕН ДЕ БІР КІРПІШ ДҮНИЕГЕ... Мұрат Есжан
20:06
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 1,5 М.
ҰБТ PODCAST / MEDET.JAN, MAGA bayGuys, ANSAGAN
1:16:04
QADAZ MEDIA
Рет қаралды 224 М.
顔面水槽がブサイク過ぎるwwwww
00:58
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 45 МЛН