КЕКШІЛ ҚАСҚЫР (болған оқиға ізімен)

  Рет қаралды 38,358

Динара Мейрамқызы

Динара Мейрамқызы

Жыл бұрын

Танымал арнасында бүгін "Кекшіл Қасқыр" атты өмірде болған оқиғадан үзінді келтіреді. Өте әсерлі әңгіме. Қазақша әңгімелер жинағы ретінде ұсынылып отыр. Танымал арнасы жұртшылыққа бүгінде аудио кітап ретінде танылып жүр.
Бұл бала кезімде өзім куә болған оқиға еді. Қарақұмдағы бір құдықтың басында екі үй едік. Көршіміз Дүйсен деген шопан. Сол кісі бір күні біздің үйде әкеме бір әңгіме айтып отырды. Осы жерден кө­рініп тұратын биік төбенің баурайында мал жайып жүріп, қас­қырдың апанына кездесіпті. Апанның алдында үш-төрт кү­шік ойнап жүріпті. Ертеңіне кетпен алып барып, інді ерінбей қазып, күшіктің бәрін ұстап алып, өлті­ріп тастапты. - Ертең өсіп алғасын бұлар малға шабады, - деді Дүйсен. - Әй, бекер қылған екенсің, - деді әкем оған ренжіп. - Қас­қыр көршісіне шабатын ба еді. Енді бәле болатын болды. Малыңа сақ бол! Тып-тыныш ұйқымды қандырып жүрген мені де қара­лай түнімен мал күзеттіретін бол­дың-ау. Айтқанындай, екі-үш күннен соң Дүйсеннің екі-үш қойын қасқыр өлтіріп кетті. Одан соң тағы бір-екі рет. Жемейді. Қой­лар­ды тек тамақтап өлтіріп кете бе­реді. Жиырмадан аса малы шығын болды. Ал ол үйден бірер жүз метр жерде отыратын біздің отар аман. Бір күні түн ішінде Дүйсеннің үй жағынан шыққан ойбайлаған жаман дауыстан бәріміз өре түрегелдік. Дүйсеннің әйелі зар жылап жүр. Не болған? Сөйтсек, қожайынның мал күзетінде жүргенін «зерттеп» алған қасқыр оның үйіне келеді. Киіз үй ыстық болғасын, түнеме­лік іргенің шиін ашып, киізін түріп қояды екен. Ол кезде шопан байғұста қандай жөні түзу үй бар. Шиі ысырылған ашық іргедегі керегенің сағанағы сынық та, ол жерде еңбектеген ересек адам еркін сыйып кететіндей тесік бар екен. Жанкешті қасқыр сол тесіктен кіріп, шопан әйелінің құшағында жатқан емізулі ба­ланы алған да қашқан ғой. Бала­ның анасы әуелі қорыққанынан үні шықпай қалып, сәлден соң есін жиып барып, ойбайын сал­ған екен. Қасқыр тістеп кеткен бала тас қараңғы түнде қайдан табыл­сын, ертеңіне таң ата жыртқыштың ізі шықты. Үйден шыға бір төбеден асып, екінші төбенің басына шыққан соң тама­ғынан тістеп өлтірген сәбиді тастап кетіпті. Жемеген. Денесін бүлдірмеген. Тек өлтірген. Өлге­ніне көзі жеткесін барып, сәби мүрдесін «енді ала қойыңдар» дегендей төбе басындағы ашық шағыл құмның басына, көзге түсетін жерге қалдырып кеткен. Болған оқиғаның бары осы. Дала тағыларының ең жырт­қы­шы да жүректісі - қасқыр. Олар ақылды да мәрт болады. Ол өз ініне тақау қоныстанған отарға еш уақытта тиіспейді екен. Бұл - көршісімен бейбіт өмір сүруді қалағаны. Сол заңды бұзған адам - Дүйсенді ол қанды құныкер сана­ған және оның иісінен кү­шікте­рін өлтіруші сол екенін қапысыз анықтаған. Сосын өзі­не-өзі ант берген: «Баладан баланың артығы жоқ. Қанға - қан!» Ол және өзіне-өзі берген сертін орындап, өз балаларын өлтіруші­ден қан қақсатып тұрып кек алды! Ғибратты әңгімелер Ғибратты сөз Ғибратты әңгімелер жинағы Ғибрат деген не Ғибратты әңгіме байларға берілмеген нығмет
#аудиокітап #әсерліәңгіме #қазақшаәңгімелер #қазақ #қызықтыәңгімелер #қазақшаәңгімелержинағы #болғаноқиға #әңгімелер #өміриірімі

Пікірлер: 49
@user-gh9hk1pm5i
@user-gh9hk1pm5i Ай бұрын
Пайдалы ақпарат. Рақмет 🎉
@user-wi8oi2rm8e
@user-wi8oi2rm8e 2 ай бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉нпм рррр
@master_Gauhar_11
@master_Gauhar_11 4 ай бұрын
Әсерлі әңгіме
@user-ub6fy2qx1i
@user-ub6fy2qx1i Жыл бұрын
Тамаша
@nurgulborbaeva3209
@nurgulborbaeva3209 Жыл бұрын
Керемет қандай мәні бар әңгіме.
@user-co7rc5xx1i
@user-co7rc5xx1i Жыл бұрын
Өте әсерлі әңгіме екен.
@user-zw7lj7po1w
@user-zw7lj7po1w Жыл бұрын
Тамаша ангиме, Алла разы болсын 👍
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Мың алғыс! Алла разы болсын!
@ozalban1009
@ozalban1009 Жыл бұрын
Өте тамаша!!!
@audiotaspa
@audiotaspa Жыл бұрын
Көптен көп рақмет!
@altai8480
@altai8480 9 ай бұрын
Иә қасқыр өте жыртқышта, ақылды аң. Өзім Алтай Ховда жерінде. Нағыз асқар шың, жыртқыштың мекенінде туып өстім. Және малшының баласы болдым. Сондықтан аңның біраз сырын білем деуіме болады.
@audiotaspa
@audiotaspa 9 ай бұрын
Тамаша! Көп естігеннен емес, көп көргеннен сұра демекші. Көрген білгеніңізбен бөлісе отырып, пікір қалдыра кеткеніңізге рақмет!
@user-zt3yv4vg2t
@user-zt3yv4vg2t 10 ай бұрын
Тамаша әңгіме , мәнерлеп оқиды екенсіз . Рахмет . 👍👍
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Оң пікіріңізге көптен көп рақмет!
@user-lu8en1uz7h
@user-lu8en1uz7h Ай бұрын
🎉😂
@user-wj7mc7lj1c
@user-wj7mc7lj1c 10 ай бұрын
Оте орынды айтылган
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Рақмет!
@user-ie2bq6uc5y
@user-ie2bq6uc5y 10 ай бұрын
Рахмет сізге
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Рақмет!
@user-vb1ur7ll5i
@user-vb1ur7ll5i 10 ай бұрын
Керемет.
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Ұнағанына риясыз қуаныштымын!
@user-ks3qg4ty4t
@user-ks3qg4ty4t 10 ай бұрын
Керемет өте әсерлілігі 😢
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Ұнағанына дән ризамын! Пікір жаза кеткеніңіз үшін көп рақмет!
@user-vt8em3vd9o
@user-vt8em3vd9o 10 ай бұрын
Рахмет көп
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Ден қойып, тыңдай кеткеніңізге көп рақмет!
@user-ol9zb1nk2v
@user-ol9zb1nk2v 10 ай бұрын
Оте керемет
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Ұнағанына риясыз ризамын! Рақмет!
@user-dp5iv6ip6l
@user-dp5iv6ip6l 10 ай бұрын
Өте керемет әңгіме екен күшті алла разы болсын иа дұрыс айтасын дала тағысы өте кешіл аң бізде атам ит қүс дейтің еді қасқыр деп атамандар көбейіп кетеді дейітің менің атамда қой баққан соңда атам айтады мен қасқырмен көрші болдым ол менің отарыма тймеді деп ал көрші ауылға тиген сонда атам сен тимесен ол сағанда тимейді дейтің еді мархум атам біз себебің сурамаймыз оңда баламыз иа маған әңгіме үнады рахмет балалық шақты еске түсірдің алла разы болсын саған
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
@@user-dp5iv6ip6l Ұнағанына дән ризамын! Тыңдай кеткеніңіз үшін рақмет!
@user-fg7sj2lh7l
@user-fg7sj2lh7l 10 ай бұрын
Керемет
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Көп-көп рақмет!
@meiramxari9971
@meiramxari9971 9 ай бұрын
Қасқырдың күшігін әрине өспей тұрып көзін құрту дұрыс бірақ өлтіруге болмайды оны мықтап мұқият қадағалап асырау керек кеиін қоныс ауып қыстаққа келгенде атады бірақ жазда күшігі тұрған ауылдың қорасына ешқашан шаппайды .
@user-dk6jx3mv1c
@user-dk6jx3mv1c 10 ай бұрын
Каскыр.да.кастандык жасамайды.жолдасына.деген.рас.каскыр.кекшйл.болады.оте.акылды.менйн.акем..аншы.болган..каскыр..какпанга.тусйп.калса.куткарып.алып.кетедй.ал.олетйн.бйлсе.тамактап.олтйрйп.кетедй.дейтйн.тйрй.калмас.ушйн..душпанынын.ко луна.тйрй.тастамайды.
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Сізбен толық келісемін! Пікір қалдыра кеткеніңізге рақмет!
@user-rw7eq3qs6x
@user-rw7eq3qs6x 8 ай бұрын
Шли қозы әкеп бермеген шығар😂
@user-qi2eh1by1d
@user-qi2eh1by1d 10 ай бұрын
Керемет.Дауысы да керемет.
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Көп рақмет!
@user-xl5og7oj6k
@user-xl5og7oj6k 10 ай бұрын
Осы ангімені Әкем айтып берген болған оқиға бұл
@user-jq1nf3jo8h
@user-jq1nf3jo8h 10 ай бұрын
Әңгімеңізді тыңап жатып көзім ілініп кетіпті 😊 рахмет
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Медитация секілді әсер еткен болар. Оң пікіріңізге рақмет!
@user-iu7vy5uw7r
@user-iu7vy5uw7r 10 ай бұрын
куат Ахметовка жерпит
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Талғамға талас жоқ! Сонда да пікіріңізге мың құлдық!
@user-bx3kq2iu7f
@user-bx3kq2iu7f 10 ай бұрын
Келесі әңгімеңізді күтеміз
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Пікіріңізге рақмет! Осындай жылы тілегіңіз келесі шығарманы дыбыстауыма 100 пайыз себеп болуда. Әйтпесе, бұл тірлік менікі емес-ау деп жүр едім. Рақмет! Міндетті түрде, жариялаймын.
@user-ty7ux5tb9t
@user-ty7ux5tb9t 10 ай бұрын
Өтрік, әңгіме, сенбеңдер
@audiotaspa
@audiotaspa 10 ай бұрын
Пікіріңізге рақмет!
@user-uc8rl4dz6c
@user-uc8rl4dz6c 9 ай бұрын
Шынғыс Айтматовтың плаха деген кітабінен оқылым
@audiotaspa
@audiotaspa 9 ай бұрын
Тамаша! Пікір қалдыра кеткеніңізге көп рақмет!
@user-uc8rl4dz6c
@user-uc8rl4dz6c 9 ай бұрын
Плаха керемет кітап👍
UFC 302 : Махачев VS Порье
02:54
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 1,4 МЛН
ELE QUEBROU A TAÇA DE FUTEBOL
00:45
Matheus Kriwat
Рет қаралды 35 МЛН
WHY THROW CHIPS IN THE TRASH?🤪
00:18
JULI_PROETO
Рет қаралды 6 МЛН
БІРІШЕК ҚАСҚЫР
16:58
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 230 М.
Неге қасқырлар құла аттан қорқады?
9:33
Астарлы әңгіме
Рет қаралды 69 М.
Қасқырдың киесі ұрды| Кек | (аудиокітап)
11:27
Астарлы әңгіме
Рет қаралды 11 М.
UFC 302 : Махачев VS Порье
02:54
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 1,4 МЛН