КИНОКЕЗДЕСУ: «ЖАНЫМ МЕНІҢ» ТЕЛЕХИКАЯСЫ

  Рет қаралды 27,161

Farabi Media - KazNU

Farabi Media - KazNU

5 жыл бұрын

25.09.2018 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Керемет» СҚКО кинозалында Кинокездесу жобасы бастау алды.
Бұл кездесудің өтуіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті мен ҚазҰУ Телерадиокешені ұйытқы болды. Ал «Керемет» cтуденттерге қызмет көрсету орталығы мен «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы басты серіктес ретінде қолдау көрсетті.
Рухани берері мол шараның маңызына қысқаша тоқтала кетсек, киноөндірісі әлемде гуманистік идеологияны таратушы ең тиімді құрал және оның жастарды тәрбиелеу үдерісінде маңызы зор. Сондықтан «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрерменге айтар ойы бар, тәрбиелік мәні жоғары, жаңа фильмдерді жастар арасында насихаттау көзделіп отыр. Осы мақсатта әрі жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін тоқсан сайын Кинокездесу жобасы өткізілмекші.
Алғашқы жобаға «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілген «Жаным менің» көп бөлімді телехикаясы таңдалғаны бекер емес. Себебі бұл фильм біздің университетіміздің студенттері жайлы, бір сөзбен айтқанда махаббатқа толы жастық шақ туралы. Бұл телехикаяға 1985-1992 жылдары қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінде оқыған жастардың шынайы өмірі негіз болған. Фильмде кейіпкерлердің 1985 жылдары ҚазҰУ қалашығындағы түрлі оқиғаға толы Алматыдағы студенттік кездері мен қазіргі кездегі Астанадағы шым-шытырық оқиғалары кезектесіп беріліп отырады.
Аз уақыттың ішінде танымал болған «Жаным менің» телехикаясының түсіру тобы мен актерлар құрамымен кездесуге келген көрермендер залға лық толы болды. Кештің басты қонақтары ретінде: «Qazaqstan» ҰТА Аутсорсингтік компаниялармен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Сәуле Жәнібекқызы Жиреншина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сағатбек Медеубекұлы, фильмнің идея авторы әрі бас продюсері Арман Сқабылұлы, сценарий авторларының бірі Жәмит Көшербаев, басты рөлдерді сомдаған Гүлназ Ауданбаева мен Қуаныш Бейсеғалиев және өзге де актерлар құрамы қатысты. Айтпақшы фильмнің композиторы әрі әуендерін өңдеген Оразалы Мақсұтов пен саунтректегі әндерді орындаған Жандос Абдраимов пен Алуа Қосанова да келіп қатысып, көрермендермен қауышты...
#KinoKezdesu #AlFarabiUniversity #TRCKazNU #AlFarabiTV

Пікірлер: 69
@user-tb8jn6ts1l
@user-tb8jn6ts1l 3 жыл бұрын
АРМАН СҚАБЫЛҰЛЫ.Аға мен риза болдым мына кинонынызға.Бір таза қазақша кино көрдім рахмет сізге тамаша тұскен. Не деген махаббат көзіме жаста келді мына киноны көріп.Осындай кино көп болсын.Елімізде түріктін телесериясы емес осындай таза қазаққи кино көп болсын. Сізге үлкен алғыс жұмысынызға саттілік тілеймін.Алла жар болсын!
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 3 жыл бұрын
Асқар, шынайы лебізіңізге көп рахмет! Аман болыңыз, арнамызға жазылуды ұмытпаңыз!)
@ErdenZaksylyk
@ErdenZaksylyk 4 жыл бұрын
Тамаша түсірілген фильм, жастық шаққа бір сәт саяхаттап қайттым. Біздің жастық шақтағы таза сезім, пәк махаббат...Бірінші Арман Сқабұлына, екінші бүкіл шығармашылық ұжымға үлкен алғыс!
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 4 жыл бұрын
Aijan, Сізге де көп рахмет! Қазақ киноөнерінің осылай қолдаушысы болып жүре беріңіз!
@user-kq5et7kp7e
@user-kq5et7kp7e 4 жыл бұрын
Керемет кино қайта қайта көрдім рахмет сіздерге талаптарың таудай болсын.Рөлді сомдаған жигіттерге ризамын недеген ауызбіршілік силастық араларында.Балғараевқа ризамын.
@user-hf6hf4vi5i
@user-hf6hf4vi5i Жыл бұрын
Телехикая өте тамаша, жоғары деңгейде түсірілген. Актерлық құрам рөлдерін тамаша сомдап шықты. Табылды Досымовтың әні жүрек қылын шертіп, әуені құлақтан кетпейді. Керемет әнді таңдаған
@kuralaikosybaeva636
@kuralaikosybaeva636 3 жыл бұрын
Керемет! Менің студенттік шағым1980-85 жылы өткен,35 жылға кері шегініп,студенттік өміріме қайта оралдым, бір деммен көріп шықтым.Тіпті өз басымнан өткен кіршіксіз, пәк сезім, дәл осындай махаббат өткен.Өзімнің тәккәпарлығымнан ...қателік кетіп, қосыла алмадық.Бәрі есімде....керемет сезім! Әсіресі ,Арман мен Жанымның ішкі сезімі.+ Табылды Досымовтың әні КЕРЕМЕТ! РАХМЕТ!!!!!!!!
@user-py4qg3gh9h
@user-py4qg3gh9h 5 жыл бұрын
Сол 80-85 жылдардың студенті ретінде бұл фильмге өте ризамын, жастық шағымызды, аяулы білім ордамызды, курстастарымды көз алдыма қайта елестетті...тамаша телехикая
@user-im6mc3kz7d
@user-im6mc3kz7d Жыл бұрын
Кереммет кино , Рахмет бәріде жақсы оинады
@aishabektiyar4806
@aishabektiyar4806 2 жыл бұрын
Озимнин омиримди кордим.Сол жылгы студент болгандыктан.
@user-ry2ev6ls7g
@user-ry2ev6ls7g 4 жыл бұрын
Жастарды сомдап шыққан қыз-жігіттерге үлкен 👍. Керемет туынды.
@user-xk8ks4im3s
@user-xk8ks4im3s 5 жыл бұрын
Кино өте əсерлі.Рахмет.Махаббат қызық мол жылдар желісімен кино түсірілсе қуана көрер едік.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Ләйлә, сізге көп рахмет. Әрине "Махаббат қызық мол жылдар" деп атап түсірсе де керемет болар еді. Кино мамандарының құлағына алтын сырға.
@user-zk5ye8fk6j
@user-zk5ye8fk6j 5 жыл бұрын
Жарайсыздар, осы телехикаяның түсірілуіне атсалысқан және ойнаған актёрлер. Адам жүрегі ауыратын тұстары көп. Жаным осындай кездесуге келгенде тіпті жақсы болар еді. Бірақ Тимур мен Гүлнардың істері өмірде де рас болса, соған ұялған шығар немесе Арманмен кездесуге отбасынан қаймыққан шығар. Алайда көпшіліктің көңілінен ойып тұрып орын алған кино болды. Рахмет барлықтарыңызға
@akshaizbenova5872
@akshaizbenova5872 5 жыл бұрын
Осындай терең мағыналы, жүрек қылын шертер әсем әуезді әндері бар, түсірілімі таза ,анық,тілі де таза қазақ кинолары көбейе берсін.Сонымен бірге оның насихатталуы осындай кездесулер арқылы халыққа тарай берсін.Арман Сқабылұлы, хикаяның жазылуына себеп, түрткі болған жағдай туралы айтқаныңызда алқымға өксік тығылып, көзге жас келді.Осы кезге дейін нәзік махаббатты аялап, аймалап, таза, саф алтындай сақтап келген алып жүректеріңіз ауырмасын.Махаббаттың мәңгілік, құдіретті екендігін дәлелдедіңіздер.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Aksha Izbenova, жылы пікіріңіз үшін Сізге көп рахмет. Қазақ киносы ең бірінші қазаққа керек, сондықтан өзіңіз сияқты көрермендеріміз көп болсын!
@user-lo8fi1sq4k
@user-lo8fi1sq4k 3 жыл бұрын
Тамаша оте унады сол сатер меныде есыме тусты ,мен кышкене кезымде Узбекстанда
@user-lo8fi1sq4k
@user-lo8fi1sq4k 3 жыл бұрын
Бостандык районда Каз санаторий болушы еды сол жерде мен осындай жас жыгытерды корушы едым ,тура солай журушы еды.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 3 жыл бұрын
Райхан, Сізге де жағымды пікіріңіз үшін көп рахмет. Аман болыңыз!
@user-rf8us1wq6r
@user-rf8us1wq6r 5 жыл бұрын
Арман ага оте керемет маган унады актерларда и олендериде жаксы .Сизге бар жаксылык тилеймин 100 жасай бериниз
@user-tv1wh1vm6b
@user-tv1wh1vm6b 3 жыл бұрын
"Акерке""Отыңды өшірме" "Әскерден хат" "Бөрі" "Аға" "Жаным" осы кйноларды сүйіп көрдім өте тамаша шыккан туындылар
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 3 жыл бұрын
Рахмет, қазақ телехикаясының көрермені болғаныңыз үшін. Енді "Егіз ғұмыр" атты егіз қыздың тағдырын суреттейтін телехикаяны да қарап шығыңыз.
@user-ws2bj3er5s
@user-ws2bj3er5s 4 жыл бұрын
өте керемет жүректі ауыртып та жылатыпта тұрып көрдік тамаша рахмет жүзге келіп жүз мың сериал түсіруңізді тілеймін
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 4 жыл бұрын
Батыр, иә, шынымен де жүрекпен көретін, нақты өмірге негізделген телехикая.
@user-nu8ze7bi7y
@user-nu8ze7bi7y 5 жыл бұрын
Арман аға, рахмет! Кино өте əсерлі. Денсаулығыңыз мықты боп, бақытты болыңыз! Тəрбиелік мəні бар телехикаялар жарыққа шыға берсін. Көрерменнің көзайымы бола беріңіздер!
@user-eb5cd5bt7m
@user-eb5cd5bt7m 5 жыл бұрын
Тарбиелik манi Керемет оте Керемет туынды. Жалгасын тапса деп сураймын. Арман ага коп коп рахмет. Жасай бериниз.
@user-mv6qs2rl7f
@user-mv6qs2rl7f 5 жыл бұрын
Сондай журекпен көретин кино биздиң студент кезимизди ойга тусиреди ,жылап та,кулипте көрдим мен рахмет!
@user-wf7qy1fx5g
@user-wf7qy1fx5g 5 жыл бұрын
Оте тамаша куаныштымыз казагымыздын сериалдары кобееберсин,енбектеринизге саттилик👍
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Шолпан, Сізге көп рахмет!
@user-tv1wh1vm6b
@user-tv1wh1vm6b 3 жыл бұрын
Жаксы кйно ұнады, Әсіресе Арман жас кезі, өте қарапайым әсерлі ойнады
@user-oe6en4ej8m
@user-oe6en4ej8m 5 жыл бұрын
Оте керемет кино бар журегыммен кордым унады Арман ага тек алга 💖
@ainurnayriz7634
@ainurnayriz7634 4 жыл бұрын
Өте керемет шығыпты рахмет
@user-xi4vc9pw4j
@user-xi4vc9pw4j 5 жыл бұрын
Керемет. Рахмет . Тамаша фильм.
@user-rx6qw8lu1l
@user-rx6qw8lu1l 5 жыл бұрын
Өте керемет кино маған қатты ұнады .Музыкалар жаныңа жылу сыйлайды😊😘
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Әсел, пікіріңізге рахмет. Шынымен де жүрекке жақын шығарма!
@user-zi8us8yj1s
@user-zi8us8yj1s 5 жыл бұрын
Арман ага сериалыныз керемет!!!! Тагыда осындай сериалдар кутемиз
@user-tq3by9sv5h
@user-tq3by9sv5h 5 жыл бұрын
Арман аға кино өте керемет түсірілген. Ж үрегім ауырды жыамым Біздің кездегі уақыт еді Шіркін ай уақытай өтіп жатқан
@apawkaapawkinov5764
@apawkaapawkinov5764 4 жыл бұрын
Жаным деген есим мода болатыны болды. Фильм тамаша болды
@user-zb6zz1bk4t
@user-zb6zz1bk4t 5 жыл бұрын
Кушти кандай әсіресе жабыққанда корсен көнілінді көтереді коса кайғырып жылайсын андериде өте кушти махаббатым оянып шабыттанып отырдым
@user-lt1nt4ho4v
@user-lt1nt4ho4v 5 жыл бұрын
Өте керемет Қазақ киносы жасасын
@user-tq3by9sv5h
@user-tq3by9sv5h 5 жыл бұрын
Өте керемет тамаша әсерлі фильм жылап та алдым жүрегім ауырды
@fmforever3241
@fmforever3241 5 жыл бұрын
Өте жақсы кино
@user-xx4hh6df5k
@user-xx4hh6df5k 5 жыл бұрын
Өте керемет түсірілген кино.Маған ұнады.
@qwertypolkij7809
@qwertypolkij7809 5 жыл бұрын
Тамаша.
@user-eu6ov6lx3l
@user-eu6ov6lx3l 5 жыл бұрын
Фариза ханымның əруағы да риза болған шығар 😍😍😍
@user-me1yf5bo3e
@user-me1yf5bo3e 5 жыл бұрын
Оте тамаша кино
@user-nb2du8ux6r
@user-nb2du8ux6r 4 жыл бұрын
Казак эли кыргыз эли Бир тууган эмеспи мен кыргыз жараны болом сиздердин сиалдарынар абдан жакты студенттикк кундорду абдан сонун чагылдырыпмынар ишинерге ийгилик.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 4 жыл бұрын
Клара, Сізге көп рахмет! Аман болыңыз!)
@user-ol1dj9yv2z
@user-ol1dj9yv2z 5 жыл бұрын
Соған өте лайық.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Меруерт, пікіріңізге рахмет. Иә, шынымен де өте сапалы шыққан отандық телетуынды.
@shaytonshayton1725
@shaytonshayton1725 4 жыл бұрын
Жаксы кино
@user-ey4wq4jh1v
@user-ey4wq4jh1v 4 жыл бұрын
Өте керемет кездесу
@Bounty.b
@Bounty.b 5 жыл бұрын
Керемет кино✊👏👏
@user-ol1dj9yv2z
@user-ol1dj9yv2z 5 жыл бұрын
Оскар алса таң қалмаймыз.
@user-pc8zy8ln5n
@user-pc8zy8ln5n 5 жыл бұрын
керемет кино.
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Иә, қазір ұлттық арнада көрермендердің сұрауы бойынша қайталап беріп жатыр.
@baurzhankuan1428
@baurzhankuan1428 5 жыл бұрын
Казакша кино коп болсн
@zamanbek2425
@zamanbek2425 4 жыл бұрын
Керемет
@user-sm5gs5sr4t
@user-sm5gs5sr4t 5 жыл бұрын
Музыка кандай
@user-mu6np3te5l
@user-mu6np3te5l 3 жыл бұрын
😭😭😭😭😭 Еххх кандай өкінішті!!!
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 3 жыл бұрын
Мәншүк, бұл өмір ғой, онда неше түрлі оқиға болады...
@user-bk8ig3dh6y
@user-bk8ig3dh6y 4 жыл бұрын
Жаным телье хикаия Жаксы Арман мен мен жаным жаксы ойнады жане барлык улдар да Кыздар да жаксы ойнады бул кнонын Жалгасы болама? Мен семй каласынан. Болам Токмурзин болат Марат улы
@aishabektiyar4806
@aishabektiyar4806 2 жыл бұрын
Серик Аббас Шахпен бирге окыганбыз.
@raushanelamanova2911
@raushanelamanova2911 4 жыл бұрын
"Kyz mahabbati" degen oleni tolik emeskoi Alua Kosanovanin aitkani tolik nuskasin kaidan aluga boladi....?
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 4 жыл бұрын
Раушан, иә, Алуа ол өлеңнен тек үзінді ғана орындаған еді. Әннің толық нұсқасы біздің қорымызда әзірге жоқ, музыкалық сайттардан қарап көріңіз, табылып қалар.
@user-rx1rc6gg9f
@user-rx1rc6gg9f 5 жыл бұрын
6 кейінгі сериалдары қайда?
@user-tz1qb5ti6s
@user-tz1qb5ti6s 5 жыл бұрын
қай қала?
@farabimedia-kaznu3874
@farabimedia-kaznu3874 5 жыл бұрын
Алматы
@user-tz1qb5ti6s
@user-tz1qb5ti6s 5 жыл бұрын
@@farabimedia-kaznu3874 м
"Жаным менің" телехикаясының актерлері студияда қонақта
11:30
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 38 М.
Мен саған ғашық емес ем
2:51
Miras Manap
Рет қаралды 94 М.
1❤️
00:20
すしらーめん《りく》
Рет қаралды 32 МЛН
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17
когда достали одноклассники!
00:49
БРУНО
Рет қаралды 3 МЛН
[柴犬ASMR]曼玉Manyu&小白Bai 毛发护理Spa asmr
01:00
是曼玉不是鳗鱼
Рет қаралды 47 МЛН
Бір рет «жаным» деші | «Құдаша қыз» телехикаясы
10:32
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 59 М.
ПУТИН МЕН ТОҚАЕВ ШЫН ДОС ПА? / Әлем тынысы
40:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 55 М.
Túngi studio (Түнгі студия) - Арман Қоңыр, Аша Матай
29:57
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 371 М.
МЕНІҢ АҚИҚАТЫМ СӘКЕН ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ
20:00
Аманжол Әлтаев "СЕН КЕТКЕЛІ"
1:49
Nartay Saudanbekuly
Рет қаралды 102 М.
Жаным менің. Телехикая. 1-бөлім
42:16
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 219 М.
"Қоңыр" тобына 10 жыл
14:44
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 27 М.
Hoppy Hopscotch x Pennywise - Poppy Playtime Chapter 3
0:24
DuckyOMG
Рет қаралды 6 МЛН
LOLLIPOP CHALLENGE 🍭 [ANIME]
0:20
Alan Too
Рет қаралды 11 МЛН
Прояви гостеприимство🤣#фильм #сериал #кино
1:00