Алашорданың ерен ерлігі!

  Рет қаралды 175,990

KÓRGEN DURYS

KÓRGEN DURYS

3 жыл бұрын

Бәрңізге Ассалаумалейкум
Сіз кімді таңдайсыз Алашорданы ма, Нұр Отанды ма? Әрине, оларды салыстыру да күлкілі. Бірақ, бүгінде Әлихан десе кірпідей жиырылатын тұз көзіріміз бен корольдарымыз сол Әлиханның тырнағына тати ма екен, жер Қазақтыкы, тілсіз Қазақ жоқ деген Әлиханның асыл сөзінің қаншалықты күл парша болғанын бүгінгі видеода баяндайтын боламыз кеттік енлеше!
Құрметті көрермендерім. Әдеттегі дәстүр бойынша 1 минутымызды қиып, видеомызға лайк басып, арнаға тіркеліп, қасында шыққан құтақандай қоңыраушаны баса кетулеріңізді сұраймын. Еңбек менен, шабыт беру сіздерден ағайын!
Шын мәнінде қазіргі Қазақ елінен Алаш автономиясы әлдеқайда Тәуелсіз болған.
Әлихан Бөкейхан Ресей демократиялық ел болса, автономиялы мемлекет болып уақытша тұруды көздеген. Себебі ол кезде қазақ халқының 90 пайызға жуығы сауатсыз болатын. Мұндай жағдайда бірден Тәуелсіз мемлекет болып кету күрделі екені белгілі.
Алайда Алаш орда үкіметі мен Алаш автономиясының ұстанымы биыл Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатқан қазіргі Үкіметтен әлдеқайда қуатты болды. Бұған алаштың бес бірдей ұстанымы дәлел бола алады. Бұл ұстанымдарды белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай жариялағанын айтып өткен жөн.
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейханның ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Яғни, жер - Отан, aл Отанды сатуға да, жеке меншікке айналдыруға да болмайды.
Ал қазір биліктің жерге байланысты ұстанымы қандай?
Үкімет 2000 жылдан бері «жерді шет елдіктерге жалға береміз» деп жанығып жүр емес пе? Жер сатылмайды дем корольіміз кесіп айтқанымен шетінен жеріміз мұжылып жатыр. Оған кешегі Көптоғайдағы келеңсіздіктер куә! Путекең бастаған шовинистер Қырымның шипасы бітсін, содан кейінгі ісім Қазақстанмен, Солтүстік наш, наш деп екі қолын түкіріктеп те отырған шығар, бәлкім Алла сақтасын
«Жер жекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді» деп айтқан Алаш орда Үкіметі тәуелсіз бе, жоқ әлде қазіргі біздің Қазақстан ба?
Екінші ұстаным: жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә.Бөкейханның айтуынша: «Оның әрбір түйір тасы әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
Қазіргі кезде Менделеев кестесіндегі байлық сіз бен бізге бұйырып отыр ма? Неге Тәуелсіздігіне 30 жыл болған бүгінгі билік «Әрбір түйір тас әр қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек» деп айтып, тап солай саясат жүргізбейді? Батыс пен Орталық Қазақстан орыс пен қытайдың, қала берді ағылшын мен арабтың меншігінде! Ал енді, Кім тәуелсіз? Алаш орда ма, жоқ әлде қазіргі Қазақ елі ме?
Үшінші ұстаным: Ә.Бөкейханның жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздік пен бірлікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.
Қазір біз өзімізді экономикалық тұрғыдан толық тәуелсізбіз деп айта аламыз ба? Үкімет жыл сайын Қытай мен өзге де елдерден қарыз алып жатқан кезде бұлай айта алмасымыз анық.
Төртінші ұстаным: қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек, яғни, Халел Досмұхамедұлының пайымдауына жүгінсек, «ұлттық мәдениет үстемдігі сақталуы» тиіс болатын. Алаш арыстары «Тіл үстемдігі болуы керек» десе, біздің билік әлі күнге дейін Кремьлге жалтақтап, Ата заңдағы Тіл туралы заңның 7-бабының 2-тармағын алып тастай алмай отыр. Аталған тармақта «Орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған болатын. Сіздің ойыңызша кім тәуелсіз? Алаш орда үкіметі ме, жоқ әлде қазіргі билік пе?
Дін туралы да көп нәрсе айтуға болады. Отыз жыл бойы көпдінділікті насихаттап келдік. Ал Парсы патшасы Дари «Мемлекет баянды болуы үшін тіл және дін үстемдігі болуы керек» деп айтқан екен. Бұл
Бесінші, түпкі мақсат: тәуелсіз ғылымға, ұлттық салт-дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді. Егер біз 1920 жылы Тәуелсіздігімізден айырылып қалмағанда Жапония, ең кем дегенде Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекетке айналар едік. Аталған елдерде жер асты байлығы мүлде жоқ деуге келеді. Ал біздің елде Менделеев кестесіндегі барлық қазба байлықтары бар.
Марқұм Шерағамның сөзімен айтсақ: алтын сандықтык үстінде жалаңбұт отырған мемлекетпіз, от тілді Оразалы ақынның тілімен түйіндесек: аспаннан киіз жауса да ұлтараққа жарымаған халықпыз.
Кеңес үкіметінің Қылышынан қан тамып тұрған шағында, ешкімге жалтақтамай ұлттық идеология мен реформаны қалыптастыру үшін маңдай терін тамызын, қызыл қанын ағызып кеткен алыш арыстарына бас ұрамын, оларды сағынамын. Бейбіт заманның көгінде сондай аптал азаматтар қырандай қалықтағанда ғой шіркін, бәлкім біз қорқақ қояндай бүгежектеп, жетім қозыдай маңырап отырмас едік ау. Бір кем дүниеее
Бағжан Бақбергенұлы

Пікірлер: 365
@korgendurys
@korgendurys 3 жыл бұрын
ТАҚЫРЫПТЫ ДҰРЫС ҚОЙМАҒАНЫМ ҮШІН СІЗДЕРДЕН ИІЛІП ТҰРЫП КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН! АЛАШ АРЫСТАРЫ ТУРАЛЫ ВИДЕОМЫЗ КӨП КӨРІЛІМ ЖИНАУЫ ҚАЖЕТ, ЖАСТАР БІЛСІН, КӨРСІН, ОЯНСЫН! Арнаға қаржылай көмек беріп жатқан жандарға алғысым шексіз, Алла разы болсын! Білген дұрыс арнасының бұрынғы мәтіншісі Бағжан Бақбергенұлының жас арнасына тіркеле кетіңіздер!🇰🇿✔️
@user-sb5rk8hm8o
@user-sb5rk8hm8o 3 жыл бұрын
Менің жазған сыныма ренжімегеніңе ризамын ! «Көш жүре түзеледі» дегендей , көрермендеріңнің анша-мұнша сынына құлағыңды түре жүрсең , бәрі жақсы болады. Каналың өркендей берсін ! Қазақ тілді канал , әрине , өте керек ! Көрермендерің көп болсын !!! 🙏
@user-ed2jn5wh6l
@user-ed2jn5wh6l 3 жыл бұрын
Жерсатылмаиды
@oseketv3552
@oseketv3552 3 жыл бұрын
Адамды қорқыта бермеңдерш 😑😐
@user-vg4zr2pz6h
@user-vg4zr2pz6h 3 жыл бұрын
Тоқсан пайыз сауатсыз болған деген не сөз? Миларыңа қайдан кіреді, Алаш ордасы мүмкіндік болса барынша бөлінуге атсалысқан. Бірақ мүмкіндік бермеген, саутсыз деген жалған ақпарат.
@tomkruz1844
@tomkruz1844 3 жыл бұрын
Тақырыпты әдейі бұрмаламаңдар!
@ttbb1634
@ttbb1634 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын, жалға берілмесін
@user-fl2ev3ib4t
@user-fl2ev3ib4t 3 жыл бұрын
Коп суйлейсин
@user-yf7ym7jk1z
@user-yf7ym7jk1z 3 жыл бұрын
@@user-fl2ev3ib4t кинкелес жер сатылмасын далбан сатқын
@alihanyestay3614
@alihanyestay3614 3 жыл бұрын
@@user-fl2ev3ib4t сен сойлемей уйыктай Бер!
@esenberd2916
@esenberd2916 3 жыл бұрын
Қазақ жері бір ғана қазақ халқына берілсін!
@user-qy5jc2qo4w
@user-qy5jc2qo4w 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын вакцына салмасын еркин болайык
@user-dr7yx9mm1p
@user-dr7yx9mm1p 3 жыл бұрын
Жеріміз өзіміздікі не үшін сатылады байлыққа құныққандар бәлелер ваксина да керек емес
@user-hi6km2iv7x
@user-hi6km2iv7x 3 жыл бұрын
АЛЛА АЛАШ АРЫСТАНДАРЫНЫН РУХЫН КАЗИРГИ ЕР АЗАМАТАРГА БЕРСИН✊✊✊💪💪💪💪💪💪💪
@tomkruz1844
@tomkruz1844 3 жыл бұрын
Аумин,Алла нәсіп етсін!
@user-yf7ym7jk1z
@user-yf7ym7jk1z 3 жыл бұрын
Қазақ үшін жер үшін жаным паида қосыл қатарға😭😭😭😭😭😭😭😢😢😢😢😢😢😢
@user-um7jl8ju2e
@user-um7jl8ju2e 3 жыл бұрын
Біз бейшара халық екенбіз, Серікжан Біләштің айтқаны дұрыс, біз сұрыпталып, қаймағы атылып, тек тексіздер қалған халық екннбіз. Жылайтын дағдай.
@user-sb5rk8hm8o
@user-sb5rk8hm8o 3 жыл бұрын
Ол рас қой , бірақ дегенмен бір амалын жасап , санамызды , рухымызды оятуға әрекеттенейік та ! Батылдарымызды қолдайық , қорғайық ! Бишарамыз деп отыра береміз ба !????????????
@nerneki2736
@nerneki2736 3 жыл бұрын
Шүкір азайғанда,шағым көбейіеді...і
@user-qb4ju9xm3e
@user-qb4ju9xm3e 3 жыл бұрын
@@user-sb5rk8hm8o Өте дұрыс айтасыз......деп отыра беруге болмас , әрекетке көшу керек !
@user-fb5os5in3q
@user-fb5os5in3q 3 жыл бұрын
Казiр бiлдiнба, молодец
@user-qb4ju9xm3e
@user-qb4ju9xm3e 3 жыл бұрын
@@user-fb5os5in3q Кімге айтасыз ?
@user-hw9oc7fd8n
@user-hw9oc7fd8n 3 жыл бұрын
Алихан Букейхан атамыздын жаткан жеры жумак болсын , жаннатын торинде болып , урпактарына жаксылык болсын !!!
@user-px9cn5ky5e
@user-px9cn5ky5e 3 жыл бұрын
жер ушин қазақ ушин жаным пида
@user-fb5os5in3q
@user-fb5os5in3q 3 жыл бұрын
Амбразурага жататын батыр жiгiтер бар екенго, молодец
@user-fo9iu4np2y
@user-fo9iu4np2y 3 жыл бұрын
ОТАН ҮШІН ЖЕР ҮШІН МҰСЫЛМАНДАР ҮШІН ЖАН АЛЫП ЖАН БЕРУГЕ АЗІРМІЗ БҰЛ АЙТЫЛҒАН СӨЗІМ АЛЛАНЫҢ АТЫМЕН АНТ ЕТЕМІН ЖАУҒАДА БЙЛІК БАСЫНДАҒЫ БАШЫЛАРҒА АЙТАТЫМ ЖЕР ҮШІН ҚАН ТӨГУ ШАХИТ БОЛАДЫ ШАХИТ БОЛЫП ӨЛУ АБРОИ ЖЕРДІ САТПАҚ БОЛҒАНДАР ХАЛЫҚ ҮШІН ЖАУ ОСЫН БІЛІП КОЙЫҢДАР АЛЛАНЫҢ БЕРГЕН БІР ЖАН АТАЛҒАН 3 НАРСЕГЕ ОЙЛАНБАСТАН ЖАН БЕРІП ЖАН АЛАМЫЗ АЛЛАХУ АКБАР
@user-sb5rk8hm8o
@user-sb5rk8hm8o 3 жыл бұрын
Шахан ! Осы айтқаның жүректен шыққан сөз болса , онда сен нағыз халқыңның , ұлтыңның , мемлекетіңнің патриот ұлысың ! 👍👏👏👏👏👏 Төңірегіңдегі адамдардың ойы да осындай болса , тіптен жақсы ! Ойы , санасы дәл сенікендей болған адамдармен топтасу керек . Мына шіріген билікпен күреске дайын болуымыз керек. Өйтпесе мына билік қазақтың да , Қазақстанның да түбіне жететін болды.
@user-fo9iu4np2y
@user-fo9iu4np2y 3 жыл бұрын
@@user-sb5rk8hm8o ҰЛТШЫЛ БОЛУ БІЛІМНЕН ЕМЕС МІНЕЗДЕН ХАЛЫҚ ҮШІН ЖЕР ҮШІН МҰСЫЛМАНДАР ҮШІН АЛЛАҒА СЕРТ ЖАН БЕРІП ЖАН АЛУҒА АЗІРМІЗ
@user-fb5os5in3q
@user-fb5os5in3q 3 жыл бұрын
Зор молодец, даиындалаберiндер
@user-mg2nu4vx6t
@user-mg2nu4vx6t 3 жыл бұрын
Алаш орданы құру керек.Ол жастардан болу керек.,Бір бірінің артын қаззбай ауыз біріктіу керек.Ауыз бірікпегендіктен ала алмай отыр ғой билікті.
@user-su7ln3ny5i
@user-su7ln3ny5i 3 жыл бұрын
Шахан бауырым рухын куламасын ешкасын, сендей елин ойлайтын азаматтар кобейе берсин. АЛЛАХ елин ушин истеген арбир исинди онынан кылсын🤲🤲🤲
@user-sp3gz3vj7j
@user-sp3gz3vj7j 3 жыл бұрын
Жерді жеті Атаң тастап кеткенбе сататындай Жердін иесі Халық!
@lgsamsung4726
@lgsamsung4726 3 жыл бұрын
Сол жердің иесі Қазақ болалмай тұр ғой. Жерімізден табиғи байлық мұнай шыққалы бері Қазаққа тиесілі болған емес... Қазақ елінде өз жерімізде тұрамыз деген аты болмаса . . Біздің тəуелсіздігіміз де өтірік сөз жүзінде , Іс жүзінде шындығында назарды ресей қойды кремілдің қол астында , тоқай да соны жалғастыруда , Назар да тоқай да билікке халықтың əділ сайлауымен келген емес ..
@user-sp3gz3vj7j
@user-sp3gz3vj7j 3 жыл бұрын
@@lgsamsung4726 Бұлар кәдімгідей байланған Таза ештеңе жоқ Халық ұйқыда Жағдай мүшкіл Байланған блогерлер сананы улауда Шүкір деп жүріп жатқан жағдайымыз бар Кеуделеріне нан піскенмен арттары қуыс Ағайындар Сөйлегендерді кәдімгідей сөңдіруде Ертеңгі күн қара түнек! АУЫРМА!!!
@shyrynkengebekova8138
@shyrynkengebekova8138 3 жыл бұрын
Жер сатылып жатыр оны біз білмеиміз АСТАНА НАШ НАШ деген топас қаида шетелде отырып...😂
@user-ie5se2qo6e
@user-ie5se2qo6e 3 жыл бұрын
Қайран Алаш арыстары иманды болыңдар .
@user-le1mj7om4n
@user-le1mj7om4n 3 жыл бұрын
АЛЛА ТАГАЛА жар болсын казагыма Казакстаныма
@tele8436
@tele8436 3 жыл бұрын
Ұры отан десеңші Нұрды былғамай, Әрине Алаш.
@user-qf6pl3bm1u
@user-qf6pl3bm1u 3 жыл бұрын
Жандары жаннатта болсын!
@user-wc6tb3ws5f
@user-wc6tb3ws5f 3 жыл бұрын
АЛЛА жазасын берсін. Қазақ мәңгілік.
@myrzantolebialashqazaq5464
@myrzantolebialashqazaq5464 3 жыл бұрын
Бәрін қазақ халқына ыңғайлы етіп орналастырсын. Мемлекетті қазақ халқы ұстап тұр яғни қазаққа қызмет қылсын билік.
@gulsim5620
@gulsim5620 3 жыл бұрын
Е ЖАРАТҚАН, ӘРИНЕ ЖЕР ОТАНСЫЗ БОЛМАС, ОТАН ХАЛЫҚСЫЗ БОЛМАЙДЫ , ҚАЗАҒЫМ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІКТЕ, ЫНТЫМАҚТА БОЛАЙЫҚ! ЖЕРДІҢ ЕШКІМГЕ САТЫЛУЫНА ЖОЛ ЖОҚ, ТІЛІМІЗ БЕН ДІНІМІЗ МЫҚТЫ БОЛСЫН !ХАЛҚЫМ АМАН БОЛАЙЫҚ !
@myrzantolebialashqazaq5464
@myrzantolebialashqazaq5464 3 жыл бұрын
@@gulsim5620 Аумин. Ел жерді жан кеткенше қорғаймызғой
@user-mg2nu4vx6t
@user-mg2nu4vx6t 3 жыл бұрын
Жер жоқ болса, өзіміз де жоқпыз.Жер аламыз,жер үшін жанымыз пайда.Жер үшін күресейік ағайын.Жастар алынсын.
@myrzantolebialashqazaq5464
@myrzantolebialashqazaq5464 3 жыл бұрын
@@user-mg2nu4vx6t +
@user-nk7zf4uz2g
@user-nk7zf4uz2g 3 жыл бұрын
Уа қазағым бауырларым бізде Үш Жүз жоқ оны басқалар оилап тапқан бізді ыдыратып бір бірімен қырылыстырып жерінде ұрпағында жоқ қылу үшін
@user-qy4sp1li2y
@user-qy4sp1li2y 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын арендағада берілмесін мен қарсымын
@erzhanrahmeshov6270
@erzhanrahmeshov6270 3 жыл бұрын
Барлық заңды қазаққа,қазақ тілділерге ыңғайлы етіп қайта қарау керек.Қазақстандық деген халық жоқ.Тек қана қазақ халқы бар Қазақтың елінде.
@user-rl9fi9lq5g
@user-rl9fi9lq5g 3 жыл бұрын
Алаш орда жасасын
@user-ij6en7py3p
@user-ij6en7py3p 3 жыл бұрын
Орыс тілін алып тастасын .
@alihanyestay3614
@alihanyestay3614 3 жыл бұрын
Онын дурыс емес. Сауаттых бол.Оз тылынды таза менгер озге тылде де сойлей сойлей былгеннын айыбы жок.
@aibekakylbek1379
@aibekakylbek1379 3 жыл бұрын
Неге
@alihanyestay3614
@alihanyestay3614 3 жыл бұрын
Халыкаралык денгейге шыкпайсын ба? Мемлекет аралвк карым катынас керек. Агылшын тылы орыс тылы буткыл мемлекет тылын былсен кор болмайсын сауатты Болу керек.Жалгыз казакстанды жауып алып отырмайсын гой. Сауда саттык экономикалык карым катынас Болу керек.Болашакты ойла. ОЗ ТЫЛЫНДЫ таза менгер Саган ешкым кедергы жасап жаткан жок кой.
@user-iy3pl2ec9j
@user-iy3pl2ec9j 3 жыл бұрын
@@alihanyestay3614 бірте - бірте азайту керек орыс мектептерін ,бір қалада бір -екі орыс мектебін қалдыру керек ,орысшасызда күн көреміз ,бұл қазақтардың балдарын қазақ мектебіне беруіне септігін тигізеді қазақ тілінің мəртебесін көтеру қажет , орыс тілінің статусын "язык межнационального общения "дегенді алып тастау керек . БАРЛЫҚ Ұлт Қазақсанда қазақша сөйлесуі керек сондай заң керек Қытайдағыдай ,сонда ғана бəрі қазақ тілін сыйлап үйрене бастайды
@user-iy3pl2ec9j
@user-iy3pl2ec9j 3 жыл бұрын
Дұрыс қосыламын
@user-nr1vz4ef6m
@user-nr1vz4ef6m 3 жыл бұрын
Бәрекелді ӨТЕ дұрыс айттыңыз рахмет сізге Аллаһ тағала разы болсын Әмин Әмин Әлһамдулиллаһ Билік ТОПАС шіріген қорқақ Өңкей қорқаулар сатқын екіжүзділер жиналған, биліксымақ жойылсын Ин шаа Аллаһ солай БОЛСЫН.
@boria9008
@boria9008 3 жыл бұрын
Жер және жер оян, оян Қазақ болмас құрыймыз Призедентті ауыстыруымыз керек
@user-tu6fq9do8k
@user-tu6fq9do8k 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын ✊
@user-wg4hb7mp6d
@user-wg4hb7mp6d 3 жыл бұрын
Жалтақ биілік әбден жалықтырды. Өйткені ұрлықтары көп.
@user-ub6py6fy3s
@user-ub6py6fy3s 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын қарсымыз
@user-mz6hl9si6m
@user-mz6hl9si6m 3 жыл бұрын
Алаш орданы таңдаймыз. Алашқа Тырна ғыда татымайды. Оны сен жақсы білесің?
@user-bi7un3mr6o
@user-bi7un3mr6o 3 жыл бұрын
Жақсы мәселе көтеріп жатсың ісің оңынан болсын РАХМЕТ Жазылдым лайық бастым
@erastartkz3388
@erastartkz3388 3 жыл бұрын
Быратан алақаласа аумйн 1000000болынгыз
@mobilplus2508
@mobilplus2508 3 жыл бұрын
Орысқұл мен қытайшылдардан қалай құтыламыз Елге жаны ашитын пенде бар мекен ҚҰДАЙ АУ.
@user-yf7ym7jk1z
@user-yf7ym7jk1z 3 жыл бұрын
Мен бармын қорқпандар қайрат рұсқұлбеков сияқты болам желтоқсан сияқты қарсы шығамыз😡😡😡😡😡
@user-fb5os5in3q
@user-fb5os5in3q 3 жыл бұрын
@@user-yf7ym7jk1z кеин атылып кетесiн, жаман казiр жагдай
@user-yf7ym7jk1z
@user-yf7ym7jk1z 3 жыл бұрын
@@user-fb5os5in3q атылып кетпеимін өлсем қазақстан үшін өлем
@alyikasenova3260
@alyikasenova3260 3 жыл бұрын
Кудайым-ай, шайнаган казактар, кашангы шайнасындар, созим жок,омир бойы кул болып отемиз,соз жок!!!!!!
@alyikasenova3260
@alyikasenova3260 3 жыл бұрын
Кудай сендер казактар, котерилиндер !!! Казак ели алга!!!
@user-id1zv8mv5x
@user-id1zv8mv5x 3 жыл бұрын
Басымызға бәле болып біткен боқотан болды қазақтың соры болды ғой
@user-ep6rm6el9k
@user-ep6rm6el9k 3 жыл бұрын
Я АЛАШ ОРДА ТӘУЕЛСІЗ ҒОИ АЛ ҚАЗАҚ НҰРСҰЛТАН ҚАЛМАҚ ӨЛМЕИ ҰЛТАРАҚҚА ЖАРЫМАИ ӨТЕМІЗ ТІЛІМІЗДЕ СОЛ КЕЗДЕ САЛТАНАТ ҚҰРАТЫН БОЛАДЫ
@jumagultemirshanova108
@jumagultemirshanova108 3 жыл бұрын
Оның өлгенін тоссаң құрыдым дей бер! Ол ит жанды қазақты құрытпай өлмейді. Ата бабасынын кегін алып кетейін деп отыр оңбағыр. Бізгеде сол керек аңқылдап бәріне сене беретін. Әлі күнге дейін соның сөйлейтін мыйғұла жетіп артылады. Экономиканы құртты бәрін сатты енді жерге ауыз салсада үніміз өшіп отырмыз! Біздей кәрі құртаң болмаса жастарға ештеңе керек болмай барады. 30 жылда халықты сауатсыз қылып дегеніне жетіп үлгерді. Әркім өз отбасында осыны бала шаға немере шөбереге айтып отыру керек!
@user-fc4yp9ey7h
@user-fc4yp9ey7h 3 жыл бұрын
Орыс тилин алып тастасын.
@maksmajs4670
@maksmajs4670 3 жыл бұрын
@@user-fc4yp9ey7h орыс тілі керек орыс мектептерді жабу керек
@maksmajs4670
@maksmajs4670 3 жыл бұрын
Керек емес дегенім орыс тілі
@user-fb5os5in3q
@user-fb5os5in3q 3 жыл бұрын
@@maksmajs4670 канша адам жумыссыз калат, соны бiлесiнба, канша адам 4 жыл окып мамандык алып отбасын багып отыр, окымаган адамга по барабану буны тусiну ушiн басы болсада iшiнде миы жокка аитар соз жок
@romalmous3318
@romalmous3318 3 жыл бұрын
Алашорда халқының қамын жеди, урыотан қазақтың қанын ишти
@zamanbekhosobai1652
@zamanbekhosobai1652 3 жыл бұрын
Әссәламу әләйкум. Аға- бауырлар!. Еш уақытта жер ешкімге сатылмасын, және ешкімге бпрілмесін. Бұл жерді, ата-бабамыз қанымен жанын беріп алған. Содықтанда бір жапырақ жер ешкімге берілмеу керек. Жоғарыдағы отырғандардың, отыз жылдан бері, осы жерден басқа ештеңелері қалған жоқ па. Құдайдан қорқпайсындарма басшылар. Алла жазаларыңды береді, асықпаңдар. Ұрпақтарыңды ойлаңдар, сіздер үшін олар (ұрпақтарың) жазаланып қалмасын; ел басшылары, үкімет басшылары. Жақсылап ойланыңыздар,және Мемлекеттік тіл: Қазақ тіл болсын, басқа тіл керек емес.
@user-sf5rm2gi2g
@user-sf5rm2gi2g 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын Саткындарды жер жутсын курып кеткей Алла Казакка бостандык береке берсин
@user-iq6qf5vh7m
@user-iq6qf5vh7m 3 жыл бұрын
Ассалаумалейкум бауырларым мна жуйени тубимен ауыстыру керек кашангы унсиз отыраберемиз жерди саттыдеген отанын сатумен тен уры отан тоймадау аттен шеттеринен аланга,алыпшыгып Алланын занынмен жазаласак келиси келген биликке улги болареди.
@user-du3ut7mg7c
@user-du3ut7mg7c 3 жыл бұрын
Алаш👍🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-ku6ln6uo8u
@user-ku6ln6uo8u 3 жыл бұрын
Неге осы уакытта осындай батыл аталарымыз жок осыншама казакстан Неге шыкпайды
@kanatbekdumsebaev3984
@kanatbekdumsebaev3984 3 жыл бұрын
Е Бауырым алдымен сатқындардан арылу керек соны түсініу қыиынба
@rimabaltaeva7263
@rimabaltaeva7263 3 жыл бұрын
Біз жерді жаудан коргайтын шамада емеспіз,армияның түрі анау,бір бірін корлап кинағаннан баска колдарынан мылтык ату да келмейді
@user-hc4vk8xf5x
@user-hc4vk8xf5x 3 жыл бұрын
👍👍👍👍
@lloydbanks3442
@lloydbanks3442 3 жыл бұрын
Жемкор биликти куу керек
@user-en5pi4ew4j
@user-en5pi4ew4j 3 жыл бұрын
Жерді сақтап қалмасақ түбі құрдым. Жер Отан оны опасыз арам қатқырлар сатады.
@kulashtursymanova86
@kulashtursymanova86 3 жыл бұрын
АЛАШ АЗАМАТТАРЫНА ҮЛКЕН РАҚМЕТ АЗУЛЫМЕН АЙҚАСЫП ЕЛДІ ЖЕРДІ САҚТАП ҚАЛҒАН ӘТТЕҢ СОЛАР ЖЫЙЫРМА ОТЫЗ ӨМІР СҮРГЕНДЕ ДЕП АРМАНДАЙМЫН АРМАНДАУҒА ШЕК ЖОҚ
@user-xm2ml2mn4p
@user-xm2ml2mn4p 3 жыл бұрын
Қалмақ Назарбаевті тұтқындап,ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚ ЕЛІ,балуымыз керек уақын өтіп барады ең бағалы. Оян қазағым ордан шығайық.
@user-pq3ep4sz6k
@user-pq3ep4sz6k 3 жыл бұрын
Уже зайбал болдындарго
@serjansagat4427
@serjansagat4427 3 жыл бұрын
Біздің жүректе Әлихан "ұлт көшбасшысы "болыпқалады!
@user-vr6qy9nl2n
@user-vr6qy9nl2n 3 жыл бұрын
Шынайы ақпарат көп болса екен. Белгілі нәрселерді қайталап айта берудің қажеті жоқ. Жаңа ақпарат күтеміз.
@user-fg6lm3pp7q
@user-fg6lm3pp7q 3 жыл бұрын
Алла жар болсын
@kokborikerei7309
@kokborikerei7309 3 жыл бұрын
Әрине Алаш Орданы таңдаймын. Мал отан, ұры отан, қалмақ партияның керегі жоқ
@user-ms5iv6fj7d
@user-ms5iv6fj7d 3 жыл бұрын
жер сатқандарға ату жазасын сұраймын
@user-wb7sp8vg4v
@user-wb7sp8vg4v 3 жыл бұрын
өте сауатты,нақты айтылған ой,сананы дүние билеген заманда,бірақ тыңдар құлақ болса?
@magishakai5830
@magishakai5830 3 жыл бұрын
Керемет
@arkashaarcan782
@arkashaarcan782 3 жыл бұрын
Жер - Отан - деген дурыс тусиник. Агарту жумысын жургизип жургенинизге коп РАХМЕТ
@user-ob5td5tg8u
@user-ob5td5tg8u 3 жыл бұрын
Өркенің өссін! АЛЛА ТАҒАЛА ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІН, ХАЛҚЫН, ТІЛІН, ДІЛІН, АР-ҰЖДАНЫН, САЛТЫН САҚТАСЫН! ӘУМИН 🤲!
@user-zi6ss8xk9n
@user-zi6ss8xk9n 3 жыл бұрын
Надо срочно,срочно,срочно.Кто п родает Земли,Родину,Отечество.Того к стенке и расстрелять.Без су да и следствия.За правду и справедливость.Алға Казахстан.
@user-jm6dm6um2f
@user-jm6dm6um2f 3 жыл бұрын
Алашты қолдаймын
@user-vx5cq6li8s
@user-vx5cq6li8s 3 жыл бұрын
Алаш орданы. Қолда мың.
@user-tp5xp2wf8c
@user-tp5xp2wf8c 3 жыл бұрын
Қалаи тұз көзер, дамы қарға құны жоқ, қалыққа дым абыроиы жоқ. Сатқын, екі дүниеде оңбаиды.
@user-gr7ss8vi4j
@user-gr7ss8vi4j 3 жыл бұрын
Жараисын бауырым дурыс аиттын, колдаимын мына жаулар жагадан алган заманда казагым жан жакта лагып отыр, биригеик казактар, бауырлар, тектилер каидасындар, Оянаиык!!!!!!!
@ibragimmoldabek3681
@ibragimmoldabek3681 3 жыл бұрын
Бүкіл билік, тазартылсын! Қаны таза , қазақ жеріне, халқына шын жаны ашыйтын, ол дүниесін ойлайтын , Алладан қорқатын нағыз еркекше жауап бере алатын қазағым деп соққан жүрегі бар азаматымыз отырсын Ел билігіне. Қатын секеілді, өсекке сенетін, орыстардың барып кел, шауып кел болып жүретін сатқын қатын секілді еркек сымақ керек емес...
@user-mw8me4dw7y
@user-mw8me4dw7y 3 жыл бұрын
Алға қазақ оян
@user-do9gw8yp1e
@user-do9gw8yp1e 3 жыл бұрын
Ер жігіт ер болмас ата-бабадан қалған жерді қорғамаса ел болмас.
@user-eq8wu9wu9n
@user-eq8wu9wu9n 3 жыл бұрын
Ана - Жер-Ана. Жерды сыйлай, суйю керек. Онымен колданып, кокыстан тазарту керек, жермен айналысу керек, сонда бос жер болмайды. Кимнин жумысы бар, ондай жерге.
@adildariev4973
@adildariev4973 3 жыл бұрын
Меным Елбасым президентым Әлихан Бөкейхан
@user-xh5bb2zv5x
@user-xh5bb2zv5x 3 жыл бұрын
ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ идиологиясы болуы тиіс.ҚАЗАҚ ЕЛІ болып аталуымыз керек. Бақтыбай Балапан.
@user-ux2tp1tc4v
@user-ux2tp1tc4v 3 жыл бұрын
Алашорда
@user-hi7so8sy3z
@user-hi7so8sy3z 3 жыл бұрын
Карның ашады Нур отанға не істиміз колдан еш келмиді
@daurendauilbaev1292
@daurendauilbaev1292 3 жыл бұрын
Оте керемет аитылган косылам
@user-on9in5pm7m
@user-on9in5pm7m 3 жыл бұрын
Өзімшілдік, мен, мендік, қорқақ, Алаш орда хандығындағы азаматтары өлді, милиондардан бір азамат жоқ, қарындары тойса, болды, Халық, Отаным дегендер қайдан болсын, өңкей сайқалдар отырғанда, азаб-тартқаның тартқан, Қазағым біздің өмірмен олорды салыстыру жермен көктей, ішкен тамақтары заказбен шет елден, алдырады, Қазақтың байлығын солар ішіп, тышып жатса, қайдан Қазақтар жарысын қарызданбағанда, ішкен асын адал ішсе, арамдар
@user-sk5gh6jg6u
@user-sk5gh6jg6u 3 жыл бұрын
Жер сатылмауы керек! Жалға беруге болады ( арнайы комиссия құрып, бәрін бақылап тұру керек).
@svetl8jand634
@svetl8jand634 3 жыл бұрын
Шетелдіктерге болмайды, сосын жекеменшікке сатылмау керек, Оны қазір кім алатыны белгілі, Олар бастарын сұқса, құтыла алмайды қазақ, Қазақ момын халық қой!
@user-sk5gh6jg6u
@user-sk5gh6jg6u 3 жыл бұрын
@@svetl8jand634 Шетелдіктерге де жалға беруге болмай ма?
@kz-no6et
@kz-no6et 3 жыл бұрын
Жер сатылмасын ! Тилге келетин болсак Казак елинде Казак тилинде сойлесе екен казак халкым аман болсын Баска тилди билгени дурыс бирак оз тилимизди курметтеуимиз керек тилимизди динимизди умытпайык Елим
@user-eq6bj8cz8v
@user-eq6bj8cz8v 3 жыл бұрын
Уберите кредит
@jamilasmanova6247
@jamilasmanova6247 3 жыл бұрын
100 пайыз қолдаймын!
@darkus5833
@darkus5833 3 жыл бұрын
Дүние жүзінде қазақ тіліне жететін сұлу,көркем, сәнді, мәнді , мамықтай жұмсақ сөздері бар, гранит пен мәрмәрдай,болаттай қатты сөздері де бар, ойсыз ақымақтардың санасы ұғып болмайтын тереең мағыналы да сөздері бар, мірдің оғындай жан дүниеңді тесіп өтетін кекесін сөздері де бар, жан дүниеңді балқытып, сары майдай ерітетін жұмсақ та, қорғасындай балқытатын да сөздері бар тіл ЖОҚ !!! Қазақ тілі жойылса, жер бетіндегі Алланың нұры шашқан жалғыз ғана сұлу, нұрлы ғажап тіл жойылды дей беріңіз.!!!! Сол керемет тілді меңгере білудің өзі бір ғанибет , ғажап қой! Айналайын Қазағымның басшылары, тілімізді жойғыза көрмеңіздер! Тіліміз жойылса болашақ бізді ешқашан кешірмейді!!!! Тіліміз ата бабамыздан біздерге қалған АМАНАТ екенін ұмытпаңыздар!!! Аманатқа қиянат жасай көрмеңіздер, айналайындар!!!
@user-kw6iv1fo6e
@user-kw6iv1fo6e 3 жыл бұрын
АЛАШ!АЛАШ! АЛАШ! КАЗАГЫМ ЕСИМИЗДИ ЖИЯЫКШЫ! ЖАРАТКАН АЛЛА КОЛДАЙГОР КАЗАХТЫН УЛТЫН! РУХЫМЫЗДЫ ОЯТАГОР! КАЗАХТЫН ЗИЯЛЫ ,КАЙСАР,БАТЫЛ,ПАТРИОТ КАУЫМЫ ЕЛИНЕ БАСШЫ БОЛ!
@user-wt3mj4ze5q
@user-wt3mj4ze5q 3 жыл бұрын
Алаш Орда өте күшті
@user-on6dg5zt6y
@user-on6dg5zt6y 3 жыл бұрын
Соттыгын каншадан сатады екен
@user-bo5ok5dm8t
@user-bo5ok5dm8t 3 жыл бұрын
Бүкіл сатқын билікті ауыстырмай,өзгеріс болмайды ау.Ит үреді,керуен көшеді дегендей ,үйде жатып ,үремізде қоямыз.Одан ештеңе өзгермейді.Билік ұйықтап жатқан халықпен санаспайды.
@user-fg1fy1jw3p
@user-fg1fy1jw3p 3 жыл бұрын
Жердың. Иесы. Халық. Ата. Бабадан. Қалған. Аманат. Аманатқа. Қиянат. Жасамау. Керек. Жер. Сатылмасын. Жане. Жалға. Берилмесин. Осы. Жер. Ушын. Бабаларымыз. Басын. Тыккен. Осындай. Байтақ. Жерде. Урпағым. Керемет. Терезесы. Тең. Болып. Омырсурсын. Деп
@user-be7jp9rl8f
@user-be7jp9rl8f 3 жыл бұрын
Жер, сатылса, соғыс, болмайды, тек қорқыту, олар бай халық. Жалдамалы, қылып, қою мумкін. Біз жарлымыз, несіне қорқыныш, жер, сілкеніп, ақырзаман, болып жатыр.
@user-hi8io6mg6j
@user-hi8io6mg6j 3 жыл бұрын
Әр нәрсені айтып халықтың басын қатырып жерді сата береді ғой жемқор билік сену қиын
@user-vz4ix9zn4d
@user-vz4ix9zn4d 3 жыл бұрын
Қазақ елі қазақтікі орыс тілін алыптастасын
@user-vu8zi7mr2r
@user-vu8zi7mr2r 3 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍
@user-ym1ok6eb4f
@user-ym1ok6eb4f 3 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@user-kc2xr3de3t
@user-kc2xr3de3t 3 жыл бұрын
Билік ауыспай, қазақтың басына бақ қонбас.
@azamatuni2394
@azamatuni2394 3 жыл бұрын
*Alax ordanıń cańına ilese almay qaldıq qoy. Qaxan ayǵaylap "alax" bolatınımızdı kim biledi?...*
@user-uw7bf2bg2p
@user-uw7bf2bg2p 3 жыл бұрын
Өкініш, Алаш арыстарын бағаламай келеміз, қазақтың санасының оянатын кезі келді. Халқым оянайық, келімсектерге күлкі, мазақ болмайық!
@nurzhanabishev32
@nurzhanabishev32 3 жыл бұрын
Несин айтсын осы асылдарды аткызган оз казагын емеспе, ишинде иштарлвк пен жетесиздиктин оты быксыган казекен
@user-fb5os5in3q
@user-fb5os5in3q 3 жыл бұрын
Дурыс аитасын, ел басына тагы жаман кун туса, табылады саткын дар, атылады талаилар! Казактын улттык дастурi
@raziabaisymakova1458
@raziabaisymakova1458 3 жыл бұрын
Ұрпағын оилаған қасық қаны қалғанша сақтап қорғап келген бабаларымыздан қалған аманаты ЖЕР АНАМЫЗ. Қалаиша сатылады қалаиша жалға беріледі. Халқым ұрпағым жұмыссыз қаңғырып ои қыр асып жұмыс іздеп тентіреп жүрсе. Смтылуға жалға беруге үзілді кесілді қарсымын. Себебі мен АНА ӘЖЕМІН.
@kasterkaster4991
@kasterkaster4991 3 жыл бұрын
Жер қазақткі Тілсіз қазақ жоқ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@user-wt3mj4ze5q
@user-wt3mj4ze5q 3 жыл бұрын
Биліктегілер халықтан сұрау керек не істеу керек екенің бұл жер халық тікі
@user-xf6tp3nr6b
@user-xf6tp3nr6b 3 жыл бұрын
Ешкымге ешденне керек емес быз казакбыз . Орыстар не десе соны ыстеиды казатар казакша соилегенды унатпаимыз бырак орыша соилеимыз .Орышша былмесен сен окымагансын деген оида боламыз .
@user-kb5pz6lv1p
@user-kb5pz6lv1p 3 жыл бұрын
Аударма жазуға көңіл бөл.
@amankeldi_1976
@amankeldi_1976 3 жыл бұрын
Бүкіл ҚАЗАҚ естіп көтерілер күн туар✊🇰🇿
@jamilasmanova6247
@jamilasmanova6247 3 жыл бұрын
Біз қазір тәуелдіміз...
@dametgazizova9523
@dametgazizova9523 3 жыл бұрын
ЖҮЙЕ ӨЗГЕРМЕЙ ЕШТЕҢЕ ӨЗГЕРМЕЙДІ! ОЯН ҚАЗАҚ,КӨТЕР БАСТЫ! ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАН ЕЛДЕ КЕЛЕШЕК ЖОҚ,АТТАН ҚАЗАҚ!
@user-kr2fi9zy6v
@user-kr2fi9zy6v 3 жыл бұрын
Орыс мектебі табылсын,оданда ағылшын тілін оқысын
@user-di9ov6no8y
@user-di9ov6no8y 3 жыл бұрын
Бұдан былай АлашОтаны деп айтайық
@user-ii2gw7mr4l
@user-ii2gw7mr4l 3 жыл бұрын
АЛАШ АРЫСТАРЫНАН, БҮГІНГІ БИЛІК САДАҒА КЕТСІН,ШЫН ЖАНЫ АШЫСА ҚАЗАҚ ТОПЫРАҒЫНДА ОТЫЗ ЖЫЛДА ҮШ ЗАВОД ЖҰМЫС ЖАСАП ТҰРАР ЕДІ ҒОЙ, НАМЫССЫЗДАРДАН , АРСЫЗДАРДАН ҚАЗАҚ ӨШЕТІН БОЛДЫ.
@aibekakylbek1379
@aibekakylbek1379 3 жыл бұрын
Сата берсин жерди.ьарибир уйимиз жок.мугедек жануяммен кангып журмиз.кытай уй свлып берши айналайын.
«СЛОВО ТЮРКСКОЕ». Документальный проект
55:14
Joven bailarín noquea a ladrón de un golpe #nmas #shorts
00:17
БАШКИРЫ - КТО они на САМОМ деле?
20:11
ОКАСЦА
Рет қаралды 651 М.
🔴💞Бір болайық! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 7 МАУСЫМ 252 БӨЛІМ! 01.06.24
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 2,1 М.
За что убили Цезаря?
12:15
Правое полушарие Интроверта
Рет қаралды 1,1 МЛН
Кто спонсировал «Алаш»?
59:16
Майя Бекбаева
Рет қаралды 29 М.
Ресей жерін атықауға рұқсат берді
8:31
Ойтүрткі
Рет қаралды 39 М.
Аружан мен Мұса арасындағы байланыс үзіле ме?😱 Бір Болайық! 30.05.24
1:14:32
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 188 М.