Әліп балуан. Баяахмет Жұмабай

  Рет қаралды 539

Қабілеттің аудио арнасы

Қабілеттің аудио арнасы

Ай бұрын

Әліп Оспанбайұлы 1921 ЖЫЛЫ Өр Алтайда дүиеге келген. Әкесінен сегіз жасында айырылып, тұрмыстың небір ауыр қиын күндерінбастан кешеді. Аң аулап, азаматболып, мал қуып, олжа алады. Бұл пысықтығы шешесі Бөтекейге жанашырлық, аялауы болса, енді бір жағынан, «қашқынның ауылы» аталатын өз ауылына бақыт, байлық әкелуі еді. Расында азаматтың бала жасынан танылған ерлігі еліне мақтаныш та, қорғанда болады.
Әліп балуан өзінің өткен кешірмелерін баяндағанда, былайша әңгіме айтады:
Балуандығымды айтсам, 1947 жылы құрбан айтты жайлауда өткізді. Сонда Молқының адуын балуанын, Сарбастың балуанын жықтым. Бір жолы Үрімжідегі ұйғырлар жер-жердегі мықты балуандарын жинап, «қала балуан» (өгіз балуан) сыйлығын береміз деп жатқан екен. Қазақтарға: «Балуандарың болса, әкеліңдер» дейді. Сонда ел ағалары мені алып барды. Ақыры өз іштерінен шыққан тоғыз балуаны шетінен жығып, «өгіз балуан» атанып, сый-сияпатпен қайттым. 1955 жылы сәуірде Қарақас руының балуаны Дәлелханмен күресіп, қапыда кеткенім бар. Десе де Дәлелхан балуан азамат екен. Кейін қалай да бір күрессем деп едім, бір орайы келмеді. Сол кезде өкпе ауруға шалдығып, екі қабырғам сынып жүрген кез еді. Елдің аюмен алысты деп жүрген кезі - 1944 жылы, ел жайлауға шыққан кез, біз Таршаның дөңгелек сайында едік. Аю қораға шауып, тыныштық бермеді. Осы жолы қораға шапқан аю, ентелеп өзіме қарсы келіп қалғанда, қолыма түскен маңдайшамен ұрып жыққан едім.
Әлекең 1943 жылы Баркөлдің көліне қонған екі алып құстың бірін атқанда, құстың қанатына оқ тиіп, су ішінде қалады. Жайылған қанаты 2-3 үйдің орнындай жерді алып, сирағы бір метрдей, тұмсығы жарым метрге таяу ақкөл құстың қасына жетіп келгенде аузын арандай ашып, өзіне айбат шегеді. Мылтығының түтігін құстың аузына тығып тұрып атпақшы болады. Қара мылтықтың түтігі аузына ілінген құстүтікті жұтып қоярдай мойнын бұрғанда, түтікті майыстырып жібереді. Мұны көрген Әліптің жанындағы серігі шошып: «Мынау мақұлық пәлеге ұқсайды, жазым болармыз тегі» деп қашпақшы болады. Құстың топшысын оқ үзіп, жаны қиналып жатқанын көрген Әліптің көңілі босап, енді бір жағынан жанындағы жолдасына ерлік көрсеткісі келіп, аузын арандай ашып, сақылдап жатқан құстың тұмсығынан ұстап алып, қыса түседі. Құс әрі-бері тыпырлап, қанатымен су сабалағанда дауыл соғып, нөсер құйғандай болады. Бірақ, Әліп тұмсықтан айырылмай, тұншықтырып біраз тұрады, құс барған сайын әлсіреп барып өледі. Осы құсты атқа өңгеріп, ауылға алып барғанда ұлы қариялар: «Ойбай, мынау басқа жақтан ауып келген Байжағай деген құс, киесі атады-ау!» деп дүрлігеді. Ауыл болып құсты сойғанда, аяқ терісі он бес шыны тары сиятын тұлыпқа жарайды. Қанатын отыздай үй сібірткіге бөліп алады. Тұмсығын қариялар бертінге дейін естелік етіп сақтаған екен. Міне, осыны ойлаған балуан ата: «Көзіңмен күнде көріп жүрген жауың болса, онда дәнеңе жоқ, мына дүлейдің сырына жетпеген соң, ойланып қалады екенсің. Бұл өзі теңізде жасайтын құс, киттермен алысып жем табатын мақұлық болса керек», - деп сөзін доғарды.
Әлiп атамыз және бір рет 1943 жылдары Баркөл жерінде аң аулап жүргенде, алдынан кезіккен үйір құланды шалмалап ұстамаққа қуа жөнеледі. Әліптің астындағы аты ұшқыр екен, құланды қуып жетіп, жанасалап қалғанда, шалмалауға да орай болмай, қатарласа қалған құланға ат үстінен аюша ырғып барып, қона кетеді.
Өмірінде арқасына ала жіп салдырып көрмеген түз тағысы мұндай қорлыққа шыдамы кеткендей шыңғырып, мөңки жөнеледі.
Үстарға жал, не шоқтық жок, жұмыр құланның үстіндегі Әліп бауырына екі аяғын қыса, жыра-жықпыт, адыр-қырқамен зулатып келе жатып,
ендігі амалы, құланды құлақтан тұқырта омақастырып түсіріп, аюша басып, орнынан тұрғызбай отырады. Артынан келген жолдастары Әліптің мына ерлігіне таң қалады. Осы әңгімесін айта келген Əліп қарт: «Мұндай тәуекелге өзіңе өзің сенуің керек. Неге десеңіз, осының алдында кұйға түскен түйені бірнеше ауыл азаматтары шығара алмай жатқанда, үстінен түсіп, іштей өз күшімді бір сынайын деп, табанымның астына жалпақ тас қойдырып, үш ырғап сыртқа шығарып тастағаным бар еді. Күшімді шамалап көргенімде, дала тағысының менің құдіретіме тең келмесін аңғарып, осылайша шоқтықтап едім. Әйтпегенде ессіздерше ұмтылсаң, арам өлмейсің бе?» дейді ершiкештене.

Пікірлер: 3
@user-yb3oq5xt9t
@user-yb3oq5xt9t Ай бұрын
1921 жылы дүниеге келеді дейді
@user-ir9qi4ex1c
@user-ir9qi4ex1c Ай бұрын
1947 жылы ерлик истейди 1921 жылы олеме сонда калай болды
@Khabilet
@Khabilet Ай бұрын
ӘЛІП БАЛУАН Әліп Оспанбайұлы 1921 ЖЫЛЫ Өр Алтайда дүиеге келген. Әкесінен сегіз жасында айырылып, тұрмыстың небір ауыр қиын күндерінбастан кешеді. Аң аулап, азаматболып, мал қуып, олжа алады. Бұл пысықтығы шешесі Бөтекейге жанашырлық, аялауы болса, енді бір жағынан, «қашқынның ауылы» аталатын өз ауылына бақыт, байлық әкелуі еді. Расында азаматтың бала жасынан танылған ерлігі еліне мақтаныш та, қорғанда болады. Әліп балуан өзінің өткен кешірмелерін баяндағанда, былайша әңгіме айтады: Балуандығымды айтсам, 1947 жылы құрбан айтты жайлауда өткізді. Сонда Молқының адуын балуанын, Сарбастың балуанын жықтым. Бір жолы Үрімжідегі ұйғырлар жер-жердегі мықты балуандарын жинап, «қала балуан» (өгіз балуан) сыйлығын береміз деп жатқан екен. Қазақтарға: «Балуандарың болса, әкеліңдер» дейді. Сонда ел ағалары мені алып барды. Ақыры өз іштерінен шыққан тоғыз балуаны шетінен жығып, «өгіз балуан» атанып, сый-сияпатпен қайттым. 1955 жылы сәуірде Қарақас руының балуаны Дәлелханмен күресіп, қапыда кеткенім бар. Десе де Дәлелхан балуан азамат екен. Кейін қалай да бір күрессем деп едім, бір орайы келмеді. Сол кезде өкпе ауруға шалдығып, екі қабырғам сынып жүрген кез еді. Елдің аюмен алысты деп жүрген кезі - 1944 жылы, ел жайлауға шыққан кез, біз Таршаның дөңгелек сайында едік. Аю қораға шауып, тыныштық бермеді. Осы жолы қораға шапқан аю, ентелеп өзіме қарсы келіп қалғанда, қолыма түскен маңдайшамен ұрып жыққан едім.
ҚАБІР ЖАРҒАН. КӨКБӨРІ МҮБАРАК ҚИЗАТҰЛЫ. @Khabilet
14:43
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 2,9 М.
Сыбанның моласында (әңгіме).  Мұхтар Әуезов. @Khabilet
18:50
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 1,3 М.
1🥺🎉 #thankyou
00:29
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 79 МЛН
1 класс vs 11 класс (неаккуратность)
01:00
Көліктегі әңгіме.  80 жастағы ата Мекебай Кәкенұлымен.
14:46
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 752
АҢШЫ ӨТІРІК АЙТПАЙДЫ. АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК @Khabilet
28:06
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 2,6 М.
Сиқымнан шыққан балуан. @Khabilet
7:19
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 680
Rossiya ukraina urushlar tush tabiri | Ustoz Abdulloh Zufar
4:51
Tush Tabiri
Рет қаралды 3,2 М.
Солтыкен балуан. Баяахмет Жұмабай @Khabilet
11:01
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 305
Рамазан мерген. Ақселеу Сейдімбек @Khabilet
14:56
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 1 М.
ПЕТРОНЫҢ ПЕЛЬМЕНІ|| ТАРИХИ, ДЕРЕКТІ ӘҢГІМЕ
20:56
Нәзір СҮЛЕЙМЕН_АРНАСЫ
Рет қаралды 1,9 М.
1🥺🎉 #thankyou
00:29
はじめしゃちょー(hajime)
Рет қаралды 79 МЛН