Мұңғұлиядағы қазақтар туралы аз кем толғаныс. Асылбек Байтанұлы.

  Рет қаралды 2,299

Қабілеттің аудио арнасы

Қабілеттің аудио арнасы

27 күн бұрын

Мұңғұлиядағы қазағының тұщы етіне бодандық қамшысының ащы табы өзге қай елдегі қазақпен салыстырсақ та, аз тигендігі де дәуір шындығы. Оның дәлелі қайсы? Абылай, Әбілмәмбет хандардың тұсында, солардың ықпал-саясатымен Қалбадан Ұлы Ертістің сан саласына қанат жайған ел 1790-1860 жылдар арасында Әбілмәмбеттің немересі Көгедай төре мен оның кейінгі ұрпақтарының басқаруында, Бейжіңге тікелей бағынса, 1867-1911 жылдары Қобда-Сарсүмбеге салық төлеген атымен, өз билігі өзінде дерлік өмір сүріпті. Бұл елдің тағдырдан ең көп құқай көргені - 1938 жыл еді. Сталиншіл Мұңғұлияның қарамағындағы қазақтардың әрбір бесіншісі бай, молда, қожа, найман, тыңшы деген желеумен жазықсыз ұсталып атылған, аман қалғаны мұңғұл болып мәңгілік безіп кеткен.
Бұл елдің көрген көбірек құқайы 1959 жылы бар меншік малынан айырылуы, діннің өрісі тарылып, арақ-шарап, харам астың келуі еді. 1990 жылы аяқталған бұл дәуірдің де жақсылығымен жамандығы қатар еді. 99 пайыз сауатты қазақ неге жаман болсын!
1991 жылдан кейінгі Мұңғұлия постсоциалистік Азиядағы ең демократиялық ел болып қалыптасты. Мұңғұлия қазағының 120 мыңдайы 1991 жылдан бері Атажұртқа қоныс аударды. Бұл қазақтар қазіргі күні өз орнын тауып, жергілікті елмен кірігіп, орнығып үлгерді. Шамамен екі жүз мыңның үстінде болар. Ал қалған қазақ ширек ғасыр ішінде кеткен қазақтың орнын толтырып, 150 мыңнан асып отыр. Демографияға өкпе жоқ. Мысалы, өз қарамекенім Ұлаңқұсында 91-жылдары 8 мың халық болса, қазіргі күні 8 жарым мыңнан астам тұрғын бар. Бұл өсімнің кепілі - қазақы салт-дәстүрдің беріктігі болса керек. Қарттар үйі, тастанды балалар үйі жоқ. Ажырасу мен сүрбойдақтықтың үлес салмағы төмен болуы да өсімге игі ықпал етіп отыр.
Бұған қарап осы елдің бар шаруасы түгенделіп, шалқымалы ғұмыр кешіп отыр деуге келмес. Экономикалық ауыртпалық, климатқа бағынышты экстенсивті ауыл шаруашылығы, жұмыссыздық, Баян-Өлгейден өзге өлкелерде жыл өткен сайын ауырлап бара жатқан тіл, діл мәселесі.
Бірақ санасында тапталмаған өршіл қазақы рухы, тамырындағы лыпылдаған қазақы қаны, қорасындағы бұзылмаған қазақы тұқымды бес түлігі аман болса, Мұзды мұхиттан бөлінген Байкал іспетті қазақ шалқарының мөлдір айдыны Баян-Өлгей, Мұңғұлия қазағы ғасырлардан ғасырларға жасай бермек. Шалқар теңіз де, айдын көл де аман болсын!
Асылбек Байтанұлы
‪@Khabilet‬

Пікірлер: 12
@Khabilet
@Khabilet 26 күн бұрын
youtube.com/@khabilet?si=ZiY2IKP3OXRu3o_P
@user-fz3iy5qj5i
@user-fz3iy5qj5i 26 күн бұрын
Бауырым өте керемет мəлімет!,!, Өркендерің өссін!, Қабылет мырза!,!,
@Serikzhan_ailanysh
@Serikzhan_ailanysh 24 күн бұрын
Мықты!
@parasatakmola2951
@parasatakmola2951 18 күн бұрын
Керемет
@ServiceAlakol
@ServiceAlakol 25 күн бұрын
Рахмет жақсы ақпарат алдым
@abdireyimovatursingul342
@abdireyimovatursingul342 22 күн бұрын
Шериўши Анна қуйын айтеке Тәңки шалдың баллары
@user-xm6vt7vt9k
@user-xm6vt7vt9k 14 күн бұрын
Шеруши Абак Керек.орта жүз Казактары
@abdireyimovatursingul342
@abdireyimovatursingul342 22 күн бұрын
Шериўши деген қарақалпақлардың урыўығо Айтеке, шерийши, қуйын, анна бир бирине жақын урыўлар Жәдик дегенде урыў бар Жәдик қыпшақ
@user-xm6vt7vt9k
@user-xm6vt7vt9k 14 күн бұрын
Абай Керей
Монголиядағы  қазақ  кәсіпкері  Мұрат   Дәукейұлы
12:54
Телеканал Алматы / Almaty TV
Рет қаралды 24 М.
Көліктегі әңгіме.  80 жастағы ата Мекебай Кәкенұлымен.
14:46
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 1,1 М.
Whyyyy? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 20 МЛН
ТАМАЕВ vs ВЕНГАЛБИ. ФИНАЛЬНАЯ ГОНКА! BMW M5 против CLS
47:36
Универ. 10 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:04:59
Комедии 2023
Рет қаралды 2,2 МЛН
Watermelon Cat?! 🙀 #cat #cute #kitten
00:56
Stocat
Рет қаралды 41 МЛН
Моңғолиядағы қазақтардың бір күнгі тіршілігі
9:38
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 435 М.
Ажын деген кім? Қазақ білуге тиіс
6:22
Nurmakhanov Nurkhan
Рет қаралды 72 М.
Әліп балуан. Баяахмет Жұмабай @Khabilet
11:23
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 575
Whyyyy? 😭 #shorts by Leisi Crazy
00:16
Leisi Crazy
Рет қаралды 20 МЛН