Көзінен айрылған Әлем чемпионы | Көз жанарынан айрылған спортшы алтын алды | ЕҢБЕК АДАМЫ #31

  Рет қаралды 2,640

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

20 күн бұрын

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
🔹Спикер: ОЛЖАС ОРАЗАЛЫҰЛЫ - спортшы, әлем чемпионы.
1948 жыл. Ұлыбританиядағы Сток Мандевиль емханасының дәрігері Людвиг Гуттман екінші дүние жүзілік соғыстан мүгедек болып оралған ағылшын ардагерлерін жинап, спорт жарыстарын ұйымдастырады. Бұл жарыс олимпиада ойындарымен тұспа тұс келеді. Сөйтіп, 1952-ші жылдан бастап Сток Мандевиль ойындары ретінде мүгедектер арасындағы жарыс жылда ұйымдастырылатын болды. Араға сегіз жыл салып Халықаралық олимпиада комитеті Римде өткен олимпиада ойындарынан соң, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы олимпиаданы да өткізіп, оған «Паралимпиада» деген мәртебе берді. Алғашқы ресми паралимпиадаға 23 елден 400 спортшы қатысты. Римдегі паралимпиадаға тек мүгедектер арбасына таңылған спортшылар ғана қатысты. Ал 1976 жылдан бастап әртүрлі жағдайда жарымжан болған азаматтар да бұл дүниенжүзілік додаға қатыса бастады. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз де сол паралимпиададан ел намысын қорғап жүрген спорты. Олжас Оразалыұлы парадзюдошы, паралимпиада ойындарының чемпионы, Азия чемпионы. Ерлік пен еңбек астасқан тағдырмен танысайық.
Кәсіби спорт - он екі мүшесі сау адамдардың өзіне қиын. Ал, сол спорттан ел атынан шығып, намысын қорғап, жетістікке жету шын мықтылардың ғана қолынан келетін іс. Паралимпиадашылардың жағдайы мүлде басқа. Өйткені, олар әуелі өмір үшін күреседі. Бойдағы қайсарлықты қайрап, жігерді жанып, тағдырдың тауқыметіне қарсы тұрады. Олардың әр жеңісі - тұншығып барып жұтынған бір демдік ауадай құнды. Кейде паралимпиададан жеңіске жетіп жатқан адамдарды көргенде еріксіз көңілің босайды. Себебі, ол спорттағы қарсыласты емес, тағдырдың қиындығын жеңіп тұр. Ерлік пен еңбектің , жігер мен жүректің тоғысқан жерін сол қайсар жанның жеңісті шағынан көресің.
Жалпы, қазақстандық паралимпиадашылар халықаралық жарыстарда дәйім дара шауып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Мысалға, күні кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен 4-інші Азия Пара ойындарында ел құрамасы 41 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Нәтижесінде Медаль саны бойынша 44 ел арасында Қазақстан 11-ші орынға көтерілді. Бұл да айтарлықтай жетістік, жеңіс! Тұтас ел бойынша бұқаралық спортты дамытуға, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар азаматтарға барынша жағдай жасалып жатыр. Бірақ, әлі де демеуді қуаттай түсу керек. Себебі, мүмкіндігі шектеулі адамдар қоғамның тең құқылы мүшесі. Олар да оқшауланбай, емін-еркін өмір сүріп, сан салада жетістікке жетуі керек.
“Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
Интаграм: nartay_aralbayu...
Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Пікірлер: 34
@NartayAralbyuli
@NartayAralbyuli 14 күн бұрын
Көріңіздер, таратыңыздар!
@user-dy6qn1ul5c
@user-dy6qn1ul5c 14 күн бұрын
Аралбайға мыңда бір рахмет! Қазақтың болашақ жастары әрқашан биіктен көріне берсін! 🤲👍👏
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Ата анаңа амандық берсін
@user-yo6zd2xt8n
@user-yo6zd2xt8n 14 күн бұрын
Жарайсың балам
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Бауырларың аман болсын
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Мықтысыңдар алла жар болсын
@user-ie7rw7go8s
@user-ie7rw7go8s 14 күн бұрын
Жарайсың бауырым тек алға
@user-lk9en2jf5m
@user-lk9en2jf5m 14 күн бұрын
Тек қана алға жарайсың!
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Достары да жақсы азаматтар екен
@user-sq2cq9cu8x
@user-sq2cq9cu8x 14 күн бұрын
бапкерлерге мың алғыс 🎉
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Жарайсыңдар елдің беделін биіктеткен балуандар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Жарақта сырқатта болады деп отыр мықтысыңдар
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Жарайсың алтын бала
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Ұйымшылдықтарың ажырамасын алтындарым
@user-ko9gp1vv3m
@user-ko9gp1vv3m 14 күн бұрын
Қайсар да қайратты алтын бауырым!❤🥰🥰🥰
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Талай өзін мен кімге керекпін демей өздерін өмірге құлшындыра білген жан
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Рахмет бапкерлеріне де шыңдай білген бауырлары
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Міне қазақтың. қайсар ұлы жетістігің арта берсінһ
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 14 күн бұрын
👍🏻
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Еңбек адамы фильмі. бүл саланы дақамтыды еңбектерің елене берсін
Ресей  атоммен айбар көрсетті
14:31
Ойтүрткі
Рет қаралды 9 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 597 М.
CAN FOXY TRICK HIM?! 🤣 #shorts *FOXY AND NUGGET!*
00:17
LankyBox
Рет қаралды 16 МЛН
Сексеуіл туралы Мұхтар Ниязов
4:33
Berik Berimbaev
Рет қаралды 11 М.
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 159 М.
Бокс тойы. «Алдараспан»
17:47
Khabar TV
Рет қаралды 2 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 597 М.