Әлия Әшім: Қонаев дәуірі, Желтоқсан көтерілісі, Қазақы феминизм (Dope soz 87)

  Рет қаралды 30,624

DOPE SOZ

DOPE SOZ

Күн бұрын

Бүгінгі қонағымыз документалист және журналист Әлия Әшіммен оның Дінмұхаммед Қонаев туралы түсірген деректі фильмін талқыладық. Қонаевтың мансабы мен ықпалы, Назарбаевпен қарым-қатынасы туралы тілдестік.
Сонымен қатар Әлияның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильмін және қазақы феминизм мен ұлттық идеологияны талқыладық.
Әлия Әшімнің арнасы - @QRECprod
---
Freedom Broker арқылы инвестиция жасау: ffin-kz.onelink.me/ZmAs/drvcqz41
Жарнама. «Freedom Finance Global PLC» жария компаниясы. 21.11.2023 жылы берілген № AFSA-A-LA-2020-0019 лицензиясы.
---
Таймкод:
0:00 Dope Söz 87
0:17 Қара мен ақ тұлғалар
3:47 Орыстандыру саясаты
6:32 Деректі фильм жанрының маңызы
8:05 Қонаев
11:10 Жарнама
14:20 Қазақ мектептерінің жабылуы
22:46 Жас Назарбаев
27:26 Мемлекеттік пропаганда
30:40 Қонаев дәуірі
38:40 Желтоқсан
56:00 Назарбаев және Желтоқсан
1:00:50 Фокус-группа
1:03:48 Қазақы феминизм
1:06:00 Алаш
1:16:35 Идеология керек пе?
Біздің подкастты қолдағаны үшін Argymaq брендіне алғысымызды білдіреміз - / argymaq
---
DOP - Erlik Agzhanov
Sound - Dias Bektayev
Design - Aido Yakhiya
Аудиоподкаст - podcast.kz/1617065702
Dope soz Instagram:
/ dopesoz
Dope soz Telegram:
t.me/dopesoz
#dopesoz #дөпсөз

Пікірлер: 192
@MrKoregen
@MrKoregen 3 ай бұрын
Мықты подкаст! Әкем мен шешем 86 жылы алаңға шығып, әкем 4 жылға сотталған, артынан анам Чита қаласына барып екеуі сол жерде отбасын құрған адамдар. Бала кезімнен айналамда Желтоқсандықтарды көріп өстім, олардың ортасы өте колоритті, ішінде неше түрлі адамдар бар, Олардың қазіргі өмірлері жайлы документалды (популярный) фильм шықса қуана көруші едім! Ол процесске қатысып қолымнан келер көмегімді де беруге дайынмын 👍👍👍
@Qadyrova
@Qadyrova 3 ай бұрын
Кім не десе де Әлия секілді документалистер керек. Жастар призмасынан, монтажынан, көзқарасынан көрсете алатын. Әдемі пропагандаға қанша жыл тойып келеміз. Ал бір адамды жан жақты ашуды тек Әлия ханымның д.фильмінен көрдім. Қатты сөкпейікші 🙏 Басқа біреу бәрібір жасап жатқан жоқ
@perizatmyrzakhmet
@perizatmyrzakhmet 3 ай бұрын
Дәмі бар әңгіме болды. Рахмет 😍
@user-pm5il4cb2r
@user-pm5il4cb2r 3 ай бұрын
"Орысша сөйлеп кеттік" Арсен😅👏🏻❤
@nazgulmakhsatbekkyzy6240
@nazgulmakhsatbekkyzy6240 3 ай бұрын
Менің ӘКЕМ де 86 желтоқсан оқиғасына қатысқан, өзі сол жылы ғана Алматыға келген, анам екеуі енді ғана үйленген кездері, әкем орысша білмейді, қазақы ауылдан шыққан жігіт.. Әкемнің айтуы бойынша: жұмыстан келе жатсам бір топ жас жігіттер автобусты құлатайын деп итеріп жатыр екен, мен қосыла кеттім дейді, сол жастығының қан қызуымен көтеріліске кірісіп кеткен, соңында милиция ұстап әкетіп жауып тастаған, әбден сабап, әлсіретіп жауап алғанда менің әкем жауап бере алмапты, жалғыз себебі орысша білмейді, милиция оны әдейі орысша сөйлемей тұр, националист деп одан сайын соққыға жыққан екен, бір аптадан соң анамның жұмысына қоңырау шалып әкемнің аты жөнін айтып сұрапты, сіздің жолдасыңыз ба деп, анам растаған, отделениеге келіп алып кетіңіз деген екен, анам барып шошып кеттім дейді, үсті-басы көгерген, киімінің сау жері жоқ, аяқтарында екі түрлі аяқ-киім, ас жоқ, су жоқ әбден қинаған екен... Тірі қалғанына, үйге келгеніне шүкір.
@sunwhispers
@sunwhispers 3 ай бұрын
Қандай сұмдық жағдай болғанымен әкеңізді бағы бар екен. Өмірінің ең ауыр жарасы шығар…
@shabytfilms
@shabytfilms 3 ай бұрын
Біздің папа да солай
@nazerkeburkhan
@nazerkeburkhan 3 ай бұрын
Айтылған сөздің бәрі - дөп. Сұрақ та, жауап та сауатты. Кейбір қазақша сөздер мен орамдарды, тұтас ойларды дәл орнымен қолданып, жеткізіп отыр Әлия🔥 Қазақ феминизмі, role model, ортақ құндылықтар, қазақ тілінің эволюциясы - мемлекет емес, жастардың мүддесіне сай келіп жатқан тақырыптардың көшін бастап тұрғанына қуанамын. Ол билік таңып “жақсы көргізетін” дүниелерден әлдеқайда артық👌🏻 Өзің қалап, мүмкіндік жасалмаса да, тасты тесіп өсіп шығатын гүл сияқты болғаның - тектілігің, күшің
@canera_dulugu1109
@canera_dulugu1109 3 ай бұрын
Әлия❤ Мықты документалистердің бірі!
@Marjane_hanym
@Marjane_hanym 3 ай бұрын
Әлия ханым Замандасқа қатты барғысы кеп еді, бірақ алдымен Дөп сөзге келгені дұрыс болды деген ойдамын. Замандаста дәл осылай ашыла алар ма еді? Күшті әңгіме болды, рахмет 💐
@tursyngalievna
@tursyngalievna 3 ай бұрын
Әлия ханымның жүмыстарымен таныс емес екенмін.. мен үшін жаңалық болды. Әр саладағы түлғалармен таныстырып жатқандарыңызға рақмет🤍
@zH-Hz
@zH-Hz 3 ай бұрын
мен подкасттарды оте коп караймын, солардын ишнде тек кана осы каналда , мен сол подкаст устелинде отыргандай сеземин, Жомарт пен Арсенды омиримде кормесемде туган бауырымдай сеземин. Кез келген подкаст оте сондай душевный, карапайым жане акылды ойларды оте женил жеткизеди. Казак бауырларымыз осындай дарежеде болса менде бир жастарга деген умитим зор!Керемет!
@tulengtu1855
@tulengtu1855 3 ай бұрын
"Замандас" қалай сізге?!
@batzgbk5981
@batzgbk5981 3 ай бұрын
Досым, кешірерсің, бірақ қазақша пернетақта тегін, жүктеп алшиш
@ulymartebelim7610
@ulymartebelim7610 3 ай бұрын
@@tulengtu1855 замандаста орысша сөйлегіштер ғой
@gulnazbaytenova7667
@gulnazbaytenova7667 3 ай бұрын
Бұл шығарылымда өте қызық терең ойлар айтылды. 👍 Арсеннің қазақшасының бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жетілгенін байқадым. Әлияның күлкісі сондай сүйкімді.❤
@Saltanatsherkhan
@Saltanatsherkhan 3 ай бұрын
Санжар Керімбайды көргім келеді осы подкастта
@user-linda.junisova
@user-linda.junisova 3 ай бұрын
Арсен, мен сізге өте қатты тамсанып отырмын!👏 Өте жақсы сөйлеп отырсыз❤ Ал бұл подкаст өте-өте-өте қызықты, әсерлі болды❤❤❤ Әлия Әшім менің фавориттарымның тізіміне енді❤😊 Аллаға шүкір, еліміздің білімді, саналы, ұлтжанды, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз бар❤ Өзім де журналист болғым кеп кетті, жасым 36-да болса да😊
@alina_khanym
@alina_khanym 3 ай бұрын
Очень интересная личность пришла, такая комфортная и ее казахский язык настолько понятный и простой ❤
@nariulllll
@nariulllll 3 ай бұрын
Подкаст ұнады ❤ Алия қыз молодец 🎉 болашақта жақсы дүниелер күтеміз.
@kofdhsed
@kofdhsed 3 ай бұрын
Қазақы феминизм туралы қосылам. Зорлық-зомбылықтың себебін жалғыз дәстүрге таңып қойған асығыс ойлана салған мидың жұмысы. И вообще біздің дәстүрді дұрыстап зерттеп, байыбына барып алсын. Ондай атауды айғайлатып қою салуға болмайды
@ulymartebelim7610
@ulymartebelim7610 3 ай бұрын
Ол ми ойланған ба десей сен)
@elzhastortayev2392
@elzhastortayev2392 3 ай бұрын
Әлия ханым ұнады. Арнасына жазылдым
@gulnara_isa
@gulnara_isa 3 ай бұрын
Күшті подкаст болды. Өте қызықты. Осындай қыздардың бары қуантады❤
@user-cn4ip1dl6s
@user-cn4ip1dl6s 3 ай бұрын
Сондықтан мен айтамын, елдің өзгеруі әр адамның қолында, авторитарлық жүйеден кеткіміз келсе, өзімізден бастау керек.
@aruzhanaman1550
@aruzhanaman1550 2 күн бұрын
иа,отбасыдан басталады. Оз жарынды,балаларынды дал озин сиякты ересек,жеке тулга ретинде кабылдау керек.
@torgynfazylqyzy3850
@torgynfazylqyzy3850 3 ай бұрын
мына шығарылым қатты ұнады!! Рақмет сіздерге, Дөп сөз! Әлия Әшімнің ойларын тыңдап біраз нәрсені түйдім. Білімді, сауатты, өз ойын ашық әрі нақты жеткізе алатын саналы қыздар осылай медиакеңістікт е шыға берсе екен.
@user-io5in1pt5f
@user-io5in1pt5f 3 ай бұрын
Ана тілі мен үшін ең маңызды, қымбаттау өзге тілге караганда. Бірақ орыс тілін білгеніме ризамын. 😊
@aigerimsuleimenova2984
@aigerimsuleimenova2984 3 ай бұрын
Жомарт, Әрсен еңбектеріңізге көп рахмет 👏 Әлия ханым керемет қонақ болды🔥
@mustafakyzy
@mustafakyzy 3 ай бұрын
керемет подкаст болды. Әлияның ойлары өте өзгеше керемет екен😍 Рахмет🤍
@user-oj1wp6fi2i
@user-oj1wp6fi2i 2 күн бұрын
Какая умница Әлиюша,рақмет за гостью . Жастар көбірек көрсе екен деген кенес бар. Рақмет көп көп.
@neoqazaq
@neoqazaq 3 ай бұрын
Мықты подкаст
@abylay001
@abylay001 3 ай бұрын
Керемет! 86 жыл және басқа жылдардың хронологиясын айтқанда көз алдымда көп нәрсе жүгіріп өтті. Тарихты деген ол - дәл қазіргі сәт. Көп оқиғаға куә адамдардың естелігін жазып алу керек. Ел, үй іші, әулеттің де...
@aigerimkunadilova
@aigerimkunadilova 3 ай бұрын
Коп рахмет! Подкаст ❤️❤️❤️
@alinurabilmazhan1673
@alinurabilmazhan1673 3 ай бұрын
Әлия мақтан тұтатын қыздарымыздың бірі. Тіл, ұлт жанашыры 👍👍👍
@user-rg3ot1le4l
@user-rg3ot1le4l 8 күн бұрын
Травмалық оқиғадан кейін көмек берілмейтіні туралы ойың керемет. Негізі адам өмірі елімізде қандай деңгейде деген ойымды қозғап кетті.
@qarlygashsaparbayeva6230
@qarlygashsaparbayeva6230 3 ай бұрын
Сауатты әңгіме болған екен. Әлия сынды терең жастар өзгертеді деп сенем жүйені. Осындай подкасттар көп болсыншы!
@birjarq
@birjarq 3 ай бұрын
Бірнеше жыл бұрынғы Қарлаг док фильмін көріп есте қалған, жіберіп алған туындыларымен танысу керек
@user-pq4bc2sj4b
@user-pq4bc2sj4b 3 ай бұрын
Бүгін Арсеннің кеші болды ғой дим😁 өте әсерлі сұхбат болды, сіздер сияқты көзі ашық жастарымыз көп болсын!
@oskarzhan2338
@oskarzhan2338 3 ай бұрын
Жомарт үндемей кетті ғой осы жолы😅
@aruzhanyerbossyn8695
@aruzhanyerbossyn8695 3 ай бұрын
Әлия Әшім Жаңаөзен туралы деректі фильм түсіру үшін бай болғым келеді)
@DaniyarMukhanov
@DaniyarMukhanov 3 ай бұрын
Күшті қонақ екен, әр құбылысты бағалауы, сараптауы ұнады
@user-kv6ym8yw8e
@user-kv6ym8yw8e 3 ай бұрын
Мынау не деген гигабайт подкаст болды 😂 рахмет ❤
@user-cn4ip1dl6s
@user-cn4ip1dl6s 3 ай бұрын
Кратко говоря люди говорят о коррупции вверхушках власти, но почему то закрывает глаза и молчат о коррупции среди народа, коррупция возле своего окружение, хотите уничтожить коррупцию начните с себя, также касается и демократии, хотите демократию начните с себя. Я всегда слышу отмазки от простых людей вот они ругают власть и обвиняет в коррупции, но сами из их уст выходят такие признание, что они ворует у себя на работе, когда им говоришь а чем ты отличаешься от них, они говорят жить то надо, выживать надо, они ворует там наверху миллионы и т.д, разная оправдание и отмазка, поэтому какой народ такая власть, какая власть такой народ. Поэтому это не только президент и система, система состоит и держаться на человеческом факторе. Проблема на корню в идеологии и повторение трагических событий в непереработаных травм.
@AizadaBerikkyzy
@AizadaBerikkyzy 3 ай бұрын
Өте әдемі, ақпаратты және толғандыратын подкаст👏🔥
@gulnurakhtanova9956
@gulnurakhtanova9956 3 ай бұрын
Сыздерге коп Рахмет, Әлиянын кинораларын карап шыктым, оте керемет кинолар!!!!
@hanzadakuandykova9811
@hanzadakuandykova9811 3 ай бұрын
Керемет сухбат болды. Алияны тагы шакырсаныздар жаксы болар еди ❤
@gulsaya2596
@gulsaya2596 3 ай бұрын
Дөп сөз, сіздердің барларыңызға рақмет, Сіздер ең мықты подкастсыздар! Әр айтылған ойларыңызды, әр қонағыңызды асықпай отырып, ойланып тыңдап, жәй нәрсе емес, мені дамытып жатырған нәрсе тыңдап жатырмын деген ой туғызасыздар❤
@aigulinados3780
@aigulinados3780 3 ай бұрын
Сіздердің подкасттан небір тұлғаларды таныдым. Рақмет , осындай подкаст болғанына👍
@user-fp6xx1eg7i
@user-fp6xx1eg7i 3 ай бұрын
керемет шығарылымдардың бірі🔝🔝
@user-hp4xp2ok4s
@user-hp4xp2ok4s 3 ай бұрын
Керемет шығарылым болды. Әлияның фильдерін көру керек екен
@shokanshynybekov1400
@shokanshynybekov1400 3 ай бұрын
Қайырлы күн! Керемет бейне. Көп рақмет және сәттілік!
@sunwhispers
@sunwhispers 3 ай бұрын
Керемет қонақ, керемет шығарылым🔥
@ZhasulanZh93
@ZhasulanZh93 3 ай бұрын
Өте мықты шығарылым. Дөп сөзде мен үшін ТОП 5 те болады. 👌👌👌
@liveandstories
@liveandstories 3 ай бұрын
Рақмет, көп ойланарлық ақпарат алдым. Ісіңіз жүре берсін.
@user-zs5ve4cn1u
@user-zs5ve4cn1u 3 ай бұрын
Че та лайк аз. Подкаст👍
@sagdat959
@sagdat959 3 ай бұрын
Ташенов туралы ұмыттыңдар. Қонаевтың авторитеті көтерілген сол кісінің арқасы болуы мүмкін.
@user-sv4lv8ry8h
@user-sv4lv8ry8h 3 ай бұрын
Дөп сөз ұжымы, өте жақсы, қазаққа керекті жұмыс жасап жатырсыздар. Қазақтың оқыған, саналы, ойлау жүйесі қалыптасқан қыздарын қонақ етіп шақыру арқылы жалпы еліміздің қыздарына үлкен үлгі жасап отырсыздар. Ұлттың сапасын көтеру қыз баладан бастау алады.
@user-up4ff3hb6e
@user-up4ff3hb6e 3 ай бұрын
Өте жақсы әңгіме болды
@user-zd3pt6ym4y
@user-zd3pt6ym4y 3 ай бұрын
Керемет подкаст, керемет конак!
@user-wk5cl3pb2e
@user-wk5cl3pb2e 3 ай бұрын
Мақтанамын осындай Алия ханым сияқты жас керемет журналист бар екеніне🫶🏻👍🏻
@azharbassygarayeva2172
@azharbassygarayeva2172 3 ай бұрын
Керемет әңгіме. ❤
@bekzatseisenbayev9710
@bekzatseisenbayev9710 3 ай бұрын
Самый интересный подкаст за последнее время👍
@user-kg4gg1tl5w
@user-kg4gg1tl5w 3 ай бұрын
Обожаю Арсена. Не устаю признаться 😅. Әлияны инстасын бақылаймын. Фильмдерін көрдім. 🔥🔥🔥Мықты подкаст болды👍👍👍
@ERA-KAINOLLA
@ERA-KAINOLLA 3 ай бұрын
Мәдениет жағынан негізі сол кездері Өзбекәлі Жәнібек атамыз көп еңбек атқарды,және де Наурызды қайтарған ол Колбин емес, Өзбекәлі Жәнібек атамыз.Колбин жай амалы болмағаннан қарсылық білдірмеді,мәжбүр болды солай жасауға.
@aikamukanova6967
@aikamukanova6967 3 ай бұрын
Бір демде көрдім 👍🏻
@user-wx7qy4fq2c
@user-wx7qy4fq2c 3 ай бұрын
Рахмет, мықтысыңдар жігіттер. Қарындас та мықты екен😊
@Thetolkin
@Thetolkin 2 ай бұрын
Қатты қуанып отырмын, жастарымыздың қазақ деп соққан жүрегінен айналдым ❤❤❤
@arna9199
@arna9199 3 ай бұрын
күшті подкаст болды✨ Алия ханым всегда топ
@vse_horosho.
@vse_horosho. 3 ай бұрын
Дұрыс айтты қонақ, бізге роул можел керек, Қонаевты біздің поколение көрген жоқпыз, сондықтан сол туралы легендалар бола берсін, жақсы әңгімелер, соған қарай бой түзейтін. Әйтпесе сіздер анау хандардан бастап бәрін жамандап шықтыңыздар. Сонда біз не деген жаман адамдардың ұрпақтарымыз деген ой тудырады. Кімге қарап бой түзейміз, Абай под вопросом еще деді Әрсен бір подкастта, Абылайхан, Кенесары, Әбілхайырды да оңдырмады)))). Енді подкастта онда сіздер мақтан тұтатын тұлғалар туралы айтыңыздаршы. Біз де біліп жүрейік.
@bahargulomar8456
@bahargulomar8456 Күн бұрын
Өте керемет сұхбат!
@user-no7wi1gg3l
@user-no7wi1gg3l 3 ай бұрын
Мен биринши рет рекламаны до конца кордим😂
@araiproject8292
@araiproject8292 3 ай бұрын
Әлия ханыммен керемет сұхбат болды, рахмет!
@khabibasuleimen678
@khabibasuleimen678 3 ай бұрын
Ұнамады шығарылым, журналист бола тұра қазақша дұрыстап сөйлемеу ұят. Өте субъективті ойлар жиі кездесті, Жомарт басқа ғаламда отырғандай сезілді. "Ұлттық рух бар, правильно?" дегеннен кейін көргім келмеді.
@user-oj1wp6fi2i
@user-oj1wp6fi2i 2 күн бұрын
Осындай жас журналист документалисттер барына қуану керек,қолдау керек. Мін іздеп тиісе бермей. Ештеңесі жоқ,үйренеді. Молодым всё по плечу,болашақтары жарқын болсын осы ұл қыздардың.
@ayantemirova8776
@ayantemirova8776 3 ай бұрын
Хорошо что пересели 👌
@user-wx8wo5ss1g
@user-wx8wo5ss1g 2 ай бұрын
Әлияның сөйлеу мәдениеті Тамаша!Тыңдай бергің келеді.
@qazaq..
@qazaq.. 3 ай бұрын
Love you guys ❤
@user-zv3ed9nq4d
@user-zv3ed9nq4d 3 ай бұрын
Әлия жарайсыз.❤
@user-ki4pg3kz3y
@user-ki4pg3kz3y 3 ай бұрын
Просто крашиха😍
@birlikbatyr268
@birlikbatyr268 3 ай бұрын
Күшті, қазақша контент көп болсын, сапасы керемет болсын!
@user-lg4uq6sz3t
@user-lg4uq6sz3t 2 ай бұрын
Керемет
@bbbxc
@bbbxc 3 ай бұрын
Не деген керемет бейнежазба ❤😊😮😂
@fenrir.01
@fenrir.01 3 ай бұрын
🔥🔥🔥
@__akbotam__
@__akbotam__ 3 ай бұрын
Подкастты толық көріп біткен соң, комментарии оқиын, қандай ойлар айтылатынын көрейін деп ашып қалсам. Көңіл көншіксіз. Сіздер неге тек әңгіме ортасында қосылып кететін ағылшын, орыс тіліндегі сөздер ғана ойландырады. Көзі ашық көкірегі ояу жастардың жасаған дүниелері мен өзіндік пікірлерін көрмей, айыптап. Мысалға: адам үш-төрт тіл білгенде миында загрузка дейін бе, бірнәрсе болады. Себебі сен өз ойыңды айтып сөйлеп келе жатқан да, бір сөзді айтайын десең сол сөздің басқа тілдегі аудармасы автоматов аузыңнан шығып кетеді. Ол сөзді өзгертіп айту үшін сөйлемнің басына қайта шығып түзулеу керек болады. Бір сөйлемді түзулеп тағы қайталаса неменеге бір сөзді қайта-қайта айта берді дейсіздер?! Әрине айтыңыздар, тек жүргізушілердің орыс-қазақ тілдеріндегі сөздерін ғана айтпай, Осы подкасттан не түйгендеріңіз бен подкастта айтылмай қалған қандай ойлар қалып кетті сол туралы әңгімелесеңіздер. Жүргізушілерден де қателіктер жоқ демеймін, тек қана пайдалы бір дүние болсын деп еңбектеніп жатыр, еңбекті бағалаңыздаршы деймін, рақмет
@spanuly6643
@spanuly6643 3 ай бұрын
сауатты сұғбат болды рахмет
@madina.narymbaeva
@madina.narymbaeva 3 ай бұрын
Классный гость, познавательный выпуск. Вы супер❤
@Akylzhan1997
@Akylzhan1997 3 ай бұрын
Әрсеннің соңғы қоғам капиталы жайлы айтқандары👍🏻👍🏻👌
@bayanissa9831
@bayanissa9831 3 ай бұрын
Қазақ мектеп пен қазақ тiлi қазақ мәдениетінің iрге тасы, негiзi.. онсыз бәрi бекер
@user-zs5ve4cn1u
@user-zs5ve4cn1u 3 ай бұрын
Әлия, ДөпСөз РЕСПЕКТ! Как всегда. Мне 47 лет но смотрю с интерессом, все молодежные, Вас, Замандас, и т.д.Гипербореи енді шалдарскии пожалуи, но девушка ведет на казахском, Журтын баласы
@canera_dulugu1109
@canera_dulugu1109 3 ай бұрын
👏👏👏👏👏👏👏👏👏
@user-ly5yk3if7x
@user-ly5yk3if7x 3 ай бұрын
Сурак та жауап та дөп!👍
@AizadaSerikova
@AizadaSerikova 3 ай бұрын
Ғарыыш🌟 Миым жарылайын деді🌻💞
@user-yl4zz3ci7j
@user-yl4zz3ci7j 3 ай бұрын
Алтынбек Сәрсенбаев, Заманбек Нұрқаділов ағаларымызды неғып айтпайсындар? Меніңше Назарбаев айтылған әнгімеде осы екі кісі міндетті түрде айтылу керек... Өте жиіркенішті подкаст болды
@agynaidyn7648
@agynaidyn7648 3 ай бұрын
👏👏👏
@user-eu6bw6dh3h
@user-eu6bw6dh3h 3 ай бұрын
Жаксы шыкты, коп маселе котерилди
@user-bl7jh8je9g
@user-bl7jh8je9g 3 ай бұрын
Деректі фильмін қарап көрмесем, білмеппін
@Zhan9801
@Zhan9801 3 ай бұрын
Видела фильм про Конаева, очень понравился. Думаю, что для потомков нужно давать общую оценку деятельности руковолителя страны. Понятно, что безгрешных людей не бывает, но понять в целом деятельность первого руководителя была полезная или вредная для страны можно
@user-kentau
@user-kentau 3 ай бұрын
@myskawinther7152
@myskawinther7152 3 ай бұрын
Алия ❤❤❤🔥🔥🔥
@user-sg1wo1jc2b
@user-sg1wo1jc2b 3 ай бұрын
Мына шығарылымда Жомарт үнсіз болдығо 😂
@Aiyalissa
@Aiyalissa 3 ай бұрын
Осының алдындағы шығарылымдада солай үнсіз болған еды🥲😂
@mka97.09
@mka97.09 3 ай бұрын
34:50😢рухани жаңғыру программасы
@user-qd3fi8jp7w
@user-qd3fi8jp7w 3 ай бұрын
❤❤❤❤
@user-fl3nb7gs3r
@user-fl3nb7gs3r 3 ай бұрын
Әлияның Қонаев туралы фильмы жақсы маған ұнады. Қонаев Имантайұлы туралы айтқанда Өзбекәлі Жанібек туралы ұмытпау керек
@zirudon_
@zirudon_ 8 күн бұрын
Қайдан көруге болады?
@Ta73
@Ta73 3 ай бұрын
Конаев инициатор празднования 250-летия вхождения Казахстана в состав России. Он это отпраздновал всереспубликанском масштабе в 1982 году. По этой инициативе лично Кунаева можно понять кто он для казахского народа. Поэтому его и раскрутили в национальном масштабе
@Qka1990
@Qka1990 3 ай бұрын
🎉🎉🎉🎉
@OctoberOctober-yc6en
@OctoberOctober-yc6en 3 ай бұрын
Әлия Желтоқсан оқиғасы жайлы деректі фильміне “жастарды ұлтшыл, нашақор” деп айыптап, қол қойғандарды қоспапты. Негізгі фишканың бірі еді. Көзі тірі көбінің. Газет архивте сақтаулы
@ne_deidi
@ne_deidi Күн бұрын
Менің нағашы ағам желтоқсаннан кейінгі буллингтен көтеріле алмады. Оқудан шығарып, тығылып өмір сүруіне тура келді
@vse_horosho.
@vse_horosho. 3 ай бұрын
Қызық, өзі 3 адам болды, ешқайсысын жарытып ұнатпасыздар. Сол кезде ойладым, ал кім ұнайды, кімнің Қазақстанның Президенті болғанын қалар едіңіздер?
Қайрат Нұртас & ИРИНА КАЙРАТОВНА - Түн
03:41
RAKHMONOV ENTERTAINMENT
Рет қаралды 788 М.
Қарлаг / Репрессия / Деректі фильм
42:14
Nukte / Нүкте
Рет қаралды 163 М.
Қайрат Нұртас & ИРИНА КАЙРАТОВНА - Түн
03:41
RAKHMONOV ENTERTAINMENT
Рет қаралды 788 М.