Қарлаг / Репрессия / Деректі фильм

  Рет қаралды 124,901

Nukte / Нүкте

Nukte / Нүкте

Күн бұрын

Қарлаг - бұл “Нүкте” редакциясы дайындаған ауқымды деректі фильмнің бірі. Қарағандының Шет ауылы маңында орналасқан Кеңес одағы репрессияға ұшыратқан адамдардың абақты мекені. Қазір ол тарих, бірақ кезінде нағыз азаптау ошағы болғаны белгілі.
Көбіне неміс, орыс­ және украин өкілдері қудаланып, бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Айтатын болсақ, 80 мың тұрғыны бар 4 мың қазақ киіз үйі, 1 200 неміс, орыс, украин үйлері болды. 1930-1931 жылдары халықты зор­лап көшіру басталды. Ол үшін НКВД-нің әскері пайдаланылды. Деректі фильм сол зұлмат репрессияны көрген куәгерлер мен Шет ауылының тұрғындарының әңгімесінен және азын-аулақ мұражайда сақталған құжаттарқорынан сыр шертеді.
00:00 Кіріспе - Репрессия сол кездегі халық үшін не еді?
00:42 17-летнюю девушку казашку, которая водила трактор, расстреляли как врага народа
01:30 Карлаг - Гулаг архипелагындағы ең ірі лагерь
02:55 В 1990-1991 годах казахи не очень охотно шли на интервью - Екатерина Кузнецова - журналист
05:23 Ақадыр - 1931 жылы атылған бір топ азаматтар сүйегі жатқан жер
06:49 Кого в Карлаге пытали, мучали, голодом морили и расстреливали пачками? - первый в истории рассказчик-надзиратель
09:17 Грахнев, главный расстрельщик, получил орден «Ленина»
09:39 Съемочная группа ищет место захоронения репрессированных
10:34 - «Жардың жағасына тік тұрғызып қойып, 32 адамды шетінен атқан» - Кәмел Жүністегі
11:48 «Я встречалась в 1993 году Сергеем Бариновым, который был главным начальником алжирской тюрьмы 1939-1958 годах» - Екатерина Кузнецова, журналист
15:11 Қарабас - «Карлаг қақпасы». Тұтқындарды бірінші осында алып келіп, Карлагтың өзге түрмелеріне жіберіп отырған
16:10 «60-тан асып кеткен адамдарды Қарабастың өзінде атқан. Себебі олар шахтада жұмыс істеуге күштері жетпейтін» - тарихшы
16:39 «Не медикаментов, а за то давали протухшую рыбу, и от этого многие умирали» - жуткие условия в КАРЛАГЕ
18:16 Долинка кенті - Карлагтың әкімшілік орталығы, қазір саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған мұражай
18:42 Карлаг лагерінде тұтқындарды азаптаудың ең сорақы тәсілдері пайдаланылған
19:45 Қарағанды қаласының орталығы кезінде Карлаг тұтқындарын бақылап отыратын орын болған
20:38 «Карлагтағы тұтқындардың санасын өлтірген» - Нұрлан Дулатбеков
22:52 «Четыре тысячи доносов кто-то же писал? А писать могли все» - Екатерина Кузнецова, журналист
23:49 «Менің әкемді халық жауы ретінде ұстағанда үстінен 5 таныс емес адам арыз түсірген екен» - тарихшы Жамбыл Артықбаев
25:58 Мағжан Жұмабаевтың үстіне домалақ арыз түсірген, НКВД-ға ұстатқан Сабит Мұқанов пен Ғабит Мүсірепов екені рас па?
26:58 «Әлімхан Ермеков мені жанды жерімнен сонша ұрды деп айтады» - тарихшы
27:38 «В лагере было все» - Карлаг, Алжирден, Долинка түрмесінде отырған әйелдердің азапталған тағдыры
28:36 Алжирде қамалған алғашқы 88 қазақ әйелінің ішінде Сәкен Сейфуллиннің жары - Гүльбахрам болған
29:40 «Дети НКВД» - рожденные в тюрьме
33:10 «Мамочкино кладбище» - 1930-1940 жылдары түрмеде шетінеген балалар жерленген жер
34:02 Сталиннің өлімі хабарланғанда жыламағандарды «халық жауының баласы» деп ұрған
34:40 «Оставьте в покое Сталина» - кто угражал журналисту?
36:38 «Репрессияға Сталиннің қатысы жоқ, қасындағылары ұйымдастырып берген деген жай сөз» - тарихшы
37:13 1930 жылдардың аштығы болғанда қазақтың саны қазір 2 есеге болары сөзсіз - Жамбыл Артықбаев
37:52 Карлагта нақты қанша адам отырғаны белгісіз?
38:16 Карлаг - адамды құлдық жағдайда ұстап отыруға арналған үлкен машина болған - Жамбыл Артықбаев
38:38 Геноцид десек жеңілеміз, бізде фундамент те жоқ - репрессия туралы
39:38 Тоталитарлық жүйе - ұлттық мінезімізге қандай өзгеріс әкелді?
40:25 Адам - итжанды, репрессиядан қоғам қисық өседі, сол бізде білініп тұр - Жамбыл Артықбаев
--------------------------------------------------------------
Фильм авторы:
Әлия Әшім aliyaashim
Фильм қонақтары:
Екатерина Кузнецова ekaterina.b....
Кәмел Жүністегі profile.php?...
Нұрлан Дулатбеков profile.php?...
Жамбыл Артықбаев socantropology
Арайлым Мұсағалиева profile.php?...
----------------------------------------------------------
#Нүкте #Қарлаг #Карлаг #НКВД

Пікірлер: 802
Nukte / Нүкте
Nukte / Нүкте 2 жыл бұрын
Каналға жазылып алыңыздар.
beka ceka
beka ceka 2 жыл бұрын
орсша создың астына қазақша аударма жазыңызшы, тусынбей жатырмын
Майра Бисенгалиева
Майра Бисенгалиева 2 жыл бұрын
Здравствуйте. Нужны субтитры на английском и русском чтобы больше народу посмотрели
Айша Бектилеуова
Айша Бектилеуова 2 жыл бұрын
Жазылдым
Айша Бектилеуова
Айша Бектилеуова 2 жыл бұрын
Өткен тарихты болған оқиғаны білетін адамдар азайып бара жатыр.солар өмірден өтпей тұрғанда жазып қалу керек еді.кеш қалдық.енді бұндай Сталин бастағаньжүйенің қылмыстары қалай ашылады белгісіз.жəне сол сталиннің жолын жалғастырғысы келіп жүргендер барьекенін көріп отырмыз ғой бəріміз.орыстар əлі соған ұмтылуда.бұрын сталин болса қазір путин тұр.қазір сол кездегі карлагпен гулагты қытай істеп отыр.қылмысы жоқ адамдарды жазықсыз қамап қудалап сойып сатып ақша қылып зорлық қорлық көрсетіп өлтіріп жатқанын естіп отырмыз .түрмеден шыққандардың айтуымен.енді бұндай қанды қасап адамды қорлауды тоқтатуға болама болмайма.
казак
казак 2 жыл бұрын
Казакша бирдене болса орысша аударма жасатылады,неге орысша астына казакша аударылмайды?кай елде жургендеринди естен шыгарман
Жамила Нұрмашова
Жамила Нұрмашова 5 ай бұрын
Репрессия құрбандарына мың тағзым. Жатқан жерлеріңіз жайлы, журген жерлеріңіз пейіш болсын.
Асулан Бакиров
Асулан Бакиров Жыл бұрын
Хорошо что Кузнецова жива и может расказать все как есть. Здоровья этой женщине!Журналисты молодцы!
Kidunique
Kidunique 5 ай бұрын
Еңбегіңіз үшін рақмет! Ағамыз жас жіберген кезде өзім бір түрлі болып, менің де көз жасым шықты. Бұндай адамдар - біздің қазақ еліміздің тірі тарихы болып табылады. Сол қаралы күндерді еске салып, білу менің ойымша - парыз.
Almagul Zhapabayeva
Almagul Zhapabayeva 2 жыл бұрын
Спасибо за Ваш труд! Очень больно и без слез невозможно смотреть. Сколько безвинных людей погубила сталинская репрессия. Мы, наши дети, внуки и правнуки должны знать и помнить историю. Кiнасiз курбан болгандардын жандары жанатта, топырактары торка болсын!
Asema Mukhametkazina
Asema Mukhametkazina 2 жыл бұрын
Керемет жұмыс!Тоқтамаңыздар!Халықтың көзі ашылуы керек.Жастар Корея соларға еліктегіш болмай,тарихымызды тереңірек зерттесе,үңілсе керемет ел болар едік.Бұрын бұл лагерь туралы білмеген едім,көріп көзім ашылды.Қазақ деген ең мықты халық екен ғой шіркін... Жасым 16-да,өзімнің жасымдағы балаларды,өзімнен кішілердің неше түрлі азғындаған корейліктерді,топтарды қолдап,ауыздарынан сулары ағып жүргенін көрсем ішім ашиды.Ел болам десең,бесігіңді түзе демекші,аналар,әкелер балаларыңыздың миларыңа құйып өсіріңіздер.Кімнің жау,кімнің дос екенін білсін.Ең бастысы,қандай рухы мықты халық екенімізді білсін,қазақпын деп ұялатын емес,ұрандата айтатын ұрпақ болсын.
Jeka_Astana__ KZ
Jeka_Astana__ KZ Жыл бұрын
Умничка, всё правильно, так и было, тока ещо было то что в Лагерях уничтожали все нации, и моих предков репресировали, и я всегда буду блогодарен Казахам за то что моим предкам не дали умереть кормили их. Рахмет вам сестрёнка за вашу работу, удачи вам, мира нашему любимому Казахстану. 🙏🙏🙏
Ali Alim
Ali Alim Жыл бұрын
БАРШАНЫЗҒА ҮЛКЕН РАХМЕТ!!! ЖҮРЕГІМДІ ЕЛЖІРЕТТІЗДЕР, БІЗ РАСЫНДА ДЫМ БІЛМЕЙМІЗ ҒОЙ, ӨЗІМІЗДІҢ ШЫНАЙЫ ТАРИХЫМЫЗДЫ.
KOZHEK TV
KOZHEK TV 2 жыл бұрын
Тарихқа жан бітіріп жібердің! Барлық интервью берген жандарға рақмет! Саған рақмет, Әлия!
Q•REC
Q•REC 2 жыл бұрын
Рахмет💛 шынымен, сұхбатқа келіскен жандарға алғыс☺️🙏
SMAGULOV / ASKAR
SMAGULOV / ASKAR 2 жыл бұрын
Это великолепная работа, действительно заслуживающая уважения!
Ая Нұр
Ая Нұр 2 жыл бұрын
Расында-ақ, осындай контентке “ашпыз”. Барлығы жоғарғы дәрежеде. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар күтеміз!
Q•REC
Q•REC 2 жыл бұрын
🙏
Ермұхан Төребек
Ермұхан Төребек 2 жыл бұрын
Қосыламын
Мадина Ильясова
Мадина Ильясова 2 жыл бұрын
@Q•REC рахмет сізге,керемет жұмыс.👏🏻Дем алмай көргендей болдым.😥әр сұхбат берген адамның сөздері👍🏻мәнді,мағыналы. Расында “қисық өсіп” келеміз. Алла жар болып,ең болмағанда еш кінәсіз кеткен жандардың рухы үшін,болашақ ұрпақтардың түзу өсуі үшін еңбек етейік,қадірлейік.🙌🏻🕊👏🏻 Әлия,сізге тек сәттілік!👏🏻💐
Анар Файызханова
Анар Файызханова 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
Хомячьи байки / Humster Stories
Хомячьи байки / Humster Stories 2 жыл бұрын
Это надо помнить и никогда не допускать вновь...
Марфуга Аксакалова
Марфуга Аксакалова Жыл бұрын
Итжандылығымаздан "қисық өсіп" жасап келеміз, жаныштаушылар әлі де жетіп артылады...😢
Айнур Ғабитқызы
Айнур Ғабитқызы 2 жыл бұрын
Карлаг десе бір түрлі боламын. Долинкаға барып Карлагты өз көзіміз бен көріп қайттық. Өте қорқынышты. Тарих мұғалімі Жадыра мұғалімге рахмет осы тақырыпты керемет түсіндіріп бергеніне.
Dossym Serikuly
Dossym Serikuly Жыл бұрын
Спасибо за хорошую работу Алия, за отличную работу! Я сам был в заключений в Карлаге, хоть и молодой. Я сам видел своими глазами эти стены, где записана история, наше прошлое. Я сам ощутил на себе что такое расставание с родными, видел слезы на глазах любимых людей и сердце сжималась от боли тогда. И я с таким трепетом смотрел от и до этот фильм, мне было очень интересно и в тоже время больно. Карлаг это часть моей жизни.
Фариза Ермагамбетова
Фариза Ермагамбетова Жыл бұрын
Керемет еңбегіңіз үшін мың алғыс!!! Жарайсыз! Тарихтың шындығын ақтаратын осындай азаматтар мен еңбектер көп болса екен!
Коркем Айтманова
Коркем Айтманова 2 жыл бұрын
Үзбей көрдім , еш жерде айтылмаған дүниені көрдім. Ютубтан кездейсоқ ашып, ой түйдім. Рақмет👍🏼👏🏻
Айша Бектилеуова
Айша Бектилеуова 2 жыл бұрын
Менде сіздің айтқаныңызды айтар едім.
Judi Kul
Judi Kul Жыл бұрын
Мен де еш жерде естімеппін бұл тақырыпты. Ұжымға алғыс!
Ержігіт Тұрапбай
Ержігіт Тұрапбай 2 жыл бұрын
Ұжымға рахмет үлкен! Іште бәрі бір,бір ой қалды,әліде зерттеу қажет, Тарихты ұмытпау қажет. Тереңнен зертеуге ағамыз айтпақшы өткеннен қалған қорқыныш, сатқындық тың әсері бар сияқты...өз ойым.Тарихты ақтаруға қорқақтайтын сияқтымыз...
Мариям
Мариям 11 ай бұрын
Көп архивтер әлі жабық, құпия. Әсіресе Ресей архивтері.
BERIKZHAN OTEULIN
BERIKZHAN OTEULIN Жыл бұрын
Басын көрмей жатып, қаным басыма көтеріліп отыр!🥺 Оңбаған совет үкіметі!!! Қаншама адамды қырып тастаған!
Есеп
Есеп 2 жыл бұрын
Әлия, өтінішім, 500мың-миллион қаралым жиналмаса да, тоқтамашы, алға! Жалғастыра бер, тамшы тас жарады, бізде әлі Дудь сиякты журналист жоқ, сенің одан асып түсеріңе күмән жоқ ❤️
Морар Оппортунизм
Морар Оппортунизм 2 жыл бұрын
"Войну спасли люди, а не Сталин" керемет сөз. Дұрыс айтады, қаншама адамның қаны төгіліп, сол соғысты жеңу үшін қаншама қиыншылықтардан өтті. Сонда әлі күнге дейін Сталин соғысты жеңді деп айтатын адамдар жетеді. Тіпті, оқулықтардың өзінде сол соғысқа қатысқан адамдарды атамай, тек Сталиннің атын атап. Сталин жеңіске жетті дейді. 3 күн тығылып жатқанын айтпақ түгілі, жалғыз өзі соғысқа аттанып жеңгендей бейнесін жасайды. Әділетсіз. Ішім ашиды.
Teitoku Kakine
Teitoku Kakine 6 ай бұрын
Джугашвили
Гульзираш Кенжетаева
Гульзираш Кенжетаева 2 жыл бұрын
Керемет, көзімнен жас шықты көріп отырып, жүрегім сыздап ауырды. Ертеректе өзімнің ауылымнан небір адамдар жазықсыз,, ит жеккенге,, айдалып кеткен екен, әкем айтып отыратын. Құдай енді мұндай зобалаңды ұрпақтарымыздың басына бермесін🤲 Қызым, саған шексіз алғысымды білдіремін. Шығармашылық табыс тілеймін 🙏
Арман Ержан
Арман Ержан Жыл бұрын
Кайран казагым-ай,кормегенин жок,Аллах жаркын етсин болашагымызды,урпагымызды саликалы да иманды етсин!
Алтынай Ермекова
Алтынай Ермекова 2 жыл бұрын
Рақмет сізге! Жастарды тарихымызға осылай үңілте алатын жобалар көбейгенін қалаймын. Бұрын осы Карлагқа барғанымда, көзіме жас келген еді, қазір де жас келіп отыр. Осындай қара қыстау қиын кезеңде өмір сүрген( дәлірек айтсақ, тіршілік еткен) ата- апаларымыздың аты өшпесін, әрбірінің жаны иманды болсын. Кузнецова әжеміздің де сіңірген еңбегі зор екен, дәл осы кісі Карлагты зерттегенін де білмеппін. Санамызды, рухымызды оятар, жастарды тарихымызға осылай үңілте алатын жобалар көбейгенін қалаймын.
AlashBro
AlashBro Жыл бұрын
В 19 лет приехал в Карабас этапом, ох как били нас, ужасное место, столько боли, ненависти
Zzzz
Zzzz Жыл бұрын
Надо все Архивы поднять про репрессию .... и ещё про Полигон !!!!!!!!
Raisa Purple's
Raisa Purple's 28 күн бұрын
Тарихмызды, тілімізді құрметтейік! Қаншама жазықсыз адамдар еліміз үшін құрбан болды. Бұл бейнетаспа Тарихқа деген қызығушылығымды одан сайын ашты♡
Assel Irgebai
Assel Irgebai 2 жыл бұрын
Кандай керемет жумысыныз!!! Сиздей жастар коп болсын. Озим болдым Долинкада, 1 жетидей оз- озиме келе алмадым((( Рахмет, осындай тарихты жастарымыз билсе екен🙏 Елимиз аман, журтымыз тыныш болсын, алхамдилуллях 🤲
Райхан Абраева
Райхан Абраева 2 жыл бұрын
2017 жылы бір жыл Ақсу-Аюлыда, Ақадыр кентінде де Бастау курсы бойынша сабақ бердім... Халқы да, жері де тамаша... Өкінішке орай, КарЛаг Қарағандыдан 36 шақырым жерде орналасқандықтан, баруға сәті түспеді... АЛЖИР болғанмын, өте ауыр жер, КарЛаг туралы естуім бар....#Әлия еңбегіңіз үшін мың да бір алғыс!!! Айтарға сөз жоқ... тек қана өксік эмоцияға толы
Talgat Zulkhatov
Talgat Zulkhatov 2 жыл бұрын
Міне нағыз журналист! Құр сөз емес, құр әдемі кадр емес. Бізге осындай журналистер жетпейді. Денің сау болып, шабытыңыз шарықтай бергей!
Берик Иванов
Берик Иванов Жыл бұрын
ассалаумағалейкум! Иә ауыл,ақсақалдар институты, отбасы құндылығы жойылған. Қисық дүниелеріміз көп
Данил Астахов
Данил Астахов 2 жыл бұрын
Мың алғыс! Әлі талай құпия жатыр ғой ол жерлерде.. Бірінші бөлімнің соңы десендер өте жақсы болар еді) Қисық өскен қоғам түзеледі, талай қайғы-қасірет бастан кешірген қазақ елі бақытты болуға уақыты келген шығар💙🇰🇿
GALAMSHAR | Adil Deskeldi
GALAMSHAR | Adil Deskeldi 2 жыл бұрын
Өте керемет жұмыс! Қазақ тілінде осындай бағытта жұмыстар көптеп болуы керек! Еңбегіңіз жана берсін!
Shugyla shyntemirova
Shugyla shyntemirova 2 жыл бұрын
😭 Жұмыстарыңыз ұнайды👍 Тарих бізге керек
Kanat Kazhim
Kanat Kazhim 2 жыл бұрын
-Осындай мықты ақпараттарды жинап ұрпаққа тарихты түбегейлі жеткізетін сіз секілді журналисттер көп болсын.Өте әсерлі.Тағы да тереңдете жазып түсіргеніңізді күтеміз.🔥🔥🔥
Серик Оразалиев
Серик Оразалиев 2 жыл бұрын
Еңбегіңіз жалғасын тауып, жандана берсін, керемет жасалған жұмыс! Халқымыздың ризашылығына бөлене беріңіз, рахмет сізге!✊✊✊👍👍👍
Diana Daniyarova
Diana Daniyarova Жыл бұрын
Спасибо за фильм! Очень было интересно! Люди должны знать свою историю
Еркебулан Альчекенов
Еркебулан Альчекенов Жыл бұрын
“Мамочкина кладбище” деген жерінде көзіме жас еріксіз келді… бір ой салдыңыз… рахмет сізге, Әлия!
Асель Карабаева
Асель Карабаева 2 жыл бұрын
Сұмдық, өмір ай! Репрессия, враги народа деген сөздерді көп естиміз, бірақ шынайы қалай болғанына мән бермеппіз! Камера пыток, аштан өлу, 25 кг салмақ болу, көзіме жас шығып, осы өмірімізге шүкүр деймін, балдарымның болашағы жарық болсын деп Алламнан күні түні тілеймін, қайран қазағым ай, не көрмедің, болашағын жарқын, аспаның ашық болсынш🙌🙌🙌
Бибигуль Алагозова
Бибигуль Алагозова 2 жыл бұрын
Как все точно и правильно смогли показать проблему нации
Nurasem Akhan
Nurasem Akhan 2 жыл бұрын
Қарағандыны қаралы, күңгірт қала деп атайтындар көп. Шынымен Қарағанды көшелерімен жүріп келе жатып қуаныш жайлы көңілді өлең немесе кітап жазу қиын... Осынша қиындықтарды өз бойына, жеріне, ауасына сіңіріп алған секілді. Бұл ауыртпалықтардың ең үлкен залалы - құлдық сана . Осы құлдық сананың әсері әлі де бар . Видео соңында бұлар соңғы ұрпақ дедіңіз ғой. Меніңше бұның жақсы жағы да бар-ау. Ендігі ұрпақ еркін ойлай алатын , ол құлдық санадан босаудың басы болатын, ештеңеден қорықпайтын болады. Лайым еліміз ғана емес санамыз да тәуелсіздікте болар күн тусын. 🍃 Видео үшін көп рақмет! Өте әсерлі, пайдалы болды . Туған қалама деген сүйімім бұрынғыдан да артқандай ❤
Ai Erkem
Ai Erkem 2 жыл бұрын
Жазбаңыздың бастапқы жағымен келісемін.Бірақ соңғы ойыңыз қате.Сұхбат берген кісілердің сол зұлматты айтып бере алатын соңғы ұрпақ болғаны қуанатын жағдай емес.Журналист кісі айтқандай "Олар сол күндерді көзбен көрген соңғы ұрпақ.Бітті.Тарих үзіледі.Қағаз бетінде ғана қалады".Ал ҚАҒАЗ бетіндегі тарих ол тек теория, құрғақ сөз, құрбан болғандардың сансыз есебін оқып жаттау ғана.Қағаздағы тарих "құл санаға" əсер ете алмайды.Қайта осы тарих куəгерлерінің ӨЗДЕРІ берген сұхбаты нағыз білім береді, көзіңді ашады.Егер де Қарлаг тақырыбы осы кісілермен бірге ұмытылып, өткеннің елесі болып қалса, онда ұлттық сана өздігінен жаңғыра алмайды.Осы кісілердің көзі тірісінде тарих та тірі. Ал, қазіргі ұрпақ сіз айтқандай еркін ойласын.Алайда олар "еркін ойлауды" қалай түсініп жүр? Оларша, еркін ойлау - тура шетелдің шектен тыс "демократиясы", Еуропалық үлгідегі адамдықтан безген феминизм т.б. шетелдің пропагандасы.Олардың санасын шетел шырмап алған, батыстың ұлтсыздандыру,мəргүрттендіру идеологиясын сіңіріп "қисық өскен", өз Отанынан жерінген, туған тарихынан мақұрым, тұнған бойы комплекс, өз болашағына сенімсіз, нағыз қорқақ, ең аяғы сатқын. Соның дəлелдерінің бірі, журналист қойған сауалнамаға қатысқандардың 20%-ы ғана Карлаг тақырыбынан хабары бар, қалған 80%-ы тіптен білмейтін боп шықты.Міне, жас буынның "еркін ойлауының" көрсеткіші. Ой-түйін: Тарихтан мақұрым ұрпақ еркін ойлай алмайды.
Khalida
Khalida Жыл бұрын
Караганды ен адеми калалардын бири. Алматыдагы КазНАИ подвалында А .Байтурсыновты атты деген малимет бар. Бул гимарат бурын НКВД болган. Ал казир ишине кирсениз, конып калгыныз келеди. Ешким бул жерде талай жазыксыз жанды атты деп казир айтпайды
Altynay Aliyeva
Altynay Aliyeva Жыл бұрын
Қарағандыда бала кезімде болдым, репрессия туралы ол кезде білмеймін, бірақ сіз айтқандай өте суық ойлар қалды есімде, мұмкін қаралы жер болғасын шығар
Айжанка Айжаночка
Айжанка Айжаночка Жыл бұрын
@Altynay Aliyeva Қарағанды ешқандай да күңгірт қала емес,бірнеше жыл тұрып келе жатырмын. Бұдан да жаман қалалар бар. Ең ірі,әдемі қалалардың бірі. Бұрынғы Ақмола қазіргі Астанада Алжир лагері болды. Қаншама әйел,әжелер балалар сәбилер қайтыс болды. Акмолинский лагерь жён изменников родины деп аталды.Былай қарап отырсаң соғыс болмаған жер жоқ, ата заманнан бастап. Сонда барлық жер күңгірт болып саналады ма.
Kidunique
Kidunique 5 ай бұрын
@Ai Erkem Сізбен толығымен келісемін. Рақмет.
Гүлсезім Ситебай
Гүлсезім Ситебай Жыл бұрын
рахмет, расымен де еліміздің басқа аймақтарында тұратын адамдар үшін Карлаг жай ғана лагерь емес, адамзат басынан өткерген ауыр азап пен қанды қырғынның, аяусыздықтың жері екенін ұғындырдыңыз. Жеке өзімде ары қарай осы тақырыпты зерттеуге ұмтылыс пайда болды. Тәуелсіздіктің қадіріне жете бермейміз!
Сабит Мұқан
Сабит Мұқан Жыл бұрын
Астана жақта алжир деген лагерь болған
Arailym Mukhatbek
Arailym Mukhatbek 2 жыл бұрын
Көзге еріксіз жас келеді. Еңбектеріңізге рақмет! Тарих ұмыт қалмауы тиіс.
John Q
John Q 2 жыл бұрын
Вот оно «светлое» прошлое совка. Зато квас был по 3 копейки, мороженое было вкуснее… Ничто не забыто, никто не забыт! Ешкашан Умытпаймыз!
Akniet Baltanova
Akniet Baltanova 2 жыл бұрын
😭😭😭 осындай контент трендке шығуы керек қой... Рахмет✊
Темирлан Кабулов
Темирлан Кабулов Жыл бұрын
Потресающая работа! Спасибо! Что только не прошли люди...
Zzzz
Zzzz Жыл бұрын
Это надо перевести на все Языки Мира и показать всему Миру .
Нияз Сарбалаев
Нияз Сарбалаев 2 жыл бұрын
Қорқытып үркітіп тығып тастаған тарихымыз ашылды Аллаһым шүкір Енді әрмен қарай жалғастырыңыз видео көп түсір кітап әзір ешкім оқымайт. Руһымыз күшейет өмірге көз қараста өзгереді. Аюды қоян қылар келешек ұрпақтарымыз.
Гулсара Слам
Гулсара Слам 2 жыл бұрын
Жамбыл Артыкбаев деген кісінің тамагына өксік тығылып жауап бере алмаганда козиме жас келді. Әттең!
JO JO
JO JO Жыл бұрын
😔 Қандай өкінішті тарих сабағы. Алайда, сіздің жұмысыңызға үлкен рахмет! Өте жақсы жасалған, сапасы жоғары түсірілген (очень қачественно снято). 👍
Asem Koldey
Asem Koldey 2 жыл бұрын
Керемет! Осындай тарих туралы деректі фильмдер көп болсын! Жастар көріп , ой түйсе екен!!! Рааахххммеетт!!!
Где-то Там
Где-то Там 7 ай бұрын
Спасибо вам за такую работу это останется уже в памяти и не сотрут, как многое и многих... Да хранит вас Всевышний дальнейших успехов вам ИншаАллах.
Лаззат Шагирова
Лаззат Шагирова 2 жыл бұрын
Талай адамның ойында жүрген, айтылмаған, айта алмаған қасіретті жағдайдың, өкініші мол ауыр тағдырлардың ащы шындығын ашып көрсеткен бұл еңбектің авторларына мың алғыс! Алған беттеріңізден қайтпай зерттеулеріңізді жалғастыра беріңіз! Сәттілік серік болсын!
Лаззат Шагирова
Лаззат Шагирова 2 жыл бұрын
Торғай өңірінің тумасы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің қатысушысы атамыз контрреволюциялық жұмыстарымен айналысты деген жаламен сотталып Қарағанды түрмелерінің бірінде 1941 ж. көз жұмған екен, 1989 ж ақталды, бірақ жерленген орнын іздеп таба алмадық...
Yermek Zakariya
Yermek Zakariya 2 жыл бұрын
Қызық жағдай. Қазіргі мәңгүрт бауырламызыдың аузындағы сөзі фильм басындағы апайдың келтірген дәйексөзін аудыртпай қайталайды: "Раз казах, значит, националист" 🤔
madina ospanova
madina ospanova 2 жыл бұрын
Керемет фильм! Аяқталғанын қаламадым. Тыңдай бергім келді. Оқушы кезімде тарих мұғаліміміз Бағдат Естаевна құлдық психологиядан арылыңдар дейтін еді. Кеңес үкіметінің зұлымдығын меңзеген еді.
Бекзат Жолдасов
Бекзат Жолдасов Жыл бұрын
Алла боздақтардың бейкүнә жандардың жанын Жәннатты нәсіп етсін...
Aktilek Ibraimova
Aktilek Ibraimova 2 жыл бұрын
Алия Рахмет сизге! Биздер ренжимиз гой ой казактар анандай, мынандай деп, бирак биз казактар мактануымыз керек сиякты сондай киыншылыктан шыгып ел болганымызга! Тауелсиздигимизге енди 30жыл, биздерде осындай Алия сиз сиякты жастар коп болса, Але мыкты болып кетемиз! Карлаг жайында фильмыныз ушин мын алгыс! Жумысыныз алга бассын!!!
The only
The only 2 жыл бұрын
Маған архивті ақтарып, нағыз, шынайы тарихты білуге мотивация болды . Рахмет, керемет жұмыс. Алдағы уақытта қуғын-сүргінге ұшыраған тау басты азаматтарымыз туралы шындықты білуге, архив болсын, музей болсын, сол кездің көзіне болсын барамын, ізденемін👏👏
ҚЫЛМЫSTAR
ҚЫЛМЫSTAR 2 жыл бұрын
Ұлтым ай не көрмедің. Әлі де оңды болмадық қо. Не деген сорлы халықпыз. Қаймағымыздан айрылдық. Бас көтерер, жол көрсетеріміз жоқ
Лаура Баянова
Лаура Баянова Жыл бұрын
Қазақ тіліндегі ең мықты тарихи контент. Үлкен әсер алдым. Бүкіл қазақ, жасөспірімдер көрсе екен дейтін видео. Алғысым шексіз
Hit Men
Hit Men 5 ай бұрын
Огромное человеческое СПАСИБО, РАХМЕТ за материал!, моя бабушка Маржанкуль 1926 г.р. уроженка Иргиза в возрасте 5 лет с двумя старшими братьями бежали от голода из Казакстана обесиленные от голода и холода мою бабушку братья ВЫНУЖДЕННО были оставить в детском доме в селе Елизаветинка Адамовского района Оренбургской обл, так и выросла и прожила моя бабушка всю жизнь в Оренбургской области. НАДО ПОМНИТЬ ИСТОРИЮ ВСЮ!!! И ПОМНИТЬ ТАКОЙ КАКОЙ ОНА БЫЛА НА САМОМ ДЕЛЕ!!! ОГРОМНОЕ СПАСИБО ВАМ ЗА ВАШУ КАЧЕСТВЕННУЮ РАБОТУ , ОСНОВАННУЮ НА ФАКТАХ! г.Оренбург Салимжан.
Маржан Успанова
Маржан Успанова 2 жыл бұрын
Жасаған жұмысыңыз зор екен. ☀️Үлкен рақмет сізге ✨🙏🙏🙏✨ нағыз тарихты білу керек! Сол кезде не болған екен. Қазіргі жастар түк білмейді ғой, көрсету керек!🔥♥️♥️♥️
Meiirzhan Toktarbayev
Meiirzhan Toktarbayev Жыл бұрын
Қазақша сапалы контент үшін ҮЛКЕН РАХМЕТ!
Сауле Ибраева
Сауле Ибраева 2 жыл бұрын
Тапжылмай, ұйып тыңдап көрдім... "Нүкте" ең сүйікті, іздеп қарайтын ютуб-каналыма айналды. Бұндай құнды дүниелерді Сіздерден тағатсыздана күтіп қаламын! БРАВО, ӘЛИЯ!!! ЖАРАЙСЫЗДАР!!! САПА 1000%
ҚАЗАҚША РЕЦЕПТІЛЕР
ҚАЗАҚША РЕЦЕПТІЛЕР 2 жыл бұрын
Алға қарындасым, дами бер. Айтылмаған шындықты айт, білейік. Рухымызды оятайық 🇰🇿👍
Yellow_ 2801
Yellow_ 2801 2 жыл бұрын
Алия ханым, сізге рақмет, жеңіл, ұғыныңқы етіп түсіндіргеніңізге, көрсеткеніңізге. Карлаг туралы тарих кітабынан оқығам мектепте, но менде тарихқа деген қызығушылық төмендеу болды. Ылғи жылдар, сандар деп қарап, жете түсінбегенмін. Шын қызығушылық менде енді ғана басталып жатыр. Фильмдегі ағаның: тасты жарып шыға алмай, жаныннан итшелеп қисық өскен тал деген мысал өте қатты әсерлі айтылған мысал болды. Осы фильмді түсіруге септігін тигізге топқа алғыс👏
Ардак Онгарбеков
Ардак Онгарбеков 2 жыл бұрын
Қайран қазағымай ел үшін шейіт болған боздақтарымызға мың тағзым алла жандарын жанатта болсын мың тағзым
Мирон Есен
Мирон Есен 2 жыл бұрын
Биздин осип келе жаткан жастар корип тарихымызды билсе екен. Рахмет сизге
Александр Бобрышев
Александр Бобрышев 2 жыл бұрын
Спасибо Вам огромное за проделанную работу!
Айнур Байгалиева
Айнур Байгалиева Жыл бұрын
😭қайран қазағымай не көрмедін басынан не өтпеді, қашан жақсылық тыныш өмір болады. Аллам елімізге тыныштын, ауыз біршілік, халқымыз саналы, білімді, еңбек қор болсын, мықты ел болуына жәрдем бере көрші🙏
Маншук Халимбай
Маншук Халимбай 2 жыл бұрын
Тоталитарлық жүйе бізге жансақтық пен құлдық сананы қалыптастырды. Дауысымызды шығаруға қорқамыз, артық сөйлеуге қорқамыз, үнемі үй артында кісі бар деген ойда жүреміз. Әлия, әсерлі репортажыңызға рахмет!!! Еңбегіңіз жемісті болсын!!!
m.g.r M
m.g.r M 2 жыл бұрын
Көзіме жас алып көрдім, ай Аллахым, жардем бер халқымызға. Әмин
Назира Пазылова
Назира Пазылова 2 жыл бұрын
Керемет жұмыс! Үлкен рахмет сізге! хочется чтобы все знали Историю своего народа и знали своих героев! 🙏
Балым Буланова
Балым Буланова 2 жыл бұрын
Алған әсерім керемет! Әлия және барлық ұжымға мың алғыс!!! Жалғасы болса екен... айтылмай қалған дүние көп сияқты...
Daulet Bekezhan
Daulet Bekezhan 2 жыл бұрын
Енбегинизге Рахмет,керемет жумыс! Осындай такырыптарды котерип ашык аланга шыгарып,барды бар деп жокты жок деп айтатын тв-га тауелсиз,контентты ашык аланга шыгаратын блоггерлер кажет елге... "Тарихын билмейтин халыктын болашагы жок" деген жай соз емес. Осындай контент халыкка ауадай кажет! Казакстан тауелсиз жастардын колында!!!
Гульсара Кайырбекова
Гульсара Кайырбекова 2 жыл бұрын
Ұрпағымыздың рухы биік, болашағы жарқын болсын !
Айгерим Сагингалиева
Айгерим Сагингалиева Жыл бұрын
Керемет. Мектепте окыганда естигенбиз. Бирак булай журекке жетпепти. Оте керемет передача 👍 нагыз казак.
Kira Kirin
Kira Kirin 2 жыл бұрын
Осы тақырыптардың басың ашатын уақыты келіпті ғой, жұмыстарына рахмет.
Айнур Ғабитқызы
Айнур Ғабитқызы 2 жыл бұрын
Бұл 1 ғана лагерь емес. Бұл лагерлерді ұрпағымызға айтып жеткізіп отыруымыз керек
Dilnaz Almatkyzy
Dilnaz Almatkyzy Жыл бұрын
Жоғары дәрежеде, көп рақмет. Шынымен де, тарихымыз туралы іздегенде, нақты, бос сөзсіз, құнды керекті деген ақпараттарды табу қиын-ақ қазір, пайдалы контенттердің көп болғанын қалаған болар едім.
Qajet
Qajet 2 жыл бұрын
Тамаша жұмыс. Еңбегіңізге рақмет. Бөлісіп қойдым!
Әдебиет әлемі
Әдебиет әлемі 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм, Даке!
Арман Мейтжанов
Арман Мейтжанов 2 жыл бұрын
Рахмет сізге өте жоғары деңгейдегі жұмыс! Жанағы сұхбат берген жандарға алғыс Кузнецова берген сұхпатын жеке деректі фильм қылса ол кісімен талқылап.
Меню для малышей KZ#RU
Меню для малышей KZ#RU 2 жыл бұрын
Терең ойға батыратын фильм.... Әр айтылған, әр азапталған көрініс жүрегіме әсер етті... Өкінішке орай әлі де жасықпыз, қорқақтап барып әрең айтамыз. Осы тақырыпты кеңінен зерттеп, талқылап қайта жазар болсақ үлкен тарих жаңадан шығар еді. Қаза болған қара халқыма, ата-бабамыз жәннаттың төрінен орын алып, азаптаған аиуандар тозақта отырсын. Рақмет сізге Әлия жазарыңыз бітпесін
Esbol Nurahmet
Esbol Nurahmet 2 жыл бұрын
Мықты! Әлемі, бас-аяғы тиянақты толық қанды фильм бопты. Іркілме, ілгерлей бер!
Махир Кара
Махир Кара 2 жыл бұрын
Менің атам қуғын -сүргін зобалаң түрмесінде болған Ақталды бірақ Жүрегімізде шер болып жазылмас жарадай қалды. Репрессия құрбаны болған Қазақтардың қанын суша ағызды ғой. Қазақтың Қанын,Жанын ,Адамдарымызды өлтіріп қырып атып тастағаны үшін Шығынымызды өндіріп төлесін ,Сотқа беруіміз керек тез арада талап етеміз. Қазақтың Қанын ,Жанын алғаны үшін төлеақы төлесін.
Qazybekpen Dünie Tanu
Qazybekpen Dünie Tanu 2 жыл бұрын
Керемет видео! Менің атамның әкесіде КАРЛАГда болған, бірақ біраз уақыттан кейін қашып, тығылып жүрген дейді. Ол кезде кашып шықпаса Қазақстанда кем дегенде 60 адамға аз болатын еді! Жанны жәнатта болсын! Видео керемет, ата-бабаларымыз біз үшін істегенді ұмытпайық, және өзімізде болашақ ұрпақтарды ойлайық!👍🇰🇿🇹🇷
Бекзат Сарайұлы
Бекзат Сарайұлы 2 жыл бұрын
Өте жақсы сапалы түсірілген! Журналист апамызға субтитр немесе аударма болса жақсы болар еді
Гульмира Тусупбекова
Гульмира Тусупбекова Жыл бұрын
😰😰 бедный наш народ
Руслан Жанахметов
Руслан Жанахметов 2 жыл бұрын
Аксу аюлыда камазизст жигиттерге сәлем!!! Машинамен жолда калганда, көмегін берген , машинаны жөндеп кетті тегін, шәй ішіп үйге киргизип, аркарай жол Алматыға тарттым,рахмет сендерге
Гульден Бабаханова
Гульден Бабаханова 2 жыл бұрын
Анам айтқан еді Жаңа Арқа мен Қарағанды қаласының трассасының бойындағы талдарды карлагтағы адамдар еккен. Әрбір талды еккен сайын талдың түбінде адамдар аштықтан өліп отырған деп айтқан еді.
Nazena Assyl
Nazena Assyl 2 жыл бұрын
Оте асерлы, магыналы контент! Рахмет Сызге коп коп! Сыз сиякты тулгаларга тенелуымызге Алла насып етсын🤲
Қазақ қызы
Қазақ қызы 2 жыл бұрын
Аллаһ жазаларын берсін оңбағандардың 😓😓
Ерден Пак
Ерден Пак Жыл бұрын
Рақмет үлкен!Тарихты жастар білү керек.
aiazhan galym
aiazhan galym Жыл бұрын
Алла жұмақтан орын берсін бәріне😣😣
Гинаят Тлеушов
Гинаят Тлеушов Жыл бұрын
Еңбегіңіз бағалана берсін, аман жүріңіз....
Baurzhan
Baurzhan 2 жыл бұрын
Ай жалған өмір-ай😭😭
Aigerim Duisebayeva
Aigerim Duisebayeva 2 жыл бұрын
Тамаша жасалынған дүние. Міндетті түрде көруге кеңес беретін, және көруге тиіс заттардың бірі👍
Amanbol Musa
Amanbol Musa 2 жыл бұрын
Тамаша еңбек. Өзімізді Дудь 👏🙂 Бір деммен қарап шықтым. Өзіме ұнады. Карлагдағы "нквд балалары" туралы бірінші рет естідім. Бірақ аз дерек көп кейіпкер таңдап қойған сияқтысыз. Кузнецова мен Жамбыл ағамен ғана сухбат өрбітуіңіз керекпе еді деген ой келді. Қалған кейіпкерлеріңіз берген деректен алған уақыты көп болып кеткен сияқты. Жұмысыңызға береке берсін. Асыға күтеміз.
User User
User User 2 жыл бұрын
Рахмет айтамын, бар шындык ашылып жатыр 🧕👍👍👍Тагы да коп тарих шыгады ИншаАалла 🤲Репрессия курбандарынын Рухтары манги Жасасын 🙏🙏🙏🙏🙏🙏🙏🧕🤲🤲🤲🤲🤲🤲🤲
Арген Туребаев
Арген Туребаев 2 жыл бұрын
ҮЛКЕН РАХМЕТ тарих ұмыт болмайды..
Extreme Blue Face Mask ASMR
00:58
Dr Ryan
Рет қаралды 48 МЛН
Foam Fix: DIY Wheel Repair Experiment 🔧
00:53
Wood Mood
Рет қаралды 16 МЛН
АЛЖИР
52:01
Sevil Bahshisheva
Рет қаралды 49 М.
Дети КарЛАГа Документальный проект "Я здесь"
18:43
Almaty Nomad Клуб путешественников
Рет қаралды 3,3 М.
Малайсары-Тархан
15:31
АК-79: ҚАЗАҚ ТАРИХЫНА ЖАҢА КӨЗҚАРАС
Рет қаралды 29 М.