Мұхтар Шаханов

  Рет қаралды 4,883

Алтынбек Абишев

Алтынбек Абишев

12 жыл бұрын

***
Өткен күннен сезiлмесе ащы леп,
Сенемiз бе, ұлттан мұң-зар қашты деп?
Сорымыз ба, намыссыз бен ұлтсызды
Бiзде қазiр жазалайтын басшы жоқ.
Сараптасақ ұлт пен ұлтсыз қырқысын,
Қандай iске бармады жұрт құлқы үшiн?
Бiрақ ана тiлдi сақтау бас мiндет --
Тiлден үлкен Отан болмас ұлт үшiн.
Намыссыз ел айналмай ма сорлыға?
Қайсар басшы өнегесiн қор қыла
Өз ұлтына тас атқандар шалқып жүр
Абақтыға жабылудың орнына.
Өзгергенмен бүгiнгi өмiр ағысы,
Көп қазақтың қалғығанмен намысы.
Елде Отан соғысынан кем емес,
Жүрiп жатыр тiлдi қорғау соғысы.
Әр халықтың ойына сай бойы бар
Бойсызға да қатал талап қойылар.
Қазақ тiлi -- қазақ халқы деген сөз,
Тiлiн қорғай алмаған ұлт -- жойылар.
Тiлiн қорғай алмаған ұлт -- санасыз,
Қасиетсiз, құдiретсiз, панасыз.
Мақсат тұтып тек қарынның мүддесiн
Ғұмыр кешер ұлтсыз, рухи-анасыз.
Лезде босап жiгерiнiң белдiгi,
Күңгiрт тартты халқымыздың елдiгi.
Егер бүгiн күреспесек тiл үшiн
Ертең ұлт боп қалмасымыз белгiлi.
Қазiргi кез -- әумесер кез, масаң хал,
Тамырсыздық аңғарынан бас алған.
Қазақ ұлтын космополит етуге
Елiмiзде барлық жағдай жасалған.
Басшылар көп билiк шыңын өрлеген?
Өрдi қазақ есебiнен төрлеген.
Сөйтсе де олар не бiр қызын, не ұлын
Баба тiлiн меңгеруге бермеген.
Тiлiн, ұлтын сатқан адам оңбай ма,
Әлде биiк лауазымға самғай ма?
«Қалай жеттiк бiз осындай жағдайға?»
Деген сұрақ жиi ұрады маңдайға.
Үш жүз жылдай түсiп келген илеуге
Ұлттық сана жылдан-жылға күйреуде.
Ана тiлiн менсiнбеген мәңгүрттер
Неге құштар қазақ халқын билеуге?
Кей «зиялы» айла жасап не түрлi,
Сол билiкке болып алған өтiмдi.
Ал жасырын ұлтты жою майданын
Олар әлi сезiнбейтiн секiлдi.
Қыраннан да асқақтатып тауықты,
Мадақтайтын ақын, жыршы қауiптi.
Әншiлер жүр тiлдi қорғау iсiнен
Биiк қойып той мен ойын-сауықты.
Жанын күйттеп ұлттан шеттеп қалғандар,
Бәлкiм, үркек, қорқақ дарын-талғамдар.
Әрине олар, бiрiншi мен оныншы
Кезектi iстi алмастырып алғандар.
Рухсыз күш өмiр сүрмес желiксiз,
Шыншыл тұлға көп жағдайда серiксiз.
Сан ғасырлық намыссыздар сабағын
Сондықтан да еске аламыз ерiксiз.
Мәңгүрттенiп, алшақ қонған арынан
Дарындар бар атын әлем таныған...
Жүрегiнде ұлттық намыс болмаса
Ол дарынның жоғы жақсы барынан...
Жүргендер де ұлттан бөлек шат, гүлдеп,
Мақтана алмас «нағыз бақыт таптым» деп.
ҰЛТҚА, ТIЛГЕ ЖАНЫН САЛМАС ЖАНДАРДЫ
КЕЗЕҢ КЕЛДI АЙТАР РУХИ САТҚЫН ДЕП...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Баба рухтың сенiм шамы сынғандай...
Намысы өшкен кезең едi бұл қандай?
Бабаң ұлттан, тiлден қашқан қазаққа
Жер астынан лағнет айтып тұрғандай.

Пікірлер: 4
@user-wy9kz2zp3r
@user-wy9kz2zp3r 4 жыл бұрын
Жарайсың қазақ тіліне жаны ашыйтын тек қазақ қана
@user-qk8jw2ov2q
@user-qk8jw2ov2q 2 жыл бұрын
АНАТІЛІМ АРЫМ БҰЛ. ҚАЗАҚТІЛІН БƏРІҢ БІЛ. АНАТІЛІМ БІРЛІК ҰШЫН. ӨЗГЕ ТІЛДЕР ТІРЛІК ҰШЫН.
@user-fv9pd5qv2t
@user-fv9pd5qv2t 7 жыл бұрын
что за девочка
ӨЛГЕНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛЕ МЕ?/ KOREMIZ
46:55
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 45 М.
Соңы жоқ сәтті жол!
19:40
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 2,9 М.
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 2,3 МЛН
Chips evolution !! 😔😔
00:23
Tibo InShape
Рет қаралды 42 МЛН
Ну Лилит))) прода в онк: завидные котики
00:51
Мақта қыз бен мысық - 2 бөлім 💃🐈
6:56
Алтынбек Абишев
Рет қаралды 639 М.
Мақта қыз бен мысық - 3 бөлім 💃🐈
8:02
Алтынбек Абишев
Рет қаралды 1 МЛН
Сон Паскаль играет гимн Казахстана на домбре
0:50
Алтынбек Абишев
Рет қаралды 110 М.
Күндізгі жаңалықтар (31.05.2024) 12:30
20:59
Телеканал ТДК-42
Рет қаралды 2,8 М.
Сон Паскаль  Айналайын (2013)
3:17
Алтынбек Абишев
Рет қаралды 4,9 М.
Мұқағали Мақатаев: “Фаризаға”
2:56
Тоқжан Уали
Рет қаралды 970
Украина соғысы не боп жатыр?
9:58
Ойтүрткі
Рет қаралды 36 М.
ХОТЯ БЫ КИНОДА 2 - официальный фильм
1:35:34
ХОТЯ БЫ В КИНО
Рет қаралды 2,3 МЛН