Мұқағали Мақатаев: “Фаризаға”

  Рет қаралды 1,258

Тоқжан Уали

Тоқжан Уали

27 күн бұрын

Мұқағали Мақатаев: “Фаризаға” өлеңі
#қазақша #өлең #подпишись #фариза
Фаризаға
Фариза!
Фаризажан, Фариза қыз!
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де іздейтін жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де.
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып
Тастағысы келеді күресінге,
Фаризажан, сен соны білесің бе?..
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
Серіппесі үзіліп, тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң, мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім…
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
…Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Мандайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?
Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсеңде қаншама мыңды-мыңға.
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ).
Не туралы жазсақ та, Фариза ақын,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап…
Фариза!
Фариза ақын, Фариза қыз!
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз…

Пікірлер: 1
@erkaerka5435
@erkaerka5435 12 күн бұрын
Токтама
UFC 302 : Махачев VS Порье
02:54
Setanta Sports UFC
Рет қаралды 1,4 МЛН
DELETE TOXICITY = 5 LEGENDARY STARR DROPS!
02:20
Brawl Stars
Рет қаралды 13 МЛН
Каха инструкция по шашлыку
01:00
К-Media
Рет қаралды 7 МЛН
"ЖАПЫРАҚ ЖҮРЕК ЖАС ҚАЙЫҢ" ӘНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
6:49
Мұқағали Мақатевтың ұрпақтары «Таңшолпанда»
26:25
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 67 М.
«Әр өлеңі - бір әлем»
11:31
КГУ "ОСШ №21", КАРАГАНДА
Рет қаралды 1,8 М.
Тынышбай Рахимов. Мұқағалиға арнау
5:38
Aқберен Елгезек
Рет қаралды 41 М.
Қасым Аманжолов. Өзім жайлы
5:05
TALENTED KZ
Рет қаралды 723 М.
ЖАҢА ӨЛЕҢДЕР ЕРШАТ ҚАЙБОЛДИН АҚТӨБЕЛІК АҚЫН
7:06
Фариза, Фаризажан, Фариза қыз...
4:12
Qazaq Olenderi
Рет қаралды 20 М.