@Маңғыстау мекені. Басқұдық. Мұхамбет емханасы. халықпен кездесу.

  Рет қаралды 160

Гульмира Истлеуова

Гульмира Истлеуова

Жыл бұрын

14- Мектептен Мен түсіп жатрым .
Нұрлан . Мағанда дауыс берсеңдер жақсы болар еді .
Біз бірге жұмыс жасайтын боламыз . Және бізде ауыл Белсенділері бар . Телевидение шақырып ауыл проблемаларын көтеріп жүрген9 - Мектептен
Нұрсұлтан
Қалданұлы на дауыс берейік ағайын .
16 -Мектептен
Лейла Сайдоллақызы на дауыс берейік
Жоспарымыз бір Басқұдық ауылы проблемаларын шешу ..Аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Қарамырзаев Нұрлан Жәрдемұлы
Сенім білдірген Басқұдық тұрғындарына алғысымды білдіремін. Елдімекендегі мәселелерді шешуге бар күш-жігерімді саламын.
Басты мәселелер:
1. Басқұдық елдімекеніне ай сайынғы көшелерді тазалауға, абаттандыруға т.б. шаруаларға ауданға бөлінетін қаржының халық бақылауында болып, жариялылығына қол жеткізу.
2. Аулымызда орналасқан су беру станцияларынан су таситын көліктермен (водавоз) беріліп жатқан судың бағасындағы айырмашылықтың кімінің есебіне кетіп жатқандығын анықтау. Су беру станциясына берілген судың түгелімен құбырлар арқылы жіберілуіне қол жеткізу. Құбыр тартылмаған үйлерге осы кезге дейін тартылмау себебін анықтау және тездетіп тартылуын талап ету.
3. Газ, су, ток тарифтерінің үздіксіз өсуі, ай сайын келіп жатқан счеттардың негізсіз көбейіп келуі сияқты факторлармен күресу. Мүмкіндігінше тұтынушы мен өндіруші арасындағы делдал мекемелердің санын қысқарту.
4. Ауылымыздың жанындағы дринажный латоктан ағып жатқан сулардың ай сайын лабороториялық тексеруден өткізілуіне қол жеткізу. Себебі: сол лотоктан ағып жатқан КазАзот мекемесінің қалдықтары құрамындағы аммиак тұрғындардың денсаулығына өте зиян келтіріп жатыр. Осы құбырды жер астына ауыстыру. Қошқар Ата көлінің залалсыздануына қол жеткізу.
5. Автодром ауылының ортасынан тартылған газ құбырын алдыру. Орнына үлкен жол салдыру. Халықтың жүріп-тұруына кедергі келтіретін заңсыз құрылыстарды алып тастау. Болдырмауға тырысу.
6. Көшелердің жолдары мәселесін шешу.
7. Жұмыссыздықты азайту, жастарды жұмыспен қамту.
8. Әлеуметтік қамсыздандыру. Тұрғындаға жер телімін алуды жеңілдету..
9. Балалар алаңқайлары.
10. Иттерге (питомник) салу.
11. Маршрутты автобустарды реттеу.
Осы айтылған мәселелердің бәрі тек сіздердің қолдауларыңызбен жүзеге асатындығын назарға алуларыңызды сұраймын. Сайлауда таңдау жасалғаннан кейін ай сайын халыққа ыңғайлы уақытта кездесіп, пікір алысып тұруға уіде беремін. Халықтың мұң-мұқтажын, жан-айқайын үкімет адамдарына жеткізуге уәд беремін.Қадірлі мұнайлы ауданының тұрғындары❗
Мен, Нұрсұлтан Қалданұлы Амангелдиев алдағы аудандық мәслихаттарға сайлауға қатысуға бел будым. Осы шешімімді қолдап, маған сенім білдірген азаматтарға алғысымды білдіремін. Әрине мұның үлкен жауапкершілік екенін түсінемін және халық көтеріп жүрген мәселелерді шешуге, билік органдары алдына қоюға жұмыстанамын. Әлбетте, сайлауалды науқан барысында тұрғындармен кездесемін, олардың талап-тілектерін тыңдаймын және солардың негізінде өз бағдарламамды толықтырып отырамын. Мен өзімнің депутаттық қызметімде негізінен әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлуді ойлап отырмын. Ауылдың жол мәселесін,мусорды тасымалдау мәселесін, қысы жазы су тапшылығын , қошқар ата мәселесін,білім беру , көше жарық шамы, және т.б. салалардағы өзекті мәселелер менің сайлауалды бағдарламама арқау болады.
Ең бастысы еліміз үшін осы жауапты кезеңде ашық, әділетті Қазақстанды құру үшін өз үлесімді қосқым келеді.
Мен - қаржы саласының қызметкерімін, еңбек жолымды қарапайым менеджерден бастап,Атырау қаласында ВТБ банкте Бөлшектік бизнес директоры болып жұмыс жасадым,қазір ForteBank те Жалақы жоба басқармасының басшысымын. Еңбек жолымда қарапайым қара халықпен, қоғамдық ұйымдармен және көптеген мекемелермен азаматтармен тығыз жұмыс жасадым, олардың көтерген мәселелерін қолдан келгенше шешіп, жағдай жасадым. Ал енді осы тәжірибемді Мұнайлы ауданының тұрғындарының мүддесі үшін, олар көтерген мәселелерді шешу үшін пайдалануды жөн көрдім. Естеріңізде болса бұрын тек партия мүшесі ғана депутаттық қа үміткер бола алатын, ал кәзір мүмкіндіктеріміз көбейе түсуде,қарапайым тұрғын ретінде.
Ендеше баршамызға сәттілік тілеймін!Салематсыңдар ма, Басқұдық азаматтары, аналар.
Тиясова Лайла Сайдуллақызы. 16 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі. Жасым 52-де. Екі бала, 4 немерем бар.
Алдағы келе жатқан сайлауға түсуге шешім қабылдадым. Маған ұсыныс білдіріп, сенім артқан адамдарға алғысым шексіз.
Еліміздегі көптеген елдімекендер сияқты, Басқұдық ауылының да мәселелері таныс. Барлық мәселеге жауапкершілікпен қарап, шешудің жолдарына ат салысамын. Алдағы уақытта адал еңбек етуді нәсіп етсін!!!

Пікірлер
Самғаттың ата-анасы  неге Ботаға қарсы😱 Бір Болайық! 03.06.24
27:07
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 60 М.
Қызылордада әкім есебінің соңы айқайға ұласты!
2:21
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 358 М.
Como ela fez isso? 😲
00:12
Los Wagners
Рет қаралды 30 МЛН
Do you have a friend like this? 🤣#shorts
00:12
dednahype
Рет қаралды 49 МЛН
ПООСТЕРЕГИСЬ🙊🙊🙊
00:39
Chapitosiki
Рет қаралды 8 МЛН
CAN YOU HELP ME? (ROAD TO 100 MLN!) #shorts
00:26
PANDA BOI
Рет қаралды 36 МЛН
Мақтаарал: тасқыннан үрейленген жұрт қыр басында отыр
1:04
Азаттық рухы / Azattyq ruhy tv
Рет қаралды 32 М.
Dimash Qudaibergen concert in İSTANBUL
6:57
MotoMotion
Рет қаралды 1,4 М.
Неге жалғыз?
1:08:13
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 3,5 М.
""Қоныс аударушылар"" Павлодар.
31:34
АЙГАК ТВ
Рет қаралды 29 М.
Өзгерген өмір!
1:16:09
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 2,8 М.
How a former airborne trooper was welcomed in prison (with English subtitles)
10:40
Зона в кинематографе
Рет қаралды 10 МЛН
Маңғыстауға бұл қаражат аз! Министрмен кездесу
5:25
Almasbekkz agroexpert-agroblog
Рет қаралды 19 М.
Como ela fez isso? 😲
00:12
Los Wagners
Рет қаралды 30 МЛН