Маңғыстауда «Жас Тұлпар - 2022» облыстық жастар премиясы табысталды

  Рет қаралды 189

Маңғыстау Жастары | Mangystau Jastary

Маңғыстау Жастары | Mangystau Jastary

Жыл бұрын

Бүгін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұ.Тналиевтің қатысуымен «Жас Тұлпар - 2022» облыстық жастар премиясын табыстау мақсатындағы салтанатты шара өтті. Шарада әр салада жетістікке жетіп жүрген, 2022 жылы айтарлықтай қызмет етіп, өзге жастарға үлгі көрсеткен жас белсенділер марапатталды.
Салтанатты шараны ресми түрде ашып беріп, кіріспе сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары биыл жастар саясаты саласында айтарлықтай шаруалар атқарылғандығын тілге тиек етті.
- Бұлар жастардың қатысуымен, жастардың бастамасымен өткен іс-шаралардың бірсыпырасы ғана. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі негізде тұрақты түрде жалғасын табатын болады. Қашан да жастардың азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған жобалары мен бастамаларына өз тарапымыздан қолдау көрсетуге дайын екендігімізді тағы да айтып өткім келеді. Жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстар алдағы жылдары өз нәтижесін беретіндігіне сенімдімін! Болашақ жастардың - қолында! Тәуелсіз Еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек ете беріңіздер! Съездегі Ел Президентінің Үндеуін іс жүзінде жүзеге асуына өз үлестеріңізді қосыңыздар! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге алғысымды білдіремін! Сіздерге зор үміт артып, бірлесе ауқымды істерді атқарамыз деген сенімдемін! Әрбір бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!- деді Үлықбек Тналиев.
Шара барысында елімізде волонтерлік қозғалысты дамытуға қосқан үлесі үшін «НұрАли» ЖШС басшысы, меценат Аслан Жетібайұлы Қалақанов және «Көмек-Жаңаөзен» волонтерлік тобының волонтері Нұрлыбай Салтанмұрат Жұмағалиев ҚР-ның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Қыдырәлі Дархан Қуандықұлының алғыс хатымен марапатталды. Бұған қоса, «Түпқараған жастары» жастар қоғамдық бірлестігі, «JasART» жеке меншік мекемесі, «Риза - Ана» қоғамдық қоры, «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі, «Бекен» жас көшбасшылар достастығы» қоғамдық қоры, «Ақтау» студенттер Альянсы» коорпаративтік қоры, «Parasat Pro» қоғамдық қоры, Боранбаев Өткір Рахимбайұлы және «Promax» жарнама баспа қызметі Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлының Алғысымен марапатталды.
Сонымен қатар, шара соңында жыл ең үздік жастары анықталды. Оларға «Жыл белсендісі» номинациясы бойынша «Жас Тұлпар - 2022» жастар премиясы табысталды. Жыл үздіктері қатарында: жаңаөзендік «Қыран» футбол мектебінің түлегі, «Каспий» футзал клубының ойыншысы Райымбек Мақсатұлы Жұма, облысымыздағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған, баспанаға мұқтаж отбасыларды үймен қамтамасыз еткен «Көмек Жаңаөзен» еріктілер тобы, айтыскер ақын, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Оңғарбаев Нұрсұлтан Қалпақбайұлы, «AQ DAM» ұлттық тәттілер брендінің және «Irimshik Street» тез тамақтану орталығы желісінің негізін қалаушы Даниял Саматұлы Төлеуіш, Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының кардиолог-дәрігері Абай Қазиев Жейенаевич, елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің жеңімпаздары - «Көкмойнақ» командасы, көрермен қауымға көгілдір экранда жүргізген жобаларымен танымал «Хабар» телеарнасының тілшісі Ашықбаева Айгерім Тоқтарбайқызы, «Маңғыстау-медиа» (7292info.kz) ақпараттық сайтының негізін салушы, графикалық дизайнер Алиева Ақерке Гагаринқызы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында, Ақшұқыр мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі ретінде қызмет атқаратын Үшбатыров Өсер Абылайұлы бар.
Айта кетейік, аталған премия облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, елдің саяси мен қоғам өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, әр сала бойынша өз мамандығының шеберлерін анықтау және марапаттау мақсатында дәстүрлі түрде жыл сайын табысталып келеді.

Пікірлер: 2
@Aliya_issaa
@Aliya_issaa Жыл бұрын
❤❤❤❤
@user-dw2zv3bx2v
@user-dw2zv3bx2v Жыл бұрын
Кушты
Ескі көлік қаптай ма? «Талқы»
29:16
Khabar NEWS
Рет қаралды 41 М.
Келін психологиясы. Бала тәрбиесі.  Жансая Сабанбай | Бұзау подкаст
1:11:32
Маңғыстау Жастары | Mangystau Jastary
Рет қаралды 33 М.
GADGETS VS HACKS || Random Useful Tools For your child #hacks #gadgets
00:35
How to open a can? 🤪 lifehack
00:25
Mr.Clabik - Friends
Рет қаралды 14 МЛН
小路飞姐姐居然让路飞小路飞都消失了#海贼王  #路飞
00:47
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 80 МЛН
"Балаларың өліп қалсын" - деп жазды. Искенова Айдана | Бұзау подкаст
1:04:01
АНГЕЛ-ХРАНИТЕЛЬ 2 серия
34:13
ASTANATV Movie
Рет қаралды 2,7 МЛН
Басты жаңалықтар 16.05.2024 | Жаңа уақыт
25:24
JIBEK JOLY NEWS / Жібек жолы жаңалықтары
Рет қаралды 58 М.
Выпуск 2 - Суть буддизма
9:17
Буддизм ТВ
Рет қаралды 681
Почему Арабы и Евреи всегда воюют?
19:22
Сложный Процент
Рет қаралды 949 М.
GADGETS VS HACKS || Random Useful Tools For your child #hacks #gadgets
00:35