Marhaba Sabi - Жүректің жұлым еті

  Рет қаралды 131,120

Marhaba Sabi

Marhaba Sabi

7 ай бұрын

Music, lyric - Marhaba Sabi

Пікірлер: 200
@MarhabaSabiOfficial
@MarhabaSabiOfficial 7 ай бұрын
7 -8 жасар кезім. Сабақтан қайтып келе жатып жолдан қанаты сынған көгершінді көріп қалдым. Сән үшін ұстайтын әдемі, қоңырқай көгершін екен. Жаным ашып кетті, ұша алмай қанатын сүйретіп жүрген көгершінді жолда тастап кете алмадым. Үйге алып келіп әкем екеуіміз қанатын байлап, жем беріп, ем-домын жасадық. 1 аптадай уақытта бауыр басып қалдым. Үйшік жасап бердік. Сөйтіп жүргенде қанаты кәдімгідей жазылып, бекіп қалды. Бір күні таңертең шықсам орнында жоқ бір-екі қауырсыны ғана қалыпты. Ұшып кетті ме, әлде ит-мысық жеп кетті ме белгісіз болып қалды. Бірақ мен оның аман-есен ұшып кеткеніне сенгім келеді. Осы оқиға "Жүректің жұлым еті" деген әнімнің дүниеге келуіне себеп болды. "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасына саундтрек жазып беруімді сұраған кезде, осы көрініс арқау болып еді. Көргенім тек құс емес, адамдар тағдыры...
@Anar_Maratbek
@Anar_Maratbek 7 ай бұрын
Жан тебірерлік оқиға желісі...Жүрекке жетті😢❤
@aminabai3377
@aminabai3377 7 ай бұрын
Мархаба, керемет! Өзіңді осы жазда "Қазақстан дауысы - балалар" бағдарламасынан танып, білдім. Оның алдында Батырханның "Дождь" әнін cover жасап орындағаның мен үшін үлкен жаңалық болып еді... Одан кейін біраз әндерің сүйікті әндер тізімімде болды. Жалпы, теледидар қарамағаныма 20 жылдай болды. Осы жазда анам екі ай жанымда болып, сол кісіге "Қазақстан дауысы - балалар" бағдарламасын you-tube-тан қосып беріп жүріп өзім де қарадым бір маусымын. Содан бері өзіңе дән ризамын! Ал енді мынау ән туралы... осыдан шамамен 15 жыл бұрын жанымда екі құрбым бар, үшеуіміз түскі астан кеңсемізге қайтып келе жатқан едік, Қонаев пен Қазыбек би көшелерінің қиылысында ерлі-зайыпты шет ел азаматтары адасып тұрғандай көрінген соң, жандарынан өте бере: "көмек керек пе?"-деп ағылшынша сұраған едім, олар қуанып кетіп: "ия, ия" - деп, бір мекен-жайды сұраған еді. Мен қалай жүру керектігін айтып берген соң, "мұнда демалуға келдіңіздер ме?" - деп едім, "жоқ, мына баламызды алып кетуге келген едік Америкадан, бір ай болды, әзер бітті қағаз жұмыстары, енді Батырханымызды алып 1-2 күнде үйімізге кетеміз," - дегенде жүрегім зу етті де, анасының қолындағы 1,5-2 жастағы сүп-сүйкімді сары балапандай балаға назарым ауды да, оған қадалып қарадым да қалдым... "қазақ бала ма?" - деп едім, "ия, балалар үйінен осы баламызды алуға келдік осында," - дегенде көзіме жас келіп, тамағым қысылып, жаман күйге түстім де: "сіздерге рахмет, біздің баланы жетімдіктен құтқарғандарыңызға! Сіздерге қатты ұқсайды екен өзі, Батырхан бақытты болсын! Батырхан Шукенов деген сүйікті әншіміз бар, сол ағасындай болып өссін!" - деп қоштасып, кете бердік... Жанымдағы құрбыларым "ол баланың сол жақта баршылықта өскені жақсы емес пе?"- деп, кеңсемізге жеткенше мені жұбатты... Біраз күн балапан Батырханды ойлап жүрдім. Содан шамамен 10 жыл өткен соң дәл сол "Шетелдегі қазақ балалары" бағдарламасын кездейсоқ көріп қалып, қарап жүргенімде кезекті бір шығарылымында дәл сол Батырханды көрсеткенде қуанғаным-ай! Тағы да көзіме жас келіп, жүрегімнің ауырғаны... Мына ән соның бәрін еске қайта түсірді ғой қазір, міне, түн ортасында... Құдай қаласа, Америкаға жақында жол түссе, сол балақай Батырханды тауып алмасам деп ойлап отырмын енді...
@user-tw2tm2lh6q
@user-tw2tm2lh6q 7 ай бұрын
Мархаба ханым🥹🥺, не деген сөздер, не деген туынды, жүрекке жетті❤
@user-gv9sd5kl7x
@user-gv9sd5kl7x 7 ай бұрын
​@@aminabai3377шетелдегі қазақ балалары деген бағдарламада Батырхан деген бала жоқ па екен....
@user-kq5mw7vg7h
@user-kq5mw7vg7h 7 ай бұрын
Керемет 🎉🎉🎉
@ulpa02nm
@ulpa02nm 16 күн бұрын
Жүректен жүрекке деген осы болар түсінбестен жылап отырмын🥺
@aidabeknazar2002
@aidabeknazar2002 7 ай бұрын
Мархабанын андері кунделікті тындауга арналмаган. Онын андері өз өзіңмен іштей жеке қалып сойлесуге арналган❤
@user-tl2oq1wr2t
@user-tl2oq1wr2t 7 ай бұрын
Айтарым жоқ
@rami_bags8222
@rami_bags8222 7 ай бұрын
Иә, сол үшін ютубтан тыңдаймын. Эплмюзикқа көшірмеймін. Фонда ойнап, қадірі кетіп, мәнін жоғалтып алмау үшін. Жүрек терапиямды🙏
@Aiazhan_Niatulla
@Aiazhan_Niatulla Ай бұрын
Мынау өлеңді естіп тағы жылап алдым💔
@aigultokzhanova2888
@aigultokzhanova2888 7 ай бұрын
Pure soul. Не деген нәзік жан, мұңға толы терең ой... Керемет...
@user-wl2if2kb6v
@user-wl2if2kb6v 7 ай бұрын
Мархабаның әндерін есісем өкіріп жылағым келет😢😢жүреке жетеді❤
@tolkynbaizhumanova584
@tolkynbaizhumanova584 7 ай бұрын
Бальзам для души❤️👌👏🙌 Мархаба тек алға, керемет👏
@user-ie9pb3kt3x
@user-ie9pb3kt3x 7 ай бұрын
Әр әні тұңғиыққа батырады,көзге еріксіз жас әкеледі,Марахаба сіз ғажайыпсыз!Әр өлеңінде үлкен махаббат жатыр!❤
@muratqazaq9874
@muratqazaq9874 7 ай бұрын
Қайран қазақтың қаракөз қара домалақтары тұл жетім боп талайы әлемнің түпір түкпіріне көздері жәутеңдеп кете барды-ау.
@danalesbay9393
@danalesbay9393 7 ай бұрын
“Құс емес көргенім, көрдім адам тағдырын”👏🏻👏🏻👏🏻
@user-xr6ss9bn7h
@user-xr6ss9bn7h 7 ай бұрын
Жүректі ауыртсада,өте керемет шыққан! Рахмет Мархаба! Творчестволық табыс тілеймін! Жазатын,шырқайтын ән молынан болсын!👋👋👍💯💐❤️
@user-go9zy8pl2o
@user-go9zy8pl2o 7 ай бұрын
Сезимтал журегиннен айналдым жаным! Кишкентай кезиннен жанашыр, қамқор един. Адам болсын, құс болсын комектескин келип тұратын еди. Мына ән тура жүрекке жетти. Орындауын типти керемет жаным! Онерин саркылмасын, канатын талмасын!!!
@user-yg6md6ku7e
@user-yg6md6ku7e 3 ай бұрын
МАРХАБА ның ән айту стилі Sade ге ұқсастығы бар, даусы да өзі де әдемі қыз ❤
@Dariga526
@Dariga526 7 ай бұрын
Мен ер адаммын бірақ Мархабаның әндерімен, даусымен көлікте тыңдап демалам) ақ құрдас екенсің өзің,аман бол шығармашылығың дами берсін, әңдерің жаңа бағытта шыға берсін, өзіңнен сондай ерекше бір әйелге тән нәзіктік, қасиет көрем...)
@user-eg4ul6fg5u
@user-eg4ul6fg5u 7 ай бұрын
Əрбір əн шедевр ,мен үшін ! Шабытыңыз сарқылмасын !
@user-qm7mz9qj7d
@user-qm7mz9qj7d 7 ай бұрын
мен үшін де 🔥
@user-dh4kg5qq2s
@user-dh4kg5qq2s 3 ай бұрын
Біз біргеміз😊
@user-ud4yl5wu8i
@user-ud4yl5wu8i 7 ай бұрын
Керемет! Журектин тубине дейин жетти❤
@user-vy9bz3up3i
@user-vy9bz3up3i 7 ай бұрын
Как всегда Керемет ❤
@Zhana_S
@Zhana_S 7 ай бұрын
Сколько нежности и страсти ❤️‍🔥 бесподобная Мархаба❤
@nakowest3839
@nakowest3839 7 ай бұрын
Лирик деп сізді айту керек шығар🔥🔥🔥🔥🔥🔥өте керемет Мархаба
@batyrmusagali1214
@batyrmusagali1214 7 ай бұрын
Керемет,жүрекке жетті.Биікке самғай бер.
@user-nv7jk1zh5p
@user-nv7jk1zh5p 7 ай бұрын
туф Мархаба Саби онеринизге танттимин,шыгармашылык жумыстарынызга саттилик тилеймин❤😍
@Asianeagle702
@Asianeagle702 7 ай бұрын
Осы әнші бір ерекше тұлға. Әндері сондай маңызды. Сондай сүйкімді. Орындауы оз алдына бір ғажап. Көңілге жағымды. Өзгелер секілді жалаңаштанып не болса соны ән қылып жүрген жоқ. Әрбір әні жүректі жарып шыққан жыр арнайы бір толғау. Өнерің үстем болсын қарындасым
@Aisha-iu8hg
@Aisha-iu8hg 7 ай бұрын
Жаңа ән жүктеді деп хабарлама келді. Тыңдап бір жылап алдым😢. Керемет жүрекке жететін ән❤.
@ainazbalabek6039
@ainazbalabek6039 7 ай бұрын
Сөзсіз керемет! Теңдесіз! ❤
@muslima_cookies
@muslima_cookies 20 күн бұрын
Мен өз өмірімді елестетемін шынайы ән,өте мағыналы ән жылатады каждый раз
@user-fz3tx2jh3o
@user-fz3tx2jh3o 7 ай бұрын
керемет әуен!!!
@user-nw3tf4rt6r
@user-nw3tf4rt6r 6 ай бұрын
Майырылған қанаты Жол жиектен құс көрдім Тағдырына демейтін Неге мұндай іс қылдың? Көріп жүрек езіліп, өте алмадым елемей Қайғы ғой деп бір тал құс жолда қалса еленбей Жаралы екен жаны оның, Мұңлы екен әні де Қайырылса да қанаты Сынбаса екен сағы оның Жаралы екен жаны оның Қиын тағдыр жолы да Құс емес-ау көргенім Көрдім адам тағдырын. Қолыма алдым мәпелеп, Байлап сынған қанатын Қуанды ма білмедім Жан бар деп мені ұғатын Жазылғасын жарасы Көз алдымнан ғайып боп Ұшып кетті бәлкім ол Іздеп жердің жәннатын
@muna744
@muna744 6 ай бұрын
Ракмет❤
@omirva.zhansaya
@omirva.zhansaya 7 ай бұрын
Шетелдегі қазақ балалары 💔💔💔💔
@aigultleubayeva2679
@aigultleubayeva2679 Ай бұрын
Сөзі, әні, мағынасы, дауысы кандай 💖
@turikpenkunsulu
@turikpenkunsulu 7 ай бұрын
Өзіндік қолтаңбасы бар бірегей талантты әнші!
@user-jw6vd3sp2k
@user-jw6vd3sp2k 7 ай бұрын
Куштыыы ❤
@user-mi5qc9dk2o
@user-mi5qc9dk2o 7 ай бұрын
Мархаба, таңқалдырудан шаршамайсыз!Осындай әдемі туындыларыңыз таусылмасын!🥹😍❤️
@turarbek_medik
@turarbek_medik 7 ай бұрын
Мархаба қазақ эстрадасындыға өзіндік стилі бар әнші,компазитор.Жүректің мұңын,махаббатын,сезімін жеткізе біледі.Әр өлеңінде керемет атмосфера,қиял жатыр.Әр өлеңіңмен адамдарды сезімнің жетегіне тартасың,ғажап...
@user-zk7pu1fl2g
@user-zk7pu1fl2g 7 ай бұрын
Жанға тыныштық, жүрекке дауа ❤️‍🩹
@kainaigera
@kainaigera 7 ай бұрын
Так красиво и больно одновременно 💔
@dinaraabdiyeva
@dinaraabdiyeva 7 ай бұрын
Ғажап❤
@lyricskz7320
@lyricskz7320 7 ай бұрын
Ғажап,терең сезім, нәзіктік, нағыз артхаус
@EriqueND
@EriqueND 7 ай бұрын
Мархаба, тек алға!
@user-gl6ih5yy3b
@user-gl6ih5yy3b 7 ай бұрын
Жердің жәннаты ол сіз.Сіз бар жерде Жәннәтта бар.Ешқайда ұшпаңызшы.
@user-mx4px9ek6w
@user-mx4px9ek6w 7 ай бұрын
Рахмет! Мархаба сізге 🎉❤
@dayanch_nurnazaruli
@dayanch_nurnazaruli 7 ай бұрын
Tek qana Qazaq tili! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@Arshabai
@Arshabai 7 ай бұрын
Жүрекке жететін ән екен
@ali_abdulloh
@ali_abdulloh 7 ай бұрын
Uzbekistan dan salem Marhaba Sabi mening eng jaqsy ko'retin anshiim
@BALBARMAK
@BALBARMAK 7 ай бұрын
Шедевр
@zhandostynyshtyk8723
@zhandostynyshtyk8723 7 ай бұрын
Не деген сезім, ауырған жүректің бүкіл назын жеткіздіңіз
@user-qf2pr2oh3k
@user-qf2pr2oh3k 7 ай бұрын
Өте керемет
@dorama_quizz
@dorama_quizz Ай бұрын
Мархаба Саби - лириканың патшайымы!! Әндері терапия жүрекке ем❤ анау мынау әнші емес ерекше стилі талғамы бар артист🥹 әрбір әні сөзіде ерекше керемет өзінің ғажап дауысымен космоска апарып жібереді жүрегің тынышталады прям✨
@iliyastoleu2692
@iliyastoleu2692 7 ай бұрын
Жалғыз сәуле...
@luckyserga4685
@luckyserga4685 7 ай бұрын
Даусыңыз керемет! Музыка керемет!
@marsi18
@marsi18 7 ай бұрын
Қандай керемет ән, жылаттыңыз ғой, сондай әсерлі, бүкіл денемді шымырлатып жіберген бұл қандай құдірет💔
@gulziyeleu9726
@gulziyeleu9726 7 ай бұрын
Саунтрект 👍👍 творчествалык саттиликтер тилеймин.
@user-wi1cw2tk3z
@user-wi1cw2tk3z 7 ай бұрын
Әдемі ән,сөздері де керемет! Бірінші рет тыңдауым осы әншіні!
@Aiazhan_Niatulla
@Aiazhan_Niatulla 7 ай бұрын
Жүрегі нәзік өзінің жанымм🥹❤️
@Arshabai
@Arshabai 7 ай бұрын
Маған ұнайды осы әншінің барлық әндері. Әнді сезініп жан жүрегімен орындап шығады. Осылай айтылған ән жүрекке жетпегенде не істейді..
@elgooelgoog758
@elgooelgoog758 7 ай бұрын
Жүректен шыққан ән, жүрекке сөзсіз жетеді ғой, шіркін....
@dayanch_nurnazaruli
@dayanch_nurnazaruli 7 ай бұрын
Berekella - Bärekeldi 🇹🇲🇰🇿❤️
@Tabet_ashar
@Tabet_ashar 3 ай бұрын
Сәлеметсіз Мархаба ханым … Мен жылап қалдым ауырып жүр едім дәрі ішіп отырып тыңдап едім. Сол қанаты сынған құстай сезіндім өзімді. Жүрегіме жетті бұл ән . Ең бастысы сол жүректен жүрекке жетсе ол шынымен хит ән болады. Рахмет!!
@guldanaaralbayeva8849
@guldanaaralbayeva8849 7 ай бұрын
Қаншама муң❤
@Mikosya_
@Mikosya_ 7 ай бұрын
Мархаба ❤ әр әннен ерекше әсер аламын... Керемет🔥
@nazerkekuandykova4657
@nazerkekuandykova4657 7 ай бұрын
Кезекті терең мағыналы әнді тыңдап риза болып отырмын) Шығармашылығыңыз дами берсін
@zeynepkulmakhanbet
@zeynepkulmakhanbet 7 ай бұрын
Аллаһ бала болу сезімін сыйламаған балалар да дәл сол қанаты майып болған құс сынды. Олардың, мүмкін, қанаты жазылып ұшып кетті немесе ит-мысыққа жем болды? Ешкім білмейді. Бала кезінен қабырғалары қайысып, өз-өздеріне әлем құрып, сол әлемді жамандардан қорғап жүр. Өте ауыр тағдыр. Ата-анаға еркелеудің, мәпеленудің, сүйікті болудың не екенін сезінбеді. Оларда балалық шақ болмады, өкінішке орай.
@costAmore
@costAmore 7 ай бұрын
Детства детей лишают, начиная с детского садика, продолжая садизм в школе, завершая в институте. После чего: Забудьте 90% чему вас учили и начинайте работать. И не забывайте говорить "спасибо" за все попало, пока ваше "спасибо" не лишится ценности.
@muna744
@muna744 7 ай бұрын
Журекти бир демалдырып алатын ан екен. Ракмет
@user-go8pd7bq1n
@user-go8pd7bq1n 3 ай бұрын
Мархаба кушті ән рахмет сізге жүрекке жетті❤
@user-hu7pk2jz9j
@user-hu7pk2jz9j 7 ай бұрын
Жылаттыныз гой Мархаба😢
@aidana8765
@aidana8765 7 ай бұрын
Өте әдемі. Тыңдаған сайын көзіңе жас келетін, жүрекке жететін ән. Мархаба, рақмет👏❤️
@gulsaya2596
@gulsaya2596 5 ай бұрын
Мархаба, сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын, ерекшк ғой❤
@shynvrm
@shynvrm 6 ай бұрын
Мурашки по коже, слезы на глазах от этого шедевра❤️‍🩹
@user-ot2rn2ow4c
@user-ot2rn2ow4c 7 ай бұрын
қандай мұңлы ән..
@QonayTV
@QonayTV 7 ай бұрын
Kazakh🇰🇿Adele❤
@user-ie9pb3kt3x
@user-ie9pb3kt3x 7 ай бұрын
Әр әні бір терапия ғой!❤
@user-vj6kh2sk1v
@user-vj6kh2sk1v 7 ай бұрын
Сіз қандай керемет жазушысыз❤
@user-ec2rw2ne2w
@user-ec2rw2ne2w 7 ай бұрын
Керемет ән, керемет әнші, жүрегімен айтқан ән жүрекке жетеді! Ары қарай өнеріңіз жоғарлай берсін!
@user-xy8vl9mf9w
@user-xy8vl9mf9w 7 ай бұрын
Жаңа ән шыққан сайын, жүректің төрінен алады шыныменде 🫶🏻🥹
@serikbekkumarbekov6765
@serikbekkumarbekov6765 7 ай бұрын
Мархаба ханымның әр әні хит ғой❤
@moldirsalimova405
@moldirsalimova405 7 ай бұрын
Жүректі емдейтін өлең екен
@user-qe6cn2gt4u
@user-qe6cn2gt4u 3 ай бұрын
Өте керемет ән!!!! Браво!!!
@soon777
@soon777 7 ай бұрын
Мән-мағынасы терең, ой салар сапалы туынды. Шабыт тілеймін ❤
@user-bb5gc7zl8n
@user-bb5gc7zl8n 7 ай бұрын
Мен сіздің әндеріңіздің көбін білем бәрін жүрекке жеткізіп әдемі орындайсыз
@user-gl6ih5yy3b
@user-gl6ih5yy3b 7 ай бұрын
Жүректің жұлым еті..
@user-ik5vn1bm9j
@user-ik5vn1bm9j 7 ай бұрын
Сурер Мархаба
@user-ik5vn1bm9j
@user-ik5vn1bm9j 7 ай бұрын
Супер Мархаба
@ruslankusayin7894
@ruslankusayin7894 3 ай бұрын
Marhaba karagoz karindasim shigarmashilik kanatin talmasin, sagin sinbasin ! Osinday keremet tuindilarin dunyege keluine Jaratkan shabitindi artttirsin! Rahmet !
@Taro-75
@Taro-75 7 ай бұрын
Сначала лайк..😊 а теперь пойдем насладимся😊😊
@Aizhan-oq6hl
@Aizhan-oq6hl 7 ай бұрын
Keremet ❤
@user-kj1es8ps6e
@user-kj1es8ps6e 3 ай бұрын
Әдемі аң,тамаша жүректен жүрекке жетеді...
@user-tm9lm9ls5w
@user-tm9lm9ls5w 3 ай бұрын
Қанша жыл өтсе де әлі есімде, “Қазақстан даусы” жобасынан бері танимын. Тәлімгері Мадина Садвакасова болған. Финалға барып, ұтса екен деп қатты тілейтінмін. Өкініштісі жүлде ала алмады. Бірақ, әлі күнге дейін “Қазақстан даусы” жобасын қанша қарасам да, дәл осы Мархаба және Батырхан (Әлем) сияқты талант көрмедім.
@ruslankusayin7894
@ruslankusayin7894 4 ай бұрын
Керемет әуен, сөздері әуенмен үйлесімді екен ! Жарайсың Мархаба шығармашылық шабытың артсын ! Әндер жинағымда жаңа үздік ән!👍
@KazPianoCover
@KazPianoCover 7 ай бұрын
Керемет естелік, керемет ән👍🏼👍🏼👍🏼
@marinaabdrakhmanova5144
@marinaabdrakhmanova5144 7 ай бұрын
😭😭😭 тек жақсылық болсын әлемде
@MakpalBazarovna
@MakpalBazarovna 6 ай бұрын
«Кус канат гумыр» деген, ширкин ай соз кудыретин анмен шыркап, керемет жеткиздиниз, рахмет. Онериниз орге жузсин🙂
@user-lw2vt5fr6x
@user-lw2vt5fr6x 7 ай бұрын
Как всегда, прямо в сердце 💔
@ulan_zamirbekov
@ulan_zamirbekov 7 ай бұрын
Сиз менен сыймыктануу кана керек, себеби сиздей журөк аз чынында..Ырыңызга таазим!!!
@user-tx8kq4cg8m
@user-tx8kq4cg8m 3 ай бұрын
Жүректен жүрекке жететін ән екен!!
@akmaralaskarkyzy9497
@akmaralaskarkyzy9497 5 ай бұрын
еріксіз жас… терең мұңы жетті жүрекке
@symbatsimbat
@symbatsimbat 7 ай бұрын
Әсем ән үшін Рахмет 🤍
@user-zd8tr1en1w
@user-zd8tr1en1w 3 ай бұрын
Жүрекке жеткен ән
@amankozha9778
@amankozha9778 7 ай бұрын
Keremet!!!
@alxximic
@alxximic 7 ай бұрын
Керемет туынды❤
@user-lm4cb2cf6h
@user-lm4cb2cf6h 7 ай бұрын
Керемет!
@AidaSafarbay-cz7cq
@AidaSafarbay-cz7cq 7 ай бұрын
Адамдарда құс секілді уақытша бірде бар бірде жоқ
@user-kb8dk4pu5r
@user-kb8dk4pu5r 7 ай бұрын
КЕРЕМЕТ БАЛЬЗАМ ГОЙ
@akmeyirdihanbaeva-vm2py
@akmeyirdihanbaeva-vm2py 7 ай бұрын
Осы әнді алғаш жібек жолы арнасынан есітіп сразу ютубттан іздеп едім ұзақ күттім осы әнді Мархаба ханым өте керемет маған қатты ұнайсыз жұмысыңызға сәттілік👍🏻🤍
Marhaba Sabi - Qushaqta
4:07
Marhaba Sabi
Рет қаралды 402 М.
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 1,1 МЛН
ШЕЛБИЛАР | bayGUYS
24:45
bayGUYS
Рет қаралды 664 М.
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН
Marhaba Sabi - Махаббатым - ай
4:24
Marhaba Sabi
Рет қаралды 78 М.
Mархаба Сәби - Тамшылар (cover)
3:24
Marhaba Sabi
Рет қаралды 1,2 МЛН
Marhaba Sabi - Qoi, kursinbe
4:14
Marhaba Sabi
Рет қаралды 11 МЛН
Мархаба Сәби | Жаңа түнгі студияда
37:45
Jibek Joly TV
Рет қаралды 110 М.
Gazizkhan Shekerbek - Kezdeser
3:58
Gazizkhan Shekerbekov
Рет қаралды 6 МЛН
Marhaba Sabi - "Мына мұңлы ғасырда" [Mood video]
3:02
Marhaba Sabi & Kyle Ruh - Bari esimde
4:15
Marhaba Sabi
Рет қаралды 135 М.
Әділет Жауғашар - Махр
2:44
Әділет Жауғашар
Рет қаралды 57 М.
Кешірім сұрамаймын
3:22
Дариға Бадықова - Topic
Рет қаралды 337 М.
POLI - Брат (Official music video Brata)
1:08
POLI
Рет қаралды 4,6 МЛН
Жандос Қаржаубай - Не істедім?!
2:57
Stray Kids "Lose My Breath (Feat. Charlie Puth)" M/V
2:53
JYP Entertainment
Рет қаралды 29 МЛН
ИРИНА КАЙРАТОВНА - ПАЦАН (MV)
6:08
ГОСТ ENTERTAINMENT
Рет қаралды 546 М.