Мына жағдайда банк сіздің несиеңізді кешіруге міндетті

  Рет қаралды 1,803

Информбюро 31

Информбюро 31

6 ай бұрын

Қазақстанда борышты өндіріп алу мерзімі өткен несиелер кешірілуі мүмкін. Яғни, заңға сәйкес банк не қаржы ұйымы берешекті қайтару туралы талап енгізбесе, борышкер қарызын қайтармауға құқылы. Ол үшін 5 жыл қажет. Демек, осы 5 жыл ішінде өтелмеген кредит сотқа жолданбаса тұтынушы қарызынан құтылады. Тақырыпты әріптесім Нұрболат Жаңабекұлы жалғастырады.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, тілші:
- Көп кісі біле бермеуі мүмкін, негізі, заңда борышты өндіріп алу мерзімі түсінігі бар. Ол біздің елде 5 жыл болып бекітілген. Яғни, банк не қаржы ұйымы берешегін өтемеген борышкерден қарызын қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді. Айталық, тұтынушы әлдебір қаржы ұйымынан 1 миллион теңге несие рәсімдеді. Сөйтіп, шамамен 75 пайызын төледі. Бірақ, табысынан не жұмысынан айырылып, кредиті өтелмеді. Ал, банк дәл сол күннен бастап бес жыл бойы қарызды өндіру туралы талап-арыз жазған жоқ. Демек, шартқа қатысты ескіру мерзімі қолданылып, борышкер міндетінен құтылады. Сондай-ақ, заңгерлер тағы бір маңызды дүниені қаперде ұстауды ұсынып отыр.
БАҒДАТ АМАНДОСҰЛЫ, заңгер:
- Банк тарапынан 20 күннің ішінде қарыздың сомасын және оны өтеу туралы хабарламаны жіберуге міндетті. Неге дейсіз ғой? Себебі, банк егер сол 20 күнтізбелік күннің ішінде жібермесе, онда ол ертең сотқа жүгінген кезде сотқа дейінгі тәртіп сақталмай қалады.
НҰРБОЛАТ ЖАҢАБЕКҰЛЫ, ТІлші:
- Демек, сотқа дейінгі талап сақталмағандықтан берешек бойынша өсімпұл есепке алынбайды. Сәйкесінше, борышкер тек төлемді кешіктіргенге дейінгі соманы өтеуге құқылы болмақ. Десе де, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі деді заңгерлер. Өйткені, қаржы ұйымдары сотқа уақытылы жүгінеді. Сондай-ақ, қарыз қайта есепке алынуы мүмкін. Мәселен, несие алған кісі 3 жыл бойы ақша төлеген жоқ. Банк те хабарлама жіберіп, қаржыны өндіру туралы арыз түсірмеді делік. Демек, енді екі жыл өтсе, ескіру мерзімі күшіне енеді. Бірақ, осы аралықта борышкердің несиесі бойынша азғантай болса да ақша аударылса, өткен 3 жыл жойылып, талап қою мерзімі қайта басталады. Бір сөзбен айтқанда, бұл тәсіл банктер ғайыптан тайып берешек туралы толық ұмытып кеткен кезде ғана іске асады. Сондықтан, мүмкіндігінше, несиені кешіктірмей, уақытылы төлеген абзал дейді заңгерлер.
3
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 13
@user-ig5wj4bf3u
@user-ig5wj4bf3u 6 ай бұрын
Халықтың қарызы кешірілсін! Бір күні бәрі бірден алаңға шыққанда тығылатыг тесік таппай қаласыңдар нұртеррористер
@user-tf4mh2ty3w
@user-tf4mh2ty3w 6 ай бұрын
Жиырма күнге жеткізбей звандап тұрады ғой банктен
@Bolatlaifhak
@Bolatlaifhak 6 ай бұрын
Скаска аитпаи кешірсін кридиттер.
@user-xy4jt2bt6b
@user-xy4jt2bt6b 6 ай бұрын
Бермей қөймаптида судқа
@user-jr8qq1gc5d
@user-jr8qq1gc5d 6 ай бұрын
Көршіңе дейін звондайдығой, пәленшені танисыңба , кім болып келеді сізге анау мынау
@user-oe3wi9bu7j
@user-oe3wi9bu7j 6 ай бұрын
%сіз график .койыса
@user-oe3wi9bu7j
@user-oe3wi9bu7j 6 ай бұрын
Коллекторы .арест юәле болды
@saniyas747
@saniyas747 6 ай бұрын
Қайдағы, бос сөз. Туысқандарға звондап маза бермейді.
@daraboz64
@daraboz64 6 ай бұрын
Отiрiк былжыраган ангiме
@user-ok4dx1lf7x
@user-ok4dx1lf7x 6 ай бұрын
Мына журналист ози не айтып турган ын тусинип турган жок
@user-dy2uf5qu5t
@user-dy2uf5qu5t 6 ай бұрын
👎👎👎👎
@user-lb6oe2od1u
@user-lb6oe2od1u 6 ай бұрын
👎👎👎👎
BRAWLER MUTATIONS WILL BREAK THE GAME! - Brawl Talk
09:34
Brawl Stars
Рет қаралды 25 МЛН
[실시간] 전철에서 찍힌 기생생물 감염 장면 | 기생수: 더 그레이
00:15
Netflix Korea 넷플릭스 코리아
Рет қаралды 38 МЛН
Godzilla Attacks Brawl Stars!!!
00:39
Brawl Stars
Рет қаралды 7 МЛН
Информбюро 03.05.2024 Толық шығарылым!
27:11
Информбюро 31
Рет қаралды 47 М.
Қайтыс болған адамның кредитін ешкім жабуға міндетті емес!
5:32
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 21 М.
Кешіктірілген несие енді коллекторларға берілмейді
3:24
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 9 М.
Коллектор сотқа берсе не істеуге болады?
3:14
Zan Zangary - құқықтық компания
Рет қаралды 5 М.