Топан суға төтеп бере алмаған шенеуніктер қызметінен кету керек | Құлсары мен Орал халқының арызы!

  Рет қаралды 31,767

Nartay Aralbayuli

Nartay Aralbayuli

16 күн бұрын

ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ!
Қазақстан Республикасының Премьер-министріне!
Бұл депутаттық сауал арнасынан адасып аққан судың салдарынан өмір бойы жиған-терген дүниесінен, үйінен, мал-мүлкінен, қара шаңырағынан қапыда айрылған ағайынның өтініші деп білерсіздер.
Қазақ: «Алпыс күн тасыған су, Алты күнде қайтар» дейді. Бірақ қайтқан су әкелген қайғысын әкетпейді. Қазір еліміздің жартысы қарғын судың қақпанында қалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Құзырлы мекемелер, яғни әкімдіктер, Төтенше жағдайлар министрлігі, Су ресурстары министрлігі бірлесіп жұмыс жасамайды. Жауапкершілік алудан қашады. Жұмысты бір-біріне сілтеп отырады. Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет» деді.
Шынымен, жұмысына салғырт қараған мемлекеттік қызметкерлердің ешқайсысының лауазымына, тегіне қарамастан жазаға тарту керек. Бұл Президенттің және елдің нақты талабы.
Аптаның аяғында қарғын судан қатты зардап шеккен Атырау облысындағы Құлсары қаласы мен Батыс Қазақстан облысына аяқтай бардық. Құлсарыда 2800 үй су астында қалған.​
Батыс Қазақстан облысындағы ахуал да көңіл көншітпейді, қазірдің өзінде 1226 үйді, 1905 саяжайды су басып қалған. 162 үй қирап қалды. Ендігі қатер Жайық өзенінен. Жайықтың көрші елдегі ең жоғарғы деңгейі 11,87 метр болды, енді сол су біздің елге қарай жөңкілеп келеді.
Жайық өзені БҚО-ң 800 шақырым жеріне ағып өтеді, ондағы арнаның ең биік нүктесі 8,5 метр. Демек келе жатқан су қауіпті деңгейден айтарлықтай жоғары. Жайықтың бойында 84 елді-мекен бар, ол жақта 94 129 адам тұрады деген дерек алдық. Ел елеңдеп отыр, үрей де жоқ емес.
Бұқар жыраудан: «Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз: жат жанынан түңілсін, айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін» деген сөз қалған. Расында, батысқа болысқан елдің көмегін, жанұшырып барып бөгетті бекітуге тырысқан жандарды көргенде қазақтың бірлігін ешкімнің ешқашан бүлдіре алмайтынына көз жетеді.
Әлеуметтік желіге бір видеоны жүктедім, көрген шығарсыздар. Елмен кездесуге барсақ анамыздың үш кішкентай баласымен бірге құмды қапқа салып жатқанын көрдік. «Неге қапшық көтеріп жүрсіз балалармен, ауыр ғой» - деген сөзімізге: «Әкеміз вахтаға кетті, бізге «елге көмектесіңдер» деді» деп жауап берді. Бұл біз көп айтатын бірлік деген сөздің нағыз көрінісі болды.
Су басқан өңірлердегі басты мәселенің бірі өтемақы, ол халыққа жедел және әділетті, толық көлемде төленуі тиіс. Және комиссиялар су кеткенін күтпей қазірден бастап үйлерге жүзіп барып аралық акт жасауы шарт. Бұл өңірдегі басты мәселе.
Осы тұста қазіргі су тасқынының бетін қайтаруы тиіс болған бөгеттер мен бөгендердің салынбауы, каналдардың ретке келтірілмеуі жылдар бойғы салғырттықтың салдары екенін мойындағысы келмейді кейбір күштер. Қазақстандағы су қоймалары мен бөгеттер 50-70 жылдары салынған. 1990 жылдан ол жерлер жөндеу көрмеген. Жаңа су қоймалары салынбаған.
Биылғы тасқынның алдын алу неге мүмкін болмады деген сұрақ туады. Оған себеп ғылымға жағдайдың жасалмауы. Салдарынан 90-шы жылдардың тоқырауында мыңдаған ғалым саланы тастап кетуге мәжбүр болған. Ал жаңа, сауатты мамандарды дайындайтын білдей білім ордасының сөрелерін шаң басып, назардан тыс қалған. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін биыл Мемлекет басшысы Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады.
Кейбір күштер жалған ақпараттың жарға жығатынын білсе де, ағайынды арандату үшін барын салып әлек. Мұны ақпарттық соғыс десе де болады. Бірақ қазақтың бірлікті бірінші орынға қоятынын және ұлтының қамын құлқынының қамынан артық қойғандарды ұмытпайтынын білу керек олар.
Арнасынан адасып аққан судың астында қалған ағайынның мәселесін бір депутаттық сауалға сыйғызу мүмкін емес. Өңірден келген депутаттар әр проблемамен жеке-жеке айналысады. Шешуге мұрындық болады, себебі басты міндет елдің талабын орындау.
Құрметпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары.

Пікірлер: 264
@user-qp7gj7mo1m
@user-qp7gj7mo1m 14 күн бұрын
Тек қызметінен кетпей, қылмыстық жауапқа тарту міндет !
@user-kq7zt2qk5p
@user-kq7zt2qk5p 9 күн бұрын
Орнына баска маке саке келеди. Ол менталитет
@user-xg8ge4kc3l
@user-xg8ge4kc3l 14 күн бұрын
Дұрыс айтасың. Халқым дұрыс айтады, жұмыс істемейтін министрлер орнын босатсын. Билік басынан кетсін
@user-lf8vq6fb4n
@user-lf8vq6fb4n 14 күн бұрын
Аты затына сай халық қалаулысы бол! НАРТАЙ БАУЫРЫМ
@user-cj5fe2lr7e
@user-cj5fe2lr7e 14 күн бұрын
Жұмыссыздықты айту керек 80-90поцент жастар жұмыссыз
@user-pj3hz7uu8l
@user-pj3hz7uu8l 14 күн бұрын
Өте орынды депутаттар мұхият қолға алса дұрыс болар еді . Халықтың әбден күйлері кетті
@user-mi5xn1ul4b
@user-mi5xn1ul4b 14 күн бұрын
Құдай Тағала бет алдыңнан жарылқасын, Нартай бауырым.
@nurlybeksamekov374
@nurlybeksamekov374 14 күн бұрын
Жауапкершілігі жоқ шенеуніктер шұғыл түрде жұмыстан кетсін. Елді ойламайтын басшы керек емес.
@user-ne2ly4rq7q
@user-ne2ly4rq7q 14 күн бұрын
Айтқаның болсын бауырым тіліңді тоқай алса
@user-qb3ck3bo9p
@user-qb3ck3bo9p 14 күн бұрын
Бәлду бәлду бос сөз. Айналғанда өңірдегі басшыларды шеттеткенсіп жоғардағылар сытылып кетейін деп тұр. Жүйе тазармай ештеңе өзгермейді.......
@muratakylbekov3083
@muratakylbekov3083 14 күн бұрын
Сотталуы керек шенеуніктер
@user-uu6xs1sb8w
@user-uu6xs1sb8w 14 күн бұрын
Осы Ардақ Назаров түрін көрсету үшін келема,бір әу деп аузын ашпайды,одан үйінде жата бермейма.
@AsanCom78
@AsanCom78 14 күн бұрын
5 миллон зарплат алады, уйнде жатса кім береді ондай акша. Ол калай депутат болып жур? Уағыз аитуға келдіма алде елдің мұңын аитуга келдима
@Beimbet_Kumisbekuly
@Beimbet_Kumisbekuly 14 күн бұрын
Бір төбе көрсетпеді ғо Назаров әшейінде елім жұртым деп лекция оқығанда керемет
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Айналайын халқым бірліктеріміз ажырамасын
@user-he8yx7qy4e
@user-he8yx7qy4e 14 күн бұрын
Елім деп еміренген азамат осы райыңнан қайтпа. Біз саған сенеміз!
@user-gd2gi5wk7m
@user-gd2gi5wk7m 14 күн бұрын
Шырылдап Халқымен бірге Суда да,Үкімет басында да жүрген НАҒЫЗ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ-НАРТАЙ АЗАМАТ ба Мың ЖАСА!
@gq0130
@gq0130 14 күн бұрын
Нағыз қазақтын рухы❤️‍🔥батырлық әрекет❤Елім жерім деген❤❤❤
@user-jx4kl5ti1o
@user-jx4kl5ti1o 14 күн бұрын
дұрыс кетсін бәрі ауысу керек
@user-hy7rg1bq1f
@user-hy7rg1bq1f 14 күн бұрын
Ауылға, ауданға халық әкімді өздері саилап алса дұрыс болар еді. Сонда ғана мәселе шешіледі деп оилаимын
@user-zg5hk2yo6w
@user-zg5hk2yo6w 14 күн бұрын
Жарайсың Нартай. Аман жүрші. Бақытты бол. Осындай әділ таза бол. Қалық жақсылығыңды ұмытпайды. Халық пен бірге болу керек. Себебі бәрі қарапайым халықтан шықты.
@user-wr8lf2er6l
@user-wr8lf2er6l 14 күн бұрын
Дұрыс! Бәрін босату керек! Ескі Қазақстан системасындағы билік басында болған қызметкерлерді босату керек, немесе аттестациядан бәрін өткізу керек!
@user-ee8em5rj4c
@user-ee8em5rj4c 13 күн бұрын
Жоқ аттестациялау керек емес осы суға елді зар илетіп отырған орынды сатып алғандар мен надандар кетуі тиіс жұмысына салғырт қарап мыңдаған елді қан қақсатып отыр жауапқа тартылсын еш қандай бас сипау болмау керек
@Simply_the_Best_One
@Simply_the_Best_One 14 күн бұрын
Өте дұрыс айтылған депутаттық сауалнама.
@user-pq8nx2qk8w
@user-pq8nx2qk8w 14 күн бұрын
Бар болғаны осы үш төрт депутат шырылдайтын, қалғандары мылхаума? Махаума топаспа?не үшін айлық алып жүр ол арам тамақтар
@user-tz1xe4kl2d
@user-tz1xe4kl2d 14 күн бұрын
Соны айтам осы уш депутат сосын тағы бір депутат бар атын ұмытып қалып отрм уш-төрт депутат қалғандары үн түнсіз сен тимесең мен тиме деп отыра береді шырылдайтын осы уш төрт депутат
@user-wr8lf2er6l
@user-wr8lf2er6l 14 күн бұрын
Олардың бәрі таныс-тамырмен келген, сауаты жоқ, немесе қазақ тілін түсінбейтіндер!
@gulnarsultamuratova4292
@gulnarsultamuratova4292 14 күн бұрын
Солго осы ушеуин әким кылу керек
@user-jy6rh4sq6q
@user-jy6rh4sq6q 14 күн бұрын
Депутаттар халықтың мәселесін талабын жеткізеді шешімді үкімет қабылдайды
@janibekxojaxmet6359
@janibekxojaxmet6359 14 күн бұрын
Олар калай штраф салудын жолдарын табады.😂😅
@asel3314
@asel3314 14 күн бұрын
Бетсіздердін бетін тіл қара бететерді орнынан кетсін РАХМЕТ САҒАН НАРТАЙЫМ
@InkarS-fz5jd
@InkarS-fz5jd 14 күн бұрын
Қызметтен босатып қана қоймай, Заң алдында жауапқа тарту керек деп ойлаймын.
@mamamamyla3563
@mamamamyla3563 14 күн бұрын
Жарайсыз накты айтыныз рахмет
@user-tz1xe4kl2d
@user-tz1xe4kl2d 14 күн бұрын
Халықтың қамын ойламайтын жандарын қинамай жумыс жасагысы келмейтін бірақ ақша десе қу бастары домалап кететін басшыларды шенеуліктерді жумыстарынан босатып халық ушін жандары шырылдайтын жанашыр адамдарды алу керек
@user-xy5zr8gy4u
@user-xy5zr8gy4u 14 күн бұрын
Елім, жерім үшін деп қамданбайтын шенеуніктерді Елінің киесі ұрсын
@user-cu4ew8yf7t
@user-cu4ew8yf7t 14 күн бұрын
Басқа депутаттар неге үндемейді. Ардақ назаров тілі барма
@janibekxojaxmet6359
@janibekxojaxmet6359 14 күн бұрын
Олар калай штраф салуды ойластырады
@user-en1zw9oq4k
@user-en1zw9oq4k 14 күн бұрын
Мың өліп,мың тірілген қазағыма тек бас амандығын тілеймін.Жасың ұзақ болсын,Нартай балам, еңбегіңе сәттілік!
@user-yc9yo7yg3s
@user-yc9yo7yg3s 14 күн бұрын
Ардақтың тілін кесіп тастаған дейдіғой.
@shadonya
@shadonya 14 күн бұрын
Биздин Казакстанда ешким кетпейди. тек кана орындарын ауыстырып кояды. Рахмет
@estaieseke504
@estaieseke504 14 күн бұрын
Сонымен Қазақстандағы ауылдың мәселесі құрып бітті деген осы енді тағыда Астанаға қоныс аударады.!
@user-fz3iy5qj5i
@user-fz3iy5qj5i 14 күн бұрын
Нартай бауырым! Жарайсың! Өркенің өссін!,!,
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Су тілсіз жау иұқият болсын ел жұрт
@user-vf3wd6vi3z
@user-vf3wd6vi3z 14 күн бұрын
Нартаи бауырымызға мың алғыс, Максат екеуіңнің шырылдап жургендеріңе ризамыз, тек нәтиже шықса екен, суга кеткен уиімізді дұрыс багалап, қаражатты талан таражга салмаи, таза халыққа жумсаса бул да қалпине келер, уиімиз жөндеуден өтип болганша да қанша жуикең тозады...бирак не болса да бас аман болсын, Құлсарымыз гулденип жаинап қаита бои түзесе, құрметті қонағымыз болындар, әрбир шаңырақ күтуге даиын екенине күмән жоқ, енді осы жагдаидан соң Мунаидың шыққан , шығып жатырган жерінің қандаи куи кешип отырганын жогарыдагылар билип, көрип нәтиже шыгарар деп есептеимиз
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Тіл көзден сақтасын
@user-vc4st9tz5l
@user-vc4st9tz5l 14 күн бұрын
Дүние мүлкін мемлекетке тиына шеиін қаитару керек суретін жолға іліп қоиыу керек руын отбасын іліу керек сонда қорқады
@user-ct9fv5bz6m
@user-ct9fv5bz6m 14 күн бұрын
Құрметті Нартай Аралбай ұлы.Сізге арыз шағымды,көкейде жүрген өтінішімізді қалай жеткізіміз
@user-ly4ss6ny5k
@user-ly4ss6ny5k 14 күн бұрын
0:28 - 0:55 Өте дұрыс!👍💯 Жаныңызды салып, жұргенізді- бәріміз коріп турмыз. Рахмет🙏
@user-do6oi6bg2h
@user-do6oi6bg2h 14 күн бұрын
Ден саулық Минимтрінен басқасының бәрін ауыстру керпк Әкімдерді де депутаттардың 70пайызын қысқарту керек Ассацяны жабу керек барлық қаржы қысқарғандардан апат жерге берлсін.
@user-yc3mj2fo4g
@user-yc3mj2fo4g 14 күн бұрын
Нартай депутат, Орал қаласында қайықпен жүзіп барып акт жасамақ түгілі, төтенше жағдайга берілетін 369 000 теңгеге өтінішті күніне 250 адамнан артық қабылдамайды.
@user-df8us7su8i
@user-df8us7su8i 14 күн бұрын
Жарайсың бауырым...Алла жар болсын..
@aitzhanaimagambetov314
@aitzhanaimagambetov314 13 күн бұрын
Тек қызметінен кетіріп қоймай үстінен қылмыстық іс қозғау керек.
@user-qj9lg4de8x
@user-qj9lg4de8x 14 күн бұрын
Балық үндес бақа тідес болып отыра беріге болмаиды, ел қамын оиламаитын әкімдерді аиамаи жазалау керек,
@user-gj2tw6ks5j
@user-gj2tw6ks5j 14 күн бұрын
Жауаптыларды соттап,счеттарын ,арестка койып,дуние мулкин тарклеп шыгын отетип алу керек.Каншама тагдыр,креслода отырып дым жумыс жасамаган,ай сайын айлык,соц.пакет алып отырган Жумыстан шыгара салу онай жол.Жазалайтын уакыт келди.Кашангы Халык буларга ойыншык болады
@user-tf2os8ui4c
@user-tf2os8ui4c 14 күн бұрын
Жарайсың. Қазаққа жаны ашыған үкіметтi көрмедiк. Ысқыртып айыппұлдар салу үшін заң шығарғанша халыққа ашық ақпарат пен шындықты көрсету керек. Биліктiн қандай адамына заңмен жауапкершілікке тартылды. Осы уақытқа дейін бip облыстың бюджеттік қаржысын жымқырып жүргендер әлi күнге дейін билік қолдап келеді. Көрiп, білiп отырған Президентте , Министрде ешқандай шара қолдана алмай отыр. Сот пен прокурор жеке мемлекет болып алған. Әрбір министрлік ойына келгендерін жасап, 30 жыл да тоздырып құлдыратып жiбердi. Бұрынғы ескi адамдарды құрту керек билікте болған. Қылмыстық іс қозғалуы қажет. Қандай жетicтiкке дамуға үлес қосқанын жiтiк бақылауға, тексеру жүргізілуі тиісті. Жаңа Қазақстанға қадам басу үшін осындай шешім қабылдау қажет.
@user-hp6jg1og1k
@user-hp6jg1og1k 14 күн бұрын
Надо срочно,срочно,срочно.Закрыть и Списать все мошеннические,потребительские онлаин кредиты и заимы в банке.За правду и справедливость.Алга Казахстан.
@user-cd4hl9uc7r
@user-cd4hl9uc7r 14 күн бұрын
Оте дурыс айттын
@user-cw9er3pl4f
@user-cw9er3pl4f 14 күн бұрын
Дурус айтады!Депутаттыдар колдау керек халыктын жагдайн ойлау керек. Отырган акимдер жаупкершлек жок. Соз тёк
@user-mc3jy6tx4j
@user-mc3jy6tx4j 14 күн бұрын
Нартай , Мақсат депутаттарды əкім болып жұмыс жасауға лайықты азаматтар.
@user-om3iv7lf4m
@user-om3iv7lf4m 14 күн бұрын
Жумыс 😢тан босатылсын😢 ЖЕМКОРЛАР😠😡👊 Халык босып кеттиго😢
@user-rs4lt9bm6n
@user-rs4lt9bm6n 14 күн бұрын
Жаксы
@user-wp6iy9sh1e
@user-wp6iy9sh1e 14 күн бұрын
Прақорлық жайлаған қоғамда дұрысталу оңай емес😢
@user-hk2qd1ks4h
@user-hk2qd1ks4h 12 күн бұрын
Нартай дурыс айтасын жемқор пример миистирлер мен әкимдерди жумыстан шыгару керек соттап жибиру керек болд
@sanjar537
@sanjar537 14 күн бұрын
Барлығымыз жиналып бір ауыздан осы бауырымды министрлікке тағайындайқта Алла қаласа
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Аман жүр
@user-yl7du3fg3g
@user-yl7du3fg3g 14 күн бұрын
Өте дұрыс айтты.👍👍👍👍
@user-sp8xe9pv9k
@user-sp8xe9pv9k 14 күн бұрын
Біреу тыңдайды ма ,осы айтқандардың бәрін.айтып айтып қоюма жұмыстарын.
@user-li2hn8bo8i
@user-li2hn8bo8i 14 күн бұрын
Жарайсың айт өттері жарылсын
@user-lq2hu4qn3w
@user-lq2hu4qn3w 14 күн бұрын
Дурыс айтады
@qazaqeli4614
@qazaqeli4614 14 күн бұрын
Қайдан ешқандай әкім жауапты болмайды ешқандай ешқандай жауапсыз қалады
@Meden555
@Meden555 14 күн бұрын
Өте дұрыс аитады
@user-qv9gm6ly8l
@user-qv9gm6ly8l 14 күн бұрын
Дұрыс аитасың Нартаи бауырым кұрту керек жұмыс істеиеитін акім министрді
@user-cq6we6uw3m
@user-cq6we6uw3m 14 күн бұрын
Орган кнб полисиа аскер. Казакка демеу болатын жигитер жумыс жасаиды казак елинде сиздерден отиниш шетинен тексерип киналилерди шетинен турмеге кама сандар ел сиздерге арка суиер еди ❤
@user-ee8em5rj4c
@user-ee8em5rj4c 13 күн бұрын
Олар қайдағы қарайды олар басшысы не айтса соны істейді олар мына халқым деп шырылдап жүрген депутаттар дейсіңбе отырған жоқпа қазақтың қалдері мүшкіл деп айқайлаған Думандар түрмеде КНБ полицейлердің қожалары бар олар халықты қайтеді бірақ кімнің арқасында өмір сүріп отырғанын олар әлі түсінген жоқ
@user-eu9pj7vl8n
@user-eu9pj7vl8n 14 күн бұрын
Елімізге амандық берсін
@sanjar537
@sanjar537 14 күн бұрын
Алла қаласа Нартай бауырымды министрлікке тағайындайқта Алла қаласа барлығымыз бірауыздан
@user-vo7se5wm7e
@user-vo7se5wm7e 14 күн бұрын
орындалуын кадагалау, орындалганша кудалау керек.
@mariyashamenqyzy1175
@mariyashamenqyzy1175 14 күн бұрын
Жұмыстан алыну, басынан сипау ғой, жауап беру керек, екінші жерге барып тағы істей береді
@user-rx5gf5nd5v
@user-rx5gf5nd5v 14 күн бұрын
Жарайсың! Нартай Аралбай!!!🙌🙌🙌
@gulshara61
@gulshara61 14 күн бұрын
Ана астанадағы ЛРТ неге керек, жағдайын дұрыстап алмай халыққа жағдай жасай алмай отырып
@user-kw6sz2fm6e
@user-kw6sz2fm6e 14 күн бұрын
Ауыздаоына су толтырып алған депутаттар жұмған ауыздарын ашпайтын мылқаулар орындарын босатсын.
@user-mk9vb5th7f
@user-mk9vb5th7f 14 күн бұрын
Почему только в отставку ??? Судить нужно, сажать нужно их за халатность
@user-ij9rz7oc9m
@user-ij9rz7oc9m 14 күн бұрын
Аллаһ Өзі қорғасын қазақ халқын. Хидаятқа ергізсін
@user-km3rc8ru3t
@user-km3rc8ru3t 14 күн бұрын
Міне айтқасын дәл осылай айту керек!👍👍👍
@romannurgaziev9728
@romannurgaziev9728 14 күн бұрын
Су.мчс.ауыл.министерлер.акымдер.сотталу.керек.зан.бар.болса.кыналы.осылар.
@user-rl9lv2oe5y
@user-rl9lv2oe5y 14 күн бұрын
Өте дурыс айтуда.
@daniyartoleuov8963
@daniyartoleuov8963 10 күн бұрын
Әй жарайсың, Нартай, айтқаның ащы шындық
@kazakhstan1609
@kazakhstan1609 14 күн бұрын
Бұрынғы депутаттар ы ыы м мм деп оқыйтын еді, алдына жазып берген оқый алмай. Қәзіргі жас депутаттар, тарс тарс айтып айтып тастайды, бірде бір орысша қоспай.
@bereke777
@bereke777 14 күн бұрын
*Нартай айтып жатсыңдар дұрыс.Іске асып жаткан біреуі жоқ.Айтылған сөз сол отырған жерлеріңде калады*
@user-lt3zk3vs8l
@user-lt3zk3vs8l 14 күн бұрын
Нартай Аралбай улу жарайсын !
@user-tq6kn1tl7b
@user-tq6kn1tl7b 14 күн бұрын
УЙ БЕРИЛСИН СУДЫН ЖАГАСЫНДАГЫ ТУРГЫНДАРГА
@user-gh8xg4ob4k
@user-gh8xg4ob4k 14 күн бұрын
Токаев мырза Актобеге жумыс истейтин аким керек спортшы керек емес кулдыратып жиберди
@alibi675
@alibi675 14 күн бұрын
Әкім жақсы. Жұмысын толық атқарып жүр.
@user-gh8xg4ob4k
@user-gh8xg4ob4k 14 күн бұрын
@@alibi675 туысы емессинба
@islamkz7335
@islamkz7335 14 күн бұрын
Ой бәрекелді, енді орындалсын осы айтқандар
@almazhanzhanbirbaeva9424
@almazhanzhanbirbaeva9424 14 күн бұрын
Нартай балам дурыс айтып отырсын булак корсен козин аш деген ертеректе сол сиякты арналардын козин ашу керек бурынгы мамандврды су шаруашылыгында кызмет жасаган дарды жумыска шакыру керек Жемкорлврдын кесиринен осындай жагдайга акелип отыр ар жерде оз маманы болу керек тамыр таныс дегенди кою керек
@user-ty6jg1bh5e
@user-ty6jg1bh5e 13 күн бұрын
жұмыстан босасын, штрафпен жазалансын! сосын ешқашан шенеулік болып қызметке алынбасын!
@user-be1mp6ge2t
@user-be1mp6ge2t 14 күн бұрын
Әкім , соттарды сайлау керек қайта Резервтегі тағайындағандардан Президент абырой таппайды тек Сайлау іскер , білімді қыз-жігіттер елдің еңсесін көтереді
@hdhehdhdhh7734
@hdhehdhdhh7734 14 күн бұрын
Айтылып жатыр , бірақ толк жоқ
@ruhaniat_taji_2
@ruhaniat_taji_2 14 күн бұрын
Халық өзі жасауда бөгеттерді. Әкімшілік тараптардан еш көмек болмапты. Атыраудағы ағайындардың айтуы бойынша..
@user-id5yk1wp3l
@user-id5yk1wp3l 14 күн бұрын
Айтканынан не пайда бұлардың нәтиже жоқ халықтың назарын аудару өтірікпен
@user-rv5ce4vp6n
@user-rv5ce4vp6n 14 күн бұрын
Билікке қашан қарғыз көз жас тиеді екен.
@berikt.7044
@berikt.7044 14 күн бұрын
Соттау керек босата салса тып тыныш құтылу керек пе сонда? Ақшаны жеді енді тағын садаға жасап құтылу керек пе.
@user-iw2pv5ir9y
@user-iw2pv5ir9y 14 күн бұрын
Бүгін босатып ,ертең басқа қызметке қояды ,ешқандай нәтиже жоқ
@saparjienbek2299
@saparjienbek2299 14 күн бұрын
Нартай балам аман бол рахмет басқа депутатне негеп отыр оларға.керек емеспа
@user-cp3sc6in5h
@user-cp3sc6in5h 14 күн бұрын
Жауған қарды уағында шығарыңдар деп зарлаған халықтың өтініш талаптарын тыңдамай, апатқа қарсы сақтық дайындыққа ат үсті қарап қар суына жұртын ғарық қылған қатысты менменшіл адамдарды жазалау әділеттілік.
@user-vw9rt8hy4y
@user-vw9rt8hy4y 14 күн бұрын
Сол баягы акимнин орынбасары, мчс тин орынбасарлары жумыстан шыгады, министрдин орынбасары дегендер гана кетеди. Калгандары выговор алып отыра береди
@tlesheskaliev3705
@tlesheskaliev3705 14 күн бұрын
Шындық сол
@user-rd1ue2le3x
@user-rd1ue2le3x 14 күн бұрын
Алла разы болсын
@ABCD-of7me
@ABCD-of7me 14 күн бұрын
Қызметтен босату емес, жеңіл құтылмайды олар, сотта жауап беріп түрмеге қамату керек, неге осы ұрылар оп оңай қылмыс жасап кете қалады, оларды түрмеге жаппай халық тыныш отырмайды осы жолы
@user-of6oi2kg7l
@user-of6oi2kg7l 14 күн бұрын
Кетсин тек арам тамак
@progress-gq2my
@progress-gq2my 14 күн бұрын
*КЕТУІ КЕРЕК СОСЫН БАСҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ БАРМАСЫН ӨМІР БОЙЫНА*
@user-lx3fo1sg2c
@user-lx3fo1sg2c 14 күн бұрын
Ал не истемиз. Негизги мамандар жиналып дөңгелек столда жумыс жасау керек. Сонша депутат не шешед. Киын жағдайды су тасып жаткан аймактардагы ел журт корип жатыр. Корши елдерден мамандар келсин тездетип. Акыл кеңес керек.
@user-bp6ud4vv9c
@user-bp6ud4vv9c 14 күн бұрын
ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ЖЕМҚОРЛАРДЫ ШЕТІНЕН ҚҰРТУ КЕРЕК
@user-rb3cb5el3o
@user-rb3cb5el3o 14 күн бұрын
Жарайсың бауырым!👍
@user-vs8se8xj2t
@user-vs8se8xj2t 14 күн бұрын
Оте керемет айтылды колдаймыз
@user-fd5zz7fj3d
@user-fd5zz7fj3d 14 күн бұрын
Кетсін,кетсін
@user-zj2oe6ep2d
@user-zj2oe6ep2d 14 күн бұрын
Нартай Аралбайұлы бұл өзекті де өте шұғұл түрде шешілуі тиіс халықтың талабы, жан-айқайы. Қаншама адам уйсіз-күйсіз, шарасыз күйде қалып отыр .Адамдарға тек материальный емес моральный да көмек қажет. Осындайда халық үшін қам жейтін депутаттар, қоғам белсенділері, адвокаттар, психологтар бірігіп халыққа ақысыз көмек беру керек
@user-tj5wf1eq9i
@user-tj5wf1eq9i 14 күн бұрын
Сол министрді тағаиындаитын Тоқаевқои мәселе кінәлі бірақ адамда ол президент әлі Назарбаевтың ықпалынан шыға алмай отырған кадр мәселесін шеше алмаған
@erlanospanov8699
@erlanospanov8699 13 күн бұрын
Өте дұрыс жауапқа да тартылсын
Мама и дневник Зомби (часть 1)🧟 #shorts
00:47
MINHA IRMÃ MALVADA CONTRA O GADGET DE TREM DE DOMINÓ 😡 #ferramenta
00:40
Лизка заплакала смотря видео котиков🙀😭
00:33
МИЛЛИАРД ЖЕГЕНДЕР ҰСТАЛДЫ
4:42
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 178 М.
Астарлы ақиқат: Атаман ата
44:23
KTK TV
Рет қаралды 270 М.
Құраннан кейін - Жаңа Алдараспан, Жаңа бағдарлама | Концерт 2023
19:16
Алдараспан театры-Нуржан Толендиев
Рет қаралды 925 М.
Crushing blow to the military airfield of Crimea
13:38
NEXTA Live
Рет қаралды 370 М.
Мама и дневник Зомби (часть 1)🧟 #shorts
00:47