Рет қаралды 2,663
Облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Махсудхан Аблазимов зейнет демалысына шықты. Жиында Махсудхан Нұғманұлына Сыр өңірінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін облыстың ең жоғары марапаты - Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев еңбек адамдарын құрметтеу бұрыннан қалыптасқан дәстүр екенін айтты. Осы ретте Махсудхан Нұғманұлына аймақтағы қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді. Ол құзырлы органға басшылық еткен тұста полиция департаментінің материалдық-техникалық базасы нығайды. Заманауи құрылғылармен жабдықталған қызметтік көліктер табысталып, мамандардың жалақысы өсті. Пәтер мәселесі шешімін тапты. Алқалы жиында өңір басшысы аймақ жұртының артынан алғыс айтып, жылы лебізін жеткізді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ
Ол - жұмыс барысында іскер, ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігі жоғары, білімді, білікті, қызметкерлерді мемлекеттік маңызды істерге жұмылдыра білетін басшы. Құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарған кешенді шаралардың нәтижесінде өңіріміздегі қылмыс деңгейі жыл сайын төмендеп келеді. Бұл ретте Махсудхан Нұғманұлының еңбегі ерен.
Сайт - qyzylordatv.kz...
Facebook - / qyzylordatv
Instagram - / qyzylordatv
Telegram - t.me/qyzylords_tv
Tiktok - / qyzylorda_tv