ЖОРЫҚ ЖЫРАУЫ ҚАЛНИЯЗ БАТЫР - ҚОЖАЛАҚ БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ

  Рет қаралды 26,049

Маңғыстау Адай

Маңғыстау Адай

5 жыл бұрын

ЖОРЫҚ ЖЫРАУЫ ҚАЛНИЯЗ БАТЫР ШОПЫҚҰЛЫ (1816-1902).
«ҚАЛНИЯЗ ЖЫРАУ - ҚОЖАЛАҚ БАТЫРҒА АЙТҚАНЫ»
Орындаған жыршы: Жары/Жетімек - Елдос ЕМІЛ
***
Бір жорықта жау алдынан шолғыншы болып кеткен Қырықмылтық/Орамал - Қарағұл батыр қапияда жау қолынан қаза табады. Соған күйініп кеткен Қырықмылтық/Нұрбаулы - Қожалақ батыр «Адай, енді өз күніңді өзің көре беріңдер» - деп ат басын артына қарай бұра береді. Сонда Қалнияз батыр Қожалақ батырдың алдына кесе көлденең тұра қалып толғапты:
Халқына мақтан Қожалақ
Жауына шапқан жағалап
Әруақты ердің сойы едің
Аржағың Сармыс, ер Жанақ,
Екі талай егесте
Жерің жоқ қалған қорғалап,
Осы сапар не болды
Атыңның басын бұрмалап?
Бір сен емес - Адай тұр
Қарағұлды азалап.
Ат ойнатып, әнеки,
Дұшпаның тұр мазалап;
Туын жықпай Асар тұр
Келсе де жау қамалап,
Келінберді, Құдайке
Өзіңе қарай сағалап,
Көріп тұрып осыны
Барасың қайда, Қожалақ?
Санаулы дәмі таусылса
Кімдерге тимес ажал-оқ.
Ажалсыз аман құтылар
Атса да дәлдеп сығалап.
Тәуекел етіп тайсалмау
Көңілді ерге жарасқан,
Қайрылмай кетпес қас батыр .
Тұрса да қаптап қара аспан,
Аман қалмас ажалдан
Нәсібе-дәмін тауысқан,
Сен - Адайдың қорғаны
Айбарың артық арыстан
Жүрегің берік құрыштан,
Аман шыққан ер едің
Талай соғыс-ұрыстан,
Ерлігің сенің кем бе еді
Кешегі Төлеп, Қармыстан?
Ағаларың бұрынғы
Есенғұлдың Есегі
Таутайлақпен алысқан,
Жезтырнаққа жабысқан.
Сармыс, Шотан, ер Жанақ
Қалмақ жаумен шабысқан,
Атағозы, ер Лабақ
Дұшпанды қуған қоныстан,
Дауымшар, Мыңбай, Құдабай
Патшаға қарсы ұрысқан.
Аржағың Адай ұранды
Сен соларға туысқан.
Атаға тартып ұл өсіп
Ерлігі саған жұғысқан;
Егесер жерге келгенде
Ер өлмейтін бе еді намыстан?
Лайық емес ерлерге
Дұшпанын көріп ығысқан.
Сен Адайдың сойылы
Жауды көрсе жасқанып
Жиылмаған айылы,
Ерлігіңді сөз қылған
Адай түгіл Байұлы,
Қазақтан асып баршаға
Қожалақ атың жайылды.
Жасақты жауға қалдырып
Бұрма, батыр, мойынды,
«Жәуміт қашты, біз қудық»
Салайық солай ойынды.
Ақ ордасы Адайдың
Үлкен үйім - Мұңалсың,
Батыр да өзің, пір де өзің
Ұлы жиын - құралсың,
Төрт Мұңалым тұрғанда
Басқасы келіп Адайдың
Қолынан қалай ту алсын?!!
Қарағұлдың қаны үшін,
Ағайынның ары үшін
Қожалақ тұрма, - қол баста
Артыңнан Адай шұбалсын.
Әруаққа сыйынып
Ұрандап жауға ат қойсаң
Келінберді, Құдайке
Ізіңе ертіп лап қойсаң!
Әруағың аспай ма?
Дұшпаның қорқып қашпай ма?
Ертең елге барғанда
Ерлігің хабар болғанда
Қалың елің жиналып
Алдыңнан шашу шашпай ма?..
Сонда Қожалақ батыр: «Осы жаудан қорқып артқа қашқан кісінің өзі кәпір, қатыны талақ. Ал аттаныңдар соңымнан» - деп жауға қарай қолды бастай жөнеліпті.

Пікірлер: 33
@user-sh1zi7wb4k
@user-sh1zi7wb4k 4 ай бұрын
Ту устаган Адайда белгили Ердин бари бар...
@user-kf6tq8gy2h
@user-kf6tq8gy2h Жыл бұрын
Ай Қалнияз ата жанбабам сіз болмасаңыз осы батыр аталарымыздың жанкешті ерліктерін білмінбе мен.
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 5 жыл бұрын
жаугершілікте төрт мұңалдың орны ерекше болған, келген дұшпанға қарсы әрдайым дайын болған,
@karakozminzhasarova5778
@karakozminzhasarova5778 6 ай бұрын
Ия меним нагашы атам Амантурлы Кожалак жауга шапты аллалап дегн
@user-ii6nd8ql9m
@user-ii6nd8ql9m 3 жыл бұрын
Аййй, сау бол! Аталамыздың рухы желеп - жебей бергей!
@user-ur4gr3gf6l
@user-ur4gr3gf6l 4 жыл бұрын
Керемет. Жаңадан дұрыстап аудио видеосын сапасын күшті етіп ютубке салыңызшы. Күшті екен
@user-tk8vn3xt9h
@user-tk8vn3xt9h 4 жыл бұрын
Туын жықпай Асар тұр.Келсе де жау қамалап.
@user-tk8vn3xt9h
@user-tk8vn3xt9h 4 жыл бұрын
Адайдың туын ұстаған Қосқұлақ Асар сұпының ұрпақтары Ақтау,Бейнеуде тұрамыз.
@user-zo2vo8zi6w
@user-zo2vo8zi6w 5 жыл бұрын
Ай барекелдиии👏🏻👏🏻👏🏻
@user-vs1tr7uw5b
@user-vs1tr7uw5b 5 ай бұрын
Қайран бабамыз
@user-ml4zk1tr1v
@user-ml4zk1tr1v 5 жыл бұрын
жеткізген сейітов жақсы айтады осы жырды
@user-fx3in4vi6e
@user-fx3in4vi6e 4 жыл бұрын
Ия Елдостың айтқаны мотивы бұл жырға келмейді екен. Бұл батырды қайрап рухтандырып қайта жауға салып тұрған жырды басқаша айту керек.Елдос терменің мотивіне салып оыр.
@kasymotemisuly9055
@kasymotemisuly9055 5 жыл бұрын
Ас саламу алейкум ағайындар Қожалақ біздің атамыз, нақтырақ айтқанда Қарақұл батыр оққа ұшып деді ғой басында сол Қожалақтың ағасы, немесе інісі шығар Қарақұл менің тікелей атам. Əлде басқа Қарақұл деген батыр болды ма екен? Қожалақ батырдың ұрпақтары қазір Жамбыл облысында тұрады
@alashrepublic2034
@alashrepublic2034 5 жыл бұрын
Жоқ, Қарағұл Орамал қырықмылтық, ал Қожалақ Нұрбаулы қырықмылтық. Орамал қырықмылтықтар былай таралады: Шоғы-Жолай-Жолмамбет-Жарылқамыс (Орамал). Ал ол Шоғы-Жолай-Жолмамбет-Жарылғап-Қарабас-Нұрбаулы-Майкөт-Қожалақ (Қожалақ 4 ағайынды) Мұнда шежіресін қарауға болады: tumalas.kz/shejire-view/
@user-rc1bu6kp8w
@user-rc1bu6kp8w 3 жыл бұрын
ТАБЫН ДАУЫТ БАТЫРГА АЙТКАНЫ КАЙДА ЖАЛГАСЫ ДАУЫТ БАТЫР АЛЫП БЕРДЫ ГО
@user-si9uq8yd9i
@user-si9uq8yd9i 4 жыл бұрын
Осы жырдын толык нускасы барма? Кайдан тындауга болады?
@user-bk2ck1vu4g
@user-bk2ck1vu4g 2 жыл бұрын
40 мылтыктар
@user-ii6nd8gl9m
@user-ii6nd8gl9m Жыл бұрын
✊✊✊
@user-rt9ny8hk7t
@user-rt9ny8hk7t 4 жыл бұрын
Адай тұрғанда кім ту ұстайды
@user-ie3dg9xh6o
@user-ie3dg9xh6o 4 жыл бұрын
Қандай мақсат пен айттын. Мақтаншылықпа. Туды біз ұстаймыз жақайымдар әлімде аға баласы.
@user-kj7pj9wx5p
@user-kj7pj9wx5p 3 жыл бұрын
@@user-ie3dg9xh6o Ежелден Адай урпактарын устаган Туды Алаштын билмисинбе не
@user-bek85
@user-bek85 3 жыл бұрын
@@user-kj7pj9wx5p Байулы алимди аға баласы деп сыйлайды
@kazakh8336
@kazakh8336 3 жыл бұрын
Бөлінбеңдер бауырлар. Рас Әлім бізге Аға болады. Туды әркім ұстамаған. Тек Хас батырлар ұстаған. Әлімде де , Адайда да ту ұстаған ерлер жетеді.
@user-rq7tz7qp2j
@user-rq7tz7qp2j 2 жыл бұрын
@@user-ie3dg9xh6o Адай менен аға баласы Әлім бір атадан тараған осыны біле жүр бауырым.
@yklaskunanbayev5563
@yklaskunanbayev5563 3 жыл бұрын
Жалғасы қайда Табын Дәуіт батыр келген жері
@Zz-xw4ih
@Zz-xw4ih 3 жыл бұрын
Бул Кожалак батырды кайрап айткан жыры, сол кезде шеттеп турган Дауит батырды кайрап айтатын жыры бар, ол болек жыр
@user-vs1tr7uw5b
@user-vs1tr7uw5b 5 ай бұрын
Қайран бабамыз
Чай будешь? #чайбудешь
00:14
ПАРОДИИ НА ИЗВЕСТНЫЕ ТРЕКИ
Рет қаралды 2,9 МЛН
Кәріс өшін алды...| Synyptas 3 | 10 серия
24:51
kak budto
Рет қаралды 1,3 МЛН
Оспан - Ақтан Керейұлы. Болжау
7:42
Media Pro
Рет қаралды 101 М.
Ер Таргын жыры
1:24:38
Abа Kaз
Рет қаралды 50 М.
Ер Көкше!
21:06
Әзімхан Адай
Рет қаралды 10 М.
Адай - Иса батыр мен Досан батыр Жыр-Дастаны!
37:48
Маңғыстау Адай
Рет қаралды 47 М.
Қабанбай батыр
42:43
Abа Kaз
Рет қаралды 10 М.
Чай будешь? #чайбудешь
00:14
ПАРОДИИ НА ИЗВЕСТНЫЕ ТРЕКИ
Рет қаралды 2,9 МЛН