«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 6-бөлім (субтитрмен)

  Рет қаралды 205,031

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы

2 жыл бұрын

Қазақстан - qazaqstan.tv/
Facebook - / qazaqstantv
VK - qazaqstan_tv
Twitter - / qazaqstantv
Instagram - / qazaqstantv
Telegram - t.me/qazaqstantv
Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore - apps.apple.com/ru/app/qazaqst...
Google Play - play.google.com/store/apps/de...
Арнаның ең танымал жобалары:
-Қазақстанның ең үздік әзіл-сықақ шоуы - «Әзіл әлемі»
• Жаңажылдық бағдарлама ...
- Kóńİldİ Tapqyrlar Alańy
- • Айнұр Тұрсынбаеваға ер...
- Танымал отбасылық сериал - «Жаңа қоныс» - • Жаңа Қоныс

Пікірлер: 1 300
@NNN-ck4pn
@NNN-ck4pn 2 жыл бұрын
Қайдағы бір болмайтын Жездуха сияқты сериалдар млн просмотр жинайды🤦‍♂️ осындай киноларды жастар неге көрмейді. Барлық мектептерде міндетті түрде көрсету керек.
@user-dv2cu8hd3l
@user-dv2cu8hd3l Жыл бұрын
Ия. 👍
@nikoniko8337
@nikoniko8337 Жыл бұрын
Сауатты адамга бундай критика жараспайды Жездухамен салыстыратын кино емес бул кино кози ашык кокиреги ояу азаматтар кореди жездуханы жаппай кореди
@bakhtiyardusenov8172
@bakhtiyardusenov8172 Жыл бұрын
Келісемін, оны мектептердің,университеттердің оқушыларына министерство арқылы көрсеттіру керек міндетті түрде
@kausarlife3644
@kausarlife3644 Жыл бұрын
Дұрыс айтасыз
@aiym12
@aiym12 Жыл бұрын
Жасым 16 да, осыны көріп ерекше бір әсерге ие болдым. Қуаныштымын осындай киносериалдардың түсіріліп жатқанына.
@user-ls2qz5gd8m
@user-ls2qz5gd8m 2 жыл бұрын
Саңғытовтың дұрыс жолды таңдағанына өте қуаныштымын. Атамыздың бір ауыз "Балам" деген жылы сөзі оған қандай əсер етті?! Қандай жағдай болмасын, кімге болмасын жылы сөздерімізді аямайық. Бір адамның тура жолға түскені, бүкіл ұрпағының тура жолда болуына əсер етеді. Аянбайық. Білімімізді арттырайық, пайдалы болайық!
@danas2849
@danas2849 Жыл бұрын
Кеше Оян, қазақты! көріп біраз ой салды, осылай жүргенімізге ата-бабаларымызға мың алғыс!!! Бүгін үзбей Ахмет атамызға арналған киноны көріп одан сайын толқып отырмын, тарихымызды ұмыттырмай осындай кино түсірген ұжымға мың алғыс👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻 сәтті шықты деп осыны айт
@user-ob3rm3oc3v
@user-ob3rm3oc3v 7 ай бұрын
@aialhoja9115
@aialhoja9115 7 ай бұрын
Дұрыс айтасыз,Оян қазақты көріп,Ахмет атамыздың осы киносын көріп қатты қынжылдым ,недеген сатқындық,жауыздық болған сол кезде -ақ,өзіміздің қазақтар сатып отырған екен ғой.Алдында Қызыл жебе кітабын оқып бір еңіреп жылаған едім ,ол жерде де тым аянышты,Тұрар Рысқұлов атамыз жайлы.
@asqazan
@asqazan 7 ай бұрын
Менде де осы жағдай 😢
@user-gw7rf8di9t
@user-gw7rf8di9t 2 жыл бұрын
Осы фильмнен кейін мен тек қазақша сөйлеп тек қазақша жазуға өз өзіме сөз бердім. Қазақ тілін біз үшін қорғап кеткен екен ғой аталарымыз . Өмірде көрген қызығы жоқ,тек қазағым деп өткен екен ғой 😭😭😭
@user-pj3sk5md1q
@user-pj3sk5md1q Жыл бұрын
Бұл тек бер жағы ғой түсірілген, шынына келсек оңбағандардың істемегені жоқ
@user-dq3zf3nf8n
@user-dq3zf3nf8n Жыл бұрын
Көзімізді ашық, көкірегімізді ояу қалыпта сақтаған Аллаға шүкір. Сіздей түсінігі мол, текті апа-қарындастар барда АРЫСТАРЫМЫЗДЫҢ ізі жалғасын табатынына үмітіміз зор!. Себебі "алып - анадан туады" емес пе
@user-xv5yj9bm6l
@user-xv5yj9bm6l Жыл бұрын
Жарайсыз. Менде солай шешкенмін бір екі жыл бұрын. Орыстарға қазақша сөйлесем түсінеді, түсінбегені кетеді түсінбей
@user-mu5zu4ew4c
@user-mu5zu4ew4c 10 ай бұрын
Тарихты оқып қана емес көріп көз жеткізген қандай тамаша. Фильм супер
@user-ii6lj4hl7t
@user-ii6lj4hl7t 8 ай бұрын
Ия, шын тарих осылай жәйләп ашыла берер
@batyrsultanuly
@batyrsultanuly 2 жыл бұрын
Бұл хикаяны жүрген жерімде көріңдер деп айтып жүремін ин ша Аллаһ. Осы менің бұл еңбектеріңе қосқан тамшыдай үлесім болсын. Әзірге қолдан келері осы. Арыстарымыз жаны пейіште болсын!
@assasinff7372
@assasinff7372 2 жыл бұрын
Менде Аитып журем каида болсам да
@user-qx3rg5qg1d
@user-qx3rg5qg1d 2 жыл бұрын
Мен де айтып отырамын .Керемет түсірілім. Қандай ұлы Азаматтар... Алашорда... Қандай еңбек - қазақ тіліне жасаған ҰЛЫ ҰСТАЗ!!!
@user-ee2xs6fg3p
@user-ee2xs6fg3p 2 жыл бұрын
Дұрыс, елге таратып айту керек
@user-uz1ox7xz4o
@user-uz1ox7xz4o Жыл бұрын
Әмин!!
@user-qm2jn9gw7w
@user-qm2jn9gw7w Жыл бұрын
Көздің жасы парлап жүрегіміз тілім -тілім болды кино оқиға желісін толық мағаналы көрсеткен екен рахмет Қайран Алаштың Азаматтары-ай. Елі -жері ,халқы үшін күресіп өткен тұлғаларға мың тағзым жандары жаннатта болғай Орыстың осынша зұлым саясаты болмағанда осы күнде қандай керемет ел болушы едік пе Қазақты аштықтан қырды атты зиялыларды тұқым туяғына дейін жойып жіберді бас көтертпей азаппен өлтірді сондада орысты жақтап мақтап отырғанымыз ....
@zanylsyn-rakymkan
@zanylsyn-rakymkan 2 жыл бұрын
"Жоқ, өлген жоқ олар "😭😭😭 Дүниеде не өлмейді? " Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді! "жандарың жәннатта болсын! Өздеріңдей ұлтын сүйген азаматтарды мәңгілік өмірде жәннат бағында күтіңдер! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻😭😭😭😭😭😭
@ganieraliev6565
@ganieraliev6565 Жыл бұрын
Әумин 🤲
@user-ux7fh4pq7n
@user-ux7fh4pq7n Жыл бұрын
Әумин🤲
@user-cb7qn9lm6d
@user-cb7qn9lm6d Жыл бұрын
Әумин
@ulbolsyn40
@ulbolsyn40 Жыл бұрын
Әуминн🤲🏻🤲🏻🤲🏻
@user-rg1yu4gn6s
@user-rg1yu4gn6s 7 ай бұрын
Дурыс айтасыз, манги олмейди
@madiagybayev1705
@madiagybayev1705 Жыл бұрын
Айналайын ағатайлар, Алладан рақым тіледім сіздерге. Ұлт мүддесі деп көрмеген қорлықтарыңыз болмаған екен. Ал ендігі кезекте ел мүддесін қорғап, халыққа қызмет ету біздің мойнымыздағы міндет!
@ailanaserik2890
@ailanaserik2890 Жыл бұрын
Ахаңдай азаматы болған қандай бақытты ел едік. Елім деп шырылдаған жандардың жаны жаннатта болсын.🥺
@user-cd6tn9tb7z
@user-cd6tn9tb7z 2 жыл бұрын
Алаштың ардақтысы, ұлт ұстазы болған Ахаңның өмірі жайлы керемет, тарихи туындының осыншама аз қаралым жинағаны өте өкінішті, халыққа арзан дүние қызығырақ!!!
@user-zf9zx2gt6o
@user-zf9zx2gt6o 2 жыл бұрын
Ең өкініштісі ол солар үшін өмірін берді ғой. Мына біздер білімді болсын деп, өз ұлтын тарихын, тілін білетін жұрт болуымыз үшін бұның барлығын жазған. Келер ұрпаққа жетсін деп адамдар өз өміріне қатер төнсе де олардың шығармаларын сақтаған. Ал бұл ұрпақтың көбісі осы шығармаларды білмейді де ғой. Ал Ахмет аға да басқалары да өмірлерін қатерге тігіп, асыл уақытын бөліп біз үшін шығарған. Көбісі олардың шығармалары түгелі өздерін білмейтіні білгісі келмейтініде өкінішті ақ... Бір ризашылықтың болмағанынын белгісі
@orazakynulynurseit3056
@orazakynulynurseit3056 2 жыл бұрын
Иә. "Отыздан асып барамын"-ды 5,4 млн адам қарап үлгеріпті. Халыққа, ән-күй, одан қалса даңғазалық, жаңа жыл қызығырақ.
@nurbolsaliev3108
@nurbolsaliev3108 2 жыл бұрын
Иеееее қайран бабаларым ай. 100 жылдан кейін осындай болатынын білсе олар не істер еді.... Тараз Шаһардан деген ән (ән деуге де келмейді ) соның жинаған просмоторын жинай алмайтыны өкінішті. Қашан ел боламыз ..... ей қалың қазағым ай.....
@user-xm6nh2bv6e
@user-xm6nh2bv6e 2 жыл бұрын
Болщевиктердің ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙМАҒЫМЕН БАСЫНАН айырған. жылдарғой бұл.. Ашаршылықта. қаншама қазақ. қырылып қалдыЕнді тәуелсіз Қазағым мұндай сұмдықты көрмесе екен
@user-vu8zr2sb8m
@user-vu8zr2sb8m 2 жыл бұрын
біздің қазаққа ережесіз жекбежек бокс той жалтырап кійнген әншілерді көп қараса болды тәрйқ деген басына кірп шығама тәрйқ тыңдайтын ұлтұн сұйетін жандардың тамырнна байағда балта шауып қйптастағаны осы кйноданақ көруге болмады енді олардің ізін жалғайтындар жұзден біреуі болуы мұмкұн
@user-br5me1kd3e
@user-br5me1kd3e 2 жыл бұрын
Фильмді түсіргендерге рахмет,не деген дана кісі болған Ахмет Байтұрсынұлы,қандай бақытты ұрпақпыз осы кісілердің арқасы екен ғой барлығы
@ahmetov_sunkar
@ahmetov_sunkar Жыл бұрын
" Әрбір Қазақ баласы оқу керек " осы бір ауыз сөз үшін өмір бойы қарыздармыз 🤲 🇰🇿
@user-hz9lz9uv2j
@user-hz9lz9uv2j 7 ай бұрын
Рас
@user-xw2iq9if5u
@user-xw2iq9if5u Жыл бұрын
Қазақ тілін менсінбейтін мәңгүрттер осы фильмді көрсе , игі болар еді.Қайран елім,жерім деп өткен асыл ерлер! Жандарың жанатта болсын!
@user-fg1po3fw6n
@user-fg1po3fw6n 5 ай бұрын
Олар муны тусинбейтинде болу керек шамасы
@riuayat1838
@riuayat1838 2 жыл бұрын
Басты рөлде ойнаған Байғали Есеналиев ағамыз қалай сәтті, әдемі таңдалған мына сериалға, керемет рахмет
@user-iv6vr4vs9l
@user-iv6vr4vs9l 2 жыл бұрын
Жандары жаннатта болсын. Осы телехикаяны түсіру арқылы олардың рухын тірілттіңіздер. Алла риза болсын. Оқыған бір бөлек, көзбен көрген мүлде бөлек. Тағы да осындай құтты қадамдар бола берсін.
@user-pq5gs4bd3j
@user-pq5gs4bd3j 2 жыл бұрын
Бұл хикаяны. көрген сайын жылаймын. Қандай Ұлы тұлғаларымызды халық жауы деп өлтірген. Олар халық жауы емес.... Ахмет Байтұрсынұлы Қазақтың шамшырағы, көсемі. Жандарыңыз Жаннатта болсын, барлық қазақтың қорғаны!
@user-bk5tx3wc1m
@user-bk5tx3wc1m 7 ай бұрын
Әмиин😢
@user-bl5uz7hk7b
@user-bl5uz7hk7b 2 жыл бұрын
Қазіргінің жастарына қарап ішім ашыйды😭осындай қан мен термен келген бостандығымызды, ана тілімізді қадірлемейді. Осындай дүниелерді көп көріп, насихаттап жүрейікші ағайын🙏
@bota_kazakh8460
@bota_kazakh8460 2 жыл бұрын
"Күрделі уақыт тудырған күрескер перзенттер!.. Тұрақтарың пейіш болғай!.. Қара жердің бетінде қазақ барда, Сендер барсыңдар!" Жүрекке жеткен, жүректі езген туынды болды.. Алла баршасының жандарын жәннаттық еткей! Түсіруге атсалысқан ұрпақарына Алла екі дүниеде де разы болсын! Ахмет, Міржақып аталарымыздай қазақ көп болса екен!
@angel_rblx309
@angel_rblx309 Жыл бұрын
++
@esbolat.j6925
@esbolat.j6925 2 жыл бұрын
Алаш арыстарын екі көзімнен ыстық жасым еріксізден парлап отырып түгелімен аса ыждағатпен көріп шықтым! Ол кісілердің Қазақ халқына жасаған еңбектеріне өскелең құрмет білдіремін ! Шексіз құдірет иесі ол кісілердің жатқан жерлерін бейіштің төрінен бұйырғай,аумин!
@user-dw5tf5ew9p
@user-dw5tf5ew9p Жыл бұрын
Әумин!
@Hani_posh
@Hani_posh Жыл бұрын
Қазағым дейтін қазағым барда, осындай сериалдар шығуына үлес қосып жатқан азаматтар барда , қазақ өлмейді ❤
@QazaqOrdakz
@QazaqOrdakz 2 жыл бұрын
көзге Жас алмау мүмкін емес. Әсіресе Сангытов пен А.Байтұрсынұлының соңғы тергеуінде. 6 сериямен бітіп қалғаны өте өкінішті. Негізі осындай Кинолардан ақшаны аямау керек.
@tolganbaevaasylzat3716
@tolganbaevaasylzat3716 2 жыл бұрын
Қазақ деген атыма сай боламын. Елім үшін қызмет етемін. Даналығыңмен , қайтпас қайсарлықтарыңызға таң қаламын бабаларым.Сіздер аманат еткен ұлт мүддесі үшін әрқашан қызмет етемін. Уәде беремін . Адам деген атыма , қазақ деген ұлтыма адал перзент боламын.
@user-kg2vy6su4y
@user-kg2vy6su4y 2 жыл бұрын
👍👍👍
@user-mk4un9ew9q
@user-mk4un9ew9q 2 жыл бұрын
Не деген керемет тусірілген! Коз жасын еріксіз кете береді. Актёрлардын шеберліктері оз алдына болек ангіме!
@user-lx4tx5co8s
@user-lx4tx5co8s Жыл бұрын
💯👌😭
@ulzhankarimbek6349
@ulzhankarimbek6349 Жыл бұрын
Осыншалық әсерлі кино көрмеппін ешқашан.. Аллаһым Ахан атамызды Қазағымызға бекерден бекер бермеген.. Елін сүйген нағыз ер азамат Ахан атамыздай ақ болар. Бұл жәй фильмдегі оқиға, ал шын өмірде қаншалық қиындық көрді екен .. қайран Ахан атам ай.. бір демде табжылмай көзіме жас толвп отырып көрдім. Өте дана кісі болған ғой . Жаныңыз жәннаттан болсын, Аха💔 Аллаһымның өзі панасына алсын..
@user-vi1hi2wg9x
@user-vi1hi2wg9x 7 ай бұрын
❤аи айттың ау Менде жасым елуден асқасса да көзіме жас ала отырып көрдім
@bekzatsagat5609
@bekzatsagat5609 2 жыл бұрын
Анық Шаһид болған осы ағалар, елі үшін, жері үшін Алла жолында жанын пида еткен нағыз батырлар! Жандары жәннатта болсын 🤲
@user-bc6sk6lg9k
@user-bc6sk6lg9k 2 жыл бұрын
Осы киноны орысша сөйлеп қазақ тілін менсінбейтіндер көріп ойланса екен, балаларын орысша сөйлеткеніне мәз болған қазіргі ата-әже, ата-аналар! Қазақ тілін сақтап қалу үшін қанша зиялы, ер жүрек батыр, ақын, жазушыларымыз жанын берген! 👆Осындай тарихи киноларымыз, құнды дүниелеріміз көп болаберсін! 👍Рахмет
@aika8812
@aika8812 2 жыл бұрын
солардын кормейтини окиништи,парламентке апарып осыны койып берип букил министрди камап койса
@kualalumpur9161
@kualalumpur9161 2 жыл бұрын
Телехикая түсірілім барысында жұмыс жасаған баршаларыңызға мың алғыс! Алла разы болсын...
@user-hu8dh2wm4i
@user-hu8dh2wm4i 4 ай бұрын
Өте РУХТЫ телехикая болды, Үлкен рахмет! Өз тілімізді ұмытпайық, Бабаларымыздың жаны жаннатта болсын!Не деген мықты, рухты, намысты болған біздің бабаларымыз!
@sabrkerimkulov298
@sabrkerimkulov298 2 жыл бұрын
Не деген керемет сериал. Соңғы серияны жыламай көру мүмкін емес шығар. Ахаңның денесінде рухында (духын) сындыра алмапты. Эмоцияға берілмей өзін өте сабырлы ұстау өте қиынғой негізінде. Қазақтың бір туар ұлы. Қайран Ахмет ағамай.
@Zhazok797
@Zhazok797 2 жыл бұрын
Керемет телехикая. Қазақ тілінің дербес тіл болуына негіз болған - Ахмет Байтұрсынұлына рақмет... Тіпті тергеуші Саңғытовтың тергеуді орта жолдан аяқтағаны - сөзбен жеткізе алмайтын көрініс. Осындай тарихымызды телехикая ретінде есімізде мәңгі сақтатуға үлес қосқаны үшін алғыс!
@user-db1tg9ez1p
@user-db1tg9ez1p 2 жыл бұрын
Алаштың арыстары жатқан жерлерің жұмақ болсын. Осы фильмді түсірген студияға алғысым шексіз. АЛЛА разы болсын сіздерге. Ұрпағымызға мұра дүние.
@user-zz9kv9uc9o
@user-zz9kv9uc9o Жыл бұрын
Мыржақып Дулатұлының образы өте анық, сенімді шыққан! Актер, тамаша! Ең керемет рөлі👏👏👏👏
@sulukhan_abdulla
@sulukhan_abdulla 4 ай бұрын
Бойындағы бар күш қуатын,барлық мүмкіндігін езгіге түскен ел үшін сарқыла жұмсаған саңлақ ерлер! Қара жердің бетінде қазақ барда,сендер барсыңдар… Тұрақтарың пейіш болғай!🤲🏻💔
@makomak354
@makomak354 2 жыл бұрын
6 бөлім емес оданда коп болганда тіптен күшті болар еді, Бірак керемет болды, үлкен әсер алдым, актерларга ұжымға мың алғыс
@user-ju6xd2zv3f
@user-ju6xd2zv3f 2 жыл бұрын
Түсірілім ұжымына мың алғыс! Ахмет атамыздың жатқан жері Жұмақ болсын!
@mersedesbens3272
@mersedesbens3272 4 ай бұрын
Бундай Перзенттер кайталанбас ешкашан!Алдарыннан Аллам жарылкасын!Аяулы арыстар.Казактын мактаныштары
@ulzhalgastuimebay6364
@ulzhalgastuimebay6364 2 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы-ұлы тұлға!👏👏👏👏👏👏👏
@user-sk5gh6jg6u
@user-sk5gh6jg6u 2 жыл бұрын
Жылатты! Қазақ киносы бір белесті бағындырғанына қуандым. Денем бір ысып, бір суынды. Толқыдым, тебірендім, шаттандым....... Әр Қазақ сөзсіз көруге татитын бір егей еңбек!
@zanylsyn-rakymkan
@zanylsyn-rakymkan 2 жыл бұрын
Жандарың жәннатта болсын қайран аталарым-ай, Алла сіздерді шапағатына алсын! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻😭😭😭 Жылап отырып барлық бөлімін көріп шықтым. Өте керемет түсірілген жұмыс екен! 😭😭😭
@user-nu4hl7gr6m
@user-nu4hl7gr6m Жыл бұрын
Ұлы тұлға, Ұлы адам!!! Қазағымның маңдайына туылған ерекше жан!!! Керемет түсірілім! Рахмет көп көп!
@user-cc1pu6mc9j
@user-cc1pu6mc9j Жыл бұрын
Тәңір жарылқасын сіздерді! Ұлт зиялыларының әруағы разы болсын!
@user-lj8tx6hg3q
@user-lj8tx6hg3q 2 жыл бұрын
Киноның соңында өкіріп жылағям келді тек өзімді ұстадым егіліп жыладым Осы тұлғаларды қайтадан тірілтіп жіберетін күш болсағой дедім ... Отбасымызбен 6 серияны қарап шықтық Ұжымға мың алғыс АЛЛА разы болғай !!! 30 жылда осындай киноны көргеніме қуанамын ! ҚАЗАҚТЫҢ АРДАҚТЫЛАРЫ МӘҢГІ ТІРІ 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@parisru5230
@parisru5230 Жыл бұрын
Мен жылдың басында щыққан бойда қараған едім. Әр сериясын жылап отырып көрдім) Жайбарақат көру мүмкін емес( Осы Ахмет атамыз болмағанда қазір қандай күйде болар едік деген сұрақ тұрды санамда. Ұйықтамай түнімен, өз өмірін, бостандығын тәрк етті ғой болашақ үшін. Болашақ мүлде бұлыңғыр еді. Ешқандай гарантия болмады ғой еңбегі еленетіне, бірақ болашақ біздер үшін аянбады. Не деген рух ол кісідегі. Қазағым, бабаларымыз мықты болған. Еңсемізді биік ұстап, мақтана білейік қазақ болғанымыз үшін! Сериалды көріп бітірген соң, жан-жағымдағы адамдарға кеңес бердім көруге. Бүкіл қазағым көріп, рухтанса екен. Білімге ұмтылса екен!
@user-ry6pc3lk7i
@user-ry6pc3lk7i 2 жыл бұрын
Бір нәрсені білем. Қазақ қазақты көре алмайд.Артына түсіп бір- бірін сатқан.Осы жаман әдеттен, әлі айырылмай жүрміз.
@user-mu5zu4ew4c
@user-mu5zu4ew4c 10 ай бұрын
Осы Қазағымды аямаған ұлтты Құдай өзі кешірсін жек көремін. Қайран қазағым көрмеген азабы жоқ.
@nuraiseitbek6840
@nuraiseitbek6840 2 жыл бұрын
Қара жерде қазақ барда сіздердің аттарыңыз ешқашан өшпейді 🙏🏻
@BoxinginKAZAKHSTAN
@BoxinginKAZAKHSTAN 2 жыл бұрын
Өте керемет кино ! Осы киноның жарыққа шығуына ат салысқан барша мамандарға МЫҢ АЛҒЫС! Осындай тарихи киноларымыз көп болсын!
@user-xy9hs4yj7l
@user-xy9hs4yj7l Жыл бұрын
Арыстарым, қайран заман, көзімнен еріксіз жас тама береді, осы киноны көріңізші деген ұлыма рахмет, өте ақылды,саналы,зиялы азаматтарымыздың болғаны, мен үшін үлкен мақтаныш, биік абырой, біз осы ағаларымызбен мақтана аламыз, мен де өзімнің айналамдағылардың бәріне осы киноны көруге ұсыныс жасадым, елің үшін қызмет еткің келсе, өткеніңе көз жүгірту керек! Мың сан рахмет, мың сан тағзым, арыс ағаларым! Сіздердің салып берген сара жолдарыңыз- тәуелсіз Қазақстан!
@user-fy7lt1zb9v
@user-fy7lt1zb9v 7 ай бұрын
Ахмет Байтұрсынұлы қандай керемет айтты, ия.. "Адам бүгін бар ертең топырақ" , артыңда қалатын тек өсиетті жақсы ұрпаққа қалатын пайдалы ісің. Бүгінгі күні дәл осы заманда керек керек қайраткер рухты "АЛАШ" деп өткен зиялы бір туар тұлағалардың кемдігі... Біздің: осы өткен бабаларымыздың қазіргі ұрпаққа, патриоттық отан сүйгігіштігі бүгінде ауадай қажет...
@user-bv9ez4yo6y
@user-bv9ez4yo6y Жыл бұрын
Сабырлы қалпымен, болмыс-бітімімен, ешкімге бас имеген құдіретіңнен, намысыңнан айналдым, Алаш ерлері. Мәңгі жүрегіміздесіздер. Жандарыңыз жаннат төрінде болсын. Түсірілім тобы мен актерлерге мың алғыс!!!
@zerek_balaqai
@zerek_balaqai 2 жыл бұрын
Қандай керемет! Жыламай көру мүмкін емес! 😪 Рақмет, рақмет бәріңе!
@user-zf9zx2gt6o
@user-zf9zx2gt6o 2 жыл бұрын
Бір сөзбен керемет. Мектептерде көрсету керек балалар бұл тұлғалардан үлгі алсын деп. Жанындағы халыққа адал қызмет еткен асыл ерлер. Қазір ондай адамдар барма? Алысқа бармай әркім өзімізге қарасақ біз халыққа демейік, осылай ақ көңілдікпен жақындарымызға, туыстарымызға, көршілерімізге көмек қолын ұсынамыз ба, игі істер істеймізбе? Егер әр қайсымыз осылай істесек ортам өзгерермеді... Оларға деген нағыз құрметімізді тек сөзбен ғана емес олардың жақсы қасиеттеріне еліктеу арқылы көрсетеміз.
@user-lj8tx6hg3q
@user-lj8tx6hg3q 2 жыл бұрын
Өте дұрыс айтасыз мен қосыламын
@user-uz2fv9fk5s
@user-uz2fv9fk5s 2 жыл бұрын
Әр отбасы балаларымен көретін телехикая. Мектепке итере бермеңдер
@aikhanymkhuatbekkyzy4568
@aikhanymkhuatbekkyzy4568 2 жыл бұрын
Алла разы болсын, осы сериалды жасап шыққан барша адамдарға! Халқымыздың асыл азаматтарын танып-біліп, ізін жалғастырау барлығымызға парыз.
@Jazira17
@Jazira17 2 жыл бұрын
Жандарың жәннатта болғай Асыл аталарым! Қазақ барда мәңгі барсыздар! Тебіренбей көру мүмкін емес!
@user-mp7lk3uu4i
@user-mp7lk3uu4i Жыл бұрын
Қайран Алаштың ардақтылары-ай... Жандары жәннатта болсын!!!
@user-yc9vx3sz7d
@user-yc9vx3sz7d 2 жыл бұрын
Алаштықтар,,қазақтың маңдайына сыймаған Асыл ерлер-ай. Жүрегінде сәл болсада қазақи сәулесі бар адамдарды тебірентпей қоймайтын тарих! Құдай-ау, бұл қазақтың басынан не өтпеген? Соған қарамастан әлі сол жалтақтаумен келеміз -ау.
@user-id7cj5op2v
@user-id7cj5op2v 2 жыл бұрын
Осындай тарихи кино түсipген ұйымға мың алғыс,керемет шыққан.
@user-qx5ux6uv2y
@user-qx5ux6uv2y 2 жыл бұрын
Бедер,белгісі жоқ бейіттеріңе себілген бір-бір уыс топырағымыз болсын дедік.. Телехикаяның түйіні👍
@k.s.k0224
@k.s.k0224 7 ай бұрын
Жандары жәнәтта болсын Әумин! 🤲
@user-qr1gc4hk4p
@user-qr1gc4hk4p 2 жыл бұрын
Рахмет үлкен. Жүректе үлкен із қалдырды! Өте керемет, сөзім жоқ!
@aidyndusenba4439
@aidyndusenba4439 2 жыл бұрын
Елі үшін жері үшін жанын қиған асыл ер азаматтарымыздың жаны жәннатта болсын 🤲 Аллаһтың рахымына бөленсін ИншаАллах 🥺😓
@farizakasimbekova712
@farizakasimbekova712 2 жыл бұрын
Не деген шыдамды, сабырлы кісі...... 😔жаны Жаннатта болсын
@E_S007
@E_S007 11 күн бұрын
Мақшарда осы аталарымыздың алдына не деп барамыз.ОЯН ҚАЗАҚ
@DakeZhaksybai
@DakeZhaksybai 2 жыл бұрын
Қазақ халқыма, еліме, жеріме берілген Ұлы ұстаз, жандары ЖӘННАТТАН етсін АЛЛАҺ тағалам! Өз елімізге де енгізу керек әліпбиді, өзге жерде жүріп қолданыста қолданып жүр, өз елімізде тұрып өзіміз қолданбаймыз, қазақша сөйлегенге ерінеді
@user-eu3dc8kx2y
@user-eu3dc8kx2y 2 жыл бұрын
Керемет туынды! Тәуелсіздіктің 30 жылдығына нағыз тарту осы. Жандары жәннатта болсын Арыстарымыздың, түсіруші ұжымға Алла разы болсын. Алда тағы осындай керемет туындылар күтеміз.
@user-er8jp1eh9p
@user-er8jp1eh9p 2 жыл бұрын
Тарихын білмитін қазақтарға нағыз көретін туынды екен,керемет!Осыдан соң көздері ашылып,көкіректері оянар.
@Aisha-gl1sl
@Aisha-gl1sl Жыл бұрын
Жатқан жерлеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын, жандарың пейіштің төрінде шалқысын! Сіздердің алдыңызда бас ием, қазақтың есіл ерлері! Арманда кеткен арыстарымыз-ай…💔 Осындай сүттің бетіне шыққан қаймақтай зиялыларымызды сатқан құзғындар көрінде өкірсін!!!
@KamilaBakytkali
@KamilaBakytkali Жыл бұрын
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздары-ай! Өзегім өртеніп барады! Осындай ұлы адамдарымыздың жанын алып, ағартушылық істеріне кедергі келтірмегенде еліміз қандай болатын еді ?! Жандарың жәннатта болсын! Қиындықпен, ауыртпашылықпен келген қазақ тілімізді кейде қадірлемей, елімізге қорлық көрсетіп, адам басына келмейтін құйтырқы іс-әрекеттерді істеген орыстардың тілінде сайрап кететініміз - ай! Аталарымызға мың алғыс!!! Дінімізді, тілімізді,тарихымызды сақтап қалу үшін жаның беріп, сан қиындықтарды бастан кешірген! Осы фильмді түсіргендерге басымды иіп алғыс айтамын! АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН сіздерге!!!! Түйгенім өте көп! Тәуелсіздігімізді, тілімізді, елімізді, жерімізді бағалайық!
@user-bl5uz7hk7b
@user-bl5uz7hk7b 2 жыл бұрын
Жүрегім сыздап, жылап отырып көрдім. Ей шіркін айнплайын ұлт жанашырлары 😭😭😭 ел үшін деген жүректерінен 😢
@user-gd8su5je7t
@user-gd8su5je7t 2 жыл бұрын
Қандай керемет түсірілген кино.Нағыз патриоттық сезім оятатын фильм
@user-fw1li4cp1c
@user-fw1li4cp1c 5 ай бұрын
Ахаң мәңгі тірі. Киноны түсірген адамдарға мың алғыс. Қандай қиын тағдыр. Ұлтын сүйген ұлы жүрек иесі....
@Maestro786
@Maestro786 2 жыл бұрын
Әттеңай 😥😥😥😥😭😭😭😭😭😭 Кәдімгідей жылап отырмын. Жандарың жәннаттық болғай 🤲 Кәзіргі шенеуніктер болардың тырнағының ішіндегі кірге тұрмайтын арам тамақ болды ғой. Беттері табақтай табақтай болып, мұрнын шұқып, көтін қасып, ұйқтап отырып миллиондар алады. Онымен қоса миллиондап ұрлайды. Өңшең боқжегір айуандар. Әттеңай осы Алаштың ардақтыларынан перзенттер қалғанда халқының қорғаушысы болар ма еді. Әййй, Ахан аға! Тәуелсіздік алғанымыз жақсы ғой кәзір, бірақ өз қазағымыз өзімізді тонап жатырғой әттең 😭😭😭😭😭😭😭😭 Елге керек қаражаттың бәрі ұрланып, шет елдердің банкінде жатырғой
@user-ev7fz8oe6s
@user-ev7fz8oe6s Жыл бұрын
Әттен-ай.Ертерек шығару керек еді.Мекиепте оқушыларға көрсету керек.Қазак халкы үшін жанын қиған аталарымыздын еңбегін терең түсіндіру керек.Әліппенің атасв кім екенін терең түсіну үшін.
@user-sr1ir8ib6g
@user-sr1ir8ib6g Жыл бұрын
Аллахым разы болсын фирдоуси жәннәтін нәсіп етсін мақтан тұтатын осындай бабаларымыздың барына сансыз шукірлер болсын
@gulnarzhumash7438
@gulnarzhumash7438 2 жыл бұрын
Аллаһ жәннаттың төрінен орын берсін аяулы арыстарымызға, алаштың нағыз азаматтарына. Аллаһ еңбектерін еш етпесін. Осы сериалды түсірген азамматтарға да осы тілек. 30жылда көрген ең тамаша жоғары деңгейде түсірілген сериал деп білемін. Аллаһ істеріңіздің берекесін берсін. Осындай жасампаз түсірілім көп болсын! мектепте көрсетілуі, насихатталуы керек деп ойлаймын. қазір орысша шүлдірлегендер түсінер ме еді. сонда латынға тек қана қазақты көшірген бе? мәңгүрттендіру түрленіп әлі келе жатқан сияқты
@yerbolat_oljabekuly
@yerbolat_oljabekuly 2 жыл бұрын
Адамның рухын оятатын телехикая! Керемет еңбектеріңіз жана берсін! Біртуар ағаларымыздың еліне адал қызмет етіп, қалдырып кеткен мұрағаттарын одан әрі қызығушылығын пен танытуға зор үлесін қосатын туынды екен. Алла разы болсын баршаңызға!
@bellebelle2916
@bellebelle2916 Жыл бұрын
Көз жасым еріксіз төгілді. Жүрегім қақ айырылғандай болды. Аталарымыз-ау.. не еткен қайсар мінезді, иманды, дана тұлға едіңіздер.. Сіздерге сансыз алғыс! Қазіргі уайым-қайғысыз өмір кешіп жүргеніміз сіздердің арқаларыңыз! Қазағым деп сіздердің атқарған жұмыстарыңыздың, төгілген қандарыңыздың, кіршіктей таза көңілдеріңіздің, көз жастарыңыздың құрбаны болып кетейін. Жандарыңыз жәннаттың төрінен болсын. Ешқашан ұмытпаймыз, сіздер мәңгісіздер. Ұлы тұлғалар. Телесериял үшін мың алғыс! Керемет алып шықтыңыздар! Актерлерге тәнті болдым.
@user-vp3qv3vo3s
@user-vp3qv3vo3s 2 жыл бұрын
Керемет туынды. Алаш азаматтары, тіл, ел жанашырлары ешқашан өлмек емес! Жандарыңыз жәннатта, орындарыңыз пейіштің төрінде болсын! 🤲🏻
@user-qz2zr1rt6v
@user-qz2zr1rt6v 2 жыл бұрын
Басы бар, аяғы бар, салар ойы бар, берер рухы бар, керемет сериал шығыпты. Осы сериалға атсалысқан барлық қолы ізі бар қатысушыларға мың алғыс! Қолдарыңа Құдай қуат берсін.
@technodom5458
@technodom5458 Жыл бұрын
Елім, жерім деген Азаматтар. Сіздердің есімдеріңіз мәңгі өшпейді! Жандарыңыз жәннәтта болғай!
@user-hm3cz9wr1k
@user-hm3cz9wr1k 7 ай бұрын
РЕЖИСЁР --ұйымына мың алғыс !!!! Сіздердің Семияларыңызға Алғыс жолдаимыз!!!
@bagdauletmuhimov6769
@bagdauletmuhimov6769 2 жыл бұрын
Осы киноға атсалысып еңбегі сіңгендерге айтарын Аллаһ сіздерге және ұрпақтарыңызға разы болсын, шын жүрегіммен айтам.
@Yamanka06
@Yamanka06 2 жыл бұрын
Зиялы қауым өкілдері сол жолы қудалауға түсіп, соңынан құрбан болмағанда қазақ елі баяғыда-ақ озық елдер қатарынан табылар ма ед. Осындай халық қамын ойлар азаматтар әлі-ақ туар
@serikniyazov2312
@serikniyazov2312 2 жыл бұрын
Алла оларды рақымына алсын, олар біздің біртуар тұлғаларымыз
@user-zd3ko7gv7f
@user-zd3ko7gv7f Жыл бұрын
Алла разы болсын бұл кісілердің ғұмырна.
@lauraimanbek1237
@lauraimanbek1237 2 жыл бұрын
Жүрегім жылады шын💔🥺. Өте ауыр. Міндетті түрде қайтадан көремін. Түсірілім тобына, осындай дүниені бізге жеткізуге атсалысқан ұжымдағы әр адамға алғысым шексіз!💌
@user-nt3jc6hm8j
@user-nt3jc6hm8j 2 жыл бұрын
Коментарийге жауап, бул хикая емес, бул омир, трагедия, ащы, улы шындык, бул өте ауыр, ьаукымети шойындай уакытта биздин бугинимиз ушин куресип жанын пида еткен азаматтардың ауыр тағдыры, Ахаңның арасында ата аналарымыз сауатын ашып, билим алып, оны бизге берди, сондықтан жүрген жеринизде килы заманда казак журтынын тутастыгы ушин күрескен азамат туралы шырылдаған шындыкты көркемдеп жеткизген кино деп насихаттаныз, дурысы осы болар.
@freedomwriter647
@freedomwriter647 2 жыл бұрын
Алланың нұры жаусын осындай нағыз батыр, батыл, қазақтың нағыз тәуелсіздігін жан-тәні, өмірлерін қия қалаған ҰЛЫ ҰЛТ ҰСТАЗДАРЫМЫЗ жайынды керемет туындыны кейінгі ұрпақ білсін, көрсін деп сыйлаған адамдарға! КӨП РАХМЕТ!!!
@user-wr3mc3gy3t
@user-wr3mc3gy3t 4 ай бұрын
Алла тағала жандарын жанаттан,жатқан жерлерін жарық етсін ,ел үшін жер үшін шыбын жандарын құрбан еткен ұлы тұлғалар, тізерлеп басымды иемін .
@user-gw4gt3fu5j
@user-gw4gt3fu5j 7 ай бұрын
Ахмет Атамызға мын алғыс,жатқан жері жайлы болсын,🤲
@danellauk
@danellauk Жыл бұрын
Бұл сериалды бүкіл қазақ елі көру керек, тарихты білмей өмір сүріп жатқан адамдар қаншама.
@ttteee2394
@ttteee2394 2 жыл бұрын
Аруагыннан айналайн Асыл Ерлер Жандары Жаннаттык болсын.Але Казак Шынга шыгады Аллам Насип етсе Бабалардын жетеалмай кеткен жетистигине.
@user-oj6ek5cr3h
@user-oj6ek5cr3h 2 жыл бұрын
Қазақ үшін жанын берген бабаларымыз жандары жәннатта болсын. Әмин.
@user-sz7sj8vw6i
@user-sz7sj8vw6i 2 жыл бұрын
Ахмет Байтұрсынов нар тұлғалы аталарымыздың өмірлеріне байланысты туындының үлкен әсермен жан терең жүрегімен мұқият, тиянақты, ұқыпты ғажайып қазақтың жүрегінің түбіне терең түсіріп баяндайтын нағыз қазақ жаным да қазақ тәнімде қазақ деген диктор деп фильмдегі иісі қазаққа сайрап түсіндіріп жеткізе білген дикторды айтар едім өте әсерлі баяндайды жаса бәрекелді дән ризамын!
@user-wm8ws3vo7p
@user-wm8ws3vo7p 2 жыл бұрын
Керемет, қайталанбас туынды үшін түсірілім тобына, актёрлік құрамға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Тек осымен тоқтамай қазақ үшін шырылдаған, күрескен Алаш арыстарына жеке- жеке тарихи кино арнасаңыздар. Рахмет!
@kualalumpur9161
@kualalumpur9161 2 жыл бұрын
Халық қамы үшін жан қиған ата-бабаларымыздың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын. Алла рақмет етсін 🤲🤲🤲🤲
@user-hi3le2qr7w
@user-hi3le2qr7w Жыл бұрын
Е, Жаратқан ием осы Қасиетті Ұлы Ата Бабамыздың Аруағы үшін қазіргі шүлдірлеп жүрген қазақтардың санасын оятшы🤲
@user-vb8hh7qu6y
@user-vb8hh7qu6y 7 ай бұрын
Қайран саңлақтарым-ай... Алла мейіріміне бөлесін... Неткен қайсарлық, неткен ұлтжандылық, неткен мінез... Әрбір істеріңіз қазағым деп жасалды. Ұмытпаймыз....
@akaddil5482
@akaddil5482 2 жыл бұрын
Арыстарым-ай 😭😭😭 Жандарыңыз жәннәтта болсын. Шолақ белсенділердің Аллам жазасын берген болар (Жангельдин сияқтылардың...)
@user-hr4cc6sh8o
@user-hr4cc6sh8o 2 жыл бұрын
Алла сіздерге разы болсын! Қазақ тілінің қадірін түсініп, енді оны құрметтеуді,қазақ тілімнен еш ұялмауды бұл кино маған түсіндірді. Елім,жерім деп істеген еш іс босқа кетпейтінін түсіндім. 100 жыл өтсе де, өздерінің сүйегі баяғыда шіріп кетсе де, істеген істері мәңгілік жасамақ. Шыныменде, күш береді. Ахмет Байтұрсынұлының ұстамдылығы, көркем мінезділігін әдемі жеткізгенсіздер, Актерлердің шеберлігіне бөлек алғыс. Қазақ елі дами берсін, тарихымызды ұмытпайық.одан күш алайық,үлгі алайық.
@obasjd12
@obasjd12 7 ай бұрын
Қазағымның нар Тұлғалары жандарың жәнаттан болсын! Осыны түсірген Айсәуле мен Мұратқа құдайым қуат берсін! Осы қісілердің рухы мәнгі тірі болмақ! Осындай Арыстарымыздың ұрпағы болу улкен бақыт.
@user-ob7vb3vr3c
@user-ob7vb3vr3c 7 ай бұрын
Онбаған Совет Үкіметі, қарғыс атты советтерді. Мың алғыс сіздерге !!!!!
@ahmetbegdilla4096
@ahmetbegdilla4096 2 жыл бұрын
Өте керемет түсірілген. Әр сәтінде көзге жас келеді. Жайлары жаннатта болсын, арыстарымыздың. Осында туынды үшін рақмет, @Qazaqstan tv!
@muslimorazgulov5641
@muslimorazgulov5641 2 жыл бұрын
"Қазақфильм" бәрекелді! Сол кезеңді шынайы суреттеп, әр кейіпкердің күйзелісін керемет көрсете білді. Көрермендердің жанын дір еткізді. Тамаша!
@shynarnessipbayeva4017
@shynarnessipbayeva4017 2 жыл бұрын
Муны тусирген Казахфильм емес, Казакстан арнасынын тапсырмасымен тусирилген Мурат Есжаннын енбеги
@user-tt4rr1dh1y
@user-tt4rr1dh1y 2 жыл бұрын
Продюсерлер и телеарнанын тапсырысымен казакфильм болса басында Казакфильмдеп шыгады.
@MadinaMB
@MadinaMB Жыл бұрын
Жандарыңыз жаннаттың төрінен орын алсын,аталарым!🤲🏻🤲🏻🤲🏻🙏🏻
@user-dm4ke7ly3l
@user-dm4ke7ly3l 7 ай бұрын
Қайран бабаларым, қазақтың болашағы үшін не көрмеді. Аллах сіздерге ЖӘННӘТТІ нәсіп етсін. Әмин.
«Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы. 1-бөлім (Рус субтитр)
57:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 5 МЛН
Ахмет - ұлт ұстазы / KOREMIZ
47:25
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 29 М.
Как быстро замутить ЭлектроСамокат
00:59
ЖЕЛЕЗНЫЙ КОРОЛЬ
Рет қаралды 8 МЛН
格斗裁判暴力执法!#fighting #shorts
00:15
武林之巅
Рет қаралды 85 МЛН
[Vowel]물고기는 물에서 살아야 해🐟🤣Fish have to live in the water #funny
00:53
«Ахмет. Ұлт ұстазы». Телехикая. 5-бөлім (субтитрмен)
57:03
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 189 М.
«Құнанбай» көркем фильмі (реж: Досхан Жолжақсынов, 2015 ж.)
1:38:11
Қарлаг / Репрессия / Деректі фильм
42:14
Nukte / Нүкте
Рет қаралды 207 М.
ИРИНА КАЙРАТОВНА - ОТЫЗДАН АСЫП БАРАМЫН [ФИЛЬМ]
1:27:50
«Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін...». Телехикая. 1-бөлім
43:52
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 322 М.
ОРБҰЛАҚ ШАЙҚАСЫ. Телехикая. 1-бөлім
37:20
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 1,3 МЛН
Tom and Jerry 🍓🤣❤️🙈 #shortvideo #funny #tiktok #youtubeshorts
1:00
BETER BÖCÜK SHORTS
Рет қаралды 9 МЛН
LOLLIPOP CHALLENGE 🍭 [ANIME]
0:20
Alan Too
Рет қаралды 7 МЛН
Too Too Boy | Cooking For Baby Part-2 | #shorts  #youtubeshorts #animation #tootooboy
0:59
Videogyan Kids Shows - Toddler Learning Videos
Рет қаралды 15 МЛН