Шетелдегі қазақ балалары Испанияда. 1-бөлім | Jibek Joly TV

  Рет қаралды 210,288

Jibek Joly TV

Jibek Joly TV

Жыл бұрын

Балалар үйі - балалар өсетін жер емес. Балалар үйі - ата-ананың қарауынсыз қалған бүлдіршіндер бақытын табар жер емес. Әр бала өзінің отбасында өсуге тиіс.
Испандық азаматтар асырап алған Саламанка Гарсиа Луис - Ақылбек, Флориан Маркос - Диас, Мария Валентина Панедас Симан, қазақша есімі - Гүлім бүгінде испан отбасында өсіп жатыр.
«Шетелдегі қазақ балалары» Испанияда.
#ШетелдегіҚазақБалалары #Испания #jibekjolytv
Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және KZbin, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!
Біздің басты шоуларды көріңіз:
Жаңа түнгі студия: • «Жаңа түнгі студияда» ...
Ақорда LIVE: • Ақорда Live
Ләйлә Сұлтанқызымен сұбат: • Ләйлә Сұлтанқызымен «С...

Пікірлер: 910
@JibekJolyTV
@JibekJolyTV 11 ай бұрын
Ақылбек әлде Луис?
@aloevera8871
@aloevera8871 9 ай бұрын
Ақылбек
@qazaqstan_azamat
@qazaqstan_azamat 8 ай бұрын
Балкондағы гүл қандай? Роза? Раушан? Анасының есімі🤫🤔
@user-lk5me8bq3i
@user-lk5me8bq3i 7 ай бұрын
​@@qazaqstan_azamat ол АНАР бұтасы менімше...🤔
@user-nb8vb6wo3v
@user-nb8vb6wo3v 7 ай бұрын
Бір жағынан жақсы отбасына түсіп, білімді боп өсіп келе жатқандарына қуанасың, тек өз ана тілдерін, дінін, ділін ұмытып бара жатқанына күйінесің! Аман жүрсін қазағымның қара көздері! Қазақстандық қыз-жігіттермен отбасын құрып, қазақты жақынырақ танып, ұлттық құндылықтарымызды тереңірек сіңірсе екен деген тілегім бар, қара көз балаларыма!
@user-nb8vb6wo3v
@user-nb8vb6wo3v 7 ай бұрын
Ақтаулық Ақылбекті алып кеткім келіп кетті ақтауыма
@user-wh7ep6cl4j
@user-wh7ep6cl4j 7 ай бұрын
Журналист,оператор и др.людям причастным созданию этого проэкта большое спасибо за вашу работу, людям тяжело понять детский дом не лучшее для ребёнка. Иностранным приемными родителями восхищена,отдать всю свою любовь этим детям❤
@user-zl8bb2vp9u
@user-zl8bb2vp9u Жыл бұрын
Ауыз толтырып айтатын бағдарламаның бірі. Қазақ балалары қайда жүрсе де аман болсын, тілекшіміз🙏
@nazik.alem-kz
@nazik.alem-kz Жыл бұрын
🤲🏻
@user-fv5vg9bd5m
@user-fv5vg9bd5m 5 ай бұрын
Журналиске көп рахмет!Жандарым кайда болсаңдарда аман болыңыздар!
@user-bw5hx5ub6r
@user-bw5hx5ub6r 4 ай бұрын
Мен қазақпен деген бейкүнә балалардың дауысы жүрегімді қозғап, жанарыма жас толтырды.😢 Аман жүріңдер қазақтың ұрпақтары.
@user-zv3lf4gt3j
@user-zv3lf4gt3j Жыл бұрын
Қазақты жомарт деген сөзге сенбей қалдым,Нағыз жомарт жандар шетелдіктер екен ғой.
@user-ut7gq8qv1m
@user-ut7gq8qv1m Жыл бұрын
😢😢😢быткенше көзімнен жас тоқтамады ,əлі жас ағып жатыр өз өзінең.Балам көріп менің көз жасымды шошып кетті.Əр қазағым жалғызым.Аман болсын Гүліміз ,ақылды Ақылбек ұлымыз жəне бетінен нұры төгілген Нұрбол ұлымыз.Біз сендерді жақсы көреміз.
@user-eg8ff6gn4i
@user-eg8ff6gn4i Жыл бұрын
Не деген мейрімді едіңіз! Мен де сіз сияқтымын. Қазақ елімді қатты жақсы көремін! Жасасын Қазақ елі!!! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🙏🏻🙏🏻🙏🏻🤍🤍🤍❤❤❤❣️❣️❣️💐💐💐🎂🎂🎂🤝🏻🤝🏻🤝🏻🤝🏻🤝🏻
@user-vz8em8zl6v
@user-vz8em8zl6v Жыл бұрын
Менде сіз сияқты жылап қалдым.Қазақ балалары бақытты болсын.Әлемді мейірімділік құтқарады. Әр бір бала өз ата-анасының құшағында,бақытқа кенеліп өссе екен.
@user-qw8hl3bp1p
@user-qw8hl3bp1p Жыл бұрын
Өзбекстан мен қырғызыстаннан да бар ма балалар шет елге сатылған
@user-yj8lh8iz7w
@user-yj8lh8iz7w Жыл бұрын
Аман болсын каракоздерымыз Оте окынышты журекты тербеды
@user-sl2lz5lf9s
@user-sl2lz5lf9s Жыл бұрын
Көңілім бос , егіліп жылаумен болдым.Әттен ай,каракөз казагым ай, шетелдік болып кетті
@moldirakhmetzhan2351
@moldirakhmetzhan2351 Жыл бұрын
Акылбекти асыраган айелге мын рахмееет🥺😭
@adikaloveorchids2671
@adikaloveorchids2671 9 ай бұрын
Қандай дін болмасын,аман болсын. Қазақ әке-шешесі тастап кетсе,басқа ұлт мейірімділері бауырына басып,мәпелеп өсіргендері үшін мың да бір рахмет! 😢
@user-sx1pn7uy9g
@user-sx1pn7uy9g 9 ай бұрын
Асырап алған ата- аналарына қатты риза болдым. Керемет жандар! Өте жақсы тәрбие беріп жатыр. Өз елінде жетімдік көргеннен гөрі отбасында мейірім көріп, бақытты болып өскені дұрыс қой
@asekapups
@asekapups Жыл бұрын
Плакала все время пока смотрела. Спасибо родителям этих детей, которые их воспитывают. Пусть у детей все будет хорошо
@orinshaeskozhina2973
@orinshaeskozhina2973 6 ай бұрын
Неше күн бойы шетелдегі қазақ балаларын көріп,түрлі ойға шомдым. Алғашқы көргенде қатты жыладым😢балаларды аядым,елінен ,жерінен жырақта жүр ау деп. Келесіде асырап алған ата аналарына разы болдым. Одан соң қалай жақсы тәрбие беріп,тұрсысы жақсы деңгейде өмір сүріп жатырса да,балалардың көздерінен сғыныш,мұң көріп,ішім удай ашыды.Тілін,дінін,салт дәстүрін білмей,өздерін бір адасқан балапандай сезінетіндей көрінді. Ал бүгін басқаша ой келді. Бәріміз бір Алланың құлымыз.Не нәрсе де алланың бұйрығынсыз болмайды.Қазақтың балаларын шет асырып,Сұлтан Бейбарыс бабаларындай елім деп,Қазағым деп,Қазақ халқына қызмет ететін,Қазақстанның дамуына,өсіп,өркендеуіне зор үлес қосатын үлгілі,сауатты ,өнегелі Азаматтарды тәрбиелеп жатырған,Алланың бұйрығы шығар.Не де болса Қаракөз бауырларымыз аман жүрсінші.
@nonamenoname8212
@nonamenoname8212 10 ай бұрын
Құшағымызға сыймай кеткен құлындарымыз! Аллаға аманат! Жүрегіміз жылап тұр!
@user-nz9sl6qv1w
@user-nz9sl6qv1w Жыл бұрын
Мүмкін осы балалардың, осы керемет ата аналарға жолыққаны дұрыс болған шығар. Балалар Бақытты болсын
@user-co4be4bk4d
@user-co4be4bk4d Жыл бұрын
Гүлімнің жақсы көретіндері- жылқы, бүркіт, көк бөрі екен. Қан жібермейді-ау.
@aiai2884
@aiai2884 Жыл бұрын
Я тоже так подумала😢😢😢
@user-kr2ww6ty1t
@user-kr2ww6ty1t Жыл бұрын
Менде соны ойладым
@user-dp2gj2dg9o
@user-dp2gj2dg9o Жыл бұрын
Менде солай ойлап едім , қанда бар нәрсе,жібермеиді екен ғой
@user-mj9rb1bz3y
@user-mj9rb1bz3y 11 ай бұрын
АЙТПАҢЫЗ ҚАЛАЙ ҚАН ЖІБЕРМЕЙДІ...
@user-xp1ez1tg8c
@user-xp1ez1tg8c 10 ай бұрын
Казир әлемдегі барлық жерде Казагымнын нағыз қазақ канын сактап калган урпактары өте жоғары деңгейде,канымыз өте мыкты болған, бүкіл әлемдік деңгейдегі басшылардың бірі болған Казагым бабаларымыз рухын көтереді умытпау керек.
@nazigulbeisenbek1919
@nazigulbeisenbek1919 Жыл бұрын
Тапқан ыстықпа, баққан ыстықпа деген , баққан аналары жанын беріп түр 😢😭😭Аман болыңдар
@danajanayeva1354
@danajanayeva1354 Жыл бұрын
Ақылбек красавчик сүп сүйкімді ақылды жігіт, жерлесім Ақтаудың баласы екен, адай шығар руы шыныменде. Анасының есімі Анар деп түсіндім. Не себеп болғанын ешкімде білмейді. Ендігі жерде балалар бақытты болсын! Есейе келе өз елін жерін, анасын іздейтін болар, бірак бала туғандыкы емес баққанныңкі. Мына испандықтыр күшті тәрбие беріп жатыр екен, балалар сабырлы, өз ойларын еркін жеткізіп, ұнайтын хоббимен айналысып... бағып жатқан ата-аналарына рахмет! Бағдалама керемет, Жанар сізге мың алғыс!
@user-ny5on1pb7j
@user-ny5on1pb7j Жыл бұрын
Жаным ай жаным Ақылбек. Қайда жүрсеңде аман бол. Қазақстан жүрегімде дегенде жылап жібердім. Күні бойы өзімді жыламай ұстап отыр едім. Еріксіз жыладым.
@user-jn3tu2sr7p
@user-jn3tu2sr7p 4 ай бұрын
Осы бағдарламаға мың алғыс Шет елдегі қазақ балаларын көріп өте қатты ішім ашыды Бала деген баға жетпес байлығымыз,әп-әдемі ұлдарымыз қыздарымыз шет ел азаматына айналғанына қатты ішім ашиды өкінішті неге біздің елімізде балаларымыз бақытты болмасқа
@user-pr1pq9ds1m
@user-pr1pq9ds1m Жыл бұрын
Тамаша бағдарлама. Біздің қазақ балаларын сондай керемет тәрбиелеп, бар махаббатын шашып өсіріп жатқан испандық ата-аналарға мың да бір алғыс. Бір жағынан қазақ балаларымыз бүкіл жер жүзіне шашырап кеткеніне жүрегім ауырды, ал бір жағынан тұрған тұрмыстарына қарап, ата-анасының балаға деген мейірімділігін, махаббатын, сүйспеншілігін көріп көңілім орнына түсті. Рахмет сіздерге.
@user-os4tl6lf9s
@user-os4tl6lf9s Жыл бұрын
Жаман улт болмайд жаман Адам болады деген рас екен. Кандай жаксы адамдар. 🥺
@gulnarramazanova24
@gulnarramazanova24 Жыл бұрын
Очень хорошая передача! Затрагивает самые глубокие человеческие чувства. Душа разрывается и радуется вместе с вами! Наши казахстанские дети , к счастью, попали в хорошие семьи! Глубокий поклон и благодарность испанским семьям за счастливое детство детей ! Уверена, что дети вырастут порядочными и успешными людьми! Успехов им в жизни! Большой Рахмет авторам передачи! Такие видео делают мир добрее!
@user-wl6lr8mi7e
@user-wl6lr8mi7e 8 ай бұрын
Сурактарга.сондаи.билимди.жауап.береди.екен.дегенмен.дамыган.мемлекет.кои.
@user-ii2ie7fp4n
@user-ii2ie7fp4n Жыл бұрын
Испандық ата-аналар керемет ақылды адамдар екен, Аллаһ Тағала испан халкын тура жолға салсын.Әәмиин.
@user-vn7mk4fu5x
@user-vn7mk4fu5x 7 ай бұрын
Бұдан артық қандай тура жол керек? Кез келген қазақ немесе мұсылман жасай алмайтын қамқорлық, жүрегіне толған махаббаттан артық адамнан не сұрайсыз? Осы махаббат жоқ болғандықтан озбыр өгей әке, қытымыр жеңге, бедірейген енелер толып жүр қазақта.
@gudirchi.homediy
@gudirchi.homediy 4 ай бұрын
❤❤❤❤❤​@@user-vn7mk4fu5x
@kalkashabubakirova132
@kalkashabubakirova132 Жыл бұрын
Где бы ни были казахи -пусть они будут счастливы. Спасибо, что спасли этих детей от безнадеги, дали им счастливую жизнь.
@user-xi4cg6hu1d
@user-xi4cg6hu1d 4 ай бұрын
Какая там, счастливая жизнь?!? Тянутся к своим, но побаиваются отчима и мачех! В глазах много тоски, заторможенные. Дома, в Қазақстане были бы лишены некоторых удобств, но в глазах жизнь была бы, да с голоду не потерпели бы! Да, ещё перекрещенные все. Жалко на них смотреть!🤔☝️🐆🇰🇿
@user-pn1un8jw3d
@user-pn1un8jw3d Жыл бұрын
Жанар бұрынғы шет елдегі қазақ балаларын түгел көріп шыққан едім.Бітпей қалған дүниенің жалғасын тапқанына қатты қуандым.Сенің еңбегіңе ризамын. Алыста сағынып жүрген бір туғанымызды көргендей әсерде болдым.Балалар қайда жүрсе де ,аман болсын.
@adikaloveorchids2671
@adikaloveorchids2671 9 ай бұрын
I would like to thank all of those parents who adopted our qazaq children and gave them all their love,support and sacrifice for their well-being 😢 Thank you ❤
@user-ne3gu9eu2b
@user-ne3gu9eu2b Жыл бұрын
Көз жассыз көру мүмкін емес, балаларымыз бақытты болсын Алла жар болсын, баққан ата-аналарына мың алғыс👏👏👏👍😍
@user-xt1yt7lm2p
@user-xt1yt7lm2p Жыл бұрын
Қайда жүрсе де, балалар бақытты болсын! ❤Асырап алған ата-аналарына мың алғыс!
@user-rp2iq7in6p
@user-rp2iq7in6p Жыл бұрын
Ақылбектің мөлдіреген көзінен,кара көздерім ай ..жүрек елжіреп кетті🥲
@gulnaradzhumagalieva6932
@gulnaradzhumagalieva6932 Жыл бұрын
Жүрегім елжіреп, көз жасыма ерік бердім. Соңына дейін жасым тоқтамады. Еңбектеріңе шексіз рахмет! Балаларымыз аман жүрсін! Бай болсыншы!❤️❤️❤️
@moonlighta8800
@moonlighta8800 Жыл бұрын
Почти все дети с этой программы любят лошадей,,,генетику и память веков никто не отменял .Всё детки талантливые и имеют каз.исконные качества характера как уважение, сдержанность у мальчиков ,благодарность .Всем счастья и благополучия.
@user-wo1rc8um1b
@user-wo1rc8um1b 5 ай бұрын
И музыкальные, ау демейтын казак жок
@moonlighta8800
@moonlighta8800 5 ай бұрын
@@user-wo1rc8um1b Сагынады го туган жерин .
@umittilesh2133
@umittilesh2133 Жыл бұрын
Жаным, Ақылбек😍😍сүйкімді, ақылды, тәрбиелі екені көрініп тұр, ата-анасы жақсы тәрбиелеген🤩🤩🤩💓💓💓💓
@user-jm7qi3yo2u
@user-jm7qi3yo2u Жыл бұрын
Аллаға аманат, жылап алдым. Көздері жаудырап, тобынан ажыраған қозыдай болып тұрған тұрыстарынан
@wisekanal2853
@wisekanal2853 Жыл бұрын
Айтатыны жоқ , жүрек аурадв
@user-cv6fu5ii5d
@user-cv6fu5ii5d Жыл бұрын
Жүрегім сыздап, көңілім босап, жылап көріп отырмын. Қайран қазағым, бауырым, аман жүр
@nazik.alem-kz
@nazik.alem-kz Жыл бұрын
👍🏻
@user-fy9rs1or1t
@user-fy9rs1or1t Жыл бұрын
Қазағым аман жүрсін қаи елде жүрседе, тіпті дүниенің түкпңрінде жүрседе
@margosaidova6672
@margosaidova6672 Жыл бұрын
Қандай керемет балалар, қандай керемет ана - аналар. Алла жазы болсын осы жандарға осы балаларды өсіріп жеткізген үшін. Қазақстанда балалар үйлер болмасыншы деп тилеймін.
@zakirazharekeevazharekeeva5779
@zakirazharekeevazharekeeva5779 11 ай бұрын
Ақылбектің анасы да ,өзі де қандай ақылды жандар ❤ Бақытты болсын, барлық балалар !
@user-ho6im2ph7t
@user-ho6im2ph7t 3 ай бұрын
Қазақ баларының бақытты болуына себеп болғанына шет ел ата-аналарына алғысымыз шексіз❤
@Travel-xj5kb
@Travel-xj5kb Жыл бұрын
Жандарым, почему я плачу 😭😭😭😭. Жолдары ашык, болашагы жаркын болсын 🤍🙌🏻🙌🏻🙌🏻🙌🏻
@user-ki2iy2fj3f
@user-ki2iy2fj3f Жыл бұрын
Испандыктар керемет адамдар екен, ашык, мейрiмдi, aдал, турлерi европалыктарга кусасада iшкi дунйесi бiзге кусайдi екен. Алла риза болсын осындай кiсiлер ге.
@user-ik2bt6uq9y
@user-ik2bt6uq9y Жыл бұрын
😢😢😢Әрбір қазағым қайда жүрседе аман болсын! Аллах өздеріне жар болсын! Балапандарға мейірім мен махаббат көрсетіп жүрген Ата-Аналарына Алланың нұры жаусын!🙌🏻 Осы бағдарламаның ұжымына үлкен алғысым мен шексіз ризашылығымды білдіремін!🙌🏻🥰💐
@user-me5gz5sy5s
@user-me5gz5sy5s Жыл бұрын
Айналайын!! Ақылбегім мен Нұрбол Гүлімім!! Қазақ деп соққан жүректеріңнен айналдым!! Ақылдарыңнан айналдым!! Көріп өздеріңді жүрегім ауырды!! Аман-есен болыңдар!!
@user-jp2kq4pr1w
@user-jp2kq4pr1w Жыл бұрын
Айналайын Жанар озин бастаган жобана оралганына куаныштымыз. Осы жобаны басынан аягына дейин корип жаксылып жылап аламыз. Ия балаларосип улкен азамат болыпты.Кайда журсендерде аман журиндер.Жанар саган саттилик.Енбегиннин жемисин кор.
@user-ux6pj3vt1s
@user-ux6pj3vt1s Жыл бұрын
Ақылбек -мен бірақ жеті атамды білмеймін дегенде,жылап жібердім,Бірақ -та өзіне сенімді, мықты жігіт боп өскен екен.😢😢Нұрбол қатты толқып тұрған сияқты. Әр балаға анасының беріп жатқан мейірімі,тәрбиесі керемет.Себебі олар. О бастан мейірімді болған адамдар,бала асырап,оны бағып-қағу үшін ҮЛКЕН ЖҮРЕК ❤️ керек.
@user-po5zo8bl9g
@user-po5zo8bl9g Жыл бұрын
Менде сол жеті атасын руын ойлап қан жылап отырым
@bagi8217
@bagi8217 Жыл бұрын
Оларға білудің қажеті қанша, енді?! шетелдегі қазақ балалары түгілі, біздің елдегі тастандылар да білмейді жеті атасын. Себебі, роддомда әкесі белгісіз болғандықтан, жігіт қызды алмай кеткен соң тастап кетеді ғой
@user-ru8gd8hb9c
@user-ru8gd8hb9c Жыл бұрын
Неге аналары тастады екен деп ойлай бердім...Осындай ап адеми болып осерлерин билмеген болар,каншама шетел азаматы болсада,турлерин казакка уксаган.Басынан бастап неге неге деген сурак турды,не ушин тастады деп ...Типтен осылардын аналарын тауып,кандай болгандарын кормете алсам ширкин деп ойладым.Кейбиреуи мумкин умытып,баскаша кун кеұип жатырган болар
@user-fw8vg3ep7t
@user-fw8vg3ep7t Жыл бұрын
Видеоны аяғына дейін әзер көрдім, көңілім қатты толқыды. Қазақтың қаны бәрібір өз еліне деп тартып тұр,асырап алған адамдар да өте жақсы жандар.
@user-co4be4bk4d
@user-co4be4bk4d Жыл бұрын
Нұрбол қазақстандықтарға жанкүйер болдым дейді. Жүнегінен елім деген. Толқып, қуанып тұр
@user-xm7pp4fq3i
@user-xm7pp4fq3i Жыл бұрын
прекрасные родители, прекрасное воспитание, прекрасные родители
@user-ct4mx7wm8y
@user-ct4mx7wm8y 10 ай бұрын
90% казахские гены, уважение к старшим
@user-rn1cc9rd1e
@user-rn1cc9rd1e Жыл бұрын
Байқасам, шет елде жас өспірімдер өздерінің жеке қызығушылықтары, хоббиіне мән беріп, баланв сондай ашық етіп тәрбиелеген, шет елдік ата аналаарға балаларымызды жасытпағанына, тоқ, ашық жарқын, ақылды етіп өсіргендеріне Алла разы болсын!
@user-uh1sz2op2r
@user-uh1sz2op2r Жыл бұрын
Үшеуі де керемет отбасында жақсы адам болып өсіп жатыр екен. Ақылбектің үйінде Адай күйі ойнағанда, Сұлтан Бейбарыстың құлағына көке, көке деген дауыстың келіп тұратын жері есіме түсті.Балалар бақытты болсын!!
@user-tb9br2cj2d
@user-tb9br2cj2d Жыл бұрын
Қазақ екенін жасырмаи өсірген шетелдіктерге рахмет
@FarizaZhaksybaeva
@FarizaZhaksybaeva 4 ай бұрын
Ешбір бала жетім қалмаса екен барлық бала ата анасының ыстық құшағында бақытты ғұмыр кешсе екеен. Қайда жүрсеңдер де аман болындар. Қазағы сатқан балдарды бауырына басқан шет елдікдерге рахмет 😢
@user-lx3fo1sg2c
@user-lx3fo1sg2c Жыл бұрын
Айналайындар ай, құшаққа сыймай кеткен. Ақылбек, Нұрбол, Гүлім қазағымның бір бөлшегі аман сау болыңдар.
@ruziyaabilbasharova7551
@ruziyaabilbasharova7551 Жыл бұрын
Осы балдар Казахстанда ешкимге керек жок болды.бакытты болсын сол елде .
@user-xb3ep3mq1j
@user-xb3ep3mq1j Жыл бұрын
Қандай әдемі Ақылбек! Утончённый,харизматичный.Какие пальцы музыкальные.
@ai-xanymaskarovna5485
@ai-xanymaskarovna5485 Жыл бұрын
Тапқан ана ма? Баққан ана ма? ,- деген осы шығар, ата-аналары керемет екен!👏👏👏👏
@user-vc9by1eh8q
@user-vc9by1eh8q Жыл бұрын
Керемет бағдарлама! Жанар еңбегің жансын, даусың керемет.Қазақтың осындай балалары өз балалары өзге елде өсіп жатқаны өкінішті.Әйткенмен , мейір махаббатқа толы тәрбие алып жатқанына шүкір. Сонымен қатар өзге ел туралы толық мәліттер алдық. Ұйымдастырушы топқа көрермендер атынан үлкен алғыс!
@user-fy9rs1or1t
@user-fy9rs1or1t Жыл бұрын
Жалпы алғанда бұл тақиялар әдемі күшті жарасты кигенде нағыз қазақ екені көрініп тұрды
@user-sk3er9cc6h
@user-sk3er9cc6h Жыл бұрын
Айналайындарым ай . Мөлдіреген көздеріңнен айналдым . Бақытты болыңдар!
@user-lx4sm5eh8f
@user-lx4sm5eh8f 9 ай бұрын
Ассалаумағалейкум айналайын бауырларым-ай ! Ақылбек-Луйс, Нұрбол-Флориан, Валентина - Гүлім аман болыңдар👏 🙏
@user-fh7wj3vn2q
@user-fh7wj3vn2q Жыл бұрын
Әр адамға ой саларлық бағдарлама. Әрбір қыз бала балалы болмас бұрын осы бағдарламаны бір рет болсын көрсе екен.
@user-fy4ii7lw4c
@user-fy4ii7lw4c 6 ай бұрын
Қайран қазағым-ау, өз ұрпағымызды жаһанға тараттық! Өкінішті. Аман болсын. Өзімізден бұйырмаған ана махаббаты өзгеден бұйырған… 😢😢😢😢😢Бағып,қағып, өгейсітпегені үшін рақмет.
@user-fi8js4qs2k
@user-fi8js4qs2k 7 ай бұрын
Ақылыңнан айналдым, АҚЫЛБЕГІМ! Тіліңді, дініңді, ұлтыңды, еліңді, жеріңді қадірлеп, қазақ екеніңді дәріптеп, ұмытпай жүр, жаным!! Жанар ханым, рақмет!
@nurshatbahtiyarkyzy
@nurshatbahtiyarkyzy Жыл бұрын
Ақылбек балапан атына сай ақылды жігіт екен аман болсын
@user-me5gz5sy5s
@user-me5gz5sy5s Жыл бұрын
Ақылбек.Нұрболым Гүлімім айналайын!! Жаныңнан жүрегіңнен ақылыңнан айналайын!! Аман-есен болыңдар!! Қайран қазағым-ай!! Жанар сізгеде рахмет!! Осы бағдарламаны үнемі көрсетіп тұрыңызшы!!
@bekaotep8660
@bekaotep8660 Жыл бұрын
Гулим жылкыны, кок бори (каскыр) жаксы коремин дегенде жібермей тұрған Казак каным ай Деп калдым
@user-fe8el1sy6y
@user-fe8el1sy6y Жыл бұрын
Қандай жүректері жайдары ата аналар испандықтар кіші пейіл екен.
@user-jf1tb8pp5k
@user-jf1tb8pp5k Жыл бұрын
Қазақтың шет елдегі балалары мен қыздары қандай ақылды Бойларын тік ұстап,өздерінің ойын нық жеткізеді екен Шет елдіктер баланы керемет тәрбиелейді екен
@alibekmukhambetkali8879
@alibekmukhambetkali8879 Жыл бұрын
Нағыз кіші жүздің батыс Қазақстан Қазақ баласы екенін мінезді ақ көңіл адал батыл ақылды ер азамат жігіт.
@kttan3506
@kttan3506 6 ай бұрын
??
@qwertyqwerty6101
@qwertyqwerty6101 Жыл бұрын
Чтобы не было сирот, надо создать социальную помощь для молоденьких матерей одиночек, поддержать
@akimgul2208
@akimgul2208 Жыл бұрын
Ну да у нас общество так исламизируется, что таких девочек наоборот гробить будут и унижать.
@user-hy8js5fp8w
@user-hy8js5fp8w Жыл бұрын
Жанар өте қуандым сіз үшін,осы формат сізге жақсы жарасып турады,ішкі дүниеңізді шет жүрген қазақ балаларына сезіміңізді жақсы жеткізесіз.Жобаңызға ақ жол💐
@user-pw1ki8ei9i
@user-pw1ki8ei9i Жыл бұрын
Керемет!Көз жасымды тия алмадым. Қайда жүрсе де аман жүрсін.
@user-iu4ms8ih6m
@user-iu4ms8ih6m Жыл бұрын
Асыравалган ата анага рахмет айтамыз !!! Биздин казак балдаримизди осирип, мапилем , ешкандай зорлык зомбылык корсетпей , оздерин балдари сикты осирген ушин сиздерге Алланин нуры жаусын деп айтамын !!!
@user-ev5ug3tv9i
@user-ev5ug3tv9i Жыл бұрын
Ата-аналары кандай керемет жандар, Акылбек,Нурбол,Гулим,аман журиндер, Акылбек биздин Актаудын баласы корип отырып, жылап отырдым, Аллам жар болсын сендерге, кудай жандарым ушеуинде аман журиндер😘😘😘😘😘😘😘
@Adai_balasy1994
@Adai_balasy1994 11 ай бұрын
АДАЙЫДЫҢ БАЛАСЫ СЫРТҚА КЕТТАУ,
@user-iw3qf6gm2r
@user-iw3qf6gm2r Жыл бұрын
Керемет жоба ❤❤❤ козге жас келмеуі мүмкін емес,аман есен болсын балапандар!❤❤❤
@nazik.alem-kz
@nazik.alem-kz Жыл бұрын
🤲🏻
@user-fy9rs1or1t
@user-fy9rs1or1t Жыл бұрын
Аман болсын барлығы, біз тек ғана тілекшіміз Ақылбек, Нұрбол, Гүлім аман жүріңдер бақытты болыңдар
@korkemyesbergenova2884
@korkemyesbergenova2884 Жыл бұрын
Шетелдегі қазақ балалары, қайта оралуларыңызбен👏🏻 СІЗДІҢ БАҒДАРЛАМАМЕН ҚАЙТА ЖҮЗДЕСКЕНІМІЗГЕ ӨТЕ ҚУАНЫШТЫМЫЗ! Көзде жас, жүректе мұң…Ақылбек, Гүлім мен Нұрбол аман болсын❤❤❤
@alinaaskar5522
@alinaaskar5522 Жыл бұрын
Өз тегін ұмытпай , өзге елде бақтары жансын 🤲🏻 Жанар ханым Алла сізге күш қуат берсын 🤲🏻
@user-xl5yj4tc5p
@user-xl5yj4tc5p Жыл бұрын
Менің Ақтаулық жерлесім болған екен. Бақытты баянды ғұмыр кешсін❤
@user-st4hx5qh5q
@user-st4hx5qh5q Жыл бұрын
😭осы ата-аналарға рахмет балларға осындай мейірімін төгіп отырған бұл бағдарламаны түсірушілергеде алғыс айтқым келеді, балларды іздейтін адам бар екенін көрсетіп көңілін бір көтеріп қойған екенсіздер
@user-id3ce1uj3n
@user-id3ce1uj3n Жыл бұрын
Алланың қалауы тағдыр дегенімен, жүрегім елжіреп, көзіме еріксіз жас толды.Әр Қазағым жалғызым жаным сыздап әттеген-ай дегеніммен хайырлы өмір осы болған шығар.Асырап алған ата-аналары шексіз махаббатпен сыртқа теппей өсіргендеріне үлкен рақмет.Шет елде жүрседе бәрібір қазақ болып қала береді❤
@Gulnur_Zhalbagaeva
@Gulnur_Zhalbagaeva Жыл бұрын
Жандарым-ау, тек аман жүріңдерші! Ата-аналарына асыраған Алла разы болсын!
@AikenAsembaeva
@AikenAsembaeva 5 ай бұрын
Таппай калган балалардын тагдыры кандай болды екен жаксы жандарга баргандардын ози отанын анасын бир коруди армандап отыр тилин билмеген динин билмегени ушин кимди кинэлаймыз кайран казагым ай козинн жас алмай тындау мумкин еиес кой жылап отырып тындадым ка́ндай жагдай болса да жалган намысты койып тагдыр деген угымды тандау керек кой жетимдер биздин елде коп екен гой
@user-bu9of5fw7z
@user-bu9of5fw7z Жыл бұрын
Всё таки наше государство надёжные руки дали детей.Меня радует что приемные родители правильно ,достойно воспитывают.Все условия создают,но душа болит что наши дети далеко от нас.А гены наши всё равно выдают.Мы незнаем какими выросли эти дети у нас в РК .Я благодарю от всей души приемных родителей!!Желаю им здоровья и счастья!Жанар Байсемиз отдельная благодарность за проделанную работу!Успехов и удачи вам!Я так плачу и думаю почему так вышло ,почему дети оказались в Детском доме .?Так больно на душе становится.
@madeindubai888
@madeindubai888 Жыл бұрын
У них нет детских домов.Вот что главное.
@Zhanelzhanel04
@Zhanelzhanel04 5 ай бұрын
К сожалению есть дети над которыми приемные родители издевались, насиловали и тд😢
@user-dp9rr9nw5q
@user-dp9rr9nw5q Жыл бұрын
Өте керемет бағдарлама. Осы уақытқа дейін шетелде осыншама балапандар барын білмеппін
@Bektay28
@Bektay28 Жыл бұрын
Ештеңе де айта алмай қалады екенсің. Ойыңда барды бағалау, ата-анаңның қадірін білу, көзімде еріксіз жас... 👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
@user-ww2zt8xg2o
@user-ww2zt8xg2o Жыл бұрын
Кыргызстандан салам 🇰🇬🇰🇬🇰🇬 козумо жаш толуп коруп отурам казагым Бир боорум аман болчу Кай жерде журсон да
@____aziza
@____aziza Жыл бұрын
Әрбір қазақ жалғызым! Ақылбек, Гүлім, Нұрбол сендерге Аллахым қорған болсын! Жүректі елжіретті, көзден жас тақтар емес, бұл тағдыр…
@user-jo5sd9uy5s
@user-jo5sd9uy5s Жыл бұрын
Жандарын ау
@user-tt8bm7pt8v
@user-tt8bm7pt8v Жыл бұрын
Қайда журсендерде Алла жар болсын!!!Қандары қазақ екенин ұмытпасы анық!💋
@user-ch5to9vv3h
@user-ch5to9vv3h Жыл бұрын
Әрине,артыңнан іздеп келсе қалай қуанбасқа,балалар туған жерін,туысқандарын көргендей болды,қай жерде жүрсеңдер де аман болыңдар,балапандарым,Алла жар болсын! Түсіру тобынының еңбектері жансын!
@gulmirashahmanova5897
@gulmirashahmanova5897 Жыл бұрын
Көптен көп рақмет Жанар ханымға, және барлық түсірілім топқа. Өте әсерлі бағдарлама, ой түйетін. Жылап та алдым, сәбилер жыламасын. Балалар бақытты болсын!
@dinarabatkalova5460
@dinarabatkalova5460 Жыл бұрын
Аллаға шүкір ата-аналары қандай керемет адамдар
@nazik.alem-kz
@nazik.alem-kz Жыл бұрын
👍🏻
@user-fy9rs1or1t
@user-fy9rs1or1t Жыл бұрын
Әрине аитатыны жоқ керемет тамаша отбасында жақсы тәрбиелеген
@user-ez4yi6zq7d
@user-ez4yi6zq7d 4 ай бұрын
Молодец Акылбек, очень умный парень, мама у него очень мудрая женщина, столько всего дала для своего ребенка, здоровья, счастья им!!!
@gulmira62
@gulmira62 Жыл бұрын
Балаларға Ақ Жол 🙏 Ата-аналарға мың да бір алғыс айтуға тиістіміз 🙏 , өз елімізде асыра алмағанымызға өкінішке орай 🤷‍♀️ Бірақ оларға өте жақсы өмір сыйлаған шетел отбастарына тек қана ризашылықты білдіреміз 😊 Жасырмай қай жерден туылғанын , барлық жағдайын жасағаны , өздеріне қандай әсер алғанын жын жүректен айтып жатыр ғой 😍 Рақмет осындай әңгіме қозғаныңызға 🙏 Осыда мықты бәрімізге ойландырып тәрбие және мәдениет ,үміт пен қуаныш ұсынады ✊
@zhanabir5273
@zhanabir5273 Жыл бұрын
Осы бағдарламаны асыға күттім, өйткені бұл бағдарламаның болашағымызға берер сабағы көп, үлкен! Біздің міндетіміз ұлтымызды сақтау, балаларымызға дұрыс тәрбие беру, дұрыс жол көрсету. Жанар ханымға ерекше алғыс🙏🙏👍, балапандар жыламасын, ата-анасыз қалмасын, жетімдер, тастанды балалар қазағымызда болмасын🙏
@user-tq5pi3ro1c
@user-tq5pi3ro1c Жыл бұрын
Нурболдын анасы кандай керемет жан
@baktykul2502
@baktykul2502 5 ай бұрын
Айналайын казак жигитери улдырыктарынды шаша бермендер. Шашкан уылдырыктарынды бир кета деген балык омирге акеледи де карасын батырады. Сендер шашкан уылдырык бир кундери шетел де динин , дастурин билмей омир сурип жатыуы мумкин.
@user-er5vl6dc4v
@user-er5vl6dc4v Жыл бұрын
Аман болыңдар Қазақтың балалары! 😘😘😘😘
@jyl-ij4hg
@jyl-ij4hg Жыл бұрын
Үш баланың да көздерінде сағыныш бар сияқты сезілді, жан дүниесі қазақ елін аңсайтын сияқты. Қандай өкінішті өзі еліндк өспегені🥹❤️
@user-hh4zv1uy1g
@user-hh4zv1uy1g Жыл бұрын
Сара воровка продала .
@saira5342
@saira5342 Жыл бұрын
Шіркін-ай,қазақтықтан ештеңе қалмаған екен,өкінішті-ақ! Екінің бірінің қолынан келмейтін үлкен жұмыс жасадыңыздар Жанар мен Алпамыс. Сіздерге көп алғыс айтамын!
@Aygerim.Erkebaikyzy
@Aygerim.Erkebaikyzy Жыл бұрын
Анар деген қыз болды ғой😢 Жарығым ау көзінде сағынышы тұнып тұр ғой😭
@user-nl8yz9fj2t
@user-nl8yz9fj2t Жыл бұрын
Кімді айтасыз
@user-mp8mg3lv4o
@user-mp8mg3lv4o 4 ай бұрын
Менде талга карап сразу Анар дедим,акемнин бакшасында дал сондай жемсис Осип тур
@user-co4be4bk4d
@user-co4be4bk4d Жыл бұрын
Ақылбек қандай ақылды. Көмектесем асырап алған балаларға деп қояды
@HuaweiHuawei-in3iv
@HuaweiHuawei-in3iv Жыл бұрын
Жанар, осы жобаны тоқтатып кеткенде қатты өкініп едік, міне тағы қауыштық рахмет😘
@user-cb9di1ro3z
@user-cb9di1ro3z Жыл бұрын
Кандаи керемет.Ким биледи асырап алгандарыда дурыс болган шыгар.Балалар уинде оскенде кандаи болып осер еди деп оилаисын.Бакытты болсын,туган анасынан кормеген бакытты омирди,шет жерден корип жатыр.Аман болсын бариде.
@user-tj9kb6sp4y
@user-tj9kb6sp4y Жыл бұрын
Шет елдік азаматшаларға рахмет өзімізде ондаи өмір жоқ өте сауатты бақытты өмір сүруде
Super sport🤯
00:15
Lexa_Merin
Рет қаралды 19 МЛН
Шетелдегі қазақ балалары (2013) - 6 бөлім
33:27
100 жыл бұрынғы Қазақтар
3:00
Дөйт, Тоқалар!
Рет қаралды 13 М.
Шетелдегі қазақ балалары   4 бөлім   Бельгия
29:16
Шетелдегі қазақ балалары
Рет қаралды 135 М.
Akimmmich & Bimo | Qaraközim (Mood Video)
2:45
akimmmich
Рет қаралды 1,1 МЛН
aespa 에스파 'Supernova' MV
3:14
SMTOWN
Рет қаралды 55 МЛН
Body
2:38
Asik - Topic
Рет қаралды 255 М.
Sadraddin & IL’HAN - Aman bolşy suigenim | Official Visualizer
3:09
Қайрат Нұртас - Қоймайсың бей 2024
2:20
Kairat Nurtas
Рет қаралды 707 М.
Nursultan Nazirbaev - Gul Gul (премьера песни) 2024
2:37
Nursultan Nazirbaev
Рет қаралды 111 М.