Елге келсін, бүйтсін , сөйтсін көздерінде мұң бар, деп жазбай ақ қойыңдаршы осы жерде бағып алған американдық мамаларының оқып осындай коментариилерге ренжігенін оқыдым, бұл балалар елге симай кетті, қәзір бағып алған ата аналарымен жаңа елде бақытты өмір сүруде . Жандарың ашыса жетімдер үйіндегі балаларды бағып болашағына бағдар беріп көмектесіңдер біреудің қолындағы балаларды әттегенай деп жазбай ! Қазақстанда ана мен балаға жақсы көмек берсе , еркектер жауапкершілікті көтерсе жалған ұят деген ұғымнан қазақ қоғамы айырылса Қазақстанда жетім балалар болмайды Бағып алған ата-аналарға көп рахмет осындай сулу, ақылды балалар өсіргеніне!!!
@ДарияКошбанова Жыл бұрын
Толық сізбен келісемін! Алып қосарым жоқ.
@JannaKair Жыл бұрын
100% !!!
@gulshara61 Жыл бұрын
Өте керемет ата аналар ұлты жұрты басқа болса да жүректері кең жандар екен балаларынан жасырмай қазақ екенін айтып отырған
@ЖеделханБектурова Жыл бұрын
Анасы кім болғаны белгісіз,біздің санасы төмен,жауапкершілігі жоқ ұлдардың,жылы-жылы сөз айтып,біреудің періштедей сұлу қызының өміріне өшпестей дақ салуларының құрбаны ма,кім білсін.Өз елінен,туған анасынан пана таппаған балаларымыздың бармақтай бағы болсын!!!
@S-999Almaty Жыл бұрын
Қолдаймын ❗✊🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@БегимкуловаАйко Жыл бұрын
Не деген ой өрісі терең балалар. Не деген мыкты тарбие. Ата аналарына мың алғыс
@KyzdarkanBostonbaeva Жыл бұрын
Ооба Бакан Ата энелерине рахма жакшы тарбия берет экен бирок балдар Оз Ата энелеринда тугандарында коргилерикелип жатпайбы алжакта оздорун башка сезип жатпайбы
@dani_yes Жыл бұрын
Асырап алған АНАЛАРҒА мың алғыс! Ой өрісі кең, өнерлі, тәрбиелі қыздар.
@АрайлымСагынгалиева-с9й Жыл бұрын
Бала бағу оңай емес, оның үстіне осындай тәрбие беру бәрінің қолынан келе бермейді. Нағыз баланы ойлайтын адамдар екен, баланы есепсіз сүю, тыңдай білу, дос болу басты назарда тұрады екен. Біз әдетте ел-жұртты ойлап бала-шағамызға мән бермейміз, үнін тыңдамаймыз ғой😢 Шетелдіктердің тәрбие беру әдісінен біраз нәрсе алуға болады.👍
@Армандарорындалады-о3э Жыл бұрын
Үйренетініміз көп екен! Бала тәрбиесіне үлкен мән береді екен! Бақтарың бес елі болсын қазақтың қыздары.
@АктотыХаным Жыл бұрын
Амин
@ризасұлтан Жыл бұрын
Ия да биздин казактар кусап алла алла деп отрик тонкаиып жургедтта бирак осындай казактын балдарын асрап алуга журектер тар сеними жок журектеринде ишитери тар корсе жетимди теуп кетеди бирак биз мусулманбыз демди 😂колынан бизнес кана. Келеди акша акша коздегегендери ал акшта енбек ои орисин осиру онип жогары билимен осиреди омир суреди сивилизацияда бир динге катп калмаган и аркимге осы динмен жур демиди каласа барад каламаса бармаид ширкеулерин силамд ия но биздикилер сиакты устаз га кудаидаи жалнбаид😂😂
@laurakumcu3426 Жыл бұрын
@@ризасұлтанкарағым, дінімізге тіл тигізбе, ой өрісінің тар, әлі ақ, пен қара не екенін ажырата алмаған, өзінің ой өрісінің тар, көргеніңнен көрмегенің көп, казанды босатып, туалетті толтырып осындай ортада өскенің бұл коменттариден көрініп тұр жаным. Шет елдердегі, адамдар өз дініне өте садық, адамгершілік дегенді жоғарғы сапаға қойған адамдар. Еш болмаса бұл видиоларды көріп, бұл қыздардың мамлесін, ой өрісін, олардың асырап алған аналарының пейілі де саған ешқандай пайдасы болмапты, сен әле өзінің қалыптасып қалған ой өрісінің айналасынан шыға алмай, өзінің көз қарасың мен көріп түсіне алмапсың.менде қазақстан республикасының ұлтымын. Бірақ менің көру қабілетім басқа. Қазақстан да кім қарқ қылып дінінің үстіне жасап жатыр, егерде ислам дінінің үстіне жасап оң солыңызды танысаңыздар еді. Қазақ халқының төбесі көкке жеткен болар еді. Қазактар мақтаншақ, өтірік такаппар,, жауапкершілік туралы дегенді білмеген, өмірінің бәрін босқа өткерген, не дінде жок, не адамгершілік дегенді білмеген халық, елде жақсы дамыған дары да бар, елдің бәрі жаман деп айтсам, бұл қиянат болады жаксы жандар үшін. Мен бұларды жазғаным үшін кешірім өтінемін, бірақ бұл шындық.
@eralife5618 Жыл бұрын
Высший Пилотаж мынау 🚀, Барлығы кәсіби деңгейде, 🖼оператордың жұмысы👍🏽 Талғам басымдылығы👍🏽 ,Музыка ,Картинка,Звук 👍🏽тамаша🎉 Бағдарлама ұнады
@janarbaisemisova4000 Жыл бұрын
Көп рахмет!
@БахытХазипанова6 ай бұрын
Менн киналатнм ойлайтын қазақ кыздар басқа ултка шгп өз ұлттың жұрағат ын тамырын акелсн анасын бауырлардың ұмытады гой семьялы болгасын
@Zhadyra-rh2sh Жыл бұрын
Қанша бағдарлама көрдім .Не деген кең жүректі ,терең ойлы балалар.Өз елімізде ата анасы бола тұра бүйткен өмірің құрсын деп жүрген қанша жасөспірім баланы көрдім.Мына тілімді елімді білсем деген жан жақты балаларды көріп таңқалдым.
@АлтынгульТанабергенова Жыл бұрын
Какие прекрасные дети! Спасибо большое приемным родителям за любовь, труд и воспитание детей!
@АсамуратЕспулов-о4в Жыл бұрын
Они растворятся в чужих народах,они потеряны для казакстана
@nonameperson- Жыл бұрын
@@АсамуратЕспулов-о4ва кто в этом виноват? Пусть будут счастливы в любой стране
@АйнурРыскан Жыл бұрын
@@АсамуратЕспулов-о4втак они и так были потеряны, вы же в курсе наверное как живут дети - воспитанники и выпускники детских домов в РК? Каждый человек рожден чтобы быть счастливым, пусть будут счастливы все рожденные дети. Чтобы человек приносил пользу государству, пусть это самое государство вначале позаботится о новорожденном, чтоб малыш был накормлен и одет, в эмоциональном комфорте.
@janatkhaymuldina410 Жыл бұрын
@@АсамуратЕспулов-о4в Все народы одинаковые , мир открыт . Наши сомнительные представления свой народ - чужой народ это устарелая концепция. Девочки выросли в свободном гражданском обществе и их вырастили хорошие люди , не давшие им забыть их происхождение ! Разве мы, постсовковая территория жестокости , относимся с трепетом и с заботой к каждому ребенку ??? Топят в клозетах , кидают с этажей, оставляют бог знает где ....
@Дарига-ю8з Жыл бұрын
Асырап алған, баланың шыққан тегін жасырмай, аман-есен бағып жетілдірген шетелдегі ата-аналарына мың алғыс!!! Екі Мемлекетті туыс қылып отыр🥰👏🥳👍Жыламай көру мүмкін емес…
@ДарияКошбанова Жыл бұрын
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп... Шетелдіктер сүйе біледі. Нағыз тура жолда жүр осы ата аналар. Жүректерінде иман, тұла бойында адамгершілік. ❤
@Асхыч Жыл бұрын
Диннин тукке де керек емес екенин дэлелдеп отыр, динге сенбеитин батыс елдер алга озып отыр, динге сенге биздер али кара жамылып журмиз
Бұл жерде дін емес. Олар өздерімен жұмыс жасап, оқып, білгеннін арқасы. Біздегі білім көп адамдарда тек мектеп пәндерімен шеттеледі. Олар адам жанын түсіну, оны сыйлауды ойламайтын сияқты
@lovelaslova Жыл бұрын
@@Zhzhzh10бәрі дінге келіп тіреледі сірә,болмайды болмайды харам харам деп басып тастаған бізді
@БахытБеркембаева Жыл бұрын
Осы бағдарламаны көрсем, ет жүрегім елжіреп көз жасыма ие бола алмаймын. Әттең... Бір кем дүние... Қайда жүрсеңдер де аман жүріңдер.
@ШынарСарбалина-х5ю Жыл бұрын
Менде ериксиз жас шыгып жатыр,тусинбейм аяппа алде куаныппа, алде аман есен жургендерине.😢😢😢😢
@ЗухраКунтуарова Жыл бұрын
Барлық қазақ қыздарының аналарына шексіз алғыс білдіремін.Қайда жүрсеңдерде аман болыңыздар.
@Күлтегін Жыл бұрын
Бұл бағдарламаны Қазақ киномотаграфиясы тарихындағы ең үздік кино ретінде баға беремін рахмет🙏🙏🙏.
@ЖанатАбуова-м3ь Жыл бұрын
Мені мына қыздардың тіл байлығы,парасаттылығы таң калдырды
@aliiivip.77 Жыл бұрын
Балалар (туған анасына) ешқандай өкпе назы жоқ. АҚШ-та асырап алған аналар 💕👍 мейірімді.
@aigulkozbakova8144 Жыл бұрын
Қандай байсалды, саналы, өте тәрбиелі боп өскен балалар ❤ сөйлеген әрбір сіздерінен үлкен даналық сезіледі. Жастарына қарамастан, сондай саналылық көрінеді. Қарап риза болдым ❤ ❤❤
@Моймир-з3я Жыл бұрын
Асырап алған аналары қандай керемет тәрбие берген. Оларға мыңда бір алғыс. Сол балапандарының қызығын көрсін.
@Меруертасанова-з4з11 ай бұрын
Қазақ қыздары бақытты болыңдар, өмір жолдарың ашық болсын, американдық ата-аналарына мың алғыс!!!
@МеруертАутанова Жыл бұрын
Бағып алған аналарыңа мың алғыс, қандай жақсы тәрбиелеген, қайда жүрседе аман болсын, ал өз перзентін туып тастап кетіп жатқан қыздарға құдай жазасын өзі берер.
@СаулеАлжанова-ц6ь Жыл бұрын
Шетелдік ата-аналарға шексіз алғысымды айтып,басымды иемін!Не деген керемет жандар !❤
@АйгеримЗарипова Жыл бұрын
Осы бағдарламаны үзбей көремін. Және көпшілігінің асырап алған ата-аналары сондай мейірімді, балаларды еркін өсіріп, бәрін беруге, үйретуге ең бастысы мейірімді етіп тәрбиелеге тырысқан. Құрандағы жазылған көркем мінезділік құран оқымай ақ бойларына дарыған мейірімді жандар. Ешкімге кек сақтамай, жүрегіне дақ түсірмей, кіршіксіз етіп тәрбиелеген аналарына рақмет.
@БибиханКозыбакова Жыл бұрын
Мың алғыс батыр аналарға, өгей деп бөліп жармай , бүкіл ана махаббатың берген.❤🇰🇿
@ГулмираТургынбаева-е3у11 ай бұрын
Қандай тәрбиелі,сауатты балалар ❤Аналарымен ашық қарым-қатынас,аеалары да өте сауатты түп-тамырын білсе деймін дейді 👍
@Batyr-j7m Жыл бұрын
Ни один фильм невозможно смотреть без слёз. Слёзы смешанные, с огромной палитрой чувств: горечи, сожаления, милосердия, радости, любви и свободы!
@Kurylyshy Жыл бұрын
Рахмет асырап алған отбасыларға, мынандай ақылды балалар өсіргеніне!👏
@GulekeGuleke86 Жыл бұрын
Какие же американцы чуткие, добрые, жизнерадостные 😍 Спасибо что спасли этих девочек от трудной жизни в детском доме🌹🌹🌹
@БотакозСарсенбиева-в2м Жыл бұрын
Шет елге кеткен балалар өте ақылды, оларға асырап алған ата аналары керемет тәрбие, ақылдылық парасаттылықты үйреткен екен. Қайда жүрсеңдерде аман болыңдар , қандай қиын шет елде ешкімің жоқ аллам пана болсын🤲
@БобСлей-ь3у Жыл бұрын
Огромная благодарность этим матерям, которые смогли дать им любовь, заботу и теплоту!🙏🙏🙏 Пусть эти девочки красотки будут счастливы!
@МолдирЕстаева-ф4с Жыл бұрын
Қазақтың қыздары не деген сұлу. Әттең өз елінен алыста
@akimgul2208 Жыл бұрын
Шукир де арман гой осындай жаксы жерде жасау
@Svet831 Жыл бұрын
Өз елінде қорған табалмаған Балдарғой
@zak3389 Жыл бұрын
Американдықтар тәрбиесі, түсініктері басқадай екен, керемет тәрбие беріпті қыздарға, біздікілер сияқты әнші, биші, блогер, артист емес, маңайындағы адамдарға пайдалы бол, ешкімге қиянат жасама деп үйретеді екен, сондықтан болар дәрігер, соцработник, қоршаған ортаны қорғау сияқты бізде мүлдем непопулярный мамандықтарды таңдайды екен
@beckyeralin7407 Жыл бұрын
Мен де дәл осы ойдамын.
@userzhansultan Жыл бұрын
Сізбен келісемін дәл айттыңыз
@АлияХасанова-ю3ж Жыл бұрын
Здоровое общество, где нет двоиных стандартов, дела не расходятся с словами… человек, это богатства для государства, общества, а не пыль…
@АсемМуханбеткалиева-э9в Жыл бұрын
Дұрыс айтыпсыз
@aselomarova6911 Жыл бұрын
Ия шыныменде солай , кандай керемет.Солардан улги алу керек кой деим .
@ҚырмызыЕркебалаева Жыл бұрын
Асырап алған аналары сондай мейірімді ерекше адамдар екен
@АйнурСаметкызы-з9я11 ай бұрын
Алуан тағдыр берілген бұл адамға... Қаракөз сіңлілеріміздің жақсы отбасыға түсіп, бақытты өмір сүріп жүргендеріне қуаныштымын. Асырап баққан аналарына рақмет. Туған ата-анасымен, бауырларымен де қауышып, үлкен жанұя болсын! Жанар Байсеміз - қазақтың қайсар қызы, сізге алғысым шексіз.
@ailin6626 Жыл бұрын
Балалар сондай бақытты. Мәңдәйларына туған ата анасымен бірге өмір сүруді жазбасада асырап алған ата аналарымен бақытты көздері жәйнап тұр. Шет елдің менталитеттері өте керемет. Үйлері кинодағыдай
@gulbarshin85 Жыл бұрын
Туған анасының журегі тастан да қатты болғаны ма? Асырап алған ананың жүрегі қазақтың жайлауы сияқты дариядай кең екен, мың алғыс!!!!❤❤❤
@БакытгулБакирова Жыл бұрын
Салтанат америкалықтарға ұқсап кетіпті, бар пейілімен, махаббатпен баққан ғой.
@АйжамалЖандарбекова-х6ы Жыл бұрын
Шет елдегы казак балалары ен ауелы аке шешелерынды сосын дуние кумар билыкты кешырындершы😢😢.Кайда журсендерде аман болындар казактар сендерды жаксы кореды
@ИскаковаДанажан Жыл бұрын
Шет елдегі қазақ қыздары керемет тәрбие алған, асырап алған аналарына мың алғыс👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻балалар ашық, өз ойларын боямасыз жеткізе біледі, таным тағылымдары жоғары деңгейде
@jackricher1 Жыл бұрын
😢 бір жағы мұңайдым, бір жағынан осы қыздар үшін қуаныштымын. Жандарым сол... Қайда жүрсеңдерде аман болыңдаршы! Бағып қағып өсірген ата аналарыңа мың алғыс! Мынандай дубляжпен,мынандай репортаж көрмегелі біраз бопты😢. 10 жыл артқа барып келгендей болдым.
@ЖумаханСидуалиева Жыл бұрын
Өңкей патрёт балалар кеткен шет елге бәрінің жүрегінде қазақстан ,өздерін товар сияқты беріп жіберседе мен қазақпын деп мақтанып айтады ! Асырап алған ата аналарына да рахмет! Қайдан екенін жасырмаған!
Қазақстанда өссе патриот болмайтын еді,инстаграмда не ішіп жегенін салып,тик ток қарап,әрі кетсе шаштараз болатын еді!Америкаға,америкалықтарға рахмет,құмалақтай шашып жіберген қазақ балаларынан тұлға жасап шығарған!бақтары бар екен
@almaarinova4636 Жыл бұрын
Салтанат похожа на приемные маму и бабушку. Спасибо им за правильное воспитание девочки!
Өкініштісі Қазақстан шетелге бала сату үшін барлық жеңілдіктерді жасаған екен.
@ЖумаханСидуалиева Жыл бұрын
Әттең -ай жеріміз қандай үлкен болсада болашағымыз балалардың өз елімізге керексіз болып қалғаны -ай! Ішінен еліміздің бір туар қанша қайраткерлері қанша ғалымдары шығар еді!😢
@ryder9101 Жыл бұрын
Шетел жастарына табиғилық тән екен, жасанды кірпік, баттаскан бояу байқалмайды, осы бағдарламаның бәрінің кейіпкерлері сондай
@СаулеАхатаева-ю4й Жыл бұрын
Өте әдемі,ойын ашық еркін жеткізеді,жүректері сондай тап таза кең.Асырап алған аналары керемет тәрбиелеген,Өмір жастары ұзақ болсын.
@СалтанатТурганбаева-в5р Жыл бұрын
Шетелдегі қазақ балаларын жылап отырып көремін 🥹😢 көздерінде мұң бар сияқты бәрібір
@uu4398 Жыл бұрын
Ол мұң,жүректің түбіндегі туған ата аналарын бір коріп,құшақтасам деген сағыныштары деп тусиндим.
@АрайлымСагынгалиева-с9й Жыл бұрын
Жүректің түбінде тастап кеткенін білгендіктен мұң болады ғой қайткенмен😢
@МайраАскарова-н3ы Жыл бұрын
Күліп жымиып тұратын сұлу қыздар болыпты бәрі асырап өсірген ата анаға мың алғыс
@danadana777 Жыл бұрын
Қандай керемет жандар шетелдік аналар ! Өзі тумаса да, туған баласындай тәрбиелеп өсіріп жақсы өмір силады! Мүмкін осы қыздардың шетелде асырап алынуы, өсуі бекер емес болар! Қайда жүрсеңдер де бақытты болыңдар қазақ қыздары❤❤❤
@Тургалиевна Жыл бұрын
Мәңгі қазақ болып қаласыңдар оны ешнәрсе өзгерте алмайды❤
@ЛаураМуканова-р1ф Жыл бұрын
Салтанат,Жанна,Дана жандарым сол,кең даламызға сыймай кеткен қарлығаштарымыз,сендер бақытты болуға лайықтысыңдар,біз сендерді жақсы көреміз❤❤❤❤
@ЛаззатШукирова-д5и Жыл бұрын
Жақсы бағдарлама, аман сау жүріңдер балапандар, сендерді бағып өсірген жандарға мың алғыс.Ақылды,парасатты аппақ қардай таза жүректеріңнен айналдым.
@шолпаноспанбекова-я5з Жыл бұрын
Салтанатты осындай ақылды, сулу, бақытты қыз етіп тәрбиелегеніңізге рахмет!
@МеруертАбуова-ы2п Жыл бұрын
Жаным сол қазақша сөйлегім келіп кетті деген сөзі қатты жүрегіме батты 😢
@Нар-э1у Жыл бұрын
Шетелде өскен балалар ашық, өз ойын еркін жеткізе алатын, мейірімді болып өсіпті. Өз дінінен алыстап кетседе, асырап алған ата-анасына үлкен рақмет. Жанар сізгеде рақмет.
@ШолпанИсеналиева-е8н Жыл бұрын
Асырап алған Аналарына мың алғыс балдарының рахатын көрсін
@ainur8968 Жыл бұрын
Негізі Американдық асырап алғаны дурыс болған, әйтпесе Өскеменнің балалар үйінде таяқ жеп,аналық жылулық сезінбей, балалар үйінен шыққан соң жетіскен болашағы жоқ біреу болар едің. Күйеуге шықсаң жетім деп кемсітеді біздің оңбаған қазақтар. Не де болса, дұрыс болған,асырап алғаны анаңа рахмет! Бақытті бол!
@user-fx4um3pi9h Жыл бұрын
Кешіріңіз барлық қазақты олай деп айтуға болмайды ғой, әрине жаман адамдар барлық ұлтта да болады емес пе?
@Асхыч Жыл бұрын
@@user-fx4um3pi9h сен сол кызды асырап ала аласынба? Асырап ала алмайсынго, онда сойлеме.
@Svet831 Жыл бұрын
Америкадада қорлық көрген қанша бала бар ? Оны сіз білмесізғой!!!
@ГульнарГульнар-ы4ь Жыл бұрын
Көбінесе, бала тәрбиесіне біздің ұлтымыздың көпшілігі немғұрайды қарайтыны құпия емесқой. Әйтеуірі, қарны тоқ , киімі бүтін болса болды деп жүреберу ата аналардың бойындағы міндеті сияқты бар тәрбиесі .... Баланың ішке дүниесіне үңіле білу, оның осал жерлерін түзеп мықтылау, қай ортада қандай дамышулық алып жатқаны ойына кіріп шықса жаман болмас еді. Ойландыратын, қазағымыздың өз ұрпағына деген санасын жанжақтылығын , көтеретін, өздерінің балаларының тәрбиесіне толық сүйіспеншілікке, жауапкершілікке жетелейін бағдарлама осы жетім балалардың арқасында. Тәңіріміз бұныда бекер істемеген шығар. Еңсесі түскен қазақ жұртыма , ұрпақтарының жақсы болуына әсері болсын деп . Солай болғай🙏 Біздің алтындай болған қаракөз балаларымыз бұл қиын өмірде зұлымданбай мықты, даналы, көрегенді болып осүді Алламыз нәсіп етсін. Бұның барлығы баяғы ата бабамызға тән қасиеттерғой. Отаршылықтың езуінде қалып , өзімізді жоғалтқандай болдыққой. Тілімізден ділімізден айрылып , көрінгенді қолпаштап аянышты жағдайға түспедік емес пе? Түбі жақсы болғай. Алға Қазақстан! 🙏🙏🙏❤❤❤
@БауыржанРустем-ч7н Жыл бұрын
Бәріне топрақ шашпаңыз, қазақтардың талай отбасылары бар, бір ғана бала асырап емес, 4, 5, 6, 7, 10, 12- кі балаға дейін асырап, әр-түрлі ұлттың балларын өсіріп, жетілдіріп , қыздарын қияға, ұлдарын ұяға қондырып, жап-жақсы тәрбие берген отбасылар жетерлік … Сол себептен бәрі бірдей емес, бәріне топрақ шашпаңыз, өзіңіз қазақ болып солай жазсаңыз өте ұят. Америкалық аналарға үлкен рахмет!!! Кез-келген ұлттардың арасында жақсылары да бар, сол сияқты жамандары да бар … Осы бағдарламаның басқа видеоларын көрсеңіз, айтады асыранды қыз, сол Америкада кемсітеді талайы, дискриминация бар ол жерде де
@danaa2520 Жыл бұрын
Осы бағдарлама үшін Жанар Байсемізге үлкен алғыс, әрбір бағдарлама жүрек қылын тербетеді.
@ГульнараЕримбетова-с7м Жыл бұрын
Үшеуі де ақылына көркі сай әдемі, ақылды, байыпты қыздар екен! Сол қалпыларыңнан таймай бақытты баянды өмір кешіңіздер қандастарым❤ Аналарыңыз сияқты аяулы да ардақты көп балалы ана болыңыздар🥰Сіздерге әрдайым тілекшіміз! Аналарыңыз 💯 жасасын өте керемет жандар екен жүректері мейірімді сондай сіздердей баланы маған сыйлаған туған аналарына көп рақмет деп алғыстарын білдіруде! Менің бір байқағаным ол жақта алғыс айтудың қадірін білетіні қатты ұнады! Әрдайым жолдарыңыз ашық болсын, аман болңыздар!🫶🥰😍💐
@ЖаннаАхметова-й2щ Жыл бұрын
Қазаққа баласынан көрі, елдің пікірі маңызды болып түр ғой. Өкінішке орай😢😢
@ГазизаКабылова-э5р Жыл бұрын
Соны айтам,қаны таза қазақпыз,біз солаймыз да былаймыз деп күпси бермей,шетелдік аналардың біздің балдарға берген тәрбиесін бағалайық,тіпті мүгедек ,ауру балдарды аяғынан тік тұрғызып,оларды да өмірге бейімдегендерін көріп оқып тіпті жүрегім шымырлады,ұяттан да,өкініштен де.Өз қазағымыз аура болды,жағдайымвз жоқ деп балалар үйіне тапсырған балдарды олар қатарға қосып,тағы оларға өскенде шындықты ацтып,қазақ екенін айтып үлкен сауапты іс жасап жатыр олар.Діні бөлек болғанмен тұла бойлары тұнған ізгілік,имандылық,мейірімділік деп мойындап отырмын😢.Бақытты болсын балалар!Асыраған аналарына мың да бір рахмет! Екі дүниенің нығметін берсін Алла!
@svetlanaayimbetova6415 Жыл бұрын
Дурыс гап ондай бундаймыз деп мактаныу орынсыз
@СаулеЕржановна4 ай бұрын
Аудармашы жандарға үлкен рахмет.Жүрекке жеткізіп аударып отыр.Дауыстарыда жағымды.Жарайсыңдар Мың рет қараймын осы бағдарлаланы.Бақытты ұл - қыздарды көріп қуанамыз.Елге келіп кетіп жүрсе .Туысқан бауырларымен кездесіп араласады ғөй.
@Mlcmax1999 Жыл бұрын
Какие воспитанные, красивые девушки. Это судьба.
@happyhappy48811 ай бұрын
Tracy you are a real hero as well as other mothers adopting our Kazakh kids❤
@БакытхульМакышева Жыл бұрын
Жанар сізге үлкен рахмет. Көрген адамға көп ой салатын , ұлтымыз,еліміз үшін маңызы бар хабарыңызға.Үлкен жетістік тілемін. Қазақпын деп қол бұлғаған Қыздарымыз сұп сулу,ой өрісі биік,білімді және осындай мәпелеп,мейрімді,ақылды етіп өсірген, Аналарына алғысымыз шексіз.❤
@tastv4158 Жыл бұрын
Американың мәдениеті көзқарастары неткен керемет, алға дамып кетіпті. Ал, біздің мына солтүстіктегі көршіміз шовинизммен ауырып ешкімді менсінбей империя құрамыз деп жүр.
@ЗухраКунтуарова Жыл бұрын
Жаннаны бағып,қағып,керемет тәрбиелегені үшін мың алғыс.
@ЗухраКунтуарова Жыл бұрын
Анасына
@Олжасовна-л9г Жыл бұрын
Жанна жаным😍😍😘😘 Аман бол😊сол 10-жыл бұрын жылап қалғаныңды көріп,жүрегімнен кетпедің,неге жыладың деп,өзіңді көріп қуанып қалдым😍😘Жолын әрдайым ақ болсын🤲🤲🤲 50:39
@Карла007 Жыл бұрын
Бекканың мамасын,көрген кезде менде актрисаға ұқсаттым , Американың әдемі актрисалы сияқты екен дедім , Бекка мамасына ұқсап кетіпті , екеуіде әдемі ,семьясы өте керемет жандар екен, қыздарымыз бақытты болсын , өмірден еш жамандық көрмесін, жыламасын.
@КайыржанИскаков-о9и Жыл бұрын
Бақытты болсын қандастарымыз ❤
@ДинараНурлыбаева-й3н Жыл бұрын
Спасибо Вам Родители усыновленных детей,Пусть Аллах даруют Вам высшей степени рай🤲🏻
@sonya723 Жыл бұрын
Dear beautiful parents ❤ thank u for your all care, love ❤️. You are so strong women. Your daughters and Kazakh people are proud of you. From the bottom of my heart, thank u 🙏
@galiaraiymbekova650 Жыл бұрын
Қандай әдемі, тәрбиелі қыздар. Қайда болса да аман болсыншы
@МарияНышанбаева-я2ц Жыл бұрын
Асырап алған аналарына алғысым шексіз ,жақсы тәрбие берген екен, бақытты болсын
@gulzira5596 Жыл бұрын
Салтанаттың анасы мен әжесі қандай әдемі қартайған.
@АйманБегалиева-е3щ Жыл бұрын
Салтанат Баққан Анасына қатты ұқсайды Алла шипасын берсін
@nazymkaldybayeva4044 Жыл бұрын
Мына балалардың ой -өрісі кең, түсініктері өте терең, керемет! Амалсыздан ерте есейген балалар өкінішке қарай. Мамалары сондай жақсы тәрбие беріпті! Қайда жүрсе де аман болсыншы! Бақтары ашылсын!
@uu4398 Жыл бұрын
Американдықтар бала тәрбиесине улкен мән береді,ойларын ашық еркін жеткізіп,адамдарды кабылдау,тұлға ретінде дамыту👍
@КүнжәнРәзи Жыл бұрын
Он сегіздегі қыздың сөзі де Керемет.Анасына көп рахмет ақылды, ой--өрісі кең,ерекше дара тұлға тәрбиелеген.Осы жобаны көп көремін.Кейде шет елдегі қазақ балалар ақылды ма деген ой келеді.Тағдырдың жазуы осы болып тұрса амал не.
@МадинаИсмаилк Жыл бұрын
Казак Кыздары Бактылуу болсун Супсулуу Кыздар Салтанат Ото тушунуктуу Кыз экен
@timgarov5358 Жыл бұрын
Какие красивые и умные мамы у девочек. Счастья им.
@gulshat28511 ай бұрын
Аман жүрсе екен балапандар,Алла жар болсын.
@ЛяйляИсагалиева Жыл бұрын
Огромную благодарность хочу выразить Американским Матерям, за Жанну, Клару и Ребекку, за то что дали этим девочкам достойное воспитание, любовь и заботу, дай Бог вам счастья и здоровья
@guldenbeibet220 Жыл бұрын
Мемлекетіміз бай кең байтақ жері бар деп мақтанғанымызды қайтейін, кіп кішкентай балаларымзға сидырмай, қамқор бола алмай , өзектен теуіп отырсақ.
@ШолпанНаурызбаева Жыл бұрын
Не деген ақылды балалар!!! Мүмкін бұл балалардың тағдыры осылай болғаны да дұрыс шығар деген ойға еріксіз келесің, өйткені оларға америкалық аналары берген мүмкіндік бұл жақта болмас па еді?...😢 Осы бағдарламаны күтіп жүріп көретін болдым, ағыл-тегіл жылап отырып көремін... Қайран қазағым-ай дейсің еріксіз...😢😢😢😢😢
@tele3100 Жыл бұрын
Салтанат пен Дана өте бақытты екендіктері көрініп тұр. Жаннада сәл қиналыс бар ма деп ойлаймын. Үш қыз да өте сұлу қыздар екен. Салтанат Өскеменге келгенде анасының жағдайын көріп көңілі түскен сияқты.
@МайгульЧабинярова11 ай бұрын
Бағып алған Анасы қандай күшті Колсай, Астана, өзінің балалар үйіне дейін апарып көрсеткен❤️
@Kz-lg7vf11 ай бұрын
Керемет бағдарлама❤️❤️❤️ Өте қатты ұнайт
@ПаридаЖуматаева Жыл бұрын
Қандай аянышты. Қазақтар өз тілін білмейді. Асырап алған анасына мыңда бір рахмет!Биологиялық анасынан әлде артық. Аман болсын!
@bakhytlotus7833 Жыл бұрын
Балалар өсіп ,керемет тәрбие алыпты. Ең бастысы әрқайсысының бойында үлкен адамгершілік бар екені көрініп, білініп тұр. Асырап алған аналарына алғыстар сансыз болсын. Балалар мен Қазақпын . Мен Қазақстанда туылғанмын деп Ұлы Қазақ даласының ұрпағы екеніне мақтанатын сияқты. Ал бірақ шындығында бұл балаларды көп долларларға сатып жіберген сол Ұлы Дала Қазақ елінің ұры билігіндегі алаяқтар. Бала сатып ,байып кеткен шенеуниктер әліде шалқып өмір сүруде. Иә балалар асырап алған отбасында өте бақытты ,өмір жолдары да ашық, жарқын екен тамаша. Ал біздер Қазақтар үшін бұл бала сатқан іс - алаяқтық -саудагерлік үлкен күнә мен трагедия . Құдай алдында кешірімсіз үлкен күнә. Ешқандай жақсылық іспен жуылмайтын -шайылмайтын қара дақ Қазақ сүйегіне түскен, әрбір терең ойлау ,түсінігі бар Қазаққа . Бұл балалар әлі жас болғандықтан көп нәрсеге терең мән берген жоқ әлі. Қазақстанды көргім келеді ,барғым келеді деп мақтан тұтып жүр. Ал Қазақстан мемлекеті қарабет ,сатқын, ( әсіресе бала сатудан алдағы мемлекеттер қатарында дүние жүзінде) екенін түсінгенде ,қандай жиіркеніш тудырары сөзсіз белгілі. Туған шеше бір тастап , (әкелері тірі өліктер немесе алаяқ оңбағандар деп санаймын ) артынан мемлекет сатып байып қалғанын ешкім ұмытпасын ешқашан. Бұл балалар тағдыры -біздің Қазақ ұлтының үлкен қайғысы мен қасіреті деп түсінем. Әй қайдам күнде интернетте айқайлап ,шулап , өтірік күлкі мен мақтауды жақсы көретін , той тойлап жүрген қазақтарды көрсем, жүйкем тозады. Тырақылық пен ысырап ешкімді ешқандай жақсылыққа жеткізбеген бұл өмірде. Бала сатып ,елін сатып ,жерін сатып күнін көрген қазақтардың аты өшсін.
@sol_janym Жыл бұрын
Такие красивые и открытые дети, с большим сердцем, очень мудрые, это все заслуга родителей, которые взяли под своё крыло, ангелы на земле🤍
@АяжанБайтурсунова Жыл бұрын
Жанымау қанын қазақ болғадықтан,қазақтын бесбармағы,бауырсағы ұнағаны гой.😢
@ЖаннаОрынбасарова-ж2м Жыл бұрын
Керемет әдемі түсірілім, асырап алған аналары қандаё мейрімді, махаббаттвры мол, қыздарды текқана өмірдің жақсы жағынағана тәрбиелеген, Жанар сізгеде көп рахмет, Қазақстан ның балалар ын көріп мәз болып қалдық. 🙏👍😘😘😘
@ТолқынӘріпжан Жыл бұрын
Не деген керемет теңеу, керемет сөздер, қаншалықты Қазақ болсақта бұлай сөйлегендерді әлі кестестірмедім. Ең мықты маңызды терең мағыналы сөздер, жүрегіңді тебірентеді екен.
@Titanclockman Жыл бұрын
Қандай әдемі қыздар! 😍Кешіріңдерші бізді!🥲
@gulmira62 Жыл бұрын
Осы бағдарлама ерекше мен үшін ❤ Өте керемет жандарды көріп терең ойға түсіп отырмыз 🤔 Балардың жолы қиын болсада , оларға сондай мейрімді қайырлы адамдарға тап болғанына қуанып жатырмыз 👏 Әрдайымда қайда жүрседе жолдары АҚ БОЛСЫН 🇱🇷🙏🇰🇿
@amikofly7289 Жыл бұрын
🇺🇸американың туы осы, қателесіп кетіпсіз😅
@gulmira62 Жыл бұрын
@@amikofly7289 🙏
@МадинаМолдадосова Жыл бұрын
Бул не деген адамдар ,не деген кен журектти адамдар.Еки дуниенин бакытын корсин .
@СаягульОралбай Жыл бұрын
Тапқанға ма , баққанға ма деген. Аналарына мың тағзым. Қандай адам қылып шығарған шақалақтарды. Бақытты болсын қырмызы қызғалдақ қыздарымыз. Өз баласынан артық көрмесе , кем көрмей өсіріп , бағып , білім берген Аналарына мың алғыс. Алла разы болсын! Екі дүниенің бақытын тілеймін! Енді бақтары ашылып , жүректерінің сыңарын тауып , үлкен ордалы отбасы болса екен! Аман болсын!!!!
@Kazakhheror Жыл бұрын
Көзге жас келді 😢😢😢 🙌🏻🇰🇿 Аман жүріңдер қарындастарым! Жанар ханым сізге көп көп рахмет Аман жүріңіз! Алла разы болсын істеріңізге! 🫶🏻🇰🇿 Әр қазағым жалғызым!
@АйымАйым-ь3я Жыл бұрын
Сәлеметсіңдерме қыздарым Қазақстанда өмірге келіп шет елге ассаңдар да сендер ең бақытты қызсыңдар себебі сендерді асырап алған аналарың нағыз жүректі балажан ұлты басқа болса да иманды нағыз аналар болып сендерге бар нөмірлерін арнап бар аналық махаббаттарын силады сол себепті сендер де ақылды нағыз қазақ қыздарындағы мейірбандылық қасиеттеріңді баққан апаларыңды туғандай силап екі жақтан туыстарың көбейіп отыр басынан аяғына дейін көріп сендердің бақытты болуларыңа тілектес бола отырып қуаныштан жылап алдым осы хабарды жүргізуші қызым сендерге өсірген аналарыңа миллион рахмет айтам.Әйімбүбі апа.Алматы қаласы
@Shokendi Жыл бұрын
Керемет тәрбиелері! Алып кеткендері жақсы болған екен - әйтпесе осындай ақылды, бақытты болып өсулері екі талай. Осы "балдарды сатып жатыр, тиым салу керек!" деп жазып жатады бірақ өзім Қазақстандағы балалар үйінде өскендерінен көрі, он жерден шетел ассада, жағдайлары осындай болғандарына қатты қуанып отырмын - әрі үйлері бар, жақсы көретін аналары бар, оқыған тоқыған, керемет тәрбие білім алған... Одан артық не керек?! Бізде асыранды түгілі туған бауырларының балдарын шеттетіп жатқандар да бар, соарды ойлағанда мыналар нағыз Адам екен!