Qobyz | Деректі фильм | Qagan production

  Рет қаралды 1,221

Qagan Production

Qagan Production

22 күн бұрын

___
Арнамызға жазылыңыз, бөлісіңіз! Қазақ контентінің дамуына өз үлесіңізді қосыңыз!
___
Біз тарихтың, тұлғаның, табиғаттың, топонимнің сырын ашайық!
___
Instagram - / / qagan_news
Fb - / qagankz
Тик-Ток - / qaganproduction
Телеграм - www.t.me/qagan_news/
Gmail.com - qagan.media23@gmail.com
Сайт: qagan.kz
Қорқыт дәуірінен Ықылас заманына күңірене, Сыр бойынан Сарыарқа даласына еңірей ұласқан көне аспап - қылқобыз.
Ол үн қатқанда көз алдыңа үдере көшкен жұрт, уілдей билеген жел, ұлыған бөрі елестейді.
Сондықтан, бақсылар оның дыбысын тылсым әлемнің кілті деп есептеген.
Қобызды қарағайдың түбінен қайырып, үйеңкінің түбінен үйіріп сиқырлы құдірет иесінің қолына ұстататын - балташы.
Қарт Қарқаралының Қу өңірінде осы киені пір тұтқан ағаш шебері бар екен.
Ағаш ұстасы бір аспапты екі аптадай уақыт жасайды екен. Оған арналған ағашты да тұз салынған суға қайнатып ширатады. Өйткені, бұл ағаштың жарылып кетпеуіне сеп болады.
Қобыз жасау үдерісі кезінде жылқы құйрығының қылы мен арқардың мүйізі де негізгі материал ретінде кәдеге жарайды.
Шебердің өнері музыкалық аспаптарды жасаумен ғана шектелмейді. Оның жасаған мына күбілерінің кейбірі қарағайдан ойылса, көбі қайыңнан кертілген.
Жалпы, біреудің "белая береза" деп қастерлеп, өз символына айналдырған қайыңға деген құрметі Түркілерден жеткен болуы керек.
Өйткені, көне Түркі мифологиясында: "Ұмай ана көктен қос қайыңмен түсті" деген аңыз бар.
Ұмайдың бейнесі тіршілік болса, бабалардың көне аспаптары өмірдің үнін жырлағандай.
Ағаш ұстасы Төлеген ағамыздың қолынан шыққан көптеген тұрмыстық бұйым көрші ауылдарға тапсырыспен жөнелтіледі екен.
Сонымен қатар, шебердің негізгі жұмысы Тәттімбет атындағы Халық театрының суретшісі болғандықтан, Мәдениет үйінің сахнасындағы көп декарация сол кісінің туындысы.
Жалпы, Қарқаралы ауданының алыс түкпіріндегі Төлеген шеберге заманауи құрал-жабдықтардың жетпейтінін көз көрді.
Оны сатып алуға ауылдағы қарапайым адамның жағдайы жете бермесі белгілі ғой.
Ендеше мемлекет тарапынан осындай ұсталарға арнайы грант берілсе деген шебердің назы да бар.
Өйткені, бренд қалыптастырып, жұмысты бір жүйеге келтіру үшін біршама қаражат қажет.
Қобыздың өксіген үні шыңырауға түсірсе, сиқырлы әуені шың басына жетелейді.
Қарқаралы өнер мектебінде қалған жалғыз қылқобыз шебері Әлия Қапашова, Тәттімбет атындағы колледж бен Құрманғазы есімін иеленген Консерватория түлегі.
Білікті ұстаз, көптеген республикалық жарыстың лауреаты.
Бір замандарда: "Қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай түсінбеушілік кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай, ескіліктің қалдығы саналып, жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды", - деген екен музыка білгірі Затаевич.
Бірақ, кейін Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ірі қобызшы музыканттардың арқасында бұл аспап қайтадан түлеген.
Қазірде қазақ қоғамының бір парасы осы киелі аспапқа көзін алартатыны жасырын емес.
Тек, тарихи-этникалық мәдениеттің көне көзін рухани асылға балап сақтап қала алмасақ бізге сын.
#қобыз #кобуз #кобыз #ұлттықаспап #ұлттықөнер #қорқыт #ықылас #қазақкүйлері #шебер #қазақшеберлері #қолөнер

Пікірлер: 17
@user-eo2yf8wi2k
@user-eo2yf8wi2k 20 күн бұрын
Төлеген, жерлес! Тамаша! Еңбегіңіз жансын!
@user-bc8dg5ty9s
@user-bc8dg5ty9s 20 күн бұрын
Тамаша.Әлия мнктебіміздің түлегі,өнерің өрлей берсін.
@bahythasenova5264
@bahythasenova5264 20 күн бұрын
Құрманғазы бауырым сағанда мың алғыс. Осындай қазақ өнерін дəріптеп .Жас ұрпаққа діріптеп жатканыңа. Журналистік еңбегіңе үлкен табыстар тілеймін.
@bahythasenova5264
@bahythasenova5264 20 күн бұрын
Шебер жерлесімнің қолына куат берсін. Өнерге жаны ашыған адамдар көбейіп. Қобыз аспабын ойнайтын қобызшылар көбейсін. Шебер қолыңызға дерт бермесін. Кандай өнерлі азамат. Ұзақ өмір.зор денсаулық тілеймін. Отбасыңызға бақыт тілеймін.
@user-vf7re2oq3b
@user-vf7re2oq3b 20 күн бұрын
Алла өмірің ұзақ болсын!Бұдай шеберлер қазірде аз елімізде өнерің өрге жүзсін!Керемет!
@user-xt8rt9ok4i
@user-xt8rt9ok4i 20 күн бұрын
Кушти ❤🎉
@user-wk9lf1or2m
@user-wk9lf1or2m 20 күн бұрын
👏👏👏 еңбегіңіз еленсін! Тамаша
@user-li6qb1gm8s
@user-li6qb1gm8s 19 күн бұрын
Куаныштымын Енбегин жана берсин Нагашым
@user-dr4hz2lv1m
@user-dr4hz2lv1m 20 күн бұрын
👍👍👍
@aisuluibrasheva6886
@aisuluibrasheva6886 16 күн бұрын
Еңбегіңіз елене берсін 👍👏
@user-el3uq4mu1j
@user-el3uq4mu1j 16 күн бұрын
Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз!!!
@user-qf3vs2su9k
@user-qf3vs2su9k 20 күн бұрын
Енбегин жансын! Куаныштымын,енбегыннын еленып,ел багалап жатканына
@user-bc8dg5ty9s
@user-bc8dg5ty9s 20 күн бұрын
😅Шебердің қолына дерт бермесін. Осы қобызды аңыратып отырған Әлия оқушымыз,жарайсың.Өнерің өрлей берсін.Тамаша.
@user-by8hz8iq5i
@user-by8hz8iq5i 19 күн бұрын
Насихаттар жігіттер, салып сауын, Қолөнерді бағалар болсын қауым... Қазақтың қолөнері қолдау көрсін, Алатындай қашанда көздің жауын!
@user-ff9fg6uy1j
@user-ff9fg6uy1j 16 күн бұрын
Тамаша
@ahmetov_jaqan
@ahmetov_jaqan 18 күн бұрын
Тамаша! 👍👍👍
@gggggg-li8ql
@gggggg-li8ql 15 күн бұрын
👍🏻
Қобыз - 1 сабақ
5:45
Elbasy Medali / Медаль Елбасы
Рет қаралды 7 М.
Иран президенті қаза тапты
8:08
Ойтүрткі
Рет қаралды 39 М.
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 7 МЛН
Зу-зу Күлпәш. Стоп. (1-бөлім)
52:33
ASTANATV Movie
Рет қаралды 1,1 МЛН
Who Will Eat The Porridge First The Cockroach Or Me? 👧vs🪳
00:26
Giggle Jiggle
Рет қаралды 10 МЛН
ҚЫЛ ҚОБЫЗ САРЫНЫ.KOBYZ.KAZAKHSTAN
1:09
menzheztyrnak
Рет қаралды 158 М.
BOO MORGOL
7:26
Goviin Naran TV
Рет қаралды 268
Біздің елдің жігіттері.
5:03
Дінисламбек Жайлаубай
Рет қаралды 91 М.
Маңмаңгер Салыковтар отбасы
4:27
Салықовтар отбасы
Рет қаралды 214 М.
Еркін Шүкімән - Шашыңнан иіскейін
8:40
Quyrdaqtyn Kokesi
Рет қаралды 35 М.
Елім-ай қыл қобыз Адлет Азбаев
1:00
Адлет Азбаев
Рет қаралды 44 М.
Зомби Апокалипсис  часть 1 🤯#shorts
00:29
INNA SERG
Рет қаралды 7 МЛН