Райхан бұлақ. (әңгіме) Нүсіпхан ҚЫСТАУБАЕВ

  Рет қаралды 416

Қабілеттің аудио арнасы

Қабілеттің аудио арнасы

2 ай бұрын

Қыстың бір қарлы боранды түнінде тыста ит үрді. Үйге көрші қыстауда отыратын малшы шал кірді. Үсті-басы аппақ қар, бір құшақ суық ызғарды ішке ала кірді.
- Күлипа, осыдан солтүстікке қарай
бес-алты шақырымдай жерде бір автобус омбы қарға тіреліп, ары-бері жүре алмай кептеліп қалды. Қалай қаладан шығып кеткен деп таңырқап отырмын. Ішінде он бес шақты балалар бар, Талдықорғанда бір пәннен жарыс болып, соған қатысқан оқушылар екен. Телефондарың істесе, қалаға хабар айтыңдар.
- Телефон істемегелі қай заман, қу дүние тоқырап тұр ғой. Трактор да жүрмейді, майы жоқ. Тракторшылар қалаға қайтып кеткен, Райхан екеуміз ғана отырмыз.
- Ойбуу, онда ана балалар таң атқанша қатып өледі ғой. Аяз ақырып тұр. Енді қайттік?
Райхан асығыс киіне бастады:
- Мен ат шанамен оларды алып келемін.
- Ой, қызым, мына ақ түтекте өзің адасып кетесің. Адасып кетсең, өлесің ғой, сорлы! - деп, қарсылық көрсетті шешесі.
Райхан тысқа шығып, көк атын жайдақ шанаға жеге бастады. Шана өрге қарай тартып барады. Қарлы боран ысқырып тұр. Суық ызғар қыздың жеңінен кіріп, мойнынан шығады, бұлай болар деп ойламап еді, бүріп ала жөнелді.
Қыз келгенде балалар автобус ішінде мойындарын ішке тартып, бұйығып, бүрісіп отыр екен. Жай оталып, ішке өлмеші жылу беріп тұрған автобустың бензині бітуге таяу қалыпты. Райхан келмегенде қайғылы оқиға болатыны анық. Қыз балалардың жартысын шанаға сиғанша отырғызып, бір сағаттан аса уақыт өткенде үйге алып келді. Балаларды ішке кіргізіп, кідірмей шанасын кері бұрды. Тағы бір сағат шамасында қалған балаларды шопырымен қосып, жылы үйге кіргізді.
Оқушы балаларды құтқарам деп арпалысып жүргенде алкеуде қыз суық өткізіп алғанын сезбепті, ертеңінде қызуы көтеріліп, қатты ауырды. Осы ерлігі байғұс қызға пәле болып жабысты. «Аса қайрат жанға қас» деген осы да...
Біраз жылдар өтті, жасы жетіп апасы, ауыр сырқаттан шешесі көз жұмды. Аурушаң, дімкәс қыз жиі-жиі ауруханада жатып ем алатын болды. Күнкөріс қамымен базарға шығып, сауда жасайтын еді, қысқы қара суықта мөлиіп далада тұру оңдырсын ба, ауыруы одан бетер асқынды. Қыздың күйі осылай болған соң кім қызыға қойсын, күйеуге де тие алмады, жалғызілікті күн кешті.
Соңғы рет ауруханада жатқанында дәрігер кеудесін тыңдап, анализдерін тағы бір тексеріп көрді де, дәлізге шыққан соң медбике қызға бұрылып:
- Кезінде қолдаушысы болып, жағдайы келіскенде Алматы, Астана барып, атақты жекеменшік клиникаларда емделгенде жазылып кететін бе еді. Обал-ай, енді кеш... - деп, өкінішпен басын шайқады.
Түнге қарай Райхан палатасынан әрең ілбіп шығып, фойеге келіп еді, теледидардан бір таныс бейне сөйлеп отыр екен. Хабар жүргізуші қыз:
- Сіздер жазушы Мейрам Омаровтың шығармашылығы туралы «Жазушымен жүздесу» бағдарламасын көріп отырсыздар. Мейрам аға, атақты орыс жазушысы Чехов «Краткость - сестра таланта» деген ғой. Сіздің де әңгімелеріңіз қысқа, артық ауыз суреттеулер, баяндаулар жоқ, шымыр да жұмыр болып келеді. Әсіресе, соңғы «Райхан бұлақ» деген шағын әңгімеңіз оқырмандарға ізгілік, мейірім туралы, адамдардың немқұрайлықтан ада, бір-біріне деген сүйіспеншілігі сияқты мәңгілік құндылықтарды тағы бір қызық қырынан көрсетіпті. Тегі, сіз сол асыл қасиеттерді үнемі қарапайым адамдардың бойынан іздейтін сияқтысыз. Осы әңгіменің кейіпкері өмірде болған жан ба?
- Ия, ол болған жан. Мен өрімдей сол қызды кездестірген жер о баста «Райком бұлақ» деп аталады екен, мен оны «Райхан бұлақ» деп атадым, сол дұрыс сияқты. Шынында, Райханның өзі сол бұлақтай мөлдір, көктемде ұшқан көк қанат көбелек сияқты, даланың шыр-пыр еткен елгезек бозторғайы сияқты, тіпті.., қалай айтсам екен.., ақ жаңбыр желбіреп өткен соң ылғал жапырақтарды жылтыратып секіріп ойнайтын күн сәулесі сияқты шұғылалы, ерекше жан еді. Мен ауыр депрессияны бастан кешіп, тіпті өмірмен қоштаспақ болған сәтімде жүрегіме жол тауып, шапағатшы болған, мені қайта тірілткен, өмірге деген құштарлығымды қайта оятқан сол қыз бала.
‪@Khabilet‬

Пікірлер
Рамазан мерген. Ақселеу Сейдімбек @Khabilet
14:56
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 1,1 М.
When someone reclines their seat ✈️
00:21
Adam W
Рет қаралды 24 МЛН
ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ БАБУШКИ #shorts
00:19
Паша Осадчий
Рет қаралды 7 МЛН
Көбеш батырдың қаратөбелі.  Шынай Рахметұлы.  @Khabilet
10:40
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 432
“Мақсаттың мамасы сияқты”
21:12
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 23 М.
МҰХТАР МАҒАУИН "СКРИПКА БІЗДЕН ШЫҚҚАН"
19:20
Серікгүл Сұлтанқажы
Рет қаралды 6 М.
Сағынышым, жан анашым!  Жамал апа
15:50
KALILAFILM / Деректі кино әлемі.
Рет қаралды 53 М.
Сиқымнан шыққан балуан. @Khabilet
7:19
Қабілеттің аудио арнасы
Рет қаралды 696
Әсерлі әңгіме (болған оқиға желісімен)
3:35
Qaiyrolla Kenzhebek
Рет қаралды 47 М.
Әкем тірі болғанда ...  Әсерлі видео
13:36
Talim TV online
Рет қаралды 61 М.