Жүргізуші куәлігі жаңа ереже бойынша қалай беріледі?

  Рет қаралды 25,050

novosti khabar2016

novosti khabar2016

Күн бұрын

Автомектепке бармай-ақ, жүргізуші куәлігін алуға болады. Ол үшін теория мен тәжірибені игеріп алсаңыз болғаны.
Заң сәуір айының соңында күшіне енеді. Бірақ оны қазірден бастап қоғам қызу талқылап жатыр.
Жаңа өзгеріс бойынша, құжат Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі. Еліміз бойынша олардың саны - 11.
Аталмыш өзгерістің қалай іске асатынын бүгін журналистерге мамандар көрсетіп берді.
Эльвира Тағайқызы, тілші
-Жаңа талап бойынша жүргізуші куәлігін алу үшін мынадай Халыққа қызмет көрсету орталығына келу қажет. Ол үшін өзімен бірге жеке куәлік және медициналық анықтама болса болғаны. Тіркеу орнына келсеңіз, арнайы талон беріледі. Ол талонды алып, залға енесіз. Айта кету керек, бұл өзгеріс А және Б категориялы жүргізуші куәлігін алатын азаматтарға арналған. Сондай-ақ осы залда мемлекеттік төлем төлеуді де ұмытпаңыздар. Оны кассаға келіп, 2651 теңге көлемінде мемлекеттік төлем төлейсіз. Сонымен қатар егер қолыңызда медициналық анықтама болмаса, оны да осында келіп, рәсімдеуге болады. Барлық құжаттармен сіз жүргізуші куәлігін рәсімдеу залына барасыз. Рәсімдеу залында кез келген бос тұрған маманның алдына барып, құжаттарыңызды өткізесіз. Содан кейін арнайы фотосуретке түсесіз. Жүргізуші куәлігі үшін қажетті қолтаңбаны да осы жерге қоюға болады. Оған дейін маман барлық құжатты дайындап қояды. Оны алып емтихан тапсыратын залға кіресіз. Барлық құжаттарды дәл солай инспекторге өткізесіз де, өзі көрсеткен орынға жайғасасыз. Емтихан ережесі бойынша 40 сұрақ беріледі. Оны сіз 40 минут ішінде жауап беруіңіз керек. Емтихан аяқталған соң оның қорытындысын білу үшін инспектордың алдына барамыз. Ол бізге қорытынды қағаз береді. Нәтиже бойынша мен емтиханды сәтті аяқтаппын. Барлық құжаттардың инспектордан қайта алып, тәжірибе жүзінде емтихан тапсыруға барамыз. Тәжірибелік емтиханға 20 минут уақыт беріледі. Ол уақыт аралығында жүргізуші нұсқаушымен бірге алаңды толық аралап, тиісті жаттығуларды орындап шығуы тиіс. Көріп тұрғандарыңыздай, көліктің іші толық автоматтандырылған. Барлық ереженің дұрыс орындалу, орындалмауын мына құрылғы анықтайтын болады. Айта кетерлік жайт, жүргізуші егер бұл жолы сынағын тапсыра алмаса, оған тағы екі мүмкіндік беріледі. Егер оны да тапсыра алмаса, алаңға жарты жыл бойы кіруге рұқсат жоқ.
Авторлары: Эльвира Тағайқызы, Мейрамбек Ақмаханов

Пікірлер: 18
ЖЕКЕ КУӘЛІК МЕРЗІМІ ӨТІП КЕТСЕ...
3:06
OŃTÚSTIK TV
Рет қаралды 5 М.
小丑家的感情危机!#小丑#天使#家庭
00:15
家庭搞笑日记
Рет қаралды 34 МЛН
Don't look down on anyone#devil  #lilith  #funny  #shorts
00:12
Devil Lilith
Рет қаралды 47 МЛН
Kluster Duo #настольныеигры #boardgames #игры #games #настолки #настольные_игры
00:47
Құжатта аты-жөнді өзгерту
1:45
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 12 М.
Most Strong Passports 2021
12:00
Гравитация
Рет қаралды 1,8 МЛН
Советский мультфильм про нашу жизнь !
13:49
Дедушка Аргентинца
Рет қаралды 5 МЛН
Көлік жүргізу куәлігін алу жолдары
3:08
Таңшолпан бағдарламасы
Рет қаралды 35 М.
小丑家的感情危机!#小丑#天使#家庭
00:15
家庭搞笑日记
Рет қаралды 34 МЛН