ҮРКЕР. «Исраил Сапарбай поэзиясы». Исраил Сапарбай

  Рет қаралды 792

Abai TV / Абай TV

Abai TV / Абай TV

Жыл бұрын

Исраил Сапарбай «Имани гүлдің төркіні»
00:10:08 Жүргізуші: Абай - қазақтың бас ақыны ғана емес, бас тақырыбы да. Қолынан қалам ұстаған адамның Абайға соқпай кетуі кемде-кем. Ал Абай жайлы кітап жазу екінің біріне бұйыра бермес бақ. Бүгін «Үркерде» Исраил Сапарбайдың «Имани гүлдің төркіні» атты кітабын талдауға жиналдық.
01:51:03 Жүргізуші: Осы уақытқа дейін қанша кітап шығардыңыз?
01:59:08 Исраил Сапарбай: «Бәленбай кітап шығардың» деп айта алмайсың. Шамамен 20-25 кітап жарық көрсе, өзің айтқандай тең жартысы поэзия. Қалғандары өзімнің өмір танымым, зерттеу мақалаларым.
03:22:18 Жүргізуші: Театрларға барсақ сіздің драмаларыңыздың афишалары ілініп тұрады. «Сыған серенадасы» деп айтсамда көренменге бірден түсінікті болады. Одан басқа өзіңіздің жазған әндеріңіз 200 -ден асты.
03:32:16 Исраил Сапарбай: Әндерге жазған мәтіндерім 300 ден асты.
05:50:10 Жүргізуші: Әйел тақырыбына неге құмарсыз?
05:54:03 Исраил Сапарбай: Сұрақ өте мағыналы. Кеңінен толғайтын. Ақынның әлемін ашу күрделі. Мен лирик ақынмын деп мақтана да алмайсың. Бірақ, Алланың берген қағазы мен қаламымен ішкі әлеміңді ақтарасың. Исраил деген азаматтың ішкі әлемі қандай? Мен мұнда жазған сызғаным - өмірді оқу, өмірді зерттеу. Өмірді өзіңе сіңіріп жіберу. Өзіңіз де сол кеңістікте барсыз. Әлемнен өзіңді іздейсің. Өзіңді іздеп тапсаң болды. Өзіңді тапсаң, өзіңді ашасың. Философия деуге де болады. Өзім есім кіргеннен бастап, әлемді ашып жүрген адаммын. «Әлем, әйел және мен» деген
кітабым әзірге ең соңғы кітабым.
08:19:19 Әлихан Байменов: Сіз сөз басында
Исраил ағамыздың ақын ғана емес, композиторлығында тілге тиек еттіңіз. 19 ғасырда біздің Ұлы ақындарымыздың бойындағы дарынды жалғастыру секілді. Себебі, Абайды алсаңыз да, Біржан мен Аханды алсаңыз да, олар өздері өлең жазып қойған жоқ. Ән жазып, әнді айтып, бүгінгі күнгі көріністердің бірі. Исраил, Мұхтар ағамыз секілді.
09:09:13 Әлихан Байменов: Исраил ағаға бұл тақырып жараса ма дегенге келсек, сөзсіз жарасады. Себебі бұл тақырып Исраил ағамыздың өмірсүйгіштігін көрсетеді.
Бұл кісі өз әлемін қалыптастырған адам. Екінші жағынан өмір жолын қарасаңыз, өте қиын кезеңде өмірге келді. Әкеден жастай қалды. Аналарының балаларын қандай қиыншылықпен өсіргені туралы талай әңгімелерінен естідік.
12:50:23 Қазыбек Иса: Дұрыс айтасыз. «Әлем, әйел және мен» дегенге ерекше екпін беріп айттыңыз. Бұл жерде осы тақырыпты ақтап тұр деп ойлаймын. Екіншіден Абайдан бастадық, «Махаббат» деген сөз Абайдан басталатын сияқты. Оған дейінгі ақындардан махаббат деген сөз кездестірмеппін. Мүмкін қателесермін. «Махаббат пен ғадауат» деген кітабы да бар. Біз бала кезімізден Исраил ағамызға еліктеп өстік.
14:09:02 Қазыбек Иса: Махаббат тақырыбында Исраил аға қыз қуған, қызық қуған тақырыптар жазған емес. Бұл кісінің өлеңдерінің бәрі «Мөлдір махаббат» . Томиристен бастап қазақ қыздарының қайсарлық келбеті әлемдегі керемет келбетін ерекше тұлғасын әдемі жырлайды.
17:36:22 Мен қазақ қыздарына қайран қалам (ән)
31:24:01 Әлихан Байменов: Әлемдік ойдың дамуында әдебиеттің орны ерекше. Қай заманда болмасын. Көптеген адамның дүниетанымын таныстыруда көркем шығарманың орны қандай?!
36:44:16 Қазыбек Иса: Бұл енді ақын деген де, азаматтық деген де бар. Бұл Исраил ағаның өлеңдері тек қыздарға арналған емес. Азаматтық өлеңдерін оқығанда сіздің бойыңызда руh кернейді, қуат пайда болады. Кейінгі кездері азаматтық өлеңдерінде көп жазды. Күнделікті баспасөзде жазып жүрді. Қоғамда болып жатқан оқиғаларға бұл кісі үндемей қала алмайды. Өзінің үнін білдіреді.
42:26:01 Исраил Сапарбай: Бұның бәрі өзіңді іздеу. Бір- ақ сөзбен айтуға болады. Өзіңді іздеу. Жарық дүниеден өзіңді іздеу. Маған ақын болып қалуға болады. Мен әнге неге бардым? Бұның бәрі сатылап келеді. Рухани дүниені бойыңа сіңіре бересің. Абай менің пірім шын мәнінде.
52:41:21 Исраил Сапарбай: Абай деген - даңғыл әлем. Шалқар теңіз, мұхит.
52:56:05 Абай әндері орындалады

Пікірлер: 5
@user-qq9vi5lw4o
@user-qq9vi5lw4o Жыл бұрын
Исраил ағамыз бұрқанған теңіздей әлі де айтары, жазары көп ақын...күндеріңіз шуақты, денсаулығыңыз қуатты болсын ! 😍👍
@user-mx4hv4td4b
@user-mx4hv4td4b 6 ай бұрын
Өте өте мағыналы да мәнді жазатын ақын
@user-tm7rs9zr2e
@user-tm7rs9zr2e Жыл бұрын
Әдемі әңгіме шертілді.
@user-to6eg3dd6q
@user-to6eg3dd6q Жыл бұрын
Өте жақсы келелі отырыс🇰🇿👍
@user-kw3kl1ij7n
@user-kw3kl1ij7n Жыл бұрын
Жаңа кітаптар құтты болсын, қай жерден сатып алуға болады екен ? Исырайыл ағаға мықты денсаулық тілеймін .
When Steve And His Dog Don'T Give Away To Each Other 😂️
00:21
BigSchool
Рет қаралды 15 МЛН
Универ. 13 лет спустя - ВСЕ СЕРИИ ПОДРЯД
9:07:11
Комедии 2023
Рет қаралды 2,8 МЛН
Абай жолы 1 кітап 1 бөлім
3:44:35
Abа Kaз
Рет қаралды 11 М.
Омар Жәлелұлы: Қазақ есін жинау үшін Абайды оқу керек!
1:22:24
DINARA SATZHAN / ДИНАРА САТЖАН
Рет қаралды 187 М.
Исраил Сапарбай "Бірегей  (05.05.2018 ж)
25:02
Телеканал Астана / Astana TV
Рет қаралды 3,8 М.