САЛТАНАТТЫҢ ТАҒДЫРЫ ҚАЙТАЛАНДЫ. АУДИОКІТАП. "ӨШПЕНДІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ" М.КЕНЖЕБАЕВ.

  Рет қаралды 19,531

Оқырман мектебі

Оқырман мектебі

17 күн бұрын

Мұрат Кенжебаевтың «Өшпенділік пен мейірім» әңгімесі шынайы, өмірде болған оқиға негізінде жазылған.
Автор біз өмір сүріп отырған заман күйін, қоғам шындығын ешбір қоспасыз баяндайды. Аталмыш туынды еліміздегі дәл қазіргі кезеңдегі өзекті мәселелерді қозғай алуымен де құнды. Атап айтсақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық. Бұл - Қазақстандағы ең үлкен мәселелердің бірі. Тіпті әлемдік тұрғыда алаңдатушылық туғызған еліміздегі орын алған қайғылы жайт бәрімізге де белгілі. БҰҰ дерегінше, елде жылына кемі 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады. Сонымен қатар, су тасқыны белең алған күрделі ел ахуалы да автор қаламынан тыс қалмаған. Қаламгер осы жайттың барлығын баяндай отырып, адами құндылықтардың маңызын жеткізе білген. Мал-мүлікке, байлық пен мансап буына мастанбай, шынайы да адал өмір сүруді, теріс әрекет пен зиянды қылықтардан, ащы судан аулақ болуды, өзгені сыйлай білуді, қажет кезде кімге болса да қолұшын созып, жәрдем беруді насихаттайды.
Қорыта келе айтарымыз, автор аталмыш шығармада дүниеқоңыздық пен пайдакүнемдікке, жауыздық пен жемқорлыққа, өтірік пен өшпенділікке қарсы қалам сілтейді. Оқырманын жүректің асылдығын, оның тазалығын сақтай білуге, өзіне және өзгеге мейірімділік танытып, адамдықтың ар шыңында кемелдікке ұмтылуға шақырады.

Пікірлер: 222
@zhannatym
@zhannatym 14 күн бұрын
Қыз деген ләзәт үшін жаралмаған, Қыз бала керексіз деп саналмаған. Қаншама ақындарда да өлеңдерін, Қызды сүй,жақсы көр деп тәмәмдаған. Қыз деген жаралмаған қызық үшін, Жаралмаған көше кезген бұзық үшін. Өмірге алып келген ата-анасы, Қор қылмауға барынша салып күшін. Қыз бала қорлау үшін жаралмаған, Ата жолын жалғайтын тарам-тарам. Ойларына келгенін кетер жасап, Қолы жетіп сол қызды ала алмаған. Өмірін ойран етіп бір ақ түнде, Өкіндіріп жылатып оны күнде. Әйел қылып аласын амалсыздан, Қара бет болмау үшін мына елге. Қыз бала күңдік үшін жаралмаған, Қызды қинап ешбір ел ағармаған. Үйде отырар дайын қылып шай-тамағын, Сапарыңнан кешіксең алаңдаған. Келгенде маза қашып жұмысыңнан, Түсінетін хәліңді тұрысыңнан. Ас дайындап жағдайыңды жасайтында, Адал болып бірге құрған тұрмысына. Тырысатын жоқты бар қылуға да, Тырысатын тату тәтті тұруға да, Ал сенің сонда қылған әрекетің, Айқайлап,қол көтеріп ұру ғана. Қыз жаралған сүюге,сағынуға, Жаралмаған қорлыққа бағынуға. Қыз жаралған қылықты боп еркелеуге, Жаралмаған “ұрмашы”деп жалынуға. Отымен кіріп,шығатын күліменен, Тыным таппай шаруа қылып күніменен. Өз өзіне қарауға шама болмай, Баласы үшін ұйықтамай түніменен. Тербетеді бесігін ана болып, Кең жүрегі мейірімге ғана толып. Қамқор болар әлемінің барлығына, Қалмас үшін жүрек солып,сана тоңып. Қыз болмаса келмес едің бұл өмірге, Түс беретін жарқыратып, сұр өңіңе. Дүниеге нұр беретін қыздар ғана, Сыйлайтын шаттық,жылу көңіліңе Жақпайды не қылса да қайын жұртқа Кереметсің сен бірақ уайым жұтпа Жастығыңды,жас күніңді құрбан қылма Бақытыңды баз біреулер үшін құртпа Жар таңдаудан қателеспе демес бекер Үлкен өмір еркелігің өтер кетер Аялайтын жар бұйырсын алақанда Сені көрсе төбесі көкке жетер
@Nazerke_Mukhamedzhan
@Nazerke_Mukhamedzhan 11 күн бұрын
Ма ша Аллаһ ❤ керемет жазылыпты 💗✨🌷
@biebitbekjanova1061
@biebitbekjanova1061 11 күн бұрын
Әдемі жазылған өлең екен.
@user-mn4ff8cb3y
@user-mn4ff8cb3y 11 күн бұрын
Ким жазган автор
@user-pk6ht8ic5j
@user-pk6ht8ic5j 11 күн бұрын
Керемет жазған
@zhannatym
@zhannatym 10 күн бұрын
@@user-mn4ff8cb3y автор өзім (Нұраждін Жанат)
@Atashova_Altyn
@Atashova_Altyn 11 күн бұрын
Бүгінгі күнге сәттілік, жарыста сыйлық ұтып қуанайық!!!
@user-zx6nn9su9q
@user-zx6nn9su9q 11 күн бұрын
Әумин Айтқаныңыз келсін🤲🏻
@user-fj6yq1nh7f
@user-fj6yq1nh7f 11 күн бұрын
Әмин
@user-gv1ik7ze1w
@user-gv1ik7ze1w 11 күн бұрын
Әмин
@user-oo7nn9vm1v
@user-oo7nn9vm1v 11 күн бұрын
Әумин
@user-qv9qi1pg1l
@user-qv9qi1pg1l 11 күн бұрын
Әумин
@user-mc6sr6vs7n
@user-mc6sr6vs7n 11 күн бұрын
Бәріңізге сәттілік,бұйырса әркім бұйырғанын алссын❤
@user-zw7bg1bq2y
@user-zw7bg1bq2y 12 күн бұрын
Осы кезде осындай немереге мейірімсіз ата әжелер көбейіп бара жатыр.Қорқынышты
@user-ij2pg6ue9j
@user-ij2pg6ue9j 12 күн бұрын
Қазіргі заманға сай туынды екен, қаламыңыз ұштала түссін! Қазаққа осындай әңгімелер көптеп қажет!!!
@user-ft3ho6jx3p
@user-ft3ho6jx3p 14 күн бұрын
Қазіргі болып жатқан жағдайды да қосып жазған. Өте керемет кітап
@electro8624
@electro8624 14 күн бұрын
Шын өмірде болған жағдай
@user-gv1ik7ze1w
@user-gv1ik7ze1w 11 күн бұрын
Менің ата енем сияқты екен. Олар өзгермейді не болсада. Бірақ мен жеңдім бәрін. Бұндайда сүмелек болмау керек
@user-lt1cb8ie1q
@user-lt1cb8ie1q 11 күн бұрын
Ия әйтпесе бұға берсеңіз, сұға береді. Тек жүйкеңіз тозып кетпесе болғаны. Алла жар болсын сізге.
@DianaYengse
@DianaYengse 13 күн бұрын
Мән мағынасы мол, терең оқиға!Автор жарайсыз еңбегіңіз өрлей берсін!
@user-sw5wy7dg2q
@user-sw5wy7dg2q 11 күн бұрын
Сабақ болғай нәпсіқұмар әкелерге.Өкінішке орай сондай әкелер бар балаларын ойламайтын.Керемет оқылым .Рахмет!
@user-me5ml1ih3x
@user-me5ml1ih3x 12 күн бұрын
Өте мағыналы әңгіме.Дер кезінде шыққан дүние екен.Оқып танысқаныма қуаныштымын.
@user-qu8bj6iz9j
@user-qu8bj6iz9j 11 күн бұрын
Дәл менің келиндик омиримди әңгилегендей әсерде болдым
@user-pe1jq8rf4k
@user-pe1jq8rf4k 13 күн бұрын
Керемет жазылған кітап, қаламыңыз ұштала берсін
@aisuluseithan5785
@aisuluseithan5785 13 күн бұрын
Талай әйел бар осы жағыдайда жүрген құрбан болмаңыздар әр адам бақытты болсын
@user-gx2nu7lj2p
@user-gx2nu7lj2p 11 күн бұрын
Баршаңызға сәттілік
@user-ce6ho7vp9e
@user-ce6ho7vp9e 11 күн бұрын
Оте керемет😊😍🔥🫶🏻🫶🏻🫶🏻🔥🔥🔥
@Nazym-gh9zi
@Nazym-gh9zi 14 күн бұрын
Қысқа болсада қандай мәнді мағыналы сабақ алатын дүние жатар .Керемет !!!!!
@user-dz6ss7xh4s
@user-dz6ss7xh4s 11 күн бұрын
Ия бәрімізге сәттілік тілеймін 😊
@user-qr6fs5sy5m
@user-qr6fs5sy5m 11 күн бұрын
Керемет кітап
@user-ei4mc6nv4j
@user-ei4mc6nv4j 11 күн бұрын
Құдай қаласа барлықтарыңызға сыйлық бұйырсын
@user-th3sw4ws7t
@user-th3sw4ws7t 3 күн бұрын
Керемет шығарма екен
@user-pk6ht8ic5j
@user-pk6ht8ic5j 11 күн бұрын
Өте керемет жазылған 😢
@user-im4bu9yd3d
@user-im4bu9yd3d 11 күн бұрын
👍👍👍👍
@user-fw9sc2yz2q
@user-fw9sc2yz2q 14 күн бұрын
Әсерлі әңгіме. Қиындығы мен төзімділік бар әңгіме барысында айтылған адамдарда. Сабырлық, адамгершілік тұр. Рахмет кітап жазған авторға.
@Atashova_Altyn
@Atashova_Altyn 14 күн бұрын
Тамаша жазылған. Қысқа да нұсқа. Өмірдегі кездесетін жағдайлар. Өте әсерлі.
@user-yt2nw8mf4o
@user-yt2nw8mf4o 13 күн бұрын
Айелдің артып журген бейнеті жетіп артады бірак сондада жудырыкка тойып каншама айелдер запа шегіп отбасылык жанжал жетіспеушілік.... Аттен айелдің мұң зарын кім тындап жатыр.... Тындар кулак болса айелдердің куннен кунге тагдырлары малша корлап жатыр..... Әттең......
@user-er2zy9qf4e
@user-er2zy9qf4e 11 күн бұрын
Шыныменде, қазіргі заманда жүректері қарайған, аяусыз адамдар өте көбейіп бара жатыр. Үлкен кісілерден үлгі алайын десең, өздерінің қара бастарын ойлайтын ақылы таяз кісілер де көп. Жастар анау автобуста орын бермек түгілі бетіңе бедірейіп қарап отырады. Мейірімділік, адамгершілік, имандылық, көмекшілдік өте аз, тіпті жоғалып бара жатыр…. Алла бәрімізге сана берсін, дана болайық.
@user-nv4iz1mb5v
@user-nv4iz1mb5v 12 күн бұрын
Қазақ қоғамындағы көптеген мәселені қозғаған туынды екен. Отбасындағы зорлық-зомбылық, жуас болсаң қор болу, байлардың такаппарлығы, өзінен басқа өзгені адам деп санамау т.б. Аққа Құдай жақ демекші сөнбес үміт ұялайды. Сондықтан әр саналы пенденің ойына дән саларлық дүние болсын!
@user-zb7hw7kj3r
@user-zb7hw7kj3r 11 күн бұрын
Сәттілік тілеймін ❤
@user-pn5jm3jp5n
@user-pn5jm3jp5n 14 күн бұрын
Жақсы, қысқа-нұсқа жазылыпты! Актуалды
@kunsayatop
@kunsayatop 11 күн бұрын
Ең ауыры - өмірден алынған шынайы оқиға екендігі… еххх
@user-ft3ho6jx3p
@user-ft3ho6jx3p 11 күн бұрын
Өте әсерлі, қысқа да нұсқа
@user-qq6kg7nj5e
@user-qq6kg7nj5e 11 күн бұрын
Өте әсерлі шығарма екен
@AsimaDarmagambetova
@AsimaDarmagambetova 14 күн бұрын
Өте әдемі, керемет кітап! Өте мағыналы кітап!!!❤️🔥📘📘📘
@DinaYalixanova
@DinaYalixanova 11 күн бұрын
Көп қыздардың басынан өтеді, мені де айналып өтпеді, дегенмен. Аллаға шүкір өтіп кетті ол кездер.
@lazzatabdumalikova
@lazzatabdumalikova 13 күн бұрын
Біраз қазақ отбасының тағдырын ашып беріпті жылап қалдым
@user-pz8nl1si3i
@user-pz8nl1si3i 11 күн бұрын
Ия🎉
@user-wo7oi2fk8j
@user-wo7oi2fk8j 13 күн бұрын
Бірақ осылай қиыншылық көріп өспегенде осындай Азамат, қайырлы адам болып өспеу мүмкін еді
@Aizharkin
@Aizharkin 12 күн бұрын
Керемет туынды❤
@botaabdiramanova1533
@botaabdiramanova1533 11 күн бұрын
Балаға анасынан дарыған мінез деп ойлаймын.Көбіне осындай жағдайда балалар бірден әкесін керек емес деп жатады.Әңгіме өте әсерлі.
@UmitDaua
@UmitDaua 14 күн бұрын
Балалық шағымда осындай қатгез адамдардың қолында өскен едім, ұмыттым кек жоқ дегеніммен кейде сол адамдарды түсімде көрем, неге ұрып соғады екен деген сұрақ мазалайма? ойымнан кетпейді , сол кісілерді бір көрсем бетіне қарап тұрып сұрағымды сұрар едім деген ой мазалайды.
@user-cf6py7em5y
@user-cf6py7em5y 14 күн бұрын
Алла тағала өзі теңшейді өкпе жек көруде адамды ауыртады қазіргі уақытта бақытты болыңыз
@Atashova_Altyn
@Atashova_Altyn 14 күн бұрын
Авторға рақмет! Кітап - асыл қазынамыз. Қаншама оқырмандар оқи отырып, рухан азық алады деп үміттенемін.
@user-mn6dr8gj8v
@user-mn6dr8gj8v 13 күн бұрын
Керемет сондай әсерлі
@user-no2yi3pc4w
@user-no2yi3pc4w 12 күн бұрын
Жас урпакка сабак болып, келешекте айел затын сыйлау касиетин багаласа... Авторга рахмеет... Аке атаулы сыйлаганга лайык болса... Аке кашанда Аскар тау деген атакка лайыкты болса екен.... Авторга алгыс....
@user-ts9od1de7v
@user-ts9od1de7v 12 күн бұрын
Керемет туынды екен.Көзіме жас алып отырып тыңдадым.Марқұм анамды ата-енесі дәл осылай қорлаған екен.Анамның тағдыры есіме түсті.Қу дүние-ай әп-сәтте жоқ болатын.
@user-ij2fi1wk7c
@user-ij2fi1wk7c 11 күн бұрын
Тағылымы терең елдегі ең өзекті мәселе.
@user-fm4go9im9w
@user-fm4go9im9w 12 күн бұрын
Еңбегің жемісті болсын, бауырым!
@user-fw9sc2yz2q
@user-fw9sc2yz2q 12 күн бұрын
Балаға обал жасаған екен әке жағынан туыстары
@user-by9dh2fh8l
@user-by9dh2fh8l 14 күн бұрын
Рақмет❤
@farizamanarbekqyzy7764
@farizamanarbekqyzy7764 11 күн бұрын
Қолғанат жарайсың! Атыңа затың сай азамат екенсің !Анасына алғыс!
@user-qo4jz2hs3p
@user-qo4jz2hs3p 14 күн бұрын
Оқып шықтым өте керемет жазылған👌
@user-ou6ux2px5x
@user-ou6ux2px5x 11 күн бұрын
Анага 😢😢😢обал сонша корлык корип
@Bekboolatovna
@Bekboolatovna 11 күн бұрын
Бүгінгі жарыста сәттілік баршағызға💋❤️
@user-ym6hw8tw2b
@user-ym6hw8tw2b 11 күн бұрын
Рахмет! Өзіңізге де сәттілік
@user-hn6fl7jy5k
@user-hn6fl7jy5k 11 күн бұрын
Рахмет ❤
@user-hn6fl7jy5k
@user-hn6fl7jy5k 11 күн бұрын
Сізге де
@user-wj5ki7lz4m
@user-wj5ki7lz4m 13 күн бұрын
керемет керемет
@user-qr6fs5sy5m
@user-qr6fs5sy5m 11 күн бұрын
Терең оқиға екен
@aigerimaleaskar
@aigerimaleaskar 13 күн бұрын
Керемет жазылған
@user-ck7lv7ot3z
@user-ck7lv7ot3z 12 күн бұрын
Кереметт
@user-uq5tr5me3j
@user-uq5tr5me3j 15 күн бұрын
Рахмет. 🙏. Өркендерің өссін.
@killerqwin
@killerqwin 14 күн бұрын
Керемет
@user-zp8vg5ms6w
@user-zp8vg5ms6w 14 күн бұрын
Рахмет көп
@user-wq2or2bd9e
@user-wq2or2bd9e 13 күн бұрын
Өте әсерлі әңгіме екен.Қазіргі болып жатқан жағдайды қосып жазылған екен
@UlzhanZhanmurzina
@UlzhanZhanmurzina 14 күн бұрын
Оте керемет 😢😢😢
@user-xy8pi8hp3p
@user-xy8pi8hp3p 12 күн бұрын
Салтанатпен мысал сәйкес кепті
@maqpalabduraimova2961
@maqpalabduraimova2961 14 күн бұрын
Тамаша ❤
@user-eb5mk8em6f
@user-eb5mk8em6f 14 күн бұрын
@user-cu7zm3hx8x
@user-cu7zm3hx8x 11 күн бұрын
Сәлеметсіздер ме, мен Құлсары қаласының тұрғынымын. Осыдан тура 1 ай бұрын Құлсары қаласын топан су басқан еді. Атырау қаласына жол жабылып, халықтың бәрі Бейнеу, Боранқұл, Ақтауға қарай бет алды. Біздің де үйіміз су астында қалды😭
@mamurajomartova3909
@mamurajomartova3909 11 күн бұрын
Өте керемет жазылған 😢 Жазушының қаламы сынбасын Осындай болған оқиғалар өте қатты ұнайды❤
@user-fn9zn4jc2n
@user-fn9zn4jc2n 14 күн бұрын
Тамаша кітап
@mamurajomartova3909
@mamurajomartova3909 14 күн бұрын
Өте керемет 😢
@user-gm8wq1qt9g
@user-gm8wq1qt9g 12 күн бұрын
Керемет!!!❤
@user-se4xj5uv1s
@user-se4xj5uv1s 14 күн бұрын
Мағыналы кітап
@user-tk9mc7dg7r
@user-tk9mc7dg7r 14 күн бұрын
Тамаша әңгіме.....❤
@anarabaibussinova9992
@anarabaibussinova9992 13 күн бұрын
Қазақтардың қараңғылығы ғой өз ұлдарын келіндеріне айдап салғандары, қатыныңды ұр, әйтпесе басыңа шығады деп. 😢 Жүректі ауыртты кітабыңыз. Жақсы жазасыз, диктор да жақсы оқып шықты жүрегімді жылатып. Әйелдер, шыдамаңдар қорлыққа! Балаларымыз ондайды көрмесін! Аумин!
@user-jy9qc2lq3g
@user-jy9qc2lq3g 13 күн бұрын
Керемет әңгіме🎉
@user-yv3bh9rv3k
@user-yv3bh9rv3k 14 күн бұрын
Керемет мағыналы жазылған. Рахмет
@mirazhanaidarkizi4395
@mirazhanaidarkizi4395 12 күн бұрын
Алла істеріңізге береке берсін!
@salykalina
@salykalina 12 күн бұрын
Өте керемет ❤❤
@asemerubay7509
@asemerubay7509 12 күн бұрын
👍🏻👍🏻
@GulsezimMeirbek
@GulsezimMeirbek 13 күн бұрын
Өте әсерлі 😢
@user-dz6ss7xh4s
@user-dz6ss7xh4s 14 күн бұрын
Керемет кітап😢
@user-uo5ju3nk2p
@user-uo5ju3nk2p 12 күн бұрын
Керемет өте әсерлі
@Atashova_Altyn
@Atashova_Altyn 11 күн бұрын
Керемет, әсерлі
@user-qg9fh5to9h
@user-qg9fh5to9h 14 күн бұрын
Жақсы кітап
@user-du7gs4kq9l
@user-du7gs4kq9l 11 күн бұрын
Эхх (
@user-gm2zh9lw2o
@user-gm2zh9lw2o 11 күн бұрын
Магыналы әңгіме😢😢😢
@user-up7yj2te8o
@user-up7yj2te8o 13 күн бұрын
Мағыналы кітап✨
@user-bn7ph1wf9j
@user-bn7ph1wf9j 11 күн бұрын
Жаксы жаксы
@user-mb3ll3fp7g
@user-mb3ll3fp7g 13 күн бұрын
Өте әсерлі екен дүние дүние деп жүргендерге үлкен сабақ болды.
@Zholshybekova_Meruert
@Zholshybekova_Meruert 11 күн бұрын
Мағыналы терең,жақсы әңгіме!👍
@user-ym5sf6kw1n
@user-ym5sf6kw1n 12 күн бұрын
Бірнеше рет оқыдым өте әсерлі етті
@user-ue3jj2pn6f
@user-ue3jj2pn6f 11 күн бұрын
Жаксы китап
@aliasaldatkhan7752
@aliasaldatkhan7752 13 күн бұрын
Керемет, жақсы жасапсыздар👏
@BalausaOraz
@BalausaOraz 14 күн бұрын
Керемет үлкен рахмет ❤😊
@makonukeshova3590
@makonukeshova3590 12 күн бұрын
Өте әсерлі...
@user-xv2sx2ui4w
@user-xv2sx2ui4w 12 күн бұрын
Керемет туынды өмірлік мәні бар сөз жоқ 😍👍
@user-wy7pp7gu5l
@user-wy7pp7gu5l 13 күн бұрын
Өте әсерлі екен, еріксіз көзден жас шығады
@FREEFIRE-hj1nx
@FREEFIRE-hj1nx 14 күн бұрын
Жақсы әңгіме өте әсерлі
@user-wc7xb6ex1y
@user-wc7xb6ex1y 13 күн бұрын
Керемет әсерлі әңгіме
@user-hn6fl7jy5k
@user-hn6fl7jy5k 11 күн бұрын
Керемет кітап екен 😢😢
@nurak3503
@nurak3503 13 күн бұрын
Тәрбиелік мәні зор, Жақсы туынды👍
@sigma21658
@sigma21658 14 күн бұрын
Өте аянышты екен😢😢
@user-td8lv4fp3f
@user-td8lv4fp3f 12 күн бұрын
Шынайы өмірдегі оқиғалар, өкінішті... Үлгі аларлық, ой саларлық туынды👍🏻
@user-le3tl1kb2t
@user-le3tl1kb2t 12 күн бұрын
Өте керемет жазылған,қаламыңыз мұқалмасын!
@aidanabeibit8334
@aidanabeibit8334 13 күн бұрын
Енбегинизге рахмет
@jaukabolatbekovna1700
@jaukabolatbekovna1700 11 күн бұрын
Керемет туынды екен, әсерлі әңгіме 😊
Buy Feastables, Win Unlimited Money
00:51
MrBeast 2
Рет қаралды 90 МЛН
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Magic Lips💋
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 126 МЛН
[Vowel]물고기는 물에서 살아야 해🐟🤣Fish have to live in the water #funny
00:53
Манты без мяса.Етсіз манты.
5:15
Эльмира Аманжолова
Рет қаралды 30 М.
АУДИОКІТАП. КІСІ АҚЫСЫ. АВТОР: МҰРАТ КЕНЖЕБАЕВ.
30:10
Оқырман мектебі
Рет қаралды 16 М.
Buy Feastables, Win Unlimited Money
00:51
MrBeast 2
Рет қаралды 90 МЛН