Сап, сап, көңілім, сап, көңілім! Абай Құнанбайұлы

  Рет қаралды 667

поэзия

поэзия

2 ай бұрын

Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Абай Құнанбайұлы
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Саяламай, сай таппай,
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай?
Сен жайыңа жүргенмен,
Қыз өле ме бақ таппай?
Түн кезгенің мақұл ма,
Жан-жағыңа жалтақтай?
Өлермін деп жүрмісің,
Мұнан басқа жан таппай?
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сабыр түбі - сары алтын.
Сабыр қылсын, жайыңды
Білер ме екен бекзатым?
Көңіл аулап, сөз айтар
Арадағы тілхатым,
Ағын судай екпіндеп,
Лайы жоқ суатым,
Ауру да емес, сау да емес,
Құрыды әл-қуатым.
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сана қылма бекерге.
Сан қылғанмен пайда жоқ,
Дүние даяр өтерге,
Ажал даяр жетерге.
Қош, қыз алсын қойнына,
Бейнет көрмей, дәулет жоқ.
Әлі батып кетерге,
Оныменен бойыңа
Иман, дәулет бітер ме?
Адалды сатсаң арамға,
Құдай қабыл етер ме?
Қыз сүйеді мені деп,
Оған көңіл көтерме!
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сарқа берме санасын.
Бәрін өзің білсең де,
Әлі-ақ өзің танасың.
Өртенесің, жанасың.
Өз-өзіңнен бейнетке
Өз басыңды саласың.
Қай мезгілде тойғыздың
Аюдайын ағасын,
Қатыны мен қалашын?
Қарсақ жортпас қара адыр,
Қарамай неге шабасың?
Сонда тәуір бола ма,
Ұстап ап біреу сабасын?
Киіміңді тонасын,
Елге де күлкі боласың.
Сап, сап, көңілім, сап, көңілім!
Сағынышқа сарғайма!
Жай жүрсең де қыз қумай,
Сені біреу қарғай ма?
Қыз іздесең, қалың бер,
Мұным ақыл болмай ма?
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда да көңіл толмай ма?
#Абай Құнанбайұлы сап сап көңілім
#Абай сап сап көңілім сап көңілім
#Абай Құнанбайұлы сап сап көңілім сап көңілім
#Сап-сап көңілім сап көңілім
Сап,сап көңілім
#абай құнанбаев
#Абай өлеңдері
#Абай Құнанбайұлы өлеңдері
#Сап сап көңілім
#Дүние даяр өтерге
#Сабыр түбі сары алтын
#Не күн туды басыңа
#Не күн туды басыңа күні - түні жай таппай
#Ажал даяр жетерге
#Абай өлеңі сап,сап көңілім,сап көңілім
#Абай, сап сап көңілім сап көңілім
• Сап, сап, көңілім, сап...
• Абай Құнанбайұлы
Қараш...
• Әсемпаз болма әрнеге
А...
• Қасиетті дұға
Аб...

Пікірлер: 3
@erkenaz-ailin
@erkenaz-ailin 2 ай бұрын
Күшті оқыдыңыз 😊😊❤❤❤
@erkenaz-ailin
@erkenaz-ailin 2 ай бұрын
Сәттілік каналыңыз дамысын😊
@poetry_34
@poetry_34 2 ай бұрын
Құрметті менің сүйікті оқырмандарым! Қазақша контекті қолдағандарыңызға мың алғыс ! Каналдың дамуына үлес қосқыңыз келсе менің инстаграмм парақшама instagram.com/okymistylar_?igsh=ZTFlMmoxaWMwbWw= тіркеліп содан товар сатып алсаңыз болады. Рахмет
Семья. Отец Андрей Ткачёв
1:09:27
Протоиерей Андрей Ткачёв
Рет қаралды 82 М.
WHY IS A CAR MORE EXPENSIVE THAN A GIRL?
00:37
Levsob
Рет қаралды 16 МЛН
Can you beat this impossible game?
00:13
LOL
Рет қаралды 49 МЛН
Қасым Аманжолов. Өзім жайлы
5:05
TALENTED KZ
Рет қаралды 712 М.
Абай Құнанбаев, Сап, сап көңілім, сап көңілім
2:07
Алтыншаш Жакупова
Рет қаралды 115
Қазақстан жаңалықтары | 05.06.2024
11:22
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 4,4 М.
Абай Құнанбайұлы  (19-қара сөз)
1:16
Ibrahim
Рет қаралды 11 М.