Қазақтан шыққан пайғамбар бар ма? Мағжан Жұмабай - өр қазақтың кемеңгері, данышпаны әрі пайғамбары

  Рет қаралды 19,481

Arqaman Adam

Arqaman Adam

Жыл бұрын

Қазақ құдайға жол таба алмайтын халық па?
Қазақты мұрнын тесіп жетектеуді қажет ете ме?
Қазақтың өресі төмен ел ме?
Әрине жоқ!
Қазақтың тереңде жатқан дүниетанымы бар, ол дүниетанымды танып білуге біздің шамамыз жетпей жүрген жайы бар осы күнде.
Тәңірін таныған, әруағына сыйынған, салт-дәстүрін ұстаған, тектілікті ұмытпаған елміз.
Онан артық не керек?
Халықтың сауатын арттыру арқылы, қоғамдағы демократиялық үрдістерді жылдамдату арқылы прогрессивті қоғамға айнала алатынымыз шындық.
Қазақтан шыққан пайғамбар туралы айтар болсақ, Мағжан Жұмабай атамыз, өр тұлғалы, еркін ойлы, қайсар тұлға.
Қазаққа жол көрсететін тұлғаның бірі - Мағжан ақын.
"От" өлеңінде Мағжан атамыз керемет өр мінездің нұсқасын көрсетті.
***
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзімде - от,
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от.
Оттан басқа тәңірі жоқ.
Жалынмен жұмсақ сүйеді,
Сүйген нәрсе күйеді.
Жымиып өзі жорғалар.
Ұшырағанды шоқ қылар,
Шоқ қылар да, жоқ қылар.
Мұның аты От болар.
Мен де отпын - мен жанам.
От - сен, тәңірім, табынам.
Әдемі отпен аспаның,
Бәрі жасық басқаның.
Жалын жұтам - тез тоям.
Әулием, ием, құтыма,
Теңсіз тәңірім отыма
Әлсін-әлсін май құям.
Май құямын - өрлейді.
Құлашын көкке сермейді.
Кейде жылан арбайтын,
Кейде аждаһа жалмайтын.
Сескенбес, сірә, кім сенен;
Шынында, менің өзім де - от,
Қысылған қара көзім де - от.
Мен - оттанмын, от - менен,
Жалынмын мен, жанамын.
Оттан туған баламын.
Қараңғылық бұққанда,
Қызарып күн шыққанда,
Күн отынан туғанмын;
Жүрегімді, жанымды,
Иманымды, арымды
Жалынменен жуғанмын.
Жүрегім де, жаным да - от,
Иманым да, арым да - от.
Жарқырап от боп туғаннан,
Белімді бекем буғаннан,
Қараңғылық - дұшпаным.
Сол жауызды жоюға,
Соқыр көзін оюға
Талай заулап ұшқанмын,
Әлпіге барғам Алтайдан.
Балқанға барғам Қытайдан...
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын.
Күнге ғана бағынам.
Өзім - күнмін, өзім - от,
Сөзім, қысық көзім де - от.
Өзіме-өзім табынам.
Жерде жалғыз тәңірі - от,
Оттан басқа тәңірі жоқ.

Пікірлер: 371
@user-ob4zo7dg8i
@user-ob4zo7dg8i Жыл бұрын
Рахмет Мұхтар бауырым ,иә дұрыс айтасың ,мына біздің арабқұлдарға қарсы бір сөз айта қалсаң ,олардың маған айып тағатын айыбы сенің есімің ,фамилияың арабтың көркем аттарынан алынған.,есіңе кел исламға қарсы шықпа дегенді айтады . Сонда мен айтам көздеріңді ашыңдар арабқұлдар , білім, ғылым алдымен түрік халқына келген деп.Қазақтың есімдері ол қазақтікі,ешқандай арабқа мүлдем қатысып жоқ деп.Сондықтан қазақшылығымызды ұстайық,салт дәстүрімізді ,шежіремізді берік болайық ТӘҢІР жарылқап,әруақ қолдасын сіздерді.
@arqaman-adam
@arqaman-adam Жыл бұрын
Түркі сөзі түпкі сөз. Қазақтан талай сөзді арап алған...
@raigulsergalieva944
@raigulsergalieva944 Жыл бұрын
Құрметті асыл азамат Шуылдақ Шарман бауырым! Сізді қазаққа аруақты бабаларымыз өздері жібергендей болып көрінеді маған. Барлық әгімелеріңізді толық тыңдап отырамын. Әр айтқан сөзіңіз жүрегіме жетіп жылапта аламын. Айта түссе екен деп отырамын. Әттең мен құсап әрбір қазақ тыңдап санасына түйер болса, бұл қазақ өсіп-өніп көркейе берері сөзсіз. Ақтөбелік бір топ "Қазақ аналары- дәстүрге жол" бірлестігінің 100 ден астам аналарының мақсатыда осы елді бірлікте болып, мәңгілік ел болса дегенді мақсаттты ұстанатынымызды айтқым келді. Басқа елдің мүдделері ұрпағымыздың санасын улап жатқанын доп басып ұлыларды тілге тиек еткеніңіз үшін сізге құдайым жар болып, бабалар аруағы қолдап жүргей деп тілейміз.
@user-hk5je1eo3x
@user-hk5je1eo3x Жыл бұрын
Маганда дал солай коринеди
@Alidarov279
@Alidarov279 Ай бұрын
Әттеген-ай, дедім, тыңдап отырып, біздің заманымызда, совет заманында, сен сыяқты жүрегімізге жеткізіп, санамызға жеткізген адам жоқ болды ғой! 40 жылдан астам білім ордасында қазақ әбпбиетінен М. Жұмабаетың шығармаларын оқыттық қой. Бірақ дәл сен сыяқты шәкірттерімізге жеткізе алмадық-ау! Керемет!!! Мен әлде де ақын-жазушылардың шығармаларын, және олардың шығармаларына талдау жасаған азаматтардың еңбегін оқям, тыңдаудан жалыққан емеспін. Көп рақмет! Не деген талдау! Бір шумақ өлеңде не деген қазақтың тарихы жатыр! Рақмет! Үлкен ойда, толғаныста, тебіреніс үстінде қалдым...
@user-rz8sz3pm5r
@user-rz8sz3pm5r Жыл бұрын
Армысыз ! Көзім шайдай ашылды . Көңілде тұрған, түйіндей алмай, ойда жүрген көңіл- күйімді орынына түсіріп жол ашып бердіңіз. Негізі ауылда өскен, атқа отырған, қой-жылқы баққан, тезек терген ақсақалдардың әңгімесін тыңдаған батырлар жырын, дастандарды оқыған, әр қазақтың түйсігінде жүрген сұраққа жауап бердіңіз! Үлкен рахмет!!!
@user-fz3zj6oh9r
@user-fz3zj6oh9r Жыл бұрын
Оп Бәрекелді бауырым осы беттен қайтпа👍✊Құдай әруақ қолдап,Тәңірім жарылқасын Қазақ өз аталарымыздың дініне қайтайық сол жолда еңбегің жана берсін Өмін🤲
@serjigit
@serjigit Жыл бұрын
Көп рахмет бауырым осындай керемет қазақи дүниетаным жайлы акпараттр таратқаныңыз үшін! Аруақ қолдасын өзіңді!
@omirbekmankenov3776
@omirbekmankenov3776 Жыл бұрын
Бауырым, Тәңірім жарылқасын! Өзекті мәселені көтеріп жүрсің. Қазіргі уақытта қазаққа өте қажет мәселе. Өз дүниетанымымызды, ұстанымымызды, сенімімізді жандандырмасақ тілден, қазақи қасиетімізден айрылып қалуымыз мүмкін. Ризамын!
@DosJan-wn3nk
@DosJan-wn3nk Жыл бұрын
Керемет. Тамаша. Мұхтар бауырым ақихатты айту ерлік. Атаңа мың алғыс.
@user-fe8el1sy6y
@user-fe8el1sy6y Жыл бұрын
Жарайсыз нағыз осындай түсындірып отырған жөн,жастарға үлгі.Адам табиғатта бар нәрсенің бәрі адамның бойында бар.
@xiaomi9c593
@xiaomi9c593 Жыл бұрын
Бәрекелді бауырым казактын салт дастурын айтып жургеныне жане елдын козын ашып жатканынна коп рахмет
@Adilet686
@Adilet686 Жыл бұрын
Күннен туған баламын, Жарқыраймын, жанамын. Күнге ғана бағынам. Өзім - күнмін, өзім - от, Сөзім, қысық көзімде - от, Өзіме-өзім табынам. Жерде жалғыз тәңірі - от. Оттан басқа тәңірі жоқ. Жалынмен жұмсақ сүйеді, Сүйген нәрсе күйеді. Жымиып өзі жорғалар. Ұшырағанды шоқ қылар, Шоқ қылар да, жоқ қылар. Мұның аты От болар. Мен де отпын - мен жанам. От - сен, тәңірім, табынам. Әдемі отпен аспаның, Бәрі жасық басқаның. Жалын жұтам - тез тоям. Әулием, ием, құтыма, Теңсіз тәңірім отыма Әлсін-әлсін май құям. Май құямын - өрлейді. Құлашын көкке сермейді. Авторы: Мағжан Жұмабай Бекенұлы
@azamattolmakov5140
@azamattolmakov5140 Жыл бұрын
Осы өлеңді интернетте калай табуға болады
@Adilet686
@Adilet686 Жыл бұрын
@@azamattolmakov5140 іздеп гугл
@user-ev7su6od3e
@user-ev7su6od3e Жыл бұрын
Иа.Казак.арукка.куран.окытып. Омирден.откен.Ата.бабаларды.катты.курметтеимиз..Оли.риза.болмаи.тири.баямаиды.демеиме. Баюу.деген.дуние.акша.тенге.емес..Биринши.баилык.ден.саулык Ал.ар.уакыттын заманына.саи.болымы.болмаима.дини.кулшылыгы.медитцинасы.технологиасы...билими.гылымы.
@user-te5mm3px9q
@user-te5mm3px9q Жыл бұрын
Мұхтар Айналайын бауырым атыңа. затың сай. Жан. екенсін. Мағжан Жұмабаев бабамыздың. әруағы ырза болар.Күннен. туған. баламын деген. өлеңінде қаншама. Құдірет. Күш жатыр. Рахмет. Көңілі соқырлардың көңілін,. көзі. соқырлардың. көзін аштың.
@user-tv3jm4qh2l
@user-tv3jm4qh2l Жыл бұрын
@@user-te5mm3px9q Мұхтар інім.Менің ішкі түйсігімде жүрген көп сұрақтың жауабын таптым.Саған және өз ойларын ортаға салып жатқан көзі ашық көкіркгі ояу жандарға да көп рақмет
@user-eo3cz8us4u
@user-eo3cz8us4u Жыл бұрын
Рахмет! Бір демде тыңдап шықтым! Білетінім бір тоғыз, ал білмейтінім тоқсан тоғыз екен .. Желің үзара берсін.
@user-ss1iu7xn8c
@user-ss1iu7xn8c 3 ай бұрын
Керемет, осындай видеолар көп болсын!❤❤❤❤ Өзіме өзім табынам деген Құдай өзіңе ұқсатып жаратты, жүрегімізде Құдай! Біздер Құдайдың бір бөлшегімізғо. Тәңірім жарылқасын! ❤❤❤❤❤
@user-in8pe8qi7v
@user-in8pe8qi7v Жыл бұрын
Қазақты тәңір жарылқайды. Тәңірлік дүниетаным қазақ философиясы. Тәңір мен қазақ егіз ұғым. Біздің салт - ,дәстүріміз, әдет - ғұрпымыз, жөн -жоралғымыз тәңірлік дүниетаным философиямыз негізінде қалыптасқан. Исламмен бізді ештеңе байланыстырмайды. Қайта исламды жанымыз жатсынып тұрады. Жатырқап тұрады. Исламның кеселінен сақтасын!
@meryauelbaj8534
@meryauelbaj8534 11 ай бұрын
👍👍👍
@user-db7vo1ew4z
@user-db7vo1ew4z Жыл бұрын
Берект тап! Жас ұрпақтың санасын жағатын дәлел екен.Мағжан атамыз нағыз от екен лалаулаған, зертеп елге жеткізгенін бұл жаным сенің Қазақты терең қазып ақтарғаның, жастарға ынсап берсін.
@yousarmat---3946
@yousarmat---3946 Жыл бұрын
Арлымысыңдар Тəңір жаратушы жаратқан арлан қасқыр мінезді қазақ елім. Мұхтар сенің жасап жатқан істеріңді Əруақ Құдай қолдасын!
@user-qe6hd5bd6z
@user-qe6hd5bd6z Жыл бұрын
Құдай қалай қолдайды ,Аллаға қарсы шығып отыр ғой ,дұрыс тыңдасаңдаршы
@user-kw7wp1dy6l
@user-kw7wp1dy6l Жыл бұрын
@@user-qe6hd5bd6z Кудай мен алла екеу ек дуние,бреу отпен кун шыгыста ал екыншысы ай мен кара тас батыста,10 жерде сорпасы кайнасада бырыкпейды. Ештенеге тусынбебсыз окынышты казак баурым.
@azamattolmakov5140
@azamattolmakov5140 Жыл бұрын
@@user-qe6hd5bd6z кулагынды кампотпен жуып журсиау
@nomadnomad5357
@nomadnomad5357 Жыл бұрын
@@user-qe6hd5bd6z Серік толық түсінбей тұрып олай деп жазба. Алдымен толық тыңдап ал сосын жаз.
@yousarmat---3946
@yousarmat---3946 Жыл бұрын
@@user-qe6hd5bd6z Алла деген сөз ұғым жоқ соны біліп алыңыз. Араб тілінде әлләһ қазақшаға аударғанда құдай деген мағынада. Алла деген сөз жоқ соны шатыстырмаңыз
@user-mp6it7pu2s
@user-mp6it7pu2s 20 күн бұрын
Сізгеде көп рахмет! мәдениетті, таза, былапыт сөз қоспай саналы түсіндірдіңіз. кейбір Ер, Әйел азаматтарымыз тәңіршы болам деп арабқұлдармен боқтанып жатады. білімді адам_мың адам 💯👍👍
@user-py8oy1xj2b
@user-py8oy1xj2b Жыл бұрын
Өте жақсы аман боо
@user-ni5lx8ci4p
@user-ni5lx8ci4p Жыл бұрын
Кормей жатып лайк! Изденген, зерттеген, салыстырып, саралаган енбегиниз ушин коп алгыс! Арбир казак ози ушин жан-жагына карап козин ашса гой ширкин.
@user-kz1ee7gg7f
@user-kz1ee7gg7f Жыл бұрын
Мұқтар бауырым оттай- лаулап жана бер, саналы қазақтар қолдаймыз.
@user-up1wu4xi6k
@user-up1wu4xi6k Жыл бұрын
Бауырым көсегең көгерсін, өз ғұрпын,салтын, тілін құрметтейтіндер бар. Ең өкініштісі бәрінен безіп табиғатын жоғалтқан мәңгүртер көбейді, олар билікте, солар басқаруда. Бұл олардың қабілеттігі емес, оларды қолдаған саясат бізді қазақ елін жоқ қылу, солардың қолымен жаман ойын іске асыруда. Құлқыны үшін сатқын мәңгүртер қолынан келгенше арандатуда. Қандай әділдік, қандай егемендік қазақ тілін талап етсең жазалайды,қазақ орыс тілде еркін сөйлейтін ұрпақ тәрбиесі. Қайдан осыны естіп көрдіңіздер басқа тілде сөйлеуді мәжбүрлеу.Бір бүтін ел болу үшін тек қазақ тілі болу керек, бөлшетенбеу, қарсылықсыз қалыпты өмір.Осыны көре тұра жоқ бөшектеу керек талас туғыза отырып өздерінің істерін тура дейді. Бұл мисыздық, адам баласына онсызда қауіп көбейуде, опатар, су тасқыны, ауа райының бұзылуы, айта берсе көп. Ал мисыздардың бұл ойландырмайды, қалыпты өмірді бұзу, басып алу, үстемдік ету, бұл надандық.
@hankene
@hankene Жыл бұрын
өте дұрыс айтасыз
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o Жыл бұрын
Еңбегің жеңісті әрі үстем болсын! Тәңір жарылқасын!
@rodloxzzz6003
@rodloxzzz6003 Жыл бұрын
Керемет саралау. Бөгделердін ертектерінен арылып өзіміздің Ата-Бабаларымыздын жолына тезірек оралайық ағайын.
@user-fe1yk9nz6q
@user-fe1yk9nz6q Жыл бұрын
👍
@user-zk1bp3oj8e
@user-zk1bp3oj8e Жыл бұрын
Өте дұрыс. Қолдаймын. Қазақ санасын кеңейтіп өз тарихын білуі керек.
@user-fv9hh7je9t
@user-fv9hh7je9t 2 ай бұрын
Жарайсың бауырым айтқаның барі дұрыс 100%келісемін. Әсіресе Мағжан атамызды қазақтың пайғамбары дегеніңмен. Өркенді бол балам. Жаратушы Тәңірім қолдасын. Т/б ағаң Оңдасын 🤚
@user-kj5dv7sx5h
@user-kj5dv7sx5h 3 ай бұрын
Керемет жігеріңе жігер қосады мәңгі жасай бер Қазағым недеген отты өлеең тозақпен қорқыта бергенше осындай өлеңдерді бала бақшадан жаттатса керемет отаншыл жастар өсіп шығареді деп ойлаймын
@hankene
@hankene Жыл бұрын
керемет бауырым. күшті айттың. пайғамбар өленін де осылай талдап берші жастар естісін. күшті айтасың. аруақтар сені қолдасын Таңірі жарылқасын
@user-xm6pu1cl1o
@user-xm6pu1cl1o Жыл бұрын
Күн! Әке! Жер! Ана! Күн жерді қыздырады, жер туады, жер туған соң, Тәңірдің қуатымен, тіршілік көзі тіріліп, өмір жалғасады!
@user-tz9il9di1d
@user-tz9il9di1d 10 ай бұрын
Мың рет уағыз тыңдап едім осы сенің бір ауыз сөзің менің көзімді көңілімді ашып рухани тоқырауымнан сақтап нағыз қазақ болып туылуыма себепші болды.рахымет өркенің өссін
@maisatakhmetov8389
@maisatakhmetov8389 Жыл бұрын
Армысыздар! Дұрыс айтылған әңгіме. Аман бол!
@user-oh1dj2bb5s
@user-oh1dj2bb5s Жыл бұрын
Аман бол қазақтың көзін ашып, түпкі тамыр тәңірлікке жалғаушы, құрдасым, ата баба аруағы қолдасын, жаудың оғы тимесін!
@user-oh2wt9ro3f
@user-oh2wt9ro3f Жыл бұрын
Жарайсың батыр
@imgoingbackin6017
@imgoingbackin6017 Жыл бұрын
Армысың бауырым, Жаратқан ійем ұзақ ғұмыр берсін, бар бол, жан- жағың аман- сау болсын…
@serjigit
@serjigit Жыл бұрын
Иа Мағжан атамызды қазақтың пайғамбары деп айтуымызға толыктай себеп бар
@user-xt8ez4lz6m
@user-xt8ez4lz6m Жыл бұрын
Арабқұлдарды осылай райынан қайтару керек,дәлел сөздермен керемет,теңеулермен айтып отырсыз,бұдан артық ол арабқұлдарға жетісіне жеткізіп отырсыз.ізденіс,талпыныс,білім,ақиқат бәрі. үйлесім тапқан керемет,Сізге мың рахмет.
@user-kl4ok6ny8e
@user-kl4ok6ny8e 2 ай бұрын
қой дим адасқандар
@user-qt5ku1ht2c
@user-qt5ku1ht2c Жыл бұрын
Армысың Мұқтар батыр, Тәңір жарылқап Әруақ қолдасын Ар'дақты Қазағымның Тарландары мен Маржандарын!!!
@user-xt8ez4lz6m
@user-xt8ez4lz6m Жыл бұрын
Отқа май құю,өмірден,өткен адамдар ға аруаққа тағзым ету,өліге,рухтарға құрмет.
@user-rn4wh3sj4u
@user-rn4wh3sj4u Жыл бұрын
Шулдақ Шадырман Өзіңдеи Қазақ Көп Болсын Міне Қазақа Осындай йдиялогия көп Керек
@awesomeadmiration485
@awesomeadmiration485 Жыл бұрын
Көөөөөөп рақмет сізге, Мұхтар аға! Мағжан атамыздың өлеңіне керемет талдау жасадыңыз, бүкіл қазақтың, адамзаттың философиясын қайта жаңғыртып жібердіңіз десе болады!
@sholpanmyrzagalieva5978
@sholpanmyrzagalieva5978 11 ай бұрын
Қүдайға мың шукір,Сіздей алтын басты Азаматтарға.Ұзақ болсын,біздер əбден аш болдық,ертегіге.Көзіміз ашылып жатыр.Бірақ журектің тубінде неге деген сұрақ тұратын еді.....
@user-du9ey5um1t
@user-du9ey5um1t Жыл бұрын
Тәңір жарылқасын, аман бол.
@user-jo6rg7wt8h
@user-jo6rg7wt8h Жыл бұрын
Сіздердің арқаларыңызда, молдалар араптың ертегілері айтуды азайып, қазақтың ғұмылалары туралы уғаз айта бастапты.
@user-xt3rg4cl9j
@user-xt3rg4cl9j Жыл бұрын
СЕНДЕ БАЙҚАПСЫН .УАҒЫЗШЫЛЫРДЫҢ УАҒЫЗ АУАНЫ ЕПТЕП ӨЗГЕРГЕН .БІРАҚ ОЛАР ТАПСЫРМАМЕН ЖҮРЕДІ .ҚАҢТАРДЫҢДА ӘСЕРІ БАР .
@user-ni5lx8ci4p
@user-ni5lx8ci4p Жыл бұрын
Олардын билимдери алде кайда таяз гой ол темага 😂
@user-fv4lr9so9s
@user-fv4lr9so9s Жыл бұрын
Рас болса,Құдай бірдеңе бере бастады- десейші,..бастарына Күн сәулесі түскен ғой,..😅🤣
@nishamahanbetova1216
@nishamahanbetova1216 Жыл бұрын
керемет, рахмет
@user-it1qq3iq3j
@user-it1qq3iq3j Жыл бұрын
Мухтар бауырым Тәңір жарысқасын ата баба аруағы қолдасын қуатты арда болайық алға Қазақстан ✊
@rodloxzzz6003
@rodloxzzz6003 Жыл бұрын
Керемет саралау. Бөгделердін ертектерінен арылып о Ата-Бабаларымыздын жолына тезірек орала ағайын.
@user-xt8ez4lz6m
@user-xt8ez4lz6m Жыл бұрын
Керемет,
@user-pi5bt2gx8v
@user-pi5bt2gx8v Жыл бұрын
Экс-Министр марқұм Шерияздан Елеукеновтың монографиясы бар "Мағжан Поэтикасы "тұралы жазылған керемет еңбек!!!
@user-nh1gr8tq2j
@user-nh1gr8tq2j Жыл бұрын
Армысың бауырым Тәңір жарылқасын қазақ танымын насихатағаныңа қуанам жиі желіде шықаныңды қалар едік!
@ermeks9708
@ermeks9708 Жыл бұрын
істеріңіз жемісті болсын. ✊
@user-wv3wr3vu3m
@user-wv3wr3vu3m Жыл бұрын
Армысыз Ата жолы.Уəжің із орынды.Сұлтанмахмұт ,,Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн бол ам"-деген.Хакім Абайдың ,,Ғылым таппай мақтанба "-сы Қазақ үшін емеспе? Əуелі Тəңірге сосын өзіңе сенсең нағыз Азаматсың. Тəңір жарылқасын.Бар бо лайық бауырлар.
@user-vm7wd3nk3f
@user-vm7wd3nk3f Жыл бұрын
Таратыңдар бауырлар Халық білсін оянсын!!! Ешкімге Құл болмасын!!!
@user-zk1bp3oj8e
@user-zk1bp3oj8e Жыл бұрын
Сау болшы балам жаным.
@user-pi5bt2gx8v
@user-pi5bt2gx8v Жыл бұрын
Тәңір,Түркістан ,Пайғамбар,Өлім Мағжан өлеңдерінің шыңы!? От ол энергия қуат,күш Тәңір деген сөз"-Тәңір жарық сауле!? Бейнесі!!! Су мұхит Теңіз Тәңірдің бір белгісі!!!!
@aigulaigul1178
@aigulaigul1178 2 ай бұрын
Мағжан атамыздың рухы шат болсын.Біздерді жебеп жүрсін
@arqaman-adam
@arqaman-adam 2 ай бұрын
Мағжан атамыздың әруағы шат болсын. Біздерді желеп-жебесін
@user-ss1iu7xn8c
@user-ss1iu7xn8c 3 ай бұрын
Ақ Сарбаз телеграмында оқыған кезде Мағжан Жұмабаевті оқындар ,бұрынғы Ақын жазушылар біліп жазған ғой ❤ мына видеоны көріп бір белгі бергендей болды.сізді тындап кәдімгідей әсерде болып отырм,түсініп.Әр қаза ғымыз тарихын біліп,оянса деймін!❤
@user-xi5py5pz3q
@user-xi5py5pz3q Жыл бұрын
Былай болсын, күнделікті өмірімізде, ислам діні ұстанымының нышаны бар көріністерді тәптіштеп тіркеп, қазақы дәстүрімізге келетін іс-қимылымызды ажыратып видео шығарыңыз , талқылап бойымызға сіңіретін не барын көрейік
@user-ds2dm5vf3h
@user-ds2dm5vf3h Жыл бұрын
Тәңір жарылқасын барша Қазақты әруақ қолдасын.
@user-nx3ji1bk1h
@user-nx3ji1bk1h 7 ай бұрын
Жарайсың ,сізге Мың алғыс
@S_Din361
@S_Din361 Жыл бұрын
Тәңір жарылқасын, ата баба аруағы қолдасын .
@user-fj7zf6oh1p
@user-fj7zf6oh1p Жыл бұрын
АМАН ЖҮР МҰҚТАР БАТЫР. ОТ БОЛЫП ЖАН,КҮН БОЛЫП АЛАШТЫ ОЙАТ. ТӘҢІР ЖАРБОЛСЫН, АРУАҚ ҚОЛДАСЫН,👍🖐✊🤝🧡💯🇰🇿
@user-ob4zo7dg8i
@user-ob4zo7dg8i Жыл бұрын
Тәңір жарылқап, әруақ қолдасын сізді
@user-ow5oy6yx3u
@user-ow5oy6yx3u 8 ай бұрын
Керемет!!!
@user-ne7ee5kf9i
@user-ne7ee5kf9i 8 ай бұрын
Иә қазақ халқын ата бабамыздың әруағы қолдап тәңіріміз жарылқап құдайы сақтап жүрсін әумиін деп жүрейік арабтан парсыдан құдай сақтасын мен қазақты әруақтар қолдасын тәңіріміз жарылқасын
@user-km9re6gv1n
@user-km9re6gv1n Жыл бұрын
Қазақтар еш болмаса қолдауларың болсын. үйлеріңде от жағып май түтетіп Я Әруақтар деп уш төрттен айтып шакырып, өз ата бабаларыңнан күш қуат алуға медет сұрап.алақандарыңды ысқылап ысқылап шығарған ыстық энергияларын беттеріңе сүртіп.қайта қайта тілек тілеп күніге жүз рет қара халыққа тілекші болып тіленіп отырыңдар еш болмаса. су ішсеңдер де.шай ішсеңдер де.суйық сорпа ішсеңдер де тілек айтып.тілеп тілеп ішіп қайта қайта. Қара халық мына жемқор.диктатур.тиран режимді құлатсын.қан төгіссіз.қара халық аман болсын.бас жарылмай.көз шықпай барлығы аман есен болсын.Автариторлық биліктен отыз жыл әбден қиналған қара халық жарыққа шықсын деп күні түні тіленіп отырыңдар.Қайдағы арап еврейдің ертек дінінің ертек воздух картинка эллох.аллахтарына сеніп келдіңдер.өз ата баба рухын.әруағын ұмытып.Баяғы жауға шапқан ата бабаларың Я Әруақ деп атқа қонып мына ұлан қайыр жерді қорғап, мықты ұлт болған еді.Сол ата бабаның салтын ұмытпаңдар.Ген бәрібір тартады.Су да.отта энергия көздері бар. су.от. күн.жерсіз еш тіршілік жоқтығын ата бабаң біліп соны Тәңіршілдік деп өз үйлерінде отырып ақ тілектерін тілеп не бір зұлматтардан ұлт ретінде сақталып осы күнге аман есен келген еді.Көп тілегі көл деген.Практика да адамдардың осы тілектерді жасап орындалғандар көпшілік екенін жазбаларда оқып едім.Пайдасы тимесе зияны жоқ.Тілекші болың халқым.Елдерге де таратыңдар.Еш болмаса тілеп отырсың күніге жүз реттен.Өз тілегің өзіңе қайтып келіп орындалады.Айтқанымыз келсін.Тілегіміз орындалсын.Ата баба Әруағы қолдай көр.
@user-jw2sf2yh5f
@user-jw2sf2yh5f Жыл бұрын
Сізге 100%- пайыз қосыламын, әруақ, ол біздердің ата-бамыз, ата-бабаларымыз ол біздің тарихымыз, жойылып кетпей жүргеніміз, салт-дәстүр, ата-бабаларымыздың рухының арқасы.
@user-kj2pu8mt5z
@user-kj2pu8mt5z Жыл бұрын
Бауырым, қазақ даласынан шыққан Әбу Насыр әл Фараби:"адамның бойындағы бір ғана құдай, алласы бар,ол оның ақылы,ойы, ар-ұяты және намысы ",деп анықтама береді. Олардың барлығы адамның бойында болса оған құдайды,алланы басқа жақтан іздемей-ақ өзіңнен табылады деп баса айтып берген.
@user-nk7zf4uz2g
@user-nk7zf4uz2g Жыл бұрын
Шадырман бауырым Мағжан атамыздың аитқанының бәрі өте дұрыс өзіме өзім табынамын дегеніде неге десеңіз біз Күннен оттан жаралғанбыз Біз кезінде Күн болғанбыз К нің орнына Г ні қоиып орыстар ГУН деп атаған оның мағынасын түсінбеген кеиінгі оқымыстылар тарихшылар е онда ГУН қазақша ҒҰН деп аитылады деп оилаған ҒҰН деген ешқандаи мағына бермеиді Ал КҮН өздеріңіз білесіздер ол жанып тұрған от жарық дүние Біз КҮН (ҒҰН) болғандықтан Мағжан атамыздың мен өз өзіме табынамын дегені сондықтан Иә ағаиын біз Гун да Ғұн да емеспіз біз КҮН деген елміз
@user-zr2ru9uu1i
@user-zr2ru9uu1i Жыл бұрын
Жаратушымыз жарылқасын ,әруақтарымыз қолдасын 👍🏻🔥💥💖
@user-fe1yk9nz6q
@user-fe1yk9nz6q Жыл бұрын
Өмін.
@user-xl8id2bd5l
@user-xl8id2bd5l Ай бұрын
Оте керемет !!!
@user-nn4gx8ie3x
@user-nn4gx8ie3x Жыл бұрын
Атаңа мың рахмет, Тәңір жарылқасын.
@qazaq7743
@qazaq7743 Жыл бұрын
Ай да ойтүрткі...ай да , ақиқат. Аман бол бауырым! Пейілің кең, пиғылың оң болсын , Құдайым оңдап аруағым қолдасын.!
@qazaq2241
@qazaq2241 Ай бұрын
Өте керемет жалғасын тосамыз
@user-mw9pi3ne4s
@user-mw9pi3ne4s Жыл бұрын
Армызыздар ТӘҢІРТЕКТІ ҚАЗАҒЫМ! Мұқтар бауырым сізге үлкен Алғыс! Мақжан атамыздың кезіндегі әдебиет сақталса ,соны іздеп оқу керек. ол өте құнды дүние.
@user-xt8ez4lz6m
@user-xt8ez4lz6m Жыл бұрын
Орхон Енисей ден табылған жазбалар нағыз тәңіршілдік дүниетаным.
@user-bi3mc9nn6r
@user-bi3mc9nn6r 9 ай бұрын
Ерте туып кеш қалыппыз Мухтар бауырым саған мың рахмет.
@user-um7dq3xh1n
@user-um7dq3xh1n Жыл бұрын
Тәңірім жарылқасын. Айтарың көп болып тыңдаушың көбейе берсін.
@user-gy4sj3ik1f
@user-gy4sj3ik1f Жыл бұрын
Тәңірім жарылқасын сізді, көп рахмет. Мағжан атамыздың жаны жәннәтта болсын.
@user-te1by1wd5e
@user-te1by1wd5e 11 ай бұрын
Бауырым аман бол дүрыс аитын. Шаршама шап алға. Қүдаиын қолдасын. Тәнірін жарылқасын. Әруағын демесін.
@user-qv9dm4uq1f
@user-qv9dm4uq1f Жыл бұрын
Жалгастыра бер айта бер бауырым
@botakarimova1882
@botakarimova1882 Жыл бұрын
Керемет
@user-pp9wt6gl9o
@user-pp9wt6gl9o Жыл бұрын
Жаксы айттын
@user-pl3sc7id5s
@user-pl3sc7id5s Жыл бұрын
Көзімізді аша беріңіздер!.
@user-ry9ji1jh2j
@user-ry9ji1jh2j Жыл бұрын
Керемет Шуылдақ жарайсың рахмет Тәңір жарылқасың.
@user-ej9ve7eg4i
@user-ej9ve7eg4i Жыл бұрын
Неткен керемет дүние таным
@user-pw7qg2dc6c
@user-pw7qg2dc6c Жыл бұрын
Өте дұрыс лекция, біздің ерме, шала сауатты көпшілік жетпіс жыл коммунис-атеист болып енді жаппай арабтың ислам дініне кіреміз деп əлек, оған елін құлдықта, ашқұрсақ бағынышта ұстау саясатын ұстанып отырған билік əдейі жол беріп отыр!
@user-tk7qw5lg2b
@user-tk7qw5lg2b Жыл бұрын
+ +
@user-tk7qw5lg2b
@user-tk7qw5lg2b Жыл бұрын
@Bruno..191
@Bruno..191 Жыл бұрын
Армысың бауырым өте дұрыс айтасын, өкінішке орай исламистер соны түсінбей жүр ғой
@ablay9292
@ablay9292 9 ай бұрын
Ақ сарбаз ілімін лайықты жеткізеді екенсіз! Алғысым шексіз!Біз ойлағаннан көппіз!
@user-xt8ez4lz6m
@user-xt8ez4lz6m Жыл бұрын
Біз пісіріп жүрген жеті шелпек,күнді бейнелейді,аруақтарға арналып көршілерге таратылады,Ш.Уалихановтың 4 том.таңдамады шығармалары.Көшпенділер Тәңір танымы тарауында жазылған.
@Adilet686
@Adilet686 Жыл бұрын
Шіркінай Шіркінай Қазақ тілі Құдіретқой
@Play-gz7er
@Play-gz7er 3 ай бұрын
От ол Танир!! Куат,куш,энергия,Кубылыс Танир!!!
@user-xt8ez4lz6m
@user-xt8ez4lz6m Жыл бұрын
Келін түскен шаңырақта отқа май құйады,аруақтар,сол жаңа шаңыраққа береке болады,үбірді-шүбірлі болады.
@user-iz2ex1bb3q
@user-iz2ex1bb3q Жыл бұрын
Аман бол бауырым. Саған мың алғыс.
@qazaq2241
@qazaq2241 Ай бұрын
Рахмет өте жақсы айттыңыз
@askarsalem8068
@askarsalem8068 24 күн бұрын
Айтқаныңыз шындық !
@user-el5he6qh9e
@user-el5he6qh9e Жыл бұрын
Керемет, үлкен рақмет
@user-om6re7yb7j
@user-om6re7yb7j Жыл бұрын
Жарайсын бауырым казак ушин улкен еньек кылып жатсын. Ата бабаларыннын аруагы колдасын сени
@techno_peace
@techno_peace 11 ай бұрын
Керемет бауырым! Дұрыс айтасың!
@user-pi7uc4of9k
@user-pi7uc4of9k 9 ай бұрын
Дурыс АЙТАДЫ
@Kazakstan217
@Kazakstan217 Жыл бұрын
Өте керемет Мухтар бауырым.
@zhanserik5974
@zhanserik5974 Жыл бұрын
Мұхтар бауырым қазақты ойата бер Әруақ қолдасын менің Атам ат жаратты сонда көп айтатын Әруақ қолдасын ата бабам қолдасын деп отыратын.
@user-di7gv1pb9x
@user-di7gv1pb9x Жыл бұрын
Жылу шашу, махаббат шашу, Құдай деген жылылық. Ештеңе сұрамай шуақ шашу.
@RasulShauKen
@RasulShauKen Жыл бұрын
Армысыз Шуылдақ аға!👍☺️☺️☺️
@user-pn2zc9ev8f
@user-pn2zc9ev8f Жыл бұрын
Армысң бауырм аман бол
@aigulaigul1178
@aigulaigul1178 Жыл бұрын
Өте дұрыс
@user-ul5yu7ff4r
@user-ul5yu7ff4r 3 ай бұрын
Жарайсың аға,имамдар ертерек жазасын алса игі еді,қазақтың миын ашытпай
Қазақылық: Тәңір ұғымы, Құдай ұғымы
22:35
Must-have gadget for every toilet! 🤩 #gadget
00:27
GiGaZoom
Рет қаралды 8 МЛН
DELETE TOXICITY = 5 LEGENDARY STARR DROPS!
02:20
Brawl Stars
Рет қаралды 22 МЛН
Haha😂 Power💪 #trending #funny #viral #shorts
00:18
Reaction Station TV
Рет қаралды 9 МЛН
Тәңірші,  тәңіршіл?..  Тәңірқұт
29:59
Arqaman Adam
Рет қаралды 13 М.
"АДАМ МЕН КІСІ" СӨЗДЕРІНІҢ АЙЫРЫМЫ
8:20
TОҚТАР АБЫЗ
Рет қаралды 11 М.
Әруақ
11:34
Arqaman Adam
Рет қаралды 19 М.
Тәңір дінінің құпиялары (I бөлім)
29:57
Қайсар Қазақ
Рет қаралды 11 М.
Must-have gadget for every toilet! 🤩 #gadget
00:27
GiGaZoom
Рет қаралды 8 МЛН