Машаллах мына видеоны шыгарган адамда Аллах екі дуниенин бакытын насип етсин сикыршылардын маскасын шешти.Джазака Аллаху хаир
@ОркенТастанбек8 жыл бұрын
Құрметті амин! (ренжімеңіз есіміңізді білмеймін) Сіздерден Аллаһ разы болсын! көптеген айтып жеткізе алмайтын нəрселерді өте көркем түрде баян етесіздер. .. Алла істеріңізді береттендірсін инша Аллаһ
@НурбекОрысбаев7 жыл бұрын
Бул Видеоны білімі бар адамдар тусінеді ал калгандарна барібір озіде барып жур соларга аузыбиллах
@АманкуловаЖамиля4 жыл бұрын
Сиқыр арқылы екі жастың ортасына от салып ажырастыруға дейін апаратын нарселер бар өз басымнан өтті. Бұл деген нағыз Аллаға карсы шығу Алладан корықпау нағыз күнахар адамдар. Дуа жасатушыда дуаны жасаған адамда Алланың каһарына ұшырап мәңгі тозақтық болсын амин.
@ЕрболатСаркытбаев-ц3с2 жыл бұрын
Ол нақты болады Алланың қақарі
@KarlygashMyrzahmet-km5xd11 ай бұрын
Әмин
@Adilet.Qizdarbay9 ай бұрын
Ол шын жүрекпен тәубе етсе, Аллаһ оны кешіреді.
@qazaqkz11265 жыл бұрын
Тамаша видио, Аллаға шүкір. Алланы жалғыз екенін біле тұра, осындайларға барады ғой.
@NamysTV_official8 жыл бұрын
СИҚЫРШЫ МЕН ЖЫННЫҢ АРАСЫНДА БОЛАТЫН КЕЛІСІМ Сиқыршы мен жын-шайтанның арасында болатын келісім көбіне біріншісінің кейбір шірік істерді, ашық күпірлік істерін жария не жасырын түрде жасауды мойнына алуымен, ал есесіне жын-шайтанның оның қызметін атқарып, сиқыр жасалатын адамды бағындырып беруімен түсіндіріледі. Өйткені сиқыршылардың көпшілігі жын тайпаларының көсемдерімен шарт жасасып, ол тиісінше өз тайпасының ішінен біреуіне осы сиқыршыға қалтқысыз қызмет етуге бұйырады. Сиқыршыға бекітілген бұл шайтан болған істердің хабарларын жеткізеді, екі адамның арасын ажырату не қосу, күйеуінің зайыбымен қатынасын бұзу сияқты іс-әрекеттерді істеп, сиқыршының бұйырған істерін бұлжытпай орындайды. Сиқыршы осылайша жынды өзі қалаған зымиян істерін жүзеге асыру мақсатында пайдаланады. Ал егер өзіне бекітілген бұл жын айтқанына көнбейтін болса, дереу жын тайпасының көсеміне байланысады. Бұл байланыс Алла Тағалаға серік қосатын сөздермен шақырып, дуа ету арқылы орындалады. Ал жындардың көсемі өз кезегінде сиқыршының әміріне бойсұнбаған әлгі жынды қатал жазалап, оны сиқыршыға бағынуын талап етеді немесе оның орнына Құдайға серік қосушы сиқыршыға басқа жынды бекітеді. Сондықтан да сиқыршы мен жынның арасындағы байланыс жеккөрініштілік негізінде құрылған. Осыдан соң жынның көбіне сиқыршының отбасына, ұрпақтарына, мал-мүлкіне зарар келтіретінін көреміз. Кейде тіпті сиқыршының жеке басына әсер етіп, үнемі бас ауруы, ұйқысыздық, түн ортасында шошып ояну сияқты жағдайларға ұшыратады. Оны сиқыршының өзі сезбеуі де мүмкін. Азғын сиқыршылардың мүлде ұрпақсыз қалатын жағдайлары да жиі ұшырасады. Өйткені қиналған жын оның баласын тумай тұрып өлтіреді. Ұрпақсыз қалмау үшін бақсы сиқыршылар бұл кәсібін тоқтатып та жатады. Сөзіме дәлел ретінде бір оқиғаны айтып берейін. Бірде сиқырланған әйелді емдедім. Оған Құран аяттарын оқып едім, оның тілімен сиқырды орындаушы жын сөйлеп қоя берді. Жын: Мен бұл әйелден шыға алмаймын! Шейх: Неліктен шыға алмайсың? Жын: Шықсам сиқыршы өлтіреді деп қорқамын. Шейх: Сиқыршы білмейтін басқа жерге бар. Жын: Онда ол менің артымнан басқа жынды жібереді. Шейх: Егер Ислам дінін қабыл алып, шынайы түрде істеген күнәларыңа тәубе жасасаң, Алланың қолдауымен саған жын-шайтанның кесірлерінен сақтайтын Құран аяттарын үйретеміз. Жын: Жоқ, мұсылман болмаймын. Мен христианмын және осы дінімде қала беремін. Шейх: Жарайды. «Дінде зорлық жоқ». Бірақ сен мына әйелдің денесінен шығуға тиіссің. Жын: Ешқашан да шықпаймын. Шейх: Олай болса, Алланың қолдауымен сені Құран аяттарын оқып күйдіреміз. Сонан соң жынды қатты ұрдым. Ол жылап жіберді де былай деді: - Мен онда шығамын, шығамын. Осылайша жын әйелдің денесінен шығып кетті. Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға! Барлық артықшылықтың Иесі де Алла. Белгілі болғанындай, сиқыршы қанша күпірлікке кіріп, азғындаған сайын жын да оған бойсұнып, айтқанын екі етпейтін болады. Сиқыршы жынды қалай шақырады? Сиқыршының жынды шақыратын жолдары көп. Барлығы да азғындаған, күпірлікке, ширкке толы жолдар. Осылардың сегізін айтып өтейін. Бұларды келтіріп отырғаным көптеген мұсылмандар Құран аяттары арқылы емдеу мен сиқырмен емдеудің ара-жігін айыра алмайды. Бұлардың біріншісі имани жол, ал, екіншісі шайтани жол. Кейбір сиқыршылардың күпірлік ниеттерін жасырып, ауруға жасаған ем-домдарының арасында кейбір Құран аяттарын оқуы оның қай жолмен емдейтінін танып-білуін тіптен қиындатады. Ауру кісі оны Құран аяттарымен емдейді деп ойлайды. Бірақ, шындығында, олай емес. Төменде сиқыршының жынды шақыру жолдарын баяндаудағы мақсатымыз мұсылман бауырларымызды адасудан, азғыруға душар болудан сақтандыру, залымдардың қара ниеттерін ашып көрсету. Бірінші тәсілі: Ант ішу арқылы. Сиқыршы қараңғы бөлмеге кіріп от жағады. Жағылған оттың үстіне сиқырдың түріне қарай иіссу қояды. Егер ерлі-зайыптылардың арасын ажырату немесе адамдардың арасында араздық, жеккөрініш тудыру сияқты болса көңірсіген иісті шөпті қояды. Ал егер махаббат тудыру, ер кісінің әйелімен қатынасын бұзу болса жағымды иісті шөптерді қояды. Сонан соң сиқыршы шірік сөздеріне толы дуасын оқиды. Оның мазмұны жындарға олардың көсемдерінің атымен ант ішіп, сұрақ сұрайды. Жындардан медет-көмек сұрап, қажетін өтеуін тілеп жалбарынады, т.б. шіріктік амалдар жасайды. Бұл дуалардың жасаудың бір шарты сиқыршы дәретсіз не жүніп халінде немесе лас киімде болуы тиіс. Күпірлікке толы дуасын жасап болған кезде алдынан ит не жылан, не тағы басқа бейнедегі елес пайда болады. Сиқыршы оған қалаған нәрсесін бұйырады. Кейде оның алдынан ештеңе көрінбейді, тек дауыс естіледі, кейде сиқыр жасалатын адамның не шашы, не тері сіңген киімінің бір бөлігі сияқты нәрселері көрінеді. Сонан соң жынға қалаған нәрсесін бұйырады. Бұл тәсілдің түсініктемесі, бұл жолды зерттеу арқылы оның төмендегідей ерекшеліктерін байқадық: 1. Жын қараңғы бөлмені қалайды. 2. Жын Алланың есімі айтылмаған шөптің иісін қалайды. 3. Мұндағы Аллаға серік қосу жындардың атымен ант-су ішіп, солардан медет тілеу арқылы болады. 4. Жын нәжіс заттарды жақсы көреді, лас ортаны ұнатады. Екінші тәсілі: Құрбандық шалу. Сиқыршы бір құсты, не хайуанды, не тауықты, не кептерді, не т.б. жын талап еткен сипаттағы аң-құсты әкеледі. Көбіне бұл нәрсе қара түсте болады, өйткені жын көбіне қара түсті ұнатады. Сосын бұл нәрсені Алланың атын атамай бауыздайды. Кейде бұл құрбанның қанымен аурудың үстіне жағады. Сосын құрбандықты қиранды үйлер, көшіп кеткен елдің жұрты, құдық сияқты елсіз жерлерге апарып тастайды. Өйткені мұндай жерлерді көбіне жын-шайтандар мекендейді. Бұл амалдарында Алланың атын атамайды. Сонан соң үйіне қайтып келіп, күпірлік сөзге толы дуасын әрі қарай жалғастырып, жыннан тілегін орындауын тілейді. Бұл тәсілдің қысқаша түсініктемесі: Жынмен тілдесудегі бұл жолдағы Аллаға серік қосу күнәсі екі амалмен жасалынады. Біріншісі: жын үшін құрбандық шалу. Бұл - барлық дін ғұламалары бірауыздан харам еткен іс. Бұл - ең үлкен күнә - Аллаға серік қосу. Өйткені мұнда Алладан өзге нәрсе үшін құрбандық шалынды. Мұсылман үшін бұл істі істемек түгілі, мұндай құрбандықтың етінен ауыз тиюге де болмайды. Соған қарамастан, қазірде Құдайдан қорықпай, азғындауға ұшыраған надан, қаскөй жандар мұндай іс-әрекеттерін жалғастырып жүр. Үмметіміздің бұрынғы ғалымдары мұндай сорақылықтарды қатаң тыйып отырған. Мысалы, Яхия ибн Яхия былай деген: «Маған Уаһб атты атақты ғалым мынаны жеткізді: «Халифалардың бірі бұлақ көзін ашып, су ағызды. Сосын бұл бұлақ кеуіп қалмас үшін жынға құрбандық шалды. Бұл құрбандықтың етін адамдарға таратты. Мұны естіген сол кездің ғұламасы Ибн Шиһаб әз-Зуһри: «Халифа халал болмаған іс жасап, адамдарға халал емес нәрсемен тамақтандырыпты, ал жынға сойылғанды жеуге Расулалла (ﷺ) қатаң тыйым салған»,- деп үкім айтқан екен,- деді». Мүслимның Әли ибн Әбу Талибтен риуаят еткен хадисінде Расулалла (ﷺ) былай деген: «Алладан басқа үшін құрбан шалғанға Алла лағынет айтты». Екіншісі: Аллаға серік қосатын шірік дуасы. Жынды шақыру үшін оқитын сиқыршының бұл дуасы көптеген ғалымдар айтып өткендей күпірлік сөздерге толы.
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Жалғасы: Үшінші тәсілі: Басқа да күпірлік істер арқылы. Бұл тәсіл сиқыршылардың арасында «ең төмен амал» деген атпен белгілі. Бүл тәсілді қолданушының өзіне қызмет жасайтын көптеген жын-шайтандары болады. Өйткені бұл сиқыршылардың ішіндегі ең сұмпайысы, ең бір шектен шығушысы. Бұл тәсілдің қысқаша түсініктемесі: Алланың лағынеті болғыр мұндай сиқыршы Құран парақтарын аяқ киім орнына киіп, әжетханаға кіреді. Сонан соң сол әжетхананың ішінде күпір сөздерге толы дуасын қылады. Сонан соң әжетханадан шығып, үйіне кіріп, жынға қалаған нәрселерін бұйырады. Сол кезде жындар оның талаптарын тез арада орындауға тырысады. Өйткені бұл сиқыршы Аллаға ашық қарсы шығып, лезде кәпір болды. Осылайша Шайтандардың нағыз досына, ағайындарына айналып шыға келеді. Ақыретін дүниесіне сатуымен Алла Тағаланың лағынет-қарғысына бірден-бір лайықты пенде болды. Мұндай сиқыршы зинақор, дінбұзар, біржынысты қатынас жасау сияқты сорақы күнәлардың иесі болып келеді. Төртінші тәсілі: Нәжіс жол. Бұл тәсілде қарғысқа лайық болған сиқыршы Құран Кәрім аяттарын етеккірмен немесе басқа да нәжіс заттармен жазады. Сосын күпірлік сөздерден құралған дуасын оқып, жындарын шақырады, оларға қалаған нәрсесін бұйырады. Бұл тәсілдегі күпірлік айқын. Құран Кәрім сүрелерін лас нәрсемен жазбақ түгілі бір аятты теріске шығарудың өзі күпірлікке жататынын ескерсек, мұндай сиқыршының нағыз тозақы пенде екеніне әбден көзіміз жетеді. Алла Тағала бізді мұндай төмен дәрежелерден сақтасын. Бесінші тәсілі: Құран аяттарын теріс оқумен. Бұл тәсілінде Алланың лағынеті жауғыр сиқыршы Құран Кәрім сүрелерінің бірін соңынан басына қарай теріс оқып, сосын күпірлік дуасын айтып, жындарын шақырады, оларға қалаған талабын орындатады. Бұл тәсілдің де шірік пен күпірлік амалдары арқылы жүзеге асатыны айқын көрініп тұр. [Аудармашыдан: Қазіргі казақ қоғамында «бұрынғы молдалардың ілімі күшті болған, олар теріс оқуды білген, суды теріс ағызған» деген сияқты жаңсақ пікірлерге бейім адамдар көп. Сиқыршылардың мына белгілерін оқыған жан олардың басқа емес, нағыз сиқырмен айналысқандықтарын түсінер еді]. Алтыншы тәсілі: Жұлдыздар арқылы. Бұл тәсіл жұлдызды бақылау деп те аталады. Өйткені мұнда сиқыршы белгілі бір жұлдыздың тууын күтіп, ол шыққан кезде оған тіл қатып, сиқыр амалдарын жасайды. Сонан соң шірік, күпірлік сөздерге толы дуасын оқиды. Алла Тағала олардың әрбір ісінен хабардар. Сиқыршы сол жұлдыздың аруағын жерге түсірдім деп көлгірсиді. Бірақ та шындығында бұл басқа емес, осы жұлдызға табыну болып есептеледі. Бұл сиқыршы өзінің ғибадатқа лайықты бір Алладан басқа нәрсеге - жұлдызға табынып жатқанын білмеуі де мүмкін. Осы әрекеттерден кейін шайтандар әлгі лағынетке ұшыраған сиқыршының әмірлеріне құлақ асып, тілектерін орындайды. Ал сиқыршы болса өзіне көмек беруші аспандағы жұлдыз деп ойлайды. Шындығында, ол жұлдыз бұл пақырдың тіршілігінен де бейхабар. Ал қарғыс атқан сиқыршылар бұл сиқырдың түйіні әлгі жұлдыз екінші рет шықпай шешілмейді деуден танбайды. Жұлдыздардың арасында жылына бір-ақ мәрте көрінетін түрлері бар. Әлгі сиқыршылар осы жұлдыздардың біреуінің туатын сәтін күтіп жүріп, ол көрінген кезде жалма-жан күпір сөздерге толы дуа-тілектерін қайталап, жасалынған сиқырдың шешілуін тілейді. Бұл тәсілде барлық мадақ пен ұлықтауға, құлшылыққа лайықты бір Алладан басқа нәрсені ұлықтап, соған сыйыну, солардан медет тілеу ап-айқын көрініп тұр. Жетінші тәсілі: Алақанға жазу арқылы. Бұл тәсілді қолданушы сиқыршы балағатқа толмаған баланың сол алақанына төртбұрыш суретін сызып салады. Осы төртбұрыштың жан-жағына сиқыр дуаларын жазады. Сонан соң осы төртбұрышқа май мен көк гүлді немесе май мен көк сияны қояды. Сосын бір ұзынша параққа басқа дуа сөздерін жазып, оны баланың бетіне қояды. Түсіп кетпеуі үшін бір қалпақпен бастырып қояды. Сонан соң баланың устіне ауыр киім кигізіп, екі алақанына қарап отыруын бұйырады. Бұл кезде түн болғандықтан бала екі алақанын көре алмайды. Одан кейін қарғыс атқыр сиқыршы ауыр күпірлік сөздеріне толы дуасын оқиды. Сол кезде балаға айнала жап-жарық болып көрінеді де, екі алақанында ерсілі-қарсылы қозғалып жүрген бейнелерді көре бастайды. Сиқыршы баладан: «Не көріп тұрсың»,- деп сұрайды. Бала болса: «Алдымда бір ер кісі тұр»,- дейді. Сиқыршы: «Оған дуа оқушы былай-былай деп жатыр деп айт де», - деп бұйырады. Бұл тәсілді көбіне жоғалған заттарды табу үшін қолданады. Аталмыш тәсілдегі Аллаға серік қосу, күпірлік сөздері секілді түсініксіз сөздер көп болады. Сегізінші тәсілі: Науқастың заттары арқылы. Бұл тәсілді қолданушы сиқыршы ауру адамнан бет орамалын, не бас киімін, не жейдесін, не тағы басқа тер сіңген затын талап етеді. Сонан соң осы орамалдың бір шетін түйіп, төрт елідей бөлігін бүктеп қолына қатты қысып ұстап тұрады. Одан кейін Тәкәсур сүресін немесе басқа бір қысқа сүре дауыстап оқиды. Сонсоң шірік сөзге толы дуасын оқып: «Осы науқастың ауруының себебі жыннан болса мына орамалды қысқарт, ал егер көз тиген болса ұзарт, ал кәдімгі ауру болса жөніне қалдыр»,- дейді. Одан кейін орамалды алып өлшеп көреді. Егер орамал төрт еліге ұзарған болса: «Саған көз тиген екен», - дейді. Егер төрт елі қысқарса: «Сені жын түрткен екен»,- дейді. Ал егер сол қалпында болса: «Сенің ауруың кәдуілгі ауру түрі екен, дәрігерге барып қарал», - деп ақыл айтады. Бұл тәсілдің түсініктемесі: 1. Ауру кісіні алжастыру, яғни бұл Құранмен емдейді екен деп ойлауы үшін Құранды дауыстап оқиды. Ал, шындығында олай емес, алдын-ала іштей күпірлік дуаларын оқиды. 2. Жын-шайтаннан көмек сұрап, соларға жалбарыну, шақыру. Бұл Алла Тағалаға ашық түрде серік қосуға жатады. 3. Жындардың айтқанына сене беруге болмайды. Олардың шын әлде өтірік айтқанын ажырату қиын. Біз көп сиқыршылардың айтқандарының кейде расқа, кейде өтірікке шығып жатқанына талай көзімізді жеткізгенбіз. Мысалы, саған көз тиді деген ауруына Құран оқығанымызда оның шын мәнінде шайтанның азғыруына ұшырағанын байқадық. Уахид Абдуссалам Бали. Өткір қылыш. (сиқыр мен теріс дұғаға қарсы күресу кітабы). «әл-Табиъин» баспаханасы. Каир. 1416 һижри жылы. 1996 ж. 25-33 беттер.
@ayazgultemirova94827 жыл бұрын
Namys TV Аллах разы болсын
@user-fx1po5nw6t7 жыл бұрын
Namys TV ассалауалейкум адам өін біреудің дуалағанын сезсе немесе білсе қалай өзін сол дуадан тазартатын немесе қайда барып сол дуадан арылатын жолы барма? сұраққа жауап болса Алла атымен үлкен ризашылығымызды білдірген боларедік жəнеде шексіз жақсылық жасаған болып табылар едіңіз
@azamatbidaibekov64475 жыл бұрын
I pet goat 2 туралы не айтасыздар????
@НургисаКожахмет8 жыл бұрын
үйреніп қалған дауыс жақсы бірақ осы видио осы дауыс пен жақсы кеткен
@kesteleukesteleu60153 жыл бұрын
АСТАҒФИРУЛЛАҺ❤️
@ШахимарденОмарбеков3 жыл бұрын
Аллахым барлығымыз өзіңе аманат. Сен аманатқа қианат жасамайсың. Жынның кесірінен адасудан күнә атауынан өзіңе сиынамын Алла
@silencesilence95724 жыл бұрын
Алла разы болсын! Сиқыршыларға және сол сиқыршыларға көмектесетін жын-шайтандарға лағынет болсын.
@design-00005 жыл бұрын
Былай айту керек ондайға 'Продали душу дьяволу' , дегендей оларға ақыретте ешқандай үлес жоқ. Аллаһ қалауымен бәрі!
@СветлаяЛуна-м2ф5 жыл бұрын
Только намаз ,и только вера в Аллах спасёт человека. Я это всё прошла и меня спасло только Намаз. и это постоянное борьба нельзя врать, лгать нельзя сплетни,нельзя делать зина и всё плохое нельзя делать. Вот тогда Аллах спасёт вас от всего плохого.
@ҰлбикеБасарова4 жыл бұрын
Алладан басқа тәңір жоқ Мұхаммед оның елшісі Алла Ұлық
@hjrlbnto27593 жыл бұрын
Алла серік қосқанды нестейтіні бәрімізге аян,джаханнамның төсінде отқа жағылып,қайнаған суды ішіп зақұмнан ауыз тигенде қателігін түсінер.
@suiinbekkazdenov51914 жыл бұрын
Ауыр, бірақ мағыналы бейнежазба. Алла разы болсын!
@АбылайКошкарбай5 жыл бұрын
Ассалам алейкум видеоларыңды қайталап көремін.Алла разы болсын
@nurbolatakbotaev22145 жыл бұрын
бугунге дин бундай сикыршыларга бармаппын Алла сактасын бармаганым жаксы бопты бармаймында
@АманТабынбаев-г5д8 ай бұрын
ЖАЛҒЫЗ ЖАРАТУШЫ РАББЫМ АЛЛА ҰЛЫҚ ҮСТЕМ ҚҰДЫРЕТІ БӘРІНЕ ТОЛЫҚ ЖЕТЕДІ
@АбдиКурбанулы5 жыл бұрын
Алла разы болсын Ултжанды Баурларга
@ernarsahariev92258 ай бұрын
Алла жазасын берсын булардын Аминь!!!!
@muhammadsallalahuleihiuass53712 жыл бұрын
АССАЛАУМАҒАЛИКУМ УА РАХМАТУЛЛАХИ УА БАРАКАТУХ
@АлмаСенбаева7 жыл бұрын
Астағфиуллаһ
@КлараКушбакова-л3я4 жыл бұрын
АЛЛАХ баарыбыза ыйманыбызга кубат берсин 🤲
@sevaraxadirva65872 жыл бұрын
ALLAHDAN BASQA TANIR JOQ MUHAMMED ONIN ELSHISI ..
@bekzat42097 жыл бұрын
рахмет сизге
@ЗагираБугубаева-б7р4 жыл бұрын
Аллаху акбар
@РамазанИбатбек4 жыл бұрын
Өте әсерлі Сіздерге Алла разы болсын. Мүмкін болса музыканың атын айтасыз ба
@ЖакыпСырлыбаи-ь4л8 жыл бұрын
Алла сақтасын
@aikoadbi37145 жыл бұрын
Алла разы болсын
@АхылбекАхылбек5 жыл бұрын
Аллаһ разы болсын. намыс. тв.
@КенжегалиевЧингиз6 жыл бұрын
Мен тұратын ауылда карта аштырып, емшіге баратындар өте көп, шамамен жартысынан асады. Сонда олар күпірлікте өмір сүріп жатыр ма?
@bekaristurdibay29075 жыл бұрын
Кенжегалиев Чингиз ия Аллаһ тагала серык косу олай бомайд негызы
@СержанБаймаханбетов-д9п4 жыл бұрын
Кім осы жолга туссе капир бола береді. Оган бару Құдайга карсы келу. Діннен шыгу. Олар алгашкыда дурыс соз айтады. Адам сенді ау бойы уйренді ау дегенде жәйлап отіргіне сендре бастайды. Содан адам екі ортада жынды боп калады...
@hijabtagykyz97964 жыл бұрын
Оган баргандардың намазы 40 кун кабыл болмайды.Ал енди осы кунде ол өлет кетсе ше ? Алла ондайдан сактасын!
@ӘлемМир8 жыл бұрын
рахмет
@АйжанАлимбекова-л6з7 жыл бұрын
Жын нәжіс заттарды ұнатады деп айтып кеттіңіз балаларым төсекке сиіп қоядығой сонда көрпешенің сыртын ғана жуып мақтасын жумаймыз ол қалай болады екен өтініш жауап күтемін....
@dubaisaludin27095 жыл бұрын
Баланы Алла коргайды олар кунасиз
@БауыржанАлимбеков-ц9б5 жыл бұрын
@@dubaisaludin2709 Бала деген қорғансыз, əлсіз жаратылыс.
@landpro51244 жыл бұрын
Алла күнәләрімді кешіре көр
@alatayaltaialtai22546 жыл бұрын
Бұндайларды әспенситип қойаберсе бүкил елди құртады, не түрмеде шириту, не бир литр бензинмен өртеп өртеп жибериу керек...
@МаржанЖумабекова-ы6х5 жыл бұрын
АстафирАллах.АстафирАллах.АстафирАллах.
@СырымНұрбай-п5р4 жыл бұрын
Рахмет.намыс тв
@ОмырбекОмырбек-б2у2 жыл бұрын
Терс.жолды.төсіндіргенңе.рақмет.
@АлиханТөлепберген4 жыл бұрын
ҚҰДАЙ САҚТАСЫН!
@ТалгатСерикбаев-и6ш5 жыл бұрын
Atv ihsan каналындағы видеоларды қазақшаға аударып жүктеш.Алла разы болсын!
@ТалгатСерикбаев-и6ш5 жыл бұрын
Менің коментымды окисын деп ойлайм
@АндрейПшенников-я2э7 жыл бұрын
Алла тагала ози колдасын
@СириусСириус-р8е2 жыл бұрын
Өте қорқынышты нәрсе екен
@mrka11138 жыл бұрын
Дауысыныз өзгеріп кетіп тіғо
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Бауыр, танып қойдыңыз ба? Үйреншікті дауыс жақсы ма әлде осы дауыс па?
@mrka11138 жыл бұрын
+Namys TV Екі дуыс дуыстын жақсы жаманы болмайды ау дим.
@БалжанКайраткызы5 жыл бұрын
Дауысында не шаруаңыз бар? Главный естип дурыс пен бурысын ажыратсақ болды емеспа?
@inkarahmetjanova44504 жыл бұрын
@@NamysTV_official осылай да жақсы
@erasylakhanov95638 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум!!! Қазақтың бітпес тойы жайында, неке сақинасы жайында көзқарастарыңызды шығарсаңыздар. 2) Сұрақ: Сонда бұл бақсылардың жасайтын ритуалдарын қалай ойлап табады, онда бір мән бар ма түсінік бар ма? әлде ойына келгенін жасай береді ме? Тағы бір сұрақ: Қорқыт ата бақсы болған деседі ол жайлы ойыныз қандай?
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Уағалейкумассалам. Той жайында шығару жоспарда бар, ин шәә Алла. Ал бақсыларға келер болсақ, оларға достары яғни шайтандар үйретеді. Бұл ритуалдар джаһилия заманынан бері келе жатыр. Ал Қорқыт ата жайлы ешқандай мағлұмат жоқ. Ал анығын Алла білуші!
@gozzalseytbaeva36235 жыл бұрын
Мында дауыс манызды емес. Бастысы такырып. Даусида жаксы. Алланин рахмети болсын
Уағалейкумассалам. Сіздің өтінішіңіз міндетті түрде ескеріледі!
@fashionwomen26487 жыл бұрын
Namys TV бир кисы баксыга барды кирген бойда баксы бир турлы алсиреп энергиясы жогалып алсиреп калдады ал сосын баксыга келген кисы шыгып кетед баксы алсирегены басылады ол сонда калай? айтынызшы?
@Adilet.Qizdarbay Жыл бұрын
@@fashionwomen2648Тақуа адам шығар.
@АбылайханБейсенбай-с8ж5 жыл бұрын
Мен бала күнімде қолымның терілері алынып түлеп кеткен болатын Бірақ ол кетпей қойды.Содан соң мен анама айттым.Ол кісі мені бір апаға алып барды.Сол апа екі қолымды ұстап бір дұғаларды оқыды және де былай деді:үйіңе барған соң екі қолыңа бір бір қызанақты ұстап шеңгелге күлге қарай лақтыр деді содан соң артыңа қарамай үйіңе кіріп кет деді мен дәл солай істеген соң қолым лезде жазылды.Осыны маған түсіндіріп бере аласыздарма
@Yan-19i2 жыл бұрын
Алла сақтасын!
@nursultankenzhaliev77878 жыл бұрын
неге ұятсыз көріністерін қосқан..көз зинасын жасауға жол ашып жатсыздар емеспе ? ((
@ӘлемМир8 жыл бұрын
ассалаумағалейкум сіз MARVEL компаниясы туралы айталасызба дұрыс па , дұрыс емес па.
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Уағалейкумассалам. Ин шәә Алла, жақында ролик шығады. Дұрыс емес әрине, голливуд бұл сионисттік идеология. Марвел кинематография арқылы Дәджалдың бейнесін қалыптастырып, жас буынның миына сіңдіріп жатыр. Жақын арада жарық көреді ролик күтіңіз!
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Марвел және ДС комикс жайлы жарияланған ролик ютубтан бұғатталды. Қаскөйлер роликтің таралғанын қаламайды. Вконтактедегі тобымыздан ғана қарай аласыз: vk.com/kyskadakyzykty?w=wall-74436962_1596
@narimanshakenov86117 жыл бұрын
Namys TV неге марвелтуралы акпаратты hd сапада жасагансыз? интернет нашар видеоны толык кореалмай койдым
@blackbrow72297 жыл бұрын
Nariman Shakenov себебі бұл ютубтың өзі гоглға қарайды емеспе!!! сол үші жақсы білім алып, АЛЛАдан жәрдем сұрап, білім алып, дербес желі жасап шығу керек. себебі білімді олар монополялай алмайды
@sevaraxadirva65872 жыл бұрын
Osi vedioni shigargan adamga eki dunyenin sagadatin bersin aumin .
@ФерузаЧинибекова-ч2и7 жыл бұрын
АСТАХФИРАЛЛА
@akerkemakhat37384 жыл бұрын
Неге сондай эфирлер салихалы дүниелер шығармайды. Олар өзгені ғана емес өздерінде күнәға тартып отыр ғой.
@БекболатКарымсаков-к9й4 жыл бұрын
корми жатып лайк
@gozzalseytbaeva36235 жыл бұрын
Алла мина видео ни корип етим туршикти. Омирде сондай адамдарда барма? Аллахым дининди Озинди Пайгамбаримизди(сав) танитканина Шукур. Осиндай видео ларди коп коп шыгарын. Адамлар ак карани танисин.
*НАМЫС ТВ, видео дубляжын өлімсіретпей, жаны бар адам ұқсап оқыңыздаршы! ӨТІНІШ*
@narimanqazaq7205 жыл бұрын
Сауатты жақсы айтып жатыр
@alshikkrassavshik43264 жыл бұрын
Сенын басын тстейма? Аллаһ берген дауыс олай айтуға болмайды! Саған ақыл беріп жатыр и ещё саған дауысын өзгертып айтуы керекпа? Тупой
@ТенелбайМакытов7 жыл бұрын
Нәпсі ұялы телефон сияқты жұмыс жасайды.Ұялы телефон өз сигналын ғана қабылдайды,өзге сигналдарды қабылдамайды,әр қайсысының өз сигналдары әр түрлі.Нәпсісі қаласа сол теріс болса да дәлел деп алады,нәпсісі қаламаса ол дұрыс болса да теріске шығарады,яғни әр түрлі нәпсілердің бағытымен сәйкес келсең дұрыс,сәйкес келмесең дұрыс емес.Яғни нәпсілерге қарайтын болсақ дұрыс жол біреу емес,көп,дұрыс емес жолдар сияқты.
@barpykg20586 жыл бұрын
Бир адамды сыйкырчы сыйкырлап койса андан кантип куттулуу керек ушу жонундо айттып берсениздер сураныч
@islamvideo87906 жыл бұрын
Barpy kg Мешітке Имамға барыныз
@ДамирЗахаев2 жыл бұрын
Ар жағындағы фонның (музыканың) аты қалай?
@Qaratoqay7 жыл бұрын
жасалган сикырдан калай кутылуга болады. озиме сткыр жасаган туралы куман болса егер. куран окытып кордим. ешкандай жыннын белгиси болган жок. баска кандай жолмен емделсе болады
@ЖазираЖантасова-л3э4 жыл бұрын
Ол не? Не жасаттым дид?
@naz_clayasmr19712 жыл бұрын
Әрине сіздерге қалай екенін білмеймін бірақ кейбір адамдарға сиқырды үиретп отқан секілді
@Айнұр-э9з8 жыл бұрын
Ассалаумағалейкүм Сіздерден сұрайн дегенім-Əйел адамға шаштараз болуға болама? Əйел адам қандай жұмыс жасау на болады.
@МикошКурбанов-в1и8 жыл бұрын
Айнур Адилгерей әйел адамға сауда жасауға болатынын білемін. бірақ шариғатпен болуы керек.
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Уағалейкумассалам. Негізі шариғат әйелді жұмыс істеуден босатқан. Әйелдің үйде отырғаны Аллаға ең жақын кезі дейді. Ал жұмыс істегенде шариғатқа қайшы болмауы қажет. Мысалыға шаштараз болғанда, бөтен еркектердің шашын қиғанда олармен жанаспау мүмкін емес. Ал бұл шариғатта дұрыс емес. Ал анығын Алла білуші.
@МикошКурбанов-в1и8 жыл бұрын
Әйелдің шаштараз болуы мүлде дұрыс емес деп білемін. Өйткені бөтен еркектермен оңаша қалу шариғатқа қайшы. Ал әйелдердің шашын қию және дұрыс емес. Аллаһу аъләм
@Айнұр-э9з8 жыл бұрын
Namys TV Ассалаумағалейкүм. Мен онда кандай жумыс жасаума болады. Мен азир тұрмыста шыкпадым және де шариғатта қандай жұмыс жасауға болады?
@NamysTV_official8 жыл бұрын
Шындығында әйел кісі үшін ең жақсы жұмыс ана болу. Ал оған дейін "оқытушы, тәрбиеші, мұғалім, дәрігер, киім дизайнері" сияқты мүмкіндегінше ер адамдардан бөлек жұмыс істейтін болғаны абзал. Ал анығын Алла білуші!
@YesbolganSholpanBaltabaikyzy2 жыл бұрын
اعوذ بالله من الشيطان الرجيم بسم الله الرحمن الرحيم
@arnursabitov4343 жыл бұрын
Алла бізді жаратты жаксылык десем бе билмеим енді біз Аллаға намаз окип жаксы истеп мен аиналысымыз т б
@abdur-rahmanal-farisi4 жыл бұрын
1:57 Бұны қай каналдан көрсетті? Оригиналы бар ма? Табылса комментарий қалдырыңыздаршы! Керек. Бұл деген атеисттердің бұл өмірде сиқырдың бар екендігіне айқын дәлел. Яғни, Құранның ақиқаттығын растайтын (әлбетте, ол баяғыда расталды һәм одан бірде-бір мін табылған жоқ) материал.
@bakdauletshirinkhan58505 жыл бұрын
Ассалаумагалейкум намыс тв арнасына осы видеодан кейын қысым жасалдыма?
@fotdastonflog55645 жыл бұрын
Оте коркынышты екен
@Қазақстан-ф8ж10 ай бұрын
Ар жағындағы музыка аты қандай
@attilayoutube45584 жыл бұрын
Мен 3 рет сынықшыға бардым және 1лет емшіге бардым. Емші қойдын майымен басымды уқалап берді. Сонда мен діннен шықтымба? Мен бірақ білген жоқпын.
@НуртазаКулыс4 жыл бұрын
АТТILA You Tube sen ogan uaimdama ol jai kazaki emdik adil buni bari biledi goi isteidide ol kunaga jatpaidi dep oilaimin
@СержанБаймаханбетов-д9п4 жыл бұрын
Жындар адам корсе, адамдар деп зәре құттары калмай кашады екен. Бірак адамдар оларга багштап мал сойгасын олар адамды басна бастайды. Сол сиякты жындар әлі кунге дейн адамды баснып келеди. Шакырмнан корсе шакырмдап кашатындар уймзге кірп тіпті ішмізге де кіруде. Билігін калаганга жургізуде
@ЕрболатСаркытбаев-ц3с2 жыл бұрын
Бұндай бағдарлама лар бар ма не Алла сақтасын
@mardenbaipan1534 жыл бұрын
Адыраспан мен аластау күнә ма?
@fhgccvgycjhg68033 жыл бұрын
адыраспан жай микробтарды өлтіреді ғо күнə емес шығар
@adilshynesenov35425 жыл бұрын
қай кинодан алдың қорқынышты екен
@МақсатДүңгенбай6 жыл бұрын
Осындай иманды сабақ беретын видолар көбейсын
@АлкаСеитова8 жыл бұрын
секрет деген фильм туралы не айтасыз.
@wonder203020308 жыл бұрын
Алка Сеитова лохотрон
@user-fx1po5nw6t7 жыл бұрын
сізбен қалай қабарласса болады? ақыл кеңесіңізді сұрап жол көрсетуіңізді өтініп
@ЖумагалиАбжаибаров3 жыл бұрын
Намыс тв дами бер
@ЕрболатСаркытбаев-ц3с2 жыл бұрын
Мен теледидар қарамайтын екенмін көптен бері қарамаймын бала кезде қарағанмын Телевйзыр бар бірақ қосқанда да Музика тыңдаймын Енді оны да тастап Телефон ға көштім
@daurensadykov99184 жыл бұрын
Nelikten osyndai narselerge aielder kop senedi?
@НургисаЖолымов2 жыл бұрын
Әйелдердің иманы әлсіз болады
@Үстірт125 жыл бұрын
Музыкасы жаман екен. Ыңыраған. Басқа музыка таппадың ба?
@oljasiktopshik59054 жыл бұрын
Ханша сейтнур астарлы акикат барды гой сонда ол айтады бр куни жетеды мен кетемиз ал сендерег бреу келеды дейды жынма әлде перима
@dauletletchik773 жыл бұрын
ТРЕК ҚАЛАЙ АЙТЫП ЖІБЕРЕСІЗДЕРМА
@Адамиқасиетпениман4 жыл бұрын
Құранды хатым етіп отыру мақсатында WhatsApp тобы ашылды. Тәжуид білетін жандар болса, қосылыңыздар. Талап: ⚠️ жауапкершілік; ⚠️ берілген параны уақытылы тапсырып отыру; ⚠️ маңызын түсініп, сауапқа ұмтылу. "Хатымды оқыған және тыңдағандардың дұғасы қабыл болады". ✍ Әбу Нуайм. Қосыламын десеңіздер, +77753565408 хабарласыңыздар
@arnursabitov4343 жыл бұрын
Сикир мирыр анау мыныау Деген о́трик
@shaldaraldar4915 жыл бұрын
Ахээйй чч жаман адасыпты субхана Аллах
@Макпал-д4е2 жыл бұрын
Киямет кайымда шайтандарда олема
@канатакбажаков-й4и Жыл бұрын
Еу брус ли бақсы балгер бар жын шықсын
@Макпал-д4е2 жыл бұрын
Олар жыннан емес аруактардан сурайды
@ait75814 жыл бұрын
Қалай байланыссам болады жынмее
@ЖазираЖантасова-л3э4 жыл бұрын
Жайма сеники?
@BAGDATSABYROV2 жыл бұрын
ДругВокруг ка кирси жын жыбырдын бари сол жерде отыр😂