Әскерге күштеп әкеткен сарбаздың жұмбақ өлімі: Президент кінәлілерді табуды бұйрық берді

  Рет қаралды 63,030

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Отан алдындағы борышын өтеуге кетіп, бес күннен кейін туған жеріне табытпен оралған маңғыстаулық сарбаздың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. 18 жастағы Әлібек Қалбай Отардағы № 30/212 әскери бөліміне өткен дүйсенбіде ғана қабылданған еді. Алайда, жұма күні таңертеңгі сапқа тұру кезінде есінен танып, тілге келместен көз жұмған. Марқұмның туыстары әскерге күштеп әкеткен баламызға бармай жатып әлімжеттік жасады деп отыр. Өйткені Әлібектің денесінде көп көгерген іздер мен түрлі жарақаттың бар екенін көзімізбен көрдік дейді. Бірақ Қорғаныс министрлігінің өкілдері жауынгерлік антты қабылдамай жатып бақилық болған сарбаздың жақындарының сөзін жоққа шығарды.
Жамбыл облысы Гвардейск әскери қалашығында қайтыс болған Әлібек Қалбайдың денесі сенбі күні кешке ұшақпен туған жеріне жеткізілді. Өткен дүйсенбіде ғана әскерге сау кеткен ұлдарының табытын қарсы алу жақындарына ғана емес, көңіл айтып жиналғандардың барлығына оңай тимеді. Туыстарының сөзінше, Әлібекті жұмыста отырған жерінен әскерге алып кеткен. Сөйтіп жас жігіт 18 сәуір күні Отардағы әскери бөлімге қабылданған. Ал 22 сәуірде әскери бөлімдегілер жақындарына жас жігіттің қазасы туралы естіртіпті.
ДИНАРА ТІЛЕСОВА, Әлібек Қалбайдың жеңгесі:
- 12-сі күні мәжбүрлі түрде армияға кетсін деп баланы алып кетеді. Сотталасың, болмаса 3 миллионға штраф төлейсің дейді. Баланың көретін жері жоқ. Почкасы, іші бәрі, қолдары көгерген. Басы көгерген, құлағының артында бірдеңе тағылып тұрды. Уже біз шыдай алмай қалдық ол кезде шығып кеттік. Кейбір балдар мамасының нөмерін жазып беріп жіберді тығылып. Мамаларымызға ескертіңізші, Әлібектің өлімінен кейін қорқамыз служить етуге деп жатыр.
Сарбаз Әлібектің денесін туыстарына тапсыруға келген төрт әскери қызметкерді туыстары кезекпен сұрақтың астына алды. Әскерилердің сөзінше, Әлібек сапта тұрған кезде есінен танып құлаған. Содан кейін оған алғашқы көмек көрсетіпті. Бірақ аман алып қала алмаған. Сондай-ақ, әскери бөлімнің өкілдері мен қорғаныс министрлігі сарбаздың денесінде ешқандай жарақат болмады деп отыр.
СЕРІК БОРАМБАЕВ, ҚР Қарулы Күштер бас штабы бастығының орынбасары:
- Қатардағы жауынгердің өліміне қатысты тергеумен Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары айналысады. Олар тәуелсіз және Қорғаныс министрлігіне есеп бермейді. Бұл - тексерістің әділ және неғұрлым объективті жүргізілуі үшін жасалған. Егер кінәлілер анықталса және оларды жауапкершілікке тартса, біз үшін абырой болар еді.
Әскери бөлім қызметкерлері сарбаз сапта тұрған жердегі камера істен шыққан деп отыр. Ал, әскери бөлімдегі жағдайды өз көзімен көріп келген Әлібектің жеңгесі командирлерге қатты ашулы. Ұлдарынан айырылып, қабырғасы қарс айырылып отырған отбасы бұл істе бір шикілік бар дейді. Айтуларынша, Әлібек қайтыс болардан бірер күн бұрын әскери бөлімде төбелес болған.
Құпия өлімнің сыры ашылмаса да, туыстары 18-де қыршын қиылған Әлібекті бүгін жер қойнына тапсырды. Медициналық сараптама қорытындысы әзірге белгісіз. Дегенмен, марқұмның туыстары қорытындымен келіспеген жағдайда тәуелсіз сараптамаға қайта береміз деп отыр.
Махаббат Нұржанқызы, Фархад Шадкам
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#әлімжеттік #әскер #жұмбақ_өлім

Пікірлер: 353
@user-hy6lm4gi7v
@user-hy6lm4gi7v 2 жыл бұрын
😱😰😰 сырттан жау келмей жатып-ақ өз-өзімді өлтіріп тауысатын болдық қой, қазағым-ай не болды мұнша жауыздық жасап. Осыдан соң , қалай баламызды жібереміз Отанын қорғауға?!
@user-qd3tj3ix4s
@user-qd3tj3ix4s 2 жыл бұрын
Казактын тубине казак жетеді,топас еркектер соны түсінбейді, ойлары армияда урып согу сол мактаныш
@user-vd9kx6ek7n
@user-vd9kx6ek7n 2 жыл бұрын
😥😥😥😥😥😥🤦
@user-rj5qe8dv5i
@user-rj5qe8dv5i Жыл бұрын
Қорғайтын Отан қалдыма өзі .менің де балам әскерде қазір қандай отан қорғап жургенін қайдам.
@user-ex2tl6dk8s
@user-ex2tl6dk8s 2 жыл бұрын
Қандай өкінішті 😰. Кеткеніні он кунде болмапты өте қиын көріп жыладым. Жатқан жері жайлы болсын, Ата анасына, бауырларына сабыр берсін.
@user-ej5om9og2w
@user-ej5om9og2w 2 жыл бұрын
Вапше армияға бармаса 3 миллион беру керек деген заңды алып тастау керек Баламызды жіберсек өлігін алып келед не заң жоқ тап солай алып тастасын штраф дегенді малша ұрып соғып олай борышын отемейақ қойсын Ата Анасына сабыр берсін Ой Алла не болп барад мына адамдар жауыздар
@user-jr3yj7pm5q
@user-jr3yj7pm5q 2 жыл бұрын
Ата-аналар бірігіп балаларымызды жібермеу керек әскерге, барсын қарабет министр, депутат, әкімдердің балалары
@user-yf2wp3si6f
@user-yf2wp3si6f 2 жыл бұрын
Мен де қолдаймын сізді...мұндай тәртіп,әділдік жоқ елде армия да дұрыс болмайды...
@sherqala6350
@sherqala6350 2 жыл бұрын
Шыбын құрлы болмадық ау. Бізде заң жоқ. Қарабеттер
@aserlishagirova7301
@aserlishagirova7301 2 жыл бұрын
Мына командир әкіреңдейді ғой, менің қарамағымда 170 солдат бар куә бола алады деп . Әрине куә болады үйткені қорқады шындықтарын айтса оларға ертең күн бермейтіні сөзсіз. Беті бүлкетпейді командирінің құдай берсін жазаңды . Денесінің көгергенін соққы алғанын денесінен көріп отыр туысқандары енді оған не куәгер керек соттау керек жауаптыларды тыныш заманда өрімдей жастар өліп жатыр жаза қолдансын
@groupmusic8779
@groupmusic8779 2 жыл бұрын
Қасиетті жұма күні қайтыптыгой жаны жанатта болғай 🙏
@user-jr3yj7pm5q
@user-jr3yj7pm5q 2 жыл бұрын
Әрине 165 сарбазды куәгер қылдыра салады, қарабеттер.. Аллаһ - куәгер, жазаларыңды берсін екі дүниеде де.
@user-ty3ul2gi9m
@user-ty3ul2gi9m 2 жыл бұрын
Куәгер қыла сала ма салмай ма Алла көріп тұр әр нәрсенің өтемі бар . Төлеубаев Бекжан аға лейтенант менің әскерде 5 ай командирім болған мен сарбаз болдым қатардағы ол сарбаздарға өзінің інісіндей қарайды
@user-ov1vt6iu6f
@user-ov1vt6iu6f 2 жыл бұрын
Билесениз,кормесениз артык каргыс жазбаныз.Вас там не было и не будет.Алла адил!
@user-kn3eb4dv7t
@user-kn3eb4dv7t Жыл бұрын
Бірге барган жас баланы кінәлі етіп қойған
@user-pt6tp6gc5v
@user-pt6tp6gc5v 2 жыл бұрын
Армияга жумыста отырган жеринен алып кетуге, кимнин какысы бар?! Ол бала дуниеге келгенде,комек берип пе един,окуынын акшасын толедин бе,мектепте жургенде сен киндирип пе един ???!!! Ата-анасынын рухсатынсыз,ешкимнин какысы жок,биреудин баласында?! Отан коргауга алдын ба,укимет жауапты болу керек!!! Баланы туганда карапайым халык, армияга барганда, олсин деп жиберген жок!!!! Урып-олтиген адам жауапка тартылсын! Казак казакты олтирип,не утттын?!
@user-si9jq4xz8y
@user-si9jq4xz8y 2 жыл бұрын
Балақайды ұрып соққан жауыздар тиісті жазасын алсын. Аямаңыздар
@user-ny8qm7wz5e
@user-ny8qm7wz5e 2 жыл бұрын
Ата ана туыстарына сабыр берсін өте өкінішті жағдай бұл Жамбыл облысында бірінші жағдай емес
@user-df9mb9gg3r
@user-df9mb9gg3r 2 жыл бұрын
Осы баланың қазасына себепкер жандар Алланың бар екенін ұмытпаңдар. Ана жыламасын. Ананың көз жасы еш жібермейді
@aitkamalsadykova2068
@aitkamalsadykova2068 2 жыл бұрын
Кінәлілер жауапқа тартылсын ,қолдары сынғыр олда біреудін әлештеп өсірген баласы ғой.
@user-zj7sb2er5c
@user-zj7sb2er5c 2 жыл бұрын
👺👺👺👺👺🇰🇿🇰🇿🇰🇿🤛🤛🤛
@bagdagulerjanova8480
@bagdagulerjanova8480 2 жыл бұрын
Ата арасына сабыр берсын оте окынышты сұмдық жағдай
@user-qf8yq6de9j
@user-qf8yq6de9j 2 жыл бұрын
Президенттің көзі түзу болса, президенттің миы істейтін болса...өтірікке жол бермей...сол әскери бөлімнің өз ішінде екеніне әбден сенім білдірсін☝👊😡, міндетті түрде табылад, сол әскери бөлімнің командирлерінен келген сұмдықтар бұл!!!☝👊😡 командир взвода, командир рота...осылардан келді барлық сұмдық!!!! Қазір жасырынғанмен...Аллаһ оларды жәй қалдырмайд☝👊😡 міндетті түрде мойындарына алынсын да түрменің түбінде шірісін олар!!!!☝☝☝👊👊👊😡😡😡
@ara7236
@ara7236 2 жыл бұрын
Сөзіңізге мен қосыламын дұрыс.
@user-eb2vp8mh1d
@user-eb2vp8mh1d 2 жыл бұрын
Армияга ешкимде бала жибериеу керек .
@user-sf8gw1ti4g
@user-sf8gw1ti4g 2 жыл бұрын
Кім ұрып өлтірсе оразда Алла жазасын берсін ата анасына Алла сабыр берсін жанны фердаус жаннаттан болсын 😥😥😥
@user-im9ne9gg8x
@user-im9ne9gg8x 2 жыл бұрын
Әскерге кетіп қаза боп жатқандар өте көп. Шындап келгенде осы өлімдер үшің ещкім жауап беріп жатқан жоқ. Сондықтан командир лерде салғырт қарар. Жаза қолдану бастамаса. Сырттан жау күтпиақ өзімізді өзіміз құртып тынамыз. Әскер әлсіз, саны аз , жеріміз үлкең қасымызда Қытай. Ойланайық...
@user-ch5gc1tm3t
@user-ch5gc1tm3t Жыл бұрын
Қиямет жақындады, қазаққа қазақ жау болды, бұлай жалғаса берсе өз өзімізді құртамыз, әділетсиз басшылардың кесиринен, елимиз құлдырап барады, бұл жерди ким қорғайды ертең, Аллах жазаларын берсин қияметте,
@user-pd3gt2de9b
@user-pd3gt2de9b Жыл бұрын
Иманды болсын.Аке шешесине сабыр берсин. Кинап олтиргендердин Кудай жаксылап жазасын еки еселеп берсин. Бурындары ағаларымыз 2 жыл әскерге кетсе, Аппак сазагдай болып келетин еди. Әскерге провод жасап , 2 жылын 2 ай болады деп андетип шығарып салатын едик. Ай ширкин әскерде жасаған альбомдарын көрсең керемет. Казир кандай заман болды. Әскерге кеткен баламызды тек аман есен келсе екен деп, кудайдан тилеп отырамыз.
@user-pq5pm7ru7h
@user-pq5pm7ru7h 2 жыл бұрын
уш миллион толеймын бырак баламды аскерга жибермеймын. Жас жигит онгайлыкта жан бермейды, адам жаны онгай шыга коймайды, аллам туыстарыга сабр бере кор.
@user-xn7ls9np4v
@user-xn7ls9np4v 2 жыл бұрын
Ия ДҰРЫС АЙТАСЫҢ МЕНДЕ ЖІБЕРМЕЙМІН КӨТТЕРІН АЙЫРАМЫН СУКАЛАРДЫҢ😠😡😠ШЕТІННЕН ЖАЙРАТЫП САЛАМ ҚЫРАМ😠😡😠Өлсем өлейін табам СУКАНЫ😠😠😠😠
@user-jb6zy2jl4b
@user-jb6zy2jl4b 2 жыл бұрын
Алла сақтасын,не деген сұмдық,әскерилер жауапқа тартылсын,әскерилер не дейді,өлтіріп алдық,деп қалай айтады,сарбаздар әрине әскери қызметкерлерге куә болады,себебі өлім қауіпті.
@ranomat5408
@ranomat5408 Жыл бұрын
Төбелеске қарап турған командирлерге жаза берсин
@welcamxshop6182
@welcamxshop6182 2 жыл бұрын
Көшеден ұстап алып әскерге алып кетіп жатыр. Ол бала әскерге жарайды ма, ешкімнің шаруасы жоқ. Ең болмаса бір баланы көрсетіңдерші, мына бала министрдің баласы, борышын өтеп жатыр деп.
@user-dr6bx5ls4v
@user-dr6bx5ls4v 2 жыл бұрын
Түнімен ұрған ғой. Түрмеден бір кем емес болдығой. Өткенде біреуін жынды қылды басынан ұрып.осы баланың аруағы ұрсын.
@user-yf2wp3si6f
@user-yf2wp3si6f 2 жыл бұрын
Дұрыс айтасыз...күне кеше де бір сарбаз есінен адасып,жынды боп кетті,енді міне тағы бір сарбаз қыршын кетіп отыр,мұндай армиясы құрысын...соғыс боп елді жаудан қорғап,жаудың қолынан қаза тапса ерлік болар еді,өз елінде,өз жерінде,бейбіт заманда қыршын кеткен боздақтардың бірі жынды,бірі қорлықтан өлу деген сұмдық қой...Қыршын кетті ау сарбаз...Ата анасы шырылдап қалды ...сұмдық,масқара...
@user-jp5mo8px5y
@user-jp5mo8px5y 2 жыл бұрын
Иманды болсын
@user-ql6bu7cv7m
@user-ql6bu7cv7m 2 жыл бұрын
Жаннын жанаттык болсын! Бауырым киналилердин жазасын АЛЛА БЕРСИН
@user-sm2df2rf9t
@user-sm2df2rf9t 2 жыл бұрын
Иманды болсын Омск
@user-cb5qt1yd1t
@user-cb5qt1yd1t 2 жыл бұрын
Ұрып соққан адамдардың Алла жазаларын берсін мәңгілік тозақтық болыңдар. Сендердің де жанұяларыңда осындай қайғы қасірет болсын
@user-cq9zp3ti7k
@user-cq9zp3ti7k 2 жыл бұрын
Әумин рамазанда тілеген дугаң кабыл болсын Алла жазасын берсын
@user-nv1lr5kq6l
@user-nv1lr5kq6l 2 жыл бұрын
Катты жыладым козымнен жас токтамады аллам елымызды жерымызды коргап журген салдат бауырларымызды уиыне аман есен жетсе екен алла колдап журсын
@nurzhamalabdezhovna2513
@nurzhamalabdezhovna2513 2 жыл бұрын
Ата анасына көңіл айтамын, ана үшін баладан айырылу өліммен тең.Аналар үкіметтен көмек сұраса, біз үшін тудың ба, өз рақатыңа тудың, жағдайыңа қарап тумайсын ба деп оттайды, бірақ күштеп әскерге алып кетеді, 9ай көтеріп, өсіріп қызығын көрем дегенде,өзін кінәлі етіп табытпен алып келеді, өздеріне шық жолатпайды. Бірақ АЛЛА көріп тұр кінәлілердің жазасын береді.
@user-jm6ol4uh7r
@user-jm6ol4uh7r 2 жыл бұрын
Қыршын кеткен жас ғұмыр ай😭😭😭ішім күйіп барады😭 Алла өз панасына алсын🙏Ата анасына Алла сабыр берсін😥 Осындай жағдайлар көп болып кеттіғой балаларымызды қалай жібереміз армияға😭😭😭
@user-qi2xz1po3s
@user-qi2xz1po3s 2 жыл бұрын
аумін , қайран балапаным ай , көз жасыма ие бола алмай , жыладім анасына обал болді , қаншерлер ді , алла тағалада жазасін берсін
@user-ig3uo1mj8z
@user-ig3uo1mj8z 2 жыл бұрын
Негізі дұрыс емес қыштап зорлап қорқытып штраф саламыз, түрмеге отырғызамыз деп əскерге алып кететіні, үкіметтің сол балаға несі өтіп кетіпті... не пайдасы бар служит еткеннің... əркім өзі білсін бару бармау армияға...
@user-pq2uc7fv1n
@user-pq2uc7fv1n 2 жыл бұрын
Алла алдынан жарылқасын,обал болды жас сарбазға,ата ана туыстарына сабыр берсін😢
@user-ny8qm7wz5e
@user-ny8qm7wz5e 2 жыл бұрын
Кінәлілер жауапка тартылсын Токаев мырза бейбіт заманда аналар неге жылау керек
@user-jr3yj7pm5q
@user-jr3yj7pm5q 2 жыл бұрын
Тоқаев мырзаң өзі өтірікші, қантарда талай адамның түбіне жеткен қанышер ол.. Балық басынан шіриді..
@user-ig3uo1mj8z
@user-ig3uo1mj8z 2 жыл бұрын
Сол баланы ұрып жатқанда ойламай ма, біреу баласын бауырын өзін солай ұрса жақсы ма, қызықтыратын амал заң шығармай ма басшылар адам жетіспей жатса, гарантия берсін аман есен үйіне қайтарамыз деп...
@user-br7px1np7s
@user-br7px1np7s 2 жыл бұрын
Соғыстада шақырту қағаз келуші еді, көшеден алып кететіндей не жағдай
@user-ou1bz8qv9u
@user-ou1bz8qv9u 2 жыл бұрын
Алла шипа бере кор Айшага
@user-hy5kg4rp5f
@user-hy5kg4rp5f 2 жыл бұрын
Осы командирлер неге жауап бермейді сотталсын елдің алдында жауап беру керек қарапайым халықтың баласы сұраусыз қала береме ....Арманда кеттіу өрімдей жап жас бала
@user-ev1ok4fu6v
@user-ev1ok4fu6v 2 жыл бұрын
Кинали лер жауапқа тартылсын.
@user-nd5zy9dl7b
@user-nd5zy9dl7b 2 жыл бұрын
Ее Алламай!Аскерге кеткен балалар Аман есен келсе екен.Журегин ауырады .Бирин олтирип .Бирин Есинен ауыстырып жибереди .
@user-os1rl3se1p
@user-os1rl3se1p 2 жыл бұрын
Тағы бір еліміздің шаңынырағы құлады десей ол тірі болса екі үш жылда үйленіп өмірге ұл қыз әкелер еді . Жаны жәнәттан болсын қыршын жас қой.
@user-ky7mf3tn2w
@user-ky7mf3tn2w 2 жыл бұрын
Балаларымызды жибермеу керек
@madiarmadiar847
@madiarmadiar847 2 жыл бұрын
Алла сақтасын😢 ещактар аяқ қолдарың сынсын осы баланы теуіп өлімші етіп ұрғандарды малдар бармасын ешкайсысы әскерге өлімге өз қолдарыңмен барғандай боласыңдар
@user-zm9vv2qe8w
@user-zm9vv2qe8w 2 жыл бұрын
Состав офицеров обеспечить военный трибунал соответственно.
@user-qi7hp3zi2n
@user-qi7hp3zi2n 2 жыл бұрын
Ай масқара ғой 😱 өлтіргендер жаза алсын
@user-mc1fg9nc6h
@user-mc1fg9nc6h 2 жыл бұрын
Әлімжеттік жасалғаны айдан анық
@aidarsadyq7893
@aidarsadyq7893 2 жыл бұрын
Военкаматты жауып тастау, жастарға қолдан жасалған ажал, өте, өте аянышты
@user-tk2ic7ki5n
@user-tk2ic7ki5n 2 жыл бұрын
Мой родственник рассказывал после армии как его жестоко били,издевались Бедный всё вытерпел ,а ему не повезло Иманды болсын!! Без войны друг друга убивают
@user-oc4xk7ff7x
@user-oc4xk7ff7x 2 жыл бұрын
Обал болды. Жауапкершілік болу керек қой.
@Commentator227
@Commentator227 Жыл бұрын
Біз не болып бара жатырмыз... Жаудан таяқ жеп, жаудан қорғанудың орнына өз туғандарымыздан таяқ жеп өліп жатыр ғой!!! Оян Қазақ!!! Оян!!!
@user-oz3hf7qd6h
@user-oz3hf7qd6h 2 жыл бұрын
Букил казакка ауыр. Кайырлы болсын!
@uzbekistanferghana9411
@uzbekistanferghana9411 2 жыл бұрын
😢😢🇺🇿🤲🇰🇿😢😢оллох рахмат етсин
@user-rk5vx1tw9z
@user-rk5vx1tw9z 2 жыл бұрын
Оо Аллаһ өзің сақтай көр. Мынау енді сұмдық қой. Білмей қалдық дегені. Бәрін соттау керек. Жұмыстарыннан қуып шығу керек. Мұндайды білмесе не қарап отыр
@user-ks6dy3mb4f
@user-ks6dy3mb4f Жыл бұрын
Е Алла бір өзің жар бола гөрші. Е Аллам біздің Қазақстандықтар не болды Аллам
@worldtrackdriver1568
@worldtrackdriver1568 2 жыл бұрын
Алла сабыр берсін отбасына. Сотталасың немесе штраф деген бұл мәжбүрлеу ғой бұл заңнаманы өзгерту керек қой
@user-bn7cv6mv5m
@user-bn7cv6mv5m 2 жыл бұрын
За что убивают наших детей в армии это же ужас как возможно это поэтому не хотят в армию где убивают и ничего никому не будет .
@user-hg3gz2se9b
@user-hg3gz2se9b 2 жыл бұрын
Командир жазасын алсын камера неге істемейді керек кезде кім жауапты оған Осы уақытқа дейін өлмей əскерге барып он кун отпей денесі келді неге қараусыз осыдан кейін кім баласын əскерге жібергісі келеді .....ата-анасына сабыр берсін кіналілер жазалансын
@user-nv8mb8yz8o
@user-nv8mb8yz8o 2 жыл бұрын
Аллам сақтасын біреудің мәпелеп өсірген ұлығои арине қорқады баласын әскерге жіберуге көзіме еріксіз жас келді өзімді әрең тоқтатым етегім жасқа толды жаны жаннатта болсын жап жас жігіт ешқызық көріп үлгегенде жоққои
@user-ct7cr5wd5m
@user-ct7cr5wd5m 2 жыл бұрын
Казакстанда заң жок истеген адамдар омир боиы турмеде отыру керек Алла жазасын берсын
@user-bc2rv4ie1s
@user-bc2rv4ie1s 7 ай бұрын
Алла жазасын берсін кінәлілерге ,сұмдыққой бұл .
@b7n119
@b7n119 2 жыл бұрын
Әскерді по желанию қылу керек или болмаса министр депутаттар әкімдердің балалары барсын борыштарын өтеуге мүмкін сол кезде тартіп болар әскерде
@user-cq9zp3ti7k
@user-cq9zp3ti7k 2 жыл бұрын
Я шынымен де әкімдердын, депудадтардын, министрлердын балдары бармайды тек карапайым халыктын балдары барат әділдык жок кой
@user-qk6di8fu3w
@user-qk6di8fu3w 2 жыл бұрын
Актауда майор бахыт хайруллинмен туган кызына днк сараптамасын жасату керек сол кезде барлык отириктери шыгады😭🙏🤲
@user-mv5ss4mj7c
@user-mv5ss4mj7c 2 жыл бұрын
Алла жазасын берсін🤲
@user-kl2fl8xl8x
@user-kl2fl8xl8x 2 жыл бұрын
Е Алла сенен баска таңір жок ЕАлла сіздерге сабыр берсін
@user-ej8qj7nm2h
@user-ej8qj7nm2h 2 жыл бұрын
Осы жылы Қаңтардан бастап жас балалар өлімі көп болып кетті.
@user-ir2eu7nn1m
@user-ir2eu7nn1m 2 жыл бұрын
Осындай кезде: төбелескенде ,кісі өлімі болған кезде КАМЕРА істемей қалады. Білдім деген көп сөз, білмедім деген бір сөз - дегендей ғой.
@user-kx3iw3mo2b
@user-kx3iw3mo2b 2 жыл бұрын
Кудай ай мына балапанға кімнің қолы барды екен уруға Командирлері кайда болды.Алла жазаларын берсін.
@user-gz3vj3wy3r
@user-gz3vj3wy3r 2 жыл бұрын
Уятсыздар недеген сумдык. Салдаттар куа болады деп.
@user-lw3ft5ku7s
@user-lw3ft5ku7s Жыл бұрын
Иманы жолдас болсын 🙏
@user-lj8hp6nn1i
@user-lj8hp6nn1i 2 жыл бұрын
Алла жазасын берсін өлтiрген адамның. Ата Анасына сабыр берсін жаны жәннәттә болсын.
@user-pc1xz4rw6y
@user-pc1xz4rw6y 2 жыл бұрын
Иманды болсын.Жаны жанатта болсын
@user-uj2ke7vc8j
@user-uj2ke7vc8j 2 жыл бұрын
Ешкандай тексерістің керегі жок бізде заң жок обал болды ата анасына бала сірә кеттігой кандай өкінішті адамның омірі ойыншык болдыгой сурауы жок
@user-kx7gp3sg2d
@user-kx7gp3sg2d 2 жыл бұрын
Әскері басшыларынан бастап тікелей командирға шейін ату жазасына беру керек, өлім болған сайын, ол әскер азаматтар, әскері занмен құдалану керек
@user-yc6ex4op5y
@user-yc6ex4op5y 2 жыл бұрын
Әскер мектеп тің басшысын. Жазалау керек әлім жеттік жоғал маса бәріміз қарсымыз әскерге бала жібермейміз
@user-nv1lr5kq6l
@user-nv1lr5kq6l 2 жыл бұрын
Ата анасына коныл аитамыз арты каиырлы болсын аиналаиын балапан жаткан жерын жаилы болсын перыштен аллам орын берсын
@lyazzatzhaimahanova3231
@lyazzatzhaimahanova3231 2 жыл бұрын
Кудайдан тапсын кыналылар. Алла жылатсын кудай бар болса.
@inabatabdieva186
@inabatabdieva186 2 жыл бұрын
Министрдын баласы армиға барсын осылаи каитса ,сонда ғана олар кінәліні табат
@user-ym8ou7oz5w
@user-ym8ou7oz5w 2 жыл бұрын
Жанын жаннатта болсын бауырым
@user-el6kb2xd1d
@user-el6kb2xd1d 2 жыл бұрын
Алла озин бер жазасын, озин адил, озин шешуши !
@zhansultankaliakpar2310
@zhansultankaliakpar2310 2 жыл бұрын
Жатқан жері жайлы болсын
@user-ph5re1bx7n
@user-ph5re1bx7n 2 жыл бұрын
Жасырып бети булк етпей 165-куагерим бар деп турган сумырай командир жазасын алладан алсын
@user-ch7yf7mp9y
@user-ch7yf7mp9y 2 жыл бұрын
Ұрып өлтірдік десендерші .! Бұл қашан тоқтайды өзі
@rysbayev
@rysbayev 2 жыл бұрын
Дедовщина хуявщина дух мух кесірінен
@user-tn2wp5ji4t
@user-tn2wp5ji4t 2 жыл бұрын
Иманды бол!
@gulmira7214
@gulmira7214 2 жыл бұрын
Урганда казактын баллары шыгар жауыздар Аллам жазасын берсин
@user-rj5qe8dv5i
@user-rj5qe8dv5i 2 жыл бұрын
Иманы саламат болсын .Қайғыларыңызға ортақпын .Алдынан жарылқасын.
@sayathankalmuratova9832
@sayathankalmuratova9832 2 жыл бұрын
Бизин кийели мангыстау калкым адайларым руукы бийик азаматларым аныгына шыкпайды енди коймайды
@mirumir181
@mirumir181 2 жыл бұрын
Заң керек , әр солдат үшін офицер жауап беру керек !
@user-uc2dy9kf2m
@user-uc2dy9kf2m 2 жыл бұрын
Ия біз өлтірдік деп кім айтады жазалансын
@user-in6nb5qq5u
@user-in6nb5qq5u Жыл бұрын
Кұдай жазасын берсин командиридин де отирик айтып турғаннын Серик деген кисинин де беттери табактай боп оз бастарын оилап турған карабеттер
@ADAI-777
@ADAI-777 2 жыл бұрын
КАМЕРА ЖАСАМАЙ ТҰРҒАН ДЕЙДІ МА?БІРДЕҢЕ ЖАСЫРЫП ТҰРҒОЙ!🤔ДЕДОВЩИНА!!!
@user-dw4kt3th1l
@user-dw4kt3th1l 2 жыл бұрын
Иә камера жасамайды олжақта
@nurbolatnurik2067
@nurbolatnurik2067 2 жыл бұрын
Иманды болсын, тексеру жургізу керек аскери олим кобейп кетти, тартип жок
@user-cq9zp3ti7k
@user-cq9zp3ti7k 2 жыл бұрын
Биреуы тамактан уланды дит тагы биреуы екібала тобелескен дит отырыктерын уйкастыра алмай жатыр Алла жазаларын берсын
@user-lm8ic6rd7p
@user-lm8ic6rd7p 2 жыл бұрын
Халык балдарын аскерге окиметке сенип жиберет арбир балага сондагы басшылар жауап бериуи тийис аскер баланы олтирген адамды ату жазасын берсин
@user-zi1lf8kr2r
@user-zi1lf8kr2r 2 жыл бұрын
Жап жас болып не көрді😪
@user-nv1lr5kq6l
@user-nv1lr5kq6l 2 жыл бұрын
Кудаи тапкырларкым олтырседе каны жыбермеиды ертеме сенын урпагындыда быреу олтыреды олтырген кысылер жауапка тартылсын токаев мырза колга алыныз караусыз калмасын
@tokenamethan2954
@tokenamethan2954 2 жыл бұрын
бүндаи жағдаи өте көп балаларды әскерге жібермеу керек.
@user-fv1uq1fe8c
@user-fv1uq1fe8c 2 жыл бұрын
Сердце обливается кровью.Безнаказанность и позволяет творить вседозволенность. Сколько солдатов умерли, один офицер ответил ? Нет конечно. Все типа сами умирают.
@user-zb2ug1dn9q
@user-zb2ug1dn9q 2 жыл бұрын
Мынандай ұры үкіметті қорғағанша сотталған артық шығар.
@user-xp4tm6pj4n
@user-xp4tm6pj4n 2 жыл бұрын
Жап жас, оримдей балапан. Казагыма не болды, бирин бири ольирип, отекпен басып, аяк- колдарын сындырып жан туршигерлик жауыздык жасап отыр. Сарбаздар, арине озинин омири ушiн, корыкканнан куа болады. Урып-сокканнан кейн кандай адам стройда тiк турады? Жаным-ай , жаткан жерин жайлы болсын!🤲
@user-bs7zh8db3u
@user-bs7zh8db3u 2 жыл бұрын
Уш миллион штраф деди ма енди оздери сол акшаны толеп берсин жане сотталсын сол айткан адамдар арине сарбаздар шындыкты айтпайды медиктери де командирдин айтканын истейди бастыктан бастап сол сарбаздын командирин орнынан босату керек
@user-ou7wq2wi5f
@user-ou7wq2wi5f 2 жыл бұрын
Командирі өз өзіне сенімді ғой өзі. Бәрін қорқытып қойған шығар салдаттарын. Алла жазаңды берсін. Сендерге өлтіріп бер деп берген жоқ балдарын. Аллаға шүкір төрт ұлым бар бермимін армяға., бұндай жауыз армиясы құрсын.
@Devil_Skyline
@Devil_Skyline Жыл бұрын
Мен 18демін қазір, 4 ұлдың анасы, балаларыңызды жібермеңіз, бәрібір де бармаймын армияға, көптеген жігіттер өліп жатыр армияда бұл енді нағыз сұмдықтың өзі, сол үшін ұлдарыңызды мүлдем бермеңіз
@user-lc4cg1co8l
@user-lc4cg1co8l Жыл бұрын
Кінәлілердің жазасын бір Алла береді
In 10 Minutes This Room Will Explode!
10:00
MrBeast
Рет қаралды 44 МЛН
Điều cuối cùng mẹ có thể làm cho con || Sad Story  #shorts
01:00
Информбюро 26.04.2024 Толық шығарылым!
23:45
Информбюро 31
Рет қаралды 67 М.
Оның әйелі болғым келеді!
8:33
БІЛІП ЖҮР! — ЗНАЙ!
Рет қаралды 486 М.