Әскерге кеткен 19 жастағы азаматтың есі ауысып, туған әкесін танымай қалды

  Рет қаралды 152,224

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Осыдан бес күн бұрын Ақтаудағы 25/ 744 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге барған 19 жастағы Талғат Айтмұханов өз-өзімен сөйлесіп, сандырақтайтын жағдайға түскен. Сарбаздың жақындары, есі кіресілі-шығасылы баламыз туған әкесін танымай қалды дейді. Әйтсе де дәрігерлер Талғаттың денсаулығында еш кінәрат жоқ деген тоқтамға келіпті. Енді "тепсе темір үзетін ұлымды әскерге сау күйінде алдап әкетіп, ауру қылды" деген әкесі құзылы органдарға шағым түсірмек.
Мақсат Сәрсенбаевтың айтуынша, 11 мамыр күні Бейнеу ауданының әскери комиссариатына барған баласы Талғатты екі офицер медициналық тексеруін аяқтамай жатып пойызға отырғызып жіберген. Сөйтіп, 14-ші мамырда жас жігіт Ақтаудағы 25/744 әскери бөліміне қабылданған. Алайда күні кеше әскерилер хабарласып, ұлдарының ауырып қалғанын айтқан. Мұны естіген сарбаздың әкесі алып-ұшып Ақтауға жетіпті. Бірақ, "өз көзіме өзім сенбедім" дейді. Сөзінше, тепсе темір үзетін спортшы баласы ақыл-есінен адасып, әр нәрсені сандырақтап сөйлеген.
МАҚСАТ СӘРСЕНБАЕВ, Талғат Айтмұхановтың әкесі:
- Кеше мамасына звондаған балаң ес-түссіз жатыр, балаңды қаратуымыз керек деп. «Аты-жөнін білмейді, келмесеңіз болмайды» деп. Бала деген ондай айта алмайды, тек тулайды, әр затты айтып кетеді. Терезені жап, терезені аш деп терезеге қарай жүгіреді. Баламды танымай қалдым.
Сарбаздың әкесі «балам әскерге өз еркімен кеткен жоқ, оны алдап әкетті» дейді. Әрі, бес күн бұрын ғана сау кеткен ұлының есі кіресілі-шығасылы күйіне қарап не істерін білмей отыр. Талғат қазір бірде сөйлеп, бірде жақ ашпай қалады екен. Соған қарамастан облыстық ауруханадағы дәрігерлер "оның денсаулығында еш кінәрат жоқ" деп шығарып салған. Бұған келіспеген жақындары Талғаттың психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтау үшін диспансер мамандарына тексертпек. Алайда, ондағылар баламызды қабылдамай жатыр дейді. Ал сарбаздың өзі әскери бөлімде біреудің ұрғанын айтқан.
Әскери бөлімдегілер Талғатты алдап, әскер қатарына қоспадық дейді. Айтуларынша, ол арыз жазып, өз еркімен келген. Ал жас жігіттің денсаулығындағы кінәратты кеше күндіз сағат 12-лер шамасында байқадық деп отыр.
ЖАНЫБЕК ҚҰРАНБЕКОВ, 25744 әскери бөлім командирінің бірінші орынбасары:
- Жас жігіт медициналық тексеруден өткізу үшін облыстық ауруханаға жеткізілді. Тексеру нәтижесінде МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі, дене жарақаттары мен қауіпті потологиялары анықталған жоқ. Әскерге жіберу үшін аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге мәжбүрлеп жеткізуге қатысты ақпарат нақты емес.
Ал Талғатты әкесі енді әскерге қайтып жібермеймін деп отыр. Бұл іс бойынша құзырлы органдарға шағым жазбақ. Айта кетейік, былтыр дәл осы әскери бөлімде борышын өтеген қызылордалық сарбаз Ринат Жеткергенов те есінен адасып, ата-анасын танымайтындай күйге түскен еді. Қазір ол ем қабылдап жатыр. Бірақ іске қатысты тергеудің шешімі шыққан жоқ.
Махаббат Нұржанқызы, Фархад Шадкам
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Әлімжеттік #әскер #ҚазақстанӘскері #дедовщина

Пікірлер: 725
@user-cn4ts8bs3t
@user-cn4ts8bs3t Жыл бұрын
Жылдан жылға көбейіп барады Халық көтерілу керек Мынадай жағыдайды көрен соң қалай балаларды өз қолымызбен арам өлімге жібереміз
@user-vz8hn7yk6m
@user-vz8hn7yk6m Жыл бұрын
Керек емес ондай әскер Жабылсын
@sonayka7192
@sonayka7192 Жыл бұрын
👍
@da2424
@da2424 Жыл бұрын
Бұндай жайттар қызыл әскер кезінен жалғасып келе жатқан нәрсе, бұрын жариаламайтын, борышын өтеу қезінде болды деп, цинк жашікті ашқызбайтын. Қазақ әскерін түбегейлі өзгерту қажет, офицерлер дайындау совет әдістемелерінен құтылу керек, ресей әскери оқу орындарына бармай, нато үлгісімен дайындалу керек, әзірбайжан армян, украин ресей соғыстары жалпы бұл жүйе және әскери тактика, тәрбие, әскери техника өзінің түкке жарамаитынын қөрсетті, офицерлер қол астындағы жаунгерлермен тек қана қүш қолданып, қорқытып, ,,дедовщина,, мен ғана басқарат. Қазақ әскеріне ,, де советизация ,, керек.
@user-ko1zg1rl7s
@user-ko1zg1rl7s Жыл бұрын
Ия Бижамал ханым дурыс айтасыз 👍,осыган катысты маселены шешу керек
@user-ey9um9lt6j
@user-ey9um9lt6j Жыл бұрын
Я дурыс айтасыз.. Жиналып шыгу керек. Обал гой обал..
@user-ye1hh1pu2p
@user-ye1hh1pu2p Жыл бұрын
МЕНЫМ ОЙЫМША АСКЕР ДЕГЕН АТАКТТЫ АЛЫП САУ САРБАЗДАРДЫ ЖЫНДЫ КЫЛАТЫН НЕМЕСЕ ТАБЫТ ЖИБЕРЕТЫН АЗИРЕЙЛ ЖЫНДЫХАНА ДЕП АТАУ КЕРЕКПА ДЕП ОЙЛАП ОТЫРМЫН
@user-nm4hb1mb4g
@user-nm4hb1mb4g Жыл бұрын
Осындайға жеткізген сұмырай тексізге Алла жазасын берсін! Армия емес турме болды ғой
@user-ch8od5lg4b
@user-ch8od5lg4b Жыл бұрын
Офицерлерді тексеру керек екі бала бір жағдай сарбаздар олай істей алмайды офицерлердің арасында біреу бар ғой спортсмен білетін қай жерден ұрып жынды қылатын
@user-mf2ib5vb9q
@user-mf2ib5vb9q Жыл бұрын
Казирги армия турмеге жибергендей болдыгой сумдык а самое главное что виноватых нет .Так и будет продолжаться.
@user-lp4xd3qc4t
@user-lp4xd3qc4t Жыл бұрын
@@user-ch8od5lg4b АкКаны жибермейдигой осыны истеген Полицай Офицердин бугин Бул Сумарайга дым болмасада ертең Баласы Немереси азап кореди бирак кеш болады да тек осыны истеген сумырай Жауыз азап көру кереккой
@rahemet4836
@rahemet4836 Жыл бұрын
жолына жүа бітсін, жармай қалсын, балаларды үрғандар апатта қалсын
@guldendatagroup7339
@guldendatagroup7339 Жыл бұрын
Армияда кунде неше турлы жантуршигерлык окигалар болып жатады. Неге сау жигиттерды олтиреды бейбит заманда....неткен катыгездык. Әр қазақ менің жалғызым ....
@aitkulornaldina6517
@aitkulornaldina6517 Жыл бұрын
Бұл деген маскара ғой, сау барған бала, ауру болып қайтқан. Алла осы балаларды осындай жағдайға жеткизген адамдар осы дүниеде онбай, оздеринин бастарына туссин. Айтпайын десең болмайды, журегим ауырды, Тап тамаша биреудин мәпелеп осирген баласын, осындай жағдайға жеткизгенге жаның ауырады.
@user-iw5lh4mq6d
@user-iw5lh4mq6d Жыл бұрын
Осы әскерге акімнің министрдің депутаттың балдары неге бармайды оларда баруға міндетті
@ryanairdream8397
@ryanairdream8397 Жыл бұрын
Ойткени оларға қарапайым жигиттер бару керек
@user-qp1fe6fw5s
@user-qp1fe6fw5s Жыл бұрын
@@ryanairdream8397 аскерге депутаттардын балалары неге бармайды сосын олар ундемей отырады тартип кайда маскара
@user-jr3yj7pm5q
@user-jr3yj7pm5q Жыл бұрын
Сатып алады олар военный билетті
@ryanairdream8397
@ryanairdream8397 Жыл бұрын
@@user-jr3yj7pm5q казир олай сатып алуға болмайды заң қатал тексереді оны
@user-uf1in4qy7q
@user-uf1in4qy7q Жыл бұрын
@@ryanairdream8397 каншасы бармай жур әкіс сәкімнің балалары.солар сатып алмаса калай жур сайрандап.
@user-ri2kq7xm1j
@user-ri2kq7xm1j Жыл бұрын
Қатаң түрде тексеру жүргізу керек.Бір бірін қорғаштамай жауыздарды тауып жазаларын беру керек.Ал табылмаған жағдайда бөлім басшылары жауапқа тартылу керек.Басшыларды қыспақға алған жағдайда ғана бәрі дұрыс болады.Қай бөлімшеде заңсыздың болса сол бөлімшенің бастығын жұмыстан алып тастау керек
@user-kg9ke4bv8z
@user-kg9ke4bv8z Жыл бұрын
Әскери бөлімдердің бәрінеде қатаң тәртіптер мен тексерулер-қадағалаулар жүргізіп отырулары керек! Зорлық-зомбылықтарды түгелдей жойып, отанын әрі халықтарын қорғайтын батыр сарбаздарды дайындаулары парыз екенін айтқалымын!.
@user-vz8hn7yk6m
@user-vz8hn7yk6m Жыл бұрын
👍
@raiymbek9163
@raiymbek9163 Жыл бұрын
Құтырған министр депутаттардың балалары бару керек, сол кезде барлық жерде камера қойылып әскерге барғандардың жағдайлары бақыланады.
@user-yn6zz9kb1y
@user-yn6zz9kb1y Жыл бұрын
Әскеде не боп жатыр? Жігіттердің барлығын жынды қылып бітті. Бастан ұрған ғой. Алла сақтай гөр, әр пендеңді. Жібермеу керек. Не боп жатыр? Кім жауап береді?
@uldanababulova5873
@uldanababulova5873 Жыл бұрын
Тексерту керек өткендеде бир бала осылай есинен танган
@user-kz2tb6cq6t
@user-kz2tb6cq6t Жыл бұрын
Оте орынды мениде осы сурак мазалайд жанымыз ауырад жап жас жигиттер
@user-qo4gs2je8y
@user-qo4gs2je8y Жыл бұрын
Талғат біздің көршінің баласы .Бул бала сап сау еді .Алла сақтасынай.
@user-nc8vh4fn4k
@user-nc8vh4fn4k Жыл бұрын
Жын кырген молда табындар тез арада
@tursinbekesjanov9969
@tursinbekesjanov9969 Жыл бұрын
@@user-nc8vh4fn4k ешкандаи. Жынемес бастан ударалган ми шаикалган
@user-mp8pe8nd2p
@user-mp8pe8nd2p Жыл бұрын
Алла сақтасын сау боп барған бала не болды екен ұрып соққан.Әскери прокуратуралар неге айналыспайды бұл істермен сау келген бала қалай психикасы өзгеріп кетеді тексеру керек Қорғаныс министрі неге араласпайды жұмыстарын дұрыстап істемейді обал болды ата анасына сабыр берсін
@user-sm9kp3yl3n
@user-sm9kp3yl3n Жыл бұрын
Кудай сактасын мынау не сапсау бала болып кетеди бир апта болмай жындыгып жибереди
@user-zr1un6lh1r
@user-zr1un6lh1r Жыл бұрын
Алла сақтасын! Ата аналар балаларынды жибермендер армияға
@user-xm3sj8oy5h
@user-xm3sj8oy5h Жыл бұрын
Аскердеги правокаторлардын иси мынау
@darigakhamitova1580
@darigakhamitova1580 Жыл бұрын
конечно.
@user-tx6rw6rt6n
@user-tx6rw6rt6n Жыл бұрын
Дурыс айтасыз
@mari_gari9289
@mari_gari9289 Жыл бұрын
Неге Отанымызды қорғайтын дені сау балдарымызды мықты сарбаздарымызды ауру халге жеткізеді?Сонда Отанды қорғайтын мықты сарбаздар қайдан шығады?Тағы да шет елден әскер күшін сұрай ма?Бұл не деген сұмдық. Осыдан кейін кім өз баласын жібергісі келеді әскерге?😢😢😢
@user-zp2mz2ru7f
@user-zp2mz2ru7f Жыл бұрын
Кінәлілер жазасын алсын! Аллам жазасын берсін!
@user-zm9vv2qe8w
@user-zm9vv2qe8w Жыл бұрын
Министр обороны наказать..контроль жок. Командир турмеге отыргызу керек..бардак..
@user-md5qn1bm8g
@user-md5qn1bm8g Жыл бұрын
Ужас.Бардак.
@dream4321
@dream4321 Жыл бұрын
Әскерде ЗОРЛАЙДЫ. ӘЙЕЛ ҚЫЛАМЫЗ дейді.
@user-qe2wm8io6c
@user-qe2wm8io6c Жыл бұрын
Адамды урып соқпасан Бундаи болмаиды,Осы әскердегі басшылардың,,Бәрін тексеріп ,Көттерын тоңкаиту....
@SamsungJ-dx7op
@SamsungJ-dx7op Жыл бұрын
Дұрыс балдарды жібермеу керек.Халықтын балдары бұларға ойларына не келсе соны істейтін құрал сияқты. Сұрауы жоқ.Ешкім ешнарсеге жауап бермейді.Неге жабулы қазан жабулы қала береді
@lyazzatzhaimahanova3231
@lyazzatzhaimahanova3231 Жыл бұрын
Ата аналар Канга кан жанга жан истеу керек. Барыне контрактыдегы сержанттар жауап беру керек. 24 саг касында болу керек. Контрактниктерды жауапка тартындар.
@user-qc7pv4ew5e
@user-qc7pv4ew5e Жыл бұрын
Неге олай дейсіз не котрактниктердің жаны жокпа биыл менің балам қалды оған күнде әкесы екеумыз солдаттарға сол жерге үйренуге көмектес бір кездері сенде сондай болғансың ертең ұлын сондай болады адамға істеген жамандығын алдыңнан шығады деп айтып отырамыз буныныз дурыс емес менде мына жағдайлардан кейін 2 ші ұлымды жібергім келмей отыр негызы басшыларын босату керек сосын келген бастық босап қалмау үшін қадағалайтын болады
@lyazzatzhaimahanova3231
@lyazzatzhaimahanova3231 Жыл бұрын
@@user-qc7pv4ew5e Сол контрактниктер 24 саг кастарында болу керек. Сол ушын акша алып отыр. Жауапты солар. Зорланып келып жынды болып жаткандар . Контрактниктерды айтып жатыр. Жел турмаса шоптын басы кыймылдамас...
@lyazzatzhaimahanova3231
@lyazzatzhaimahanova3231 Жыл бұрын
@@user-qc7pv4ew5e Корыкпаныз себепсыз тиыспейды аналар. Кыналы болса алады жазасын. Менде жалгыз ул. Меным балама тиыссе . От басын кырып кетем. Жалгыз улымды акетты армияга . Сол ушын коркам.
@user-wd3uv6qo7h
@user-wd3uv6qo7h Жыл бұрын
Накачали чем не будет 🥺, а так почему за 5 дней парень изменился до такого состояния?!
@pushstart6801
@pushstart6801 Жыл бұрын
Масқара Аллам сақтай көр кінәсіз азаматтарды❤
@user-gl9lm5wg9v
@user-gl9lm5wg9v Жыл бұрын
Дедовщина деп ұрып соғып бир нервсына тисе осылай жынды болып қалады ғой.Өзи қорқынышты екен ұл өсіріп отырмыз,інілеримиз бар кімге сенип қалай жіберемиз.
@user-ov4ur9np1e
@user-ov4ur9np1e Жыл бұрын
Түрмеде не болып жатыр осыны қолға алатын Адам барма әлде Әскерге барғандардын бәрі өліп қаиту керек па
@veneranuray9077
@veneranuray9077 Жыл бұрын
Жогарыдагылар кайда карап отыр а Алла сактасын журегин ауырады мапелеп осирип енди кызыгын коремин дегенде катты кыйын Ата анасына сабыр берсин
@user-ou7cq9mv9x
@user-ou7cq9mv9x Жыл бұрын
Обал ай жап жас бала сау барып ауру болған😢😢 не болды мына заман😔😔😔😔
@dianazholanova3142
@dianazholanova3142 Жыл бұрын
Алла шипасын берсин 🤲
@user-qy8nv9gk3k
@user-qy8nv9gk3k Жыл бұрын
Бұл армия болмады Бұл түрме Жауыздарды жазалау керек Ата аналар босқа қарап отырмаңдар Қанға қан жанға жан қылу керек Осы әскери бөлім неге тексерілмейді Бандыларды жинап алған болды Балдарыңды алып кетіңдер
@user-kt8xr6pe4z
@user-kt8xr6pe4z Жыл бұрын
Аллаһ тағалам өзің жар бол, Аллаһ тағалам шипасын берсін, сау бала неге әскерге барады да ауырып қалады, неге? сау баланы есінен адастыратындай не бар, барған бала өледі, не есінен адасады
@user-qo3vd6yx5n
@user-qo3vd6yx5n Жыл бұрын
Ден саулығын тексертпей алып кеткенофицерлерді жауапқа тарту керек
@user-gy2lf4rj7m
@user-gy2lf4rj7m Жыл бұрын
Қүдай сақтасын аскері құрсын
@AILIN-ADEMY
@AILIN-ADEMY Жыл бұрын
Солдаттарымызды осындай кылып жатса аскерде, айтындаршы ертен жау шапса ким коргайды елимизди??? Кимге сенесиздер сол кезде. Обал ай мыкты ер азаматтарымызды ким мундай халге жеткизип жаткан
@user-bs5dz7wm8b
@user-bs5dz7wm8b Жыл бұрын
Геноцид доп кетти гой бул Аскер деген...Калай жиберемиз балларымызды?????
@user-yi6eb5km6i
@user-yi6eb5km6i Жыл бұрын
Неге солдаттар ғана жынданып , асылып жатыр , неге офицерлерде жынданып асылмайды бәрі бір жерде жүрғой !!?
@zerezere1088
@zerezere1088 Жыл бұрын
Сол ғой. Өтірік жынды болады. Әйтпесе казір, контрактник боласыңдар, айына 300 мың айлык Десінші, жынды болып тұрған мына баланың өзі сау болып кетер еді. Адамдардың пейілі тар казір. Әйтеуір оңай акша көздегендері. Армияға бармай бизнесмен бола калсам дейді көбісі. Ал сосын неге менің бизнесімді , бізді қорғамайды өкімет дейді. Кім коргайды, барлығы өтірік жынды болса.
@user-kz2tb6cq6t
@user-kz2tb6cq6t Жыл бұрын
Соны айтам неге???
@amirhzanmynarbaev9726
@amirhzanmynarbaev9726 Жыл бұрын
Тексеріу керек бір былық бар Аяуаның ісі не болсада Қызыл ордалық Ташкентке барып емделіпті дегенді естідік жақсы деит жақсы тексеріс керек
@zamiramaxanova8248
@zamiramaxanova8248 Жыл бұрын
Басынан аяғына дейін тексеру керек. Видеонаблюдениелерді көбейту керек. Сұмбық қой мынау сау баланы ауыртып жібереді. Сол жердің жұмысшыларын тексеріңіздер.
@user-qi5nt5uh6u
@user-qi5nt5uh6u Жыл бұрын
Видеонаблюдение керек кезинде истемей калды деидигои ол онбагандар.
@user-rr7mq9cg3s
@user-rr7mq9cg3s Жыл бұрын
Жазалансын
@user-fv6gx5vq8d
@user-fv6gx5vq8d Жыл бұрын
Кор кылдау урып байгус баланы
@user-jr7pq6pl8d
@user-jr7pq6pl8d Жыл бұрын
Алла күш -қуат берсін,бала қалпына келсін 🤲🤲🤲,алла шипасын бере гөр!
@user-mv9ob6yy8y
@user-mv9ob6yy8y Жыл бұрын
Көтеріліс жасау керек,болмайды нау
@almagulkoynbaeva2519
@almagulkoynbaeva2519 Жыл бұрын
Кереметк
@AzAmAt1994OK
@AzAmAt1994OK 11 ай бұрын
Әскері құрсын,балаларымды өлсем де жібермеймін. Не деген хайуан жауыздық
@gulwatgulwat1197
@gulwatgulwat1197 Жыл бұрын
АЛЛА берсін жазасын
@user-zq4fd7en4r
@user-zq4fd7en4r Жыл бұрын
Алла сактаи көр .
@user-fc5gz4fu1b
@user-fc5gz4fu1b Жыл бұрын
АЛЛАМ ОЗИ ЖАР БОЛСЫН
@gulwatgulwat1197
@gulwatgulwat1197 Жыл бұрын
АЛЛА шипасын берсін
@user-ir4zf1ik9b
@user-ir4zf1ik9b Жыл бұрын
Алла жазасын берсын.
@user-ee5jb4vf3n
@user-ee5jb4vf3n Жыл бұрын
Осындай жағдай көп болады.Баламды әскерге жыбермимын.Ешкым жыбергысы келмитын шығар.
@welldone7364
@welldone7364 Жыл бұрын
Жас балаларды былай қинай берсе әскерге ешкім бармай қояды. Отан қорғайтын азаматтарымызды өздері құртып жатыр. Барлығында бала туыс бар қалай қолдары барады екен. Сауығып кетсін
@user-pq8qp8ly8c
@user-pq8qp8ly8c Жыл бұрын
Осындайга шектеу коятын бир адам жокпа бир мемлекетте, сумдык ай..
@user-er1bk5fd9l
@user-er1bk5fd9l Жыл бұрын
Әскер деген қиын болды балаларды жиберуге қорқатын болдық қой командир сержант қатты соқы бердиме екенн қәзіргі сарбаздар жас қиын Ақтауда болған әскерде болған балдар айтады аямай урып соғады деп келген балдар кінәлілерді жазалау керек сау баланы жынды қылып тастағаны ушіннн
@user-yp9ln9oq7x
@user-yp9ln9oq7x Жыл бұрын
Сұмырайлар, өлім келсін, сендердің де балаларың осындай күйге түссін!!!
@xanxan857
@xanxan857 Жыл бұрын
Сөз жоқ ұрып ұрып ұрып тастап жынды қылып қойғаны...
@user-zy4nh7ox8o
@user-zy4nh7ox8o Жыл бұрын
Жазасын берсін бәрінің өзінен өзі ауырмаиды бастан ұрғанғо
@user-rf4pl1tm6g
@user-rf4pl1tm6g Жыл бұрын
Алла сақтасын
@user-qh9us6nf3e
@user-qh9us6nf3e Жыл бұрын
бұндай әңгіме недеген көбейіп кетті, бұған кім жауап береді, қазақ қашанғі қорлана береді, бйлік әлсіздік танытып отырма, шамасы келмесе орнын басқа жаңа ояу жастарға берсын, сссрнің құлдары кетсін
@kz9317
@kz9317 Жыл бұрын
Масқара әскерді тоқтату керек,үйден барып келетин қылып жасау керек
@user-vv5ch1up6y
@user-vv5ch1up6y Жыл бұрын
Токтатындар мына сумдыкты..жибермендер..токтатындар..жибермендер..армиясы курсын . Халык шыгамыз балдарымызды корлатып коймайык😭😭😭
@user-nm4hb1mb4g
@user-nm4hb1mb4g Жыл бұрын
Митинг керек , халық көтерілу керек сөйтіп шуылдатса ғана бірдеңе өзгереді, буйткен армиясы құрысын, сол жақта отырған әлімжеттік көрсеткен мақұлықтар соғыс болса мылтық та жөнді ұстай алмайтын шығар, өзіміздің қара көз жас баллардың түбіне жетіп бітетін болды ғой😡
@user-lz8ld3rr6x
@user-lz8ld3rr6x Жыл бұрын
Дурыс айтасын
@user-eq3zc9db5z
@user-eq3zc9db5z Жыл бұрын
Алла берсин жазаларын!🤲
@user-hp4qv9rp2f
@user-hp4qv9rp2f Жыл бұрын
армиа басшылығына жас, қабылетті мамандарды тағайындау керек, бәсеке арқылы, шынаиы жұмыс істейтін.
@user-fv1uq1fe8c
@user-fv1uq1fe8c Жыл бұрын
Жаныбек Курманбеков, сколько можете врать. Почему вы избивает, калечите и убиваете наших детей. Какое вы, имеете право поднимать руки на солдатов.Это армия, где должны воспитывать патриотов страны или это карательные палачи ? Требуем наказать начальника и всех офицеров военной части, где здорового солдата искалечили. До каких пор мы должны терпеть беспредел и безнаказанность работников воинских частей. Бандиты и палач не имеют право работать с солдатами.
@user-rf4ir8dz1s
@user-rf4ir8dz1s Жыл бұрын
А кто это такой Жаныбек?
@erai2652
@erai2652 Жыл бұрын
Уйткены Ол жерде басынан согады и дедавшина! Аскерге точно бармаим онда тек согып унижать етеды!
@user-xk8fs7uk6m
@user-xk8fs7uk6m Жыл бұрын
Билік өзгермей Тоңқайып Орыс Құл Нұршайтандар ды Құртпай Ештеңе Өзгермейді, Қазақтар Көзіңізді ашың ӨЗДЕРІҢДІ өздерің Алдамаң. Қазақ ОЙАН.
@user-el7gq6je6n
@user-el7gq6je6n Жыл бұрын
Сен көшеде кетіп бара жатып байқаусызда аяғыңды сындырып алсаңда билік кінәлі болатын шығар
@user-xk8fs7uk6m
@user-xk8fs7uk6m Жыл бұрын
@@user-el7gq6je6n сен кімсің бес бидәйің күйіп баратқан, Көт өзіңдікі болса қысып отыр, 30жыл Сабыр болдық болар енді.
@user-rm1ou2ms8q
@user-rm1ou2ms8q Жыл бұрын
Жасаған адамды жынды жасау керек.басынан урып
@user-rc6jc5sp1c
@user-rc6jc5sp1c Жыл бұрын
Кудаи берсын жазасынкым ыстесе де аллахым солардын бала шагасын осындаи халге тусырсын.
@user-jx2gf8ti2m
@user-jx2gf8ti2m Жыл бұрын
Мна бала меның баврум қинап отырып жулнан сув алған соны толық айталмай отыр мойнынаұстап арқамнан ұстап деп толық айталмай отыр сонан кейнгы есынде жоқ
@user-ds4kz8us6p
@user-ds4kz8us6p Жыл бұрын
Не болып кетті өзі. Бұларда не сонда взвод рота командирлері жоқпа.солар басымен жауап беру керек қой әрбір жауынгеріне.соларды әскери трибуналға тарту керек.дедовщинаға солар тікелей жауап беру керек.
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 Жыл бұрын
Алла біледі не болып жатқанын, әйтеуір бірдеңе бар балдарга жаудай шабатын....
@user-pl1mv1cf6z
@user-pl1mv1cf6z Жыл бұрын
Министрдің өзінің басынан ұрып жынды қылу керек сойған түлкіні
@user-yx7qd1lk7l
@user-yx7qd1lk7l Жыл бұрын
Бул недеген сумдык улдарымызды армияга калаи жыберемыз.Алла Сактасын.Ден саулыгын толык тексеру керек жазылып кетыныз балам.Алла жар болсын.
@user-eu1ic1sc7z
@user-eu1ic1sc7z Жыл бұрын
Уйықтап жатқанда столмен урған,бастан.
@user-vj1qr4oz1i
@user-vj1qr4oz1i Жыл бұрын
Аллаа жазасын берсин,колдору сынсын менин да 3 уулум бар корком
@user-qc5qw5cn7n
@user-qc5qw5cn7n Жыл бұрын
Аскерге жибермимиз
@babamuratshimbergenov3398
@babamuratshimbergenov3398 Жыл бұрын
Дурыс кылады акетсин
@user-qw4hn1iu4q
@user-qw4hn1iu4q Жыл бұрын
мынадан соң қалай жіберем Ұлымды блин
@madina7411
@madina7411 Жыл бұрын
Өкімет жауап беру керек, оған қол котерген баска әскер жызметкерлерин 10-15 жылға қамау керек, мен мына сумдыкты көріп баламды, немерелеримди әскерге жибермеймин
@azamatmakhmet9497
@azamatmakhmet9497 Жыл бұрын
Кудайдан тапкырлар.
@user-wq9iu6mz6k
@user-wq9iu6mz6k Жыл бұрын
Менің інім де 20жыл бұрын армияға сап-сау болып кетіп,ауру болып оралды.Болашағынан үміт күтіп отырған,мектепті үздік бітірген дарынды бала еді.Армиядан келгенде мүлде бөтен адам,психологиясы бұзылған,өмірден күдер үзген адам болып оралды.Бүйткен армиясы құрысын.Інімді ауру қылған адамдарды қарғыс атсын.Өмірін құртты.Әкем өмірінің соңына дейін баламды армияға бекерге жібердім деп өкінумен өтті.Не сау емес,не ауру емес қор болып жүр енді.Інімнің өмірін құртқан жауыздарды өмір бойы қарғап өтемін,оңбасын.Былыққа батқан елді сол былыққа батқан депутаттар мен үкімет басшыларының,сол қызтеке әскери адамдардың балалары қорғасын!
@user-rr7mq9cg3s
@user-rr7mq9cg3s Жыл бұрын
Ұрғандардың қолы сынсын
@jandos8841
@jandos8841 Жыл бұрын
Жаксы мыкты бала еді әскерге жіберудің керегі жогау енді балаларымызды
@user-mj5jb9tq8r
@user-mj5jb9tq8r Күн бұрын
Халық болып көтерілу керек қинап алып кеттіп не болды
@tamarakaipanova828
@tamarakaipanova828 Жыл бұрын
Аскерге барган баланы урып соккандар ултымыздын кас жауы казак ултынын душпаны осы баланы ургандарды катан жазага тартылыуыа узак жылга камалыуы керек
@user-jf8ts3ly1c
@user-jf8ts3ly1c Жыл бұрын
Осыны жасаган адамдар кудаидын жазасына комилсин онбагандар
@user-fv1rm1or7b
@user-fv1rm1or7b Жыл бұрын
Не деген масқара? Айтарға сөзім жоқ.
@user-es5gv7gy1y
@user-es5gv7gy1y Жыл бұрын
Әкесі не деп тұр күмілжіп, баланы шығарып, алып кет үйіңе.
@user-ou7wq2wi5f
@user-ou7wq2wi5f Жыл бұрын
Бастығынан бастап құрту керек жұмыстан. Алла жазасын бересін.
@user-gd6wj9zy3d
@user-gd6wj9zy3d Жыл бұрын
Жазаларын берсин онбагандардын бул армия емес
@Veronika_Poletaeva
@Veronika_Poletaeva Жыл бұрын
Что за ужас происходит!? Куда смотрит правительство!?? Хотят сделать 2 летний призыв, хотя люди и 1 год не доживают! Молодые парни, да какие парни, ДЕТИ умирают. Что за ужас. Эту проблему надо решить, как можно скорее.
@user-zp2mz2ru7f
@user-zp2mz2ru7f Жыл бұрын
Алла шипасын берсін!
@user-vs8un6wg7s
@user-vs8un6wg7s Жыл бұрын
Азаптаитын болып тұр ғои алдында да осындаи тіпті жынды кылып жіберген қалаи балаларымызды жібереміз
@user-qk3ki4mk1k
@user-qk3ki4mk1k Жыл бұрын
Біреуді ұрып соғып Алладан қорықпайды !, Ауыр күнә мен өмір сурсін жасаған Адам ., 😡😡😡😡
@user-qt6os8xp5g
@user-qt6os8xp5g Жыл бұрын
Ата аналар әскерге барып балалаоыңды алып кету керек.Бұл не сұмдық.Жауыздар не істегенін бір Алла белгісіз
@user-jx2gf8ti2m
@user-jx2gf8ti2m Жыл бұрын
Мна бала меның ыным жлнан сув алган
@user-qt6os8xp5g
@user-qt6os8xp5g Жыл бұрын
@@user-jx2gf8ti2m Алла шипа берсін.
@user-bb6zx9rq7m
@user-bb6zx9rq7m Жыл бұрын
Аскер бастықтарын жазасын беру керек.Мумкын дұрысталатын шыгар.
@tiktokmoments4118
@tiktokmoments4118 Жыл бұрын
Казакстанда жасамаганима шукир!
@user-dz8sp2fx1m
@user-dz8sp2fx1m Жыл бұрын
Әр облыста осындай жағдай халық неге тек телефон мен шектеліп қана отыр .
@user-sp5tk2cm7v
@user-sp5tk2cm7v Жыл бұрын
Аллах Жазасын берегоршы ай Роббй
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 Жыл бұрын
Алла Алла Алла
@akbotasaranbayeva9415
@akbotasaranbayeva9415 Жыл бұрын
Осыдан кейін өтініп сұраймын әскери қызметкерлерден әскери баспананы ай сайын төлейтін квартирный ды алып тастасын президентке өтініш бұлар құтырды халықтын ұлдарын өлтіріп шын кінәлілерді Аллам жазасын берсін президент жазасын беріңіз Қазақстанның ұлдары қорланбасын аналардың жүрегі тыныш болу керек !!!
@user-hc7pg4wy4z
@user-hc7pg4wy4z Жыл бұрын
Бұндай әскердің болғанынан болмағаны жақсы ғой, недеген сұмдық әскерге кеткен балалардың бәрін жарым жан етіп тастайды.
@user-zx8gf5mt3b
@user-zx8gf5mt3b Жыл бұрын
осындай зәбір көрген ата-аналар бірігу керек қой
@user-xk5ox8lr8i
@user-xk5ox8lr8i Жыл бұрын
Котерилис жасан аскерге жибермендер судга берин жазасын алсын
Информбюро 26.04.2024 Толық шығарылым!
23:45
Информбюро 31
Рет қаралды 67 М.
Китайка и Хеликоптер😂😆
00:18
KITAYKA
Рет қаралды 1,3 МЛН
Су тасқынынан кейінгі Құлсары
7:17
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 11 М.
What the Hell is Happening in Scotland?!
9:19
TLDR News
Рет қаралды 135 М.