Ұсталса сотталмай ма? Кореяға нәпақа табуға кеткен жастарымыздан маза кетті

  Рет қаралды 35,688

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Оңтүстік Кореяға екі қазақстандық заңсыз кіріп, ұсталғаннан кейін сол елде жүрген отандастарымыздан маза кеткен. Жат елде заңсыз жүргендер ертең бізге де жаза қатаңдай ма деп алаңдаулы. Туристпін деп барып, сол жақта жұмыс істеуге қалып қойып жатқан жастардың күні енді не болады? Ақша табамын деп жүріп бостандығынан айырылып қалмасына кім кепіл? Ал Корея Республикасының Қазақстан азаматтарына жұмыс визасын ашу мәселесі қашан көтеріледі? Әріптесім Аягөз Тұрсынбай тараптардан сұрастырған еді.
Алматыдан Оңтүстік Кореяға кеткен көптің бірі - 25 жастағы Нұрсерік Жекей. Үш жыл бұрын шекара асқан азамат әуелі кәріс жерінде қара жұмыс істеп нәпақасын тапқан. Қазір өзі секілді жастармен бірігіп «Кореядағы қазақ қауымдастығын» құрып, отандастарына ақпараттық қолдау көрсетіп жүр. Жат елде отбасын құрып, жақында нәрестелі де болған екен. Өкініштісі сол, туған жеріне барып сағынышын баса алмайды. Өйткені Кореяда заңсыз жүрген отандастырымыздың бірі
НҰРСЕРІК ЖЕКЕЙ, «Кореядағы қазақ қауымдастығы» ұйымының өкілі:
- Бұл жақта миллион деген жалақыны естігеннен кейін жерлестеріміз бұл жаққа қалай да болсын заңсыз өтіп алуды ойлайды. Осындай нәрсе болмас үшін, мысалға біздің келгенімізге жақында 4 жыл болады. 4 жыл жақындарымызды көрмей, шетел асып еңбек етіп жүрміз. Үйімізге қайтқымыз келеді, бірақ амал жоқ шыға алмаймыз, өйткені бізге депорт қойып береді. Бұл жақта заңсыз жүргеніміз үшін.
Нұрсерік секілді қазір Кореяға арман қуып барған 8 мың адам жат елде заң бұзып қалып қойған. Басым бөлігі ауыл шаруашылығы, құрылыс және өндіріс саласында қара жұмыста істейді. Олардың ешқайсысы қызметке ресми орналаса алмайды, қолма-қол ақшаға жалданып айына орташа есеппен 700-800 мың теңге табады-дейді азамат. Қазақстанда қолы жетпеген жалақыны іздеп барғандар Кореяға жету үшін несие де рәсімдейтін көрінеді. Кедендік бақылаудан өтпей қалып, түрлі әрекеттерге баратыны да содан дейді қауымдастық мүшесі.
НҰРСЕРІК ЖЕКЕЙ, «Кореядағы қазақ қауымдастығы» ұйымының өкілі:
- Екі ел арасында бір жұмыс визасы, 6 ай сайын созып беретін бір виза беру жағын қарастырса біздің билік өкілдері. Сонда біздің қазақтар бұлай бір елдің шекарасынан заңсыз өтіп, заң бұзбайтын еді. Осы жақта жүріп те біздің талай отандастарымыз өмірден өткен болатын. Олардың денелерін Қазақстанға жіберу де үлкен ақша тұрады.
Қазақ жастарына арман болған жұмыс визасы көршілес Өзбекстан мен Қырғызстанда бұрыннан бар. Бауырлас елдің азаматтары жыл сайын барып - келіп жұмыс істеуді әдетке айналдырған. Ал Қазақстан 30 жылда әлі бұндай келісімге қол жеткізе алмай келеді. Енді депутаттар Үкіметке жат елде жүрген қазақ жастарын заң жүзінде қорғасын деген талаппен Үкіметке сауал жолдамақ.
ЕРЛАН САИРОВ, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
- Менің ойымша Үкімет осы мәселемен нақты айналысуы керек. Өйткені ол жақта біздің өз азаматтарымыз жұмыс істеп, өмір сүріп жатыр. Үкіметтер өзара келісу керек. Айналысу керек.
АЯГӨЗ ТҰРСЫНБАЙ, тілші:
- Естеріңізге салсақ, осыдан он күн бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында кедендік тексерістен өтпеген екі қазақстандық азамат депортация рейсін күтпей, әуежайдан қашып кеткен. Елге заңсыз кірмек болған 21 мен және 18 жастағы екі жігіт қазір қамауда, олардың тағдырын енді Корея соты шешеді. Жергілікті басылымдар шекараға заңсыз кірген отандастарымыз 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жазған.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 241
@user-vk6gk9cq8q
@user-vk6gk9cq8q Жыл бұрын
Қазақты қаңғыртқан өкімет, оңбайсыңдар!
@T.B.OOO1
@T.B.OOO1 Жыл бұрын
Сол мәселені шешіңдер Адам сияқты Визамен жұмыс жасайық
@bek8419
@bek8419 Жыл бұрын
Кореянын калтасына унылген Казак жастары ..... Жаңа Қазақстан сіз үшін тағы не істей аламыз!!! Рахмет саган Жана Қазақстаным
@erbolatkurbanov-gp9um
@erbolatkurbanov-gp9um 10 ай бұрын
Овшым кету керек Қазақстаннан,Недеген қымбатшылық,жемқорлық,айлық төлемдері аз тағыда жұмысқа кіругеде пара сұрайдыгои ой Алла
@bekjan_610
@bekjan_610 Жыл бұрын
Дұрыс жұмысқа виза беруді қарастыру керек давно істеу ккрек еді
@daraboz64
@daraboz64 Жыл бұрын
Оданша депутат министрларды, президентты отсавкага жiберейiк, не керегi бар олардын оз халкына асырай алмаса. Халыктын арасынан сайлайык. И так дауыс урлап сайлауда, адiлетсiздiк
@Sovetbek.Kenesov
@Sovetbek.Kenesov Жыл бұрын
@@daraboz64 казактар ол жакка неге баради ол жакта демократия зан катал карсласан атип тастаит
@T.B.OOO1
@T.B.OOO1 Жыл бұрын
Демократия деген не екенін білесіңба😂😂😂
@Naiman_078
@Naiman_078 Жыл бұрын
Біздің өкімет бәріне кінәлі. Жастарға жұмыс жоқ. Болсада кафеге официант, доставка,таксист немесе охранник одан басқа жұмыс жоқ. Осы біздің отыз жылдағы жетістігіміз. Тағы 50 дамыған елдің қатарына кіреміз дейді.
@user-oh4yd9if2p
@user-oh4yd9if2p Жыл бұрын
Ал кәсіп ашуға не кедергі? Оған да өкімет кінәлі ме? Өкімет жастардың қол аяғын байлап отырма?
@user-um4iq3ob4i
@user-um4iq3ob4i Жыл бұрын
​@@user-oh4yd9if2p Кәсіп ашу екінің бірінің қолынан келе бермейді - ол бір ме, екіншіден әр түрлі жағдайлармен ол кәсіп жабылып қалуы әбден мүмкін, сондықтан тәуекелге баруға жүрексінеді.
@user-oh4yd9if2p
@user-oh4yd9if2p Жыл бұрын
@@user-um4iq3ob4i Менде де талай кәсібім үйлеспей қалған, бірақ мен қайтпадым. Алған бетімнен қайтпадым. Маған өз кәсібімді дамыту, Кореяға барып жұмыс істеуімнен әлдеқайда жеңіл болды
@aseka1103
@aseka1103 Жыл бұрын
@@user-oh4yd9if2p поддержка жоқ болса ненің кәсібі ағай оның салығы көп емеспа және сес анау мынау келсе оғанда ақша керек кәсіп ашу үшін сенде ақша болу керек.Оқуды енді бітіріп жұмыс таба алмай жүргендерге ненің кәсібі.
@user-oh4yd9if2p
@user-oh4yd9if2p Жыл бұрын
@@aseka1103 Менде поддержка болды дейсіз бе? Мен әкесінің ақшасына талтаңдап жүрген, мамасының баласы емеспін. Бірақ нольден бастағанмын. Қазір әйелімде, менде жұмыс жасамаймыз. Екі қызым мен бір балам бар. Оларды да көз ашқаннан ешкімге жұмыс жасамаңдар деп санасына құйып келемін. Маған СЭС пен налоговый емес кедергі болған, маған туған әкем үлкен кедергі, қиянаттар жасаған. Налоговый, менттерді,финансовый полицияларды айдап салған талай рет. Бірақ мен берілмедім. Басқа біреу болса сынып қалар еді. Ал мен сынбадым
@user-is5sm2gt6c
@user-is5sm2gt6c Жыл бұрын
Жумыс Визасын Жасап БЕРСИН
@samsungkazakhstan2872
@samsungkazakhstan2872 Жыл бұрын
Ашып берсін жумыс визасын, сонда ешқандай заң бұзушылық болмайды.Тапқан ақшасын өзіміздің Қазақстанға жумсайды басқа жақа кетіп жатқанжоқ.Өзімізде клең сакращения жумыссыздық
@user-us5tq2ti1b
@user-us5tq2ti1b Жыл бұрын
Жұмыс визасына рұқсат берсе болады ғой...... 70000-теңге алады күзетші алматы да ең үлкен қала да,,,,, ауылда айына қанша теңге табады.?????????? Шет елде сотталған жақсы шығар қазақстан да аш жүргенше.
@user-gb1fq7km3h
@user-gb1fq7km3h Жыл бұрын
Үкіметіңнің түкіргені бар қазақ жастарына😠
@user-es1cj8pg6f
@user-es1cj8pg6f Жыл бұрын
Жыл сайын 5000 еңбек визасын берсін Кареяға Өзбек ағайындар секілді
@user-oy9bc3iw6h
@user-oy9bc3iw6h Жыл бұрын
😂
@Erbol8181
@Erbol8181 Жыл бұрын
Өзміз азбыз қанғып жүрміз баилық жатет жателде сотталып жатқаны қалаи болды Оған кім кіналі өкінішті😢
@user-gi2ut9zt3x
@user-gi2ut9zt3x Жыл бұрын
Оңтүстік Кореямен жұмыс істеуге келісім жасау керек жоғарыдағылар бізде жақсы деп ойлайды дәл көз алдындағыны көрмейді осылар қалай ел басқарып жүр деп ойлаймын елдің қамын қашан ойлар екен
@Rich-im2sp
@Rich-im2sp Жыл бұрын
Өзіміздің елімізде жұмыс болса, жастар тау асып басқа елге кетпес еді ғой...
@user-qw6wv4ql1n
@user-qw6wv4ql1n Жыл бұрын
Аман есен оралуларынызды тилеймиз
@jainamazErmergen
@jainamazErmergen Жыл бұрын
Біздің ел 50 жыл артта қалғанғой ато бәрімізде барып шетелге барып жұмыс жасағым келеді
@Mrakoris
@Mrakoris Жыл бұрын
Кореяда жұмыс істеп жүріп 700-800 мың табады айына, біз Қазақстанда бір ай жұмыс істеп жүріп әрең дегенде 100-150 мың табамыз. 😖 Сонда шет елге жұмыс істеген тиімді болып тұр ғой.
@user-ef8zb9es8f
@user-ef8zb9es8f Жыл бұрын
700-800 ол ен азығо 2-3млнға дейін табады ол жақта жақсы төлейді жалақыны, бізде бай мемлекетпіз халық санымыз олардың бір қаласынын халқындаймыз бірақ халқымыз жағдай төмен, үкімет басындағылар өздері жеп отырғанды жақсы көреді бізде
@KAZAKH-io7jk
@KAZAKH-io7jk Жыл бұрын
👍
@user-sr9yk9zb5g
@user-sr9yk9zb5g Жыл бұрын
Казакстанда 350 400 аламыз
@KAZAKH-io7jk
@KAZAKH-io7jk Жыл бұрын
Ол қандай жұмыс
@8S_8_S8
@8S_8_S8 Жыл бұрын
70 мың...100 мын болса бақытты болар едік
@bekzatzhubanov622
@bekzatzhubanov622 Жыл бұрын
Кореяга Визага рұксат алу керек и халыктын жагдайын котеру керек
@vvcc9593
@vvcc9593 Жыл бұрын
Қазақстанда зарплата Кореядағыдай болса Қазақстанға кедей елдердіі адамдары шұбырады жұмыс жасауға және бізде Қазақстан паспорт алу өте оңай. Қысқасын айтқанда экономика көтерілсе кедей елдердің адамдары келіп жұмыстарды тартып алады.
@user-vc9ee5zw6y
@user-vc9ee5zw6y Жыл бұрын
Биздин билик осы жастарга, бир виза ашып бере алмай отыр.Озбекистан,Кыргыстан да виза бар.
@user-mx8hy3kr3l
@user-mx8hy3kr3l Жыл бұрын
Нұрсерік брат жан, Бекасыл, Али, Бота, Бағлан бәріңіз-бәріңіз, аман-есен болыңыздар!
@user-is6px6kk7n
@user-is6px6kk7n Жыл бұрын
Депутат министир Қотақта Шеше Алмайды Қазақстанда ито Астанада Болып Жатқан судың Тапшылғын Шеше Алмаған Адамдар Ондай праблеманы ӨМІР Шеше Алмайды Өйткені Өіметтің Барлығын Бауыздап Əйеодерін Асып Балдарын отқа Жағып өртеу керек
@user-xv2ye3hv6d
@user-xv2ye3hv6d Жыл бұрын
Наши власти могут токо повышать цену..и воровать бюджет...а в остальном ноль
@user-kv5fq6qi3f
@user-kv5fq6qi3f Жыл бұрын
Еңбек келсімшартын жасау керек. Оңтүстік Кореамен
@user-kx1eg5bo4i
@user-kx1eg5bo4i Жыл бұрын
Укімет😂😂😂 Жемқорлардың ордасығой.Халықты ешқашан ойламайды Бұлар
@frogpictures
@frogpictures Жыл бұрын
Халыққа жағдай болса бұлай болмас еді
@user-xe5jy7vv1x
@user-xe5jy7vv1x Жыл бұрын
Спасибо за это государству
@user-hk9wn9ze2k
@user-hk9wn9ze2k Жыл бұрын
Укімет қазақ азаматарына бас ауыртпайды ғой.
@user-ho8ln6wd1g
@user-ho8ln6wd1g Жыл бұрын
Алыстан арбалағанша жақыннан дорбала демейме. Әркім өзі біледі нестеседе бірақ ойлану керек.
@user-mx8hy3kr3l
@user-mx8hy3kr3l Жыл бұрын
Бекасыл бауырымыз бастаған ҚАЗАҚ АЛЯНС КОМАНДАСЫ ТОП -қо. Жарайсыздар, қанша адамның ойын жеткіздіңіздер. Тезірек, 3-айлық болсада, жұмыс визасын ашып берсеғой шіркін. 3-ай өткенсоң, создырса болады, жоқ мына адам дұрыс жұмыс жасамайды, ірі қарай керек емес деген сияқты. Адалынан болса екен.
@ainurzhaxylykova9831
@ainurzhaxylykova9831 Жыл бұрын
Біздің мемлекет басшылары барлық Қазақстандықтар Кореяға кетіп қалады, байып кетеді деп қорқады. Содан келісім шарт жасаспай отыр Кореямен. Өзбек мемлекетінде бәрі заңды, неге біздің мемлекет олай істемейді?
@user-lq3th1mi4l
@user-lq3th1mi4l Жыл бұрын
Корея елiмен шарт жасау ушiн - Ол елден жумыс сурап - бiзде годовой вал осындай , ВВП КЗ осындай , жумыссыздык адам басына шакканда ( процентке ) осындай деп корсетедi - сосын жумыс орын сурайды , содан кейiн гана шартка отырады . Ал олай етейiн десе мировой аренада авторитет тycin kaлады - Ол деген жерi бай халкы кедей елмiз дегендi бiлдipeдi , ал озбек , кыргыз агайындар оган карап жаткан жок - екi koлга бip kypek kaй елмен шарт жасасса олар занды турде сонда . Жасасын дамыган елу елдiн катарындагы кызыкстан..)))
@sanat9699
@sanat9699 Жыл бұрын
Жұмыс виза ашу керек қашанғы жалғасады бұл
@black.king_ast
@black.king_ast Жыл бұрын
Жұмыс визасы бұрын болған,30 елдің қатарына кіреміз деп алып тастаған еді елбасы кезінде.Қазір керек емес жұмыс визасы
@user-uo4rc8bj3e
@user-uo4rc8bj3e Жыл бұрын
Жұмыс визасын ашпайды олар Нуратанын аркасында өйткені олардың ойынша біз қатты дамып кеткенбіз
@enigmaforsait3196
@enigmaforsait3196 Жыл бұрын
70-120 істейтін адамдар кетіп қалады ғой, бұлардың ойы сол ғой. Онда зарплата көтеру керек бұларға деп ойлайды біздің билік басындағылар.
@user-wr9uj2kc6u
@user-wr9uj2kc6u Жыл бұрын
Жанадан келген депутаттар, кулактарына алтын сырга, азаматымыз оте дурыс маселе козгап отыр. Осыган улкен ман берип осы вопросты шешетын уакыт келген сиякты. Озбек пен кыргыздан каламыз ба?
@user-oy9bc3iw6h
@user-oy9bc3iw6h Жыл бұрын
Кап турмызго😂
@kurbangazytuzelbaev4636
@kurbangazytuzelbaev4636 Жыл бұрын
Адамнын ози тандау жасау керек не депорт не елин кайсысы манызды казакстандада аштан олип жатган жок калык
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы:
@user-jk2gv9ly9w
@user-jk2gv9ly9w Жыл бұрын
Мен 2003 жылы Кореяға барып 2006 жылға дейін заңды түрде жұмыс жасап келгем.Ол кезде 1 жылға виза ашып 3 жылға дейін заңды түрде жұмыс істеуге болатын. Кейін неге екені белгісіз бәрін жауып тастады.Мен қатты қиналып жүрген кезде Кореяға барып жұмыс жасап біраз жағдайымды жасап алғам. Өзбек халқы өмір бойы шет елде жұмыс істеп тапқан таянғанын еліне жібереді.Олар дайын инвесторлар ,қазір Өзбек мемлекеті ешкімге қарыз емес, Қазакстан сияқты қарызға белшесінен батып отырған жоқ. Сондықтан жастарға заңды түрде жұмыс жасауға мүмкіндік беру керек
@user-kt1cw2pd5k
@user-kt1cw2pd5k Жыл бұрын
Дұрыс болар еді шешімін шығарса отандастар келіп кетіп жүргендеріне
@welcamxshop6182
@welcamxshop6182 Жыл бұрын
Біздің өкімет халыққа емес, өздеріне ыңғайлы заң шығарғанды ғана біледі.
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы:
@user-xl5jj6dy2e
@user-xl5jj6dy2e Жыл бұрын
Осы жағдайды неге елімізде жасамайды жастарды каңғыртпай үйінен елінен безіп бекерге басшылар өздері тонап жатр акшаның бәрін айлыкты көтеру керек
@user-sj2qe2jv9m
@user-sj2qe2jv9m Жыл бұрын
Жастарга обал болды елде жумыс жок завод фабрика жок ауылда жаксы Жермен су жемкорлардыки ериксиз кангып акша табу ушин кетеди
@user-pc6wc4tv2n
@user-pc6wc4tv2n 4 ай бұрын
Бул али аз али талай осылай журе берсек бетимен кеткен мемлекет боламыз
@Qazaqmuslim132
@Qazaqmuslim132 Жыл бұрын
Біздің елгеде милиондап мигранттар кіріп жүрғой соларды шығарып өзіміздің азаматтарға жұмыс беру керек басқа жақта араңдап қалғанша осынша байлық үстінде отырып азамттармыз қаңғып жүргені дұрыс емес милион берседе
@user-jk2gv9ly9w
@user-jk2gv9ly9w Жыл бұрын
Бейбарыс бауырым ол күн қайда?Ондай күнге жеткенше кім бар ,кім жоқ.Әрине жұмыс болып ақшасын тауып елімізде отырғанға не жетсін
@user-oy9bc3iw6h
@user-oy9bc3iw6h Жыл бұрын
Ол мигранттарды шыгарсак.сол жумыстарды iстейаласынба.колыннан не жумыс келет айтшы маган.
@Qazaqmuslim132
@Qazaqmuslim132 Жыл бұрын
@@user-oy9bc3iw6h сенің неге бір жерің ауырып кетті айтш еліңе қайт
@user-oy9bc3iw6h
@user-oy9bc3iw6h Жыл бұрын
@@Qazaqmuslim132 мен елiмде жумiнго.сен кайдасын казiр.
@Qazaqmuslim132
@Qazaqmuslim132 Жыл бұрын
@@user-oy9bc3iw6h менде елімде Қазақстандамын маған келіп алып ақыл үйретпеяқ қой қалай өмір сүруді
@user-oh1sb7ve8h
@user-oh1sb7ve8h Жыл бұрын
Енбек визасын зандастырсын алты ай басында сосын быр жылга созатын айналайын балдарымай жетыскен куннен барып кашкан жоккой журегым ауырады жагдай жасандар жастарга Казакстандыктарга кымнен кембыз не ушын жазыксыз жастарымыз жапа шегеды быздын балдарымыз кашып пыспай басын котерып журсын талап етемыз
@user-qn2js4ss3v
@user-qn2js4ss3v Жыл бұрын
Еееееее базар жок Кореянын заны катал екен сол ушын елмызге жумыс ашу керек бызде жемкорлар коп кой агайындар 🤔🤔🤔
@user-yi5ie1ty2w
@user-yi5ie1ty2w Жыл бұрын
Занды ашып берсе екен.Озбек Кыргыз ели бизге караганда укимет жагдайга карайды
@Murat-mi3fj
@Murat-mi3fj Жыл бұрын
Тағы 30 жыл күтү керек визаны
@user-ir3to3gj7m
@user-ir3to3gj7m Жыл бұрын
Биз бай елмиз. Озге елде султан болганша оз елинде каиршы бол
@T.B.OOO1
@T.B.OOO1 Жыл бұрын
Қайыршы болып жүр өзің
@Mrakoris
@Mrakoris Жыл бұрын
@@T.B.OOO1 Оның айтқаны өтірік па? Кореяда жүріп 700-800 мың табады айына, біз Қазақстанда жүріп 100-150 аламыз. 😖 Халықты көбісі кредитке батып жүр. Қайыршы болып жүрміз ғой.
@Madikaspan
@Madikaspan Жыл бұрын
Өз еліңде кредитке бат десейші))
@Napa341
@Napa341 Жыл бұрын
Сен тауып берсей соларга жумыс бай ел болсан😅😅😅😅😅😅
@user-uo4rc8bj3e
@user-uo4rc8bj3e Жыл бұрын
Ол байлық 162 адамның қолында
@user-gb2we4fe4f
@user-gb2we4fe4f Жыл бұрын
Мине казак билиги жастарды кун корсетпиди казакстанды койды енди
@user-hu6gx7cz4i
@user-hu6gx7cz4i Жыл бұрын
👍👍👍👍👍
@user-ro7yw2ey9j
@user-ro7yw2ey9j Жыл бұрын
Ашындар жумыс визасын Кареяга баска ешнарсе керек емес!
@user-yi1vx4iz9v
@user-yi1vx4iz9v 9 ай бұрын
😂 жер көлемі жағынан әлемде 9 шы орында тұрамыз. Халқымыздың саны 20 млн. Кей бір елдердің 1 қаласы. Осындай бай елде тұрып басқа елге жұмысқа бару деген. Мына чиновниктердің бәрін түрмеге қамау дегенді білдіредіғой.
@user-xw7mo5si3q
@user-xw7mo5si3q 9 ай бұрын
Қазақты қаңғытқан биліктегілер құрысын
@user-yg1mn2wh8t
@user-yg1mn2wh8t Жыл бұрын
Узбекстан сияқты заңдастырмайма?
@SamsungA-zc1kv
@SamsungA-zc1kv Жыл бұрын
1 Орыс рұқсат бермейді. 2 орысқа қарсы шығуүа болады, бірақ биліктегі қазақтарға наху оның керегі бар. Тұрақты бизнестен ақша тамып тұр сосын Қазақстанда қарсы шыққандарды өлтір деп сол орысты жұмсайды. 3 биліктегі Қазақтарға да біз сияқты құлдар керек, жақсы емеспа басқа жерде күніне 70-100$ жазылып жатыр, ал бізде күніне 10-12$ , и тооо оны 100% толық бермейді. ҚЫСҚАСЫ ОРЫС БІЗДІҢ БИЛІКТІ ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР, БІЗДІҢ БИЛІК ҮЙТІП БҮЙТІП ҚОРҚЫП ЖҮРІП ОРЫСТАН ӘРЕҢ ПАЙДАЛАНЫП ОТЫР + ҚАЗАҚҚА ОҚ АТУ КЕРЕК КЕЗДЕ ОРЫСТЫҢ ҚОЛЫ ЖАҚСЫ АВТОМАТЫМЕН БІРГЕ.
@user-lt2kk7gx3c
@user-lt2kk7gx3c Жыл бұрын
Арине Казахстанда бензин продукты кымбататса да айлык баягы айлык туспесе котерылмес, барлгы сайланып алды енды барлыгы кымбаттайды
@SAMSAM-ux5eg
@SAMSAM-ux5eg Жыл бұрын
Почему никто не говорит по какой причине этим двум парням отказали и не впустили в Корею?
@user-si9qo9fp3p
@user-si9qo9fp3p Жыл бұрын
Вам Правительство Южной Кореи отчитываться будет? Ни то что чужое Правительство,у своих не сможете добиться почему они принимают какое- либо решение
@user-ql2vd3nt5l
@user-ql2vd3nt5l Жыл бұрын
Жарымагандар оңтүстік Казахстан халық кы.шipiтiп жүредi
@user-qw6wv4ql1n
@user-qw6wv4ql1n Жыл бұрын
Еееее байкус жастар ай, Алланын кози тузу болсын.
@serikzhanzeken
@serikzhanzeken Жыл бұрын
Үкімет түк бітірмейді
@user-zn9do6wi9n
@user-zn9do6wi9n Жыл бұрын
Айлкты кобейтсе .кымбатшылыкты азайтса ешкм кетпес еді
@9asel999
@9asel999 Жыл бұрын
Қазақтарды қаңғыртып қойғаң билік
@user-oh4yd9if2p
@user-oh4yd9if2p Жыл бұрын
Кореяда не бар. Сол ақшаны шетелге аспай да табуға болады.
@ravil9634
@ravil9634 Жыл бұрын
30 жыл назарбай урлыктан баска тукте битирген жок
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы:
@user-vf8iz8rj8u
@user-vf8iz8rj8u Жыл бұрын
МЕН БИЗНЕС АШАМ ДЕП ЦЕХ САЛДЫМ ..ӘКІМДЕР АҚШАНЫ ТОЙ ЖАСАП ІШІП ТЫШЫП КЕТТІ ..МЕН БАНКРОТ БОЛДЫМ ..ХАЛЫҚ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛДЫ..
@jigitbekakinbaev9612
@jigitbekakinbaev9612 Жыл бұрын
Биздын ел жемкорлыкпен колы тимеи жур неге истемеске елге жагдаи ози жаксы жалакы тауып бере алмаса шет елге барып истеп келуге жагдаи жасап берсын
@user-tv6pk9dq7e
@user-tv6pk9dq7e Жыл бұрын
Онда зансыз жургендер коп.
@user-jj9jl4gi1b
@user-jj9jl4gi1b Жыл бұрын
Кыргызстанда 300 долларга азаматтык береди, 2 азаматык болады, зато кореяга барып келесин
@user-hr2uu4gy5y
@user-hr2uu4gy5y Жыл бұрын
Қашан қазаққа жаи жасалады елімдитін ерлер қаида жоғарыда отқандар халықтың қалтасына түскенше жасамаима
@user-mg4pp1qy5p
@user-mg4pp1qy5p Жыл бұрын
МИД пен Үкімет шешу керек келісім шарты барып жұмыс істеуге болатын. 30 жыл не істеген Өзбекстан мен Қырғызстан мемілекетінен үйренсін білмесе. 800000т табатын жұмыс бізде жоқтын қасы жасасын жұмыс істеймін деген ЖАСТАРҒА жағдай!!!!!
@enigmaforsait3196
@enigmaforsait3196 Жыл бұрын
Неге глупый боласыздар. Олар олай істесе 70-120 мыңға қара жұмыс істейтіндердің бәрі кетіп қалады. Сол себепті жасамай тұр. Корея основном үй алу үшін барады. Біздегі үйлердің бағасын біраз төмендетіп тастаса елдің де жағдайы дұрыс болар еді.
@user-po4jc4nj1b
@user-po4jc4nj1b Жыл бұрын
Дұрыс...ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ДА ЗАҢДЫ ЖҰМЫС ЖАСАСА ЕКЕН !!!
@user-lq3th1mi4l
@user-lq3th1mi4l Жыл бұрын
Жасасын дамыган елу елдiн катарындагы кызыкстан..))))
@user-xq6rn1tc5d
@user-xq6rn1tc5d Жыл бұрын
Всем привет я из города Тараз. Я сейчас в России, в городе Челябинск. Я также приехал сюда по работе и ничё так нормально каждый день работаю, зарабатываю.
@dosi8650
@dosi8650 Жыл бұрын
Біздің өкіметтің кінəсі. Жатыңдар депутаттар
@kereiqazaq1621
@kereiqazaq1621 Жыл бұрын
Заңсыз жүргендерге заңды шара қолдану керек. Бұл бейберекетсіздік
@Sovetbek.Kenesov
@Sovetbek.Kenesov Жыл бұрын
ол жакка неге барасиндар ол жакта демократия зан катан🤣😂
@user-iz7wy4kz7b
@user-iz7wy4kz7b Жыл бұрын
Жетискенен журген жок,зансыз журсе зандастырып берсин посольства деген нестиди осы созбен орак оради тукке пайдасы жок
@user-bk9ci2kp1q
@user-bk9ci2kp1q Жыл бұрын
Новый Казахстан осыго жастары сырта қаңғырып жүр.
@rabigaboztaeva201
@rabigaboztaeva201 Жыл бұрын
Кореядагы жастарга колдау кажет елге каншама акша келип жатыр елимизде строи кампаниясы осы шет елде жургендердин аркасында журип тур казакстанда журип 30 жыда арен алатын уиди кореяда журип 2 жылда аласын биздин банктер омир боиы кул етип алады гои жастарды
@user-rn5ei2cr4s
@user-rn5ei2cr4s 8 ай бұрын
Виза неге жок Қазақстанда түсінбеймін
@user-gj1io3wf4u
@user-gj1io3wf4u Жыл бұрын
Қазақстандық бір өзбек жігіт Қытаиға барып жұмыс істеп жақсы ақша тауып жатыр екен деп естідік распа екен ?
@erjantailybaev5696
@erjantailybaev5696 Жыл бұрын
Бизде байкус кара жумусшы киналад кайда барсада жакында кашып кеткен Генерал емин еркин тайрандап журе беред кайда барсада
@AlemX-show
@AlemX-show Жыл бұрын
жаңа Қазақстан жаңа миграннтар толқынын туғызды 😂😢
@user-km7bu9wo3h
@user-km7bu9wo3h Жыл бұрын
Корея бай мемлекет
@user-bn8pr5xf7h
@user-bn8pr5xf7h Жыл бұрын
Казахстан га да виза берсе жаксы Болар еді гой
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы:
@user-bf9hz9dy3l
@user-bf9hz9dy3l Жыл бұрын
Каристер шошыган шыгар Казакстан бай мемлекет . Ал халкы кайыршы позор биздын ель каристерден де жаксы омир суру керек пизгой
@user-jh9cy3nn5v
@user-jh9cy3nn5v Жыл бұрын
Кореяда мунайда жок
@AlemX-show
@AlemX-show Жыл бұрын
осыдан 10 жыл бұрын қақсап едім Қазақтарай күлмең күлмең өзбектерге шетелде қаңғып жүр деп енді нестеп жүрсіңдер ал?
@askarnesipbekov7418
@askarnesipbekov7418 Жыл бұрын
"Qazaq Alliance in Korea" number one
@user-yi9rb9pj3o
@user-yi9rb9pj3o Жыл бұрын
Биліктегілердің қарны тоқ қарапайым халықты не істесін ойлап
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы:
@natonato6789
@natonato6789 Жыл бұрын
Алжыған ұрысұлтан біз бай мемлекетпіз қазақстан адамдары қайыршы болмайды деген екен ғой. Өзін айтқан екен ғой.
@islambek5459
@islambek5459 Жыл бұрын
Оте дурыс
@Sovetbek.Kenesov
@Sovetbek.Kenesov Жыл бұрын
@@islambek5459 казактар ол жакка неге баради ол жакта демократия зан катал карсилассан атип тастаиди
@islambek5459
@islambek5459 Жыл бұрын
@@Sovetbek.Kenesov акша ушын барады енбегынды багалайды ол жерде занды бузбасан ештеме болмайды кредитке жасаганша баска елге барып акша тапкан жаксы ешкымке карыз болмайсын
@T.B.OOO1
@T.B.OOO1 Жыл бұрын
​@@Sovetbek.Kenesov Есек Демократия не екенін білесің ба қайдағы ату Кімді атты ол жақта
@SamsungA-zc1kv
@SamsungA-zc1kv Жыл бұрын
​@@Sovetbek.Kenesov қотақты жемеш өтірік жазып. Не жазғаныңды өзің түсініп тұрсыңба немесе кнб пидарастысыңба
@user-ll3lx6bw8z
@user-ll3lx6bw8z Жыл бұрын
Өзбектерге виза ашып қойған кіріп жұмыс жасайды.бизде Қазақтар артқан тартып тұрады виза жоқ.жалқау дейді жалқау болса не стройка өңшен ауыр жұмыс жасап жүр. Біздің Қазақстанға күнкөрінген жүр ештеңе демейді визалар жоқ тб жоқ.білгенін істеп ақша жасап тасып
@user-iv3zu6tg2n
@user-iv3zu6tg2n Жыл бұрын
Кетынбе қал сонда басқа адам шақырма.
@user-qb8vn6ze8s
@user-qb8vn6ze8s Жыл бұрын
Елімізде керемт болса кетпес еді ғои төрт жылда бырталай жинаған шығар енді ағайын тумасын аралайды ғои виза аша жасыда кәрісіде кетеді ауу бензин салярка қымбатап жатыр арты тамақта қымбатсыиды жұмыссыздық көп қои жастарымыз нестеиді енді
@alialibek6320
@alialibek6320 9 ай бұрын
Ей оңбаған билік! Біз жастарға ата-анамыздың бауыр-туыстарымыздың қасында өмір сүруге мүмкіндік бермедіңдер енді ең болмаса қаңғып кетуге мүмкіндік беріңдер! Болмаса жағаларыңа бале болып жабысамыз жиырма мың терорист болып шығамыз одан басқа жол жоқ!
@user-qf8sm8qj3w
@user-qf8sm8qj3w Жыл бұрын
ОСЫЛАРДЫ КОРИП КАЗАКСТАНГА УЛКЕН РАХМЕТ АИТАЙЫК АГАЙЫН
@janar12457
@janar12457 Жыл бұрын
тиым салыңдай Еш нәрсе бүлдіріп қылмыс жасап жүрген жоқ өзі еңбек етіп жүргендер қатаң жазасы несі қазақстан басышы кінәлі қазақтар аш қылып ақша 🤑 жоқ қуа жұмыс жоқ
@sleepmeditation3312
@sleepmeditation3312 7 ай бұрын
Виза алып бериндерш жумыс истик киреалмай журкко сол
@johnvors6855
@johnvors6855 Жыл бұрын
Токаев не хотят 2000 $😂👍
@papasmith836
@papasmith836 Жыл бұрын
Пазор Мына Билик Адам болмайд
@Talap-zu3hp
@Talap-zu3hp Жыл бұрын
Өздерің кінәлісіңдер үкімет емес заҢсыз жүрмеу керек
@Nur-91
@Nur-91 Жыл бұрын
Ютуб арнама подписать етіңізшы:
@user-td5mj4jv3d
@user-td5mj4jv3d Жыл бұрын
Кайтындар елге не бар, барына шукир етиндер
@user-ec7qk3kc4d
@user-ec7qk3kc4d Жыл бұрын
1995 жылга дейнба жумыс визасы берылген Е9 виза жумыс визасы. Кейн бермей койган дейды жумыс уакытында коп зан бузылык кылган ушын алып тастаган дейды. Сол кездерде истеп кеткендер. Озбекстанга 1992 жылдан беры осы кезге дейн виза берылып жатыр. Келгесын тыныш тартып сактап акшаны кылып кету керек. Мен 10 жыл контракт жумыс истегенмын
@user-pc6wc4tv2n
@user-pc6wc4tv2n 4 ай бұрын
Казахстан кимге сози журеди дисин
Информбюро 14.05.2024 Толық шығарылым!
24:47
Информбюро 31
Рет қаралды 32 М.
Когда на улице Маябрь 😈 #марьяна #шортс
00:17
маленький брат прыгает в бассейн
00:15
GL Show Russian
Рет қаралды 3,8 МЛН
GADGETS VS HACKS || Random Useful Tools For your child #hacks #gadgets
00:35
Енді Оңтүстік Кореяға заңды түрде барып, жұмысқа тұруға болады
1:43
Когда на улице Маябрь 😈 #марьяна #шортс
00:17