Рет қаралды 1,575
🔰Наурыздың 16 күні орталығымыздың психологі Ж.К.Оразымбекованың ұйымдастыруымен "Тәрбиенің ең тамаша ортасы -отбасы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл іс-шараға үйірмелерге қатысушы балалардың ата-аналары тартылды. Психолог "Ойындар аллитериясы" ой жинақтау әдісі арқылы ата-аналармен қарым-қатынасын нығайта отырып, сауалнама жүргізді. Дөңгелек үстелдің барысында бала мен ата-ана қарым-қатынасын нығайтудың жолдары және бала тәрбиесіне қатысты өз кеңестерін ұсынды. Дөңгелек үстел соңында ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға орынды жауап алып, өз ризашылықтарын білдірді.