Рет қаралды 3,842
Мен Түркістанға барып, "Керуен-сарайдың" бүгінгі жағдайымен танысып қайттым.
«Керуен сарай» туристік кешені - Түркістандағы кереметтер нысандардың ішіндегі ең ғажайыбы. Аумағы 188 гектар жерді алып жатқан ерекше қалашықтың ішінде бес жұлдызды қонақ үйлер, су бетіндегі театр, аттар шоуы өтетін амфитеатр, кинотеатр, қиял-ғажайып балалар ойын алаңы, сауда орындары мен мейрамханалар орналасқан. Келген туристер мен қонақтар кешен ішін қайықпен аралайды.
Кешенді араламас бұрын, бірінші кезекте Түркістан қаласының визит-орталығына кіруді жөн санадық. Бұл жерде қаланың тарихымен танысып, болашақта істелетін жұмыстардың жоспарын білуге болады. Мұнда қолөнер шеберлерінің туындылары мен көне жәдігерлер қойылған көрме де бар.
Айта кетерлігі, "Керуен-сарайдағы" барлық нысандар су арнасы арқылы байланыстырылған. Осыған қарап түркістандықтар мен қала қонақтары бұл жерге "Қазақстанның Венециясы" деген қосалқы атау беріп те үлгерді.
#туркестан#керуенсарай#казахстан