ТАРИХ МАМАНДЫҒЫНЫҢ 1-ШІ КУРСЫНДА ОҚИТЫН СТУДЕНТ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ТУРАЛЫ СӨЗ ҚОЗҒАЙДЫ

  Рет қаралды 207

Языки и образование

Языки и образование

Ай бұрын

Қазақ хандығы - Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.
XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ хандары қарсыластарын тықсыра отырып, Батыс Жетісуға табан тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының негізгі бөлігін қамтитын шекаралары кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.
Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.[1]
XV-XVII-ғ. Қазақ хандығы дәуірінде қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары қалыптасты.
Қазақ хандығынын пайда болу фактісі Жетісудың батыс бөлігінде өтті. Дәл осы жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында тұратын Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.
Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуымен қатар жүрді. Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалы өңірлерді өзінің экономикалык және әскери базасы деп таныды.
Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - көшпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.
Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды.
Қазақ хандарыны Сыр бойына иелік ету күресі стратегиялық тұрғыдан басқа жол жоқ болғандыктан, ұзақ та табанды түрде жүргізіліп келді.
Осы күрестің барысы, қазақ хандарының ішкі, сыртқы саясаты, хандық аумағының кеңеюі, Қазақ хандығы тарихының т. б. қырлары қазақстандық ғалымдардың көптеген еңбектерінде тереңдетіле қарастырылған.
Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысы бойындағы жерлер Орта және Кіші жүз қазақтарының қыстайтын мекендері болатын.

Пікірлер: 18
@user-wz5mw3nq9n
@user-wz5mw3nq9n Ай бұрын
Білімің шыңдала берсін! Тек қана алға!😘
@user-lv8bw8fs9g
@user-lv8bw8fs9g Ай бұрын
Керемет. 👍
@user-lz2bn4fk6q
@user-lz2bn4fk6q Ай бұрын
Жарайсын Касымхан. Білімің шарыктай берсін.
@user-lz2bn4fk6q
@user-lz2bn4fk6q Ай бұрын
Жарайсын Касымхан білімін шарыктай берсін.
@user-nf9bp6lz7e
@user-nf9bp6lz7e Ай бұрын
Жаным балам ,Қасым биік самғай бер! Жарайсың!
@user-eg7zm2nn7p
@user-eg7zm2nn7p Ай бұрын
Керемет 👍👍👍
@FarizaOtarbaeva-ui4ny
@FarizaOtarbaeva-ui4ny Ай бұрын
👍🏼👍🏼👍🏼👍🏼
@sharipov_anet
@sharipov_anet Ай бұрын
Керемет жарайсың 👍🏻👏🏻
@bei.ami07
@bei.ami07 Ай бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻
@user-xc2xh1ou6i
@user-xc2xh1ou6i Ай бұрын
Қасымхан жаным, керемет биіктей бер, білікті, білімді маман иесі бола бер!!
@user-nb4ej9be4t
@user-nb4ej9be4t Ай бұрын
Жарайсың
@user-ii7nn9co5n
@user-ii7nn9co5n Ай бұрын
Жарайсың!
@user-db3xm4rh3y
@user-db3xm4rh3y Ай бұрын
Жарайсын Қасымхан 👍
@user-xs3vx4nt2m
@user-xs3vx4nt2m Ай бұрын
Жарайсың Қасымхан👍👍
@Nazerke.06
@Nazerke.06 Ай бұрын
Вау 😊
@user-su9ux6un2g
@user-su9ux6un2g Ай бұрын
Қасым алға🎉
@user-jt8bs3qh8u
@user-jt8bs3qh8u Ай бұрын
Улкен улкен белестерді бағындыра бер, біз саған сенеміз!
@user-mc1iu3gp6y
@user-mc1iu3gp6y Ай бұрын
Касымхан дами бер🎉🎉
Қазақтар жерін қалай ұлғайтты?
9:31
DURYS TARIKH
Рет қаралды 50 М.
«Қазақтар». Шежіре
28:56
Qazaqstan Qogam / Қазақстан Қоғам
Рет қаралды 130 М.
"Қазақ" атауы хақында
4:45
Жетісу телеарнасы
Рет қаралды 84 М.
Қалмаққырған
4:24
Куат Ахметжанов
Рет қаралды 65 М.