Рет қаралды 249,212
Таскескенде екі күн жұлдыздардан шашу болды.
Қазақстан эстрада жұлдыздарының “Жайнай бер, Таскескен!” атты Гала-концерті дүркіреп өтті.
Таскескен ауылының жұртшылығына, қонақтарға еліміздің шоқ жұлдыздары екі күн қатарынан әннен шашу жасап, шаттық көңіл-күй сыйлады.
Бұл тойдың мақсаты - Жақсылық ағамыздың аманатын жалғау, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан “Ауыл -Ел бесігі” бағдарламасын қолдау болатын. Осы игі ниет аясында жасалып жатқан тойымызды, игі іс-шараларымызды, ауылымызды озық деңгейге көтереміз деген ниетімізді жан-жақтан шоқ жұлдыздарымыз, ақындарымыз, қоғам және мемлекет қайраткерлері бірден қолдады.
Таскескен ауылымыздың тұғырлы төрінде отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, халыққа шадыман көңіл сыйлады.
Той атмосферасы шаттыққа толып, көрермендер жандана түсті.
Әншілеріміз осындай шынайы халықты сағынып қалыпты. Бар өнерін салды. Сахнадан қимай-қимай қоштасты. Халық ортасына барып, суретке түсіп, балаларға ерекше естелік сыйлады.
Бұл гала-концерт ауыл халқының, әсіресе, жас бүлдіршіндердің есінде көпке қалып, олардың армандарын ұштай түссе, шексіз армандауды үйренсе екен деймін.
Армандар орындалады. Мен де бала кезімде ауылыма осылай көмектесіп, ұлан-асыр той жасасам деп армандайтынмын.
Міне, сол арманым орындалып жатыр. Ауылдан шыққан қарапайым сары бала арманын орындай алса, онда сен де орындай аласың.
Армандаудағы шектеуін осы тойды көріп бір адам алып тастаса, демек біздің мақсатымыздың орындалғаны!
Бұл бастамасы ғана!
******
Талғат Сақан Инстаграм парақшасы:
👉 ...
Q4 TULPAR компаниясының инстаграм парақшасы:
www.instagram....
Талғат Сақан - Q4 Tulpar Auto автокөлік компаниясының негізін қалаушы. Сіз бұл каналдан Талғат Сақанның бизнес жолы, 43 млн тг қарыздан қалай құтылды?, Q4 Tulpar компаниясын қалай ашты? Бизнестегі, қоғамдық өмірдегі қызметі туралы видеолар көретін боласыздар.