ТРЕНИНГ: КОМАНДАЛЫҚ ЖІП. Жүргізіп көріңіз. Пайдасы өте көп.

  Рет қаралды 16,002

Ләзат Дүйсембекова

Ләзат Дүйсембекова

3 жыл бұрын

Керекті заттар: жіп, қалам, бөтелке. Бұл ойынды қай кезде ойнауға болады? 1) Командалық жарыстарда. Екі немесе одан да көп команда жарысқанда әр топқа жүргізуші 1 немесе 3 мүмкіндік беріп жарыстырады. Қаламды бірінші ретте-ақ, бірден бөтелкеге сала алған команда ұпайы да жоғары болады. Одан кейін ұпай саны да төмендей береді. Командалар саны көп болса артық уақыт кетпеуі үшін 1 ғана мүмкіндік берсе де болады. 2) Семинар, курс т.б. кезіндегі үлкен үзілістерде өткізуге болады. Бұл ойыннан не байқауға болады? 1) Команда /топ / сынып ынтымақтастығын байқауға болады. Егер командада ынтымақтастық күшті болса, олар жан-жаққа тартпай, шулап кетпей, бір-бірінің сөзіне, ұсынысына құлақ аса отырып, үндесе қимылдап, жетістікке жетеді. 2) Оқушылардың, студенттердің, курсанттардың көшбасшылық қабілеттерін байқауға болады. Әдетте көшбасшылық қабілеті бар адамдар бірден ситуацияны қолына алып, дауыс интонациясымен басқаларды өзіне қаратып, қалай қимылдау керек екендігін, не істеп, не істемеу керектігін түсіндіріп тұрып, топты жетістікке жеткізеді. Командалық ынтымақтастықты күшейту үшін бұл тренингті күнде немесе апта сайын жасатып тұруға да болады. Қандай пайдасы бар? Қайталап жасаған сайын оқушылар/студенттер/курсанттар ынтымақтаса түседі, басқа адамдардың сөзіне құлақ асуды, бірлесе қимылдауды, жетістікке бірге жетуді үйренеді. Көшбасшылық қабілеттері шыңдалады. Командада жұмыс істеуге дағдыланады. Ептіліктері артады.
Бұл тренинг 2014 ж. педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы кезіндегі үзілісте жүргізілді. Тренер Ләзат Дүйсембекова. Староста Зулхар Құлмағанбетов. Тренингті жүргізген Алматы облысы Сарқан ауданы М.Төлебаев атындағы орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Әсем Нұржекееева.

Пікірлер: 14
@user-fo5mk4ip5u
@user-fo5mk4ip5u 4 ай бұрын
Ютубтағы кейбір видеоларда осы тренинг жүргізілген видеолар жүр. Көбінде бірнеше қателік бар, солардың кейбіріне тоқталып кетейін. 1. Көпшілігінде жіп жуан, жіңішке жіп болуы керек. Машина жіп болса, тіпті жақсы. 2. Барлығы ұстағаннан кейін бір-екі адам жіптерін ортасына бір жіберіп, қайырып алып, жіптің тура ортасынан орталық түйін (центр) шығарылуы керек. Қалам тура сол орталыққа қойылуы керек. Әйтпесе көпшілігінде орталық түйін жоқ, қалам әр жерде тұр. Одан шығатын нәтижені дұрыс дей алмаймыз. 3. Жіп кемінде 3 м, әйтпесе одан да ұзын болуы керек. 1,5-2 метрлік жіппен жасалған тренингтің мәні жоқ.
@Ayauka_mr
@Ayauka_mr 4 ай бұрын
😍😍😍😍
@user-fw9mg6jt8i
@user-fw9mg6jt8i 3 жыл бұрын
Оқушылармен жүргізу өте қызықты🤩🤩🤩👍🏻
@dosik6895
@dosik6895 4 ай бұрын
Жаксы
@user-tq2dz2if1f
@user-tq2dz2if1f Жыл бұрын
Керемет әдіс.Сізге шығармашылық табыс тілеймін!!!
@user-fo5mk4ip5u
@user-fo5mk4ip5u 4 ай бұрын
Рахмет! Әдіс өзіме де қатты ұнайды. Жыл сайын топтарыммен жүргіземін. Кейбір топтар қалай ойнайтынын, қалай ұйымдастыратынын білмей улап-шулап жүреді. Кейбір топ жііпті алып келіп, ойнап, бірден жетістікке жетіп таң қалдырады.
@user-zy8kh5tk4s
@user-zy8kh5tk4s 4 ай бұрын
👍🏻👍🏻
@user-zm3rd1xb8l
@user-zm3rd1xb8l 4 ай бұрын
👍🏽😍😍😍
@user-ps7nu2pg6j
@user-ps7nu2pg6j Жыл бұрын
Ынтымақтастыққа үйрететін әдіс екен
@user-fo5mk4ip5u
@user-fo5mk4ip5u 4 ай бұрын
Иә. өте жақсы әдіс. Топтағы, командадағы өзара түсіністік айқын көрінеді. Тату топтар нәтижеге тез жетеді, себебі бір-бірін тыңдай алады. Бірақ үш рет қатарынан түсіре алған топты әзір кездестіргем жоқ. Бір рет түсіріп екіншісінде немесе үшінші ретінде әйтеуір мүлт кетеді. Бір топ болды, міне, осы жолы үш рет түсіреміз қалайда деп келеді , бірақ апта сайын бірінші реттен кейін түсіре алмай қалады.
@psy8877
@psy8877 10 ай бұрын
Жіп неше метр болу керек? Жазыңызшы?
@user-fo5mk4ip5u
@user-fo5mk4ip5u 4 ай бұрын
Жіп 3 метр болғаны дұрыс + -
@themaliqa5139
@themaliqa5139 Жыл бұрын
Жіп неше метр болуы керек
@user-fo5mk4ip5u
@user-fo5mk4ip5u 4 ай бұрын
Жіп қысқа болса тым оңай болады, сондықтан екі жақтан екі адам ұстағанда аралық 3 метр шамасы болғаны дұрыс, сонда жіпті 3 метр ұзындықта дайындау керек. 20 адам ойнайтын болса, 10 жіп дайындалады. Екі адам екі жағынан ұстап тұрады.
ТРЕНИНГ. КҮН  БОЛАЙЫҚ  БӘРІМІЗ (Сергіту сәті)
2:03
Ләзат Дүйсембекова
Рет қаралды 6 М.
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100million
00:24
Celine Dept
Рет қаралды 163 МЛН
Этого От Него Никто Не Ожидал 😂
00:19
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 8 МЛН
Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман
6:41
Рыскулов ауданы білім бөлімі
Рет қаралды 4,7 М.
Музыкалық-ырғақты ойындар
3:06
Балдырған балалабақшасы Сарқан
Рет қаралды 9 М.
Тимбилдинг
2:34
Бибігул Ербосын
Рет қаралды 40 М.
"Суреті жалғастыр" тренингі.
7:08
Қызықты тренингтер
Рет қаралды 39 М.
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100million
00:24
Celine Dept
Рет қаралды 163 МЛН