WEB бетті ДЕРЕКТЕР ҚОРЫмен байланыстыру №3 [ҰБТ информатика]

  Рет қаралды 425

ҚАЗАҚША САБАҚТАР

ҚАЗАҚША САБАҚТАР

Күн бұрын

Динамикалық сайт - шаблон, контент және скриптерден тұратын динамикалық беттерден құралған, үнемі жазбасы өзгеріп, жаңаланып отыратын сайт. Мұндай сайттардың файлдары PHP, Perl, т.б. программа тілінде жазылады.
PHP - үйренуге жеңіл өте қарапайым тіл. Мүмкіндіктері мол әрі көпфункционалды болғандықтан, ол барлық хостингтерге орнатылған. PHP-ді 1994 жылы Расмус Лердорф ойлап тапқан. PHP атауы Personal Home Page (жеке үй парақшасы) деген мағынаны береді. PHP коды (скрипт) HTML тілінде жазылады және ол интерпретация жасалып (мәшине кодына ауыстыру), тек сервердің өзінде ғана орындалады. PHP файлының құрамы мәтіннен, HTML-тегтерінен және PHР-сценарийлерінен тұрады. PHP - тек серверде ғана орындалатын скриптік тіл. Барлық сценарийлер серверде орындалады да нәтижесі HTML ретінде
браузерге жіберіледі. Ал браузер клиентке оны парақша ретінде көрсетіп береді. PHP web-беттерді жазуға арналған және үйренуге өте жеңіл. Оның скриптерін жазу үшін Notepad ++ редакторын қолданамыз. PHP программасы mysqli сыныбын өзіне қамтиды. PHP-да MySQL деректер базасымен жұмыс істеу әдістері, қасиеттері және функциялары бар. Бұл функция мен әдістер деректер базасын ақпаратты енгізу және оның мазмұнын көру үшін қолданылады. Веб-интерфейс көмегімен деректер базасына ақпаратты қосу үшін пайдаланушы бұл деректерді Нtml формасына енгізіп, оны серверге жіберу керек, ал қалғанын программаның өзі орындайды.
MySQL - шағын көпағымды деректер базасының сервері. MySQL - тұрақты, қолдануға жеңіл және өте жылдам сервер. Оны сайт жазуда PHP скриптімен бірге қолданады.
MySQL-дің мүмкіндіктері:
MySQL-ANSI 92 стандартындағы SQL сұраныстарын қолданады. Оның мынандай мүмкіндіктері бар:
1. Саны шектеусіз пайдаланушылар деректер базасымен бір уақытта жұмыс істей алады.
2. Кестедегі жолақтар саны 50 млн-ға дейін жете алады.
3. Командалар өте тез орындалады. Осы күнгі серверлердің ішінде MySQL ең жылдам сервер боп есептеледі.
4. Қарапайым және нәтижелі, қауіпсіз жүйе.
Деректер базасымен байланыс орнату
MySQL деректер базасындағы басқару жүйесінің серверіне қосылу mysqli сыныбында орындалатын құрылымды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
$ mysqli = new mysqli ('host', 'username', 'passwd', 'dbname', 'port')
Mysqli сыныбының конструкторын шақырғаннан кейін, MySQL серверіне қосылуды білдіретін нысанды қайтарады. Немесе
$mysqli = new mysqli();
$mysqli - real_connect ('host', 'username', ' passwd', 'dbname', ‘port');
MySQL деректер базасымен жұмыс істейтін кез келген PHP программасы келесі негізгі әрекеттерді қамтуы керек:
1. MySQL серверімен байланыс орнату.
2. Жұмыс істеу үшін деректер базасын таңдау.
3. MYSQL командаларын серверге жіберу және жауап алу.
4. Нәтижелерді өңдеу.
5. MySQL серверімен қосылымды жабу
Бұл әрекеттерді бірнеше жолмен жүзеге асыруға болады:
1. MySQL деректер базасына қол жеткізу үшін стандартты классикалық функцияларды қолдану.
2. mysqli кеңейтімінің функцияларын PHP 5 және MySQL 4.1 нұсқалардан бастап жоғары қарай қолдану.
3. mysqli кеңейтімінің кластары мен әдістерін PHP 5 және MySQL 4.1 нұсқалардан бастап жоғары қарай қолдану.
Қазіргі MySQL деректер базасына қосылу, Mysqli кеңейтімінен функцияларды пайдалану деректер базасымен орындалатын әрекеттерді біршама жылдамдатады. Кейде классикалық әдіспен салыстырғанда өнімділіктің бірнеше есе артуына әкеледі. Сондай-ақ деректермен жұмыс істеу қауіпсіздігін арттырады және жаңа мүмкіндіктер қосылады.
MySQL-дің мүмкіндіктері:
MySQL ANSI 92 стандартындағы SQL сұраныстарын қолданады. Оның мынандай мүмкіндіктері бар:
1. Саны шектеусіз пайдаланушылар деректер қорымен бір уақытта жұмыс істей алады.
2. Кестедегі жолақтар саны 50 млн-ға дейін жете алады.
3. Командалар өте тез орындалады. Осы күнгі серверлердің ішін де MySQL ең жылдамы болып есептеледі.
4. Қарапайым және нәтижелі қауіпсіз жүйе.
Артықшылықтары:
- Web-қосымшаларының файлдық нұсқаларына қарағанда кодтың әлдеқайда кішігірім болуы (2-3 есе). Оның құрастыру уақытын үнемдеп, өңдеу үрдісін жеңілдетеді;
- С тілінде жазылғандықтан, МҚБЖ сұраныс процедураларының жоғары жылдамдығы мен орындалуы.

Пікірлер: 1
@myata04
@myata04 3 ай бұрын
Плейлистке коп коп рахмет сизге!
Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика]
17:52
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 342
哈哈大家为了进去也是想尽办法!#火影忍者 #佐助 #家庭
00:33
когда не обедаешь в школе // EVA mash
00:57
EVA mash
Рет қаралды 3,6 МЛН
HTML+CSS+JS соңғы сабақ [ТЕСТ ТАПСЫРУ]
6:05
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 205
CSS қасиеттері: фон, шегара [ҰБТ информатика]
16:56
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 177
Скрипт қолдану (JavaScript) [ҰБТ информатика]
11:39
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 227
SQL қарапайым тілмен - ҰБТ-ға дайындық |
48:47
CSS қасиеттері: қаріп, абзац [ҰБТ информатика]
14:54
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 187
Селектор түрлері [ҰБТ информатика]
18:31
ҚАЗАҚША САБАҚТАР
Рет қаралды 316