Қатысушыларға мың алғыс, қорықпай ашылғандарыңызға, сіздер нағыз батырсыздар, құшақтадым екеуіңізді де❤
@ЖанчикБорибаевна10 ай бұрын
Қазақта қызын кішкентайынан үй жұмысына жегу кейін енең үйретпепті деп айта істе, үйрен, істегенің маған үйренгенің өзіңе жақсы деп міндет қылуды қойыңдаршы! Қыз балаға сен міндеттісің деп арқасына жүк артуды қойыңдаршы осы! Ақ сүтімді ақта деп бетке ашық айтып тіленулеріңді қойыңдаршы осы,аналар қыздарыңа байларыңды жамандамаңдар олар сосын әке деген көзқарасы болмай өседі
@ГулжанСадуахасова-е6ф10 ай бұрын
Қазақ әйелдері осылай айтады. Дәл айттыңыз
@КасымАлментаев10 ай бұрын
Қызық, бұл шығарылымда Аллам өңшең тұңғыштардың басын қосқан екен! Талдау жүргізіп отырған Эльвира да, талдауға батылдықпен келіп, ішкі сырларын айтқан Ақжарқын мен Айнара да өз ата-анасының тұңғыштары. Менің түсінгенім бағдарламада отырған үш қыз да "Тұңғыш перзент" ауруымен ауырғандар. Менің олай дейтінім, мен де тұңғышпын, осы бағдарламада айтылған әңгіменің бәрі болмаса да, біразы басымнан өткен. Мен еркек болған соң, ол жағдайлар басқаша өтсе де ұқсастығы көп. Өте өзекті тақырыптың бірі. Ендігі осыны тереңдетіп, " Тұңғыш перзент" ауруын болдырмау жолы қандай болуы керегін анықтап, талдасаңыз жақсы болар еді, Эльвира ханым! Сонан соң Ақжарқын мен Айнараның екеуі де әкелеріне өкпелерін айтып, олардың белсенділігі, жолбасшы болу қабілеттері жоқтың қасы дегенге келтіріп отыр. Оны да түсіндіруге болады деп ойлаймын, өз ойым. Мен тұңғыш болып, басында алдағы ата-анамның "тәк-тәгімен" жүрсем, қазір, 60 жасқа таянған уақытта, ол кісілер бақилық болып кеткендіктен, ендігі арқа сүйер, ақыл берер адамды іздеп, жан жарымды соған лайық деп таптым да, бүгінгі таңда соның "тұңғышындай" болып қалдым. Менің қыздарым да кейде "Әкеміз анамыздың айтқанын ғана істейді!"- деп қалады. Мен оларға "Аналарың бәріміздің мамамыз, тыңдаңдар!"- деймін. Әрине, сүйіп алған жарың ақылды, арқа сүйеуге тұрарлық болса, онда, мен сияқты, еркін сеніп, ақылдасып отырған өте дұрыс. Ал Ақжарқынның анасы "О дүниелік" болған екен, иманды болсын. Ендігі әкесі арқа сүйер, сенімді серігін таба алмай жүрген жоқ па, оны да ойлаңыздар. Айнараның әкесі де жас емес, 50-ден асып қалған болар. Ол да өз жұбайын сыйлап, соған сеніп кеткен болса, сонымен ақылдасамын деп, өзінің еркектік, әкелік позициясын жоғалтыңқырап алған болар. Оның үстіне Кеңес одағы кезінде өмір сүрген еркектердің көпшілігі жалтақтау болып өсті десем қате айтқан болмас едім деп ойлаймын. Ол кісіге жайлап, "қасылап" отырып түсіндіріп, өзінің еркектік орынын көрсету керек. Ол міндет тұңғыш қыз - Айнара өзіңізге жүктелмейді ме?! Міне барлық уақытта "тұңғыштың аты тұңғыш" болып қала береді. Ал Эльвира ханым, тақырыпты дөп тауып, ауыр да болса, дұрыс талдау жүргізгеніңізге көп-көп рақмет!
@shyryn_erbolkyzy9 ай бұрын
Қыздардың мықтылығы,осы эфирге келулері. Жарайыздар. Батылы жетпей жүрген жандарға осы видеолар арқылы сабақ берді. Керемет. Алары мол сабақ
@artpandas10 ай бұрын
«Сначала нянька, потом лялька» деген стереотипті қою керек. Тұңғыш балаға вниманиені өте көп бөлу керек. Өзімде екінші баламда босанғанда, бірінші балама барлық жағынан қатты қиын болған. Кейін бар вниманиені тұңғышыма қатты бөлген соң, өзі-ақ інісін жақсы көріп кетті. Менен қорғап ұрма деп. Рақмет сізге, Эльвира ханым. Әр кейіпкерден өзіме керегін алып, тәрбие процесіне де әр айтқандарыңызды қолданып келем. Рақмет🫰🏻😘
@lyazzat.rahymberdi10 ай бұрын
Керемет талдау! Екі қызға да еркін болуды, армандай білуді, бақытты бола білуді Аллам нәсіп етсін!💐💐
@ЖанарУсенова-ь7я9 ай бұрын
Жандарым, ары карай оз омирлеринди суруди уйрениздер❤❤❤
@Math.Alikhan4 ай бұрын
Баршаңызға ересек өмірдегі бақытты тіледім
@queen.0062110 ай бұрын
Ешқандай да жаман пікір жоқ тек бақытты болыңыздар❤
@МеруертМуталиева-о5э10 ай бұрын
Айнарамен бірге шерімді шығарғандай болдым🥲мың алғыс🌹
@Zhadyra_kuatbayeva9 ай бұрын
Екинши кыз сондай салкынканды) мыкты кыз екенин сезип турмын! Молодец кыздар менде жылда 1рет психологта болам, ишки иммунитет ушин! Бирак булай коптин алдына ашыла алмкс едим! 👍🏻Мыктысыздар
@ummabdurrahim10 ай бұрын
Қыздарға Аллах разы болсын❤ Бақытты өмір тілеймін
@РайгулНурпейсова10 ай бұрын
Керемет талдау Алла разы болсын,екі қызғанда тек жақсылық тілеймін,талдауға келгендеріңізге рахмет,мағанда пайдасы тиіп жатыр,батылдықтарыңызға тәнтімін,🎉🎉🎉🎉🎉
@АйгеримМустафаева8 ай бұрын
Кереметтт❤Алла Разы болсын баршаңызға❤
@user-d6m7v9 ай бұрын
Мен үйдің кежесі болсам да бұл подкаст өте пайдалы болды❤ өзім байқамай жүрген тұсыма үңілдім, енді сол өзіммен айналысып бастаймын, өзгелерді контролировать етуді тоқтатамын
@Anargulspace10 ай бұрын
Кейіпкерлерге рақмет келгендеріне❤ 1 кейіпкер өте пысық қыз, сөзінен байқадым, тек алға деймін. 2 кейіпкер өте нәзік, ақылды қыз. Қыздар молодцы🫶
@Makpalamanzholova9 ай бұрын
Айжарқын, Айнара сіздердің осындай батылдықтарыңызға тәнтімін, көп рақмет сіздерге 💙💙💙, Эльвира ханым сізге де шексіз алғысымды айтамын, осындай керемет, жобаңыз үшін,🫶🫶🫶 39:22 әннің атын айтып жібересіздер ме, таба алмай жатырмын😊
@СагымбайМолдир10 ай бұрын
расымен көлеңкенің осы бөлімінде көп нәрсені жазып алдым, тұңғышы болмасамда сұрақтар менің ішімдіде қозғады. Кенжесі бола тұра бәріне үлкен санап билік жүргізіп, контрольда үстайтынымды білетінмін, бұл эфир тағы нақтылай түсті. Сіздің сөздерді қайталап отырдым, тағыда көремін. Рахмет сізге❤ екі ханымға рахмет, құттықтпймын, жеңіл болуыңызбен❤🎉
@CreativeStarsAbode5 ай бұрын
Керемет талдау болды
@AnarPinman10 ай бұрын
Эля, терең талдауыңызға үлкеен рахмет! Қазақ үшін барша адам үшін өте пайдалы дүние. Көруге, жасауға көп адамдарға ұсынайықшы❤❤❤
@gauharmustafaeva952310 ай бұрын
Қыздар, Алла разы болсын! Сіздер мықтысыздар!👏👏👏
@kamchatjumabay756910 ай бұрын
Эльвира ханым, рақмеет!Керемет талдау болды.Қыздардың өздерін ерте жоғалтып алғанына бір жағынан қапалансам, бір жағынан қуандым.Өзім орта жасқа келіп қалғанда, сезімдерімді тірілтіп, қалауларыма мән бере бастадым.Өзім ұнатпайтын жұмыстан кетіп, аз ақшамен жүрсем де, шүкір, жүрегімде тыныштық.Тура жолда келе жатқаныма қуандым.Осы жоба арқылы қаншама қыз-келіншектерге көмектесіп жатырсыз.Алла разы болсын Сізге!❤️
@АктотыХаным9 ай бұрын
Бақытты болыңыдаршы❤
@ГулданаМуратовна8 ай бұрын
Сағат түнгі 04:00,өкпе тұсым қатты ауырып жатқызбаған.Жылап,өзіме рақмет айтып біраз жібіп алдым.Мүмкін себеп шығар.
@Akwamen-sezim9 ай бұрын
Менде үйдің үлкенімін дәл осындай психологиялық проблема болатын еді өзімнің ішкі дүниемді көрдім
@akbotamoldagali796810 ай бұрын
рахмет Элвира ханым осындай тақырыптағы талдау үшін өзіме керегін алдым 🫰🏻❤️🔥
@ДидарТукубаева10 ай бұрын
Жаным деп , бала Ақжарқын мен бала Айнараны менде құшақтадым!
@КундызЕлдисбекова10 ай бұрын
Рахмет Аллла ризамын Алғысым шексіз ❤❤❤❤❤ сізді жақсы көремін керемет жансызғо
@dinaraalimkhanova453610 ай бұрын
Қыздар, батылдықтарың үшін алғыс білдіремін! Бұл өздеріңді жақсы көріп бастаудың басы! Тек жақсылық тіледім!)
@zhanbota_zhandoskyzy10 ай бұрын
Өте керемет шығарылым. Менде көбіне жолдасыма айтамын қызымыз 18 толғаннан бір қалада оқуға түсседе бөлек тұрғанын қалаймын себебі жауапкершілік алу керек өз өмірі болу керек деп.
@aimy95maratovna4510 ай бұрын
Алды куни тура Айнара секилди оз омиримди сурмегениме жыладым😢енди кандай омир каоаймын деп озиме сурак койдым еш жауап таппай оксип жыладым😢,Айнара мен менде кайтаоап техника жасадым,рахмет Эльвира ханым сизге керемет асер алдым,куаныштымын❤❤❤❤
Жандарымммм Алла әдемі өмірді нәсіп етсін. Бақыттан бастарыңыз айналып, жүре беріңіздер. Құшақтадым, сұлу қыздар😘🥰
@ЖанеркеЖорабекова10 ай бұрын
Әр шығарылымнан көңілде жылы сезім, ризашылық қалады🥰🫶🏻
@Mamyr.bereke10 ай бұрын
Керемет талдау, Эльвира ханым сизге тек табыс тилеймин, осындай жобаларыныз коп болсын ❤
@гулзейнетсатай10 ай бұрын
Қыздар молодцы жарайсыңдар, батыл екенсіздер.❤❤❤❤❤Элвира ханым как всегда ТОП ТОП ТОП 🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉😊❤❤❤❤❤
@АльмираАйтқазина10 ай бұрын
Оте керемет такырып болды. Озим де жылап алдым.
@ЖазираБоранова-с5я10 ай бұрын
Алла жар болсын
@marzhanilyas10 ай бұрын
Керемет Эльвира Ханым! Тек алга, токтаманыз, шаршаманыз ❤
@Aruzhan-289 ай бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@GulnarAbdrakhmanova10 ай бұрын
Эльвира ханым үлкен алғыс, Алла разы болсын ❤, менде бір дірілдеп, жүрегім соғып, босап алдым. Соңғы тректі жазып жіберсеңіз, қарсы болмасаңыз, қатты ұнап тұр
@gulmira_shveia10 ай бұрын
Элвира как всегда прям вточку ❤❤❤
@nursuliwqaljanova208310 ай бұрын
Айнара, Акжаркын саттiлiк! Алла сiздердi колдасын!❤❤❤
@ainuralmenova705010 ай бұрын
Менде қатысқым келеді осы жобаңызға.
@umit.artykbayeva10 ай бұрын
Кейіпкерлерге сәттілік❤ Рақмет Эля ханым
@ДиДи-е8н10 ай бұрын
Маған жетпей қалды, қысқа болып қалған сияқты…бірақ осы көлеңкеде кейде мен де сізді қайталап, жеңілдеп қалатын кездерім болады. Көлеңке келетін қатысушылардың батылдығына тәнтімін.
@AnarPinman10 ай бұрын
Батыр қыздар, жарайсыңдар.
@ЖансаяСапарбекова-л3и10 ай бұрын
Рақмет Эльвира ханым, керемет талдау болды🙏
@АяулымЕлмұрат2 ай бұрын
😢😢😢
@AigulAbdimaulen10 ай бұрын
Керемет❤️
@aikerim1110 ай бұрын
Барлық адам бақытты болуға лайықты❤
@dinaraesimbekova294410 ай бұрын
Керемет ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@Asema_ibadullaeva10 ай бұрын
Неше түрлі тағдырлар😢
@Abdixalyqgauhar10 ай бұрын
Қыздарға сәттілік ❤
@Azemmi10 ай бұрын
Молодцы қыздарр🎉🎉🎉
@АйкоркемАбусейтова10 ай бұрын
Керемет талдау👍❤❤❤❤
@ЕрболатШукирхан-я4м10 ай бұрын
Әдеттегідей топ шығарылым!
@gulimsadyrbekova46310 ай бұрын
❤❤❤ әр талдауыңыз 🔥🔥🔥
@ЖайнаЖолдас-э1ю10 ай бұрын
😢
@Iamhappy290510 ай бұрын
Салеметсизби?
@Rynia18210 ай бұрын
❤керемет
@assi53210 ай бұрын
керемет ❤
@marimmma073110 ай бұрын
Рахмет сізге❤
@bibinur_aidarbek10 ай бұрын
🔥🔥🔥🔥
@gulzhanatbazarbayeva79610 ай бұрын
Екі қызды мықтааап құшақтадым🩷бірге қосылып жыладым, аға-апамды түсінгендеймін кенже болған соң мұндай ауыртпалық болмады,қыздардың батылдықтарына тәнтімін, молодцы🫶
@Aidanatb10 ай бұрын
😭😭💔
@aidyn_saulesi420210 ай бұрын
Мен кенжесі болсам да балалығым жоқ есіме түсіре алмаймын. Айнара сияқты меніңде арманым жоқ екен. Өмір сүруден қорқасың деп айтқан еді бір орыс ата. Омыртқам оң жақ жауырыным қатты ауырады. Еркін жүре алмаймын. Тырысып тұрады денем. Осы айтып жатқан сөздерді менде қайталап айта берсем көмектесе ме маған?
@kamshatkurban68979 ай бұрын
7:07
@kamshatkurban68979 ай бұрын
Мен өзімді көргендей болдым рахмет Акжарқынның орнына қойдым өзімді менде 7бала шағаны бақтым өзімнен кейінгі
@balganymzhanbolatkyzy9610 ай бұрын
❤❤❤❤
@Zdorovya_8510 ай бұрын
Мен жылап қойдым😢
@balganymzhanbolatkyzy9610 ай бұрын
Айнара ханыммен бірге жылап алдым.😢
@ЖанчикБорибаевна10 ай бұрын
Ақжарқын ашылмады көп нәрсе жатыр ішінде, өте сдержанная екен, байқұс күйеуінде сүйреп жүрген сияқты ғой
@Janelle588810 ай бұрын
🤍🤍🤍
@Zhadyra_kuatbayeva9 ай бұрын
Биринши кыз слишком закрытая
@assi53210 ай бұрын
Эльвира ханым, өзіңді ортада жоқ секілді сезіну, тығылғың келу, көрінгің келмеу, байқамаса екен деп оцлау ненің жетіспеушілігін білдіреді? бұл жердегі Құдай рөлі өзімде болғаны ма?
@elvira.ergalina10 ай бұрын
Сыртынан мынадай деп айта алмаймын, бірнеше сұраққа жауап алуым қажет. КӨЛЕҢКЕ кейіпкерлеріне көп сұрақ қоям ғой, байқасаңыз, сосын ғана себепті анықтаймын. Сол сияқты. КӨЛЕҢКЕге кейіпкер боп қатысыңыз, талдайық мәселеңізді.