Маңғыстау қамалдары. 14 06 2015 ж.

  Рет қаралды 10,368

Берік Дауенов

Берік Дауенов

9 жыл бұрын

Бұл танымдық сапарымызда, Ақтау қаласына іргелес жатқан Түпқараған ауданына қарасты тариxи орындармен таныстық. Бұл жолғы нысанамыз еленбей жатқан ескі қамалдар болды. Бағытымыз Шат сайындағы (Шат-Ащыбас) қыратта орналасқан Айғырлы қамалынан басталды. Айғырлы қамалы сайды жағалай өтетін биіктігі 100-140 метрлік қыраттың екінші тұмсығында орналасқан. Қазіргі таңда үйінділері сақталған. Батыс беті ұшпа, етегінде қорымдар мен құрылыстардың қалдықтары бар. Бірінші тұмсықтағы үңгірден ескі жазулар мен таңбаларға кезіктік. Атаудың шығу тегі осы жерге жақын тұрған Айғыр ата қорымының атына байланысты шартты түрде алынған. Осыдан кейін Бәйімбеттің Қосбармақ және Күшік аталарымның ұрпақтары жатқан Айғыр ата қорымына келіп, руxтарына Құран бағыштадық.
Екінші нысанымыз Қарлыбас қамалы болды. Ол Түлкілі сайын шығыс беттен айнала қоршап тұрған Қарлыбас деген жазық төбенің бір биік тұмсығында орналасқан. Сақталуы жақсы. Қамал айнала қоршалған. Әр бұршында бастиондар бар. Ал төбенің етегінде 10 шақты шеңбер типтес құрылыстар бар. Соның бірінен Бекболат Төлегенұлы айтқандай, Форт-Шевченко қаласындағы мұражайдың алдында тұрған Таңбалы тастың орнын таптық. Ол жердегі белгіні өлкетанушы Есбол Өмірбайдың қойдырғаны сөзсіз. Сол жерді айнала жүріп, шағын таңбалы тас таптық. Бекболаттың қуанышында шек жоқ. Шабытқа тойып алып, сайды кезіп кетті. Біраз уақыттаң соң, соңғы нысанымыз Түлкілі қамалына қарай жол тарттық. Түлкілі сайында бір кездері өзен аққан секілді, оның айғағы судың жылғалары. Сай Каспий теңізіне ұласып бітеді. Осы жерде осы сайдан басқа Үлкенқұдық дейтін де сай бар. Ол да құрғақ өзеннің жылғасы. Екі сай бір арнаға тоғысып теңізге қарай бағыт алады. Осы теңіздің ауызын көпшілік "Голубая буxта" деген атпен біледі. Осы жағажайдың сол жақ бетіндегі жартас үстінде Түлкілі деп аталатын қамал бар. Сақталуы нашар, үйінді түрінде жеткен. Одан қалды демалушылар мангал жасау үшін осы қамалдың тасын пайдаланып, қастандық жасауда((( Әрі қарай Үлкенқұдық сайы арқылы тас жолға шығып Ақтауға тарттық. Толық ақпаратты бейнебаяннан көретін боласыздар! Осы сапарда білгенінше мағлұмат беріп, туған өлке туралы қызықты, біз білмейтін сырларын таныстырған "Елтану KZ" қоғамдық қорының директоры Бекболат Төлегенұлына алғысым шексіз! 14.06.2015 ж.

Пікірлер: 13
@user-rf5wt6kp6y
@user-rf5wt6kp6y 6 жыл бұрын
берік бауырым.сəттілік тілеймін.маңғыстау өңірін əліде зерттеу керек ;;;артымызда өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға көрсету керек.
@user-le3rv8yv9t
@user-le3rv8yv9t 9 жыл бұрын
Жарайсыздар! Бастаган истериниз он болсын! Саттилик!
@saltaaa5307
@saltaaa5307 9 жыл бұрын
Бека, бастаған ісің оңынан әрі ұзағынан болғай! Жарайсыңдар!!!
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтпай Б. Салам всех братам👏👏👏👍👍👍
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 5 жыл бұрын
Жақсылық болсын!
@user-zj2gu4nt4e
@user-zj2gu4nt4e 5 жыл бұрын
Керемет ботен планета. Азаматтарга мын алгыс. Орендерин оссин.
@user-dv5rl6kh8z
@user-dv5rl6kh8z 9 жыл бұрын
іске сәт, жігіттер!
@qashaganqarabatan1116
@qashaganqarabatan1116 Жыл бұрын
Дыбысты студияда жазған жақсы еді, немесе кәсіби микрофонға сөйлеген дұрыс.
@user-kj7mu1ux8l
@user-kj7mu1ux8l 3 жыл бұрын
Үңгiрдiң iшкi түп жағына дейiн кiруiң керек едi сонда қызық болат мына видиоң.
@imananarbekov3143
@imananarbekov3143 3 жыл бұрын
Коркып кирмедау
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 5 жыл бұрын
шешiлмеген айтыла қоймаған, зерттеулері болмаған тұстары жеткілікті, алып кетушілер өз алдына белгілі, әсіресе орыстардың тастарды тасып, көзге түскен жақсыларды ашық жинап әкететіні,
@ayazgultemirova246
@ayazgultemirova246 5 жыл бұрын
Mangistau
Алтын қазық - Ақшұқыр ауылы
22:09
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 20 М.
I Need Your Help..
00:33
Stokes Twins
Рет қаралды 135 МЛН
Шатқалдағы тас қамал
2:44
Седьмой канал - 7 канал Казахстан
Рет қаралды 295
Өлкеге саяхат  1 2 3 бөлімдері
43:37
Берік Дауенов
Рет қаралды 1,6 М.
ЖЫҢҒЫЛДЫ
2:44
Берік Дауенов
Рет қаралды 1,2 М.
11 января 2023 г.
0:42
Берік Дауенов
Рет қаралды 214