44. Абайдың қырық төртінші қарасөзі

  Рет қаралды 177

MAULEN QAZAQ

MAULEN QAZAQ

4 жыл бұрын

ҚЫРЫҚ ТӨРТІНШІ СӨЗ
#абай175 #Abai175 #абайдыңқарасөздері
Адам баласының ең жаманы - талапсыз, талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір „бәрекелдіні" керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, „бәрекелді" деушіні көңіл іздеп тұрады. Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Оның үшін өзге жолдағылардан „бәрекелдіні" оңды күтпейді. Маған „бәрекелді" десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар „бәрекелді" дер дейді.
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына қадір іздеп, сол талапта болады. Біреу мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, „Мал тапқан ердің жазығы жоқ" дейтұғын, „Малдының беті жарық" дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны cөгe алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс. Осыған орай біреу ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын деп, сол қарекетте жүр. Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына „осыным бірсыпыра елеу азық болар" деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, „мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен" деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді. Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап, қайдан оқып, біліп, ұмтылған талап екенін білерсің.

Пікірлер
36 ЖЫЛДЫҚ ҚҰПИЯ: АНАМДЫ ІЗДЕЙМІН/ KOREMIZ
46:36
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 108 М.
I PEELED OFF THE CARDBOARD WATERMELON!#asmr
00:56
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 36 МЛН
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН
Абайдың қара сөздері. 15-ші қара сөз. Абай Қүнанбаев
3:02
Толеугайша Койбасарова
Рет қаралды 117
Иша крийя - направленная медитация с Садхгуру
19:13
Садхгуру — официальный канал на русском
Рет қаралды 3 МЛН
«Шәкірім «Үш анық» - «Три истины  - пик Шакарима»
41:12
КГУ "ОСШ №21", КАРАГАНДА
Рет қаралды 5 М.
Қазақ  хандары
3:11
Тарих, қоғамтану видео сабақтар
Рет қаралды 4,3 М.
Мәнді сөздер, Шәкәрім Құдайбердіұлы
8:55
"Последний секрет из постигнутых мной"
9:55
Михаэль Лайтман
Рет қаралды 12 М.
I PEELED OFF THE CARDBOARD WATERMELON!#asmr
00:56
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 36 МЛН