Қазақша Әңгімелер Аудиокітабы 2024

  Рет қаралды 620

Сан түрлі тағдыр

Сан түрлі тағдыр

14 күн бұрын

Дарияның қиян қолтығына қоныс тепкен шағын ауылдың қарапайым бір диқаны дүние салған. Мұндайда ағайын іші алтын бесік: бірінің жыртығына бірі жамау болып, біріне түскен ауыртпалықты бәрі боп бөле-жара көтерісіп кетеді. Былайғы уақыттағы аузы қисық, көзі қысық пендешілікті ұмытып, бір атаның баласындай татулық танытатын әдеті. Ортақ шаруаға әсіребейіл Айса шал - жұрт аузындағы «момын Айсекең» мұндайда шыдап отыра алмайды, бүгін де белін буып, білек сыбанып азалы үйдің отымен кіріп, күлімен шығып, шәт-шәлекейі шығып жүрген. Неге екені белгісіз, сол күні қабір қазуға ешкім жұлқынып ниет білдіре қоймағаны.
Бұл шаруаға да құлшынып Айса шал шыққан. Қасына баласындай бауыр басып кеткен осы ауылдың жас диқаны Тойболдыны ілестірді. Қабір қазу қазаққа таңсық емес, оның үстіне Сыр топырағы өлпең, бос, қар ойғанмен бірдей. Әйтсе де бұл маңайда оқпан, ін жиі ұшырайды, аруақ жататын таза, сағардам жер табу қалың тоғайдан жоқ іздегенмен бара-бар. Топырақ сырын танитын кәнігі көз қажет.
Ауыл қорымы түстік беттегі Мейрамтөбенің етегінде. Көктемгі жауын қалың болып беткейге өлең, жантақ, тікенек, сора бұратылып шығыпты. Ыңғайлы орын іздеп төбенің күншығыс бүйіріне ауған, мұнда да ашық жер аз қалыпты. Кеңесіп келіп шеткі төмпешіктің түбін қолайлы көрген.
Әуелгі шаңырақ аумағындай алаңқайды лезде бұрқыратып шөп-шаламнан, құрт кесектен арылтып шықты. Сосын кетпенді Тойболдыға ұсынып: «Тереңдетіп тарта бер», - деді. Өзі шетке шығып насыбай шақшасын суырды. Жаңа байқады, шұқынып жүріп ауылдан тым жырақтап кетіпті, күн шақшиып шекеге шығыпты. Бұлар белі ойылған апанға кезек-кезек түсіп демнің арасында кісі бойына дейін тереңдетті. Сосын құбыланы бетке алып лақат қуысын үңгіді. Лақаттан әрі қабірдің кісі жататын ішкі мекені - ақым. Ақымды бір тізерлеп шөкелеп отырып, не жантайып жатып қазады. Жас емес пе, оны да Тойболдының өзі кеулеп шықты. Әбден болды-ау дегенде Айсекең қабірге түсіп, жатып-тұрып өз бойына өлшеп байқады.
- Марқұмның тұрқы менен ұзын емес шығар?!
- Сізден қысқа.
- Ендеше осы да жарап қалар. Қолыңды бер.
Айсекең қабірден шыға сала-ақ алақанын күнге төсеп көкке қараған, бесін уағы болып қалыпты. Үстінің шаңын қағып, көнетоз тік жаға бешпентін жүре иығына іліп, ауылға аяңдаған. Кетпенді еңкейіп ала берген Тойболдыға «қажеті жоқ» деді. «Топырақ салуға керек болады, жата берсін осында». Бекер асығыпты, ауылға келсе жаназа шығаратын молда әлі жоқ. Бұл елдің қашанғы салты - жаназаны кітап аша білетін молдаға шығартады, құдайшылығынан емес, сүйекке сіңген әдеттен. Шал-шауқан гүжілдеген самаурынды алдарына қаңтарып шұқшиысып қалыпты. «Молдекеңе жіберген көлік жолда бұзылып қалды ма екен?» - дейді. «Өлікке өкпе жүрмеуші еді ғой», - дейді. «Әлдеқашан жететін уағы болды», - дейді әйтеуір. Бірер баланы қоржын тамның төбесіне шығарып жол қаратып қойыпты. Күні бойы бейнет кешіп, шаңға батып келген бұл екеуін көзге ілер емес. Мейлі де. Еңбегін ешкімге сатып, бұлдап көрген жан емес, ертерек аруақтың жамбасын жерге тигізіп сауабын алады.
Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып кетініздер 🥰#аудиокітап қазақша қызықты әңгімелериyoutube.com/@san_turli_tagdir...

Пікірлер: 5
@user-ov5cb9uu1z
@user-ov5cb9uu1z 13 күн бұрын
Алла сақтасын амалмен беттестіру киын жағдай екен😢
@Zhalgasbaevaaa80
@Zhalgasbaevaaa80 12 күн бұрын
Ия өте қиын жағдай, алла сақтасын
@San_turli_tagdir
@San_turli_tagdir 12 күн бұрын
Сәлеметсізбе құрметті тыңдарманым пікіріңізге рахмет 💓🥰
@user-by8zp4cw8b
@user-by8zp4cw8b 4 күн бұрын
рахмет. жаксы. окыдыныз. сол. заманда. кайран. казагымай. сауатсыз. сенгиш. молданы. сол. корге. жаткызу. кереек. жалгасын. асыга. кутемин
@San_turli_tagdir
@San_turli_tagdir 4 күн бұрын
Сәлеметсізбе құрметті тыңдарман әрине алдағы аптада саламын💓🥰
Жетімнің ақысы. Ғибратты оқиға
7:42
Nurmakhanov Nurkhan
Рет қаралды 30 М.
Let's all try it too‼︎#magic#tenge
00:26
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 54 МЛН
Последний Закат Кота Макса...
00:21
Глеб Рандалайнен
Рет қаралды 4,4 МЛН
Who Will Eat The Porridge First The Cockroach Or Me? 👧vs🪳
00:26
Giggle Jiggle
Рет қаралды 16 МЛН
Үш ауыз сөз.#ертегі#аңыз#әнгіме
8:16
Гулжанат
Рет қаралды 1 М.
Әбиірбек Тінәлі "ЖЕЛТОҚСАН ЖЕЛІ"
23:23
Әбиірбек Тінәлі
Рет қаралды 10 М.
Let's all try it too‼︎#magic#tenge
00:26
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 54 МЛН